Д. Е. Қапанова, А. С. Құрақбаева



бет1/2
Дата06.07.2018
өлшемі274,5 Kb.
#48037
  1   2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Д.Е. Қапанова, А.С. Құрақбаева



НЕМІС ТІЛІ


Қаржы-экономикалық факультеті

студенттеріне арналған әдістемелік құрал

Павлодар
УДК 811.112.2

ББК 81.2 Нем

Н 45


С. Торайғыров атындағы ПМУ оқу кеңесінде бекітілген



Рецензент:
проф., филология ғылымдарының кандидаты А.Қ. Қалиева


Құрастырушылар: Д.Е. Қапанова, А.С. Құрақбаева
Н 45 Неміс тілі пәні бойынша экономика мамандықтарына арналған әдістемелік құралы /құраст. Д.Е. Қапанова, А.С. Құрақбаева. ­ Павлодар, 2007. ­ 44 б.
Әдістемелік құралда «Неміс тілі» пәні бойынша экономика мамандығына оқитын студенттерге арналған лексика, грамматика, грамматикалық жаттығулар, экономикалық терминдер мен мәтіндік тапсырмалар берілген.

Әдістемелік құралда «Неміс тілі» ГОСО РК 3.07.091.2001 (2002) мамандықтары бойынша жасалған бағдарламаның талаптарына сай жасалған.



УДК 811.112.2

ББК 81.2 Нем

© Д.Е Қапанова, А.С. Куракбаева, 2007

© С.Торайғыров атындағы. Павлодар мемлекеттік университеті, 2007



Кіріспе
Тіл маманынан басқа мамандық студенттеріне жоғары оқу орнында неміс тілін оқытудың негізгі мақсаты олардың өзге тілдегі дереккөздерінен ақпарат алу үшін мамандығына қатысты әдебиетті өз бетінше оқи алатындай деңгейде тілді меңгеруіне көмектесу болып табылады.

Оқыту кезінде сөйлеу (оқу, айту) мен жазу тәрізді сөйлеу қызметі бүкіл курс бойына оқыту құралы ретінде пайдаланылады.

Аударма оқыту құралы ретінде, оқығанды қаншалықты түсінгенін тексеру үшін, оқығанда алған ақпаратын жеткізудің бір әдісі ретінде қолданылады. Практикалық жұмысқа мамандығы бойынша әдебиетті оқу шеберлігі мен дағдысын меңгеруге қажетті грамматикалық және лексикалық материал енгізілді. Практикалық жұмыс неміс тілін оқитын және неміс тілі бойынша белгілі бір дәрежеде білім мен дағдыны меңгерген 1, 2 курс студенттерінің 1, 2 және 3 семестрлеріне арналған.
Оқу құралы
«Қаржы-экономикалық» факультетінің «қаржы-экономикалық» мамандығы студенттеріне арналған практикалық сабақтардың мақсаты – бұрынғы тілдік білімдерінің негізінде өз ойын жеткізуге, естігені мен оқығанын түсінуге қажетті сөйлеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту. Бұл мақсатты компоненттер практикалық сабақтардың мазмұнын, мамандық бойынша мәтіндердің бағытын, мәтіндік тапсырмалардан соң терминологиялық сөздікті құрастыруды белгілейді.

Төмендегі тәжірибешілік міндеттер көзделген:

- тілдік тапсырмалардың ұтымды көлемі мен үйлесімі;

- мәтіндік материалдың жоғары өзектілігі, ақпараттылығы және танымдылығы;

- мамандық пен елтанымдық аспект бойынша коммуникативтік бағыттың оңтайлылығы.

Мәтіннен кейінгі коммуникативтік тапсырмалар, сөзжасамдық, грамматикалық және сөйлеу жаттығулары мамандық бойынша лексиканы үйренуге, тілдік материалға жаттығуға және бекітуге қызмет етеді. Сонымен қатар тілдік материал мен тапсырмалар өтілген материалдар бойынша білімдерін және тиісінше тілдік дағдылар мен шеберліктердің қалыптасу деңгейін тексеріп, жинақтауға қажет. Практикалық жұмыстың бірінші кезеңінде лексикалық тапсырмалар орындалады. Тапсырмада көзделген мақсат-терминологиялық лексикалық материалға жаттығып, бекіту. Лексикалық материалдардың жекелей, қосарланып немесе шағын топтарда орындалуы мүмкін. Одан соң оқушылар үйренген лексикасы мен мәтіннің соңында студенттің сөздік қорын байыту және оқу бағдарына сәйкес кәсіби біліктілігін дамытуға алғы шарт болатын терминологиялық сөздікке сүйене отырып, арнайы мәтінді оқып, аударады. Бұдан кейін мамандық бойынша зерделік-танымдық қабілет пен грамматикалық практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған мәтіннен соңғы тілдік және грамматикалық тапсырмалар жазбаша және ауызша түрде орындалады.


Лексикамен жұмыс
Лексикалық қорды бекіту және байыту жұмысын төмендегідей жүргізу ұсынылады:

- сөздікпен жұмыс істегенде алғы сөзден, сөздіктің құрылысымен және сол сөздікте қабылданған таңбалар жүйесімен танысыңыз;

- грамматикалық сипатына (белгісіз тұлға, жекеше түрде) сәйкес сөзді бастапқы тұлғасында жазып алыңыз.

Аударманың қиындығы көп мағыналы шет тілдік терминнің дұрыс мағынасын таңдауда. Қателіктің алдын алу үшін контекстке сүйене отырып, үзіндінің немесе абзацтың жалпы мазмұнын білу, белгілі терминмен айтылған ұғымның білімнің қай саласына жататынын анықтау керек.


Мамандығы бойынша мәтінмен жұмыс
Оқытудың негізі мақсатты қондырғысы шет тілдік дереккөзден ақпарат алу болып табылатындықтан, мамандық бойынша мәтіндерді оқуға ерекше көңіл бөлінуі керек. Мамандандырылған мәтінді оқу мына шеберліктерден тұрады:

- сөзжасам нышандары мен контекстің негізінде бейтаныс сөздердің мағынасын болжау;

- интернационалдық сөздерді көріп, олардың мағынасын белгілеу;

- таныс грамматикалық тұлғалар мен құрылымдарды тауып, қазақ тілінде олардың баламаларын беру;

- мағыналық және тілдік болжамның негізі ретінде арнайы пән бойынша білімді пайдалану.

Мәтінді тура және толық түсіну зерделеп оқу жолымен жүзеге асырылады. Зерделеп оқу арнайы пәндер білімін пайдалана отырып, өз бетінше лексикалық және грамматикалық талдау жүргізе білуді қажет етеді. Жұмыстың осы түрін өткізгенде терминологиялық сөздіктерді пайдалана отырып, мамандандығы бойынша дұрыс аудару (ауызша және жазбаша) дағдыларын дамыту қажет.



1 Грамматика



1.1 Етістік (das Verb)

Неміс тіліндегі етістіктер Infinitiv формасында,яғни тұйық етістікте –en (kommen, schreiben, bauen) немесе –n-ге (basteln, klingeln, sammeln) аяқталады.

Етістіктердің үш негізгі формасы бар. Олар: Infinitiv (тұйық етістік), Präteritum (жай өткен шақ), Partizip II (өткен шақтың есімше формасы). Неміс тілінде етістіктер әлді және әлсіз деп екі үлкен топқа бөлінеді. Әлсіз етістіктерді жіктегенде түбіріндегі дауысты дыбыстар өзгермейді.

Неміс тілінде бес шақ формасы бар: осы шақ (Präsens), үш өткен шақ (Präteritum, Perfekt, Plusquamperfekt), келер шақ (Futurum).

Präsens – шақтық формалардың ішіндегі ең көп мағыналысы. Оның негізгі мағынасы – осы шақты білдіру.

Präsens етістіктің түбіріне жіктік жалғауларды жалғау арқылы жасалынады.

Präsens қолданылалы:

а) қимыл мен іс-әрекеттің қазіргі кезде орындалып жатқанын білдіру үшін: Ich lese ein Buch. Er studiert an der Uni.

б) қимыл мен іс-әрекеттің, процестің, құбылыстың жаратылыста үзілмей дағдылы түрде болып тұратынын білдіру үшін қолданылады. Мыс.: Die Erde bewegt sich um die Sonne. Gewöhnlich stehe ich um 7 Uhr auf.

в) келер шақта болатын іс-қимылды білдіру үшін: Nächtes Jahr fahre ich nach Deutschland. Morgen gehe ich ins Theater.

Төмендегі кестелерде етістіктің Präsens-те жіктелу нұсқасы берілген. Бұл кестелерден неміс тілі етістіктері Präsens-те бірыңғай жіктеле бермейтіндігі көрініп тұр. Бұл жерде оларды жекеше және көпше түрде бөліп қарастырған жөн. Өйткені етістіктердің жіктелу айырмашылықтары жекеше түрмен байланысты. Көпше түрде етістіктер морфологиялық ерекшеліктеріне қарамастан бәрі бір нұсқамен жіктеледі: 1-жақта – en (n), 2-жақта – t (еt), 3-жақта – en (n) жалғауларын қабылдайды. Тек ғана sein етістігі көпше түрде де супплективтік тәсілмен жіктеледі. Präsens-тің жекеше түрінде жіктелген етістіктер көпшілік жағдайда 1-жақта –e, 2- жақта –(e) st, 3- жақта –e (t) жалғауларын қабылдайды.

Ал түбірінде a, au, o, u дауыстылары бар әлді етістіктер Präsens-те 2 және 3-жақта түбіріндегі дауыстылары умлаутқа ие болады (кесте 4-ке қараңыз).

Түбірінде e (eh) дауыстысы бар әлді етістіктер түбір дауыстысын (ie)-ге ауыстырады (кесте 5-ке қараңыз).

Көмекші етістіктердің жіктелуін жаттап алған жөн.

Субъектіден шығып, субъектінің өзіне бағытталған іс-әрекетті білдіретін етістіктерді рефлексивті етістіктер (reflexive Verben) деп атайды. Қазақ тілінде мұндай мағына, негізінен, өздік етіс формасы, яғни грамматикалық форма арқылы беріледі. Ал, неміс тілінде рефлексивті мағынаны етістікке тіркелген sich есімдігі білдіреді.

Морфологиялық тұрғыдан қарағанда неміс тілінің 6 модаль және wissen етістігі өз алдына бір топ құрайды. Олардың үш негізгі формасы әлсіз етістіктерше жасалынады. Бұл етістіктердің негізгі ерекшеліктері осы шақтың жекеше түрінде жіктелгенде байқалады: ich kann, du kannst, er kann; ich darf, du darfst, er darf. Мұнда екі бірдей ерекшелік көрініп тұр: біріншіден түбір дауыстысы алмасып, екіншіден, 1-і және 3-жақта етістік жалғау қабылдамай тұр. Бұл Präteritum-де жіктелетін әлді етістіктерге тән ерекшеліктер. Осы жерде Präteritum-нің қасиеті Präsens-ке ауысып тұрғаны байқалады.

Мағынасы жағынан модаль етістіктер субъекті мен амал-әрекеттің арасындағы қатынасты білдіреді. Негізгі етістікпен біңріге отырып, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Неміс тілінде 6 модальды етістік бар. Олар мыналар: dürfen, können, mögen, müssen, sollen, wollen.

Dürfen – рұқсат мағынасын білдіреді:Darf ich fragen?

Сонымен қатар бұл модаль етістік болжау, бағдарлау мағынасында да қолданылады. Бұл жағдайда ол конъктивтің претеритум формасында тұрады: Es dürfte nicht leicht sein, ihn zu überzeugen.



Können –мүмкіндік, қабілет мағынасын білдіреді: ER kann schwimmen.

Mögen – болжау, бағдарлау мағынасын білдіреді: Ich möchte heute früher nach Hause gehen.

Müssen – қажеттілік мағынасын білдіреді (ішкі қажеттілігі бойынша): Ich muβ gut lernen.

Sollen – қажеттілік мағынасын білдіреді (басқа адамның ырқы бойынша): Der Arzt sagt, ich soll eine Woche im Bett bleiben.

Wollen – тілек, ынта, ниет мағынасын білдіреді: Er will Dich morgen besuchen.
2 Осы шақ (Präsens)

Етістіктердің Präsens-те жіктелу схемасы

1 Кесте - Әлсіз етістіктердің Präsens-те жіктелуі




Präsens Indikativ Aktiv

Person

Singular

Plural

1 Person

2 Person


3 Person

ich mach

du mach


er, sie, es mach

-e

-st
-t



wir mach

ihr mach


sie, Sie mach

-en

-t

-en


Түбірлері -d, -t, -m, -n-ге аяқталатын етістіктерің түбірі мен жіктік жалғауының арасына дауысты -е-қойылады. Түбірі -s-, -ss-, -β-, -z-ке біткен етістіктердің 2 және 3-жақ формалары бірдей болып келеді


2 Кесте - Түбірі -d, -t, -m, -n-ге аяқталатын әлсіз етістіктердің

Präsens-те жіктелуі




Präsens Indikativ Aktiv

Person

Singular

Plural

1 Person

2 Person


3 Person

ich arbeit

du arbeit

er, sie, es arbeit


-e

-e-st
-e-t



wir arbeit

ihr arbeit

sie, Sie arbeit


-en

-e-t


-en

3 Кесте -Түбірі -s-, -ss-, -β-, -z-ке бітетін әлсіз етістіктердің

Präsens-те жіктелуі


Präsens Indikativ Aktiv

Person

Singular

Plural

1 Person

2 Person


3 Person

ich lass

du läβ


er, sie, es läβ

-e

-t

-t



wir lass

ihr laβ


sie, Sie lass

-en

-t

-en


4 Кесте - Түбірінде a, au, o, u дауыстылары бар әлді етістіктердің Präsens-те жіктелуі




Präsens Indikativ Aktiv

Person

Singular

Plural

1 Person

2 Person


3 Person

ich lauf

du läuf


er, sie, es läuf

-e

-st


-t

wir lauf

ihr lauf


sie, Sie lauf

-en

-t

-en


5 Кесте - Түбірінде e (eh) дауыстылары бар әлді етістіктердің Präsens-те жіктелуі




Präsens Indikativ Aktiv

Person

Singular

Plural

1 Person

2 Person


3 Person

ich les

du lie


er, sie, es lies

-e

-st


-t

wir les

ihr les


sie, Sie les

-en

-t

-en


6 Кесте - Көмекші етістіктердің Präsens-те жіктелуі




Präsens Indikativ Aktiv

Person

Singular

Plural

1 Person

2 Person


3 Person

ich habe bin werde

du hast bist wirst

er

sie hat ist wird



es


wir haben sind werden

ihr habt seid werdet

sie

Sie haben sind werden




7 Кесте - Рефлексивті етістіктердің Präsens-те жіктелуі


Präsens Indikativ Aktiv

Person

Singular

Plural

1 Person

2 Person


3 Person

ich unterhalte mich

du unterhältst dich

er

sie unterhält sich



es


wir unterhalten uns

ihr unterhaltet euch

sie

Sie unterhalten sich



8 Кесте – Модалды етістіктердің Präsens-те жіктелуі




Präsens Indikativ Aktiv

Person

können

dürfen

müssen

sollen

wollen

mögen

wissen

ich

du


er

sie


es

wir


ihr

sie


Sie


kann

kannst
kann


können könnt können

darf

darfst
darf


dürfen

dürft


dürfen

muβ

muβt
muβ


müssen

müβt


müssen

soll

sollst
soll


sollen

sollt


sollen

will

willst
will


wollen

wollt


wollen

mag

magst
mag


mögen

mögt


mögen


weiβ

weiβt
weiβ


wissen

wiβt


wissen




2.1 Өткен шақ (Präteritum)
Präteritum неміс тілі грамматикасында етістіктің негізгі формасы , әрі өткен шақтың формасы ретінде қолданылады. Präteritum-да етістіктердің жіктелу тәртібі біркелкі болып келеді. Жекеше түрдің 1-і және 3-і жағында жалғау қабылданбайды да, 2-жағында -st жалғауы тұрады. Ал көпше түрдің жалғаулары Präsens-тікімен бірдей болады. Präteritum, әдетте әңгіме, романдарда өткен шақтағы оқиға мен процесті білдіру үшін қолданылады. Әлсіз етістіктер Präteritum-де етістіктің түбірі +–te жұрнағы + жіктік жалғаудың жалғануымен жасалынады. Мысалы: untersuchen – untersuchte.

Көңіл аударыңыз! Егер етістіктің түбірі -d, -t, -chn, -dm, -tm, -gn, -ffn –ге аяқталса, онда жұрнаққа –e қосылады. Мысалы: warten-wartete, öffnen-öffnete. Әлді етістіктер Präteritum-де былайша жасалынады: етістіктің түбірі + түбірдегі дауысты дыбыстың өзгеруі + жіктік жалғау: fahren –fuhr; lesen-las; finden-fand.

Präteritum-де әлді және әлсіз етістіктер 1-і және 3-і жақтаң жекеше түрінде жіктік жалғау қабылдамайды.

9 Кесте – Әлді және әлсіз етістіктердің Präteritum-де жіктелуі




Präteritum Indikativ Aktiv

Person

leben

geben

ich

du


er

sie


es

wir


ihr

sie


Sie


leb

leb


leb
leb

leb


leb

leb


-te

-test
-te


-ten

-tet


-ten

gab

gab
gab


gab

gab


gab

-st

-en

-t

-en


10 Кесте – Модаль етістіктердің Präteritum-де жіктелуі




Präteritum Indikativ Aktiv

Person

können

dürfen

Müssen

sollen

wollen

mögen

ich

du


er

sie


es

wir


ihr

sie


Sie


konnte

konntest
konnte


konnten konntet konnten

durfe

durftest
durfte


durften

durfte


durften

musste

musstest
musste


mussten

musstet


mussten

sollte

solltest
sollte


sollten

solltet


sollten

wollte

wolltest
wollte


wollten

wolltet


wollten

mochte

mochtest
mochte


mochten

mochtet


mochten


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет