Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» Мақсаты



Дата06.02.2020
өлшемі30,11 Kb.
#57339
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ Алтынгуль обл семинар
Ашық сабақ Алтынгуль обл семинар, баяндама

Өскемен қаласы әкімдігінің

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларға

арналған «Алтын дән» мектеп-

балабақша кешені» КММ

меңгерушісі_________Смагулова А.Н



Ашық сабақ

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты:Балаларға әр-түрлі мамандықтар туралы түсінік беру, олардың атқаратын қызметтерін ажырата білуге дағдыландыру.

Міндеттері:

Түзетушілік-білімділік: Балаларға әр-түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғымдарын қалыптастыру.

Түзетушілік-дамытушылық: Балалардың мамандыққа байланысты ұғымдарын дамыту, өзі ұнатқан мамандықтары туралы ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.

Түзетушілік-тәрбиелік: Балаларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсінідіріп, жалпы мамандыққа деген және оны игеріп, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген мамандарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Әр-түрлі мамандық иелерінің суреттері, интерактивті тақта, ойын-тапсырмаларға қажетті суреттер, ойынға қажетті заттар.

Әдіс-тәсілдер: Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, қызығушылықты арттыру, ойын, сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар.

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Дәрігер-доктор, аспазшы-повор, мұғалім-учитель, шаштараз-парикмахер, жүргізуші-водитель, полиция-полиция, тігінші-швея.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен шаттық шеңбер құру, сәлемдесу

Біз балдырған баламыз, айтқан тілді аламыз, үлкендерге әрдайым, сәлем берер баламыз!

Балалар сендерге балабақшада білім алған, саяхатқа шыққан ұнайма? (Ұнайды) Бүгін бізді тағыда бір керемет саяхат күтіп тұр. Ол саяхаттың бағытын біз білім пойызына отырған кезде біле аламыз. Олай болса жүріңдер,білім пойызымызға әсем әнімізбен барып мінейік.



Елдос пен Аяжан әні қосылады.

2 Мотивация.

Тәрбиеші: Бүгінгі біздің саяхатымыздың жол серіктері Аяжан мен Елдос.

Аяжан мен Елдос амандасады. Балалар да амандасады.

Тәрбиеші:Балалар, айтыңдаршы біз қандай қалада тұрып жатырмыз?

Балалар: Өскемен қаласында

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,ал Өскемен қаласына жақын қандай қалалар бар?

Балалар: Семей қаласы, Риддер қаласы, Зайсан қаласы.т.б қалалар бар.

Тәрбиеші: Өте жақсы,ал енді балалар бүгінгі біздің білім пойызымыз бізді осы Семей қаласындағы керемет бір аспазшыға апарады екен, ол сендерге дәмді ас әзірлеп,күтіп отыр. Олай болса, көп күттірмей, сапарымызға шығайық.

Пойыздың дауысы.

3 Міндеттерді орындау.

Тәрбиеші: Балалар, біз қонаққа бару үшін ең бірінші шашымызды сәндеп алайық, ол үшін бізге қай маман иесі қажет?

Балалар: Шаштараз

Тәрбиеші: Ал шаштарызды біз орысша қалай айтамыз? (Парикмахер) Дұрыс айтасыңдар.

1.Аялдама: Шаштараз аялдамасы. Д/О. ойын: «Қажет заттарды тап»

Тәрбиеші: Балалар, шаштараздың сендерге тапсырмасы бар екен, ол сендердің шаштарыңды жөндеу үшін қажетті заттарды тауып берулеріңді сұрайды. Ол үшін алдарыңда жатқан шаштараздың суреті бар конвертті ашып, әр түрлі заттардың ішінен, шаштаразға қажетті заттарды тауып көрсетіңдер.

Балалар қажетті заттарды тауып көрсетеді.



2. Аялдама: Тігінші аялдамасы. «Затты сипаттау»

Тәрбеиші: Балалар, шашымызды жөндедік, енді әдемі киінуіміз қажет, ал бізге әдемі киім кім тігіп береді?

Балалар: Тігінші.

Тәрбиеші: Ал осы тігіншіні орысша қалай айтамыз? (Швея)

Тәрбиеші : Өте жақсы олай болса тігінші аялдамасына тоқтайық.

Пойыз музыкасы.

( Экраннан қыз бала мен ұл баланың суретін шығару) Қараңдаршы, балалар сендерге тігінші, екі үлгідегі сәнді киімдер дайындап қойыпты. (қыз және ұл бала киімдері интеракт тақтадан көрсету)

Тәрбиеші: Қанеки, балалар бізге ұсынған киімдерді сипаттап көрейікші.

Ойын: « Затты сипатта»

Жол полициясы дауысы шығады, ысқырған.



3. Аялдама: Жол полициясы- Дорожная полиция

Тәрбиеші: Ой, балалар біз бірдеңке бүлдіріп қойдық ау деймін, неге бізді тоқтатып тұр екен?

Балалар, жол полициясының тапсырмасы бар екен,тапсырма «Болашақ маман иесі» деп аталады. Бұл тапсырмада сендер өздерің болашақта кім боламын дейсіңдер, сол маман иесінінің рөлін сипаттап берулерің қажет.



Байланыстырып сөйлеу. ( Әр маман иесінің рөлін ойнайды.)

4. Аялдама. Дәрігер аялдамасы. Балалар, біздің келесі аялдамамыз, дәрігер аялдамасы, ол бізге сергіп, бойымызды жазып, шынығып жүруімізге нұсқау беріп отыр.

Келесі жаттығуларын да ұсынды.

Дәрігер-Доктор



Пойыз қосылады.

Сергіту сәті. ( Баяу музыка)

Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды, бәрін осы атқарған

Бала болсам ақылды,дана болсам нақылды

Қала салсам шың тастан,білім алам мен жастан,

Тігін тіксем ерінбей, емдеймін бәрін күлімдей

Мынау-менің оң қолым, мынау-менің сол қолым,

Бәрі осыдан басталған!

Болашақ маман иесі, біз боламыз ертеңгі, кім болсақта күлейік, аман-сау боп жүрейік!

Тәрбиеші: Жақсы балалар, бойымызды сергітіп алсақ, ойын ойнап көңілде көтерейік.

5. Түзету ойын.«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

Тәрбиеші: Мен қазір сендерге маман иелерінің қызметтерін шатастырып айтуым мүмкін,ал сендер дұрыс, дұрыс емес екендігін айтасыңдар, жауаптарыңды интерактивті тақта арқылы тексереміз.

1.Аспазшы үй салып жүр.



Тәрбиеші: Тақтаға көңіл аударайық.

2.Жүргізуші машина жүргізеді


Тәрбиеші дұрыс айттыма көрейік.

3. Тігінші сабақ оқытып отыр.


Тәрбиеші: жауабын көрейік.

4 Ғарышкер сурет салып отыр



Тәрбиеші жауабын тексеріп көрейік

Ойын ойнап болсақ, сапарымызды жалғастырайық



Пойыз дауысы

6. Аялдама. Құрылысшылар аялдамасы. Жұптық жұмыс.

Тәрбиеші: Балалар, мыналар кімдер? (Құрылысшылар) ия, осы құрылысшының орысшасы қалай? (Строитель) өте жақсы, құрылысшылар не істеп жатыр?

Балалар: Құрылысшылар үй салып жатыр.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, құрылысшылар үй салып жатыр, ал осы құрылысшылардың да сендерге тапсырмасы бар екен,бұл тапсырма жұптасып орындауға арналған, жұптық жұмыс ережесін білеміз ғой ия? Мен болдым деп айтпаймыз, кім болады сол қол ұстасып, қолдарын жоғары көтереді. Ереже түсінікті болса, тапсырманы орындайық, мен қазір алдарыңа маман иелерінің қима суреттерін таратамын, сендер оны құрастыруларың қажет.

Балаларға маман иелерінің қима суреттері таратылады, балалар құрастырады.



Тәрбиеші: Балалар, берілген қима қағаздардан қандай маман иелері шықты?

Балалар атап айтады.



Тәрбиеші: Жұмысымыз аяқталса, ары қарай жылжиық

Пойыз қосылады.

7. Аялдама. Аспазшы аялдамасы. Ұсақ қол моторикасына тапсырма.

Аспазшы-Повор

Тәрбиеші: Жақсы балалар, біз аспазшымызға жетіпте қалдық, аспазшының дастархан әзірлейтін ыдыстары дайын болмай тұр екен, соған көмектесіп жіберейік. Қазір мен сендерге аспазшының ыдыстарын таратып беремін, ал сендер оны әсемдеп бересіңдер.

Музыка мортикага қосу.

Балаларға суреттер таратылады.



Тәрбиеші: Жақсы балалар, сендердің көмектеріңмен, аспазшының ыдыстары да дайын болды, қазір бірер минуттардан кейін дәмді асы да дайын болып қалар.

8. Қорытынды:

Тәрбиеші: Сонымен балалар, біз бүгінгі ойын-сабақта қай қалаға сапарға шықтық?

Балалар: Семей қаласына

Тәрбиеші: Бізге кімдер жол серіктер болды?

Балалар: Аяжан мен Елдос

Тәрбиеші: Жол жөнекей біз кімдердің тапсырмаларын орындадық ?

Балалар: Шаштараз, тігінші, жол полициясы, дәрігер, аспазшы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, ал осы аталған шаштараз, тігінші,жол полициясы, дәрігер,аспазшы бір сөзбен айтқанда нелер?

Балалар: Мамандықтар

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, олар-мамандықтар.( Интерактивті тақтадан көрсету) Осы мамандардың тапсырмаларын орындау арқылы біз, қай маман иесіне жеттік?

Балалар: Аспазшыға

9. Рефлексия

Тәрбиеші: Маған бүгін сендердің ойын-сабаққа қатысу белсенділіктерің қатты ұнады Ал, сендерге кімнің ойын-сабаққа қатысуы ұнады?

Балалар жауап береді

Тәрбиеші: мағанда сендердің жауаптарың қатты ұнады.

Олай болса бүгінгі ойын-сабағымызды мына саты арқылы бағалайық. Егерде сабақта мен еш қиыншылық көрген жоқпын, сабақ қызықты болды, бірақ әліде білгім келеді десеңдер қолдарыңдағы қима қағаздарды мына сатының ең жоғарғы бөлігіне орналастырыңдар, ал егерде сабақта біраз білмеген жерлерім болды, тапсырма біраз қиындау болды десеңдер қима қағазды сатының ортаңғы бөлігіне орналастырыңдыр, Егерде сабақ қиын болып, тапсырмаларды орындауда қиналдық деп ойласаңдар, сатының ең төменгі бөлігіне орналастырыңдар.

Балалар маман иелерінен қиылған қима қағаздарды сатыға орналастырады.

10. Бекіту. Жақсы балалар саты бойынша сендерге ойын- сабақтың ұнағанын көруге болады, біз міне саяхатымыздың соңғы аялдамасына да жеттік, олай болса, бізге бүгінгі саяхатымызда жол нұсқаушы болған Аяжан мен Елдосқа рахметімізді айтып пойыздан түсіп, ашық алаңға жиналайық.

Елдос пен аяжан қоштасады.

( Балалар шеңберге жиналады.)



(Экраннан Семей қаласының кондитер өнімдерін әзірлеу фабрикасы суреті шығады.)

Тәрбиеші: Міне, балалар біз аспазшымызға да келдік.

Аспаз келеді, тәрелкеде торт болады.



Аспаз: Сәлеметсіңдерме!

Балалар: Сәлеметсізбе!

Аспаз: міне,балақайлар, сендерге арнап пісірген дәмді асым осы, бұны сендер үшін әдейі сиқырлап қойдым, мен оны тәрбиеші апайларыңа беремін, топқа барып дәмін татып, көресіңдер.

Тәрбиеші: Міне аспазымыздың дәмді асын да алдық, рахмет сендерге балалар , осымен ойын-сабағымыз аяқталды! Сау болыңдар!

Аяжан мен Елдос музыкасымен шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет