Д ипломж ұ м ы с ы тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,73 Mb.
#6867
1   2   3

Уа, Горький, халық ырысы- күнді сүйдің (Жамбыл).

Қартпа сөзбен қатар келген о деген одағайдан кейін де үтір қойылады:

О, күн-ау, төге түсші сәулеңді сен (Жамбыл).

Қаратпамен қоса айтылған шылулар да күрделі қаратпа сөздің құқрамына енеді де, екеуінің арасына дефис қойылады:

Жеңеше-ау, Абай ағамның мысқылына ажалды кісі тап болсын да.

Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріппен жазылады:

Тоғжан! Япрмай, жақсы айттыңыз-ау! (М. Әуезов).

Қаратпа сөз сияқты, бірақ нақты біреуге арналып айтылмаған, жалпылық-белгісіздік немесе одағайлық мағынасы бар сөздер сөйлем ішінде үтірмен бөлінеді. Олар да күрделі, шылаулы болып келе береді:

Менің айқаным да, естігенімде де осы ғана емес пе еді, сығыр-ау!


Қыстырма сөздің тыныс белгілері

Қыстырма сөздер (жалаң және күрделі) сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді. Қыстырма сөз сөйлемнің сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін, ортасында келсе, екі жағынан , соңында келсе , алдынан қойылады:

Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған (М.Әуезов).

Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері көбінесе мыналар:

а) Автордың түрліше сезімін: қуанышын, қайғырғанын, өкінішін, сенімін, күмәндануын т.б. білдіретін сөздер: амал қанша, несін айтасың, бәсе, әрине, рас, сірә, тегі т.б.

Дүниеде сірә, сендей маған жар жоқ (Абай).

ә) Айтылған ойдың кімнің тарапынан шыққанын білдіретін сөздер:....айтуынша,....айтқандай, жұрт айтқандай, меніңше, менің байқауымша , менің аңғаруымша ,.... айтқандай, жұрт айтқандай, меніңше, менің байқауымша, менің аңғаруымша, ұмытпасам т.б. Мысалдар: Менің аңғаруымша, сіз тарихқа көп ат салысқан сияқтысыз. (М.Әуезов).

б) Ойдың желісін, ретін (бастамасын, түйінін) білдіретін сөздер: біріншіден, екіншіден,....әуелі, алдымен, демек, сөйтіп, қысқасы, сайып келгенде т.б. Мысалдар:

Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз...

Не, немесе, қалай, ендеше, осы сияқты сөздер де сөйлем мұшесі болмай, айтушының(автордың) белгілі бір сезіміне байланысты қолданылғанда , қыстырма сөз ретінде үтірмен бөлінеді. Мысалы:

Не, бәрің осы баланы мүйіздей бересіңдер? (Ғ.Сыланов).

Сөйлемдегі сөздермен синтакистік байланысы жоқ қыстырма сөйлемдер көбінесе үтірмен бөлінеді:

Ұмытып барады екем, жуырда елінен Әміржан келіп қалды. (С. Мұқанов).

Сөйлемдегі негізгі ойды, не бір сөзді айқындау, дәлелдеу, түсіндіру үшін қолданылған қыстырма сөйлемдер не сөз тіркестері екі жағынан жақшаға алынады (бірінші сөзі жалпы есім болса, кіші әріппен жазылады):

Бірақ менімен Раушанның (Рауза деп бірге оқитын жолдастары атап кеткен көрінеді ) оқысында үлкен айырма бар екенін сезгендеймін

(М. Иманжанов).

Оңашаланған мүшемен келетін мысалы, айталық, шынында сияқты қыстырма сөзден кейін үтір қойылмайды.

Көктемде жыл құстарының алды, мысалы қаз бен үйрек, келе бастайды. Географиялық атаулар айталық, тау аттары, бас әріппен жазылады.



Мағынасы жағынан қыстырма сөздерге ұқсас келетін, дауыс кідірісімен айтылатын мынадай сөдер сөйлемнің басында не жай сөйлем ішінде үтір арқылы бөлінбейді: ал, тіпті, дегенмен, алайда, бірақ, сонымен қатар, сондай-ақ, әсіресе, тек. Мысалдар:

Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашрқыға қызығушылар көп болатын.

Сөйлем мүшелерімен синтакиситік байланысы жоқ, өз алдына жеке сөйлем сияқты қыстырма конструкциялардың да екі жағынан үтір қойылады. Ол конструкциялар көбінесе қасында, ішінде, басы.... болып деген тәрізді сөздердің қатысуымен жасалады, оларды алып тастағаннан сөйлем мағынасы ойсырамайды. Мысалы:

Бір топ адам, басы Жомарт болып, егінге қарай беттеді. Газиктің рулін өзі ұстап, қасында Жақып бар, Жомарт келеді.

(Ғ. Мұстафин).

Жақшаға алынған қыстырма сөзді не сөйлемдерді енгізген кім екенін білдіру үшін редакция деген сөз немесе автордың әріптерден қыстырылып көрсетілген аты-жөні (инициалы) қойылады. Ондайда қыстырмадан кейін нүкте мен сызықша қойлып , автордың қысқартылған аты-жөні немесе редакция деген сөз бас әріппен жазылады да, жақша жабылады:

Шоқан Уәлиханов Қашқарда қалай тұруы туралы былай дейді: "Қашқардың және Алты шаһардың ғұрпы бойынша, шет мемлекетпен бұл елге келгендер үйленуге міндетті, (Кейін анықтасам, бұл әдет мұсылмандар үшін ғана екен. С.М.). Кіші Бұхара (ҚашқарияС.М.) имам Ханифке (мұсылмандар дүниесіндегі төрт мәзһәптің, орысша сектаның біреуі. – С.М.) бағынғанмен, ... бұл арада уақытша үйлену толық күшінде екен". Бұл мысалдардағы С.М. дегендер – Сәбит Мұқановтың инициалы.

Одағайлардың тыныс белгілері

Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді де, үтірмен бөлінеді. Мысалы: Е, Ойке апаны білмеуші ме ең? Өй, Жиренше, жаңағы осы Қодар кім? (М.Әуезов). Тәй, қылжақты қоя тұр (С.Мұқанов). Апырау, сіздің ауыл Майқұдыққа қонбаушы еді ғой? (Ғ.Мүсірепов).

Егер одағайлар сөйлем ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады, соңында тұрса, үтір одан бұрын қойылады: Мысалы:

Жүрегім, ойбай соқпа енді...



Бүгінгі дос – ертең жау,

Мен қылдым, япырмау?! (Абай)

О деген одағайдан кейін үтір қойылады: О, жауыз Қодар! О, шіркін, шіркін! (Ғ.Мүсірепов).

Одағай сөйлемнің басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріптен басталады: Мысалы: Пәлей! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен нені айттым!? (М.Әуезов). Еhe! Сен өзің біздің қақпанға бұрын да түскен кәрі қасқыр екенсің ғой (А.С.Пушкин).

Одағай тәріздес бәсе, жә, қош, қой, құп (болады), жай, бәлем, жарайды (осы мағынадағы жақсы), мақұл, болды, дұрыс, бәрекелді сияқты сөздер сөйлем ішінде жұмсалған орны мен мағынасы қарай оқшауланып келсе, өзге сөздерден үтірмен бөлінеді. Мысалдар: Қой, не де болса қалмайық енді. Жә, тоқтат, ақсақал! Бәсе, Белқара ғой... Бәлем, Бөжей де осыны сезген болар (М.Әуезов).

Иә, (я), жоқ, мә, мәңіз сөздері де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: Мысалы: Ақтағаны ма? Жоқ, жай шошығаны ма? Иә, етін ыстық, ауырған жерің бар ма? (М.Әуезов).

Одағайлар көбінесе қаратпа сөзбен қатар қойылады:



Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда (С.Сейфуллин). Пай-пай, бала-ай, сабырың-ақ соңымнан қалмады-ау (Ғ.Мұстафин). Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің (Абай).

Ә деген одағай мен ә дегенше, ә дегенмен тіркестерін, әй, әу деген одағайлар мен әй (ай) дер ажа, әудем жер деген сияқты тіркестерді (олардағы ә, әй, әу деген форматтары) шатастырмау керек: тіркес құрамындағы ә, әй, әу дегендер өзінен кейінгі сөзден үтірмен бөлінбейді:

Ә дегенше жетіп келді. Оның даусы әудем жерге естіліп тұрды. Мен оны ә дегеннен тани кеттім.

Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері.

Оңашаланған айқындауыш мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен көбінесе үтірмен бөлінеді. Мысалы: Абай былтыр бақырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есенбайдан, кеткен болатын. Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан (М.Әуезов).

Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:

а) Өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі:



Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласын, Нұржан мен Нұрланды, жұрт көп мақтайды. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов).

ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда, «әсіресе» деген мағынадағы көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермен басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлелдеп түрса оңашаланған мүше болады. Үтір тұтас тіркестің екі жағынан қойылады:



Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі. Реакцияға түскен заттардың салмағына әрдайым тең болады; бұл заңды заттар сақталу заңы, немесе Ломонов заңы, деп атайды.

Қарамастан, қоспағанда, есептемегенде деген сөздерге аяқталатын тіркестер де үтірмен бөлінеді:

Аяғының ауырғанына қарамастан, ол шапшаң жүріп отырды. Кешігіп қалған екеуді қоспағанда, жорыққа аттанатын шаңғышылар саны он алты. Жорыққа аттанатын шаңғышылар саны, кешігіп қалған екеуді қоспағанда, он алты.

Оңашаланған мүше инверсияланып (әдеттегі орны ауысып) келуі мүмкін, ол күнде де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: Мұқанның баласы ғой, менің былтыр өлген ағамның (С.Мұқанов). Бұл сөйлемнің әдеттегі орын тәртібі: Мұқанның, менің былтыр өлген ағамның, баласы ғой болу керек.

Оңашаланған айқындауыш мүше өзінің алдындағы айқындайтын сөзімен септік, тәуелдік жалғаулары жағынан қиыспай тұрса, яғни айқындалушы сөз атау тұлғада келсе, араларына сызықша қойлады да, айқындауыштан кейін ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: Күлкіні иесі – қызды біз енді жақсылап көрдік (С.Ерубаев). Осы сөйлемдегі айқындауыш пен айқындалушы сөздер бірдей тұлғада (екеуі де табыс септікте) берілсе, тыныс белгісі басқаша қойылады: Күлкінің иесі – қызды біз енді жақсылап көрдік (С.Ерубаев). Осы сөйлемдегі айқындауыш пен айқындалушы сөздер бірдей тұлғада (екеуі де табыс септікте) берілсе, тыныс белгісі басқаша қойылады: Күлкінің иесін, қызды, біз енді жақсылап көрдік.

Ал айқындалатын сөзімен морфологиялық тұлға жағынан қиыспай (бірдей болмай) тұрса, не екеуі де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен болған айқындауыш ешқандай тыныс белгісімен ажыратылмайды: Менің інім Марат биыл мектеп бітіреді. Оның бұл тұрған қалпын ағасы Балтабектің әйелі Айбаладан басқа ешкім көрген жоқ (С.Мұқанов). Шойын кеуделі, аю жоталы... қара кісі Игілік би паң да, тәкәппәр да емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдердегі Марат, Балтабай, Игілік би, Айбала деген жалқы есімдер өздерінен бұрынғы інім, ағасы, қара кісі, әйелі деген сөздерді дәлдеп атап айтып айқындарп тұр.


Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш

сөздердің тыныс белгілері

Тыныс белгілерден қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерде үш топқа бөліп қарауға болады: а) араларында жалғаулық жоқ бірыңғай мүшелер, араларында жалғаулық бар бірыңғай мүшелер және б) жалпылауыш сөзбен қатар келетін бірыңғай мүшелер.

Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады. Бірыңғай мүшелердің санынан үтір санының біреуі кем болады.

Әр ел тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең, Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші сияқты асу-асуларға қарай беттеді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын (М.Әуезов).

Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің мүшелердің аралығына үтір қойылады: Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті, қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқан қысқа қара жирен сақалды, таңқита басқан сирек мұртты, домалақтау мұрынды, қоңыр өңді кісі еді (С.Мұқанов).

Жайылма (күрделі) бірыңғай мүшелердің әрқайсысының (немесе бірқатарының) өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелердің жігіне нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Қала деген аты ғана болмаса, Н... қаласы екі қабат үлкен үйлер көшелерінде ғана бірен-саран кездесетін; өзге үйлерінің көбі бір қабат қана қарағай үйлер болатын; шет жақтарында ағаш үйден шым үй көп кездесетін; азғана жаңбыр себелеп өтсе, көшелерінен адам батпақтап жүре алмайтын; бірақ етек жеңі мол; таусымақтау жерге жалпая салынған; Сібірде көп кездесетін үлкен бір деревня еді (С.Мұқанов). т.б.
1.4. Пунктуацияны бастауыш сыныпта оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту әдістемесі қарастырады.

Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытудың мақсаты – оқушылардың пунктуациялық саутаттылығын, жазуда, тыныс белгісін дұрыс қою іскерлігін қалыптастыру. Сауаттылық екі түрлі болады: толық және біршама сауаттылық. Толық сауаттылық – пунктуациялық норманы толық игеру, ал біршама сауаттылық – пунктуациялық ережелердің белгілі бір бөлігін игеру. Бастауыш сыныпта біршама сауаттылық қалыптасты. Біршама сауаттылық деңгейін оқылатын пунктуациялық ережелердің саны мен бағалау нормасының талабы айқындайды. Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытуда: танымдық және практикалық мақсат қойылады.



Танымдық мақсат. Пунктуациялық норманы меңгеру үшін пунктуациялық іскерлікті қалыптастыратын пунктуациялық білім қажет. Атап айтқанда:

- пунктуациялық, тыныс белгісінің қызметін ашу;

- пунктуацияның негізгі единицасымен таныстыру;

- тыныс белгілерінің қойылу себептерін білу;

- бағдарламадағы пунктуациялық ережелерді меңгеру.

Практикалық мақсат:

- оқушылардың пунктуациялық қырағылығын дамыту;

- оқылған ережелерге сай белгілерін қоя білуге үйрету;

- тыныс белгісін қойып, оны дәлелдеу;

- тыныс белгісінен кеткен қатені тауып, оны түзетуге үйрету.

Пунктуация: логикалық, синтаксистік және интонациялық принциптерді басшылыққа алады. Қазіргі пунктуация негізінен семантика-грамматикалық принципке негізделеді. Бұның компоненттері – сөйлемнің мағынасы мен грамматикалық құрылысы (А.Әбілқаев).

Жеке әдістемелік принципке: пунктуацияны синтаксистік құрылымы болады. Құрылымына қарай бір сөзді (қаратпа, қыстырма сөздердің тыныс белгісі: Кел, балалар, оқылық), сөз тіркесі және сөйлем, текст ыңғайында келеді. Тыныс белгісін қоюда мағыналық бөлшектің морфологиялық (одағай, шылау) синтаксистік (үш құрамды, сөйлемдер, қаратпа, қыстырма, бірыңғаймүше т.б.) дыбыстың, интонациялық, мағыналық ерекшелігі (себеп, қарама-қарсылық) болады.

Тыныс белгісі бір ережеге сай қойылады. Әрбір пунктуациялық ережеге тыныс белгісімен бөлінетін мағыналы бөлшек сай келеді. Тыныс белгісін қоюда позитивті және негативті жағдайлар болады. Мысалы: бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылу керек (позитив) егер олар шылаулармен (және) байланысса, (негатив) қойылмайды. Пунктуациялық ұғымдарға: тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қызметі, пунктуациялық-мағыналық бөлшек, тыныс белгісін қоюдағы белгілер, пунктуациялық норма, пунктуациялық қате жатады.

Пунктуациялық норма - ережеге байланысты тыныс белгісін қою және қажет болмаса қоймау. Асан оқушы. Сызықшаның қойылуы пунктуациялық норма, егер қойылмаса нормадан ауытқу.

Тыныс белгісі – жазуда қолданылатын графикалық тәсіл.

Пунктуациялық қырағылық – сөйлемнен тыныс белгіні қажет ететін мағыналық бөлшекті таба білу: Ол үшін жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Пунктуациялық қате тыныс белгісінің дұрыс қойылмауы.

Бастауыш сыныпта пунктуациялық іскерліктің мынадай түрлері қалыптасуы қажет:

- коммуникативтік единицаны, мағыналық бөлшекті, (тыныс белгісін керек ететін) таба білу;

- өтілген ережеге сай тыныс белгісін қоя білу;

- тыныс белгісінің қойылу себебін дәлелдей алу,

- лепті сөйлемді жай сөйлемнен бөле алу;

- интонацияның түрін ажытара білу;

- автор сөзін басқа біреудің сөзінен ажырата білу;

- пунктуациялық талдау жасай білу;

Пунктуацияны оқытуда бастауыш сыныпта негізінен мұғалімнің сөзі, әңгіме, бақылау, талдау, оқушылардың өз бетімен жұмысы, салыстыру, ауыстыру, пунктуациялық талдау, т.б. әдіс, тәсілдер қолданылады. Пунктуациялық талдау толық (сөйлемдегі барлық тыныс белгісіне тоқталу), не ішінара (бір ғана тыныс белгіге тоқталу) жүргізілуі мүмкін.

Пунктуациялық талдауда:

- тыныс белгісі аталады, қызметі айқындалады;

- мағыналық бөлшек оқылады, тыныс белгісі қойылады.

Пунктуациялық іскерлікті қалыптастыруда орындалатын жаттығудың маңызы зор. Жаттығуларға: көшіріп жазу (тыныс белгісін қойып), диктант (белгілі бір тыныс белгісіне қарай) схема арқылы сөйлем құрау, тыныс белгісін қою (құрмалас сөйлемдер құрау) творчестволық жұмыс (мазмұндама, шығарма жаздырту, тыныс белгісінқойдыру, себебін айтқызу, мәнерлеп оқыту, интонациясын дұрыс қойып оқу), техникалық құралдарды пайдалану (эпидиаскоп арқылы сөйлемді тақтаға түсіріп, оқушыларға тыныс белгісін қойдырту) т.б. жатады.

Бастауыш сынып тәжірибесінде пунктуациялық қатенің үш түрі кездеседі:

1) тыныс белгісін қоймай кету; 2) тыныс белгісін артық қою; 3) тыныс белгісінің қайсысын қоюды білмеу;

Оның себептері:

- пунктуациялық нормасын білмеу;

- мағыналық бөлшектің белгілерін білмеу;

- сөйлемге синтаксистік талдау жасай алмау;

- тыныс белгісінің қызметін білмеу; т.б.

Тыныс белгісінен кеткен қатені есепке алу. Оқушының дәптері тексеріліп, қате кеткен жердің асты сызылады, дәптердің шетіне белгісі қойылады. Оны не мұғалім түзетеді (егер өтілмеген ережеге байланысты болса), немесе, оқушы өзі ізденіп түзетеді. Тыныс белгісінен жіберілген қатені есепке алу мұғалімнің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мұғалім жалпы сыныпқа тән қателерді бір бөлек, жеке оқушының қатесін бір бөлек тізеді.

Пунктуациялық қатемен жұмысты мұғалім алдын-ала жоспарлайды. Ол мынандай элементтерде тұруы мүмкін: дәптерді тексеру, есепке алу қағазын толтыру сабақ жоспарын жасау. Сабақтың мақсаты – тексерілген жұмыстың (бақылау диктанты, тіл дамыту жұмысы, т.б.) сипатына байланысты болады. Осыған орай пунктуациялық қатемен жұмысты жүргізу әдістемесінің 3 түрі болады:

1) жаттығу орындаудан кеткен қателермен жұмыс;

2) бақылау диктантынан кеткен қателермен жұмыс;

3) мазмұндама, шығарма жұмыстарынан кеткен қателермен жұмыс.

Сонымен, қорыта айтқанда, пунктуация – сөйлемді және мәтінді коммуникативтік единицаларды жазуда мағыналық бөліктерге бөлудің графикалық тәсілі. Осыған орай пунктуациялық норманы теориялық тұрғыдан меңгерудің маңызы зор. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу – сауаттылықты арттырады, әрі синтаксисті жете меңгеруге көмектеседі. Тіліміздегі сөздер синтаксистік қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол байланыстарды мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері, тыныс белгілерін «оқудың нотасы» дейтін себебіміз де сондықтан. Олай болса, әрбір тыныс белгісі – сөйлемнің мағынасын айқындаушы көрсеткіш.

2-тарау. Ж.Аймауытовтың кешендi(комплекстi) оқыту бағдарламасында бастауыш сыныпта тыныс белгілерін оқыту жөнiндегi ой-пiкiрлерi
Елiмiз тәуелсiздiк алып, егемендi мемлекет болғалы, бұрын мансұқталып, беттерi бүркелiп келген әдеби-мәдени мұралар мен туған халқының мүддесi үшiн күрескен тұлғалар есiмi халқымен қайта қауышты. Сондай тұлғалардың бiрi - қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерi Жүсiпбек Аймауытов. Ж.Аймауытов шығармашылығы оның тек жазушылығымен ғана шектелмейдi. Сонымен қатар ол өз халқын оқытып, бiлiм беруде тер төккен көрнектi педагог, ағартушы және туған халқының мұң-мұқтажын жоқтап, сол кездегi қазақ басылымдарына үздiксiз қалам тербеген көрнектi публицист.

Ж.Аймауытовтың ағартушылық еңбегiн танытатын ”Комплекспен оқыту жолдары” атты кiтабы 1929 жылы ”Қазақ” баспасынан жарық көрген. Өзi айтқандай,”Мұғалiмдерге, қайталама курстарға, тәрбие техникумдарына көмекшi құрал” ретiнде жазылған еңбектi Ж.Аймауытовтың қазақ ағартушылық iлiмiне, этнопедагогикасына қосылған үлкен үлес деп бағалауымыз керек. Олай дейтiн себебiмiз, сол уақыттарда кеңестiк идеологияның әлi де қалыптасып үлгермеген бiлiм беру жүйесiне, оқыту әдiстерiне үлгi боларлық бұл дүние, шындығында, қазақтың ұлттық мектептерiнiң зор мұқтаждығынан туған едi. Бұл туралы жазушы кiтаптың кiрiспесiнде былай деп жазады: “Төңкерiстен берi ”пән жүйесi деген жүйе қопақтап, оның орнына мектеп төрiнен орын алды. Алса да ауыл мұғалiмдерi бұл жолға түсе алмай жатқан сияқты. Программ, комплекс жайынан журнал жүзiндегi там-тұм мақалалардан да басқа, тәртiппен тiзiлген мұғалiмге жетекшi болғандай қазақ тiлiнде бiр де бiр кiтапша басылған жоқ.

Бұдан байқағанымыздай, Ж.Аймауытовтың бұл еңбегi сол кездегi қазақ даласындағы оқу-ағарту iсiне қосылған iрi жаңалық болып саналады. Өйткенi автор аталған кiтапты педтехникумда оқытқан сабақтарының желiсi, жүргiзген тәжiрибесi негiзiнде, сондай-ақ бағдарлама, комплекс жайында сол кездегi орыс тiлiнде жарық көрген материалдарға сүйене отырып, оны қазақтың тұрмыстық-әлеуметтiк жағдайына бейiмдей қолдануды тұңғыш рет ұсынушы.

Ж.Аймауытов ұсынған бұл жүйе өз заманы үшiн ғана қызмет етiп қойған жоқ. Оның өмiршеңдiгi сонда – ол сол кезеңде де, одан кейiн кеңестiк бiлiм беру жүйесiнде де, тiптi оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, инновациялық әдiстердi кең қолдануға бағытталған бүгiнгi күнде де өз маңызын жоймай отыр. Себебі ғалым ұсынған кешендi оқыту мәселесiнiң бастауыш сыныптардағы “Қазақ тiлiн” оқытуға байланысты еңбектерде көрiнiс табуы, оның iргелi ой-пiкiрлерiн саралап, бүгінде әдіскер-мұғалімдердің өз тәжірибелерінде пайдалануы , бастауыш сынып оқушыларына мектептегi “Қазақ тiлi” оқулығы негiзiнде кешендi оқыту жүйесiн қолдануда тыныс белгілерін үйрету жолдарын көрсету жаңа педагогикалық ой-тұжырымдарға негіз болады.

Көрнектi жазушы, пеагог Ж.Аймауытов кешен жүйесiн ұсынуда, алдымен, бұл сөздiң өзiнiң бiлдiретiн мәнiн, оның пән жүйесiнен артықшылығын ажыратудан бастайды: «Өмiрдегi құбылыстарды, нәрселердi бiр тақырыптың, бiр пiкiрдiң төңiрегiнде жинап, қосып, түйдектеп, бiрiктiрiп оқытуды комплекс(кешен) дейдi. Одан әрi дәлелдеп айтқанда:

Өмiрде шын жолығатын нәрселердi, құбылыстарды байланыстырып, ол құбылысқан, iлiктескен, бiр-бiрiне әсер еткен қалпында араларындағы қатынасын зерттеудi комплекс дейдi. Комплекстiң бiрде-бiр мәнiсi “түйдек”, ”жуымық”, ”топ” деген сөздерге тура келедi,- дей келiп, бұл сөздiң мәнiн автор одан әрi қазақ халқының салт-дәстүрiнде кездесетiн құдалық кезiндегi “тоғыз беру” салтымен байланыстыра түсiндiредi. Бұл жерде педагогтың аталған сөздiң мәнiн түсiндiруде қарапайым ауыл мұғалiмiне түсiндiру мақсаты ап-айқын көрiнедi. Комплекс iшiнде бас тақырып болатынын оны ат, не жамбы, не құндыз бастаған топқа теңеп, ал сол комплекс жүйесiне енетiн кiшi тақырыпшаларды “тоғыздың” құрамына енетiн шапан, орамал-шаршы секiлдi бұйымдарға теңейдi.

Кешендi оқытуды анықтауға қатысты автордың тағы бiр айырықша мән берген мәселесi - оның не жүйеге, не әдiске жатқызу жөнiндегi көзқарастарды саралау. Бұл жөнiнде автор: ”Орыс бiлiмпаздарының кейбiрi комплекс “әдiс”, кейбiрi –“жүйе” деп жүр.(әдiс метод, жүйе система). “Әдiс” деп алу керек деушiлердiң дәлелi, комплекспен оқытқанда, құбылыстар бiр-бiрiмен байланысқан, пайда болған, дамыған, еңбек шаруаға негiзделген түйдек түрiнде зерттеледi.Ғылымда мәселенi бұлайша зерттеудi “диалектiлiк әдiс” деп атайды. Бұл Гегельдiң, Маркстiң қолданған әдiсi, сондықтан комплекс әдiсi деп атау керек- дейдi.

“Жүйенi ” жақтаушылардың дәлелi: төңкерiстен бұрын мектепте әр пән бөлек-бөлек оқытылатын. Пәндердi бiр-бiрiмен араластырмау, бөлек оқыту тәртiбiн “пән жүйесi” деп атайтын. Комплекспен оқытқанда, бөлек-бөлек оқылатын пәндер (жағрафия, жаратылыс, тарих, ана тiлi, есеп, физика) болмайды, бәрi бiрiгiп, түйдектелiп отырады. Ендеше комплекс “пән жүйесi” деген ұғымға төтеп бергендей, соның орнына жүргендей ағым екекн. Сондықтан пән жүйесi деген сөзге қарсы қоюға, “комплекс жүйесi”деп атау керек дейдi.

Оған қосымша, әдiс деген сөзге қарсы тағы бiр айтатыны: “әдiс”деген сөз көп жерде қолданылады,”әдiстiң” мәнi ұсақ, тар. Ана тiлiнiң әдiсi, есеп әдiсi,еңбек әдiсi, тәжiрибе әдiсi, серуен әдiсi, зерттеу әдiсi … деген сияқты толып жатқан әдiстер бар. Комплекстiң мәнiсi бұл әдiстердiң барлығынан кең, бәрiнен терең. Әлгi айтылған әдiстер комплекстiң балалары секiлдi. Комплекстi “әдiс” десек, балалларының атын әкесiне қойған сияқты боламыз. “Жүйе” деген кең мәндi сөз. Сондықтан жүйе деу керек деседi,”- дей келiп, автор бұл әшейiн даукестiк, сөз қуғанның iсi емес, әр сөздiң мән-мағынасына ерекше мән беру керектiгiн айтады. Сөйтiп, жоғарыда келтiрiлген пiкiрлердi саралау негiзiнде комплекс жүйесi не жай ғана комплекспен оқыту дегендi ұсынады.



Ж.Аймауытов аталған жүйенi ұсына салмай, оның пән жүйесiнен артықшылығын көрсетуге тырысады:

А) Пән жүйесiмен оқытқанда пәндер жеке-жеке өз жолымен жүретiн, бiрiнiң арбасына бiрi соқтықпайтын, ең ұқсатқанда аз-маз жарыса үзеңгi қағыса оқылатын.

Комплекс жүйесiмен оқытқанда, пәндер бiрiгiп, бiр жолмен, бiр арнамен ағып, айқасып, араласып оқылады.

ә) Пән жүйесiнде мұғалiмдер әрқайсысы өз пәнiн оқытып, өзгеге бұрылмайтын,жазаласа, бiрiнiң сабағына екiншiсi қайшы келiп, бiрiнiкiн бiрi өтiрiк қып отыратын, әсiресе дiн молдасы мен пән молдасы шартпа шұрт түсе беретiн.

Комплекс жүйесiнде мұғалiмдер арасында ала ауыздық болмайды, дiн молдасы мектептiң қарасын көрмейдi. Молда балаға икемденедi: баланың сұрауын, қызық көргенiн есепке алып, баланың өзiне тапқызады, iстеуге тырысады.

б) Пән жүйесiнде өмiрдi, құбылысты қолма-қол зерттеу деген жоқ, барлық бiлiм кiтапта болатын, бiлiмдi тәжiрибе арқылы баланың өз көзi жетiп таппайтын, мұғалмнiң сөзiне сенетiн, оқу заманнан аулақ қалатын.

Комплексте бала өмiрдi, құбылысты бақылайды, зерттейдi, тәжiрибе қылады, оқуды заманға тiреп, заманмен байланыстырып оқиды.

в) Пәндердi бөлшектеп оқыту баланың жан жүйесiне қарсы. Бала нәрсенi тұтас түрiнде, iске пайдалы жағын қарап, ұғып бiледi, бөлшегiн, тарауын, қимылын елемейдi.

Комплекс тұтас, түйдек түрде ұқтырады, баланың жан жүйесiне тура.

г) Пән жүйесiнде сағат сайын пәндер алмасып,ауысып отыратын да, баланың ынтасын бiрде- бiрiне тұрақтатпай, алаң қылатын.

Комплексте сабақ үздiксiз бiрiнен-бiрi туып, бiрiне-бiрi жалғасып отырады, бiр сағатта бiтпеген нәрсе екiншi сағатта зерттеледi. Тыныс деген сабақтың арасын жiктеу үшiн емес, дем алу үшiн, бой көтеру үшiн iстеледi. Баланы бiрден-бiрге алаңдатпайды.

Комплексте керексiз көп материалдар шағындалады, сұрыпталады, тек жаратылысқа, қоғамға қатынасы бар, өмiрге керектiлерi алынады,- дейдi автор.

Бұл мәселеге қатысты біз бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйреткен кезде мына жайттарды ескеруiмiз керек. Бұл комплекс әдiсi Ж.Аймауытов өмiр сүрген жалпы қазақ балаларының сауатын ашу, оларды қоғамдық құрылыстың қиын кезеңiнде оқуға, бiлiмге үйрету мiндетi басты мақсат болып тұрған кезде халықтың жалпы мұқтаждығын қанағаттандырды. Ол кезде мектеп жасындағы балалар, бiр жағынан, оқып-бiлiм алса, екiншi жағынан, ата-анасына, жаңадан құрылып жатқан колхоз, серiктестiктердiң жұмысына көмектесу мiндетi де тұрды. Сондықтан оқытудың комплекстi жүйесi сол кезең үшiн өте тиiмдi және пән жүйесiнен, автор көрсеткенiндей, артықшылықтары да бар едi.

Ал бүгiнгiдей ғылыми-техникалық өркениетке қол жетiп, ақпараттар ағымы молайған заманда әр ғылым саласынан алынатын бiлiм көлемiне қойылатын талаптар да өзгердi. Сондықтан кеңес үкiметiнiң алғашқы жылдарнан бастап-ақ пәндiк жүйенi енгiзу, оның артықшылықтары ескерiлiп , iс жүзiнде қолданыла бастады. Ал Ж.Аймауытов ұсынған бұл әдiс мүлде ескiрiп, қоғам қажетiне жарамай қалды деген пiкiр түюге бола ма? Жоқ. Ж.Аймауытовтың бұл кешендi оқыту (комплекс) жүйесi қазiргi бастауыш сыныпта айқын қолданылады. Пәндердi бiрiктiрiп оқыту әдiсiнiң тиiмдiлiгi бар екендiгi дәлелденiп, қазiр 1- сыныптағы қазақ тiлi мен ана тiлi пәндерi бiрiктiрiлiп “Атамұра” баспасынан шығарылған бiр оқулықпен оқытылады. Сондай-ақ 2,3,4-сыныптар мен орта және жоғарғы сыныптардағы қазақ тiлi пәнiн оқытуда да комплекстi //кешендi оқытудың өзiндiк жолдары қарастырылған. Олар - оқулықтар, оқу бағдарламалары, әдiстемелiк нұсқаулар мен дидактикалық материалдарда үйлесiм табатын бiр пәннiң iшiнде әрi бiлiмдiк, әрi тәрбиелiк мән берерлiктей, сондай-ақ қазақ тiлi пәнiн басқа пәндермен байланыстыра оқыту мәселесi.

Жалпы алғанда, бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету әдістемесінде Ж.Аймауытовтың жасаған кешенді оқыту әдістемесінің маңызы өте зор екндігін бүгінгі жаңа педагогикалық технологиялар үрдісі де дәлелдейді.


Қорытынды

Қорыта келе айтарымыз: пунктуация - жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория. Сол себепті де бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі сабағын жүргізу барысында тыныс белгілерін оқытуға кеңірек көңіл бөлген дұрыс. Мұнда, ең алдымен, тыныс белгілерінің қолданылу орнына оқушылар назарын баса аударған дұрыс деп есептейміз. Өйткені, қолдану орны жағынан алғанда,тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунктуация да сөйлеуге, сөйлемге, яғни синтаксиске, байланысты қолданылатын категория болып табылады.

Пунктуация бастауыш сынып оқушыларына жазылған мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп оқуға мүмкіндік жасайды. «Пунктуацияның негізгі қызметі – сөйлемді жазуда ойды беруге қатысты бөліктерге бөлуді нұсқау», - деген белгілі орыс ғалымы С.И.Абакумовтың пікірін орынды деп санаймыз. Яғни пунктуация тілдің басқа элементтері сияқты жазуда ойды дұрыс беруге қызмет етеді. Пунктуацияны игеру – адамның сауаттылық мәдениетін арттырады. Бастауыш сынып оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту оқыту әдістемесі қарастырады.

Пунктуация – адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқаратын жазу тілінің маңызды бір саласы. Сондықтан жалпы тіл, қала берді жазу тілі сияқты, пунктуация да жалпы халықтық болып табылады. Оны қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы халық таныған заң, ережелер басшылыққа алынуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, пунктуацияның әрбір белгісінің мәнін, атқаратын қызметтері мен қолданылатын орындарын тануда, білуде жазушылар мен оқушылар арасында бірлік болмаған жағдайда, тыныс белгілері өзінің қатынас құралы қызметін атқара алмайды. Егер ол жазу практикасында орныққан, көпшілікке танылған заң, ережелерге сай болмай, теріс қолданылса, оқуды, түсінуді жеңілдету былай тұрсын, қайта оны қиындатады, теріс ұғымның, теріс түсініктің тууына себепші болады. Мұнда бастауыш сынып оқушыларының жазғанды, айтқан ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн. Өйткені, сөздерді дұрыс орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасақ, айтайын деген ойың теріс беріледі.

Сөз соңында белгілі түрколог, қазақ тілінің қайнар көздерін зерттеуші В.Радловтың мына пікірін келтіре кеткенді жөн көрдік: «Тілді үйренудің маңызы зор. Барлық ғылымды тіл арқылы, әсіресе ... ана тілі арқылы үйренеді. Тіл жағынан білімі неғұрлым терең болса, басқа пәндерді меңгеру сондайлық жеңілденеді».

Сонымен, қорыта айтқанда, пунктуация – сөйлемді және мәтінді коммуникативтік единицаларды жазуда мағыналық бөліктерге бөлудің графикалық тәсілі. Осыған орай пунктуациялық норманы теориялық тұрғыдан меңгерудің маңызы зор. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу – сауаттылықты арттырады, әрі синтаксисті жете меңгеруге көмектеседі.

М А З М Ұ Н Ы:
I. Кіріспе бөлім

1-тарау. Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары

1.1. Пунктуацияның қолданылу тарихы

1.2. Тыныс белгінінің түрлері және оларды дұрыс қолдана білу

1.3. Пунктуация ережелері

1.4. Пунктуацияны бастауыш сыныпта оқыту

2-тарау. Ж.Аймауытовтың кешендi(комплекстi) оқыту бағдарламасында бастауыш сыныпта тыныс белгілерін оқыту жөнiндегi ой-пiкiрлерi
III. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1) Р.Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышы» Астана, 2000ж.

2) Ф.Мұсабекова «Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы» Алматы, 1991ж.

3) М.Балақаев, Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Алматы, 1971ж.

4) К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы, 2003ж.

5) Орфографиялық сөздік. Алматы, 1988, 2003, 2007

6) Ш.Х.Сарыбаев. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. Алматы, 1956

7)А.Әбілқаев, З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2008

8) З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары. Алматы, 2007

9) З.Бейсембаева. Қазақ тілін модульмен оқытудың жаңа технологиялары. Алматы, 2006

10) Ж.Сүлейменова. Қазақ тілін комплекспен оқытудың жолдары. Алматы, 2005

11) Кәтенбаева Б. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. Алматы, 1995

12) Б.Кәтенбаева. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар. Алматы, 1991

13) А.Қайырбекова, Қ.Барақова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2004

14) Н.Оралбаева, К.Жақсылықова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2005



15) Ж.Аймауытов. Шығармалар жинағы, 5-том, Алматы, 1995




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет