Delphi — визуалды программалау жүйесі


Standard - Windows жүйесінің кез келген қолданба бағдарламасында кездесетін элементтерден тұрады. Frame



бет2/7
Дата27.11.2019
өлшемі0,65 Mb.
#52548
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
konspekt Delphi
tus-Joru , Достык туралы накыл создер, Jarnama psihologiasy , 10 esep-bilet , Калиева Ш.Балалар тәжірибесіндегі

Standard - Windows жүйесінің кез келген қолданба бағдарламасында кездесетін элементтерден тұрады.

Frame - рама. Басқа басқару элементтері орналасатын форма сыяқты контейнер.

MainMenu – Қолданбаның негізгі менюі. Бұл басқару элементі кез келген қиындықтағы иерархиялық менюлерді жасауға мүмкіндік береді.

PopupMenu –контекстік меню шақыру үшін қолданылады.

Label -жазу. Терезеде жазулар шығару үшін қолданылады.

Edit – Енгізу өрісі. Текстік 1 жолды енгізу, редактрлеу үшін қолданылады. Memo Көп жолды тексті енгізу, редактрлеу.

Button – команда батырмасы.

CheckBox – Жалауша. Оны шерткенде объектінің Checked қасиеті өзгереді.

RadioButton – ауыстырып қосқыш. Көбінесе екі немесе одан да көп топтан құралады. Бірін қосқанда екіншісі босатылып отырады.

ListBox –Тізімі.

ComboBox – Аралас өрісті тізім.

ScrollBar – Тік немесе көлденең айналдыру жолағы.

GroupBox – Мағынасына қарай элементтерді топтау үшін қолданылады.

RadioGroup – Ауыстырып қосқыштарды топтауда қолданылады.

Panel – Бұл панель де элементтерді топтау үшін қолданылады. Жайпақ және көлемді бола алады.

Actiontist - әрекеттер тізімі.

«Менің бірінші бағдарламам» практикумы.
1. Delphi бағдарламасын іске қос.

Төмендегі командаларды орында:



Вид – панель инструментов – панель компонентов

Вид – панель инструментов – отладка

Вид – панель инструментов – стандартные

Вид – формы

Вид – дерево объектов.

Вид – инспектор объектов

Вид – обзор кода

Экранда терезелерді қозғалтып көр. Терезелерді экраннан алып таста және қайтадан орналастыр.


2. Пішіннің мына қасиеттерін өзгерт: Caption, Color, Windows State, Height, Left, Top, Width.

Әр өзгерістен соң бағдарламаны іске қосып отыр.



Бағдарламаны іске қосу отладка терезесі арқылы немесе пернетақтадағы F9 пернесін басу арқылы іске асырылады.


3. Пішіннің үстіне Стандартты компоненттер тақтасындағы бір Label, екі Button компоненттерін орналастыр.


Қасиеттерін төмендегідей орнат.


Компонент

Қасиеті

Мәні

Form

Name

frm1




Fonts

Kz Arial




Caption

Бірінші программа

Label

Name

Lbl1




Caption




Button

Name

btnOk




Caption

Ok




Name

btnClear




Caption

Тазалау



Ok батырмасын екі рет шерт. Ok батырмасын тышқанмен бір рет шерткенде пайда болатын оқиға процедурасының шаблоны автоматты түрде жазылды.

procedure TFrm1.btnOkClick(Sender: TObject);

begin
end;
Енді оны толықтыру керек.

procedure TFrm1.btnOkClick(Sender: TObject);



begin

lbl1.Caption:='Менің бірінші бағдарламам';



end;
Вид құралдар тақтасынан «Показать форму» батырмасын бас.

Немесе Вид - формы


«Тазалау» батырмасын екі рет шерт. Процедураны толықтырып жаз.

procedure TFrm1.btnClearClick(Sender: TObject);



begin

lbl1.Caption:='';



end;
Программаны іске қос. Екі батырманы кезек басып көр. Жобаны (программаны) жеке бумаға сақта.

Delphi тіліндегі бағдарламаның құрылымы.
Delphi тіліндегі бағдарламаның құрамына .dpr кеңейтілуі бар жоба файлы және .pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше модульдер файлдары, *.dfm кеңейтілуі бар пішін файлы кіреді. Қолданушы жаңа пішін жасаған кезде жаңа модуль автоматты түрде жасалады. (.pas). Модульде программист өз программаларын жазады. Программаны іске қосқан кезде (компиляциялағанда) Delphi әр модульге .dcu файлын жасайды. Онда .pas және .dfm файлдарын машиналық тілге айналдырғандағы инструкциялар сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет