«Дене шынықтыру Пән мұғалімі:»



бет3/6
Дата10.06.2017
өлшемі1,22 Mb.
#18683
1   2   3   4   5   6
3

3




2

4



1

6

4




5

6

2




5

1


  1. Допты 3 аймаққа беріледі, 2. Сол сияқты, бірақ 2 аймақтағы

одан 4 аймақтағы ойыншыға ойыншының шабуылдау үшін

шабуылдау үшін беріледі.




3

2

2


4

4



3




6

3

1

5




6




1

5

3.Доп 2 аймақтағы ойыншыға, 4. Сол сияқты, бірақ 4 аймақтағы

ол 3 аймақтағы ойыншыға ойыншының шабуылдау үшін

шабуылдау үшін



4

4




3

2

3

2





6

1

5

1

6

5

5. Доп 4 аймақтағы ойыншыға, ол 6. Сол сияқты, бірақ 2 ші аймақтағы

3 аймақтағы ойыншыға. Бұл ойыншының шабуылдап

3 аймақтағы ойыншы солақай соғу үшін

болғанда өте тиімді.

Ойынның негізгі ережелері.

Волейболда әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды. Бір команданың ойыншылары алаңның ортасында тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекараларының ішіне түсетіндей немесе қарсылас ойын ережелерін бұрын қабылдап, қайыратындай ретте бағыттайды.

Алаңның ұзындығы – 18, ені – 9 метр болып, тор арқылы 2 тең бөлікке бөлінеді.

Жарыс 3 немесе 5 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді. (есеп 24: 24 болып тұрғанда командалар бірінің екіншіден 2 ұпай артықшылығы болғанда ойнайды). Оқушылар жарысы көп жағдайда 3 партиядан тұрады.



Жас-

өспірімдер



13-14

жастағылар үшін



15-16

жастағылар үшін



17-18

жастағылар үшін



Ер балалар

Қыздар


2 м. 20 см.

2м. 10 см.



2 м. 35 см.

2 м. 20см.



2 м. 43см.

2 м. 24 см.




Допты екі қолмен жоғарыдан беру.

Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағытта жібереді. \1 слайд\



Допты екі қолмен төменнен қабылдау.

Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қоллдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпан жілікті) көтеріп, бұрады.

Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп- доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін. Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді. \2 слайд\

Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.

Дұрыс тұра білу- жаңа басталған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігіне тізеден бүгілген күйінде кеуде ілгері кеңейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгілііп, бір – біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты өзгертіліп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.Волейболшылар алаңға қосылғанда адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.



Допты төменнен тіке ойынға қосу.

Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады. Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады. \3 слайд\



Тіке шабуылдау соққысы.

Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты кеудеден кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады. Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болу үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.



  • Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;

  • Шабуыл соққысын жасау:

  • Екпін алып, тор арқылы допты лақтыру(бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл- қозғалыстардың ырғағын сақтай білу):

  • Екпін алып секіру, допты қағып алу:

  • Волейбол добын жоғары лақтырып, тор арқылы «шабуыл соққысын» жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау)

  • Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.\4 слайд\

Дене шынықтыру пәні мұғалімі балаларға білімдер жинағын беріп қана қоймай, оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек.өйткені дене тәрбиесі- оқушының денсаулығын қалыптастыру мен қоса отаншылдық және рухани тәрбиенің көзі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С. Қасымбекова. Әдістемелік құрал «Волейбол»

Алматы «Атамұра»

  1. М.Т. Тұрыскелди «Қимыл- қозғалыс ойындары».

  2. С. Тайжанов, С. Қасымбекова «Дене тәрбиесі»

Алматы «Атамұра»

  1. Бағдарламалар дене тәрбиесі.

  2. «Мектептегі дене шынықтыру»

Республикалық ғылыми- әдістемелік журналы №5 2014 ж.



Каталог: materialy -> dene%20tarbiesi
dene%20tarbiesi -> Сабақтың тақырыбы: Саптық жаттығулар Сабақтың мақсаты
dene%20tarbiesi -> Сабақта орындалатын жаттығулар негізінде шапшандық, ептілік қасиеттері арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу
dene%20tarbiesi -> Сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы: Допты оң және сол қолмен алма- кезек алып жүру
dene%20tarbiesi -> Сабақ жоспары: Өтетін жері: Спортзал Сынып: 9 "ә" Құрал жабдықтар : Волейбол доптары, доп, сықырғыш
dene%20tarbiesi -> Сабақтың тақырыбы : Допты алып жүрудің түрлері. Сабақтың мақсаты : Допты алып жүруді үйрету, әдісін-тәсілін үйрету
dene%20tarbiesi -> Сабақтың тақырыбы: Дала жарысы, 2км (қыз), 3км (ер) жүгіру Ашық сабақ жоспары
dene%20tarbiesi -> Тақырыбы: Баскетбол игерілген әдіспен қозғалыс әрекеттерін құру
dene%20tarbiesi -> ОҚО, Түлкібас ауаны, Састөбе ауылы
dene%20tarbiesi -> Сабақ Тақырыбы: Кіші футбол ережесі мен техникалы тактикалық әдістері
dene%20tarbiesi -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның спорт жұлдыздары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет