Дарындылық бұл адамның басқа адамдарға қарағанда бір немесе бірнеше қызметтегі жоғары нәтиже мүмкіндіктерімен анықталатын психикалық сапа, біріккен қабілеттіліктің көрсеткіші. Дарындылықтың 100-ге жуық анықтамасы бар



бет2/6
Дата07.07.2017
өлшемі1,32 Mb.
#20727
1   2   3   4   5   6

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Дарындылықтың белгілері дарынды баланың мінез-құлқының екі аспектісін қамтиды: инструменталдық және ынталандырушы (мотивациялық).



Инструменталдық аспекттің белгілері:

1) Іс-әрекеттің арнайы стратегиясының болуы. Соған сәйкес іс-әрекеттің нәтижелілігінің негізгі үш деңгейі анықталады:

– іс-әрекетті тез игеру және оны орындаудың жоғары нәтижелілігі;

– берілген жағдаяттан шешім қабылдау жағдайында әрекеттің жаңа тәсілдерін ойлап табу және қолдану;

– пәнді терең меңгеру есебінен жағдаятты жаңаша бағалауға мүмкіндік беретін әрекеттің жаңа мақсаттарын ұсыну.

2) Дарынды баланың өзін-өзі реттеу жүйесінің болуына қатысты «бәрін өзінше жасау» бейімділігіен байқалатын өзіндік дербес сапалы іс-әрекет стилінің қалыптасуы.

3) Дарынды баланың білімін ұйымдастырудың ерекше типі: жоғары құрылымдылық; сан алуан байланыстар жүйесінен оқылатын пәнді тани білу қабілеті; нақтылық сипат (жалпы идеяларға құмарту, жалпы заңдылықтарды тауып, құрастыруға бейімділік).

4) Оқытылудың өзіндік типі. Дарынды балалар кіші жастан бастап, оқуға деген құмарлықтарымен ерекшеленеді, сондықтан оларға мақсатты түрде ықпал ете отырып, вариативті, байытылған дербестендірілген білім беру ортасын құру жөн.

Дарынды бала мінез-құлқының ынталандырушылық аспектісі мынадай белгілермен сипатталады:

1) Пәндік әрекеттің (белгілерге, дыбыстарға, түстерге, техникалық құралдарға, өсімдіктерге) немесе өз белсенділігінің (дене, танымдық, көркем-мәнерлі, т.б.) белгілі бір тараптарын таңдауда жоғары сезімталдық.

2) Білуге құмарлықтан көрінетін жоғары танымдық қажеттілік.

3) Нақты бір сабаққа немесе әрекет саласына деген айқын байқалатын қызығушылық.

4) Стандартты, типтік, дайын жауаптарды қажет етпеу, қайшылықты, анық емес ақпараттармен жұмыс істеуді ұнату.

5) Өз еңбегінің нәтижесіне жоғары талапшылдық, қиын мақсаттар қоюға, соған жетуге талаптануға бейімділік.

Дарынды баланың мінез-құлқы жоғарыда аталған белгілерге сәйкес келуі міндетті емес. Дарындылықтың мінез-құлықтық белгілері вариативті әрі әлеуметтік мазмұнға тәуелді болады. Дегенмен осы қасиеттердің біреуін бала бойынан байқасаңыз, оны маманнның көмегімен ұзақ уақыт бойы мұқият зерттеп талдау қажет.
«ДАРЫНДЫЛЫҚ» ЖӘНЕ «ДАРЫНДЫ БАЛА» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

Дарындылық – бұл өмір сүру барысында дами беретін, адамның өзгелермен салыстырғанда әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін айқындайтын психиканың жүйелі сапасы.

Дарынды бала – әрекеттің белгілі бір саласында айрықша нәтижелерімен (мұндай нәтижеге жетудің ішкі алғышарттары болады) ерекшеленетін бала.

Баланы дарынды деп бағалау шартты нәрсе. Баланың үздік қабілеттері оның болашақтағы жетістіктерінің тікелей әрі жеткілікті көрсеткіші бола алмайды. Бала бойында байқалған дарындылықтың белгілері уақыт өте келе жоғалып кетуі де мүмкін. Бұл жағдай дарынды балаға арналған практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда ескерілуі тиіс. Сондықтан да практикалық жұмыстар кезінде «дарынды бала» ұғымының орнына «дарындылық белгілері байқалатын бала» ұғымын қолданған дұрыс.



ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген Концепция бала дарындылығы сияқты күрделі де көпаспектілі құбылысқа тұтас амалды көрсетеді. Мұнда дарындылыққа өмір бойы дами беретін психиканың жүйелі сапасы ретінде түсінік беріледі. Концепцияда дарындылықтың негізгі белгілерін әрекеттің – инструменталдық және ынталандырушылық сияқты екі аспектісінде жүйелеу тәртібі берілген. Дарынды балалармен жүргізілетін нақты практикада көбінесе байқалған дарындылықтың түріне назар аударылады. Бұл бала дарындылығына деген тар прагматикалық амалдың көрінісі болып табылады. Сондықтан да концепцияда дарындылықтың әлеуеттік және жасырын түрлері болатынына тоқтала келе, осындай дарындылық белгілері байқалатын балалармен жұмыстың ерекше, ғылыми негізделген әдістерінің қажеттігі атап өтіледі.

Дарынды баланы анықтау бұл қасиетті идентификациялаудың кешенді және дербестендірілген бағдарламасы аясында жүзеге асырылуы тиіс.



Бұл Концепцияны жүзеге асыру дарынды балалармен жұмыс істейтін мамандарға ерекше талаптар қояды, себебі дарынды балалармен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың адамзат өркениетінің маңызды ресурсы болып табылатын дарынды адамға айналуына ықпал жасау.


ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ФОРМАЛАРЫ

Дарынды балаларды оқытуға арналған білім беру құрылымының типтері

Дарынды балаларды оқытуға арналған негізгі білім беру құрылымы ретінде мыналарды бөліп атауға болады:

а) мектепке дейінгі білім беру жүйесі;

б) жалпы білім беретін мектептердің жүйесі;

в) қосымша білім беру жүйесі;

г) дарынды балалармен жұмысқа бағдарланған мектептер жүйесі (лицей, гимназия, арнайы мектептер, т.б.);


БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ БАҒЫТТАРЫ

Оқытудың принциптері, мақсаты, мазмұны және әдістері.

Оқытудың жалпы принциптері

Дарынды балаларды оқытудың негізгі жалпы принциптеріне мыналар жатады:

– дамыта әрі тәрбиелей оқыту принципі;

– оқытуды дербестендіру мен дифференциациялау принципі;

– жас ерекшелігін ескеру принципі.
Оқытудың мақсаты

Барлық балалар үшін оқытудың басты мақсаты келешекте кәсіби әрекет саласында өздерін көрсете алуы үшін, олардың қабілеттері мен дарындарын ашып дамытуға мүмкіндік беретін шарттармен қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, баланың дербестігін қолдап, дамыту, тоқырауға ұшыратпау, қабілеттерінің дамуына кедергі болмау – дарынды балаларды оқытудың ерекше маңызды міндеттері болып саналады. Яғни, дарынды балаларды оқытудың басым бағыттары ретінде мыналарды бөліп атауға болады:

– дарынды бала тұлғасының рухани-адамгершілік негіздерін, жоғары рухани құндылықтарын дамыту;

– шығармашылық тұлғаны дамыту үшін шарттар туғызу;

– дарынды баланың дербестігін (оның мүмкіндіктерінің өзіндік ерекшелігін анықтау және ашу) дамыту;


  • оқушылардың дербес қажеттіліктері мен бейімділіктеріне сәйкес білім берудің түрлі саласындағы құзыреттіліктің жоғары деңгейі мен әлемді тұтас түсінуді дамытудың шарты болып табылатын жалпы білімдік дайындықты қамтамасыз ету.


Оқытудың мазмұны

Дарынды балаларды оқытуда оқу бағдарламасының мазмұнын жасаудың төрт негізгі амалы қолданылады.

1) Жеделдету. Бұл амал дамудың жедел ырғағымен ерекшеленетін балалардың белгілі бір категориясының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеруге мүмкіндік береді. Дегенмен ол ерекше ұқыптылықпен дарынды баланы дербес дамытудың өзге формаларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылуы тиіс.

2) Тереңдету. Бұл амал нақты бір білім саласына бейімділігі ерекше балалар үшін өте тиімді. Белгілі бір білім саласымен немесе әрекет түрімен терең танысуға болады.

3) Байыту. Бұл амал дәстүрлі оқыту аясынан шығып, білім мазмұнының сапасын өзге тақырыптармен, пәндермен байланыстыра отырып, көтеруге бағытталған. Сабақтар балалардың өз дарындылықтарына сәйкес жақсы көретін іс-әрекеттерімен айналысуына жеткілікті уақыт қалдыратындай етіп жоспарлануы тиіс.

4) Проблематизациялау. Бұл амал оқушылардың тұлғалық дамуын ынталандыруды көздейді. Бұл жағдайда оқытудың спецификасы оқушылардың рефлексивтік ойлауын, түрлі саладағы білім саласын оқып танысуда олардың тұлғалық амалын қалыптастыруға ықпал ететін балама интерпретациялар мен жаңа мағынаны іздеуіне бағытталады. Негізінде, мұндай жекелеген бағдарламалар болмайды, олар не байытылған бағдарламалардың, не арнайы оқыту бағдарламасынан тыс формада жүзеге асырылады.


Оқытудың әдістері мен құралдары

Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі болып саналатын оқытудың әдістері білімді игерудің, сонымен қатар тұлғалық сапалар мен танымдық қабілеттерін дамытудың маңызды факторы болып табылады. Интеллектуалды дарынды оқушыларды оқытуда шығармашылық типтегі жетекші әрі негізгі әдістер - проблемалық, зерттеушілік, эвристикалық, ізденіс, жобалау әдістерін дербес және топтық жұмыс түрлерімен үйлесімде қолдану тиімді. Бұл әдістердің жоғары танымдық-ынталандырушылық әлеуеті зор және дарынды балалардың танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарының деңгейіне сәйкес келеді. Олар балалардың шығармашылық ойлауы мен көптеген тұлғалық сапаларын (танымдық ынтасы, эмоционалды тұрақтылығы, дербестігі, өзіне сенімділігі және ынтымақтаса жұмыс жасау қабілеті) дамытуда өте тиімді.



ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

Білім беру саласындағы реформалар ерекше қабілеті бар оқушыларға деген бағыттылықты өзгертті. Дарынды балаларды дамытуға арналған білім беру мекемелері, оқу және арнайы бағдарламалар, қоғамдық ұйымдар меен қорлар пайда болды.

Дегенмен дарынды балалармен жұмыста арнайы дайындалған мамандардың болмауына байланысты педагогикалық, психологиялық қиыншылықтар кездеседі. Мектепке дейінгі, мектептік және қосымша білім беру барысында оларды оқыту ерекшелігі ескерілуі тиіс. Осыдан келіп, жалпы білім беретін мектептер жағдайында дарынды балалармен жұмыс істеудің тұтас жүйесін құру проблемасы туындайды.

Дарындылық категорияларын зерттеу тарихында бірін-бірі толықтыратын төрт концепция қалыптасты:

1) дарындылықты сәйкес мәтіндер көмегімен өлшеуге болатын когнитивті процестер (сенсорлық-перцептивтік процестер, назар, жады, ойлау мен қиялдау) жүйесі дамуының жоғары деңгейі ретінде түсіну;

2) дарындылықты ақыл-ой тестісінің (А. Бине және У. Штерн, Г. Айзенк, Д. Векслер, Дж. Гилфорд тесті) көмегімен өлшенетін интеллектінің немесе ақыл-ой қабілеттері дамуының жоғары деңгейімен сәйкестендіру; (отождествление)

3) дарындылықты жалпы және арнайы қабілеттерді анықтаумен байланысты дифференциалды айырмашылықтарды талдау арнасында қарастыру; бұл концепцияны Б.М.Теплов құрастырған және ғалымдардың кең қолдауына ие болған (Б. М. Теплов, Н. С. Лейтес, В. Д. Небылицын, Э. А. Голубева, В. А. Крутецкий және басқалар);

4) дарындылықты баланың зерттеушілік белсенділігінен байқалатын шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейімен сәйкестентіру;

Біздің елімізде теориялық та, қолданбалы да тұрғыда көбінесе арнайы қабілеттер проблемасы анағұрлым кеңірек қарастырылған болып шықты. Осындай мақсаттар үшін арнайы мектептер (математикалық, музыкалық, спорт, т.б.) құрылып, нәтижелі жұмыс істеуде.

Шетелдік және отандық ғалымдар пікіріне сүйенсек, дарынды балаларды іріктеу үшін: оларды анықтап, диагностикалауға және арнайы бағдарламалар жасауға психология-педагогикалық қызмет жұмыс істеуі керек.

Қандай баланы дарынды деуге болады? Мамандардың айтуынша, өз бейімділіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше салада жоғары нәтиже көрсететін балаларды дарынды және талантты деуге болады:

– интеллектуалдық;

– шығармашылық-өнімді ойлау;

– академиялық жетістіктер (мектепте үздік оқитын оқушылар);

– қарым-қатынас және көшбасшылық;

– көркем әрекет;

– қимыл-қозғалыс саласында.

Ғалымдар әр саладағы дарындылықтың белгілерін анықтады. Дарынды баланың тұлғалық сипаттамасын жатады:

– жоғары интеллектуалдық қабілеттер;

– жоғары шығармашылық қабілеттер;

– шапшаң меңгеруге қабілеттілік және үздік есте сақтау;

– білуге құмарлық, танымдық ынтызарлық, білімге ұмтылу;

– жауапкершілік;

– пікір дербестігі;

– өзін-өзі бағалаумен байланысты жағымды Мен-концепция.

Жоғарыда аталғандардың негізінде дарындылықтың түрлерін былай жіктеуге болады:

байқалу кеңдігі бойынша – жалпы және арнайы;

әрекет түрі бойынша – интеллектуалдық, шығармашылық, көркем, психомоторлық (спорттық), конструкторлық, лидерлік, т.б.;

байқалу интенсивтілігі бойынша – оқуға жоғары дайындық, дарынды, аса дарынды, ерекше дарынды (таланттар мен вундеркиндтер);

байқалу түрі бойынша – айқын және жасырын;

байқалудың жас ерекшелігі бойынша – тұрақты немесе өтпелі;

тұлғалық, гендерлік (әлеуметтік-жыныстық) және өзге ерекшеліктері бойынша.

Көрсетілген дарындылық түрлеріне дарынды балалардың нақты типологиясы сәйкес келеді. Мектептің тарапынан ұйымдастырылатын жұмыстардың баланың нақты өміріне көмегі жетімсіз. Сондықтан да қосымша білім беру жүйесінің бар арсеналын біріктіре отырып, проблеманы шешудің жолын іздестіруге тура келеді. Бұл - репетиторлар қызметі, мемлекеттік қосымша білім беру мекемелерінің қызметі (бағдарлы сыныптарға ЖОО-ның мұғалімдерін тарту).

Дарынды балалардың оқу әрекетінің мазмұнын жасаудың стратегиясы қандай? Бұл проблеманы шешудің екі негізгі амалы бар:

1) сандық сипаттамаларды өзгерту;

2) сапалық сипаттамаларды өзгерту.

Сандық сипаттамаларға оқу материалының көлемі мен оқу ырғағы жатады. Ал түрлі бағыттардың қатынасы, мазмұнды үлгілеу, оны оқыту сипаты (алгоритмдік, эвристикалық, т.б.) сапалық сипаттамалар болып табылады. Білім беру мазмұнын сандық сипаттамалар негізінде өзгертудің екі стратегиясы – «жеделдету» және «идентификациялау» айқындалды, ал сапалық сипаттамалар негізінде – «жетілдіру» бағыты: «тереңдету», «проблематизациялау», «зерттеушілік» стратегиялары қалыптасты. Бұл модельдерге оқу жоспарынан тыс жетілдіру түрлері жатады. Ол қосымша білім беру жүйесіне қатысты және білім берудің вариативті компонентін (факультативтер, үйірмеле, студиялар, т.б.) құрайды.

Қабілетті балалармен жұмысты ұйымдастырудың челябілік ғалымдар ұсынған кешені тиімді деуге болады. Ол төрт кезеңнен тұрады:

1. Қабілетті балаларды ата-аналардың (арнайы сауалнама жасалған), педагогтердің, тестілеудің көмегімен анықтау.

2. Балалардың бейімділіктері мен қызығушылықтарын ескеретін психологиялық тестердің көмегімен диагностикалау. Бұл экспресс-диагностика – бір реттік тексерулер (ақыл-ойды айқындайтын «IQ» тесті) және ұзақ мерзімді, ұйымдастырылған педагогикалық модельдер.

3. Қорытынды кезең – педагогтердің балалардың қабілеттерін дамыту мен тереңдетуге арналған арнайы бағдарламалармен жұмыс істеуі (жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар, бағдарлы сыныптар).

Жалпы білім беретін мектеп жағдайында дарынды балалармен жұмыстың әдістерін таңдау барысында дарындылық проблемасының кешенділік сипатын ескере отырып, алдын ала анықтау қажет:

1) дарындылықтың қай типімен жұмыс істеуіміз керек (біздің жұмысымыз ең бірінші интеллектуалдық, шығармашылы, академиялық, т.б. дарындылықтарды анықтап, дамытуға бағдарлануы тиіс);

2) дарындылықты қандай байқалу түрінде көреміз (айқын, жасқа байланысты, жасырын);

3) қандай міндеттер басым болып табылады: оқыту, оқыту-дамыту немесе дамыту; жақсы байқалып отырған қабілетті дамыту немесе нашар дамыған қабілетін көтеру; педагогикалық қолдау, т.б.

Жалпы білім беретін мектептер жағдайында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда дарындылық деңгейі түрлі балалардың өзіндік ерекшеліктері ескерілетіндей білімдік орта құру маңызды.



«ДАРЫНДЫ БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Дарынды балабіздің байлығымыз. Соған сәйкес жасалған бағдарлама болуы тиіс.

Бағдарламаның мақсаты:

– арнайы дарындылықты және жасқа байланысты байқалуын анықтау;

– балалардың арнайы қабілеттерін анықтау және оларды психолого-педагогикалық қызметтің диагностикалауы;

– оқу үдерісі барысында дарынды балалармен жұмыс істеудің бағдардамасын жасау.

Бағдарламаның бөлімдері:

1. Дарынды балалармен жұмыстың концепциясы.

2. Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс (психология-педагогикалық қызметтің жұмысы).

I кезең – анамнестикалық – оқытудың бірінші басқышында, дарынды балаларды анықтау кезінде олардың әрекеттің белгілі бір саласындағы жетістіктеріне назар аудару.

II кезең – диагностикалық – бұл кезеңде (5-9 сыныптар) баланың шығармашылық қабілеттерін дербес бағалау жүргізіледі.

III кезең – баланың ерекше қабілеттерін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі, сонымен қатар оның бағдарлық бағыттылығы (10-11 сыныптар).

3. Дарындылықты диагностикалау әдістемесі.




ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС КОНЦЕПЦИЯСЫ
Дарынды бала кез келген ортада кездеседі. Педагогика және психология саласында бар дарындылық туралы теориялық зерттеулерді концепцияға негіз етеміз.

Мынадай принциптерді жетекшілікке аламыз:

1) оқытуды индивидуализациялау принципі (дарынды баланы дамытудың тиімді шарттар жүйесін жасау осы принципті жүзеге асырудың жоғары деңгейі болып табылады);

2) қосымша білім беру қызметін оқушының өзі таңдау принципі;

3) ұсынылатын мүмкіндіктердің сан алуандығы принципі;

4) оқу талаптарын белгілі бір дәрежеде азайта отырып, сыныптан тыс әрекеттің ролін көтеру принципі;

5) оқушылармен дербес жұмысқа және пәнаралық байланысқа ерекше назар аудару принципі;

6) мұғалімді мейілінше аз қатыстыра отырып, оқушылардың бірлескен жұмысына жағдай туғызу.



ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Дарынды баламен жұмыс барысындағы мұғалімнің мақсаты –

  • дарынды баланы анықтау,

  • оның дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Бірінші мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттер шешілуі тиіс:

1. Мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыстың әдістемесі, психологиялық ерекшелігі туралы ғылыми мәліметтермен таныстыру (арнайы маманды қатыстырып, педкеңес өткізу, білім жетілдіру курсынан өткізу, осы бағыт бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс, т.б.)

2. Қабілетті балалардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттеріне мақсатты түрде бақылау жүргізу.

3. Материалдарды жинақтау және арнайы тест жүргізу.



Дарынды балалар анықталған соң олармен жұмысты педагогтердің екі тобы жүргізуі тиіс:

1) пән мұғалімдері;

2) тәлімгерлер:

– оқушы таңдаған тақырып бойынша ғылыми жетекшілік етеді;

– дарынды балаға қатысты ұйымдастырылатын барлық жұмысты үйлестіріп отырады;

– дарынды оқушыға қажетті қарым-қатынасты орнатады;

– дарынды баланың ата-анасымен байланысты жүзеге асырады.

Мұғалімдер, психологтар, арнайы шақырылған мамандар тәлімгер бола алады. Оқушыға тәлімгерді таңдау еркіндігі берілуі тиіс.


Екінші мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

1. Ойлау дербестігін, бастамашылдық пен шығармашылықты дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді таңдау және оларды төмендегі ережелерге сәйкес қолдану:

– ақпаратпен жұмыс (талдау, салыстыру, салғастыру, жіктеу, қорыту);


  • оқу тапсырмасын жылдам әрі аз уақытта орындау;

  • сыныптың әрбір жауабын мақұлдай бермеу, керісінше оларды мұқият тыңдау, бағаламау.

2. Ғылыми жетекшімен бірлесе жұмыс жасау қабілетін жетілдіру мүмкіндігін беру, себебі ғылыми жетекші:

- оқушының таңдаған тақырыбы бойынша мейілінше жоғары деңгейде кеңес береді;

- мақсатқа жетудің әдістерін таңдау мүмкіндігін бере отырып, өзіндік әрекетін ынталандыру;

- оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық идеяларын іске асыруға жағдай жасайды;

- белгілі бір саладағы нәтижесін ынталандыра отырып, басқа салада да өзін байқап көруге ықпал етеді.

3. Нақты бір саладағы дарындылығы анықталған балаларға арнап дербес оқу бағдарламасын жасау:

- мұндай бағдарламаның мақсаты дарынды баланың дамуына барынша қолайлы жағдай туғызу;

- бағдарлама жасауға психолог, тәлімгер, сынып жетекшісі және ата-ана қатыстырылуы тиіс.

4. Оқушыны сыйлау:

- дарынды баланы дамытудың ерекшеліктерін түсіну;

- сыныптастарымен қолайлы қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау;

- дарынды баланы ерекше даралауға және тым төмендетуге болмайды.



ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ШАРТТАРЫ

1. Педұжымның әрбір мүшесіне бұл жұмыстың маңыздылығын ұғындыру және осыған байланысты оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру проблемасына назарды күшейту;

2. Дарынды балалармен жұмыстың әдістемелік жүйесін жасау және үнемі жетілдіріп отыру;

3. Мектеп басшылары мен ұжымның дарынды балалармен жұмыстың әдістемелік жұмыстың маңызды да басым бағыттарының бірі екенін түсінуі;

4. Дарынды балалармен жұмысқа біріншіден, ерекше қабілетті мұғалімдерді тарту:

– мұғалім бала үшін тұлға болып табылады. Мұғалім мен баланың өзара әрекеті қабілеттерді барынша тиімді дамытуға бағытталуы тиіс.

– мұғалім өз құзыреттілігіне және проблеманы шешу іскерлігіне сенімді болуы керек.

– мұғалім айналасындағылардың қабілетті екендіктеріне сенімді болуы керек, сонымен қатар өз-өзін сыйлайды, бағалайды.

– мұғалім өзін интеллектуалдық тұрғыдан кемелдендіруге ұмтылады, өз білімін көтерумен үздіксіз айналысады.

5. Оқушылардың оқу және психологиялық жүктемесін жеңілдету мақсатында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмысын үнемі жүргізу.




ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

1. Оқушылар дарындылығын диагностикалаудың жүйелік бөлімшесін жасау және осы жүйенің тиімді жұмыс жасауын ұйымдастыру.

2. Психологиялық қызметтің әрекетін кеңейту және жетілдіру.

3. Дарынды балалармен жұмыс проблемасын мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік және тәжірибе-эксперименттік жұмыстарының жүйесіне басым бағыт ретінде енгізу.

4. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын құру және ұйымдастыру.

5. Таңдау пәндері бойынша курстарды құрастыру және әрі қарай жетілдіру.


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Дарынды баламен жұмыстың нәтижелігі көп жағдайда осы категориядағы оқушылармен бастауыш сыныпта қандай жұмыстың жүргізілгендігіне тәуелді, сондықтан бастауыш сынып кезеңінде балалардың осы категориясымен жұмыс стратегиясы дербес мәселе ретінде қарастырылады.

Оқу мен шығармашылыққа бейім балалардың дарындылығын көрсететін критерий – айқын көрінетін, белсенді, ақыл-ой қызметіне бағытталған танымдық қажеттілік.

Танымдық қажеттілік базалық қажеттіліктердің бірі болып табылады, оны қанағаттандыру тұлғаның қалыптасуы мен өзін жүзеге асыруын, оның табиғи бейімділіктерін дамытуды қамтамасыз етеді. Қолайлы дамыту жағдайында танымдық қажеттілік үш деңгейде өтеді:

1-ші деңгей – жаңа таңқаларлық сезімдерге деген қажеттілік (мектепке дейінгі кезең);

2-ші деңгей – белгілі бір сабаққа қызығуынан, нақты пәнді оқуынан байқалатын білуге құмарлығын дамыту (кіші мектеп жасы);

3-ші деңгей (жоғары деңгей) – ғылыми зерттеу жүргізуге бағытталған танымдық әрекет (жоғары сынып оқушыларынан байқалады).

Танымдық қызығушылықты ескермеу немесе уақтылы қанағаттандырмау қабілеттердің дамымауына, көрінбеуіне әкеп соғады.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, бастауыш сыныпта дарынды баламен жүргізілетін оқыту-тәрбиелеу жұмысының мақсаттары мен міндеттерін былай көрсетуге болады.

М а қ с а т т а р ы:

– барлық арнайы бейімділіктерінің («интеллектінің басты факторы» немесе «дарындылықтың базальды факторы») негізі ретінде баланың жалпы қабілеттерін дамыту, осылайша табиғи бейімділіктерді нақты бір қолайлы жас ерекшелігі кезеңінде дамытуға болады;

– баланың ақыл-ойын дамыту (ойлау, жады, сөйлеу және өзге де интеллектуалдық функциялар).

М і н д е т т е р і:

1) әңгімелесу кезінде және оқу барысында жоғары нәтиже көрсеткендердің арасынан диагностиканың психологиялық әдістері арқылы, сонымен қатар ақыл-ой еңбегінің нәтижелілігін талдау жолымен, ата-аналар мен мұғалімдердің тарапынан жүргізілетін сараптай бағалау әдісімен дарынды баланы анықтау;

2) оқу білігін өзін-өзі дамытудың базистік қабілеттілігі ретінде қалыптастыру (оқу міндетін анықтай білу, өз іс-әрекетін уақытқа сәйкес құра білу, өз зейінін шоғырландыра білу, т.б.);

3) қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу, себебі 6-7 жасар дарынды бала үшін оқу білігі – бұл оқу әрекеті ынтымақтастығын тудырып, ене білу бейімділігі;

4) кез келген әрекеттің нәтижелілігінің қажетті шарты болып табылатын балалардың жан саулығын қамтамасыз ету және сақтау:

– денсаулығын сақтауға қамқорлық: баланың жүйке жүйесінің тыныш болуы, ақыл-ой еңбегі мен демалыстың режимін сақтау, жасына сәйкес дене белсенділігіне негізделген әрекеттердің жеткілікті болуы;

– дарынды баланың өзіне деген жоғары бағасын сақтап қалу, ол баланың білуге құмарлығы мен тұлғасын дамытуға тікелей қатысты;

– баға оқу әрекетінің басты ынталандырушы күші емес, тек мұғалім мен оқушы арасындағы соңғысының жұмысын бағалаудағы кері байланыс құралы болып табылатын игерілген оқу мотивтерінің жүйесін қалыптастыру;

– баланың білуге құмарлығын ынталандыратын және оны қанағаттандыру мүмкіндігімен (дәріс, үйірме, саяхат, ересектердің үлгісі) қамтамасыз ететін дамытушы орта ұйымдастыру

– дарынды балаларды оқытуды жеделдету стратегиясы, яғни экстернат немесе жекелеген пәндер бойынша педагогика-психологиялық кеңестің шешімімен сыныптан-сыныпқа аттап өту;

– дарынды балалардың танымдық әрекетінің дамуына бақылау ұйымдастыру: нәтиже бойынша бақылау (қорытынды бақылау), процессуалдық бақылау, пәндік бақылау.



Каталог: bd
bd -> ТӘб директорлар Кеңесінің Төрағасы жаңадан сайланды Алматы қаласы
bd -> Ұлтына қамқор Елбасы
bd -> Қазақтың соңғы ханы Кенесары Арқада Бурабайға жер жетпейді
bd -> Тәрбие сағаты. Джанибекова Арайлым Мавлетаиевна 2015 жыл. “Ұлы хан – халық жадында
bd -> Қолданылған әдебиеттер. Ю. М. Колягин. «Есеп шығаруды үйрен.»
bd -> Рудольф Штейнер Карма профессий в связи с жизнью Гёте ga 172 Космическая и человеческая история
bd -> Қазақ тілі сабағында ойындарды қолдана оқыту әбдірахманова Н. К
bd -> Мәтіннің жоспары, тақырыбы, түрлері Қазақ тілі 3 сыныбы
bd -> Баширова Ұлдай Башбаевна
bd -> Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің емлесі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет