Бритаралдары, Кайман аралдары, Монтесеррат, Теркс



бет1/2
Дата26.06.2018
өлшемі105,16 Kb.
#45043
  1   2

  • Бритаралдары,

  • Кайман аралдары,

  • Монтесеррат,

  • Теркс пен Кайкос,

  • Фолкленд ,

  • Африкада — Әулие Елена аралы,

  • Океанияда — Питкэрн аралы бар.Табиғаты



Клайдтың (170 км) эстуарийлері жасанды жолмен тереңдетілген, түзетілген, кең мойнақтар

Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла-Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген (солт-нде фьордтар, оңт-ндеэстуарийлер). Неғұрлым үлкен түбектері — Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына (ең биік жері — Сноудон, 1085 м), Англияның солт-нде Пеннин (ең биік жері — Кроссфелл, 893 м) және Камберленд (ең биік жері — Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады. Елдің ең биік нүктесі — Бен-Невис тауы (1343 м). Ұлыбританияның солтүстік бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар әсерінен тілімделіп, әр түрлі формаларға ие болған. Геология тұрғыдан алғанда жері түгел дерлік (тек ең қиыр оңт. бөлігі герцин қатпарлығы) каледон қатпарлығы алабында жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т-дің жағалауларынан мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған.

Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ.

  • Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын.

  • Шілдедегі орташа температура оңт.-батыста 16°С-қа, ал қиыр солт.-батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады.

  • Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңт.-батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен шектесетін Северн (310 км) мен Темза (334 км) өзендері. Темза өз-нің Ұ. экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 1/5 бөлігі тұрады. Үлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Солт.-батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан аса СЭС салынған.

Ұлыбританияның ең ірі өзендері:



Темза

 




Северн

 




Хамбер (59 км)

 




Мерси (109 км)

Оларда ірі теңіз порттары мен өнеркәсіп тораптары орналасқан. Ең ірі көлдері — Солтүстік Ирландиядағы Лох-Ней (аумағы 396 км², тереңд. 31 м-ге дейін) менШотландиядағы Лох-Ломонд пен Лох-Несс (аумағы 56 км², тереңд. 230 м-ге дейін). Таулы Шотландия мен Көлдер шеңберіндегі көлдердің табиғаты өте әсем, туристер демалатын орталықтар. Жазық бөлігінде ірі көлдер жоқ. Бірақ мұнда бұрын шымтезек өндірілген, құм, құмтас кеніштері болған жерлерде көптеген жасанды су қоймалары жасалған. Өсімдік жамылғысы кедей. Адамдардың ормандарды түп-тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі уақытта ормандар ел аумағының тек 10%-ын ғана алып жатыр. Олар негізінен өзендердегі жазықтар мен тау беткейлерінің төм. белдеулерінде сақталған. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен, қызыл қайың, шегіршін, шамшат өседі. Шотландияның солт-ндегі Грампиан тауларында және солт.-батыс таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай аралас өскен ормандар, биігірек жерлерінде қарағай және қайың ормандары сақталған. Жазықтарды егін алқаптары мен шалғындар алып жатыр. Аң аулаудың қызу жүргізілуіне байланысты Британ аралдарында баяғыдан аю, жабайы шошқа мен ирланд маралы тәрізді көптеген ірі сүтқоректі аңдар қырғынға ұшырап, қасқыр зиянкес ретінде жойылды. Қазіргі кезде сүтқоректі жануарлардың тек 56 түрі ғана тіркелген. Оңт. Англияда еліктер, таулы аудандарда жабайы ешкілер кездеседі. Биік таулардан басқа жерлердегі ормандарды түлкілер мен борсықтар, қояндар, кірпі, жертесерлер мекендейді. Кәмшат кең тараған, оны кәсіптік жолмен аулайды. Ұсақ жыртқыштардан ақтышқан мен ақкіс көп. Уэльсте сасықкүзендер, Шотландия тауларында жабайы еур. мысықтар мен америка сусарлары өмір сүреді. Британ аралдарын құстардың 130 түрі мекендейді. Өзендері мен көлдері балықтардың көптеген түрлеріне бай. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін қорғауға арналған 131 резерват ұйымдастырылған. Англия мен Уэльсте жалпы аумағы 12 мың км²-дей болатын 10 ұлттық бақ бар (ірілері Лейк-Дистрикт, Сноудония, Дартмур, Брекон-Биконе, т.б.).

Тарихы




Каталог: uploads -> doc -> 0d18
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d18 -> Сабақтың тақырыбы: Құмырсқалар. Кәдірбек Сегізбайұлы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет