Дастенова Лайля -валеология пәні мұғалімі Сыныбы: 7б Тақырыбы: Темекінің, ішімдіктің, есірткінің денсаулық үшін қауіптілігі. Мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі162,79 Kb.
#28572
Дастенова Лайля -валеология пәні мұғалімі
Сыныбы: 7б
Тақырыбы: Темекінің, ішімдіктің, есірткінің денсаулық үшін

қауіптілігі.

Мақсаты: Оқушыларды ғасыр дерті темекі,есірткі,арақ, ЖҚТБ-дан

сақтандыру,олардың денсаулыққа зияндылығын

түсіндіру,салауатты өмір салтын қалыптастыруға

насихаттау.


Міндеттері: 1.Салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік,темекі

шегу, нашақорлық, ЖҚТБ- АҚТҚ ауруларының

адамға,қоғамға тигізетін кері әсерлерін білдіру.

2. Оқушылардың дербес жұмыс істеуін,сөйлеу қабілетін

дамыту,өз ойын еркін жеткізуге баулу,өзара пікірлесу,өз

ойларын ашық айта білуге білімдерін дамыту;

3.Жат әдеттерден аулақ болуға,салауаттылыққа

тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру

және оны жүйеге келтіру сабағы


Сабақты ұйымдастыру формасы: Сот сабақ

Әдісі: Рольдік ойын


Пәнаралық байланыс: биология, химия, құқық,тарих.
Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар,сабаққа қажет киім үлгілері.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу, оқу құралдарының әзірлігін тексеру. Сынып оқушыларын мынадай рөлдерге бөлу: сот,сот кеңесшілері,қорғаушы,айыптаушы,жәбірленушілер,айыптылар,куәгерлер,психолог,милиция,сот хатшысы.
ІІ.Жаңа сабақ

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Оқушылар, өткен сабағымызда біз темекінің, ішімдіктің, есірткінің денсаулық үшін қауіптілігі жайлы сабақ өткенбіз. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті наша, темекі, арақ сияқты зиянды заттар бар екені белгілі. «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың – жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке орай, адамзатпен ХХІ-ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі ішімдік, темекі, нашақорлық, ЖҚТБ ауруы бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқын осындай келеңсіз істен аулақ болсын деп еліне, халқына арнап 2030 жылғы бағдарламасының бір бөлімін денсаулыққа арнаған. «Арақ ішпе, темекі тартпа, аурудың алдын ал, спортпен шұғылдан»- деген.Елбасының жолдауда көрсеткен өзекті мәселелерінің бірі салауатты өмір сүру,оны насихаттау мәселесі.

Соған орай, біз өткен сабағымызда адамзатқа жат қылықтар туралы мағлұматтар алған болатынбыз. Енді осы алған білімдерімізді тиянақтау үшін осы сабағымызды сот үдерісіне арнаймыз.


2. Сот үдерісі

Жүргізуші: Біздің халқымыз өте еңбекқор, кеңпейіл,ата-бабасын, үлкенді сыйлаған. Күнделікті адал еңбектің арқасында күн көрген. Егінші егінін еккен, малшы малын баққан, етікші етігін тіккен. Ал, ұста болса, ол да өз ісімен айналысқан. Ауыл адамдары бір-бірімен тату-тәтті өмір кешкен. Ата-анасы тату болған. Ол кісілердің 10, тіпті одан да көп балалары болған. Ауыл ақсақалдарын сыйлап, балаларға қамқорлықпен қарап, аялап, мәпелеген. Осындай тату-тәтті отырған ауылға алыстан Бүлдіргі деген бір саудагер келіпті. Ол ауылды қақ жарып өтетін соқпақ жолға түсіп алып:

О, халайық, халайық,

Мына ыдысты қарайық

Керемет күшті қасиет

Бар ыдысты алайық

Ыдыс емес, ол сиқыр,

Өзіңді баурап алады.

Бар тірлікті ұмытып,

Жанды азапқа салады.

Ауыл адамдары ештеңе түсінбей, әлгі ыдыстан ала бастайды. Саудасы жүрген Бүлдіргі саудагер әндетіп ауылға жиі келіп тұратын болыпты. Сол Бүлдіргі саудагердің келгенінен бастап, ауыл адамдарының берекесі кетеді. Тату-тәтті отбасында ұрыс-керіс шығып, әкесі баласын орынсыз жәбірлейтін болыпты. Малшыны ұйқы басып, жайып жүрген малынан айырылады, егіншінің жаздай еккен егінін жинай алмай рәсуә болып қар астында қалады. Міне, осындай қасыретке тап болыпты, несібелерінен айырылыпты.

Сонда, оқушылар, бұған кінәлі Бүлдіргі саудагер оның сатып жүрген ыдысының ішіндегі қандай зат, айтыңдаршы?

Оқушылар: арақ

Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар балалар.Бұл ыдыстың ішіндегі әзәзіл сусын-арақ еді.

Осындай жағдай сол кезден бастап талай баланың, ананың көз-жасы болып тамған.

Оқушылар, Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД адамдарға опасыздық пен бақытсыздық алып келуде, осыған ашынған халық оларды әділ сотқа беріп, қылмыстық іс қозғау керек деп арыз түсірді. Қазір соттың жүрісін тыңдайсыздар.

Хатшы: Тұрыңыздар, сот келеді.

Сот: Отырыңыздар. Басты сот талқылауын ашық деп жариялаймын.

Сотталушылар: Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД бойынша қылмыстық ісі қаралады.

Сот: Хатшы, осы қылмыстық іске кімдер келіп отырғаның баяндаңыз.

Хатшы: Сот процесіне қатысушылар:сот кеңесшілері,жәбірленушілер(қоғам ішіндегі экология,мәдениет,демография),айыпталушы қылмыскерлер 1.Арақ.2.Темекі.3.Есірткі.4.СПИД),айыптаушы(прокурор),қорғаушы(адвокат)

Айыптаушы:- Бүгінгі сот процесінде қаралатын мәселе ХХ ғасырдың басты кеселдерінің бірі болған және ХХІ ғасырдың басты індеттерінің біріне айналып бара жатқан темекі, арақ, есірткі, СПИД- ВИЧ ауруы.

Қылмыс толық дәлелденген. Сот алдына айыпталушы қылмыскерлерге қарсы арыз беруші, жәбір көруші қоғамды шақырамыз.



Сот:- Жәбір көруші қоғам! Сот алдындағы айыпталушы қылмыскерлердің Сізге қарсы іс-әрекеті туралы не айтасыз?

Қоғамдағы экология саласы:- Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттар тек денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде.

Қоғамдағы демография саласы:- Дүние жүзіндегі қандайда болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне қылмыскерлер орнында отырған темекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ-АҚТҚ жұқпалы ауруының кері әсері тиюде. Қаншама адамдар бұл қылмыскерлермен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда.

Сот:- Қорғаушы мен қылмыскерлерден жәбірленуші қоғамның оларға таққан айыбымен келісе ме, жоқ па соны сұрайды.

Қорғаушы:- Жәбірленушінің менің қорғаушыларыма таққан айыптарымен толық келіспейтінімді мәлімдеймін. Себебін толық түсіндіру үшін айыпкерлердің өзіне сөз берілуін сұраймын.

Сот: Қазір қылмыстық істі баяндаймыз..

Сотталушылар тұрыңыздар. Өздеріңізді таныстырыңыздар.



Менің атым – Арақ, Египетте дүниеге келдім.

Менің атым – Темекі, Америкада дүниеге келдім.

Менің атым – Есірткі, басқа ештеңе де есімде жоқ.

Менің атым- СПИД, Мені Африкада негрлер арасында тараған деген болжам бар.

Сот: Сотталушылар тұрыңыздар, нақты сот құрамына сенесіздер ме ?

Сотталушылар: (Орындарынан тұрып) Сенеміз.

Сот: Не үшін айыпталып отырғандарыңызды білесіздер ме? Кінәларыңызды мойындайсыздар ма? Темекі, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?

Темекі: Жоқ, мойындамаймын.

Сот: Есірткі, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?

Есірткі: Жоқ, мойындамаймын.

Сот: Арақ, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?

Арақ: Жоқ, мойындамаймын.

Сот: СПИД, сіз өз кінәңізді мойындайсыз ба?

СПИД: Жоқ мойындамаймын.

Сот: Сонымен, арақ, темекі, есірткі,СПИД мойындамады, осылардың қайсысынан бастасақ.Онда бірінші темекіден бастайық. Қарсы емессіздер ме?

Айыптаушы: Мен келісемін.

Сот: Темекі, сіз өз кінәңізді неге мойындамадыңыз, өзіңізді қорғау үшін қандай дәлеліңіз бар?

Темекі: Мен өзімді айыптымын деп есептемеймін.Мен де әріптесім арақ сияқты көптеген адамдарға жұмыс берудемін.Мені жарнама жасамаңыздар. Тартпаңыздар.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?

Қорғаушы: Темекі, сіздің кесіріңізден үйлер, егістік, ормандар өртенді дейді, сол шын ба?

Темекі: Жоқ, бұл өртке менің ешқандай да қатысым жоқ, мені тартқан кісі тартып болып, жанымды көзіме көрсетіп аяғымен мыжып, құмға көміп, көзімді құртты.

Айыптаушы: Темекі, сіздің құрамыңызға химиялық заттар кіреді екен.Никотин деген уың адам ағзасын әбден бүлдіріпті. Осыны қалай түсіндіресіз?

Темекі: Адамдар менің құрамымды, никотиннің адаиға зиян екенін біле тұра жолғанына мен де таң қаламын. Мен өз түтінімінің құрамын ешкімнен жасырған жоқпын. Бәріңіз де білесіздер.

Ана: Менің кәмелетке толмаған баламды неге кәніктірдің?

Темекі: Маған жолама деп тәрбиелеу қажет еді.

Сот: Темекі, сізге көптеген кінәлар тағылып отыр, алдағы уақытта не ойыңыз бар?

Темекі: Мен ешкімге зиян келтірейін деп бұл өмірге келгенім жоқ. Жоламасын маған.

Сот: СПИД, сіз өз кінәңіз жайында не айтасыз?

СПИД: Менің жұқпалы вирус екенім де,ХХ-ХХІ ғасырлардың басты дерті екенім де рас.Бірақ мен өздігімнен тарамаймын.Мені тарататын-адамдар.Сондықтан, мен өзіме тағылған бірқатар айыптармен келісе алмаймын.

Сот: Есірткі, сіз өз кінәңізді неге мойындамайсыз?

Есірткі: -Апиынды адамзат ертеден қазірге дейін адам бойындағы кейбір дерттерге шипа ретінде қолдануда.Адамдар жаман қасиетіме жоламай, тек жақсы қасиетімді ғана пайдалансын.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?

Қорғаушы: Есірткі, сіз әлгі азамат қайтыс болған күні қайда болдыңыз?

Есірткі: Қайтыс болған адамға ешқандай да қатысым жоқ, ол адам қайтыс болатын күні бір тиыны да болмай мені сатып ала алмады, берекеі кетіп шадамай, біреудің қалтасына түсіп еді, ол біліп қойып, тепкілеп жатқан, сол тепкіден кеткен болар.

Айыптаушы: Есірткі, сіздің кесіріңізден адамдар дауасыз дерт, ғасыр індеті СПИД-ті жұқтырды.Осыған не дейсіз?

Есірткі: Мені бір шприцпен барлығы алды, одан шамды өшіріп, ойларына келгенін істеді. Адамдар, ақылға келіңіздер дер едім

Куәгер: Мені еліктірдің, аяғы СПИД ауруын жұқтырдым.Кінәңді мойындап, адамзатқа жолама!

Есірткі: Жолама есірткіге деп анаң талай айтқан шығар, кінә өзіңде.

Куәгер: Көкемнің ажалына мына тұрған үшеуің де кінәлісіңдер. Үшеуіңнің кеселдеріңнен қаншама орман өртелді, айыптарыңызды мойындаңдар.

Сот: Есірткі, Сіз осындай адамға қайғы-қасірет әкелуге не себеп болды?

Есірткі: Менде ондай жаман ой болған емес, өздері кінәлі.

Сот: Арақ, сіз айыбыңызды мойындамадыңыз, ал бізге соны нақты баяндаңыз.

Арақ: Мен ешқандайдай да өтірік қоспай ағымнан жарылайын.Осы адалдығым үшін жеңілдік болар деген үміттемін.Құрметті сот мүшелері, өзіме тағылған айыппен толық келіспеймін.Менің қоғамға пайдалы жақтарым да бар.Мысалы, мені өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғамы қоғам мүшелерін, яғни 1023 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Аруақ /куәгер/: Менің өліміме арақ тек сені кінәлаймын.

Арақ: Өзің ғой, менсіз тұра алмаған.

Сот: Арақ; сіз адамға неліктен қас болдыңыз?

Арақ: жүзімді ашытып шарап, одан арақ алып, жарнама бересіздер, бұл теріс жарнама.Не істесеңіздер де, ойлап істеңіздер.

Сот: Жауап алып болдық, енді сот талқылауына көшеміз.Айып сұрау ретінде мемлекеттік айыптаушы прокурорға сөз береміз.

Қорғаушы: (орнынан тұрып) Мен осы төрт айыпкерлерді де адамзат баласына қастандығы үшін ең ауыр жаза қолдануды өтінемін. Темекі тартқан 13 жастағы бала өкпе рагінен қайтыс болды., есірткі адамды жындандырып, СПИД жұқтырды, арақ өлтіріп тынды.Айтқан айыптарымның бәріне толық дәлелдер, эксперт қорытындылары бар.

Сот: Жәбірленушілер, сіздер осы төрт бұзақыға қандай жаза қолдануды қалайсыздар? Нақты фактімен дәлелдеңіздер.

Інісі: Мен көкемнің өлімін осы ушеуінен көремін. Жол тәртібін сақтамай тапа-тал түсте машинамен қағып кетті. Арақ ішіп, тартатынын тартып, рөлге отырған. Қамқоршымнан айрылдым, ақылшымнан айрылдым . Бұлардың бәріне де ең ауыр жаза қолданылсын.

Ана: Балам оқу озаты еді. Қалай осы темекімен достасты, сабақ ұқпайтын, жарыстарға қатыса алмайтын әлжуаз болып қалды. Кішкене жүгірсе ентігіп, жөтелетін.Темекі, жалғыз баламның өмірін қидың, балам өкпе рагіне шалдықты. Енді жалғызымнан айрылдым, мен үшін өмірдің мәні де, сәні қалған жоқ. Шаңырағым ортасына түсті.

Куә орманшы: Төртеулеріңнің бастарың біріксе, жүрген жерлеріңді жайпап жүресіңдер. Табиғаттың жауысыңдар. Қанша орман, егістік, үйлерді өртеп, адамдарды бақытсыздыққа ұшыраттыңдар.

Сот: Аруақ. Сіз соттан араққа қандай жаза қолданса деп ойлайсыз?

Аруақ: Мен бұл өмірден өткен пендемін, өзім туралы айтайын.Бақытты едім. Балам, үйім бәрі-бәрі бар еді.Жұбайым да, мен де ғалыммын. Міне, осындай бақытты өмірімді сырып қойып, әзәзіл арақтың жетегінде кеттім. Ішпе деген ешкімді тыңдамадым. Емдетейік деді, ауру емеспін дедім. Жылдар өтті. Анам бұл өмірден өтті. Жұбайы мен балам мені тастап, шетелге жұмыс істеуге кетті. Көрсін, жалғыздықтың қандай екендігін, сонда ақыл кіріп, қояр арақты деген ғой. Сонымен жалғыз жалғыз қылдым. Үйде ешкім жоқ, арақ тіптен басынып, үйдің бір кілтін сұрап алды. Олар кеткен күні арақтың бірнешеуі келіп тоқым қақтық. Күнде арақпен құшақтасып, ұйықтап жүрдім. Ақша бітті, енді үйдегі заттарды сатуға көштім. Бірде араққа қатты тойып ұйықтадым.Сол ұйқыдан оянбадым. О дүниеге аттандым. Осы көрші көрінбейді ғой деп милиция шақырып есікті бұзып, маған аса бір жиіркенішпен қарады. Мен өз өлімімді арақтан көремін. Құрысын арақ, міне осылайша қор болып, қадірімді кетірдім. Айналайын балаларым, жоламаңдар араққа, араққа, араққа.

Сот: Сотталушыларды соттау үшін сөз адвокатқа беріледі.

Қорғаушы: Темекінің кінәсі жоқ. Оны мадақтап Испанияға алып келген Американы ашқан теңіз саяхатшысы Христофор Колумб. Ол онымен де қоймай матрос, солдат, саудагерлерге, бүкіл халыққа таратып, оны қалай тартуды үйретіп насихаттаған. Темекі плантацияларын көбейткен, зауыттар ашқан. Мұның бәріне адамдар кінәлі.

Қорғаушы: Мен өз басым есірткінің көптеген жақсы қасиеттерін білемін. Өткен жылы маған өте күрделі ауыр операция жасалды, пышақ тиген оңай ма, жаным қиналып көз ілмей жатыр едім, осы есірткінің жиенімін деп промедол келіп, жанымды кіргізгенін әлі ұмытпаспын. Содан рахаттанып , ұйықтап кетіппін. Апиын деген, ол да медицинада , тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Конопля, қарасор дейді, одан әр түрлі талшықтар, май алады.

Қорғаушы: Арақтан қашып жүріңіздер, ішпеңіздер. Арақтың үрім-бұтағын жақсы білемін, этанол деген ағасынан синтетикалық каучук, бояуыш заттар, еріткіштер, сірке қышқылын, әр түрлі күрделі эфирлер алу үшін қолданылады. Медицинада қолданылады

Қорғаушы: СПИД біздің елімізде ғана емес, әлем елдеріне тараған індет.Шынымен де ол өздігінен дерт болып таралмайды.Егер бұл індеттен сақтанған жағдайда жұқтырмаған болар еді.

Сот:-Айыптаушы мен қорғаушыдан сот процесінде қаралып отырған іске қатысты бар куәларды сот залына шақыру сұралады.

Хатшы:-Куәгерлердің сот алдында берген мәліметтері тек шындыққа жанасуы керек.Мәліметтер жалған болып,сот процесіне кері әсерін тигізген жағдайда Қ.Р Қылмыстық кодексі 15-тарауының 352-бабының І тармағына сәйкес (жалған мәлімет бергені үшін) жалақы мөлшеріне қарай айып тағылатыны немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны ескертіледі.

Хатшы:-Сот алдына сараптамашы -дәрігер маман шақырылады.

Сараптамашы-дәрігер:-Шылым шегу-зиянды әдет, ағзаны улайды.СПИД-пен ауырған адам көп дегенде 6 жыл өмір сүре алады.СПИД қанның құрамындағы иммунитетке жауап беретін Т4 түйіршіктерін өлтіреді де, сол жерде көбейеді.СПИД-пен ауырған адам пневмания, мененгит, энцефал ауруларына шалдығады.СПИД аурулары арықтау, температураның көтерілуі, терлеу, іштің өтуі, теріде рак ауруларының пайда болуына әкеліп соқтырады.

Қазіргі уақыттағы ішімдік-ол нөмірі бірінші есірткілік проблема.Ішімдік бұл бауыр ауруларының, бас мидың функцияларының бұзылуының, асқазан жарасының, панкреатиттің және ішкі органдардың көптеген себептері болып табылады.

Темекі тартушылар жүрек ауруымен көбірек ауырады,өкпе, өңеш, қуық ісігі, панкреатит және бүйрек ісігінің көрсеткіштері темекі тартушыларда көбейіп келе жатыр.Темекі түтіні адам ағзасына зиянды.Оны мынадай мысалдармен дәлелдеуге болады: дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 миллион адам қайтыс болады.Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.Шылым шеккендер жүрек ауруларымен 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады.Олардың 80 өкпе ауруына шалдығады.

Хатшы:-Сот алдына маман-психолог шақырылады.

Психолог:-Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, не сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды,елеусіз жүреді.Жоғарғы сынып оқушылары өздерін үлкен адамбыз деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді.

Айыптаушы:-1999 жылы әлемде ВИЧ-СПИД-пен есепте 50 миллион адам тіркелген.16 миллионы өлген.Бүгінгі Қазақстанда 28 мың нашақор бар, кәмелетке толмағандары 2 мың.

Айыптаушы:-Спирттік ішімдіктерді сатқызбай, маскүнемдіктен біржола арылуға болмай ма?

Қорғаушы:-Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сақтауға тиым салудан нәтиже шықпағандығын білеміз.

Құрметті сот мүшелері және қоғам! Сіздердің таққан айыптарыңыз шектен тыс.Мынаған көңіл аударыңыздар.Менің қорғаушыларым-арақ, темекі, есірткі, СПИД-ВИЧ аурулары қоғам ішінде өз бетімен дерт болып тарамайды.Оларды айыптап отырған-қоғам, ал қоғам мүшесінің бірі-адам.



Сот: Сотталушылар, сіздерге соңғы сөз беремін.

Темекі: О ақылды, адамзат, жоламаңыздаршы, мендей пәлеге. Маған жоламасаңыздар, өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау болады.

Есірткі: Мені халықтың игілігіне пайдаланыңыздаршы, халайық.

Арақ: Арақ керемет деп, қызықтырып жарнама жасамашы, адамзат.

СПИД: Жат әдетке жоламаңыздаршы, ағайын!

Сот: Тұрыңыздар, үкім жарияланады. Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 257 бабымен арақ пен темекі, 259 бабымен есірткінің, 120-121 бабымен СПИД-тің қылмыстық ісін қарады.

Ашық сот талқылауында қылмыстық іс СПИД, арақ, темекі, есірткіні айыптаумен соттың анықтағаны:

Темекі оның құрамындағы улы заттар ағзаға өте зиянды әсер еткен. Атап айтқанда: оның құрамындағы синиль қышқылы, никотин, күйе т.б бірлесіп ұйымдасқан түрде ауыз қуысын, жоғарғы тыныс жолдарын бүлдіре өтіп, өкпе көпшіктеріне қонып, одан ауызға келіп, асқазанды ойрандаған. Темекі тыныс жолдарын аяусыз қабындырған. Темекі түтінің қара майы өкпе және оның бронхыларына әбден жабысып алып, өкпенің қорғаныштық қабілетін төмендеткен. Ағзаға оттегінің келуі азайған. Темекі уының салдарынан адамдар өкпе рагіне ұшыраған. Ол онымен де тынбаған, жыныс бездерінің қызметін де бүлдірген. Қан айналым жүйесін әлсіретіп , аяқты ақсатқан. Есірткі адамның психикасын бүлдіріп, миды улап, жүйке жүйесінің қызметін төмендеткен. Есірткінің кесірінен дауасыз дерт СПИД-ті жұқтырған. Арақ елімізге, отбасына қайғы-қасірет әкелді. Ұрпақты бүлдірді. Арақ ішкен адамдардан ақыл есі кем балалар дүниеге келді, қор болды.

Арақ адамды қылмысқа итермеледі. Ағзаны ойсырата бүлдірді. Басты сот талқылауында темекі, арақ, есірткі, СПИД. Арақ ,темекі, есірткі, СПИД өздері жасаған кінәсін мойындамады, бірақ та олардың кінәсі дәлелдемелер мен өз дәлелін тауып отыр.



Сот үкім етті: Сотталушы Арақ, Темекі, Есірткі, СПИД. Арақ пен темекі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257- бабымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259- бабымен есірткіні, 120-121- бабымен СПИД-ті кінәлі деп тауып, оларға осы көрсетілген бап бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Темекі, арақ, есірткіні басқа мемлекеттерден тасымалдауға шек қойылып, мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынсын.Темекі мен арақты өндіретін орындарға айыппұл салынсын.Бұларды түрлі жолдармен жарнамалауға шек қойылсын.Балақша, мектеп, жоғарғы оқу орындары мен спорттық мәдени ошақтар маңынан темекі, арақты сататын сауда дүңгіршіктері алынып тасталсын.Қоғамның өз ішінде бұл дерттің зияндылығы жөнінде түрлі үгіт-насихат шаралары жүргізілсін.Сот үкімі мен ұсыныстары қайта қарауға жатпайды.



Сот: Сот мәжілісін жабық деп жариялаймын.
Жүргізуші:

Халқым бұрын білмеген,

Кейін келе үйренген.

Тұзақты мойынға салатын,

Адамды аздыратын,

Несібеден айыратын,

Баланы бездіретін,

Қанды бүлдіретін,

Бауырды күйдіретін,

Миды улайтын,

Ақылды кемітетін,

Ұрпақты тоздыратын,

Ананы зарлататын,

Әкені шарлататын,

Ар-ұяттан айыратын,

Отанын сатқызатын,

Ерте қартайтатын,

Өлімге жетелейтін

Пәледен аулақ ет!
Қорытынды: Сот сабақты бекіту мақсатында оқушыларға мынадай сұрақ

қойылады: Оқушылар,сот әділ үкім шығарды ма?

Білімімізді тиянақтау үшін мен сендерге мынадай ойын шартын ұсынбақпын:

2. «Менен жылдам сұрақ-сіздерден жылдам жауап» ойыны

1.Кең тараған зиянды дағдыларды ата?(темекі тарту,арақ ішу,нашақорлық).

2.П.К.Ивановтың 3-ші қағидасы?(арақ ішпе,темекі шекпе).

3.Никотин деген сөз қайдан шыққан?(Португалиядан,Жан Никоның есіміне байланысты. 1560 ж)

4.Темекі құрамындағы улы зат?(никотин)

5.Ең көп тараған наша түрі?(героин)

6.Есірткі қабылдайтындардың стерильді емес шприцтерді пайдалануы жазылмайтын қандай ауруды жұқтыруға себепкер болады?(СПИД)

7.Алкоголді ішімдікке берілгеннен кейін қандай асқазан аурулары пайда болады?(гастрит,ашық жара,асқазанның ісік ауруы)

8.Бауырды цирроз ауруына ұшырататын зиянды зат?(ішімдік)

9.Темекіден туындайтын ауруларды атаңыз? (қолқа демікпесі, өкпе, жүрек, бауыр).

10.Жасөспірімдер 3 түрлі себептерден темекі шекпейді.Ол қандай себептер?(1-шіден жаман иіс, 2-шіден темекіге әуес емес орта, 3-шіден темекі шекпейтін ата-ана)

Міне, оқушылар, біздің денсаулығымызға зиянды нәрселер туралы мағлұматтар алдық. Енді біз зиянды әдеттер туралы ойларымызды тұжырымдап, жат әдеттерден жиренетін боламыз.

Бағалау: Сабақты жете меңгеріп,белсене араласқан оқушылардың білімін

бағалау.
Оқушылардың ойын сергіту мақсатында «Денсаулық» сөзжұмбағын шешу


Үйге тапсырма:Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған

рефераттар,хабарламалар әзірлеу.
Каталог: files -> download
download -> Редьярд Киплинг з ліверпульської гавані, завжди по четвергам
download -> Захист навчально-виховного творчого проекту
download -> № уроку Дата проведення Тема 1 2 3
download -> Практикум тема: "казкотерапія як інструмент психолога та педагога". ( вересень 2012р.) Теоретична частина
download -> Психологія на кожен день. Конспекти занять
download -> «Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайыс сценарийі. Дастенова Лайля-валеология пәні мұғалімі Сыныбы: 7
download -> Програма для загальноосвітніх навчальних закладів з українською мовою навчання. − К.: Видавничий дім «Освіта», 2013
download -> Мостівський навчально-виховний комплекс «загальноосвітній навчальний заклад І-ІІІ ступенів – дошкільний навчальний заклад»
download -> Сабақтың мақсаты: «Көміртек және оның қасиеттері.»
download -> Сабақтың тақырыбы :Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары. Туристік объектілері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет