Дайджест по освещению в сми


Дархан МЫҢБАЙ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі



бет8/21
Дата26.06.2018
өлшемі9,54 Mb.
#44306
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Дархан МЫҢБАЙ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі
https://egemen.kz/article/biregeylik-%E2%80%93-el-birligininh-basty-tughyry

Бірегейлік – ел бірлігінің басты тұғыры Қазақстан халық Ассемблеясының біріңғай республикалық тақырыптық күні шеңберінде елорда әкімдігінде қоғамдық келісім кеңесінің және Астана қаласы ҚХА ғылыми-сарапшы тобы өкілдерінің бірлескен отырысы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблея­сының өкілдері мен елордалық этномәдени бірлестіктердің мүше­лері қатысқан алқалы жиында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қызу талқыланды. Сондай-ақ, олар Елбасы мақаласының басты бағыттары мен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу керектігіне назар аударды. ҚХА мүшесі, Астана қаласының өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов, Мем­лекет басшысы халық арасындағы достық пейілді кеңінен насихаттап, жайдары қарым-қатынасты әркез ту етуге барынша жағдай жасап келе жатқанын атап өтті. «Кеше ғана Елбасымыз өз хал­қына рухани жаңғыру жо­лын нұс­қап, еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқандығын, қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алғанымызды айтты. Осы мақсатта көзделген жұ­мыс­­тардың бәрі де дер кезінде және барынша тиімді жүзеге асатын­дығына сенім біл­дірді. Президентіміз «мен халқым­ның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, бола­шаққа сеніммен бет алуын қалай­мын», деп тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаң­ғыртудың бірнеше бағытын айқын­дады. Бұл − біздер үшін бағындырар бір белес», – деді Ш.Пулатов. Сондай-ақ, отырысқа қатысу­шы­лар рухани жаңғыру мақсаты бойынша нақтылап айтылған елі­міздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін бола­шаққа қалай қадам басамыз және осы мақсат жолында бұқаралық сананы қалай өзгертеміз деген мәселені де күн тәртібіне шығарды. «Отанды сүю – бабалардан ми­рас болған ұлы мұраны қадірлеп, оны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыс­тау азаматтық борышымыз. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ту ету, тек лауа­зым­ды адамдардың ғана жұ­мысы емес, бұл баршамыздың да аза­мат­­­тық парызымыз. Сондықтан, қо­ға­м­дағы әрбір қызмет етіп отыр­ған ұжым Елбасымыздың халық­қа ар­наған Жолдауын қолдай­тыны­мыз­ды білдіре отырып, жаһан­дық деңгейдегі ЭКСПО-2017 көрме­сін­ің көңілдегідей өтуіне үлес қос­қаны­мыз ләзім», – деді Ш.Пулатов. Айта кетейік, ұлттық бірегей­лік пен қоғамдық келісімді дамы­тудың және ҚХА-ның елімізде этносаралық диалог орнатудағы рөлі талқыланған жиында «Тұран-Астана» университетінің экономика және инновациялық бизнес кафедра­сының профессоры Орақ Әлиев те ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақ­­станның эволюциялық даму жолы туралы пікір білдіріп, әрбір отандасымыздың өз бірегейлігін түсінуі ел бірлігінің басты құралы екенін айтты.
https://egemen.kz/article/qundylyqtaryn-qasterlegen-memlekettinh-mereyi-ustem

Құндылықтарын қастерлеген мемлекеттің мерейі үстем Біз алдағы 26 сәуірде өтетін ҚХА-­ның ХХV сессиясы қар­са­ңын­да осы жиынға бара жатқан де­­легаттарға жолығып екі сұ­рақ­тан қойған едік.



– Қазақстан халқы Ассам­б­­леяс­ы­ның ХХV сессиясынан не кү­тесіздер? Лео ШИК, Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сының мү­ше­сі, қоғамдық ке­лі­сім жөніндегі об­лыс­тық кеңестің тө­рағасы, сессия де­легаты: – Бұл жиын­нан біздің кү­те­рі­міз көп. Бұл басқосудың бұ­рын­ғы бас­­қо­су­лардан мәні өз­ге­рек боларына кү­­мәніміз жоқ. Ел­басымыз, Қа­зақ­с­тан хал­қы Ассамблеясының Тө­рағасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ға­на бар­ша қазақ­стан­дықтарды рухани жаң­ғыруға бас­тайтын, тағылымды тарихы­мызды та­разылауға, ел мен жерді қ­а­ді­р­леп, қас­тер­леуге шақыратын, ХХІ ға­сыр­дағы ру­хани бет-бейнемізді ай­қын­дай­тын бағ­дарламалық мақаласын жа­рия ет­ті. Алдағы алқалы жиында Президент әлем­­нің дамыған 30 елінің қатарына ену­­­ге жол ашатын стратегиялық құ­жат­ты жүзеге асырудың нақты жолда­рын нұс­қап, Ассамблея мүшелеріне тың мін­деттер жүктейді деп ойлаймын. Равиль ЮНУСОВ, Шығыс Қа­зақ­­­стан облы­сы Қа­зақ­стан ха­л­қы Ассам­б­лея­сының жас­тар ли­­гасы тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­­са­ры, татар эт­но­мә­дени бір­лес­ті­гі­нің мүшесі, сессия делегаты: – Қазақстан хал­­қы Ассам­б­лея­­сының әр бас­қо­суының өзін­дік орны бар. Сес­сия­ның әр жи­ыны өз­геше өте­ді. Ал­қа­лы жи­ын­ды асы­ға, та­­ғат­сыз­да­на кү­­те­­ті­німіз содан бол­­са керек. Би­ыл­ғы басқосу, сөз жоқ, Ел­ба­­с­ының жуықта бас­пасөз бетінде жа­рық көр­ген «Бола­шақ­қа бағ­дар: рухани жаң­­ғы­р­у» атты ма­қаласын кең көлемде тал­қы­лауға арна­ла­ды деп ойлаймын. – Мемлекет басшысының «Бо­л­а­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­л­а­малық мақаласының мән-маңызы неде деп ойлайсыздар? Лео ШИК: – Аталған мақалада Елбасы прагматизм мәселесіне ерекше екпін береді. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пай­даланып, соған сәйкес болашағыңды жос­­парлай алу, ысырапшылдық пен ас­там­шылыққа, даңғойлық пен кер­дең­дік­ке жол бермеу деген сөз», деді. Мен айтар едім, нағыз прагматик ол – біздің Президент. Ол кісінің ерекше қасиеті, бо­лашақты болжай біледі. «Әуелі – эко­номика, содан кейін саясат», деді. Экономиканы көтерді, елдің әл-ауқатын жақсартты. Одан кейін саясатқа да кезек келіп, елдің бас құжаты – Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Парламент пен Үкіметтің құзыреті кеңейтілді. Енді, міне, рухани жаңғыру мәселесі халықтың назарына ұсынылып отыр. Рухани, ұлттық құндылықтарын қас­тер­леген елдің қай кезде де мерейі үс­тем. Елбасы Ұлы Даланың ұлы та­ри­хын ұлықтауға, туған жерге ту ті­гу­ге шақырып отыр баршамызды. Президенттің: «Өткен ХХ ғасыр хал­қы­мыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұл­мат ғасыр болды», деуінде үлкен мән жа­тыр. Расында, қиындықтар көп болды. Бір ғана соғыс жылдарын алып қараңыз. Қан­шама ұлттар туған мекенінен ажырап, Қазақстанға күштеп жер аударылды. Алайда, бауырмал қазақ халқы бө­тенсің деп ешқайсысының кеу­де­сінен итерген жоқ. Барымен бөлісті. Қам­қор­лығын көрсетті. Соның нәтижесінде олар аяқ­тарынан қаз тұрып, өсіп, өркендеді. Біз қазақ халқының бұл қамқорлығын ұмы­туға тиісті емеспіз. Алғыс айтуға тиіс­піз. Осыдан бір-екі жыл бұрын корей ұл­ты өкілдерінің бастамасымен қазақ жеріне депортацияланған ұлттар мен ұлыстар атынан «Қазақ халқына мың алғыс» атты ескерткіш ашылды. Бұл – ұрпаққа үлгі боларлық дүние, қиын кезде пана, сая болған ұлтқа деген құрмет. Равиль ЮНУСОВ: – Президент мақаласы мен секілді жас­тардың ғана емес, бүкіл халықтың кө­ңі­ліндегі дүниелерді дөп басқан секілді. Әсі­ресе, жастардың білім көк­жиегін ке­ңейтуге қатысты айтқан сөз­­дері замандас­тарымды бей-жай қал­дыр­майтыны анық. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әр­кім терең түсінуі керек. Жастарымыз ба­сымдық беретін межелердің қатарында бі­лім әрдайым бірінші орында тұруы ша­рт. Себебі, құндылықтар жүйесінде бі­лімді бәрінен биік қоятын ұлт қана та­быс­қа жетеді», – деді Елбасы. Расында да, біз, жастар білімді бол­ма­с­ақ, көп тіл білмесек, бәсекеге қа­бі­летті бола алмаймыз.
https://egemen.kz/article/el-igiligine-qyzmet-etu-%E2%80%93-paryzymyz

Ел игілігіне қызмет ету – парызымыз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы маңызды тезис­тердің бірі тарих пен мәдениеттің ауқымдылығын сақтаудан және ұғынудан тұрады. Жаңа технологиялар жасалынатын болады, жаңалықтар ашылатын болады, бірақ Қазақстан халқына жаңа жасампаз істер мен жеңістерге тың күштер бере отырып, рухани құндылықтар мен іргелі білімдер, негіз өзгеріссіз қалады. Өйткені, Президент бағдарламасы өзінде қазақстандық ұлттық мінездің, ұлттық басымдықтардың, азаматтың жоғары стандарттарының із-таңбаларын қамтып отыр ғой. Президент орталық және негізгі бағыт­тарды таңдап алды, олар: ғылым, мәдениет, білім, рухани құндылықтар. Бұл – Қазақстан қоғамының бірі­гуінің және нығаюының жаңа тұжырымдамасы.

Бағдарламаны іске асыру өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм, азаматтық бірегейлік және бүкіл Қазақстан халқының қоғамдық келісімі сезімдерін одан бетер нығайтатын болады. Әрине, патриотизм туған тарих пен мәдениеттен, ана тілінен, туған отбасынан өнеді. Белсенді жасампаз патриотизм елдің жетістіктерімен, біздің заманымыздың қаһармандарының нақты істерімен қуаттанып, нығайтылуға тиіс. Бағдарламада «біздікінің барлығы» көрініс тапқан деп санаймын, өйткені онда біздің Отанымыздың – Қазақстан Республикасының игілігіне жұмыс жасап жатқандар үшін ең маңыздысы, ең құндысы және жақыны жиналған емес пе. Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының көшбасшысы ретінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы – бұл біздің еліміздің жас­тары үшін жол картасы екендігін айтамын! Бұл жоспарлар, сөз жоқ, ұлттық экономикаға және қазақстандықтардың әл-ауқатына қолайлы әсерін береді. Ең бастысы – оларды сапалы атқарып шы­ғу. Бұл өз кезегінде мүлдем бірегей жасам­паздық рухын тудыратын болады! Маған мұндай ауқымдағы және осын­шама қоғамдық маңызы бар бағ­дарламалар ұлтты бекемдейтін, аза­мат­тық бірегейлікті нығайтатын өзіндік ұлттық желі бола бастайтындай болып көрінеді. Өйткені, Отан – бұл тек жер, ортақ аумақ қана емес, отандастар – ортақ мәдениетті, тілді, дәстүрлерді таратушылар да емес пе. Қоғамда Президент мақаласын кеңінен талқылауды өрістету керек. Талқылау азаматтық қоғамның құры­лымдарына көшуге тиіс. Бұл бағытта ҚХА азаматтық қоғамдағы қозғаушы күш және Елбасының барлық идеялары мен бағдарламасын Қазақстан халқына тиімді жаюшы ретінде өте маңызды рөл атқарып шықпақ. Мен жастардың міндеті – біздің алдымызда ересек буын қойып отырған және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқын белгіленіп көрсетілген міндеттерді түсіну және зерделеу деп ойлаймын. Бұл алдындағы тәжірибені біз көшіріп алуға және «дәлме-дәл» қайталап шығуға тиіспіз дегенді әсте білдірмейді. Өзінің алуан түрлілігімен және жылдам дамуымен өмірдің өзі де бұған ерік бермейді. Ал жастарға әлемдегі жағдайды байқау, жалпы дүниежүзілік үрдістерді қадағалау, тұжырымдар жасау және оларды мемлекет бағытымен, оның бізге ересек буын эстафета секілді табыстайтын даму картасымен салыстырып қарау қажет.
https://egemen.kz/article/oyshyldyq-olzhasy

Ойшылдық олжасы Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың бүкіл әлем көле­мінде сый-құрметке бөленуінің сыр-себептері баршылық. Солар­дың арасынан Елбасының ойшыл­дығын алдымен атап айтуға болады. Қазақстанның осы жыл­дар ішіндегі табыстары­ның бәрінің астарында елімізде қолға алынған істің қашанда терең­нен ойластырылатыны жатыр. Елдің бас газетінде жария­лан­ған «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты бағдарла­малық мақаланы да біз ойшыл­дық олжасы ретінде қарап отыр­­мыз.

Еңбекте Президент көп­теген кө­кейкесті мәселелерді қо­пара қоз­ғаған. Атап айтқанда, мықты әрі жауапкершілігі жоғары Бір­тұтас Ұлт болу үшін болашақ­қа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы ойларымен бөліскен. Президент өз еңбегінде таптаурын қағидалардан арылмасақ көш басындағы елдермен тере­зе­мізді теңеп, иық тірестіре алмай­тынымызды ескертеді. Нұрсұлтан Назарбаев үш нәрсе­нің – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын бола­шақтың үйлесіміне қол жеткізуге үндейді халықты. Ең алдымен, бәсекелік қабілетті күшейтуіміз керектігін айтады. Абай өзінің қара сөздерінде бұрынғы өт­кен бабаларымыздың өнеге тұта­тын қасиеттерінің арасында на­мыс­шылдығын бөле атаған еді. Бәсекеге қабілеттілік дегенді әбден оңайлатып түсіндіретін болсақ, өзгелер жасағанды біз неге жасай алмаймыз, өзгелер игергенді біз неге игере алмаймыз деген намысшылдықты бәрінен бұрын атағанымыз жөн. Қаны­мызға сіңген көптеген дағды­лар мен қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толық­қанды жаң­ғыруымыз мүмкін емес. Әр нәр­сені ұтымды пайда­ла­нуды Ел­басымыз мінез-құ­лықтың праг­матизмі деп атаған. Болашағыңды жоспар­лау, ысырапшылдық пен астам­шылыққа, даңғойлық пен кердең­дікке жол бермеу де осы заманғы прагматизмнің нақты көрінісі болуға тиіс дегенді айтады Елбасымыз. Жаңғырудың өзі жаһандық әлеммен қабыспайтын дағдылар мен әдеттерден арылуды білдіреді. Сонымен бір­ге, еңбекте жанталасқа толы мына заманда өзіміздің төл бітімі­мізді сақтай алудың қаншы­лықты маңыздылығы да айты­лады. Ұлттық салт-дәстүрлері­міздің, тіліміз бен музыкамыз­дың, әдебиетіміздің, жоралғылары­мыздың қадір-қасиеті аспандата көр­сетілген. «Ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» – Елбасымыздың бұл сөзі әр қазақ­тың, әр қазақстандықтың жүре­гінде жатталса дейміз. Жаңғырудың жарқын жолын да осы еңбектен табамыз: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек». Ол қасиеттер тамырымызда бар. Тамырымызда бүлкілдеп жатқан сол қасиеттерді қайта түлетсек, жеріміз де, еліміз де өзгереді. Ол үшін өзіміз өзгеруге тиіспіз. Ал осы оңай ма? Тіпті де оңай емес. Еңбекте Елбасы саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі дей келеді де: «Ен­ді осының бәрі­нен де ауқым­ды және іргелі жұмыс­тарды бастағалы отырмыз», деп қадап көрсетеді. Иә, келіспеске ама­лыңыз жоқ: саясатты өзгерту де қиын, экономиканы өзгерту де қиын, бірақ сананы өзгерту бәрінен де қиын. Бәрі де ойдан бас­та­лады. Ойлаудан басталады. Пре­зидент біздің баршамызды жаңа­ша ойлауға шақырып отыр. Жаңаша ойлаудың үлгісін өзі көрсетіп отыр. Сауытбек АБДРАХМАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты
https://egemen.kz/article/qazaqstandaghy-100-zhanha-esim-zhobasy-bastalady

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы басталады Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес. Оларды ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттауда түрлі шаралар атқарылып жатқаны айқын. Солардың бірі – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.



«Мен бүгінгі замандас­тары­мыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас-қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең... Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады», деген Елбасы мақаласындағы осы бір жолдар жобаның болашақ ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтаса керек. Елбасының рухани жаңғыруға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыруға байланысты арнайы жұмыс топтары құрылған болатын. Солардың қатарында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен бірігіп, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының басты органы ретінде белгіленген-ді. Өткен жұма күні Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың жетекшілігімен аталған жоба жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев: «Табысты болу – атақ­ты болу деген сөз емес. Табыс­ты адамдардың бәрі танымал емес. Сондықтан, біздің жоба­мыздың мақсаты – олардың елге, қоғамға сіңірген еңбегін көр­сету, көпшілікке таныстыру. Жоба­ның аты айтып тұрғандай, біз Қ­азақстанға әлі танылып үл­гермеген жаңа есімдерді іздеп та­буы­мыз керек. Осы бағытта жұ­­мыс жүргізіп жатырмыз», деді. Өз сөзінде Ақпарат және ком­­му­ни­кациялар министрі жур­налис­тер қауымына арнайы қайырыл­ды. Олардың кәсіби қыз­меті барысында әртүрлі тағдыр­лы жандармен жүздесіп, таны­мал болмаса да тағылымды іс жаса­ған кейіпкерлермен жиі кезде­сетінін тілге тиек етті. Журна­листердің жазған мақалалары­нан, жасаған репортаждарынан үндемей жүріп үлкен іс тындырып жатқан азаматтарды саралап, жаңа есімдерді табуға болатындығын қаперге салды. Ал Қазақстан халқы Ассам­блея­сы Төрағасының орынбасары Дар­хан Мыңбай өз сөзінде жо­ба­ның жүйелі жүзеге асуы үшін жан-жақты талқылау керектігін тілге тиек етіп, оның ел ертеңі үшін өзекті боларын алға тартты. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» – бұл шындығында да бұрын-соңды болмаған жоба. Ол еліміздің дамуына үлес қосқан адамдарды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Бірақ оларды іріктеу барысында біржақты қарамай, азаматтың тұлғалық қабілетіне де баса назар аударатын боламыз. Тұлғаның бойында іскерлік, адамгершілік, білім, мәдениет деген ұғымдар болуы міндетті. Оның жүрегінде осындай қасиеттер болғанда ғана ол басқаларға үлгі бола алады. Жұмыс тобы осыларды қалай анықтаймыз деген сұрақтың жауабын табу жолында жұмыс жасайды», деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары. Жобаға үміткерлерді іріктеу барысында еліміздің барлық аймақтары қамтылатын болады. Жалпы, жобаға қатысты ұсыныстар 2017 жылдың 5 маусымына дейін қаралады. Жобаға қатысты «ЕL.kz» сайтының ая­сында «Қазақстанның бет-бейнесі болғым келеді» айдарын ашу жоспарланып отыр. «Қазақстандағы 100 жаңа есімді» іріктеу үшін «ЕL.kz» порталында жаңа функция іске қосылады. Ол нағыз мультимедиалық порталға айналады. Порталда 100, 200 немесе 500 емес, барлық табысты адам­дарды орналастырсақ деген ұсыныс бар. Кез келген адам қалаған уақытында сайтқа кіріп, Қазақстанның жаңа есімдерімен таныса алады», деді Дәурен Абаев. Арнайы жұмыс тобының оты­рысына қатысушылар жаңа есімдерді іріктеу, саралау сә­тінде сан түрлі саланың тізгінін ұстаған білікті мамандар мен ерен еңбегімен көзге түскен жандардың қамтылуы керектігін бірауыздан мақұлдады. Басқалай айтқанда, аталған жобаға қаты­су­шылардың қай-қайсысы да қазақ­стандықтарға үлгі болатындай тұлға болуы тиіс. Сонымен, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыруды бастады. Ендеше, біз де іске сәт дейміз.
https://egemen.kz/article/assambleya-%E2%80%93-rukhani-baspaldaq

Ассамблея – рухани баспалдақ ​Сәрсенбі күні өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы өзек болды.

Елбасы ұсынған «100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қа­зақ­стан­дағы 100 жаңа есім» және бас­қа да зор көлемді жобалар ұлт­тық сананы жаңа сатыға көте­ретініне біз сенімдіміз. Сан ұлттың өкілдері бас қосқан сессия сөз жоқ, біздің мемлекетіміздің қуаты бірлікте, өзара сыйластықта екенін тағы бір жақсы көрсетіп өтті. Шындығында, рухани жаң­ғыру тек бүгін басталған жұмыс емес еді. Бізде тәуелсіздік кезе­ң­ін­де бұл бағытта бірнеше ауқым­ды іс-шаралар атқарылды. Бү­гін­де әлем бойынша 9-орынды ие­лен­ген ұлан-асыр жерді ұрпаққа ама­нат­таған жауынгерлік және ерлік рухымен қатар, Қазақ дала­сы ежелден қонақжайлылық, дана­­лық, парасат пен тату­лық­­тың жо­ғары дәрежесін көр­сетті. Тағдыр жазуы­мен біздің ата­лары­мыз осы қа­сиетті жерде ошақ құрды. Ал бүгін біз бір ту­дың астындағы бір­тұтас Қазақ­стан азаматтары еке­ні­мізді мақ­танышпен айтамыз. Мәселен, 2003 жылы 15 қазанда Қарағандыда облыстық литва «Литуаника» ұйымы құрылды. Мұның өзі сол уақытта рухани жаңғыруға алғашқы қадамдар болатын. Ал облыс орталығында Дос­тық үйі ашылғалы ол мүм­кін­­дік­тері­міз арта түсті. Бұрын­дары тек іс-шараларда бас қоса­тын болсақ, бүгінде Дос­тық үйі об­­лысы­мыздағы түр­лі ұлт өкіл­дерінің мәдени тоғы­сып, толысуына ық­пал етуде. Сондай-ақ, Достық үйін­де ашыл­ған медиация мен халық шығар­ма­шылығына арнал­ған арнайы кабинеттер нәти­желі жұмыс жасауымызға жол ашты. Осы жұмыстардың озық үлгі­сін­дей, «біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сәтті қадамдар әр қазақ­стандыққа берілген мүмкіндік». Барлық отандастарымды алда келе жатқан достық мере­кесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Виталий Ионо ТВАРИОНАС, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, облыстық литва этномәдени бірлестігінің төрағасы
https://egemen.kz/article/birligimizdi-baghalay-bileyik

«Бірлігімізді бағалай білейік» – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Н.П.КАЛАШНИКОВА

– Наталья Павловна, күні кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті. Еліміз енді 1 Мамыр − Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін тойлағалы жатыр. Айтулы осы іс-шаралардың түпкі мақсаты бірдей сияқты. Осыған келісесіз бе? – Әрине, келісемін. Қазақстан халқының бірлігі күні 1996 жылдан бері мереке ретінде аталып келеді. Ал кешегі өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХV сессиясының тақырыбы «Жаңғыру негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» болды. Ассамблеяның сессиясында да, өткен жылдар ішінде мерекеленген Қазақстан халқының бірлігі күнінде де еліміздегі этностар арасындағы өзара ынтымақ, салтанат құрған бейбітшілік, жарасым тапқан достық барынша сөз етілді. Соның арқасында қол жеткізілген табыстарымыз, бағындырған белестеріміз мысалға келтірілді, болашақта атқарылатын өміршең істер тағы бір сараланып, мақсат-міндеттеріміз нақтыланды. Бұл мәселелерде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Егемен Қазақ­стан» газетінде жарияланған «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­малық мақаласының орны ерек­ше екенін баса айтқым келеді. Онымен жақы­нырақ танысқан адамның бо­йын­да еліміздің келешегі кемел, бүгін­гіден ертеңіміз жарқын болады деген сенімділік орнығатыны анық. Мы­салы, мақалада атап көрсетілген ал­да­ғы уақытта қазақстандық құнды­лықтарды қалыптастыру және оны нығайту, ұлттық идеологияны жетіл­діру, қоғамдық сананы трансфор­мация­лау, тағы басқа да мәселелер қазақ­стандықтар үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең бас­ты шарты – ұлттық кодты сақ­тай білу. Мі­не, осылар қоғамның интел­­лек­­туал­­ды дамуына рухани сеп­­те­су­­­ші жа­ңа бас­тамалардың тақы­­ры­бы бо­лады. Сондай-ақ, ол қоғам­­дық келі­сім мен жалпыұлттық бір­­лі­к­ті ны­ғайту­­шы қазақстандық патриотизмге тәрбиелейді. – Еліміздің халқы Алғыс айту күнін де атап өтіп жүр... – Мемлекет басшысының Жарлы­ғымен 1 наурыз Алғыс айту күні деп белгіленді. Қазақстан халқы Ассамб­леясы да 1 наурызда (1995 жылы) құрылған еді. Ассамблеяның ХХIII сессиясында сөйлеген сөзін­де Елбасымыз 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау жөнін­де ұсы­­ныс білдірген болатын. «Қазақ­­стан халқы Ассамблеясы құ­­рыл­­ған күн – 1 наурызды жыл са­йын барлық этностардың бір-бірі­не мейір­бан­дық танытып, ол адам­дар­ды өз туғанын­дай қабылдаған қазақ­тар­ға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті бо­лар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жа­қын­дастыра түс­пек. Бұл күн мейі­рім­діліктің, бүкіл қазақ­стан­дықтар­дың бір-біріне деген досты­ғы мен махаббатының жарқын мере­кесі бола алар еді», − деген еді сонда Елбасы. Бірінші кезекте, бұл күндердегі сал­танат ел Президентінің бірлік пен жасам­паздықты нығайтуға деген саяса­ты­­ның дұрыстығын көрсетіп тұр. Әуел бас­тан ұстанған ынтымақ пен береке-бір­лік­тің жемісті нәтижесіне бүгінде бар­ша қазақстандық куә болып отыр. Ал Алғыс айту күнін, бұл қазақ халқына не­месе барлық этностардың бір-біріне ал­ғыс айтуы ғана емес, сондай-ақ, оны әр аза­мат­тың өз еліне, өз отбасына және өз туған жеріне алғыс айтуы деп қабыл­даған жөн. Алғыс айту күнін атап өту «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриот­тық идеясын жүзеге асыруға және қазақ­­стандық бірегейлікті дамытуға ықпал етеді. Сол себептен де, бұл Қазақ­стан халқы Ассамблеясының қоғам­дық рухани сананы толықтыруға бағыт­тал­ған негізгі жобаларының бірі болмақ. – Бүгінде тіл саясатын жетілдіру және үштілділікті дамыту мәселелері қо­йылып отыр. Сіздің пікіріңіз қандай? – Қоғамды жұдырықтай жұмыл­ды­ратын жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келі­сім негізіндегі қазақстандық модель­дің аталған мәселелерге байланысты өзіндік тәжірибесі бар. Олар ретіне қарай іске асырылып жатыр. Алғашқы кезде мемлекеттік тілді білуге басымдық берілген болса, соңғы жылдары мемле­кет­тік тіл – қазақ тілімен бірге, орыс және ағылшын тілдерін де меңгеру қа­жет­тігі күн тәртібіне қойылып отыр. Ағыл­шын тілі мен орыс тілінің неге қажет екенін Мемлекет басшысы талай рет айтқан болатын. Бұлардан бөлек, елімізде өзбек, ұйғыр, татар және басқа бірқатар этностардың өз ана тілдерінде білім алуларына мүмкіндіктері бар. Корей, неміс, ұйғыр театрлары жұмыс істеуде. Бұдан артық қандай қамқорлық, қандай жанашырлық керек?! Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ағылшын тіліне қатысты мынадай ой айтыла­ды: «Жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби бай­ланыс құралы ретінде жапа-тармағай оқып жат­қан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей». Енді қазақ жазуын біртін­деп латын әліпбиіне көшіру жұмыс­тары қолға алынады. Бұл Қазақстан­ның әлем мәдениетімен және ғылымымен жақы­нырақ танысуына мүмкіндік береді. Екін­ші жағынан, әлемдік қоғамдастықтың Қазақ­стан қоғамымен, Қазақ елінің тарихи-мәдени құндылықтарымен, түрлі өнер туындыларымен танысып, болашақта байланыстар жасауына жол ашады. – Қазақстан қоғамында бейбіт­ші­лік пен келісімнің институттық жүйе­сі нық орнықты деп айта аламыз ба? – Елімізде бейбітшілік пен келісім­ді нығайтудың институттық жүйесі жасал­ған және ол саяси-құқықтық негіз­де жұ­мыс істеп келеді. Бүгінде олар өз мін­де­тін тиімді атқаруда деп айтуымызға бола­ды. Мысалы, Ұлт жоспары шең­берін­де Ассамблея қоғамдық-саяси үде­ріс­терді тиімділікпен жаңғыртуда және ол реформаларды жүзеге асыруда тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ететін негізгі ресурс болып табылады. Сон­дай-ақ, қазіргі кезде Ассамблея қыз­меті­не жаңа бағыттар да қосылып отыр. Олар – қоғамдық келісім мен қо­ғам­дық бақылау институттарын дамы­ту, медитация мен қайрымдылық қыз­мет­терін үйлестіру. Қызметтердің көп­ші­лігі заңнамалық модельдің саяси-құ­қық­тық аспектілерін кеңейтеді. Яғни, қазақстандық бірегейлік пен бір­лікті дамытуға байланысты кешенді іс-шара­ларға қатысуға міндеттейді. Қоры­та айт­қанда, бақ бағалай білгеннің басы­на қо­натынын ұмытпайық, яғни бірлі­гі­мізді бағалай білейік.
https://egemen.kz/article/khalyqpen-tonnynh-ishki-bauynday-uylesken-uyym

Халықпен тонның ішкі бауындай үйлескен ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV сессиясына Қостанай облысынан баратын делегаттардың қатарында Әлімжан Бекмағамбетов те бар. Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Әлімжан Бауыржанұлы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясындағы ғылыми-сарапшылар тобына жетекшілік етеді. Ол Ассамблеяның Елбасы саясаты мен мемлекеттік идеологияны халыққа жеткізуде мүмкіндіктерінің мол екенін сапар алдындағы әңгімемізге өзек еткен еді.

− Әлімжан Бауыржанұлы, әңгі­мені облыстық Ассамблея жанын­дағы ғылыми сарапшылар тобы­ның жұмысына шолудан бастасақ. − Көз өтпесін дейік, біздің ел­дегі ұлт пен ұлыс­тар татулығына, бейбіт күнге сырт көз қызық­қандай. Қазақстанды Отаным деп санай­тын қандай ұлттың өкілі болса да бірін-бірі дос, ағайындай көреді. Елбасы сонау Тәуел­сіздігіміздің алғашқы жыл­дары-ақ елде тату­лық орнамай даму да, береке де бол­май­тынын айтқан болатын. Оның мысалын кей­бір алыс-жақын елдердегі жағдайлардан көріп отырмыз. Елбасы жолдауларында айтылатын, Үкімет атқарып отырған түрлі стратегиялық бағдарла­малар мен жобаларды халыққа жеткізу, оның бүге-шігесін түсіндіру үлкен мәселе екенін білесіз. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Жағдайды, бір мәсе­лені түсінбеген кісі оған мән бермейді. Қазақта «таны­ма­сын сыйламас» деген мәтел бар ғой. Егер Елбасы­ның сая­сатын түсінбеген адам оның маңызына бойлар ма еді? Өт­кен жылы «Ұлысаралық қатынастардың өзекті проб­ле­ма­лары: қазіргі жағдайы және болашағы Қостанай облысы материалдары бойынша» деген ұжымдық монографияны дайындау барысында облыс тұрғындарынан көптеген сауалдама алуға тура келді. Ол облыстың әр шалғайынан жүргізілді. Сонда қостанайлықтар «Мәңгілік Ел» идеясы тура­лы жалпы білетінін, оны Ассамблея сессиясында қабыл­дағанын айтты. Бірақ ішкі мазмұнын терең түсіне қоймағанын да жасырған жоқ. Негізі осындай мәселелерді анықтап, біліп отыру ғылыми-сараптамалық топ жұмысының бір парасына жатады. Ал әлеуметтік сауалдамалар арқылы алынған мұндай материалдар қағаз бетінде қалып қоймауы тиіс. Оның нәтижесі үшін жұмыс жүргізілуі тиіс. Кейін «Мәңгілік Ел» идеясы туралы сонау шалғайдағы ауылдардан бастап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ол қазір де жалғасуда. − Ақпараттық қоғам құрып жатқан қазіргі уақытта Ассамб­лея­ның адам­дарды ойландыратын мәсе­ле­лерді біліп отыруы да маңыз­ды ғой? − Әрине, солай. Қазір ең басты бір мәселе бар. Жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Бәсеке деген ұғымның бәсі басым болып тұр. Тек экономика емес, идеологиялар бәсекесі жүріп жатыр. Батыс өзінің идеологиясын таңғы­сы келе­ді, ал біз өзіміздің ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалуы­мыз қажет. Бұл үшін халқымыз өзгенің мәдениетінен де хабар­дар болуы, өзінікін де жетік білуі тиіс. Мұның барлығы да айты­­л­а сала­тын сөз емес, ол үшін жұмыс істеу керек. Менің әріп­т­е­­сім, филолог ғалым Алмас Әдсадықов жақында өткен бір ба­­с­­қосуда ақпараттық технология дамыған сайын рухани бай­­­лы­­­­ғымызды сақтауды барынша ойластыруымыз қажет еке­­нін айтты. Мен бұл пікірді құптадым. Мысалы, жастардың бү­г­ін­­де ұлттық әдебиетімізді, өнерімізді қалай білетініне көңі­лі­­міз тола ма? Әдеби кітаптардың оқылмайтыны ойлантады. Әбу­насыр әл-Фараби бабамыз тәрбиесіз білімнің қауіпті еке­­нін айтқан екен. Міне, осындай мәселелердің барлығын ха­лық­­­пен ойласуда, түсіндіруде Ассамблеяның мүмкіндігі кең. Біз­де мемлекеттік мекемелер, партиялар халықтың алды­на ба­рады. Бірақ олардың кездесулері шаруашылық, күн­де­лік­ті тір­­­шілік, экономика шеңберінде болады. Ал Ассамб­лея ха­­лық­­­­пен тонның ішкі бауындай үйлесіп, саяси да, эконо­ми­ка­­лық та ұғымнан тысқары, адамгершілік, сыйластық аясында араласады. − Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелердің барлығы да ұлттық бірегейлігімізді сақтау, сол арқылы ұлттық әлеуетімізді күшейту ұғымына саяды. Бұл орайда Ассамблея атқарар шаруа да аз болмас? − Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мақалада халықтың көкейіндегі, уақыттың пісіп жетілген мәселелерін дөп басып айтқан. Ең бастысы, бүгін арпалысқан, технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамыған, бәсеке басымдыққа ие болған дәуірде өмір сүріп отырмыз. Қазір ұлт өзінің рухани келбетін сақтап қалумен қатар, «біздерде мынандай бар, мәдениетіміз мынандай», деп оны әлемге паш етіп көрсете де білуі тиіс. Елбасы ұлттық код туралы айтты. Ұлттық кодымызды сақтау үшін дәстүріміздің озығын алып, тозығынан арылуымыз қажет. Туған өлкесінің, өз ауылының өткенін білмейтіндер аз ба? Оның есесіне өз атасының атын дақпыртқа айналдыратын рушыл көзқарас та жетіп артылады. Елбасы «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нəр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Тіліміз болмаса ұлт­тық руханиятымыздың тамыры суалары дәлелдеуді керек ет­пейді. Ұлттық сананы қалыптастыруды ойлағанда алдымен ана тілімізді білуді, оның байлығын барынша пайдалануды, ме­ре­йін көтеруді алдыңғы орынға қоятын боламыз. Қазір жал­пы білім беру саласында қазақ тарихы пәнін қазақ тілінде, ал ма­те­­матика, физика, информатика пәндерін ағылшын ті­лін­­де оқыту басталып жатыр. Егер бала қазақ тілін білмесе қа­лай пән­ді түсінеді? Үш тұғырлы тілдің мақсаты – қазақ, орыс, ағыл­­шын тілдерін үйрету. Мақсат қойса, тіл үйрену қол­­­дан кел­мейтін шаруа емес. Барлығы да ниет пен еңбекте деп білемін. Мақалада айтылғандарды Қазақстанда ешқандай уайым-қайғысыз бір атаның балаларындай тату-тәтті тұрып жатқан ұлттар өкілдерінің барлығына да түсіндіреміз. Мемлекеттік тілді қазірдің өзінде меңгеріп алған өзге ұлттың жастары жеткілікті. Қостанай өңірінде оның тамаша мысалдары да бар. Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың өз тілін, дәстүрін сақтауға да жағдайдың барлығы бізде жасалған. Ал Елбасы мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы қостанайлықтар тарапынан да ерекше ынта-ықыласқа ие боларына сенемін. Біздің өлкенің тарихы да бай, «Жаңа 100 есім» қатарынан орын алуға лайық замандастарымыз да жанымызда жүр. Мемлекет басшысы меңзеп, айтып отырған қазақстандық патриотизмді күшейтетін осындай қастерлі істердің өрістеуі үшін Қазақстан халқы өңірлік Ассамблеялары тамаша істердің ұйтқысына айналары сөзсіз. Елдің, жердің тарихын білген ұрпақ ол елді де, жерді де сүйеді, мақтан етеді.
https://egemen.kz/article/birliktinh-kieli-besigi

Бірліктің киелі бесігі ​26 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтеді.



Ал Елбасы өзінің жуырда ғана жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», деп негізгі мәселені атап көрсетті. Ұлттық код – ұлттың өзімен бірге ғасырлар бойы жасап келе жатқан құндылығы екені белгілі. Ұлтымыздың қанына сіңген сондай ұлы қасиеттің бірі – достыққа адалдық. Тағдырдың тар жол, тайғақ кешуінде де тамырынан ажырамаған, негізінен бөлінбеген ел елдіктің қадірін ерекше түсінеді. Өткен ғасырдың өзінде-ақ қасіретті, қилы кезеңдерді бастан кешкен халқымыз бүгінгі жарқын заманда да достыққа беріктігін сақтап қалды. Тағдырдың жазуымен қазақ жерін паналап, ұлттың ұлы дәстүрін, салтын бойына сіңірген өзге ұлт өкілдері бүгінде бір шаңырақтың астында тату-тәтті тірлік кешіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде бейбітшілік пен келісімнің киелі бесігіне айналып отыр. Тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағына баланған Ассамблея «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» идеясын ту етіп, тұғырға көтерді. Ел мұраты – ежелден қастерлі, қасиетті. «Тілі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір» азаматтар бір идея, бір мақсат төңірегінде топтасып, тұрақтылықты насихаттап келеді. Еліміз әлемдік дәрежеде де өзінің бейбітсүйгіш, ынтымақшыл халық екенін көрсетті. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы «Достық үйін» ҚХА-ның он жылдығына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан болатын. Содан бері «Достық үйі» облыстағы этнос өкілдерін бір ортаға біріктірген киелі шаңырақ болып саналады. Ал ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінен бой көтерген «Достық үйі» нысанының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Сәулетті ғимаратты салуға мемлекет қазынасынан 1 миллиард 277 миллион теңге бөлініп, мақсатты игерілді. Бүгінгі таңда облыс ассамблеясының құрамында 175 қоғамдық келісім кеңестері, 27 аналар кеңесі, 12 медиация кабинеті, 12 ақсақалдар кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы, ғылыми-сараптамалық топ, қолөнер шеберлерінің клубы және «Ақ желкен» жастар бірлестігі жұмыс істейді. Сондай-ақ мұндағы 240 орындық мәжіліс залы, пікірлесуге арналған дөңгелек үстел алаңы, жүз адамға арналған конференц-зал, ғылыми-әдістемелік бөлмелер, хореографиялық зал өңірдегі игі шараларды өткізуде, Елбасы саясатын насихаттауда оң нәтиже көрсетіп отыр. – Аталған құрылымдық ұйымдар Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, өз бағыттарына қарай жемісті жұмыс жүргізуде. Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен қоғамдық тұрақтылықты, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этносаралық келісімді нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты ілгерілетуге арналған және этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін дамыту мақсатында ауқымды істер атқарылып келеді, – дейді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Маржан Қожаева. Бүгінде облыс халқының этностық құрамын негізінен қазақ, орыс, дүнген, түрік, өзбек, күрді, әзербайжан, қырғыз, корей, татар, неміс және украин ұлтының өкілдері құрайды. Бәрі де «Достық үйі» шаңырағында Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне, дамуына үлес қосып келеді. Бейбітшілік пен келісім ордасының да негізгі мақсаты мен міндеті – ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың дархандығын, кеңпейілдігін дәріптеу, насихаттау. Бұл тұрғыда аталған мекеменің елдік, ұлттық мүдде аясында қалыптасқан өзіндік қағидасы бар. «Достық үйі» көне Тараз шаһарындағы сәулетті нысанның бірі. Сондай-ақ, сапалы жұмысымен де ерекшеленген мәдени-рухани келісім ордасы болып саналады. Еліміздегі әрбір бетбұрыс, жаңа кезең мекеменің назарынан тыс қалмайды. Мәселен, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 86-қадамы бойынша «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жобасы аясында облыстық ҚХА-ның 110-нан астам іс-шара өткізгенін айтуға болады. Шалғай орналасқан және этностар жинақы тұратын елді мекендерде өткізілген іс-шаралармен 55 мыңнан астам халықтың қамтылуы да бірлік пен тұтастықтың жарқын үлгісін көрсетеді. Ал «Достық үйі» Аналар кеңесінің бастамасымен бүгінгі таңда өзекті қалың мал, қыздар арасында ерте тұрмыс құру, туыстар арасында некелесу мәселелерін реттеу бойынша да нақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл бастама бүгінде өзбек, дүнген, ұйғыр, күрд этностары тарапынан да қолдау тапты. Ассамблеяның тағы бір айрықша тұсы – тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерге де үн қосуы деуге болады. Мәселен, облыста аталған мәселелерге байланысты түскен 246 өтініштердің 181-і медиаторлардың араласуымен реттелген. Бұл да бейбітшілік, тұрақтылық орнаған қоғамда мазмұнды маңызға ие көрсеткіш. Сондай-ақ, мемлекеттік саясатты насихаттауда және жаңа реформаларды халыққа түсіндіруде де облыстық Ассамблея мүшелері мен құрылымдары халық арасында жүзден астам кездесулер өткізді. Бүгінгі таңда «Достық үйі» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында бірқатар жобаларды қолға алып отыр. Халқымыздың болмысында қалыптасқан «Туған жер», «Ұлт», «Мәдениет пен салт-дәстүр» ұғымдары ерекше қастерлі. Бірлік пен татулық аясында бұл құндылықтардың да қасиеті арта түсері сөзсіз. Ынтымақты елдің ырысқа кенелетіні, бірлігі мол елдің бақытқа жол табатыны белгілі. Бүгінгі таңда бірлік пен бейбітшіліктің бесігіне айналған мемлекетіміздің маңызды міндеті де, ұлы ұстанымы да осы. Бұл тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет», деген сөзі аса маңызды.
https://egemen.kz/article/qazaqy-pragmatizm

Қазақы прагматизм Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХI ғасырдағы ұлттық сананың өзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы күшіне айналдырудың маңыздылығын атап өткен. Заман талабына сай біртұтас ұлт болу үшін Елбасы рухани жаңғырудың әдістемелік ұстанымдары мен қағидаларын, дүниетанымдық бағыттары мен құндылықтарын саралай отырып, өз көзқарасын оқырман назарына ұсынған.



Елбасы «бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және бола­шаққа жіті көз тіккен бағдар­лар керек. Адамның да, тұтас ұлт­тың да нақты мақсатқа жетуін көз­дейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар ел­дің мүмкіндіктері мен шама-шар­қын мұқият ескеруге тиіс. Яғ­ни, реализм мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды» деген ойды алға тартады. Сонымен, прагматизм идеологиясы – қазақ қоғамының басты қозғаушы күштерінің бірі, дүниетанымымыздың негізі, іс-қимылымыз бен ұста­ным­дары­мыздың, құндылықтарымыздың темірқазығы. Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру филосо­фиясы. Ол бәсекелікке қабілет­тілік­тің де, білім сапасы мен сал­та­нат құруын да, жаңа сана үлгісін де, өмір салтымыз бен адами қаты­нас­тарымызды, санамыздың ашық­тығы мен өзгеру бағыты­мызды айқындайтын парадигмаға айналмақшы. Жалпы, оқырманға түсінікті болу үшін, «прагматизм» ұғымы­на сәл үңілген артық болмас. Прагматизм термині – іс, іс-әрекет дегенді білдіреді. Кейіннен, ХIХ ғасырда, ол америкалық философ Чарльс Пирстің атымен тығыз байланысты болды. Прагматизмді таза АҚШ-тық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ерекше ықпалға ие. Прагматизмнің басты қағидалары: ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе бәрінен де маңызды, адам мақсат үшін өмір сүреді, адам бірдеңеге қол жеткізу үшін салыстырмалы білім де жет­кі­лікті, ақиқаттың өлшемі прак­тика, іс-әрекетте жетістікке жету үшін күмәнді еңсеріп, сенімге ие болу, адам ақиқаттан бұрын сенімге ұмтылу керек деген қағи­даларды ұсынады. АҚШ қоғамының табысты өмір салты негізінде өнімді, тиімді қозғалыс идеясы жатыр. Мұн­дай философияның өзгеріс­тер кезеңінде дүниеге келетінін өмірдің өзі дәлелдеді. Өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келу, өмір сүре білу үшін өзгере білу және соған сәйкес әрекет ету, оны ұлт­тың жиған тәжірибесімен ұш­­тас­тыру практикалық фило­со­фияның өзегі десек те бола­ды. Елбасының прагматизм фило­со­фиясына назар аударып отыр­ған­дығының басты себебі де осында болса керек. Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының күре тамыры прагматизм ұстаным­дарының ұлт санасына сіңуімен тікелей байланысты екенін, ол үшін қанымызға сіңген, мен­таль­дық болмысымыздың сипа­тына айналған кейбір дағды­лар­дан арылу қажеттігі туралы ой айтылады. Солардың бірі – аста-төк ысырапшылдық, даң­ғой­лық, астамшылдық. Әу баста, бұл қасиеттен нарық құтқара­ды, ұлтты үнемшіл болуға, байлық­тың құны мен қадір-қасиетін баға­­лауға үйретеді деген ой-пікір­­дің де болғаны белгілі. На­рық заманының ширек ғасы­рын артқа тастасақ та, әлі сол ысы­рап­шылдыққа жол берудеміз. Үнемдеуді үйрене алмай келеміз. Ысырапшылдық – жеке тұлға, ұжым, әлеуметтік топ, тіпті мем­­ле­кет деңгейінде көрініп отыр­ғаны мәлім. Біздің әлі де болса, еңбекті, бай­­лықты бағалай алмай жүр­гені­міз байқалады. Келген бай­лық адал еңбектің нәтижесі болса, маң­дай теріңмен келсе, мүм­кін ой­ланған болар ма едік? Байлық шашуды емес, жинауды, еселеуді, үнемдеуді қалайды. Бай­лықтың иесі мен киесі болады. Біздегі байлықтардың иесі бол­ған­мен, киесі жоқ. Киесіз байлық кетуге, шашылуға дайын тұрады. Абай сөзімен айтқанда, «иттікпен тапқан малды, адам­шы­лықпен жұмсайтын» уақыт жеткен тәрізді. Бұл – бүгінгі байлықты ұқсату мен жаратудың формуласы. Оның менталдық негізіне жататын қасиеттер – надандық, мақтаншақтық, жалған бақталастық пен бәсекелестік, шек­тен шыққан тұтынушылық пси­хология. Бұл жағымсыз қасиет жеке бастың деңгейі­нен асып, қоғамдық нормаға айна­лып бара жатқаны да белгілі. Руха­ни жаң­ғырудың менталдық кедер­гілері де осында. Елбасының прагматизмнің жарқын үлгілерін бабаларымыз­дың өмір салтынан іздеп, оны бүгінгі өскелең ұрпақтың мі­нез-құлықтық негізі, іргетасы ретін­де қалыптастыру, бүгінгі ұлт­тық идеологияның басты ба­­ғыт­тарының бірі екенін баса көр­сетуі өте орынды. Ұлт мента­ли­тетінде өзіндік орны бар құнды­лық­тардың бірі үнемшілдік, қана­ғат­шылдық. Соңғысы астам­шыл­дық пен ысырапшылыққа жол бер­меудің тегеріштері, тос­қауыл­дары. Кезінде Макс Вебер өзінің «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты еңбегінде ысырапшылдық пен астамшылдыққа жол бермеуді протестанттық этикадан ізде­гені белгілі. Еңбекқорлық, тәр­тіп адалдық, үнемшілдік кәсіп­­керліктің рухани негізі ре­тінде қарастырылып, олар­ды протес­тантизм дінінің өрке­ниет­тік дамуға қосқан үлесі ретін­де қарас­тырды. Адамдар бо­йы­н­дағы еңбекқорлық пен үнем­шіл­­дікті тек протестанттық діни эти­ка қалыптастырды десек ар­тық айтқан болармыз. Осындай ас­там­­шыл пиғылы үшін кезінде Макс Вебердің жоғарыда аталған еңбегін Люк Болтански, Эв. Кьяпелло, Хенрик Гроссман сын­ға алған болатын. Олай бол­са, еңбекқорлық, үнемшілдік, тәртіп, адалдық, кімге де болса ортақ қасиет. Ұлт мәдениеті неғұр­лым осы жоғарыда аталған құн­ды­лық­тарды адамдар іс-әре­кетінің негізі ретінде қалып­тастыруға ұмтылса, ықпалы мен пәрмені күш­ті болса, саналы түрде бағыт­тал­са, аталған құндылықтар сол­­ғұр­лым адамдар санасы мен мі­нез-құлқында көрінері сөзсіз. Ел­ба­сы­ның ұлт менталитетінсіз, мә­де­ниетінсіз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай деп отырғаны да осы. Астамшылдық пен ысы­рап­шылдыққа жол бермеудің озық үлгілері ұлт мәдениетінде, қазақ­­­тың мақал-мәтелдерінде, дүние­таны­мы мен философиясында сай­рап жатыр. Мәселен, Абай өзі­нің қарасөздерінде, ішсем, жесем, ұйықтасам деп туа­тын бала емес, көрсем, біл­сем, үйренсем деп туатын бала­ны тәрбиелеп, оны білімге, ғылым­ға үйретіп, жеңдіріп, қанағат­шыл­дық пен үнемшілдікке үй­рету керектігін талай айтқан болатын. Сонымен қатар, ол мақ­тан­шақтықтың түрлерін көр­сетіп, «десін» дейтіндердің «демесін» дейтіндерден озып кету себебін іздеп, оның түбі надандық екенін, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озбақ. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой, демектің бәрі де ақымақтық, – деп, ой түйген болатын. Бұған қояр тосқауыл қайда? Тосқауыл – білім мен тәрбиеде. Бірақ, бізде білім жалаң. Бұл оның қазіргі кездегі басты ерек­шелігі. Ол адам бойындағы ізгі­лік­ті еселеуге бағытталмаған. Ол үнемдеуді, рационалды өмір салтын құруды, соған сәй­кес мінез-құлық салтанатын ор­нық­­тыруды үйретпейді. Себебі, қоғам­да тұтыну психологиясын наси­хаттайтын ұстанымдар ба­сым. Ол табиғат, жер, адам және қаржы­лық, технологиялық, эко­ло­гия­лық ресурстарымызды пай­да­ланған кезде көрініп жатады. Білімнің гуманитарлық, тәр­биелік бағыты кейінге ысы­рылғаны соншалықты, жоғары оқу орындарында гуманитарлық, дүниетанымдық пәндер мен кафедралар жабылып, білімге жалаң утилитарлық көзқарас қалыптасып отыр. Абай: «ғылым­сыз ахирет жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды », деген еді. Сол тәрізді, бүгінде гуманитарлық білімсіз, шынайы ғылымсыз прагматизмді тек жалаң пайда табудың көзі деп түсінсек тағы да қателескен болар едік. Білім беру жүйесінде прагматизм шынайы шығармашылықтың негізі және адам ойының қозғаушы күші бола алмайтыны тағы белгілі. Ал, бола қалған жағдайда мұндай білімнен өзіндік ойлау, дүниетанымдық құндылықтар шет қалады, білімге деген тұтынушылық көзқарас қалыптасады. Бұл үрдіс, әсіресе, ақпараттық қоғамда кең етек алып отыр. Соның нәтижесінде, жастардың дүниетанымы мен санасы басқа, жат идеологиялық ағымдардың ықпалына тез түсуде. Олай болса, білім беру жүйесінде қазақы прагматизм адамдардың тұлғалық қасиетін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс. Ұлттық мәдениетіміздің асыл құндылықтары негізінде тәрбиеленген, ұлттың рухани тамырынан нәр алған адам ғана, мына аумалы төкпелі заманда өмір сүру үшін өзгере алады және заман ағымындағы өзгерістерді дұрыс қабылдай біледі. Сондықтан да, білім беру жүйе­сінде тұлғаны қалыптас­тыру декларация күйінде қалмай, нақты тұрғыдан іске асуы тиіс. Ондай адам мақсатшыл, нәтижеге қол жеткізу үшін еңбектенетін, өз тағдырының иесі. Ол өз өмірін жоспарлай алатын, стратегиялық тұрғыдан болашағын болжай алатын тұлға. Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін отта­ған хайуанның бірі боласың; адам­шы­лықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы­ның бірі боласың» демеп пе еді? Қазақы прагматизмнің ерек­шелігі де осында. Елбасының праг­мати­калық философиясы осын­дай ойларға жетелейді. Төлеуғали БУРБАЕВ, Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми сарапшылық кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор
https://egemen.kz/article/zhastarmen-zhumysta-qatelikke-zhol-zhoq

Жастармен жұмыста қателікке жол жоқ

Президенттің Қазақстан қоғамының болашағына мәдениет пен руханият тұрғысынан үңілген бағдарламалық ой-толғанысы – біздің стратегиялық міндетіміз. Менің пікірімше, оны еліміздегі барша этностардың мәдениеті мен руханиятын өзара тең дәрежеде дамытатын гуманистік идея және бауырластық келісім ретінде қарастырған жөн.

Мемлекет басшысы бұл жолы да мектептер мен университеттер­дің, тұтас білім берудің рөліне ерекше көңіл бөлген. Шынтуайтында, ЖОО-лар мен мектептер – жас ұрпақты алғаш әлеуметтік ортаға бейім­дейтін, қоғамның то­лық­қанды мүшесіне айнал­дыратын мемлекеттік құрылым. Ал жастарды дұрыс жолға салу өте маңызды. Себебі, Альберт Эйнштейн айтқандай, «Адамның дүниетанымын қайта өзгерткеннен атомды ыдырат­қан оңа­йырақ». Жастармен жұмыс істеуде қателікке жол бермеуге тиіспіз! Менің мектеп пен жоғары оқу орындарының маңызына тоқта­лып отырған себебім, бұл ұлт­ты тәрбиелеуші құрылым бо­лып табы­лады. Қазақстандық бір­тек­тіліктің рухани ұстыны осы­ған бай­ланысты. Демек, білім беру сала­сына, оның барлық құры­лым­дарына «оқыту арқылы мінез құлықты қалыптастыру» деген басты принципті қайтарғанымыз жөн. Біздің университетімізде «Мәң­гілік Ел құндылықтары» пәні қанатқақты жоба ретінде ен­гізіл­ген. Біз дұрыс жолдамыз деп са­наймын. Себебі, Елбасы тұжы­рым­дамасының астарында қазақ халқының мәдени коды мен қазақ­стандық біртектіліктің маңыз­ды сипаты анық аңғарылады. «Мәңгілік Ел» идеясы қазақ халқының сан ғасырлық ар­ма­нына ғана емес, қазіргі Қазақ­стан­дағы барша этностардың даму нәтижесіне де негізделген. Қазақ­стан – менің рухымның нағыз отаны. Мен осы елде өмір сүрген жыл­дар ішінде оның сұлулығы мен бірлігін айқын түсіндім деп айта аламын. Мәдениет­тің рө­лін арттыруға ерек­­­ше көңіл бөл­ген жөн. Себебі, бар­лығы мәдениеттен бастау алады. Егер мәдениетті дамудың стратегиялық руха­ни ресурсы деп қарас­тыратын болсақ, он­да экономикадағы, тех­­нологиядағы, тіп­ті этносаралық қарым-қатынас­тар­­дағы көптеген проблемалар шешімін табады деп санаймын. Ел­басы ұдайы айтып жүргендей, мәдениет дегеніміз – ашу-ыза­ға, бей­берекеттікке, біздің өміріміз­дің барлық саласындағы тәртіп­сіз­діктерге қарсы тұра ала­тын қасиет. Бүгінгі таңда теледидарда, бар­­­лық бұқаралық ақпарат құрал­дарында мектептерде, университеттерде, отбасыларда жастарды ҰЯТ деп аталатын рухани негіз ар­қылы тәрбиелеген жөн. Олай дейтінім, ұят адами ар-намыс­тың қорғаны ғана емес, ол біздің өмірі­мізді басқаратын күш. Тағы бір атап өтер жайт, Н.Назарбаев адами капиталдың рөліне кезекті мәрте ел назарын аударды. Елбасының мақаласынан Отаны мен Елін сүйетін азаматтарға деген қамқорлық сезіліп тұр. Осы орайда, азаматтардың бойында туған елге деген шынайы махаб­бат пен патриоттық рухты қалып­тас­тыру мектебіне айналған Қазақ­стан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше деп ойлаймын. Қазақ­стан халқы Ассамблеясы азамат­тары­мызды өз халқын сүюге, Ота­нына адал болуға тәрбиелейді. Анатолий БАШМАКОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі
https://egemen.kz/article/qoghamdyq-sanagha-qozghau-saldy

Қоғамдық санаға қозғау салды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай Шығыс Қазақстан облысы активінің жиыны өтіп, өңірдегі ұйымдар мен әр саланың өкілдері қоғамдық санаға қозғау салған стратегиялық құжаттың мән-маңызы жөнінде ой-пікірлерін білдірді.



«Мемлекет басшысының бұл мақаласы – ұлттық сананы жаңғырту жобасы және Қазақстан қоғамын дамытудың идеологиялық негізі. Сондықтан, оны жете түсініп, негізгі міндеттерді іске асыруға үлес қосу әрбір ел азаматының қасиетті парызы болуы тиіс», деді жиында ең алдымен сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова. Баяндамашы мақалада білім саласына айрықша көңіл бөлінгенін, бүгінде 91 шығысқазақстандық жас шет елдің 11 беделді оқу орындарында «Болашақ» бағдар­ла­ма­сымен білім алып жатқанын, өңірдегі 8 жоғ­а­­- ры оқу орны мен 82 колледжде 62 мың жас­тың оқып жүргенін атап өтті. Өңірде мәдениет саласына да ерекше мән беріліп, былтыр аймақтағы бес бірдей тарихи орынға әлемнің үздік археолог ғалымдарының қатысуымен қазба жұмыстары жүргізілгенін, Катонқарағай ауданындағы Берел жазығында аспан асты мұражайы ашылғанын, бұл ба­ғыт­тағы жұмыстардың биыл да жалғасын та­батынын жеткізді. Әсем Нүсүпова Елбасы мақаласында атап өтіл­ген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асы­руға шығыс жұртшылығының белсене қа­тысатынына сенім білдіріп, өңірдің бұл та­рап­та өз тәжірибесі, өз үлгісі бар екендігіне тоқ­талды. «Шығыс Қазақстанда бірнеше жылдан бері «Туған жерге тағзым» акциясы жүзеге асырылып келеді. Акция аясында осы өңірден қанат қаққан кәсіпкер, меценат азаматтардың көмегімен құны 25 миллиард теңгені құрайтын 4 мыңға жуық жоба іске асырылды. Мектеп, балабақшалар, спорт кешендері салынды», деді облыс әкімінің орынбасары. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов Елбасының мақаласы көзі қарақты, көкірегі ояу жұртты бейжай қалдырмайтынын, ұлтымыздың құндылықтарын көзіміздің қарашығындай сақтауға шақыратынын тілге тиек етті. «Мақалада прагматизм мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес деп анық айтты. Президент еліміздің эво­лю­циялық дамуы, ұлттық бірыңғай тұтастық, бі­­лім беру салаларын қамтитын ру­­хани жа­ңа­ру жолын ұсынды», деді ол. Бұдан кейін сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик: «Жұрт­­шы­лық жылы қабылдап жатыр. Алайда, ал­ды­мызда үлкен міндет тұрғанын ұмы­т­пайық. Елбасы мақаласында жүктелген мін­­деттерді өңірдің әрбір тұрғынына жет­кі­зуге тиіспіз», деді. Облыстық мәслихаттың депутаты Риза Молдашева Мемлекет басшысы сөз еткен «Туған жер» бағдарламасының мәні терең екендігін, жастарды патриоттық рухта тәр­би­елеуге ерекше үлес қосатынын атап өтіп, журналистер қауымына да артылар жау­апк­ершілік жүгі салмақты екендігін жеткізді. Жиын соңында сөз сөйлеген Семейдегі электртехникалық колледжінің директоры Азат Сарпеков шығысқазақстандық жас­тардың Президент мақаласын зор ықы­ласпен қабылдағанын, әсіресе, «Жаңа гу­манитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы замандастарының ерекше қызығушылығын туғызып отырғанын айтты.



http://www.kazpravda.kz/news/politika/kandidaturi-zampredov-ank-rassmotreli-na-zasedanii-v-astane/

Заседании Совета Ассамблеи народа Казахстана под председательством Государственного секретаря Республики Казахстан Гульшары Абдыкаликовой состоялось в Астане в преддверии сессии АНК, передает Kazpravda.kz со ссылкой на сайт Акорды. 

В своем выступлении Гульшара Абдыкаликова подчеркнула роль Ассамблеи народа Казахстана, обладающей огромным потенциалом созидания, в реализации поставленных Нурсултаном Назарбаевым задач политической, экономической и духовной модернизации страны.

Как отметила Госсекретарь, сегодня фактором успеха нации является конкурентоспособность человека. Ассамблея должна внести свой вклад в формирование культуры современного общества, в реализацию программы "Туған жер", проектов "100 новых лиц Казахстана", "Сакральная география Казахстана", которые являются базовой основой воспитания патриотизма, сохранения культурно-генетического кода нации, укрепления национальной идентичности.

В ходе заседания были обсуждены опыт реализации новых направлений деятельности Ассамблеи в Костанайской области, деятельность депутатской группы АНК в Мажилисе Парламента страны, работа Ассоциации общественных объединений узбеков Казахстана "Дустлик".

В соответствии с принципом ротации Совет АНК выдвинул на рассмотрение сессии АНК кандидатуры общественных заместителей Председателя Ассамблеи, одобрил предложение Секретариата об учреждении нагрудного знака "Жомарт жан" АНК и утвердил Положение об общественных наградах Ассамблеи народа Казахстана.

В заседании участвовали депутаты Парламента РК, заместители акимов и заведующие секретариатами региональных ассамблей, представители министерств и ведомств, республиканских и региональных этнокультурных объединений, члены Научно-экспертного совета АНК, представители СМИ.

Напомним, завтра, 26 апреля, под председательством Президента Нурсултана Назарбаева состоится XXV сессия Ассамблеи народа Казахстана "Стабильность, единство, согласие – основа модернизации".

http://www.kazpravda.kz/media/upload/61/2017/04/25/ba3eec753e5ed3af29c4814b592fe588.pdf

Накануне XXV сессии Ассамблеи народа Казахстана в Астане прошло расширенное заседание Совета АНК с участием Государ- ственного секретаря Гульшары Абдыкаликовой, заместителя Председателя – заведующего Секретариатом АНК Админи- страции Президента Дархана Мынбая, депутатов Парламента, представителей центральных и местных госорганов, этнокуль- турных объединений, научно­ экспертного совета. Как подчеркнула Гульшара Абдыкаликова, тема юбилейной сессии АНК – «Стабильность, единство, согласие – основа мо- дернизации». Она напомнила, что с начала года Президент выступил с тремя масштабными инициативами, направленными на дальнейшее всестороннее раз- витие государства и общества – это конституционная реформа, Послание «Третья модернизация Казахстана: глобальная кон- курентоспособность» и статья «Взгляд в будущее: модерниза- ция общественного сознания». – Лидером нации поставлена задача опережающей модерни- зации общественного сознания, которая не просто закономерна и логически дополняет поли- тическую и экономическую мо- дернизацию, но и выступает их ментальной основой. В новой ре- альности ключевым принципом нашего развития должно стать внутреннее стремление каждо- го казахстанца к обновлению, конкурентоспособности, пра- гматизму. При этом мы должны укрепить наш национальный дух. Собственный национальный код должен определять открытость нашего сознания, его восприим- чивость к инновациям и модерни- зационным трендам. Мы строим гражданскую нацию с опорой на общие духовные ценности, – под- черкнула Госсекретарь. По словам Гульшары Абдыка- ликовой, широкая обществен- ная поддержка – необходимое условие успешной модернизации страны. Поэтому АНК, обладаю­ щая огромным потенциалом созидания, призвана внести свою лепту в формирование казахстанской идентичности, укрепление единства и согласия в обществе. В текущем году все структуры ассамблеи должны принять деятельное участие в реализации задач политической, экономической и духовной мо- дернизации. В этом контексте Госсекретарь обозначила ряд задач. В первую очередь, подчеркнула Гульшара Абдыкаликова, АНК должна при- нять непосредственное участие в работе по совершенствованию законодательства и практики его применения, устранению причин и условий, способствующих на- рушению прав, свобод человека и гражданина, гарантированных Конституцией РК. А с учетом но- вых форматов в работе законо- дательной, исполнительной и судебной ветвей власти необхо- димо выработать эффективные схемы взаимодействия Совета АНК, депутатского корпуса ас­ самблеи в Мажилисе и масли- хатах, советов общественного согласия и других структур АНК. Еще одно важное направле- ние деятельности – поддержка инициатив и программ, направ- ленных на повышение образо- вательного уровня граждан, их ориентации на профессиональ- ный успех, формирование здо- рового образа жизни, культуры рациональности и умеренности. Все это станет вкладом АНК в формирование конкурентоспо- собной нации. – В связи с этим особую зна- чимость приобретает предло- женный Президентом проект «100 новых лиц Казахстана». Подлинные истории жизни и успеха наших современников призваны стать образцом для подражания, для трезвого и объективного взгляда на жизнь. АНК должна принять активное участие в реализации программ «Туған жер», «Сакральная гео­ графия Казахстана», которые стали базовой основой воспита- ния патриотизма, сохранения культурно­генетического кода нации, укрепления националь- ной идентичности, – обратила внимание Госсекретарь. Также она подчеркнула, что ассамблея должна внести свой вклад в разъяснение необхо- димости и важности перевода казахского алфавита на лати- ницу, в обеспечение единства и согласия по этому вопросу. С участием всех структур АНК не- обходимо проводить работу по отбору лучших произведений национальной культуры и их презентации за рубежом. Госсекретарь особо подчерк­ нула, что работа АНК должна исходить из общественных по- требностей, быть ориентирован- ной на интересы и нужды людей. Особое внимание необходимо уделять молодежи. В работе с населением в целом важно актив- нее использовать возможности домов дружбы как ресурсных, культурных, методических цент­ ров для общественных объе- динений, центров поддержки социально значимых проектов и мест проведения культурно­ массовых мероприятий. – Все необходимые условия для реализации поставленных по всем приоритетным направ- лениям задач имеются. Преж­ де всего, это накопленный за годы независимости созида- тельный потенциал общества и государства, стратегические и программные документы, в которых определены основные направления работы на этапе глобальной трансформации. Все обозначенные аспекты должны всегда оставаться в фокусе вни- мания советов и секретариатов АНК в центре и регионах, – под- черкнула в завершение Гульшара Абдыкаликова. В ходе заседания были обсуж­ дены опыт реализации новых направлений деятельности ас- самблеи в Костанайской области, деятельность депутатской груп- пы АНК в Мажилисе Парламен­ та страны, работа Ассоциации общественных объединений узбеков Казахстана «Дустлик». О деятельности депутатской группы АНК в Парламенте участ- ников заседания проинформи- ровал ее руководитель, депутат Мажилиса Сауытбек Абдрахма- нов. На сегодня в группу помимо девяти депутатов от ассамблеи входят также 22 мажилисмена, представляющих все партийные фракции. – Депутатская группа выстраи- вает уникальный межпартийный диалог, не имеющий аналогов в мировой практике парламента- ризма. В условиях многопартий- ного Парламента она призвана выполнять функцию института межпартийного сотрудничества по вопросам общественного со- гласия, толерантности, нацио­ нального единства и независи- мости, – подчеркнул Сауытбек Абдрахманов. По предоставленным мажи- лисменом данным, с 1 сентября 2016 года депутаты группы АНК в рамках законотворческой ра- боты внесли 1 394 предложения и поправки к законопроектам, приняли активное участие в обсуждении проекта Закона РК «О внесении изменений и до- полнений в Конституцию РК». В частности, именно по инициа­ тиве депутата от ассамблеи в Основной закон было внесено изменение, благодаря которому межконфессиональное согласие, наряду с межнациональным, по- лучило признание как конститу- ционная ценность. Депутаты АНК регулярно про- водят приемы граждан, выступа- ют с депутатскими запросами, участвуют в рабочих группах по законопроектам, совершают по- ездки в регионы, активно реаги- руют на злободневные вопросы жизни общества, поддерживают благотворительную деятель- ность. Главное же, как подчеркнул Сауытбек Абдрахманов, – депу- татская группа АНК в Мажили- се стала одним из конкретных механизмов продвижения идеи межэтнического согласия как основы стабильности и развития страны, и деятельность ее будет постоянно совершенствоваться. Дархан Мынбай отметил боль- шую активность депутатов от АНК и обратил внимание на не- сколько важных задач, реше- нием которых им необходимо заняться. Так, во время выездов в регио­ ны мажилисменам необходимо активизировать работу по ин- формированию населения о сути и преимуществах программы «Серпін­2050». В соответствии с Посланием Главы государст- ва «Третья модернизация Ка- захстана: глобальная конку- рентоспособность» совместно с Министерством образования и науки, акиматами областей, го- родов Астаны и Алматы нужно усилить работу по информиро- ванию и ориентации молодежи на наиболее востребованные специальности, которые можно получить по программе «Бес- платное профессионально­тех- ническое образование для всех». Также, подчеркнул заместитель Председателя АНК, депутатам ассамблеи совместно с акимата- ми регионов, советами общест­ венного согласия надлежит взять под контроль реализацию всех проектов, указанных в програм- мной статье Президента «Взгляд в будущее: модернизация об­ щественного сознания». Кроме того, в ходе совещания Совет АНК в соответствии с прин- ципом ротации выдвинул на рас- смотрение сессии кандидатуры общественных заместителей Председателя ассамблеи, одоб­ рил предложение секретариата об учреждении нагрудного знака «Жомарт жан» АНК и утвердил Положение об общественных наградах Ассамблеи народа Ка- захстана. …Участникам расширенного за- седания Совета АНК также была представлена научная работа «История межэтнических и меж- конфессиональных отношений в Республике Казахстан, вклю- чая историю наиболее крупных этносов». Исследовательский проект был выполнен в рамках госу- дарственной программы «Народ в потоке истории», над ним три года работала большая команда ученых Академии госуправле- ния при Президенте РК, членов научно­экспертного совета АНК. Как отмечают авторы, в новом труде впервые систематизиро- ваны историко­этнографические данные по некоторым крупным этносам Казахстана, собраны материалы по традициям, обы­ чаям и обрядам, верованиям. Проанализированы демогра- фические параметры развития проживающих в стране этносов. Важным практическим резуль- татом этой работы, по мнению ее авторов, может стать использо- вание полученных материалов в учебном процессе, воспитании патриотизма через познание истории и традиций как осно- вы национального кода казах- фото Игоря Бургандинова станцев

http://www.kazpravda.kz/fresh/view/gordimsya-svoim-gosudarstvom/

Гордимся своим государством

Идеи, высказанные Президентом в программной статье «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания», близки сердцу каждого казахстанца.

Не случайно акцент в статье сделан на человеческом факторе, поставлены серьезные задачи по развитию интеллектуального потенциала, конкурентоспособности, инициированы важнейшие культурно-нравственные проекты. Ведь в основе духовного роста – внутренняя переоценка ценностей, обновление общества, основой которого должны стать традиции и культура.

Сейчас акиматом Алматинской области разрабатывается соответствующий план мероприятий. Активное участие в них принимают областная АНК и все этнокультурные объединения. Надеюсь, каждый гражданин страны, особенно молодежь, проникнется идеями Лидера нации по модернизации общественного сознания, будет способствовать развитию экономики, культуры, совместному решению социальных проблем.

Областная АНК реализует культурологические проекты «С любовью – в Казахстан», «Беседы на Великом шелковом пути», в которых пропагандируются духовное наследие и многообразие культурной палитры этносов республики. И что немаловажно, в осуществлении этих программ активно участвуют школьники и студенты. Молодое поколение должно знать историю своей страны, родного края. Думаю, краеведческий проект «Туған жер», инциированный Президентом, будет способствовать развитию патриотизма с детства.

Еще одно условие модернизации нового типа – сохранение этнической культуры, собственного национального кода. Не секрет, что традиции сострадания и взаимопомощи, исторически заложенные в душе казахского народа, стали хорошей основой для сплочения всех этносов, проживающих в республике.

Вскоре в парке «Жастар» Талдыкоргана будет построено уникальное архитектурное здание, которое ассамблея предлагает сделать культурно-познавательным центром. Здесь планируется собрать книги, видео- и фотоматериалы, демонстрирующие ценности нашей общей культуры. Намечено проведение семинаров, диспутов, будут сформированы так называемые «духовные караваны», которые проедут по самым отдаленным уголкам Алматинской области.

Мы гордимся тем, что нам, казахстанцам, живущим мечтой о мире и добре, удалось построить сильное, процветающее государство. Как сказал Президент, «только те народы, которым удастся опередить будущее и решительно пойти навстречу вызовам, окажутся победителями». И этот народ – народ Казахстана!



Каталог: sites -> default -> files -> print pdf
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми акции анк «конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»
print pdf -> Астана 2016 Ассамблея народа Казахстана дайджест по информационному обеспечению деятельности ассамблеи народа казахстана и XXIV сессии анк
print pdf -> Ұлт рухының тірегі
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми расширенного заседания Совета Ассамблеи народа Казахстана
print pdf -> Ассамблея народа Казахстана дайджест по освещению в сми мероприятий анк с участием Государственного секретаря рк в г. Талдыкорган
print pdf -> Бірлік қуаты Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамға серпін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
print pdf -> 9 декабря 2016 года астана 2016


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет