Бөлімшелерде 2015 жылға әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы



Дата03.02.2017
өлшемі17,84 Kb.
#8646
Бөлімшелерде 2015 жылға әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
2015 жылы облыс өртке қарсы қызмет гарнизонында кезекші қарауылдар жеке құрамының әскери және қызметтік дайындығы ҚР ТЖ министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі «... дайындық ережесі» № 245 бұйрығына сәйкес әзірленген ӘҚД тақырыптық жоспарының негізінде ұйымдастырылды.

Жеке құрамның әскери даярлық деңгейі, бірінші кезекті авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу сапасы, өрт сөндіру алға қойылған тапсырмаларды орындауға жеке құрамның дайындық дәрежесіне толық байланысты. Оқу процесін ұйымдастыру және өткізу өрт сөндіруді іске асыру бойынша тапсырмаларды орындауға жеке құрам кәсіби деңгейін төмендетуге апаратын жағымсыз факторларды анықтау мақсатымен бөлімшелер басшылары тарапынан күнделікті бақылауды талап етеді.

2014 жылдың қарашасында КӨСҚ-мен бөлімшелерде ӘҚД ұйымдастыру тәртібін реттейтін сағат және тәртіп бойынша оқу уақытын бөлу жылдық жоспары, ӘҚД кесте-жоспары және басқа құжаттар әзірленді және бастықпен бекітілді. Облыстың барлық бөлімшелер басшыларымен, «ӨСжАҚЖҚ» ММ аппаратының қызметкерлерімен «... дайындық ережелері» талаптарына сәйкес тақырыптық жоспарды құру және маңызды тәртібі бойынша, ӘҚД бойынша бір айға сабақ кестесін құру дұрыстығы, қызметкерлер санаты арнайы дайындауды ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілді. 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 28, 29-ӨСБ басшыларына ӘҚД сабақтарының кестесін әзірлеу, объектілерге шығумен ПАСР тактикасы бойынша жоспар-қысқаша жазба құру, ӨТШ шешімі, ӨТО жоспары бойынша қысқаша жазба әзірлеу жөнінде тәжірибелік көмек көрсетілді.

Бөлімшелердің жеке құрамымен ӨТО және ӨТТШ өткізу кестесіне сай өрт-тактикалық оқулар және сабақтар жүргізілді. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары гарнизондарында өткізілген оқулар нятежелері бойынша өрт сөндіру жедел штабы жеке құрамының, лауазымдық тұлғаларының әрекетіне талдау жүргізілді, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери жарғысы білімін жетілдіру бойынша кезекші қарауыл жеке құрамымен сабақтар өткізілді. «ПАСР тактикасы және өрт сөндіру» бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында тиісті объектілерде өрт сөндіру жедел құжаттамасын өңдеу жүргізілді. Бөлімшелердің газ түтінінен қорғау қызметінің жеке құрамымен «Газ түтінінен қорғау қызметінің жеке құрамымен сабақтар ұйымдастыру және өткізу» әдістемелік нұсқауының негізінде таза ауада, ЖТК және психологиялық дайындық жолағында жүргізілді.



Сонымен қатар, жүргізілген талдау «ӨСжАҚЖҚ» ММ аппараты бөлімшелердің басшыларымен оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша өткізілетін жұмысқа қарамастан, жеке бөлімшелерде әлі күнге дейін әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастырудағы және өткізудегі кемшіліктер орын алады.
Каталог: kchs -> 2016 -> fevral
fevral -> Жамбыл облысы тжд «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жыл қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы
fevral -> Бөлімшелерде 2015 жылға әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
2016 -> Жамбыл облысы тжд «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы
fevral -> 2015 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-қызметтік анализі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет