Дарынды балалармен жұмыс істеу туралы ақпарат



Дата25.08.2017
өлшемі32,41 Kb.
#26244
Дарынды балалармен жұмыс істеу туралы ақпарат
№ 20 лицей – мектебінің білім берудегі мақсаттарының бірі – арнай курстарды дифференциялды оқыту арқылы оқушының болашақ мақсатына таңдаған мамандығы бойынша қажетті білім беру арқылы зияткер тұлға тәрбиелеу.

Осы педұжымға сәйкес келесі міндеттер анықталады:

- дарынды балалардың одан әрі әлеуетті қабілеттерін дамыту жетілдіру және оңтайлы жағдай жасау;

- дарынды балалармен жұмыс педагог кадрлардың ғылыми - әдістемелік жұмысын қамтамасыз ету;

- дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға және анықтауға арналған іс-шаралар өткізу;

- оқушылардың эксперименттік-іздену жұмысын ұйымдастыру.

Алдағы міндеттері шешу үшін № 20 лицей – мектебінің жұмыс бағыттары анықталды:

1. Ғылыми - әдістемелік жұмыс:

теориялық семинарлар өткізу;

Ғылыми - практикалық конференциялар ұйымдастыру;

Дарынды балалармен өткізілетін іс-шаралар:

- пәндік олимпиадалар, жарыстар өткізу;

-дарынды балаларға қалалық, облыстық және республикадлық деңгейде түрлі іс-шаралар қатысу үшін жағдайлар жасау;

№20 лицей-мектебі Инновациялық Еуразия университетімен шығармашылық байланыста жұмыс жасайды сондықтан лицейліктер тәрбиелік іс-шаралармен қатар пәндер бойынша кафедра сабақтары ұсынылды: биология, шет тілдер филологиясы, физика. ИнЕУ профессорлары мен мұғалімдерімен лицейліктер ғылыми жұмыстарға шығармашылық топта дайындалады жекелей сабақтар жүргізіледі.

Мектептің жұмыс кестесі былай құрастырылған, кафедра сабақтары сенбі күндері өткізіледі (3 жұп), физикадан сәрсенбі күні (5 жұп), курстар (тілдік) аптаның бірінші бөлігінде үшінші және төртінші жұп өткізіледі.

Барлық кафедра оқытушылары құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспары бойынша жүргізеді. Оқу курстары қосымша журналында жазылады.

№ 20 лицей-мектебінде ОҒҚ «Ритм» жұмысын ұйымдастырды. Оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары сәйкес құрылды. №20 мектеп-лицейінің оқушылары әлеуетті қабілеттерін жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастырылды. Қалалық іріктеу кезеңіне 23 оқушының ғылыми жоба жұмыстары жіберілді, 17 ғылыми жоба қалалық кезеңге оның ішінде 10 жұмысты ғалымдар тексеріп рецензия ұсынылды облыстық кезеңге 5 жұмысы өтті, республикалық кезеңге Казиманова М. жолдама алды.

Көптеген жобалар гипотезасы арнаулы курстар, қосымша курстарда кезінде дүниеге келеді. Лицей оқушылары арасында жүргізілген сауалнама - оқушылар кафедра сабақтарына өз қалаулары бойынша барды деген қорытындыға әкелді.

Бұл сабақтар оларға өздерін әр қырынан ашылуларына және өзінің болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.

Пәндер бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау үшін оқушылардың тізімдері құрылып, кеңес беру кестесі ұйымдастырылды. Пән апталықтары кезінде оқушылар қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысу ұсынылады. Қалалық турға қатысу үшін мектепішілік кезеңінен орын алған оқушы қатыса алады.Қалалық кезең бойынша 7 оқушы дипломмен және жүлделі орындармен марапатталды. Олар: ағылшын тілінен – 3 орын, қазақ тілінен – 1 орын, Қазақстан тарихынан – 1 орын, химия -1орын және физика -1 орын. 9 К сынып оқушысы Хасен М. физика пәнінен облыстық пәндік олимпиадасына қатысты өкінішке орай жүлделі орын ала алмады.

КИО пәндік олимпиадаларына жыл сайын 50% астам лицейліктер қатысады. Ағымдағы оқу жылының қараша-желтоқсан айында, үш пән бойынша 11 оқушы жүлделі орын алды.

Жасалған жұмысты талдау кезінде, дарынды оқушылармен жұмыс тиімділігіне әсер ететін бірқатар мәселелерді анықтады. Олар:

- оқу үрдісінде оқушының жоғары жүктемесі;

- ғылыми жобаға дайындық жүйелі жұмыстың болмауы;



- өзін-өзі дамытуға оқушының мотивациясының төмен деңгейі.
Анықталған мәселені шешу үшін:

  1. Олимпиадаға дайындайтын оқушылар тізімін іріктеп, анықау;

  2. ОҒҚ жұмысын жүйелі түрде жүргізу;

  3. Өзін-өзі дамыту үшін оқушылардың ынталандыру деңгейін арттыру, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;

  4. КИО түрлі олимпиада жарыстарының жүлдегер жеңімпаздары арасынан, оқушылардың олимпиадалық резерв командасын құру.

  5. Жазғы кезінде және оқу жыл бойы резерв олимпиада құрамындағы оқушыларға ЖОО-дары мұғалімдерінен кеңес алу сабақтарын ұйымдастыру;

  6. Жазғы профильдік лагерь кезінде ОҒҚ және ШОР жұмыстарын ұйымдастыру;

  7. Оқушылардың жаңа жиынтығын шақыру дарынды оқушылармен жазғы пәндік олимпиада өткізу

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет