Дебат ойыны Шахманова Айнагүл Төлегенқызы, кітапхана меңгерушісі



бет1/2
Дата08.06.2018
өлшемі278,41 Kb.
  1   2
«Елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтудің маңызы зор»

Дебат ойыны

Шахманова Айнагүл Төлегенқызы, кітапхана меңгерушісі

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Жезқазған гуманитарлық колледжі

Мақсаты: 1) жастардың сөздік қорын молайту, ана тіліміздің қадір – қасиетін

бойына дарыту, ана тілімізді қадірлей білуге үйрету;

2) көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету, тіл байлығын молайту,

шешендік өнерге баулу;

3) еліміздің әлеуметтік, саяси істеріне өз үлестерін қосып, ой-

толғаныстарымен бөлісуге үйрету.

Көрнекілік: қарар бойынша слайд, кітап көрмесі .

Шахманова: Армысыздар , құрметті ұстаздар, студенттер, бармысыздар құрметті тілдің жанашыллары! 22 –қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне және Жезқазған қаласының 60 жылдығына арналып өткелі тұрған дебат ойынына қош келдіңіздер!

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады. Ана тіліміздің тағдыры үшін бабаларымыз қам - қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар , сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі ескен бүкілхалықтық қозғалыс - соның айқын айғағы.

1989 жылы 11-қыркүйекте қабылданған Тіл туралы заңда « Тіл - халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінсе, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған еліміздің Конституциясының 7- бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп белгіленді.

Елдік, ерлік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! – деп Мағжан атамыз жырлаған тіліміздің қазіргі таңдағы жағдайы , қолдану аясы қандай деген мақсатпен бүгінгі дебат ойыншыларының талқысына «Елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтудің маңызы зор» атты қарары түскен болатын. Олай болса ортаға «Ұлар» тобы мен «Жасын» тобын шақырайық.

Бүгінгі ойынның төрешісі колледждің әдістемелік жұмысының орынбасары Темірбеков М.А., ал тайм - кипер 1-курс студенті Тилекенов Жеңіс мырза.

Ойынды жақтаушы Үкімет тобы, яғни «Жасын» бастайды.

1- спикер Әлия: Армысыздар, құрметті дебат сүйер қауым! Менің басты міндетім өз тобымды таныстырып, бүгінгі ойкөкпар талқысына түскен қарарға байланысты өз кейісімді ұсыну. Уақытты созбай өз міндетіме көшейін. «Жасын» тобының үшінші спикері Әсем ханым, екінші спикері Гүлім ханым және үшінші спикер мен Әлия ханым. Қарарға дефиненция жасап өтейін:

Ел – халық, бір мелекеттің тұрғындары.

Қазақ – ҚР-ның жергілікті халқының атауы.

Тіл – белгілі бір ұлттың қарым-қатынас құралы.

Қолдану - іске жарату, пайдалану.

Аясы – аумағы., ауданы

Кеңейту – молайту

Маңыз - бір нәрсенің өмірде алатын орны, мәні, мазмұны.

Зор – мол, көп деген мағына.

Қайнар көзі: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 2013 жыл .

Статс – куо, яғни қалыптасқан жағдай: Елімізде қазақ тілінде білім беретін ұйымдар желісі үздіксіз өсуде. Қазіргі таңда республика бойынша 8764 мектепке дейінгі ұйымның (3340 балабақша, 5424 шағын орталық) 64,4 пайызы, яғни 5644 ұйым қазақ тілінде білім және тәрбие береді. Ал қазақ тілінде оқытатын мектептер қатары тәуелсіздік алғалы 1051 ұйымға, яғни 51,6 пайызға көбейген. Ондағы оқушылардың саны 626 мыңнан астам балаға артып, барлық оқушылардың 65 пайыздан жоғары бөлігін құрап отыр. Соның ішінде қазақ ұлтты балалардың 86,7 пайызы және 34084 басқа ұлт өкілі қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқиды. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 718 колледжде 145 таза қазақ тіліндегі және 573 екі тілде білім беретін ұйымда мамандар мемлекеттік тілде даярлануда. Бүгінде 181 мамандық бойынша даярланатын 457,6 мың студенттің 57,7 пайызы қазақ тілінде білім алуда. Ал біздің колледжде қазіргі таңда ?? студент білім алуда, оның ішінде 100 студент орыс тілінде білім алса, қалған ?? ммемлекеттік тілде білім алуда. Бұдан шығатын мәселе: қазақ тілінің қолдану аясы қазіргі таңда кеңейді, әлі де кеңейе бермек.

Қайнар көзі: www. Statist. kz

1-аргумент: «Орталық - қаланың жанашыры». «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы Жезқазған қаласы әкімінің қолдауымен 2011 жылдың наурыз айында ашылған болатын. Орталықты құрудағы негізгі мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілді оқыту, насихаттау, тіл саясатын  насихаттауға арналған іс-шараларды жүйелі жүргізу болатын.  Орталық құрылған сәттен бастап осы мақсат үдесінен шығуды өз жұмысына басшылыққа алды. Сол ашылған жылы мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша орталықта жеті топ ұйымдастырылды. Өткен оқу жылының бірінші жарты жылдығында мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша алты топ ұйымдастырылды. Осының ішінде төрт топ бастауыш қарапайым тіл үйрену деңгейінде оқып білім алса, енді бір топта оқитындар жалғастырушы деңгейде білімдерін жетілдірді. Ал, келесі топтағылар іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді үйрететін жеделдетілген топта білім алды. Өткен оқу жылында сондай-ақ орталық мекемелердің сұраныстарына сай біраз шараларды жүзеге асырды. Мәселен, «Қалалық өрт сөндіру қызметі» мекемесінің, «Халық банкі» АҚ Жезқазған филиалының, Мәкенбаева отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының, «Қарттар үйі» мекемесінің сұранысына сай қызмет көрсетілді. Бірінші жарты жылдықта мемлекеттік тілді оқып - үйренуге 62 тыңдаушы қамтылды. Қазіргі таңда жеті топ өз білімдерін жалғасыруда.
Орталықтың өз қызметінде баса назар аударып отырған бағытының бірі – еліміздегі тіл саясатын насихаттау. Осы бағытта күні бүгінге дейін көптеген іс-шаралар өтіп жатыр, оның бәрін тізіп айту мүмкін емес. Сонда да болса бір –екуін айта кетейін: «Үздік іс жүргізушы байқауы», «Қазақ тілінің болашағы балабақшада» сайысы, т.б.

Қайнар көзі: sa_jez @ mail.ru

2-аргумент: «Қазақ емес, қазақтан былай емес». Хромтау тау –кен техникалық колледжінің мұғалімі Евгений Дадаров қазақша еркін сөйлейді. Ол қазақ тілін Рудный қаласындағы индустриялық институтта оқып жүргенде үйренген. Қазақ балаларымен етене жақын араласып жүруі де септігін тигізген көрінеді. Ол қазақша сөйлеуді өзіне мәртебе санайды. Мақалдап сөйлегенде кез-келген қазақты артқа қалдырады. Мемлекеттік тілді жетік білу үшін қазақ басылымдарын көп оқиды, «Ана тілі» газетіне жазылып, ерекше ықыласпен оқиды. Мемлекеттік тілді білуді парызы деп санайтын Евгений өз елінің патриоты бола білген ұстаз ғана өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиетті дарыта алатынына сенімді. Еліне, жеріне, мемлекеттік тілге құрметпен , өзінің қызметіне зор жауапкершілікпен қарайтын осындай азаматтар біздің елімізде өте көп.

Қайнар көзі: www. Anatili.kz

Атқарылып жатқан істердің нәтижесі мол: ең бастысы қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында барынша мүдделілік танытып отыр. Тіл тағдырына деген жанашырлығымыз бен қамқорлығымыз артуда. Тіл туралы заңымыз, тілді дамыту туралы бағдарламамыз іске асып жатыр .

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталсам, ақшаны мол шашып, билікті қатайтып, санскрит пен эсперантоны да кеңінен енгізуге болады. «Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып бара жатыр», - деп , көздің жасын көлдете бермей, тілді насихаттауды өзіңізден бастаңыз. Шығыс философы : «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сосын балаң мен достарыңызды түзеңіз» - деген екен. «Құмырсқа да қыбырлап қыр асады». Біздің құмырсқадан қай жеріміз кем? Мен өз сөзімді аяқтадым, қарсылас оппоненттің сұрақтарына жауап беруге дайынмын.

(тоғысқан сұрақ-жауап)



2-спикер Гүлім: Армысыздар алтыннан ардақты ,күмістен салмақты дебат сүйер қауым! Мен Аймағанбетова Гүлім «Жасын» тобының 2-спикері боламын. Сөзімді бастамас бұрын қарсылас топқа сәттілік, өз тобыма жеңіс тілеймін. Міндетіме көшсем , «Балық сүйексіз болмас, адам кемшіліксіз болмас» дегендей, қарсылас топтың кемшілігіне тоқталайын. РЕБАТЛ ЖАСАУ.

Әлия ханымның бірінші аргументін толықтырып кетсем. «Тіл» орталығы біраз іс - шаралар өткізіп жатыр. « Тіл және тәуелсіздік» дөңгелек столы, «Мағжаннан қалған маржан жыр», «Қазақстан - достықтың мекені» фестивальдері т.б. жоспар бойынша өтіп жатыр.

« Мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не беремін» деп Джон Кеннеди айтқандай, тіліміздің қолдану аясын кеңейту үшін бойымызға ана сүтімен дарыған қастерлі де қасиетті тілімізді сақтауға өзіміз де ат салысайық.

Сөзімді Елбасы Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған , әрі жас отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?». Әрине, ештеңе жоқ.

Олай болса, мен өз сөзімді аяқтадым, қарсылас оппоненттің сұрақтарына жауап беруге дайынмын.

( тоғысқан сұрақ- жауап)



3 спикер Әсем: Сәлемдесудің артығы жоқ дегендей, армысыздар құрметті төреші, тайм-кипер, және аса да қадірлі қарсылас топ пен еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосатын ұшқыр ойлы болашақ иелері, дебатқа қош келдіңіздер! Қазіргі таңдағы міндетім бүгінгі ойынға сараптама жасау. Олай болса, уақытты созбай өз міндетіме көшейін. САРАПТАМА.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі –сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып санал\атын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы , тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени-әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Қазақ тілі қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарым: әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір қазақстан азаматының жүрегімен ұққаны жөн.

Құм, кесек, суды кез - келген бала қалаған формасына келтіре алады. Егер оны цементпен араластырса, бетонға айналады. Енді оны бала түгілі жігіттердің өзі қолымен бұзып, үгіте алмайды. Сонда кішкентай ғана құм түйіршіктерін біріктіріп тұрған не нәрсе? Әрине, цемент. Осы философиялық ой секілді сіз болып, біз болып бірігіп, ана тіліміздің өркендеуіне әркім өз үлесін қосуы керек. Құрметті жастар, айдан алқа, жұлдыздан жүзік іздемейік. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілі біздің жүрегімізде екенін ұмытпаңыздар!!! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Тоғысқан сұрақтар:



  1. Сұрақ - жауапқа дайынсыз ба?

  2. Қанша пайызға дайынсыз?

  3. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

  4. Тіл туралы заң іске асып жатыр ма?

  5. Тіл туралы заң неше бөлімнен тұрады?

  6. Сіздің кейсіңіз абстракт па , логика ма?

  7. Сізде кейс жоқ , себебі Даттау жақсыз. Қалайша жоқты бар дейсіз?

  8. Ана тіліңізді неше пайызға білесіз?

  9. Елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтудің маңызы зор деп ойлайсыз ба?

11. Тіл туралы мемлекеттік бағдарлама іске асып жатыр ма?

12. Оған сіз атсалысып жатырсыз ба?

13.. Статистикалық мәліметке сенесіз бе?

14. Сіздің дәлеліңізде «мүмкін» деген сөз бар ма?



Шахманова : Құрметті дебат сүйер қауым, бүгін сіздер тамаша дебат ойынына куә болдыңыздар. Төреші Мырзатай мырза бір шешімге келгенше бүгінгі қарар бойынша дайындалған слайдты тамашалаңыздар. (слайд)

Темірбеков: ( төреші парағы бойынша ойынның төрелігін айту, әрбір спикерге қысқаша сараптама жасау, ойынның қортындысын, үздік спикерлерді шығару ).

МАРАПАТТАУ (диплом «үздік спикер» - 3).



Шахманова : Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Өркениет өнегесі - өз тіліңмен өмір сүру. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді» деген болатын Олай болса, тілдік қоры аса бай, көркемдік қуаты өте жоғары, халықтық тарихы тым тереңде жатқан қазақ тілін мемлекетіміздің ортақ тіліне айналдырайық. Тіл саясатындағы ұлттық көзқарасымыз тұғырлы да ғұмырлы болсын! Осымен бүгінгі ойынымыз аяқталды. Шуақты күндерде кездескенше аман-сау болыңыздар.




«Жасын», «Ұлар» топтарының достық кездесу ойыны

Ойынның «Үздік спикерлдері» Төлегенова Ботакөз, Мұханбетрақым Айжан, Ахметова Әсем.

Тренері Шахманова А.Т.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет