Дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мен енгізу Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономкиалық дамуының маңызды мәселелері болып табылады



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі123,56 Kb.
#33951
  1   2
Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт және туризм саласында өткізілген 2012 жылғы жұмыстардың ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

СПОРТ

Дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мен енгізу Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономкиалық дамуының маңызды мәселелері болып табылады. Спортты дамыту бойынша жалпы жұмыстар көпшілік-спорттық іс-шаралардың әзірленген және бекітілген жылдық жоспарына сәйкес өткізілуде.


Бесқарағай ауданының аумағында «Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Бесқарағай ауданының аумағында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың саны едәуір арттырылды. Егер 2011 жылы спортпен шұғылданатындардың саны 3741 адам болса, 2012 жылғы желтоқсан айында олардың саны 4258 адамға көбейді, бұл өткізілетін бұқаралық-спорттық іс-шаралардың саны арттырылғандықтан, халықтың жалпы санынан 18,3 пайызды құрайды.
2012 жылғы кезеңінде ауданда жылдық жоспарға сәйкес 43 спорттық іс-шаралар, оның ішінде: волейболдан (ерлер, қыздар), шағын футболдан, футболдан аудандық Чемпионаттар өтті, сонымен қатар ауданның жалпы білім беретін мектеп оқушыларының спорттың 12 түрінен спартакиадасы өткізіліп, оған 1228 оқушы қатысты. Ауданда Халық спортының шеңберінде үстел теннис, шахмат, дойбы, тоғыз-құмалақ, жеңіл атлетика, армрестлинг және гир спорты бойынша жарыстар өтті. Спорттың қысқы түрлерін насихаттау мен дамыту үшін оқушылар арасында шаңғы тебуден жарыстар өткізілді.  

2012 жылғы 19-23 маусым күндері Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының 80-жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Халық спортының XVI облыстық ойындары өткізіліп, онда Бесқарағай ауданының құрама командасы белсенді қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Бесқарағай ауданының спортшылары облыстың қалалалы мен аудандарының 19 командасы арасында спорттың келесі түрлерінде, олар: аударыспақ – 6 орынды, дойбы - 5 орынды, шахмат – 7 орынды, аламан-бәйге мен 15 шақырымдық бәйгеде - 4 орынды, 15 шақырымдық бәйгеде – 3 орынды, спринтерде және арбалы желістерде – 7 орынды, қазақша-күрес бойынша 8 орынды иеленді. Жалпы командалық қорытындысы бойынша Бесқарағай ауданының құрама командасы облысымыздың 14 ауданы арасында 246,75 ұпайды жинап, 7-ші орынды иеленді.


2012 жылғы 4 тамызда футболдан Бесқарағай ауданының құрама командасы Шығыс Қазақстан облысы Чемпионатының аймақтық ойындарында әуесқой командалары арасында 1-ші орынды иеленді.
Жаңа Бухтармадағы футболдан өңірлік чемпионатында облыстың 24 командасы арасында 1-ші орынды иеленіп, осы турнирдің финалдық кездесулерінде Өскемен қаласынан жеңіліп, 2-ші орынды иеленді.  
Ауданның 24 мектебінде волейбол, футбол, туризм, баскетбол, шахмат, күрес, тоғыз-құмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннис бойынша спорттық үйірмелер жұмыс істеуде. Ауданның барлық жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне сыныптан тыс жұмыстары үшін төлем өткізілуде.  

Ауданның аумағында «Бесқарағай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі бар, онда 228 бала оқиды және 6 жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт мектебінде 7 оқыту-жаттығу тобы мен 5 бастауыш дайындау тобы ұйымдастырылған. Сабақ спорттың 5 түрінен өткізіулде: волейбол, еркін күрес, үстел теннис, жеңіл атлетика және қазақша күрес. Спорт мектебінің спортшылары Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі жарыстарына, сонымен қатар халықаралық турнирлерге жиі қатысып тұрады. Ауданымыздың күресшілері облыстық жарыстардың, сонымен қатар халықаралық турнирлердің  тұрақты Чемпиондары мен жеңімпаздары болып табылады.  


Бесқарағай ауылында мамыр айында спорттың ұлттық түрлерін дамыту үшін жеті саты бойынша «Тұлпардың тұяғы» ат спорт жарыстары өтті.  Сонымен қатар 2012 жылғы кезеңінде ауданда тұрғындар арасында «Президент бағыты – денсаулыққа жол!», «Баланы қорға – оны спорт үйірмесіне жаздыр» атты әртүрлі Республикалық, облыстық және аудандық акциялар, өскелең ұрпақ және ауыл жастары үшін «Жастар нашақорлыққа қарсы!», «Бесқарағайдың інжуін сақтайық» аудандық акциялар өткізіліп, онда ауданның жастары «Шошқалы» шипалы-сауықтыру көліне барып, демалды.  
Барлық өткізілген бұқаралық-спорттық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында, облыстық және аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінде, сонымен қатар, Бесқарағай ауданы әкімінің ресмис айтында жиі жариялануда.





 

ТУРИЗМ

2007 жылдан бастап туризмді дамыту бойынша іс-әрекет инфрақұрылымды құру және дамыту, аймақтың туристік беделін қалыптастыру мен алға бастыру, туризм саласына инвестицияларды тарту жолымен Шығыс Қазақстан облысының туристік саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын және Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын орындауға бағытталды. Осы бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде ауданда туризммен айналысатындардың саны көбейді.

Ауданның аумағында «Белуха» үкіметтік емес ұйым тіркелінді, онда К-Владимировка орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.А.Алипов оқушылармен жыл сайын әртүрлі туристік жарыстарға, фестивалдарға қатысады, сонымен қатар Шығыс Қазақстан тауларының биіктігіне жетуде. Аудан бойынша туризмнің осындай түрлері дамыған: белсенді, сауықтырылу және жағажайлық, өйткені ауданның аумағында белдеулі орман, сонымен қатар Ертіс көлі бар, оған ауылдың жастары және ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары туристік жорыққа шығады. Сондай-ақ, ауданның аумағында өзінің шипалы лай заттармен бай «Шошқалы» шипалы-сауықтырылу тұзды көл бар, онда жазғы кезеңінде денсаулықтарын нығайтып, демалу үшін көптеген адамдар мен туристер жиналады.

Аймақтың көлік инфра құрылымы

 




Автожолдың атауы

Автожолдың мағынасы

Жағдайы

Жол манындағы инфрақұрылымының бар болуы (жанар-жағар май стансасы, тамақтандыру орындары, қонақ-үйлер, КЖС, кемпингтер)

1

Омск-Майқапшағай

Республикалық

Қанағаттандырылған

Жанар-жағар май стансасының, жол маңындағы кафе және кемпингтер саны едәуір.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет