Дарынды балалармен қазақ тілі пәнінен шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру жолдары. «Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жетілмейді»



Дата02.02.2018
өлшемі93,55 Kb.
#37403
Дарынды балалармен қазақ тілі пәнінен шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру жолдары.
« Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жетілмейді».

Ж. Аймауытов
Қазіргі кезде жаппай жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдегі бәсекелікті күшейте түсті. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы «Қазақстанның әлемдегібәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жолдауында«Білім беру реформасы –Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.Ал білім беру жүйесіндегі негізгі тұлға-мұғалім. Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай алатын жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін азамат дайындап, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек.Бұл өмір талабы.Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, оны меңгертуге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр.Осы орайда оқу үрдісін технологияландырып, балалардың шығармашылық жұмыс орындауына жағдай жасау керек.Шығармашылық қабілет әр оқушының бойында бар. Мұғалімнің міндеті сол баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.Кез келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты.Сондықтан, оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізілуі керек.Шығармашылыққа үйрететін сабақтардың бір түрі жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтықмастық қатынас сақталады.Оқушы шығармашылығын дамыту бір күннің, бір айдың емес бірнеше жылдың үздіксіз еңбегін талап етеді

Ақпаратты-коммуникативті технология сабақта мәтінмен жұмысты, дыбыспен жұмысты, суретпен, сызбамен жүргізілетін жұмыстарды жаңаша қолдануға мүмкіндік және бұл жұмыс түрлеріне жаңа сипат беріп отыр Ж.Аймауытовтың : «Баланының ынтасын арттыру үшін, оқытатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп айтқанын ескерсек, танымдық іс-әрекеттердің қозғаушы күші, қызығушылықты тудыратын компьютердің, электронды оқулықтың, интербелсенді тақтаның рөлі оқушылар үшін ерекше екені белгілі. Интербелсенді тақтадан видеоүзінді немесе ертегі көрсетіліп, сол көрген фильмге аннотация жазу.

Шығармашылық жұмыстың ең жоғарғы сатысы –ол жоба жазу. Жоба жазуда оқушы презентация жасайды. бұл жұмысты жасау барысында баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, әстетикалық талғамы өседі. Оқушы келіп жатқан сан-мың ақпараттың ішінен өзіне керегін таңдап алуға,оны сараптауға, жүйелеуге үйренеді. Мысалы жыл сайын «Зерде» ғылыми жобасына дайындалу кезеңінде менің оқушыларым ақпаратты жүйелермен көп жұмыстар атқарады.Сабақ орыс орыс тілінде жүретін мектеп оқушысын, оның ішінде өзге ұлт балаларын қазақ тілінен жоба жазуға баулу үлкен шыдамдалақты, үздіксіз еңбекті талап етеді. Бастауыш сыныпта сөздік қорлары толық дамымаған, күнделікті өмірде қазақ тілін қолданбайтын балаларды әдеби шығармаларды оқуға, оның ішінде ертегілерді оқып зерттеуге үйрету мұғалімнен аса шеберлікті талап етеді

Жоба жұмысын бастарда кез-келген мұғалімнің алдында ең күрделі де, жауапты жұмыс- тақырып таңдау тұрады.Бастауыш сынып оқулықтары ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған, балалардың да сөздік қорлары әлі дамымаған. Осындай тығырықтан шығу үшін мен әдеби шығармаларға сүйенуді дұрыс деп таптым. Балалармен бірге ертегілерді оқып, қызықтыратын кейіпкерлер туралы сұрадым. Қазіргі оқу жүйесінде жеке тұлғаны дамыту бағыты кеңінен таралған. Бұл бағыттың қажеттілігіне бірнеше себеп бар.Біріншіден: Күнделікті өзгеріске ұшырап, қарқынды дамып отыратын қоғамға бейім тұлға тәрбиелеу.Екіншіден: Бұл бағыт балалармен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынастыжаңаша құруға көмектеседі.Ал жаңаша қарым-қатынас қазіргі өздерін еркін ұстайтын, өз ойларын ашық айтатын өжет балалармен жұмыс істегенде міндетті түрде қажет.Үшіншіден: балалармен үлкендер арасындағы байланысты адамгершілік негізіне бағыттау.

Осыдан балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесінде жеке тұлғаны дамыту

бағытының қажеттілігін көруге болады.

Жеке тұлғаны дамыту бағытында ерекше орын алатын жұмыс түрі-жоба

жұмысы. Үнемі ізденісті талап ететін бұл жұмыс оқушыны ойлануға, жүйелеуге, саралауға ғана үйретіп қоймайды, сонымен қатар өз ойын түйіндеуге, өз көзқарасын білдіруге үйретеді.



Жоба жұмысының мақсаты мен ерекшеліктері.

Әрбір оқушының өзіне деген сенімділігін арттырып, өз мүмкіндігін көрсетуге үйретеді.

Топтық және ұжымдық жұмыстың маңыздылығын түсінуге,бірлесе жұмыс

істеуге ,шығармашылық жұмыстарды орындауда өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыруға үйретеді.

Балалардың сөйлеу қабілетін дамытады.Өз ойын толық жеткізе білуге,сондай-ақ өзгелердің ойын тыңдай білуге баулиды.

Келіп жатқан көп ақпараттың ішінен өзіне керегін таңдап алып саралап,

сұрыптап, жүйелі түрде жан-жақты зерттеуге және өз жұмысын қорғай білуге үйретеді.

Жоба жұмысының кезеңдері
1.Дайындық кезеңі: балалар ұжымында шығармашылық атмосфера

қалыптастыру.Балалардың өздерін қызықтыратын тақырыптарды анықтау

проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру.

Ұйымдастыру кезеңі: Іс-әрекетті жоспарлау, жұмыс түрлерін таңдау,

ақпарат көздерін анықтау, топтар құру т.б.



3.Жұмыс кезеңі: Жобамен жұмыс. Атқарылған жұмыстарды саралау.

Жетекшімен кеңесіп,жобаны қорғауға дайындалу.



4.Жобаны қорғау. Нәтижелермен таныстырып,өз жұмысын қорғау.

Атқарылған жұмыстың жақсы және нашар тұстарын саралап,жоба барысында жеткен жетістіктерін көрсету. Жаңа жобалар тақырыптарын талқылау.

Қазақ тілі пәні бойынша жоба жұмысын орындау –бұл мұғалімнің

ұйымдастыруымен, оқушының өз бетінше орындаған, нәтижесінде

шығармашылық еңбек туындаған бірлескен әрекеті.

Ұйымдастыру кезеңі.

Бұл кезеңде мен балаларға үйірме уақытында ертегілер оқытамын.

Оқылған ертегілердің мазмұнын әуелі орысша содан кейін қазақша айтуға

үйретемін. Мазмұнын түсінгеннен кейін кейіпкерлерін, оқиға болған кезеңді балалар суреттеп айта бастайды. Осы кезеңде балалардың өз ойларын айтуға басқалардың пікірімен келісу-келіспеу мүмкіндігі пайда болады.

Оқылған ертегіні рөлдерге бөліп, сахналық көрініс ретінде де қойып,

соңынан өз еңбегіміздің жақсы және көңілімізден шықпаған тұстарын

саралап көрдік.

Жоба жұмысының алғашқы кезеңі болғандықтан, тақырыппен қатар базалық лексика мен грамматика да берілуі кажет.Балалар тақырып бойынша сөйлемдер құрастыра бастайды. Қысқаша мәтіндер мен шығармалар тудындады. Әрине сауаттылық жағынан көп жұмыстар жүргізуге тура келді.

Бұл кезеңде оқушылардың барлығы бірдей тақырыпты өз бетінше

таңдай алмайды,сондықтан да мұғалім әр баланың алған тақырыбы өзіне

қызықты ғана емес қабілетіне сай болуы керектігін де қадағалау керек.

Жоба жұмысының жемісті болуы тақырыпты дұрыс таңдауға тікелей

байланысты екенін түсіндіре білу керек.

Тақырып таңдалып алынғаннан кейін, уақыт көлемін белгілеу қажет.

Қандай ақпарат көздері мен материалдар қажет екенін анықтау.

Жұмыстың мазмұны мен көркемдік тұстарын орындаумен қатар,

нәтиженің ұтымды түрде көрсетілу жолдарын анықтау.

Жобаны жазу. Бұл кезең жұмыстың ең күрделі, маңызды және уақыт

жағынан да ең көлемді кезеңі.Жобаны жазу кезеңін қайталау мен бекітудің

бір жүйеге еніп бір процесске тоғысу кезеңі деп атауға болады.

Өйткені дәл осы кезде балалар бар білімдеріне сүйеніп,сол білімдерін

дамытуға жаңа ақпарат көздерін іздейді,зерттеу нысанына деген өз көзқарасы мен пікірлері қалыптасады.

Мұғалім жұмыстың әрбір кезеңінде қазақша орындалған тапсырманы

тексеріп отыру қажет. Қазақ тілі мұғалімінің басты мақсаты тіл үйрету

болғандықтан оқушылардың жұмыс барысында қазақ тілін қалай

қолданғанын бақылау өте маңызды. Өйткені күнделікті өмірде пайдалануға мүмкіндік туғызу керек.

Осы кезеңде балалар өз сөздік қорларын пайдалана отырып, жаңа

күрделі сөйлемдер құрауға үйренеді. Әр кезеңдегі орындалған жұмыстарды саралап,нәтижелерін талқылап, кем түскен тұстарын анықтап қателерін түзету бұл жұмыстың негізгі кезеңдері. Жұмыс жазу барысында баланың лексикалық сөздік қоры байып, сауатты жазуға дағдылана түседі. Оқушымен бірге отырып талқылау, жұмыстың жақсы немесе нашар жақтарын бірлесіп айқындау баланың тақырыпқа деген өз көзқарасын қалыптастрып ғана қоймай,өз жұмысына сыни көзбен қарауға да үйретеді.

Мүмкіндігіне қарай сабақта және сабақтан тыс уақытта өзі жазған жұмысынқазақ тілінде сыныптастары алдында баяндауға дағдыландыру қажет. Нәтижесінде бала сыныптастары алдында өз жұмысын қазақ тілінде баяндап,бұл тілді жетік білетінін, сауатты жазатынын, өз ойын еркін жеткізе алатынын көрсетеді. Мұндай жетістік басқа балаларды да осындай жұмыстарға қызықтырып жетелейді. Оқушы бойындағы сенімсіздік жоғалып, бала тартынбай, қате жіберуден қорықпай сөйлеуге дағдыланады. Күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға жол ашатын бір тәсіл осы деп ойлаймын.



Жобаны қорғау. Бұл жоба жұмысын орындаудағы үшінші кезең. Оқушы

жұмыстың техникалық тұстарын аяқтайды. Жұмыста компьютерді пайдалану балалардың қызығушылығын арттырады. Компьютерлік презентациямен қорғалатын жұмысқа балалар ерекше құлшыныспен кіріседі.Өкінішке орай, техниканың бұл кереметін әр сабақта қодану мүмкіндігі болмай қалады.

Тақырыпты таңдаудан оны қорғауға дейінгі жұмыс кезеңдері сол

тақырыптың күрделілігіне байланысты. Жұмыс басында балалар өзін

қызықтыратын немесе өмірде қажетті деп есептейтін әрі қарапайым

тақырыптарды таңдайды. Ал жұмыс соңында бала соның қызықтылығын,

қажеттілігін дәлелдеп шығады. Мұндай жұмыс оқушылардың коммуникативтік сөйлеу қабілетін дамытып,мәтінмен жұмыс істеуге,қазақ тіліндегі деректерден өзіне қажеттісін ала білуге дағдыландырады. Сондай-ақ ақпаратты саралап, керекті –керексізін ажырата білуге үйретеді. Пікірталас тудырып, өз ойын айтып, өзгелердің ойын тыңдай білуге де қалыптастырады.

Жобамен жұмыс оқу материалын меңгертіп ғана қоймай, сондай-ақ балалардың интеллектуалды және адамгершілік дамуын қалыптастырады.Өз бетінше жұмыс істеуге, мұғаліммен, құрбыларымен жақсы қарым-қатынас жасауға,өзгеге көмектесе білуге үйретеді. Яғни балалар мен мұғалім арасын жақындастырады. Бәсекелік, дөрекілік, өзін өзгелерден жоғары санау бұл технологияға жат қылықтар. Мен жоба жұмысымен айналысқан өз оқушыларымның арасында мұндай әрекеттердің азайғанын, тіпті мүлдем жоғалғанын байқадым. Мұндай жұмыс сынып ұжымын бірлестіруге, ұйымшыл болуға баулиды деп ойлаймын. Ең бастысы жоба жұмысы қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық тудыратын негізгі құралдардың бірі.

Жоба жұмысы адамгершілік негізге бағытталған. Балаға жеке тұлға ретінде

қарап, қабілеті мен қажеттілігін есепке ала отырып оны жеңіске ұмтылуға

жетелейді. Мұндай жұмысты оқушы жеке, жұппен немесе топпен орындауына болады. Жоба жұмысы қысқа мерзімді және ұзақ уақыт орындалатын болып та бөлінеді. Бірақ кез келген орындалған жоба ол шығармашылық жұмыс, өйткені ол орындаушыдан талпынысты, шыдамдылықты және шығармашылыққабілетті талап етеді. Ал тіл үйрету мақсатында орындалатын жобаның басқажобаларға тән белгілермен қатар кейбір ерекше тұстары да бар.Қазақ тілін күнделікті қолданыстағы тілге барынша жақындататын жағдайларда пайдалануБаланың өз бетінше шешім қабылдап, жеке жұмыс жасауына жағдай тудыру.Оқушылар арасында қызығушылық тудыратын және сол жоба орындалатын жағдаяттарға байланысты тақырып таңдау.

Жобаның тақырыбы мен мақсатына байланысты тілдік материалдарды таңдау,тапсырмаларды түрлері мен орындалу тәртібіне байланысты жүйелеу.Жұмыс нәтижелерін саралау.Қазақ тілі мұғалімі балаларды сөйлесім әрекеттеріне үйретеді, сондықтан да біз оқушылардың коммуникативті қабілетін дамыту біздің негізгі

міндеттеріміздің бірі деп атаймыз. Жоба жұмысы тіл мұғалімінің алдында

тұрған барлық мәселелерді шешеді деп айта алмаймын. Бірақ, бұл жұмыс түріқызықсыз, бір сарынды сабақтардан құртқарып, балаларды тұлға ретінде дамытып,олардың сөздік қорын байытып,өз білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Жоба –бұл басқа пәндерден алған білімдерін қазақ тілі арқылы қолдануға туындаған мүмкіндік.

Жаңалыққа деген қызығушылық-басты ішкі талпыныс болып табылады.Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады.Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Осы негізде жеке тапсырмалар орындау, сөзжұмбақ бейнесөз құрастыру қызығушылықтарымен қоса шығармашылықтарын дамытады.Қорыта айтқанда жаңа технологияларды қолдану сабақтың сапасын көтерге,оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына әсерін тигізеді. Бірақ-та мультимедиалық құралдарды сабақтың басынан аяғына қолдану керек деген ұғым қате.Өйткені әр сабақтың өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Сондықтан-да жаңа технологияларды сабақ барысында дұрыс қолданып, оны тақырып мазмұнымен сабақтастыра білу, әр кезеңде ұштастыра білу бүгінгі мұғалімнен аса шеберлікті талап етеді.

Бұл өмірде мүмкін аз күн болармыз.

Мүмкін 50, мүмкін 100-ге толармыз

Қазақ тілін ардақ тұтып , қастерлеп.



Үйретейік келгенінше шамамыз
Каталог: uploads -> doc -> 029f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
029f -> Факультативтік курс «Жануарлар дүниесі» 7 сынып Түсінік хат
029f -> Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі Саяхатқа шығайық 5 с 1
029f -> Өткенді пысықтау Математика, 3”а”-сыныбы Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет