Құдабаева Арайлым Бекбосынқызы


ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары



бет2/3
Дата25.12.2016
өлшемі1,04 Mb.
1   2   3

ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары


ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция,Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады. Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуалъдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдану-ылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, 6ұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр. Қазіргі таңда көптеген жұқпалы аурулар белең алып, халқымыздың денсаулығына зиянын тигізіп келеді. Мəселен, жас айырмашылығын талғамай, елімізге қауіпті дерт болып жабысқан – СПИД ауруы.Қауіпті ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат. ЖИТС вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады: 1) Жыныстық қатынас арқылы; 2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.) 3) ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы. Бүгінгі таңда 16 миллионнан астам адам ғасыр дерті кесірінен көз жұмса, эпидемия белең алғалы бері 60 миллиондай адам осы вирусты жұқтырған екен. БҰҰ-ның берген дерегіне сүйенсек, ЖИТС әлемдік аумақта адам өлімінің себепкері ретінде төртінші орын алды, ал оның жұқпалы дерт екенін ескерсек, ертеңгі күні бүкіл адамзатқа қауіп болып төнері анық. Егер де 2001 жылға дейін дүниежүзінде күніне 8500 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1600 адам деп беріліп жүр. Қазақстанда осы дертке шалдыққандардың саны 2007 жылы наурызда 7709 адамға жеткен. Бұл — ресми мәлімет. Ал шын мәнінде, бұдан әлдеқайда көп. Дәрігерлердің жауапсыздығынан оңтүстік өңірдегі бей-күнә сәбилердің ВИЧ инфекциясын жұқтыруы, санының күн сайын артуы бәрімізді ойландырады. Ғасыр дертінің жас талғамайтыны, ең соңында ажал құрсауына алатыны бәрімізге сабақ болса екен. БҰҰ-ның есебі бойынша 15-24 аралығындағы жастардың 12 миллиондайы жыныстық қарым-қатынас арқылы ВИЧ инфекциясына шалдыққандар. Егер алдыңғы буын осы жабық тақырып аясында жастармен әңгіме өрбітсе, қатерлі дерттің алдын алар еді. Экономикасы дамыған Канада, Франция, Швеция сияқты елдерде осындай тақырыпта кеңінен ашық айтылғандықтан жасөспірімдер арасындағы жүктілік және жыныстық қатынастар арқылы берілетін түрлі жұқпалы аурулардың көрсеткіші азайған. Бірақ бірден-бір осы дертке шалдыққан жастарға көмек беретін де, арсыздықты тыятын да имандылық екенін ұғынуымыз керек. Өйткені, ислам дінінде некесі қиылмай жастардың жақындасуына тыйым салынады. Әрбір ұл-қыздарымыз ислам дінінің осындай тазалығын бойына сіңіріп, адал жолмен жүрсе, денсаулығымыз жақсы, отбасымыз берік болар еді.

МАСКҮНЕМДІК, ТЕМЕКІ ШЕГУШІЛІК

ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР

Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық қазіргі заманның әлеуметтік, экономикалық, психология-педагогикалық, медицина-биологиялық проблемалардың ең маңызды және өзектісі болып отыр. Ғалымдардың есептеуі бойынша маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық тек еркектердің ғана арасында емес, балалардың, жасөспірім, жеткіншектердің, әйелдердің де арасында ең басты дерт болып отыр.

Ішімдіктерді, нашаны қолдану және темекі шегуге құштарлық - әсіресе бала жасында қауіпті, ол баланың өзін-өзі билеу психикасы мен мінез-құлқын реттеу  өзегінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Темекі, анаша, ішімдікке әуестік – тек қолданушының ғана денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, қоршаған ортадағы адамдардың да өміріне зиянын тигізеді. Темекі шегушілер өз жақындарының денсаулығын ойламайды, былайша айтқанда оларды да өзімен бірге «темекі шегулеріне» мәжбүрлейді, ал нашақорлар мен маскүнемдер өздерінің қылықтары мен әрекеттерін қадағалай алмай, жауапкершілік сезімдерін жоғалту арқылы қоршаған ортаға әлеуметтік зиян тигізулері мүмкін.



Темекінің түтіні арқылы асқынатын аурулардан жыл сайын әлемде 1,5 миллионға жуық адам өледі екен.

Шылым шегу адам иммунитетін төмендетеді, еңбекке жарамсыздыққа ерте ұшырауға әкеліп соқтырады. Темекінің жануынан туған көміртек тотығы адам ағзасына тамырдағы қан арқылы тарап, ағзаны оттегімен қамтамасыз етуші эритроциттердің өміршеңдігін төмендетеді, сол арқылы қанайналым жүйесі бұзылып, көптеген аурулар туады: қан ұйығы пайда болып, аяқ-қолдағы қан айналым жүйесін бұзады. Уақыт өте келе аяқтың ұстамалы ақсауы және буынның, тамырдың басқа да аурулары асқынады.

Темекені үнемі шегетін адамның сырт бейнесіне де өзгерістер енеді: тырнағы, тісі сарғайып, шашының талы жұқарып, сынғыш келеді, табиғи жылтырауын жоғалтады.

Темекі шегуші тек өзіне ғана емес, өз жақындарының да денсаулығына қауіп төндіреді. Темекі шегуші темекі түтінінің 25%-ын жұтатыны белгілі, ал қалған төрттен үш бөлігі сол түтінді жұтуға мәжбүр болғандарға бұйырады, осылайша олар «ырықсыз темекі шегушілер» қатарына жатады.

Ырықсыз темекі шегуші үнемі темекі шегілетін бөлмеде болса, бір сағаттың өзінде жарты темекі шеккенде алынатын зиянды заттарды қабылдайды екен. Осылайша ол да темекі шегушіде болатын денсаулық ақауларына ұшырайды. Сондықтан, темекі шегу жеке бастың ісі деп қана қарауға мүлдем болмайды.

Темекі шегу – адамның ең жаман әдеттерінің бірі. Соңғы жылдары темекі шегушілер саны артып отыр.



Нашаның адам ағзасына әсер етуі қолданылатын препараттың түріне, мөлшеріне және енгізілу жолына байланысты.

Әсер ету нәтижесі: масаңсудың қысқа фазасы, оның артынан ұйқыға тарту фазасы басталады; жүрек соғысы ақырындап, тыныс алуы бәсеңсиді; мидың жұмыс істеу қабілеті азаяды; тәбеті, рефлексі, жыныстық құштарлығы, ауыруды сезу қабілеті  төмендейді.

Лас инені пайдалану, бір ине арқылы егілу нәтижесінде ЖҚТБ, гепатит, түрлі қан аурулары және бұдан да басқа қауіпті дерт тууы мүмкін. Сондай-ақ тазартылмаған героин, т.б. қоспалары жоғары нашаларды қолданғаннан кейін, көп мөлшерде қолданғаннан кейін адам бірден өліп кетуі де мүмкін. Героинге тәуелді болу, өз денсаулығына немқұрайды қарау, өз өмірін бағаламаудың салдарынан тәбет бұзылып, жұқпалы аурулармен жиі ауыратын болады.

Ішімдік - бір жағынан энергетикалық ыдыста, екінші жағынан – психоактивті зат, былайша айтқанда рұқсат етілген наша.

Халық арасында ішімдіктің арқасында бойды еркін ұстау, босаңсу, ширығу, мазасыздықтан құтылуға болады деген сияқты жалған түсінік бар. Алайда ол дұрыс емес. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңіл-күйдің уақытша көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық табиғаты бар жаңа залалға ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.



Жоғарыда айтылғандардың тобықтай түйінін айтатын болсақ, өз денсаулығын ойлаған, өзіне жақсылық тілеген, салауатты өмір салтын ұстанғысы келген, өзінің, туған-туыстарының, қоршаған ортаның жағдайын ойлаған адам өзінің зиянды қылықтарынан бас тартуы керек! Темекімен қоштасып, ішімдікке, нашаға бой алдырмай, оларды өз проблемаларын шешуші құрал ретінде қарамай, ішімдікті мүлдем қойып кетуі абзал.


Қоғамдық орындарда қыздар өздерін қалай ұстағандары жөн?





Қоғамдық орындарда қыздар өздерін аса сыпайы ұстағандары абзал. Ондай орындарға жалғыз барғандары келіспейді-ақ. Дос қыздармен немесе дос балалармен, туыстарымен баруына болады. Кино, театрдан кешігіп қалсаңдар, жұрттың мазасын алмай, кез-келген тақау тұрған орынға отыра салыңдар.

Залда тыныштық сақтау керек. Театр, концертте отырып, сылпылдатып тамақ жеп, немесе сытырлатып конфеттің қағазын ашу, конфет сорып отыру әдепсіздікке жатады. Қасында отырғандарға әрнені айтып мазалап, қол шапалақтағанда дауыс шығарып айқайлау, еденді тепкілеу – әдепсіздіктің белгісі. 
Бикештер мен қыздар жоғары талғаммен өздеріне үйлесетін киімді және косметиканы дұрыс пайдаланғаны жөн.
Қыз баланың кіммен болса да билеуге немесе басқаның шақыруын қабыл алуға хақысы бар. Қыз билегісі келмесе, «басқа біреу шақырып қойып еді, дәл қазір көңіл қошым  болмай тұрғаны» деген сияқты жылы сөзбен шығарып салғаны дұрыс. Ешуақытта да жігіттерді қорлап, олардың намысына тиетін сөз айтпаңдар, қазақ халқы ер адамдарды қорлауға ешуақытта  жол бермеген. Олардың мәртебесін әр кез көтеріп отырған. «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деген сияқты мақалдар соның айғағы.


Жігіт пен қыз би кешіне уәделесіп бірге келсе, қыздың басқамен биге шығуы дұрыс болмайды. Кеш бойына сол жігітпен билеуі керек. «Тек қана қыздар» деп аталатын музыка ойналған кезде қыздар өз тілегімен қалаған  жігітін биге шақыруға болады. Әрине, қыздар шақырғанда, ер жігіт  еш уақытта да бас тартып көрген емес. Билеп жүргенде айналаға жалтақтап қарап, басқа біреулермен сөйлесу мәдениетсіздікке жатады. Айтарымыз осындай көпшілік орындарда қыздардың өздерін аса зор мәдениетті ұстанғаны абзал. 






Каталог: uploads -> doc -> 0e96
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e96 -> Қазақ тілі пәні бойынша Ұбт-ға дайындаудың тиімді әдіс –тәсілдері
0e96 -> Апталығының ашылу салтанаты 1 жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет