Бөлімі: «Тіл дамыту» Оқу іс – әрекетінің мақсаты: Білімділігі



Дата25.08.2017
өлшемі86,48 Kb.
#27721
Сапарбаева Кульшат Әбдезімқызы

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №6 Александр Пушкин атындағы орта мектебінің мектеп алды даярлық тобының жетекшісі

Оқу іс – әрекет тақырыбы: «Білім еліне саяхат»

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Оқу іс – әрекетінің мақсаты:

Білімділігі: Балалардың өтілген тақырыптарды қаншалықты деңгейде меңгергендерін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;

Дамытушылығы: Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын кеңейту;

Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: Математика, сауат ашу, тіл дамыту.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар.

Көрнекілігі: сандар, үй жануарлары, көкөністер, жемістер.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қолданылатын жаңа технология: слайд, сын тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс.

Сөздік жұмыс: күн, жұлдыз, жұдырық, қонжық, үй жануарлары.

Қос тілдік компонент: күн-солнце, жұлдыз-звезда, 1-10 дейін орыс тілінде санату, көкөніс-овощи, жемістер – фрукты.

Инклюзивтік әлеумет: тұйық баламен жұмыс- Азат және Гүлжанатпен

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-10 сандарын тура, кері санауды біледі, көршісін табуды, логикалық есептерді шығара біледі, дыбыстарды ажыратады.

Болуы керек: Қызығушылық, топтық жұмыс, ынта.

Неге үйренді: Тапсырмаларды дұрыс орындауды үйренеді, бірін – бірі бағалауды үйренеді, дұрыс сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізуге үйренді.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері

Шаттық шеңбері


Миға шабуыл


Ұйымдастыру, іздену

Жаңа сабақ

Ой толғау

Топпен жұмыс
Рефлексивті түзетушілік

Кері байланыс іс – әрекеттің бағалау кезеңі


Оқу іс-әрекетін қорытындылау


Жылулық шеңбері



Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, келген қонақтармен сәлемдеседі.

Білер қазақ баласы,

Сәлем – сөздің анасы

Сыныпқа келген қонақтарға

Әрдайым әдеппен

Ақ көңілмен ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Күндей жарқырап

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.



  • Ал балалар көңіл күйлерің қалай?

  • Сендерге бүгінгі оқу іс – әрекетіне сәттілік тілеймін.

  • Жаңа оқу іс – әрекетін бастамай тұрып, біраз сұрақтарға жауап беріңдерші?

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Көктем мезгілінде қанша ай бар?

  • Көктем туралы кім әңгімелеп береді?

  • Бүгінгі аптаның қаншасыншы күні?

  • Екінші күн қалай аталады?

Жаңа оқу іс – әрекеті:

  • Бүгін балалар біз білім еліне саяхат жасаймыз. Оқу іс – әрекетіміз жарыс түрінде өтеді. Сондықтан біз екі топқа бөліндік.

І – топ: «Күн»

ІІ – топ: «Жұлдыз»

«Күн» тобының ұраны:

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Сабақты жақсы оқып



  1. Сыныпқа барамыз.

«Жұлдыз» тобының ұраны:

Біз әдепті баламыз

Оттай болып жанамыз

Сұрақ қойса ойланып

Дұрыс жауабын табамыз.


  • Балалар бағаларымыз жұлдызша арқылы бағаланады, сабақ соңында жұлдызша көп жинаған топ жеңеді.

1 – тапсырма: «Математика»

«Күн» тобы



  1. Сұрақ: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

  2. Сұрақ: 1 аптада неше күн бар?

Апта күндерін ата?

«Жұлдыз» тобы



  1. Сандардың көршісін тап. Тақтаға жазу.




  1. Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Дидактикалық ойын: «Өз орныңды тап»

Мақсаты: Балаларды тура, және кері санауға үйрету
Логикалық есептер.

«Күн» тобы



  1. Бір жұдырықта неше саусақ бар?

  2. Қонжық екеу, табаны нешеу?

  3. Табақта үш алма, қолымда екі алма, қосқанда барлығы болады неше алма?

«Жұлдыз» тобы

  1. Ақ балапан, сары балапан, шұбар балапан, қара балапан барлығы неше балапан?

  2. Үш қоянда неше құлақ бар?

  3. Маратта 5 іні, Мұратта 2 іні. Қоссаң бес+екіні, нешеу болады?

2-тапсырма: «Сауат ашу»

«Күн» тобы



  1. Дыбыс дегеніміз не?

  2. Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Қандай текшемен белгіленеді?

«Жұлдыз» тобы



  1. Әріп дегеніміз не?




  1. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Қандай текшемен белгіленеді?

Ойын: «Дыбыстар үні»

Шарты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.


  1. тапсырма : «Тіл дамыту»

«Күн» тобы

  1. Көкөністерге не жатады?

Олар қайда өседі?



  1. Біздің Елбасымыз кім?

  2. Үй құстарын ата?

«Жұлдыз» тобы



  1. Жемістерге не жатады?




  1. Олар қайда өседі?

  2. Үй жануарларын ата?

Ойын: «Төлін тап»

Шарты: бір-бірнен адасып қалған төлдерді енелеріне қосу.

«Күн» тобы тапсырма: Көкөністерді теріп себетке жапсыру.

«Жұлдыз» тобы тапсырма: Жемістерді теріп ағашқа жапсыру.




  1. Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетінде не істедік?

  2. Көктем мезгілі туралы не білесіңдер?

  3. Сендерге сабақ ұнады ма?

Балалар екі топтың да жұлдызшаларын санайық. Қай топ көп жинаса, сол топ жеңеді.

  • Балалар, бүгін сендер оқу іс – әрекетіне жақсы қатыстыңдар, барлықтарың сұраққа жауап бердіңдер, бәріңе сыйлық тапсырамын.

Қолымызды ұстайық

Үлкен шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау – саламат болайық



Балалар жақсы көңіл күймен келген қонақтармен сәлемдеседі.
Балалар орындарына жайғасады.

Жақсы
Көктем

3 ай. Наурыз, сәуір, мамыр

Балалар көктем туралы әңгімелеп береді.

Екінші
Сейсенбі
Қызығушылықты ояту

Балалар орындарынан тұрып, топтарының ұрандарымен таныстырады.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1

7
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
5 , 9 ,

7 , 6 8


Бес -5 саусақ
Сегіз – 8 табан

3+2=5


Барлығы

5 алма
1+1+1+1=4

Барлығы 4 балапан
2+2+2=6 құлақ
5+2=7 іні

Дыбысты естиміз айтамыз

Айтқанда ауыз қуысында кедергі болмайды.

Қызыл текшемен


Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

Көк текшемен

Сәбіз, қырыққабат, құлпынай, қызанақ, картошка, пияз
Жерде

Н.Ә. Назарбаев

Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күрке тауық.

Алма, шие, алхоры, жүзім, банан, шабдалы, өрік

Ағашта өседі

Сиыр, қой, ешкі, жылқы


Балалар көкөністерді себеттерге жапсырады.

Жемістерді ағашқа жапсырады.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті жөнінде ойларын ашық айтты.

Тәрбиеші екі топтың да еңбегін бағалап, мадақтау сөздерін айтып сабақты қорытындылайды.



Балалар іс – қимылмен орындап, қонақтармен қоштасады.

Каталог: materialy -> mektepaldy
materialy -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
materialy -> Сабақтың тақырыбы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
materialy -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
mektepaldy -> Тақырыбы: Көктем құстары Мақсаты
mektepaldy -> Қарағанды облысы Шет ауданы
mektepaldy -> Қарағанды облысы Шет ауданы Бұрма жалпы орта білім беру мектебі Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Алтыбаева Жансая Зейноллақызы Тіл дамыту сабағы Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет