Cынып озаты Сабақтың мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі41,16 Kb.
Cынып озаты

Сабақтың мақсаты: Білімділігі:оқушыларды білімді,жан-жақты болуға үйрету. Жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.Білімді,дарынды,озық болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:тірек-сызбалар,сұрақтар жинағы,сигналдық белгілер,сағат.



Сабақтың барысы:Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар,бүгінгі біздің 4-сынып оқушылары арасында «Сынып озаты» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Оқушыларымызға тек қана сәт-сапар тілейік.Оойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Ендеше ойынымыздың шартымен таныстырайық.

І кезең. «Бәйге»

-Бұл кезеңге сіздер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысыңыздар.

Жауабыңыз дұрыс болмаса,келесі бала жауап береді.Әр дұрыс жауап үшін 10ұпай алуға болады. Сонымен бәріңізге табыс тілейміз!

1-сұрақ. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?

(Т.Әубәкіров)

2-сұрақ. Жапырақтар күзде неге сарғаяды?

(хлорофилі азаяды)

3-сұрақ. Қай жылы 1-сынып оқыдыңдар?

4-сұрақ. «Айтшы,әжетай» кімнің өлеңі? (Жақан Смақов)

5-сұрақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?

(1991 ж. 16 желтоқсан)

6-сұрақ. Аналар мерекесі қай айда болады? (8-наурыз)

Құрметті аналар,ұстаздар,сіздерді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын.Алдарыңызда тұрған балаларыңыз сіздерге тек қана қызық қуаныш әкеле берсін.Мерекелеріңіз құтты болсын!

Балаларыңыздың сіздерге арналған өлең-жырларын қабыл алыңыздар!

«Құттықтаймын ана,мерекеңізбен!» әні.

ІІ кезең. Тіл - өнер:

Бұл кезең «Тіл - өнер» деп атадық.Мұнда сіздер қазақша ,орысша тілде дұрыс сөйлеумен қатар,қатесіз жазуларыңыз тексеріледі. Жазғандарыңызды тексеретін арнайы маман бар. Барлығыңызға табыс тілеймін!

1.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (Көктем-весна)

2.Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ. (Мысық-кот)

3.Жүз теңгең болғанша,жүз .................. болсын.

(дос-друг)

4.Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама.

(Кітап-книга)

5.Футболшының алаңдағы ойын заты.

(Доп-мяч)

6.Жеті қазынаның бірі- .............. ,адамды қорып жүретін

(Ит-сабака)

7.Әр адамның шағын отаны. (Отбасы-семья)

8.Ұшқан ................, жүгірген аң,бәрі тамақ. (Құс-птица)

Ән.


ІІІ кезең «Жеті жұмбақ»

Бұл кезенде өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Мына сызбаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе,20 ұпайлық сұраққа жауап бересіз. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинайсыз. Әрине,дұрыс жауап берсеңіз.

1.20. Математика.

Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

(Ұзындығы мен енін қосамыз)

2.20.Қазақ тілі.

Жұрнақ дегеніміз не?

(Сөздің мағынасын өзгертетін бөлікті жұрнақ дейміз)

3.20. Ана тілі

Желтоқсан құрбан болған қыздарымыз кім? (Ләззат, Сабира)

4.30.Дүниетану.

Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралқалай аталады?

(Компас,түсбағдар)

5.30.Ана тілі.

«Кел,балалар,оқылық!Өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

6.30.Қазақ тілі

Түбір сөз дегеніміз не?

(Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз)

7.40.Дүниетану

Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (Оңтүстік,солтүстік,шығыс,батыс)

8.40.Ана тілі.

«Тау туралы» әңгімесі кім туралы? (Т.Таңатаров)

9.40.Ана тілі.

«Тау туралы» әңгімесінің авторы кім?

ІҮ кезең «Жорға»

Бұнда екі оқушы мына екі нұсқаны таңдайды. А) Б)

Б нұсқаны тандаған оқушы сыныптан шығып дайындалады.

Ал А нұсқаны алған оқушының тапқырлығын байқаймыз.

Сендер бұл кезеңде дайындалған 15 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауларыңа болады. 1 сұрақ -1 ұпай болып саналады.Сендерге сәттілік тілеймін!

1-балаға сұрақ

1.Жылдан құр қалған жануар. (Түйе)

2.Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. (Тамыр)

3.ҚР-дың мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі)

4.Басты байлық. (Денсаулық)

5.12 ай (Жыл)

6. «Кел,балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

7.Абайдың әжесі (Зере)

8.Көру мүшесі. (Көз)

9. х + 2 = 10 бұл не? (Теңдеу)

10.Зат есімнің көпше түріне мысал келтір. (Балалар)

11.Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)

12.9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)

13.Жаңа туған балаға ат қойып,оны алғаш бесікке бөлеу жорасы. (Бесік той)

14.Күйді орындаушы адам (Күйші)

15.Ақан серінің тұлпарының аты. (Құлагер)

2-балаға сұрақ.

1.Жылбасы не? (Тышқан)

2.Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты (топырақ)

3.Қазақстан Республикасының ұларалық тілі (орыс тілі)

4.Адам денесінің тірегі (қаңқа)

5.Ақ алтын (мақта)

6.Орман дәрігері (тоқылдақ)

7. 7 күн (апта)

8.Есту мүшесі. (құлақ)

9. 8 + 2 = 10 (өрнек)

10.Зат есімнің жекеше түріне мысал келтір (оқушы)

11.Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)

12. 25 қазан-қандай күн? (Республика күні)

13.Баланы тәй-тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең (тұсау кесер)

14.Біржанмен айтысқан ақын қыз (Сара)



15.Қобыландының тұлпарының аты (Тайбурыл)

-Міне, құрметті көрермендер,біздің сынып озатын көріп отырсыздар.Екінші оқушымызды қошеметтеп шығарып салайық.Енді ортаға жеңімпазымызды шақырып арнайы сыйлықтарымызды мақтау қағазымызды табыс етіп,оларға арнап ән шырқап,би билейік.
Каталог: BEDFC24BAFF83CC1
BEDFC24BAFF83CC1 -> Жамбыл 1846 жылы туған. Ақпанның үскірік боранында атасы Ыстыбайдың ауылы үдере көшіп, Шудың бойына қарай бет алады. Ыстыбайдың немересі, Жабайдың үшінші перзенті
BEDFC24BAFF83CC1 -> Семинар Шығармашылық жазу жұмыстарының тәсілдері Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»
BEDFC24BAFF83CC1 -> Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған Ақмола облысы Зеренді ауданы Баратай негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы Мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Сабақтың тақырыбы: Математикалық ғаламға саяхат Сабақтың мақсаты
BEDFC24BAFF83CC1 -> Тәрбие сағатының құрылымы: І. Ұйымдастыру ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын
BEDFC24BAFF83CC1 -> Осылай ел халқының, келген қонақтардың асыға күткен ескерткіштің ашылу салтанаты басталып та кетті
BEDFC24BAFF83CC1 -> Ағылшын тілін оқытудағы ойынның маңызы және оның түрлері
BEDFC24BAFF83CC1 -> Махаббат қайда деме жүрегіңде
BEDFC24BAFF83CC1 -> Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы. Қазақ-тек бірігу,бірлесу жолында келе жатқан халық


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет