«Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны Интеллектуалдық ойынның мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі74,04 Kb.
#29069
«Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны

Интеллектуалдық ойынның мақсаты:

Білімділік:

-Оқушылардың география пәнінен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау,толықтыру және бекіту.


- Оқушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық:

-Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту,ұтымды ой қорыта білуге,шешендікке үйрету,ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайту.


Тәрбиелік:

-Оқушыларды зеректікке,өзінің мүмкіншілігіне сене білуге,басқалардың пікірін сыйлап,топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, тұрмыстық заттарды біліп жүруге үйрету.


Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, топпен жұмыс жүргізу.

Интеллектуалдық ойын сабағының жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;


б)психологиялық дайындық.

Ойынның тақырыбы мен мақсатын таныстыру (слайд арқылы).



2.Негізгі кезең:
Жүргізуші:

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Ғылымдардың ғылымы,

География, биология ғылымы жайында

«Брейн-ринг» танымдық ойынын бастаймыз! 

Бүгінгі интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!


Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – дегендей, бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпіз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық:


1. ----------------------------------------------------------------------------------------------------

2.-----------------------------------------------------------------------------------------------------

3.-----------------------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші:

Жақсылық адамдардың тілегі екен


Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?-

Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық.

Ойынымыз 7 бөлімнен тұрады:
Жүргізуші:

Бас иіп топ алдында шығатын


Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, —ендігі кезек оқушыларда. (Әр топ өз аты және ұранымен таныстырады).
1 КЕЗЕҢ «ТАНЫСТЫРУ»

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға,сол алда.



Кәнекей сайыскерлер, осы уақытқа дейін география пәнінен алған білімдеріңізді көрсетіп,ортаға салыңыздар.
2 КЕЗЕҢ «БЛИЦ ТУРНИР»
Бұл кезең бойынша сіздерге география пәнінен сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға алғыр да тапқырлықпен жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін топқа «1» ұпайдан қосылады.

    1. Ауа қабаты (Атмосфера)

    2. Ауа қысымын өлшейтін құрал (барометр)

    3. Экватордың ұзындығы (40 мың км)

    4. Географиялық координата неден тұрады? (бойлық пен ендіктен)

    5. «Кібісе жылы» дегеніміз не? (366 күннен тұрады)

    6. Бағдарлауға арналған құрал (тұсбағар)

    7. Жердің нақты үлгісі (глобус)

    8. Дүниежүзін алған айналып шыққан алғашқы саяхатшы кім? (Ф.Магеллан)

    9. Географияның атасы кім? (Эратосфен)

    10. Температураны өлшейтін құрал? (термометр)

    11. Судың тұздылығы деген не? (1л мұхит суындағы еріген тұздың мөлшері)

    12. Дүниежүзінің ең биік нүктесі (Джомолунгма 8848м)

    13. Ең ұзын параллель (экватор)

    14. Күнге алыс ғаламшар (плутон)

    15. Екі дүние бөлігінен тұратын материк (Еуразия)

    16. Лне, Енисей, Обь қай мұхиттың бассейніне қарайды? (солтүстік мұзды мұхит)

    17. «Нокиа» кәсіпорны қайда орналасқан? (Финляндияда)

    18. Мерседес, Рено, Ауди автокөліктері қайдан шығады? (Батыс Еуропада)

    19. Тропиктен экваторға қарай соғатын желдер? (пассаттар)

    20. Тауларда табиғат зоналары қалай аталады? (биіктік белдеулілік)

    21. Италия қай түбекте орналасқан? (Апеннин)

    22. Пигмейлер дегеніміз кімдер? (Африканың бойы аласа адамдары)

    23. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы (Ш.Уәлиханов)

    24. Қазақстандағы көлемі жөнінен үшінші орынды алатын көл (Балқаш)

    25. Елордамыз қай өзенннің бойында орналасқан? (Есіл)

    26. Шахмат ойының отаны қай ел? (Индия)

    27. Жеңіл автомобиль жасаудан 1-ші орын алатын ел (Жапония)

    28. Еуропада «сүт фермасы» аталған қай ел? (Дания)

    29. Қазақстан жер бедерінің ең төмен жері (Қарақия ойысы, -132м)

    30. ҚР-ның тіуелсіздігін алғаш таныған қай ел (Түркия)


Жүргізуші:

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын, - дегендей,
2 КЕЗЕҢ «ЖАСЫРЫЛҒАН ЗАТ» бөліміне кезек береміз.
1.Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны «жылан өсімдігі» деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдағын құлдарға күн сайын беріп тұрған

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің Отаны Орта Азия

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады

Үшінші көмек: Иісі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз
2. Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан моңғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерн төмендету деп есептейді.Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны – Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе, қазақтардың басы ауырады.
3.Еуропаға бұл өсімдік 16 ғасырда ғана белгілі болды. Еуропалықтарға бас кезінде бұл өсімдік тек қана дәрілік өсімдік ретінде танымал болды. Қазіргі кезде бұл өсімдікті жоғары тағамдық құнндылығы үшін күнделікті өмірде жиі қолданамыз.

Бірінші көмек: Отаны – Оңтүстік Америка

Екінші көмек: Оның жемісі тамырында орналасқан.

Үшінші көмек: Одан өздерін сүйіп жейтін көптеген тағамдар жасалынады.
4 КЕЗЕҢ «ЕҢ...ЕҢ...»

1. Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)


2. Әлемдегі ең үлкен шөл-Сахара (7 млн км²)
3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия (44 млн км²)
4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)
5. Әлемдегі ең суық жер-Антарктида (83°С)
6. Әлемдегі ең биік тау-Гималай (Джомолунга, 8848 м)
7. Әлемдегі ең ұзын тау-Анд (9000 км)
8. Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)
9. Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620 м)
10. Әлемдегі теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер-Гхор ойысы (403 м)
11. Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)
12. Әлемдегі жауын-шашынның ең көп түсетін жері-Черапунджи (жылына 12000мм)
13. Әлемдегі ең ұзын әрі енді тау жүйесі-Кордилера (ұзындығы 
9000 км, енді бөлігі 1600 км)
14. Әлемдегі ең үлкен арал-Гренландия (2 млн 176 мың км²)
15. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі–Флинт-Мамонт (500 км)

21. Әлемдегі ең үлкен тау мұздығы-Хабборт (145 км)


22. Әлемдегі ең биік ағаш-Секвойя (100 м)
26. Әлемдегі ең суы мол өзен-Амазонка (6400 км)
27. Әлемдегі ең биік сарқырама-Анхель (1054 м)
28. Әлемдегі ең ылғалды ж/е ең жасыл материк-Оңтүстік Америка
29. Әлемдегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы–Ла-Плата (ені 
220 км)
32. Жер шарындағы ең жоғарғы температура-Африкада тіркелген (+58°C)
33. Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі (7,5 тонна)
37. Әлемдегі ең аласа материк-Аустралия (биіктігі 215 м)
38. Әлемдегі ең құрғақ материк-Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)
41. Әлемдегі ең терең мұхит-Тынық мұхиты (11022 м)
42. Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)
43. Әлемдегі ең ыстық планета-Шолпан (462°C)
44. Әлемдегі ең суық планета-Плутон (-235°C)
45. Әлемдегі ең жылдам планета-Меркурий (172 мың км/сағ)
46. Әлемдегі ең тығыз планета-Жер (судан 5 есе тығызырақ)
47. Әлемдегі ең үлкен жанартау-Гавайядағы Мауна-Лао 
(ені10 км, тереңдігі180 км)
49. Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)
55. Әлемдегі ең ірі жапырақ-Рафия пальмасы (20 м)
56. Әлемдегі ең ірі тұқым-Кокос пальмасы (20 кг)
57. Әлемдегі ең ежелгі өсімдік-Каучик ағашы, антарктикалық қына (12 мың жыл)
58. Әлемдегі ең ауыр жыртқыш-Касатка (салмағы 9000 кг, ұзындығы 9 м)
59. Әлемдегі ең ұзын құрт-Солт. теңіз немертині (55 м)
60. Әлемдегі ең үлкен өрмекші-Құс жейтін өрмекші (228 см)
65. Әлемдегі жерінің аумағы жағынан ең үлкен ел-Ресей
67. Әлемдегі ең ұзын ел-Чили (4300 км)
68. Әлемдегі ең құрғақ жер-Атакама шөлі (жылына 1 тамшы жаңбыр жаумайды)
69. Әлемдегі ең ауыр жылан-Анаконда (200 кг)
70. Әлемдегі ең жылдам ұшатын бунақденелілер-Инеліктер (9км/сағ)
71. Әлемдегі ең биік шөп-Бамбук (25 м)
72. Әлемдегі ең тез өсетін шөп-Бамбук (күніне 1м өседі)
73. Әлемдегі ең қауіпті саңырауқұлақ-Боз арамқұлақ
74. Әлемдегі ең ежелгі, тірі ағаш-Қылқанды қарағайлар (5000 жыл бойы тіршілік етіп келеді)
75. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)
76. Әлемдегі ең ұзын бұғаз-Мозамбик (1670 км)
78. Әлемдегі ең ір құс-Африка түйеқұсы
79. Әлемдегі ең ескі тау-Орал таулары (ұзындығы 2,5 мың км)
80. Әлемдегі ең кіші мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит
81. Әлемдегі ең терең бұғаз-Дрейк бұғазы (5248 м)
82. Әлемдегі ең жылы қуатты ағыс-Гольфстрим
83. Әлемдегі ең суық қуатты ағыс-Батыс желдер ағысы
85. Әлемдегі теңіз дейгейінен ең төмен орналасқан нүктесі-Өлі теңіз 
86. Әлемдегі ең тұзды теңіз-Қызыл теңіз
87. Әлемдегі ең үлкен және ең терең каньон-Колорадо
89. Әлемдегі ең ірі және тұңғыш ашылған ұлттық парк-Йеллоустан 
92. Әлемдегі ең ірі ойпат-Амазонка
93. Әлемдегі ең биік таулы астана – Ла-Пас (3630 м)
94. Әлемдегі ең ірі маржандық құрылым-Үлкен Тосқауыл
5 КЕЗЕҢ «СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚТАР»

6 КЕЗЕҢ «КЕСКІН КАРТАМЕН ЖҰМЫС»

7 КЕЗЕҢ «АСТАНАЛАР САЙЫСЫ»
Жүргізуші:

Саналы ұрпақ санасын саралайтын,

Біліммен даналығын даралайтын,

Ғылымның сан-санасын оймен әрлеп,

Жаңалықты кең шалып бағалайтын – деп,

бөлімінде топ басшылар сайысын тамашалайық.



Жүргізуші:

Жастарына сынға түсіп келген бүгін,

Ақылмен білімдерін теңдер бүгін.

Әділ-қазы алқасына сөз берейік,

Жеті өлшеп,әділдікпен бір кесетін.

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасы өздеріңізде.


Жүргізуші:

География пәні болашаққа бастайды,


Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлемге жаңалығын тастайды.
Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуальды ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Каталог: E444324FA114A466
E444324FA114A466 -> Сабақтың тақырыбы: Invitation. Сабақтың мақсаты: Past simple туралы білімін жаңғырту және сөйлеу дағдысын қалыптастыру
E444324FA114A466 -> 2017 жылдың 10-17 сәуір аралығында өтетін «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты» атты география, биология және химия пәндері апталығының жоспары
E444324FA114A466 -> Интеллектуалдық ойын «xxi ғасыр көшбасшысы» Мақсаты
E444324FA114A466 -> Коучинг (диалогтік алаңша) Жоспар Тақырып: Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық Мақсаты
E444324FA114A466 -> Сабақтың тақырыбы: Кел, қайталайық! Мектеп: Казгородок орта мектебі Күні: 27. 11. 2017


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет