«Бос уақытты тиімді пайдалану» тақырыбындағы коррекциялық сабақ



Дата22.08.2017
өлшемі30,43 Kb.
#24123
« Бос уақытты тиімді пайдалану» тақырыбындағы коррекциялық сабақ.

Мақсаты: Оқушыларға уақыттың құндылығын түсіндіре отырып, қалай тиімді пайдалануға болатындығы жөнінде мәліметтер беру.

Күтілетін нәтиже: күнделікті өмірінде уақытты жоспарлай білуі, уақытты тиімді пайдалануы, уақытын босқа өткізбеуі.

Жоспары:


1.Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.
2. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
3. Сұрақ – жауап

4. Мақалдар


5. «Әріптер » ойыны.
6. Қорытынды сөз.

1.Шаттық шеңбері. Жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында.

Шеңберге тұрып, бір-біріне оқушылар жағымды сөздер айтады.

Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!


Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізбепсің?
Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
(АБАЙ. Он бесінші қара сөз) (слайд)
Барысы:
2. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз не? Уақытты тиімді пайдалану - ол көп іс атқару емес. Ол өз уақытыңда тиімді және дұрыс пайдалану. Бірақ "дұрыс" деген сөзіміз әр тұлға үшін әрқилы мән береді. Адам баласына шамадан тыс жұмыс істеуден басқа демалыс пен серуенге шығып тұру керек. Сонымен қатар әркімнің өз жеке маңызды істері бар. Біз көп немесе аз жұмыс істеуге, көп немесе аз көңіл көтеруге тиісті емеспіз, біз өз - өзімізбен болуымыз керек.

3. Сұрақ - жауап.


1.Уақытты тиімді жұмсауға не кедергі болады?

2.Бос уақытта немен шұғылданғанды жақсы көресіңдер?

3.Уақытты бос өткізу дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Адам өміріндегі уақыттың қандай маңызы бар?


4.Мақалды аяқтайық
Психолог сөзі:

Уақытты тиімді пайдаланайық!

Ұйқы — уақыт тапшылығын тудыратын негізгі фактор.
Уақыт сіздің уысыңызда тұрмайды. Уақытты қалай болса, солай өткізер болсаң үміт артар жол сілтей қоймайды, ал уақытты үнемді пайдаланып, ұлы мақсат жолына құрбан етсең еңбегін еш кетпейді. Осы турасында «Таңғажайыпты күтпе, таңғажайыпты жаса» деп айтылған қанатты сөз орынды. Сәні мен салтанаты жарасқан жиында сіз үшін ешкім билеп бермейтіні секілді, арманға қол созбасаңыз — өмірдің бекер өткендігі.
Уақытты үнемдеу үшін мен бәріне бірдей үлгеремін деген принциптен бас тартыңыз. Бәріне үлгердім деп жасаған сапасыз дүниеңіз кімге қажет? Оны қайта жасау арқылы бір жұмысты екі жұмысқа айналдырасыз.
Өмірге күнде келіп жатқан жоқсыз, ойыңыздағы арманыңыз бен мақсатыңызға жету үшін уақытты тиімді пайдалануды дағды етіңіз. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз — жақсылыққа ұмтылу. Әрбір сағатыңыздың тықылы сіздің өтіп бара жатқан өміріңіз, сіз өз өміріңізге бей - жай қарамайтын боларсыз.?! Ендеше күн сайын кететін уақытыңыздың бір бөлігін кітапқа арнаңыз, екінші бір бөлігін спортқа дегендей. Ниет болса болғаны, қалған игі дүниелер табыла кетеді. Күннің шығысынан кештің батысына дейін беріліп жатқан ұзын - сонар сериалдарға қарап, уақытыңызды сарп етпеңіз!

5. «Әріптер» ойыны


Мақсаты: ойлау қабілеттерін, өмірге көзқарасын анықтау, уақытты тиімді пайдаланып, тез жауап беруге үйрету.

Нұсқау: 6 оқушыға әріп жазылған қағаз ұсынылады. Берілген сұрақтарға өз әріптерінен басталатын жауап айтулары тиіс. (А,Ә,Қ,Ж,Ө,Т)

Сұрақтар:

1.Қалжыңды көтересің бе?

2.Өзіңді қандай адам деп есептейсің?

3.Қазақ тілі қандай тіл?

4.Уақытқа бағынасың ба?

6. Психолог сөзі

Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді.

7. Қорытынды: Ақиық ақын Мұқағалидың


Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,
Ұйқы тең шала жансар өлімменен.
Қанша менің өлді екен уақытым,
Ақ жастық, ала жастық кебіндеген,(слайд) - деген өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр. Осымен біздің, бүгінгі, «Бос уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында өткізілген семинар сабағымыз өз шегіне жетті.
Каталог: uploads -> doc -> 0feb
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0feb -> Білім саласы: Әлеуметтік орта. Бөлімі : Экология негіздері. Тақырыбы: «Дәрілік өсімдіктер»
0feb -> Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы? Сәкен Жүнісов. Сабақтың мақсаты
0feb -> Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық тағам түрлерімен таныстыру, асқа қатысты сын есімдерді дұрыс қолдануға үйрету
0feb -> Р/с оәұ Күн тізбе бойынша өткізген
0feb -> Сабақтың тақырыбы: «Мейірбан біздің панамыз, Алтын жүректі анамыз»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет