Дене шынықтыру мұғалімдерін техника қауіпсіздігімен таныстыру туралы



бет1/2
Дата24.08.2020
өлшемі21,02 Kb.
#76760
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
дене шынықтыру техника 20-21
Бастауыш мектеппен қоштасу, сергітуWord, сергітуWord, сергітуWord, сергітуWord, дене шынықтыру техника 20-21

Дене шынықтыру мұғалімдерін техника қауіпсіздігімен таныстыру туралы.

I.Жалпы қауіпсіздік талаптары:

Дене тәрбиесі мен спорт бойынша сыныптан тыс сабақтарды өткізу мен ұйымдастыру алдында дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған нағыз нұсқаулығы болуы міндетті.

Дене шынықтыру мұғалімдерінің дене тәрбиесі бойынша өздерінің практикалық жұмыстары болуы керек: нағыз нұсқаулықты қолдану, еңбекті қорғау жөнінде құжаттар мен мемлекеттік актілер, ҚР білім министрлігімен жұмыс жасау, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық пен оқушылардың ережені сақтау үшін бақылауды жүзеге асыру.

Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жауапкершілікті жүктеу, дене тәрбиесі мен спорт бойынша сабақ өткізу.

Дене шынықтыру мұғалімінің міндеті:

еңбекті қорғау бойынша курстан өту;

гимнастикалық саймандар мен жабдықтарды бақылап қатысушыларды қабылдау;

оқу үрдісін өткізу шарттары жақсару бойынша жаттығуды орындау;

еңбекті қорғау жөніндегі ережені тәрбиеленушілерге үйретуді ұйымдастыру;

Дене шынықтыру мұғалімінің білу тиіс міндеті:

әр оқушыны жағдайына қарай даярлау;

оқушылар дәрігерлік қарау бойынша қорытындысын әкелу;

оқушылар дәрігерден рұқсат қағазын алған соң дене тәрбиесі бойынша жаттығулар жасау және босатылған сабақтарын белгілету;

II.Сабақ өткізу алдындағы қауіпсіздік талаптары:

міндетті түрден нұсқаулықты тіркеп немесе журналды тіркеп сабақ кезіндегі қауіпсіздігі бойынша оқушыларға (жарты жылда 1 рет) нұсқаулық өткізу;

ұлдар мен қыздардың жеке-жеке киінетін бөлмелерін таныстыру;

барылқ оқушылар киінгеннен соң киінетін бөлмені кілтпен бекіту;

оқушылардың киінетін бөлмедегі тәртіп ережесін сақтауын тексеру;

білім үрдісін өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

жабдықтардың бекітілуін және сенімді орналасуын, спорттық құрал-жабдықтардың жөнделуін тексеру;

спорт залда сабақ өту алдында қосымша есікті тексеру керек:

дене жаттығуын орындау алдында қауіпсіздік шарасын қарастыру:

III.Сабақ өту кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

Мұғалім міндетті түрде:

оқу бағдарламасының жүктемесі мен берілген жаттығуларға сәйкес оқушыларға оқыту алдында жеткілікті ұстанымды сақтау;

температураның көтерілуі мен ылғалдың жоғарлауын, желдің күшейуіне сәйкес сабақ болдырмау;

оқушылардың қиын техникалық элементтерді орындау алдында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оқушылар шаршаған кезінде демалуға уақыт бөлу;

IV.Қолайсыз жағдайлар мен оқыс жағдайлардың қауіпсіздік талаптары:

Мұғалім міндетті түрде:

өзін нашар сезінсе немесе өтініш жасаса, оқушыларды тез арада дәрігерге жіберу;

қандайда бір жерін ауыртып, кесіп, сындырып алса, алдымен дәрігерге, сосын «жедел жәрдем» шақырту керек;

кесіп алу-жараны дезинфицирленген ертіндімен жуу керек, сосын айналасын йодпен сүртіп таңып қою керек. Егер көп қан кетсе, қан шығып тұрған жерді жоғары көтеру керек. Жараны жүмсақ матамен таңу керек. Сосын тез арада танғышты алып тастамау керек;

жаралап алу-суық сорпақ тарту керек, сосын жараланған жерді бинтпен таңып тастау керек;







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет