Дайджест по освещению в сми



бет21/21
Дата26.06.2018
өлшемі9,54 Mb.
#44306
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
http://ddakmo.kz/assambleya-provela-kruglyi-stol/

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша біріңғай Республикалық күн аясында дөңгелек үстел өткізді.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық реформаны, Үшінші жаңғырудағы экономикалық өзгерістерді шектеулі түрде толықтыратын және мәні жағынан Қазақстанды сәтті дамытудың жаңа идеологиялық платформасы болып табылатын Елбасының жолдауын жоғары рухпен қабылдады.


Ал іс-шараға қатысушылар арасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының белсенділері мен құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыс қоғамдастықтары Мемлекет басшысының осы Жолдауының Қазақстан үшін жаңа дамудың тарихи кезеңіндеігі өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Біздің ойымызша, Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларын жүзеге асыру, бағдарламада аталған әрекеттерді және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ескертіліп өткен басымдылықтарды нақты ұстану мемлекеттің әлеуетін нығайтуға өз серпінін беріп, адамзаттық капиталдың дамуына, ұлттық бірлік пен бірегейліктің қалыптасуына, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады» – деп, отырыстың модераторы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Қ. Жақыпова ескертіп өтті.
Көкшетау қ. №1  сервистік-техникалық колледжінің директоры  Л. Дробышева өз сөзінде Елбасының мақаласы біздің өткенімізге баға беріп, болашаққа жол ашатынын, ұлттың рухани жаңғыруының бағдарламасына айналатынын атап өтті.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облысы әмбебап ғылыми кітапханасы директорының м.а. Галина Савенкова «Сандық Қазақстан» және «Туған жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша Ақмола облысы кітапханаларының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті. “Жаңа гуманитарлық білік. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” бағдарламасын іске асыру туралы Ақмола облысының оқыту-әдістемелік орталығының басшысы Қаратай Төлекеев айтып берді.


Ақмола облысы өлкетану мұражайы директорының орынбасары Алма Құнанбаеваның баяндамасы қызықты болды. Ол жергілікті нысандар мен қоныстарға бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясындағы мәдени нысандардың қызметіне тоқталды,  сонымен қатар әрбір Қазақстанның жүрегінде орын алуға тиісті Қазақстанның рухани аруақ қонған жерлері туралы айтты.

Қоғамдық пікір көшбасшысы Мұқитанов Сансызбай Кішібайұлы Мемлекет басшысының басты ұстанымдарын белгіледі: «Даму және Президент жазып өткен экономикадағы басты міндеттерге қол жеткізу, ал ең бастысы, әрине, заманауи әлемнің дамыған елдері қатарына қосылу».


Осылайша, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының белсенділері, облыстың қоғамдастығы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласын қолдай отыра, Президент орнатқан міндеттерге қол жеткізу үшін бар күшін салатын болады.

http://uko.sud.kz/kaz/news/berekeli-birlikpen-ruhani-zhangyruga

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың сәуір айында ел Президенті Н.Назарбаев ашқан «Қазақстан халқы Ассамблеясының» жаңа ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Берекелі бірлікпен рухани жаңғыруға» тақырыбындағы ХХ сессиясы өтті.

Жиынға облыс әкімі, облыстық ҚХА-ның төрағасы Жансейіт Түймебаев, аудан, қала әкімдері, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ректорлары, аудандар мен қалалардан келген делегациялар, жастар мен БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты

Бұған дейін, яғни 2017 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында ұлт болып ұйысу арқылы рухани жаңғырудың нақты бағыт-бағдары айқындалған болатын.

Осыған байланысты, өңірлік сессияда ұлттық дәстүрлер мен тарихтан алған тәжірибені сақтай отырып, дамудың жаңа сапалы міндеттері талқыланды.

ХХ сессияның жұмысына облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ж.Түймебаев облыстық ассамблеяның алдына қойылып отырған міндеттер мен атқарған жұмыстары жайлы баяндама жасады.

Облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының сегіз өкілімен қатар, облыстық сот пен облыс әкімшілігі арасында қол қойылған меморандум аясында медиация институтын дамытуға, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтуға және қоғамда тұрақтылықты сақтауға қосқан сүбелі үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының татуластыру рәсімдері бойынша үйлестіруші-судьясы Нұрлан Биболовқа «Құрмет Грамотасын» тапсырды.                                                



Сонымен қатар, осы күні тағы бір елеулі оқиға ‒ Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясының» ғимаратында жаңадан медиация кабинетінің ашылу рәсімі өтті. Облыстық әкімшілік ғимаратынан бастап, әрбір аудандық және ауылдық округтер әкімшіліктерінде ашылған осындай кабинеттердің жұмысы татуластыру рәсімдерінің аясын кеңейтуге септігін тигізген.

Сессия жұмысының соңында қатысушылар атынан өңір тұрғындарын Ұлы Дала Елінің дәстүрлеріне адал болуға, Біртұтас Болашақ Ұлттың құндылықтарын сақтап, оны дамыта түсуге шақыратын үндеу қабылдады. 
Каталог: sites -> default -> files -> print pdf
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми акции анк «конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»
print pdf -> Астана 2016 Ассамблея народа Казахстана дайджест по информационному обеспечению деятельности ассамблеи народа казахстана и XXIV сессии анк
print pdf -> Ұлт рухының тірегі
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми расширенного заседания Совета Ассамблеи народа Казахстана
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми мероприятий анк с участием Государственного секретаря рк в г. Талдыкорган
print pdf -> Бірлік қуаты Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамға серпін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
print pdf -> 9 декабря 2016 года астана 2016


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет