Бөлімі: Сурет салу Тақырыбы: Дәмді алмалар. Мақсаты



Дата16.11.2019
өлшемі52,39 Kb.
#51941
Байланысты:
дәмді алмалар
дәмді алмалар



Ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі:Сурет салу

Тақырыбы: Дәмді алмалар.

Мақсаты: Алманың салуды естеріне түсіру, қылқаламмен сурет салуды қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, компазиция құра білу, ойларын дамыту, асықпай ойлануға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Алдын- ала жүргізілетін жүмыстар:әңгімелесу,таныстыру, көрсету

Әдіс-тәсілдері:алманың суретінің салыну жолдарын көрсету,сурет салғанда сурет дәптерінің қойылуын түсіндіру

Полингволыдық компонент:алма-яблоко-aplle

Ісәрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Себепті қызығушылы- ғын ояту кезеңі

Барлығы бірге күз жайлы өлеңді айтады.

Күз мезгілі көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.


Шеңбер құрып жүріп, өлең жолдарына сәйкес қимыл жасап айтады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Педогог жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады. Балалардан әр жыл мезгілдеріне тән ерекшеліктерді айтып беру керектігін айтады. Балалардың толық, анық сөйлеулерін қадағалайды.

Балалар, күзде ағаштарда қандай өзгерістер болады? Алма ағаштарында ше? Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық?



Сергіту сәті:

Біз кішкен баламыз

Өсіп-өніп толамыз,

Көкке қарап талпынып,

Күнге қолды созамыз

  • Бүгін біз алманың суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады.(Бояуларды араластыра жағу әдісін түсіндіреді.)

Ең бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғары жағын ашық қоңыр түспен жеңіл жаға отырып, жіңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз, жағу тәсілі арқылы гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз.

Ең бірінші ағаштың діңі бұтақтары саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғары жағына ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз.



Саусақ жаттығуы:

Ұшты- ұшты көбелек,

Би билейді дөңгелеп.

Гүлін көріп алманың,

Ағашқа қонды көбелек.

Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз.

Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды, гүлдерін саламыз.

Осының бәріне қосымша шөптерді, күнді бұлтты салуға болады, компазиция жасалады.



Балалар жыл мезгілдерінің ерекшелігіне тоқталып, айтып береді.
Ағаштың жасалу жолдарын айтады, естеріне түсіреді. Әдемі гүлдер ашады, гүлдері күлгін, ашық қызылға бояйды.
(Қимылмен көрсету)

Берілген түстерді пайдаланып, алма ағаштарының суретін салады. Қай жерде орналасқанын айтады. Кеңістікті бағдарлау.

(Естеріне түсіру).

Көкжиек сызып алу, ағашты төменнен жоғары қарай сызу. Бұтақтардың діңіне, көлбеу, төменнен жоғары қарай сызық сызу арқылы салады, бұлтты жоғары жаққа орналастыру, т.б. айта отырып жұмыстарын ұқыпты жүргізеді.

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл-әрекет жасайды.

Балалар алманың суретін салды жалғастырады.



Іс – әрекеті бақылау кезеңі

Педогог балалар жұмыстарын талдайды,

Салған суреттерін педогогке көрсетеді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Алманы салуды естеріне түсіруді.

Меңгереді: Түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіруді.

Жасайды: компазиция құра білуді, ойларын дамытуды.

Келісілді

Уақыты----

Әдіскерлер
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:08.09.16

Тәрбиеші:Тулеушева Қ Б.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: Ертегілер елінде

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру.Ертегі мазмұнын айтқызу арқылы

сөздік қорынмолайту, тілін дамыту.Ертегідегі кейіпкерлердің іс – әрекеті

арқылы балалардытапқырлыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: №12 демонстрациялық материал немесе интерактивті тақта арқылы ертегіні көрсету, №12 үлестірмелі материал (суреттер бойынша лақтарды қасқырдан құтқару жолын табу).

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдері: ертегі туралы әңгімелеп беруң ертегінің қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын түсіндіру.

Билингвальды компонент: ертегі-сказка, кеіпкерлер-персонажый

Іс - әрекет деңгейлері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс -әрекеті.


Мотивациялық қозғаушы

Балаларға шеңбер болып тұруды ұсынады.

Амансың ба, алтын Күн!

Амансың ба,Жер – ана!

Амансың ба,достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Қонаққа ертегілер елінен қоржынын арқалап Алдаркөсе келеді.

Тәрбиеші бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады.

Ертегілер елінен келген Алдаркөсемен амандасады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ертегілер елінен келген Алдаркөсе балалардан қандай ертегілерді білетіндерін сұрайды.

Алдаркөсе балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін ұсынады.

Тәрбиеші балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің мазмұнын сюжеттісурет арқылы әңгімелеп береді, мазмұнын түсіндіреді.

(Интерактивтік тақта арқылы ертегіні көрсетеді).

Ертегідегі қасқырды сипаттайды, оның іс – әрекетін, жауыздығын, ал лақтардың тапқырлығы туралы әңгімелейді.

Балалармен сөздік жұмысын жүргізу.

Билингвальды компонент: Қасқыр - волк,

ешкі – коза.

Жағдаят шешу:

«Лақтардың орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер?» деген сұрақ қою арқылы балалардың жауаптарын тыңдайды, қорытындылайды.
Сергіту сәті:

Шөре – шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым.

Секеңдеме, деміңдіал,

Селтеңдемей құлағың.

(І.Жансүгіров)

№12 үлестірмелі материалмен жқмыс:

Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды тапқызу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалармен ертегі кейіпкерлері, оның іс – әрекеті туралы әңгімелесу.

Балалар «Бауырсақ», «Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ» т.б. ертегілерді білетіндерін айтады.

Балалар мұқият тыңдайды, ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Қасқыр - волк, ешкікоза сөздерін қайталайды.

Қасқырды сипаттайды.
Лақтардың орнында өздері болса, не істейтіндерін айтып береді.
Балалар сергіту сәтін қимыл іс-әрекетпен қайталайды.

Өлең мазмұнына сай қимыл – қозғалысын салады.


Балалар дұрыс жолды тауып белгілейді.

Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды табады.



Рефлексивті коррекциялаушы

Балаларға ертегі кейіпкерлерін сипаттату, сұра – жауап арқылы ертегінің мазмұнын бекіту.

Балалар өз іс – әрекеттерін әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі: Үй жануарларын жабайы жануарлардан ажырата білуге үйрететін тапсырмаларды орындайды.

Меңгеруі: Ертегі кейіпкерлерін қалай сипаттау керектігін түсінеді.

Жасай алуы: Ертегіні қысқаша әңгімелей білу іскерліктерін қолданады

Келісілді

Уақыты----

Әдіскерлер

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:07.09.16

Тәрбиеші:Тулеушева Қ Б.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық!»

Мақсаты: Өлеңді жатқа айтуға үйрету,қазақстан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, Ы.Алтынсариннің портреті, суреттер, жұмыс дәптері.

Әдіс-тәсілдері:оқып беру,мазмұнын ашу жаттау.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Оқу-білім туралы әңгімелеп беру,білімнің қажеттілігін түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Шаттық шеңбері:
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.

Өлең шумақтарына қосылып қимыл қозғалысын жасайды.



Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі

Кіріспе бөлім.

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз.

-Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.

-Өлеңде не жайында айтылған?

-Өлеңде балаларды неге шақырады?

Сергіту сәті:


Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз.

Көбелектей қонамыз.


Педагогтің көмегімен жауап береді.

Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды
Педагогпен бірге қайталап жаттайды.

Балалардың түсінігі, ойлары.

Оқу-білім алуға шақырады.

Қимыл жасайды.



Іс-әрекет бақылау кезеңі

Дәптермен жұмыс:

1.Өлеңді жаттау.

2.Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер айту:

*Оқу – инемен құдық қазғандай.

*Оқу – білім бұлағы, білім өмір шырағы.


Педагогпен бірге өлең жолдарын жаттап, мақал-мәтелдерді қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлеңді мәнерлеп жатқа айта біледі.
Игереді: Ақынның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырады.
Меңгереді: Сұрақ-жауап арқылы білімге деген қызығушылығын арттыруды.


Келісілді

Уақыты----

Әдіскерлер

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:07.09.16

Тәрбиеші:Тулеушева Қ Б.

Білім беру саласы: « Таным»

Бөлімі : ҚМҰҚ



Тақырыбы: Бір және көп, заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші. Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу).

Мақсаты: заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дурыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай салыстыру , оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысықтау; шеңбердің де әр түрі болатынын түсіндіру.

Көрнекіліктері: бос жолағы бар 2 карточка , үлкен шаршысы немесе шеңбері бар 3 тәрелке , 4 кіші тәрелке, жинақ полотносы.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар

Әдіс-тәсілі: сұрақ- жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Жұмбақтар және олардың шешуі ойыны

Педагог балаларға жұмбақтар жасырады.

Тікен тікен, тік пісте

Қысы –жазы бір түсте.

Көк жиекті шай табақта

Кейде бүркер алма жүзін

Ұлпа , мақта , пернелер

Қалпағы бар

Басы жоқ

Қолы да жоқ

Шашы жоқ

Сыңар аяқ көкеңнің

Ойлан , тап не екенін


Балалар жұмбақтын шешімін табады.

  • Шырша

  • Күн

  • Саңырауқұлақ




Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?

Бір-бірден салынған заттың аты қандай?

Бір-бірден салынған заттарды бояп шығындар.

Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай салыстыруды ұсынады.

Ойын: «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады .

Педагог дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол салындар.

Педагог балалардан «Жолды қалай салдыңдар?» деп сұрайды.

Сергіту сәті:

Оңға қарай иілдік

Солға иілдік

Бір отырып , бір тұрып

Бәріміз бір сергідік

3- тапсырма.

1 және 2 затты санауға байланысты берілген. Педагог балаларға сұрақ қояды.

Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй бар?

Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрыштағы картоякада неше тақия орналасқан?



  • Тақия коп пе, алде киіз үй көп пе?

Педагог балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.


Балалар сұрақтарға жауап береді:

Шырша бүрі, кірпі,

Күн, саңырауқұлақ, шырша.

Балалар күнді , шырша мен саңырауқұлақты бояйды. Баллалар үлкен шәйнек пен үлкен кесені , кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.


Балалар өлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.

Баллалар сұрақтарға жауап береді.

Тақия аз, киіз үй көп.

Балалар тапсырманы орындайды.


Іс –әрекет бақылау кезеңі

Педагог балаларға осыны түсіндіреді. Содан соң педагог бүлдіршіндерге тапсырманың дұрыс орындалғаның тексеруді тапсырады. Ал өзі ауызша нұсқау береді:

1.Сендер саңырауқұлақ , күн мен шыршаны бояуларың керек

2. Үлкен шәйнекті үлкен кесемен, кішкентай шәйнекті кішкентай кесемен қосуларың керек.

3. Тақиялар мен киіз үйлерді бір - біріне қосу керек.

Өзін- өзі бақылау және өзіне баға беру. Өзін – өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады.

Педагог балаларға 1- тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады. Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады. Егер баланың жұмысы үлгіге сәйкес келетін болса, ол төменгі оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер , бір қате болса – сары шеңбер, ал егер қате көп болса- қызыл шеңбер сызады. Бұл бағдаршамның түстері: жасыл түс- бәрі дұрыс деген сөз, яғни келесі бетке өте беруге болады; сары түс кішкене мұқияттау болу керек; қызыл түс- кейбір тапсырмаларды қайтадан орындау қажет.



Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.


Балалар өздерңн бағалап жұмыстарын түзейді


Күтілетін нәтиже:

Біледі: бір зат пен көп затты бір-бірінен ажырата алуды;

Игереді: 2 көлеміндегі заттарды санай білуді; солдан оңға санап, сандарды ретімен атауы және сан есімді зат есіммен сәйкестендіруді; өзіне таныс заттарды көлеміне қарай салыстырып , оларды сол белгілері бойынша біріктіруді;

Меңгереді: екі топтағы заттарды салыстыруды.

Келісілді

Уақыты----

Әдіскерлер

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тулеушева Қ Б.

Күні:.07.09.16 ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: Алма мен алмұрт

Мақсаты:Күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру,алма мен алмұртты салыстыру арқылы пішіндегі айырмашылықты анықтау , умаждау,уқалау әдістерін у.Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру .Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Жемістердің пайдасы ,жемістерді жинау науқаны туралы әңгімелеу.

Қажетті құрал- жабдықтар:ермексаз,тақтайшалар,сулықтар,жемістер бейнеленген натюрморт,кәдімгі алма мен алмұрт,үлестірмелі материал.

Әдіс-тәсілдер: умаждау,уқалау әдістерін, умаждау,уқалау әдістері

Полингвалды:алма-яблоко,алмұрт-груша, сары-желтый,қызыл-красный.

Оқу іс-әрекетінің

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Ұйымдастырушылық-ізденістік


Магниттік тақтаға натюрморттар ілінеді(Алмалар мен жапырақтар),Себеттегі алмалар және т.б.

-Суреттерде не бейнеленген?

-Осы суреттер сендерге қандай көңіл куй сыйлайды?

Бұл суреттер ашық түсті және көңілді бояулармен салынған , сондықтан оларға қарағанда бізде қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй пайда болады.

-Суретші неге алмаларды қызыл дастарқанның үстінде әдемі көрініп тұруы үшін ойластырылған.

-Тағы бір суретте алмалар үстелдің үстінде жатр ,олар-қызыл және жасыл түсті жылтыр алмалар.Суретші олардың әртүрлі түсіне,көлеміне,дөңгелек пішініне,тәттілігіне қызығып бейнеленген болуы керек.

Сендерге қандай алма ұнады?
Ал енді үлкен жапырақтардың үстінде жатқан алмаларға қараңдаршы.Осы суреттерді бір-бірімен салыстырыңдар.Суретпен жумыс аяқталғанан кейн педагог алма мен алмұртты қолына ұстап көрсетіп,пішінін салыстыруды сұрайды.

Бізде алма мен алмұрттың бірнеше түрі,түсі бар.Әртүрлі жемістерді суретшілердің картинасындай сауытқа әдемілеп орналастырайық.

-Бүгін біз осы алма мен алмұртты ермексаздан жасап үйренеміз.Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

Қазір күз мезгілі.Бақтарда піскен жемістерді жинайды.Маратта бүгін атасына көмектесіп,бақтағы алма мен алмұртты жинап жатр.Біз оған жәшіктерді толтырып көмектесейік.Бір жәшікке жасаған алмаларымызды саламыз,екіншісіне алмұрттарымызды саламыз.Біздіңде жасайтын жемістеріміз ағашта өсіп тұрғандай әдемі, жылтыр болсын.



Балалардың жауаптары:

-Суреттерде алмалар бейнеленген .

-Суреттер өте әдемі,нағыз алмаға ұқсайды.

-Түстері ашық,көңілді.

-Алмалар жақсы көрінуі үшін.

Ең әдемілері-қызыл,қызғылт түстілері.

Алманың пішіне дөңгелек,кішкентай сабағы бар,оған жапырақ орналасқан.
Алмұрттың пішіні сопақшалау болып келеді.

Суретке қарайды,әңгімені тыңдайды.


Ынталарын білдіреді.


Іс –әрекет бақылау кезеңі

Балалар біз бүгін не жасадық?
Олар жеміс пе көкөніспе?
Тәрбиеші балаларды мақтайды.

Ермексаздан алма мен алмұртты жасадық.

Олар жеміс

Балалар қуанады.


Күтілетін нәтижелер

Біледі: Сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

Игереді: умаждау,уқалау әдістерін

Меңгереді: ермексазбен әдемі, таза жұмыстануды

Келісілді.

Әдіскер__________

Уақыты__________

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тулеушева Қ Б.

Күні: 09.09.16ж.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыс тану

Тақырыбы: «Жанды табиғат және жансыз табиғат»

Мақсаты:Жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру.Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Жанды және жансыз табиғатқа байланысты суреттер.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: баяу музыка жазылған үнтаспа.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:суреттермен жұмыс

Полилингвольдік компонент:табиғат-природа-nathrels

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

-Бүгін біз табиғат аясына саяхат жасаймыз. Біздің айналамызда жасыл орман. Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік.Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрыныңды жарады. Өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз. Мына кереметті қара!Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен. Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат – ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсақа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді.Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта»

Балалар мұқият тыңдап отырады.



Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Балалар, біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз.Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, алыстағы жұлдыздар-осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат жанды және жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.

Қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады?

-Жансыз табиғатқа нелер жатады?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп-өнетіндердің барлығы жатады екен.

Яғни жанды табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді.Ал жансыз табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді. Дұрыс айтасыңдар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз өмір сүре алмайды екен. Міне, балалар, біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.

Жансыз табиғат- ... (ай,жұлдыз, тас, су, ауа, тау т.б.)Жанды табиғат-.... (гүл, шөп, ағаш, аю, қоян, тасбақа, балық)

Жанды табиғат жансыз табиғатсыз тіршілік ете алмайды

Балалар, сендерге гүл болған ұнайды ма?

-Демек, кез келген өсімдіктің өсуі үшін уақыт керек екен.Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді. Бұл ағаштарды сындыруға болмайды, себебі: олар да өсіп-өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді.

-Қалай ойлайсыңдар, мына семешкенің тұқымын тәрелкеге салып қойсақ өсе ме?

-Неге өспейді?

Дәптермен жұмыс. Педагог дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді.



Өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.

-Өйткені өсімдіктер мен жануарларға, адамдарға, су, ауа керек.Олар онсыз өмір сүре алмайды.Сол себепті.

-Тау,тас,ауа, су жатады.

-Ай, жұлдыз, тас,су, ауа, тау.

-Гүл, шөп, ағаштар, аю, қоян, тасбақа,балық, адам.

-Тіршілік ете алмайды.


Балалар сұрақтарға ойланып жауап береді.

Ұнайды.
Жоқ өспейді.

Оны топыраққа отырғызып, күтіп баптаса ғана өседі.

Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.



Іс –әрекет бақылау кезеңі

Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.


Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын, жансыз табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Игереді: жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын, жансыз табиғатсыз жанды табиғаттың өспейтіндігін, олардың өзара байланысын.

Меңгереді: ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды, күтіп – баптауды.

Келісілді.

Әдіскер__________

Уақыты__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тулеушева Қ Б.

Күні: 06.09.16 ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Бау-Бақшада,бақтарда.»

Мақсаты:Жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту.Көкөністер мен жемістерді ажыратып топтастыруға,сөйлем ішінде қолдануға үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Жемістерден және көкөністерден салат жасап көрсету.

Әдіс-тәсілдері:Суреттермен жұмыс жүргізу,көкөністер мен жемістер таласы рөлдерге бөліп ойнату.

Көрнекіліктер: Сиқырлы қорапша. Көкөністер мен жемістердің суреттері.

Билингвалдық компоненті: көкөністер-овощи-vegetebls жемістер-фруктый-fruttis

Оқу Іс -әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті:

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.Балалар,терезеге қарайықшы, күн шуағын шашып, жылуын беріп тұр.Ал біздің шаттық шеңберіміздегі күн күлімдеп тұр,шуағы жоқ екен.Кәне,әрқайысысымыз жеке-жеке жақсы тілектер айтып,Күнге шуақ шашуға көмектесейік.

Жұмбақ жасыру.

Іші жұмсақ сырты қатты

Еті қызыл сүті тәтті.


Аспай піскен

Қайнамай түскен


Жер астында жез қазық

Жеуге болар ас қазық



Педагогті тыңдап,терезеге қарайды.Күн шуағын көріп тұрғандарын айтады.Балалар бір-біріне ыстық тілектерін және қоларын жоғары созып,өлеңдерін айтады.

Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

-Қарбыз

-Жеміс


-Сәбіз

Ұйымдастырушылық- ізденістік:

Балалар сендер білесіңдер ме? Жемістер қайда өседі? Жемістерден не жасайды?

Жауаптарың өте дұрыс балалар.Жемістер бақта, аңаш басында өседі, ал көкөністер бақшада,топырақта өседі.Ендеше өздерің білетін жемістер мен көкөністер туралы өлеңдер айтып беріңдерші.

Сергіту сәті.

Жаңбыр жауса тыр-тыр

Гүл айтады дұрыс-дұрыс
Жаңбыр жауса тыр-тыр

Қыр айтады ырыс-ырыс.

Тарбиеші балалар назарына түрлі жемістер мен көкөністер ұсынады.


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

-Тамақ жасауға болады.

-компот жасайды

-шараын жасайды

-салат жасайды

Балалар өздері білетін жемістер мен көкөністер туралы өлеңдерңмен бөлісті Балалар турлі көкөністермен жемістерді алып олармен тәжірбие жүргізе түстерін,қабықтарын, дәидарін бақылап қарайды.



Рефлексивті-түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, немен айналысқанын,не үйренгендіктерін сұрайды.

Балалар жиыннан алған әсерлерін және немен айналықанын ,не үйренгендерін айтады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: жемістер мен көкөністерді ажыратып білуді,оларды сөз ішінде қолдна алуды.

Игереді: Жемістердің бақта ал көкөністердің бақшада өсетіндігін

Меңгереді:Жемістер мен көкөністерден салат жасай алады.

Келісілді.

Әдіскер__________

Уақыты__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Тулеушева Қ Б.

Күні: 08.09.16 ж

Білім беру саласы: Вариативтік бөлім



Бөлімі: Мен ғаламшардағының барлығына жауаптымын

Тақырыбы: «Ана мен бала»

Мақсаты:

Көрнекіліктер:

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:

Әдіс-тәсілдері:

Билингвалдық компоненті:


Оқу Іс -әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті:

Мотивациялық қозғаушылық







Ұйымдастырушылық- ізденістік:






Рефлексивті-түзетушілік







Күтілетін нәтиже:

Біледі:

Игереді:

Меңгереді:

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет