Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Наурыз-көктем мерекесі. Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі64,25 Kb.
#34294
Технологиялық карта №24
Күні: 11.03.2017ж.

Білім беру саласы: Қатынас. Денсаулық.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Наурыз-көктем мерекесі.

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру; балалардың ойлау қабілетін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге дағдыландыру; салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақша киінген қуыршақ, керме шымылдық (ширма), үнтаспа, қазақтың оюлары, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: тобылғы.

Билингвальды компонент: көктем-весна, үстел-стол, домбыра-домбра.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Бүгін зерек болып, алғырлық танытқан балаларға мына оюлар сыйға беріліп отырады. Алдын ала тәрбиеші дайындаған «Ботагөз», «Қошқармүйіз», «Құс қанаты», «Қызғалдақ» оюлары сұраққа жауап берген әр балаға беріліп, сабақ соңында кімде қанша ою бар екені анықталып, сол арқылы «ең зерек бала» аталынып, марапатталынатынын айтады. Топ бұрышына керме шымылдық құрылады.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балаларға өнер туралы түсінік беріп өтеді.

-Қазақ халқында өнер көп. Соның бірі-айтыс өнері. Айтыстың түрлері көп, соның бірі-жұмбақ айтыс. Ал бізге бүгін ақын Сара апамыздың жолын қуған Кәмшат атты қыз жұмбақ айтысымен келіп отыр. (Үнтаспадан Кәмшаттың дауысы қосылады).

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің атым-Кәмшат. Менің бүгін сендерге ұлттық киім киіп, қонаққа келгенім тегін емес. Себебі жақында Наурыз мерекесі болады.
-Мен қазір жұмбақ жасырамын, егер жұмбақтың жауабын білсеңдер, айтыңдар. Дұрыс жауабы табылған жағдайда мен келесі жұмбаққа көшемін. Егер дұрыс болмаса, жасырылған бұйымды сипаттауды жалғастырамын.

Жұмбақ.


1.Бір ауызды бұйым бар,

Тіктөртбұрыш пішінде.

Затыңды аман сақтайды,

Салып қойсаң ішіне.

Көлемі болар әртүрлі,

Орташа, үлкен, кіші де.

Оюлар зерлеп жасалған,

Қызығасың түсіне.

Пйтыңдаршы, бұл не зат,

Көрпе жинайтын үстіне?


2.Төрт аяқты қатты зат,

Беті тегіс, дөңгелек.

Үйімізде қолданар,

Заттың бірі ең керек.

Сол бір заттың үстіне

Дәмді тағам толады.



-Сәлеметсің бе, Кәмшат. Қош келдің.

Балалар Кәмшаттың жұмбақтарын мұқият тыңдайды. Жауабын білген бала қол көтеру арқылы қуыршақ Кәмшатты тоқтатып, жауабын айтады.

Балалар домбырамен «Еркем-ай» әуеніне салып, жұмбақтың жауабын айтады.

Еркем, еркем, еркем-ай,

Еркелеген еркем-ай.

Бұл жұмбақтың жауабы,

Сандық болады екен-ай.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Дәм татам деп шетіне

Жайғасады қонағы.

Аласа биік түрі бар,

Бұл қандай зат болады?


3.Мойны ұзын, әдемі,

Бар оның қос құлағы.

Он тоғыз перне мойнында,

Тізіліп қатар тұрады.

Екі ішектен естілген,

Үні қандай ұнамды.

Әр қазақтың үйінде

Төрде ілініп тұрады.

Кеудесі бар сопақша,

Бұл қандай аспап болады?


4.Тобылғыдан жасалған,

Алты тұтам сабы бар.

Он екі, сегіз, төрт таспа,

Өрімдері тағы бар.

Екі қатар таспамен

Сабы оралып торланған.

Ата-бабам бұл затты,

Ат үстінде қолданған.

Кім табады жауабын,

Жұмбағымның жолданған?

-Ой, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Сол үшін сендерге Наурыз мерекесі туралы айтып берейін:

Наурыз-шығыс күнтізбесінде Жаңа жыл басы деп саналады. Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні күн мен түн теңеледі.

Наурыз-жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, халық қастерлейтін, бірігіп тойлайтын күн.

-Ал енді өздерің отбастарыңда бұл тойды қалай өткізесіңдер, соны айтып беріңдер.

-Сендер мерекеде наурызкөже пісіресіңдер ме?

-Оны кім пісіреді? Оған не қосады?

Тәрбиеші қуыршақ Кәмшатты отырғызып, тақтаға Наурыз мерекесіне байланысты суреттер іледі.

-Наурыз қай мезгілде келеді?


Тәрбиеші балаларға шығармашылық әңгіме құрастыруды ұсынады.

-Үстел.


-Домбыра.

-Қамшы.


Балалар өз отбасыларында бұл мерекенің қалай өтетіні туралы әңгімелеп береді.

-Ия, пісіреміз.

-Әжеміз, анамыз пісіреді. Оған жеті түрлі тағам қосылады.

(оларды тәрбиешінің көмегімен атайды.)

-Көктем мезгілінде келеді.

Балалар өз ойларынан шығармашылық әңгіме құрайды.

-Наурыз мерекесі өтеді.

-Адамдардың барлығы өте көңілді жүреді.

-Күн жылиды, құстар жылы жақтан ұшып келеді, малдар төлдеп, төлдерімен жайылып жүреді. Адамдар ұлттық


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Билингвальды компонент: көктем-весна, үстел-стол, домбыра-домбра.

Тобылғы-ағаш. Оның бұтағынан қамшыға сап жасайды.

Сергіту сәті:

Сергіту жаттығуларын үнтаспадағы ұлттық әуенмен («Қаражорға», «Айгөлек») жасатуға болады.

«Бір сөзбен ата» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: сұраққа жедел жауап беру көзделеді. Тәрбиеші бірнеше сөз айтады да, қолындағы добын кез келген балаға лақтырады. Допты қағып алған бала сол айтылған көп сөздердің бір сөзбен қалай аталатындығын айтып, допты кері тәрбиешіге лақтырады.

-Өрік, шие, алмұрт.

-Түлкі, қоян, қасқыр.

-Шай, май, тұз.

-Бет, мұрын, аяқ.

-Қауын, қарбыз, сәбіз.

-Үйрек, қаз, тауық.

-Қызыл, жасыл, сары.

-Әке, әже, шеше.
Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі тапсырма орындалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.


киімдер киіп алады. Сөйтіп, Наурыз мерекесін тойлайды.

Қайталайды.


Балалар ұлттық әуенге би қимылдарын жасау арқылы бойларын сергітеді.

-Жемістер.

-Аңдар.


-Тағамдар.

-Дене мүшелері.

-Көкөністер.

-Үй құстары.

-Түстер.

-Отбасы мүшелері.

Тапсырманы орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың қолындағы оюлар саналып, ең зерек те алғыр бала марапатталады.

Балаларға үйден ата-аналарынан «жеті атасын» сұрап білу және жаттап келу тапсырылады.

Қуыршақ балалармен қоштасып кетеді.


Балалар тәрбиеші ұсынысына қуана келіседі.

Балалар қуыршақ Кәмшатпен қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жұмбақ айытысқа жұмбақ жұмбақ айтыспен жауап беруді, өз ойларынан шығармашылық әңгіме құрауды.

Түсінеді: қазақтың салт-дәстүрлерін, қамшының сабы тобылғы ағашы екенін.

Қолданады: заттарды топтап айта білу дағдыларын.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет