Дақыл: Картоп Сорт: Романце Оригинатор



Дата03.02.2017
өлшемі144,5 Kb.
#8732
Дақыл: Картоп

Сорт: Романце

Оригинатор: Нординг-картофелцухт-унд фермерунг-ГМБХ гросс Люсевитц (Германия)

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жыл: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Павлодар

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Жапырағы орташа мөлшерде, жапырағы аралық типті, жасылдан жасыл-күңгірт жасылға дейінгі түсі болады. Толқынды жиегі әлсіз. Гүл тәжі орташа мөлшерден іріге дейін болады, қызыл-күлгін түсті. Түйнегі ұсақ көзшелерімен сопақша. Қабығы қызыл түсті тегістен орташаға дейін. Мәйегі ашық-сары түсті.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 318 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 11,2-14,8%. 

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәліметі бойынша қара және безді теңбілге төзімділігі жоғары, орташадан жоғары деңгейге дейін қара сирақ кеселіне, сонымен бірге ризоктониоз кеселіне төзімді.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Дәмі жақсы, тауарлығы 83-96%. Сақталуы 96%.

Ұсыныстар: Павлодар облысының (Павлодар көкөністі МСУ) құрғақ дала аймағында (суармалы жерде) пайдалану үшін ұсынылған.

Дақыл: Картоп

Сорт: Биргит

Оригинатор: Нординг-картофелцухт-унд фермерунг-ГМБХ гросс Люсевитц (Германия)

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Павлодар

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Түйнектері сопақша формада, мәйегінің түсі сары күңгірт, қабығының түсі қызыл. Көзшелерінің орналасуы бойынша өте ұсақтан ұсаққа дейін.

Өнімділігі: Сынау барысындағы өнімділігі 318 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 12-13,5%. 

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәлімдеуінше қара сирақ кеселі мен безді теңбілге төзімділігі жоғары.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Бір түйнектің орташа салмағы 140 г. Сақталу мерзімі жақсы.

Ұсыныстар: Павлодар облысының (Павлодар көкөністі МСУ) құрғақ дала аймағында (суармалы жерде) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Картоп

Сорт: Алегрия

Оригинатор: Нординг-картофелцухт-унд фермерунг-ГМБХ гросс Люсевитц (Германия)

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Алматы

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Мәйегінің түсі ашық-сары. Түп биік, тік келген, сабағының жуандылығы орташа, гүлдері ақ. Түйнектері жұмыр формада көзшелердің орналасуы бойынша таяз және қабығының тегіс болуы түйнектердің механикалық тазарылуына мүмкіндік береді.

Өнімділігі: Сынау барысы уақытында өнімділік 339 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 14%.

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәлімдеуінше қара теңбіл кеселіне шамалы шалдығуы байқалады. Төменнен орташаға дейінгі дәрежеде шикі мәйегінің түсі қарайып кетеді. Нематодтарға, қара сирақ кеселіне, безді теңбілге төзімділігі жоғары бар. Сорттың түйнек фитофториозына төзімділігі жоғары.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Түйнектердің салмағы 127 гр. Орташа кезеңде түйнектерді сақтауы жақсы.

Ұсыныстар: Алматы облысының (Еңбекшіқазақ МСУ) ашық-қызғылт топырақтарда және сұр топырақтарда (суармалы жер) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Картоп

Сорт: Сорая

Оригинатор: Нординг-картофелцухт-унд фермерунг-ГМБХ гросс Люсевитц (Германия)

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Ақмола, Солтүстік Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: Ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Түп орташа ұзындығынан биік болуына дейін болады. Жартылай тіктен аралық жайылған түріне дейін болады. Гүлдерінің саны көп емес. Түйнектері дөңес формада болып, көзшелердің беткі жағында орналасуы бойынша және қабығының тегіс болуы түйнектердің механикалық тазарылуына мүмкіндік береді.

Өнімділігі: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өнімділігі 210 ц/га, Ақмола облысы бойынша 160,6 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 11,8-14,0%. 

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәлімдеуінше қара сирақ кеселіне, безді теңбілге, ризоктониозға, таз қотыр кеселіне, жапырақтардың шиыршықтану вирусына төзімділігі жоғары. Картоп сабағының Ү фитофториоз вирусына төзімділігі орташа.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Түйнектердің салмағы 74,2 грамм. Түйнектерді сақтаулығы жақсы.

Ұсыныстар: Солтүстік Қазақстан облысының орманды дала (Новокаменск МСУ) зонасында, Ақмола облысының (Көкшетау жеміс-жидекті МСУ) жазықтышоқ аймағында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Картоп

Сорт: Гала

Оригинатор: Нординг-картофелцухт-унд фермерунг-ГМБХ гросс Люсевитц (Германия)

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Солтүстік Қазақстан, Қостанай

Пісіп жетілу мерзімі: Ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Орташа биіктігі болатын өсімдік, аралық типті, жартылай тік келген. Жапырағы ірі, аралық, жасыл. Жапырақ жиегінің толқындылығы әлсізден орташа күйіне дейін болады. Гүл тәжі орташа мөлшерде, ақ түсті. Түйнектері ұзынша келген дөңес формасында, көзшелері ұсақ. Қабығы тегіс, сары. Мәйегі сары.

Өнімділігі: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа өнімділігі 146 ц/га, Қостанай облысы бойынша 244 ц/га құрайды. «Терра» к/ш территориясында (Қостанай облысы) өндірістік сынау нәтижелері бойынша 497 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 11,2-14,8%.

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәлімдеуінше түйнектердің қара сирақ кеселіне, безді теңбілге, ризоктониозға, түйнектер фитофториозына, Ү вирусына, сонымен бірге жапырақтардың шиыршықтану вирусына орташа төзімді және картоп сабағының фитофториозына төзіміділігі жоғары.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Тауарлық түйнектер салмағы 71-122 г, тауарлығы 71-94%. Сақталуы 89%.

Ұсыныстар: Солтүстік Қазақстан облысының (Новокаменский МССУ) орманды дала зонасында (суармалы жерде) және Қостанай облысының оңтүстікті кәдімгі топырағының ІІ-дала аймағында пайдалану үшін ұсынылған.

Дақыл: Картоп

Сорт: Жуалы

Авторлар: Красавин В. Ф., Мошняков А. Н., Шарипова Д. С., Красавина В. К., Тоқбергенова Ж. А., Федосеев В. А.

Оригинатор: ЖШС «Қазақ картоп және көкөніс ғылыми-зерттеу институты»

Сорттың Мемлекеттік тізбеге қосылған жыл: 2012 жыл

Ұсынылған облыстар: Алматы, Оңтүстік Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт (вегетациялық кезең 85 күн)

Сорттың сипаттамасы: Қабығы бүтін, тығыз, түсі сары келген. Мәйегі шыны тәріздес, үгілмейтін, иісі мен дәмі асханалық қасиетітке ие, балдырының қарайып кетуі жоқ. Түйенегі сопақша формада, көзшелері орналасуы орташа. Балдырының түсі ақ, түп жайылған, биік, сабағы шамалы бұтақталған. Күшті азғындау аймағында 7 репродукцияға дейін көтереді.

Өнімділігі: Алматы облысы бойынша орташа өнімділігі 210 ц/га құрады, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа өнімділігі 217,9 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 11,4 %, құрғақ затының құрамы - 18,7 %, С дәрумені - 9,5 мг/100 гр.

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәліметі бойынша көп таралған егістік ауруларға төзімді.

Пайдалану бағыты: әмбебаптық бағыт

Ерекшеліктер: Ыстыққа, қуаңшылыққа төзімді, тауарлығы 96,6%. Дәмдік бағасы 5 балл. Тауарлық түйнектің салмағы 85 г.

Ұсыныстар: Алматы облысының (Райымбек МСУ) ІІ-тау бөктерінде аймағында, Оңтүстік Қазақстан облысының (Сайрам кешенді МСУ) ІІІ-аймағында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Картоп

Сорт: Үшқоңыр

Авторы: Тоқбергенова Ж. А., Айтбаев Т. Е., Бабаев С. А., Красавин В. Ф., Амренов Б. Р., Карло-Карли, Bonierbale Merideth.

Оригинатор: ЖШС «Қазақ картоп және көкөніс ғылыми-зерттеу институты»

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Алматы

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт (вегетациялық кезең 110-115 күн)

Сорттың сипаттамасы: Түп биік, ықшам, тік келген. Сабағы жасыл, күшті бұтанған, тамыр жүйесі күшті, өзгерген өркені ұзын, ақ түсті. Түйнектердің формасы сопақша, пісіп жетілген түйнектері қызыл болады, балдыры ақ түсті.

Өнімділігі: Сынау барысындағы өнімділігі 235 ц/га құрады

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 18,8%.

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәліметі бойынша салыстырмалы түрде фитофториозға ортша төзімді, вирусты ауруларға төзімділіні жоғары.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Орташа түйнектің салмағы 110 г., тауарлық түйнектің пайызы 91,5%. Сақталу мерзімі жоғары (93%).

Ұсыныстар: Алматы облысының (Райымбек МСУ) ІІ-тау бөктері аймағында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Картоп

Сорт: Максим

Авторлар: Красавин В.Ф., Мошняков А.Н., Шарипова Д.С., Удовицкий А.С., Красавина В. К., Тоқбергенова Ж.А., Поморцева В.П., Бейсембеков К.К.

Оригинатор: ЖШС «Қазақ картоп және көкөніс ғылыми-зерттеу институты»

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Алматы

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Түйнектері сопақ-дөңгеленген, көзшелері бетінде орналасқан, қабығы тегіс, сары, мәйегі ашық сары, кесіп қойғаннан кейін шикідей немесе пісірілген күйінде қараймайды. Өсімдік түбі тік келген, ықшам, сабағы орташа бұталанған. Жапырағы ұсақ, күшті тілінген, гүлтәжі ақ түсті.

Өнімділігі: Өтініш берушінің аймағында сыналды. Орташа өнімділігі 400 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 20,8%.

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәліметі бойынша фитофториозға, вирусты ауруларға төзімді.

Пайдалану бағыты: әмбебаптық бағыт

Ерекшеліктер: Тауарлығы 92,8 %. Түйнектік салмағы 105 г. Жоғары сапалы азық-түлік пен крахмалдың өндірістік қайта өндіруде жарамды. Күшті азғындау аймағында 7 репродукцияға дейін көтереді.

Ұсыныстар: Алматы облысында (суармалы жерде) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Картоп

Сорт: Текес

Авторлар: Красавин В.Ф., Мошняков А.Н., Шарипова Д.С., Нүсіпқожаев Т., Красавина В.К., Қойбағаров Е.С., Федосеев В.А., Асанбеков А.А.

Оригинатор: ЖШС «Қазақ картоп және көкөніс ғылыми-зерттеу институты»

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Алматы

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Түп жайылған, орташа сабағы орташа бұталанған, саны аз, көлденең қиысында қырлы. Жапырағы орташа келген, тілінгені шамалы, жасыл түсті күңгірт. Гүлтәжінің түсі көк-күлгін. Түйнек дөңгеленген-дөңестен созылыңқы-дөңеске дейін формасы болады. Көзшелері бетінде орналасқан. Қабығы тегіс, мәйегі ашық-сары, 24 сағат бойына қараймайды.

Өнімділігі: Өтініш берушінің территориясында сыналды. Өнімділігі 363 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы – 16,1%.

Ауруларға тұрақтылығы: Қазақстанда кездесетін көп таралған егістік ауруларына төзіміді.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Тауарлығы 93,3 %. Түйнектік салмағы 105 г. Ыстыққа, қуаңшылыққа төзімді, азық – түлік және крахмалға қайта өндіру өндірісіне жарамды келеді.

Ұсыныстар: Алматы облысында (суармалы жерде) пайдалану үшін ұсынылған
Дақыл: Картоп

Сорт: Превосходный

Авторлар: Кулибаба В.С., Кулибаба В.А.

Оригинатор: «Картофель» өндірістік кооператив тұқым шаруашылық фирмасы

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Ақмола

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Өсімдік биік келген, аралық типті, тұрпаты (габитусы) тік. Сабағының жуандылығы орташа болады, антоциандық реңі әлсіз. Жапырағы ашық-сары түсті, үлкен, сұлбасы (силуэт) аралық. Гүлшоғыры орташа мөлшерде, гүлсағағының бояуы шамалы. Гүлшанағының антоциандық реңі күшті, гүлінің гүлтәжісі орташа, ішкі жағының түсі қызыл-күлгін. Түйнектері дөңгеленген-дөңес, көзшелері ұсақ, қабығы тегіс, қызыл түсті. балбырының түсі ашық-сары болады.

Өнімділігі: Орташа өнімділігі 97,3 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 21,5-22,4%.

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәліметі бойынша көп таралған ауруларға төзімді.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Тауарлығы 95-98%, түйнектердің дәмі, сақталуы жақсы.

Ұсыныстар: Ақмола облысының таушоқыларының, орманды дала, қалыпты құрғақ аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Картоп

Сорт: Родрига

Оригинатор: «Унипланта Заатцухт КГ» Германия

Сорттың Мемлекеттік тізбеге қосылған жыл: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Ақмола

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Өсу типі бойынша орташа, түптің формасы жартылай тік тұратын, гүлінің түсі қызыл-күлгін, түйнектердің формасы дөңес, түсі ашық-сары, көзшелерінің орналасу шұңғылы бойынша тегіс. Қабығының түсі қызыл.

Өнімділігі: Орташа өнімділігі 175,5 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 17,2%.


Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәліметі бойынша таз қотыр кеселі, қара сирақ кеселі, тат ауруы, қара дақтың пайда болуына шалдығуына айқын төзімді және сонымен қатар ризоктониозға төзімді.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Түйнектердің салмағы 65,9 грамм

Ұсыныстар: Ақмола облысының таушоқыларының, орманды дала, қалыпты құрғақ аймағында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Картоп

Сорт: Солист

Оригинатор: Нординг-картофелцухт-унд фермерунг-ГМБХ гросс Люсевитц (Германия)

Сорттың Мемлекеттік тізбеге қосылған жыл: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Ақмола

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Түйнектері дөңгеленген-дөңес формасында балбырының түсі ашық-сары. Түп жайылған аралық типті, гүлдері ақ.

Өнімділігі: Орташа өнімділігі 160,7 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: Крахмалдың құрамы 16,3%.

Ауруларға тұрақтылығы: Өтініш берушінің мәліметі бойынша түйнектің фитофторға шалдығуға төзімділігі жоғары. Қара дақ кеселіне шамалы айқындалмаған зарар келтіруі болады.

Пайдалану бағыты: асханалық бағыт

Ерекшеліктер: Ұзақ мерзімде сақтаған уақытында сақталу мерзімі жақсы, түйнектердің ұяшықта мөлшері тегістелген. Түйнектің орташа салмағы 84,3 грамм.

Ұсыныстар: Ақмола облысының таушоқыларының, орманды дала, қалыпты құрғақ аймағыда пайдалану үшін ұсынылған.
Каталог: images -> izdaniya
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
izdaniya -> Дақыл: Картоп Сорт: Аризона Оригинатор
izdaniya -> Дақыл: Күнбағыс Сорт: лг5543 кл оригинатор
izdaniya -> П., Огарев В. Д. Оригинатор


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет