Дарындылық бұл адамның басқа адамдарға қарағанда бір немесе бірнеше қызметтегі жоғары нәтиже мүмкіндіктерімен анықталатын психикалық сапа, біріккен қабілеттіліктің көрсеткіші. Дарындылықтың 100-ге жуық анықтамасы бар



бет5/6
Дата07.07.2017
өлшемі1,32 Mb.
#20727
1   2   3   4   5   6

Дарындылықты дамыту тәсілдері


Дарындылықты дамыту үшін, оларды белгілі бір әрекет түріне – қабілеттілікке айналдыру тәсілдері

(А.И.Доровской бойынша)

  1. Қызықтырушы сұрақтар қою.

  2. Ерекше шешімдерді , іздестіру белсенділігін ынталандыру.

  3. Базистік және вариативтік материалдарды біріктіре отырып, проблемалық тапсырмалар жүйесін құру.

  4. Интеллектісін дамыту және шығармашылық қызметке деген құлшыныстарын мүдделендіру.

  5. Оқу бағдарламаларын күрделендіру, мазмұнды байыту.

  6. Арнайы сыныптарда оқыту.

  7. Негізгі тақырыптар мен проблемаларды зерттеу үшін таңдау жасату.

  8. Білімнің әр түрлі саласына қатысты тақырыптар мен проблемаларды интеграциялау.

  9. Өнімді, тиімді, сыни ойлауын дамыту.

  10. Дамудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарламаға түзету енгізу.

  11. Пәндерді біріктіру.

  12. Қалжың және қияли жағдайлар туғызу тәсілін қолдану.

  13. Ақпарат берудің түрлі тәсілдерін біріктіру.

  14. Дербес және топтық жұмыстарды үйлестіру.

  15. Жеткілікті көлемде кешенді тапсырмалар қою.

  16. Кеңес беру мен көмектесудің барлық түрін пайдалану.

  17. Шығармашылық топтың барлық мүшесіне берілетін тақырыпты бір проблематика және өзара жауапкершілік төңірегіне топтау.

  18. Бірнеше нұсқада орындалатын тапсырмаларды пайдалану.

  19. Шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық және практикалық тапсырмаларды үйлесімді қолдану.

  20. Тапсырманы орындауда және нәтижені тіркеуде әр түрлі жұмбақтау тілдерін (кодовые языки) пайдалану.

  21. Жағдаятты біртіндеп күрделендіре отырып, тапсырма шарттарын алмастырып отыру.

  22. Шығармашылық тапсырмаларды шешу тәсілдерін оқушылардың дербес құрастыруына талдау жасату және ұйымдастыру.

  23. Берілген жағдайға сәйкес теорияны, шығармашылық тапсырманы дербес құрастыру.

  24. Қарама-қайшылықтарға талдау жасату.

  25. Өзіне және өзгеге сұрақ қойғызу.

  26. Шығармаылық қызметті әрекет ету тәсіліне біртіндеп интеграциялау арқылы кезеңімен қалыптастыру.

  27. Тапсырманы қайшылықты формада беру.

  28. Оқу материалын арнайы құрастыру арқылы дарынды баланың меңгеруін ғана емес, қабілеттерін жылдам дамытуды ескеру.

  29. Жаңа ассоциациялар жасау.

  30. Салыстыру , гипербола, метафора қолдану.

  31. Қиялына қозғау салу.

  32. Қабылданатын ақпаратты меңгертуді ұйымдастыру стратегияларын дайындау.

  33. Олардың арасындағы байланысты анықтау.

  34. Ағымдағы, түзетуге арналған бақылау түрлерін қолдану.

  35. Дербес және топтық жұмысты үйлестіре білу.

  36. Кешенді сезіну мен қиялдауға арналған ақпараттар ұсыну.

  37. Дифференциация негізінде мазмұнды модернизациялау.

  38. Қабылдауды жақсарту үшін сыни сәттерді жиі пайдалану.

  39. Оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету.

  40. Жаңа материалды өтілген материалмен байланыстыру.

  41. Ойша қайталауды ұйымдастыру.

  42. Материалды басқаша сөздік немесе белгілік формаға айналдыру.

  43. Оқылатын пәндер бойынша мазмұнды түрлендіріп беру.

  44. Шығармашылық орта құру.

  45. Сәйкес деңгейдегі әр түрлі типті мектептерде оқыту.

  46. Сабақтағы жұмысты әр түрлі сыныптан тыс жұмыспен үйлестіру.

  47. Оқытуды жеделдету.

  48. Мектеп бағдарламасын кеңейту.

  49. Жоғары танымдық деңгейді қажет ететін тапсырмаларды пайдалану.

  50. Әр түрлі тапсырмаларды орындауға кететін уақытты есептеу.

  51. Алдын ала немесе қарқынды оқыту.

  52. Қызығушылығына қарай оқушыларды топтастыру.

  53. Проблемалық оқытудың әр түрін пайдалану.

  54. Таңдау еркіндігін беру.

  55. Сюжеттік-рольдік ойындарды пайдалану.

  56. Оқытудың бейімдік жүйесін пайдалану.

  57. Дербес жұмыс тәсілін, өзін-өзі бақылауды, зерттеушілік қызмет тәсілдерін үйрету.

  58. Ұйымдастыру біліктілігін қалыптастыру.

  59. Оқыту шарттарын дифференциялау.

Қосымшалар

№1
Дарындылықтың түрлері:


  1. Көркем дарындылық




  1. Жалпы интеллектуалдық және академиялық дарындылық




  1. Шығармашылық (креативті) дарындылық




  1. Әлеуметтік немесе лидерлік дарындылық




  1. Спорттық (психомоторлық) дарындылық


Мектеп практикасында кездесетін

дарындылық категориялары:

  1. Жалпы дарындылық деңгейлері бойынша жоғары көрсеткіш танытқандар.




  1. Әрекеттің нақты бір саласында жетістікке қол жеткізгендер: музыкант, суретші, математик, спортсмен. Бұларды көбінесе таланттылар деп атаймыз.




  1. Мектепте үздік оқитындар, яғни академиялық дарындылар.



Дарынды балаларды анықтаудың ұстанымдары:

    • түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан жақты бағалаудың кешендік сипаты;




    • баланы танып – білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау);




    • баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру);




    • баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;




    • баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін есепке ала отырып бағалау.

№2

Дарындылықтың өзара байланысты үш сипаты


Дарындылықтың ынталандырушылық (мотивациялық) саласы мынадай сипатта болады:

  • танып-білуге, ақыл-ой жұмысына деген шынайы қызығу, ұмтылу және еңбектену, нәтижесіне қуану мен қанағаттанудың айқын көрінуі;

  • өз бетімен жүргізетін шығармашылық – зерттеу жұмыстарына деген ұмтылыс пен қызығушылық;

  • өзіндік қабілеттер аясында түрлі оқу және оқудан тыс уақыттағы жұмыстарға қатысуға деген ұмтылыс;

  • өзін жетілдіруге, ойларын жүзеге асыруға, өзін және өз жұмысының нәтижесін бағалай алуға қабілеттілік пен ұмтылыс.


Танымдық компонентінің сипаты:

  • жоғары танымдық мүмкіндіктің болуы, айқын қабілеттер мен шығармашылық қабілеттердің болуы;

  • жеке жауапкершілікті түсіну, ішкі басқару тұтқасының болуы.


Субьектінің процессуалдық компонентінің сипаттары:

  • жаңалық ашуға деген мақсаттылық, ілкімді, жылдам, ілеспелі және шығармашылық ой өрісінің кеңдігі, зерттеушілік және шығармашылық ізденісте жүру;

  • жалпы оқу дағдылары мен қабілеттерінің деңгейі – жоғары, танымдық қажеттілігінің сипаты – мақсатты әрі саналы, мәселенің маңыздылығын зерделей алу;

  • өз жұмысының нәтижесіне болжам жасай отырып, өз ойының түпкі өнімін жоспарлай алу;

  • жоғары белсенділік, ойлаудағы еркіндік, алынған ақпараттарды оңай үйлестіре білу.

№3

Дарындылық белгісі

бұл бақылау барысында анықталып бағаланатын және баланың нақты іс-әрекетінен көрінетін ерекшеліктері.


инструменталдық аспектісінің ерекшеліктері

мотивациялық аспектісінің ерекшеліктері

1.Өзіне тән ерекше әрекет ету қабілетінің (қызметінің) болуы:

– тез қабылдауы және тапсырманы жоғары деңгейде орындап шығуы;

– тапсырманы орындауда немесе белгілі бір жағдайдың шешімін табуда жаңа әдіс–тәсілдер пайдалану немесе ойлап табу;

– жаңа идеялар мен шешімдер ұсынуы;


2.«Бәрін өзім жасаймын» дегенге бейімділік;
3.Күрделіні қарапайым, қарапайымды күрделі деп қабылдай алуы;
4.Оқу мен үйренуге деген ерекше талпыныс.


1.Белгілі бір нәрсенің нақты жақтарын байқау, таңдау, сезу (дыбыс, белгі, түр, өсімдік т.б.);
2.Белгілі бір нәрсеге деген жоғары қызығушылық;
3.Қызыға отырып, сол нәрсені толығымен тануға, білуге деген танымдық қажеттілік;
4.Стандартты, дайын жауабы бар мәселелерді қабылдамай, керісінше, нақты емес, қайшылық тудыратын ақпараттарды таңдау;
5.Өз туындылары мен еңбектеріне деген жоғары сыншылдығы, өзін жоғарыдан көру үшін шамадан тыс қиын мақсаттар қою.




Дарынды балаларды анықтауда қолданылатын ауқымды әдістер:


  • баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары және т.б.);




  • арнайы психодиагностикалық тренингтер;




  • арнайы бағдарламалар бойынша “байқау” сабақтарын өткізу, балаларды арнайы ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға қатыстыру;




  • арнайы бағдарлама жасау және білікті мамандардың қатысуы;




  • баланың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелеріне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, т.б.) мамандар тарапынан сараптау.

№4

Дарындылықты идентификациялау әдістері





Әдістер

Бағалау параметрлері

Психомоторлық дарындылық

1.11 субтесттен тұратын Пудье тесті.

2.Қимыл дағдыларының негізіндегі Д.Арыхейм мен У.Синклер тесті.

3.Көру-қимыл координациясына арналған К.Берри тесті (күрделене түсетін суреттерді көшіріп салу).

4.Саусақтың ептілігіне арналған О.Коннор тесті.

5. Ептілікке арналған Стомберг тесті.

6. Б.В.Кулагин, В.Л.Мариизук, Ю.М.Блудов, И.А.Курбатов сияқты ресей ғалымдарының зерттеуі.



Перцептивті-қимыл қабілеттері (реакцияның бағыттылығы, перцептивті-қимылдық координация). Көз бен қол координациясының дағдылары.

Интеллектуалдық дарындылық

1.Станфорд-Бине интеллект мектебі.

2. Векслер тесті (вербальды, вербальды емес субтестерден құралған).

3. Слоссон интеллектуалдық тесті.


Жалпы интеллектуалдық қабілеттерін анықтау үшін қолданылады. Ақыл-ойы мен жетістіктері бағаланады.

4.Маккартидің балалар қабілеті мектебі (2,5 – 8,5 жасар балаларға арналған).

Жалпы баға беріледі, сонымен қатар есте сақтауы бағаланады.

5.Мектептегі бейімділіктерге арналған Отис-Ленновский тесті (мектептегі бейімділіктер вербальды, жиынтық және бейнелі тапсырмалардың нәтижесі бойынша бағаланады).

Жалпы интеллектуалдық қабілеттерін анықтау үшін қолданылады.

6. Когнитивті біліктер тесті.

Қорытынды баға және төрт суббаға: «ұқыптылық», «аналогия», «жад», «вербальді пікірлер» анықталады.

7. Каттелдің мәдени-тәуелсіз интеллектуалдық тесті.

Тіл мүкістігі бар балалар арасындағы қабілеттілікті анықтауға арналған.

8.Р.Торндайк пен Е.Хаген жасаған когнитивті қабілеттер тесті.

9. Г.Айзенк тесті



Дарындыларға арналған бағдарлама бойынша оқыту үшін балаларды анықтауда кеңінен қолданылады.

Академиялық дарындылық

10. Ақыл-ой дамуын диагностикалауға бағытталған ресейлік әдістер, (ШТУР- школьный тест умственного развития) К.М.Гурьевич.

11. Негізгі біліктердің жалпы тесті.

12. Негізгі біліктерге арналған айзовский тесті.


Оқу, жазу, математика бойынша базалық дағдыларды өлшеуге бағытталған.

Шығармашылық дарындылық

13. Балаларға арналған креативтілік тесті - Дж. Гильфорд.

Дивергентті қабілеттерді бағалауға арналған

14. Бейнелі шығармашылық ойлауға арналған Торанс тесті. «Картина құрастыр», «Суреттерді толықтыр» сияқты тапсырмалардан тұрады.

5 жастан жоғары балалардың шығармашылық қабілеттерін бағалауға арналған.

15. Д.Б. Богоявленскаяның «креативті аймақ» әдісі және А.Г.Азарянның экспресс-әдістемесі




Әлеуметтік дарындылық (қарым-қатынас саласындағы дарындылық)

1. Дәстүрлі интеллектуалдық тесттер қолданылады, бағалау параметрлеріне әлеуметтік аспектілер енгізіледі.

  1. Бақылау шкаласы.

Әлеуметтік позициялары, адамгершілік жайлы пікірлері, көшбасшылық қабілеттері бағаланады.

Ресейде әлеуметтік дарындылықтың арнайы психодиагностикасы жүргізілмейді. Бұл мақсатта социометриялық әдістер, ұйымдастырушылық қабілеттерді анықтауға арналған түрлі әдістемелер қолданылады (Л.К.Уманский).

Ұжымдағы микротоптар, лидерлер мен шеттетілген оқушылар анықталады.

№5

Дарынды баламен жұмыс жоспары



(жеке оқушыға арналған)



Атыжөні

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Білімін тереңдету

Логикалық ойлау қабілетін дамыту

Шығармашылық біліктерін қалыптастыру

1

Ахметов А.

Тақырып бойынша қосымша әдебиеттермен жұмыс

Оқыған әдебиеттері бойынша қорытынды жаздыру

Тақырыпқа байланысты сурет салғызу

Жыл бойы

2




Пәндік олимпиадаға қатыстыру

Проблемалық жағдаяттар мен сауалдар дайындату

Шығарма жаздыру

Нақты бір пәнде

3




Жоба жаздыру

Қосымша материалдармен жұмыс алгоритмін құрастыру

Жазба жұмыстарына рецензент қылу

Жыл бойы




































6



Дарынды баламен жұмыста мұғалімнің тұлғалық және кәсіби дайындығына қойылатын талаптар

7



Дарындылықты диагностикалаудың үлгі жоспары.
Баланың ерекшеліктерін зерттеуді мына жоспармен жүргізуге болады.

1.Ақыл–ой дамуының ерекшеліктері:

– зейіні, есте сақтауы, ойлау машығы;

– оқу материалын меңгеруі, өздігінен жұмыс істей білуі, жұмыс істеу ырғағы;

– сөйлеуі, ұқыптылығы, жалпы дүниетанымы.
2. Оқушының білімі мен оқуға қарым–қатынасы:

– пән бойынша білім сапасы;

жалпы оқу біліктерінің деңгейі;

–оқу әрекеті барысындағы жетістіктері мен сәтсіздіктерін қабылдауы, бағалауға көзқарасы;

– оқуға қызығушылығы;

– өзін басқарудың ішкі тұтқасының болуы.





Дарындылық критерийлері

Үлгерім деңгейі

Оқытылу деңгейі

Көрнекі–бейнелі ойлау деңгейі

Қызығушылығы

Қарапайым тапсырмаларды тез әрі жылдам орындау;

Зерттеу әрекетіне бейімділік;

Түсінуге, талдауға қабілеттілік.


Білімді тәжірибеде қолдана білуі;

Математикалық белгілерді, символдарды, сөздерді ұзақ есте сақтау;

Оқу әрекетінде нақтылыққа бейімділік.


Құрастыру, баламасын таба білу;

Жүйрік әрі шапшаң ойлау;

Классификациялай білу;

Ерекше идеялар ұсыну.



Ынта–жігері, ойлау операцияларын орындауға деген танымдық қажеттілігі;

Бақылау жұмыстары алынады.

Берілген тапсырманы тексергенде: сапасына, ұқыптылығына, орындау жылдамдығына назар аударылады.

Арнайы әдістемелер арқылы анықталады.

Арнайы әдістемелер арқылы анықталады.

8



Дарындылықты психологиялық диагностикалаудың құрылымдық моделі


9




Каталог: bd
bd -> ТӘб директорлар Кеңесінің Төрағасы жаңадан сайланды Алматы қаласы
bd -> Ұлтына қамқор Елбасы
bd -> Қазақтың соңғы ханы Кенесары Арқада Бурабайға жер жетпейді
bd -> Тәрбие сағаты. Джанибекова Арайлым Мавлетаиевна 2015 жыл. “Ұлы хан – халық жадында
bd -> Қолданылған әдебиеттер. Ю. М. Колягин. «Есеп шығаруды үйрен.»
bd -> Рудольф Штейнер Карма профессий в связи с жизнью Гёте ga 172 Космическая и человеческая история
bd -> Қазақ тілі сабағында ойындарды қолдана оқыту әбдірахманова Н. К
bd -> Мәтіннің жоспары, тақырыбы, түрлері Қазақ тілі 3 сыныбы
bd -> Баширова Ұлдай Башбаевна
bd -> Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің емлесі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет