Дейді мемлекеттік



Дата15.09.2017
өлшемі75,04 Kb.
#33201
Өмір Есқали
Әрістің жөні өзінше, ғылымның жолы сан тарау
дейді мемлекеттік тілге қатысты мәселелерді жан-жақты зерделеп жүрген ғалым М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кәсіби журналист мамандарын дайындаумен шұғылданатын ұлағатты ұстаз Зарқын Тайшыбайды көпшілік тіл жанашыры ретінде де жақсы біледі. Оның жиырмаға тарта монографиялары мен ғылыми-зерттеулерінің басым бөлігі тіл, өлкетану, ономастика, қазақ баспасөзі, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі секілді соқталы тақырыптарға арналған.

«Қазақстанның білім беру ісінің үздігі», А. Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалінің, «Құрметті журналист» атағының иегері, екі университеттің құрметті профессоры, Қарқаралы ауданының құрметті азаматы журналистік еңбек жолын аудандық газеттен бастаған. Осыдан 23 жыл бұрын Қарағандыда журналистика бөлімін ашу идеясы қалай туды деген сауалымызға профессор былай жауап берді:

– Тәуелсіздікке қолымыз жеткен соң елі­міздің солтүстік, орталық аймақтарында журналист мамандығына деген сұраныстың күрт артқанын аңғарып, облыстық «Орта­лық Қазақстан» газеті бетінде мәселе кө­тер­дім. Менің ұсынысымды ҚарМУ-дің рек­торы Жамбыл Ақылбаев қолдап, әуелі бө­лімше, сосын кафедра құрылды. Сол кез­дері бірге қызмет еткен әріптестерімнің екеуі қазір ғылым докторы, төртеуі ғылым кандидаты.

Одан кейінгі әңгіме жақсы дәстүрдің теріскейде жалғасу төңірегінде өрбіді.

– Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Ғалымқайыр Мүтанов деген жанып тұрған жас басшы менің Алаш тарихын, абайтану саласын, қазақ мәдениеті мен әдебиетін зерттеген еңбектерімді білгеннен кейін Мағжанның туған еліне шақырды. «Солтүстікке келіңіз. Қазақша мамандық ашайық, тіл үйретейік. Пәтерден қам жемеңіз», деген інілік ілтипат танытты. 2001 жылы журналистика бөлімін, көп ұзамай магистратура ашу мүмкіндігіне ие болдық, – деп өткенді еске алады Зарқын Сыздықұлы.

Осы уақыт ішінде 80-ге жуық жас ма­ман қанат қағыпты. Мұның сыртын­да 12 журналистика магистрі бар. «Сол­түс­тік Қазақстан», «Қызылжар нұры» газет­терінде, «Қазақстан-Петропавл», «МТРК» телеарналарында қызмет ететін жастардың бәрі – осы өңірдің түлектері. Сырттан ке­ліп жатқан ешкім жоқ. Сол кездегі есеп бойынша облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына 50 журналист қажет болса, әлі 30 маман жетіспейді. Себебі, осында білім алған жас­тар­дың алды кәсіби жағынан әбден шыңдалып, бүгінде Астана мен Алматыны былай қойғанда, шетелдерде өнімді еңбек етіп жүр. Зақаңның ендігі ойы – аудандық газеттерге мамандар әзірлеу. Ол үшін, біріншіден, журналистер дайындауға бөлінетін грант мөлшерін көбейтсе, екіншіден, аудан әкімдері мен қалталы азаматтар бір-екеуінің оқу ақысын төлеп, көмектессе, артық болмас еді, дейді. Өйткені, барлық аудандарда қазақша газеттер жарық көргенімен, сапасы сын көтермейді. Білікті кадрлар тапшы.

З.Тайшыбай кезінде «Абайтанудың ре­во­­люцияға дейінгі кейбір қайнар-көз­дері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған болатын. Кейін осы тақырыпты кеңейтіп, нәтижесінде «Абай және баспасөз», «Абайтану арнасында» атты екі монография жарық көрді. «Мағжанның Қызылжары» деген зерттеу еңбегі екі рет басылды. Алаштың айбынды ақынын ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің негізін қалаушылардың бірі екені бұлтартпас айғақтармен дәлелденді. «Мағжан Қызылжардан неге кетті?» деген сауалдың жауабын тауып, шындықтың бетін ашты. Облыстық мұрағаттан қолтаңбасын алғаш тауып, жариялады.

СҚМУ-дегі бастауыш «Қазақ тілі қоға­мына жетекшілік ететін ғалым осында ғы­лыми орталық ашып, қазақ тілінде оқы­ты­латын мамандықтарға қамқоршы-кеңесші болу міндетін абыроймен атқарып келеді.

– Әрнәрсе салыстырумен бағаланады. Белгілі бір кезеңмен, нақты жағдаймен салыстырмай, «толады» десем, алар асуды алдық, енді жетеді, дейміз бе? «Толмайды» десем, біздің жоғымызды кім түгендеп береді? Қоғам мүшелерінің әрқайсысы өз үлесін қосып, уақыт талабына, талғамына сай болса екен деймін. Әуелде тіл мәселесін жеңіл шаруа көріп, жақсы заңның талабын бұлжытпай орындасақ, төрт-бес жылда бәрі орнына келеді дедік. Олай болмай шықты. Бұйрық-жарлыққа көне қоймайтын, жібектен жұмсақ, құрыштан қатты, алуға арзан, беруге қымбат сыры жұмбақ сананың астарындағы бейсананы өзгерту оңай емес. Әрине, он жыл бұрынғыдан ілгеріміз. Бірақ қол шапалақтауға ертерек. Жақсылықты, үлкен олжаны ертеңнен күтетін тәубешіл халықпыз ғой, шыдайық. Істеймін дегенге жұмыс көп, іс басындағылар аянып жатқан жоқ.

Зақаң – Қазақ хандығының тарихы, оның ішінде Абылай хан өміріне қатыс­ты тың дүниелер ұсынған зерделі зерттеу­ші­лердің бірі. Абылай тақырыбын терең зерттеумен өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап айналысқан. Қай мәселеде де әуелі дерек қоры жетімді болуы шарт. Оның ғылым саласындағы басты ұстанымы – осы. Соңғы он жыл бедерінде Абылай хан тақырыбына 130 баспа табақтай ең­бек арнаған. «Елдің зияткерлік әлеуеті» деген арнайы бағдарлама бойынша екі рет мемлекеттік бюджет есебінен қаржы­ланатын ғылыми-зерттеу жобасын жеңіп алған. «Қазақстанның баянды дамуының негізі ретінде ұлттық идеяны қалыптастыру аясында абылайтанудың тарихнамалық және тарихи проблемалары» тақырыбы негізінде 600-ден аса мұрағат құжаттарына түсінік беріп, тұңғыш рет қазақшалаған. «Абылай хан» ғылыми еңбегі 10 мың данамен таралған. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақтың ханы – Абылай» атты қос томдығы 80 баспа табақпен шыққан. Мұндағы 250 құжат тұңғыш рет ғылыми айналымға қосылған.



– 2001 жылы университетте өзім құрған «Этномәдени зерттеулер ғылыми орталығын» мемлекеттік мекеме етіп құрсам деген ниетім бар. Маңайымда тәжірибелі зерттеушілер көп, солардың күшін бір арнаға жұмылдырмақпын. Қазір «Солтүстік Қазақстан этномәдени ғылыми-зерттеулер институты» ретінде тіркетіп қойдым. Біраз шаруаның басы қайырылған тәрізді. Таяуда «Солтүстік Қазақстан облысының топонимикалық атаулары» деген атпен 340 бет ұжымдық еңбек жарық көрді. Бұдан басқа 1916 жылғы қазақ көтерілісіне – 100 жыл, Солтүстік Қазақстанның Ресейден қайтарып алынып, Қазақстан құрамына кіргеніне – 95 жыл, облысымыздың 80 жылдығы мерейтойларының әрқайсысы – ғылыми-зерттеулерге сұранып тұрған сүбелі тақырыптар. Өлкені тереңдеп зерттеу арқылы қазақ тарихының талай қатпарларын ашуға болады, – деді сөзінің соңында тіл жанашыры.
// Егемен Қазақстан. - 2015. - 29 қазан
Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет