Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы


§13. Мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымдардың (МЕПМ), бөлімшелердің (қызметкерлер) құрамының штат нормативтері



бет4/25
Дата06.07.2018
өлшемі3,34 Mb.
#47985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§13. Мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымдардың (МЕПМ),
бөлімшелердің (қызметкерлер) құрамының штат нормативтері

      364. Психиатр-нарколог дәрігерлердің лауазымдары наркологиялық бөлімшелердегі мынадай төсек санына 1 лауазым есебінен белгіленеді:


      созылмалы алкоголизммен зардап шеккендерге – 40;
      нашақорлықпен зардап шегетіндерге – 20.
      365. Фтизиатр-дәрігерлердің лауазымдары 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      366. Терапевт-дәрігерлерінің лауазымдары 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      367. Терапевт-дәрігерлердің лауазымдары ауыр қосымша патологиясы бар наркологиялық бөлімшелердегі 25 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      368. Акушер-гинеколог дәрігерлердің лауазымдары әйелдерді емделуге жатқызу үшін пайдаланылатын 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді
      369. Невропатолог-дәрігерлердің лауазымдары 100 төсекке 1 лауазым есебінен, бірақ кемінде 0,5 лауазым белгіленеді.
      370. Психотерапевт-дәрігерлердің лауазымдары 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      371. Нарколог-дәрігерлердің (еңбек және әлеуметтік оңалту бойынша) лауазымдары 250 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      372. Офтальмолог-дәрігерлердің лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      373. Хирург-дәрігерлердің лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      374. Отоларинголог-дәрігерлердің лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      375. Психологтардың лауазымдары 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      376. Дерматолог-дәрігерлерінің лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      377. МЕАМ бас дәрігерінің медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының лауазымы МЕАМ белгіленеді, бас дәрігердің лауазымын қосқанда штат нормативтері бойынша 30 дәрігерлер лауазымынан кем емес лауазымдар болуы тиіс. МЕАМ штат нормативтері бойынша кемінде 60 дәрігер лауазымы болуы тиіс, бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі екінші орынбасары белгілеуі мүмкін.
      378. Бас дәрігердің әлеуметтік оңалту жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымы әр дербес арнайы МЕАМ белгіленеді.
      379. Мейірбикелердің (палаталық) лауазымы 30 наркологиялық төсекке 1 тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      380. Емшара мейірбикелерінің лауазымдары 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      381. Қабылдау бөлімшесі мейірбикелерінің лауазымдары былай белгіленеді:
      150-ден 350 төсекке дейін – 1 лауазым;
      300-ден 500 төсекке дейін – 1, 5 лауазым;
      500-ден көп төсекке – 2 лауазым және әр келесі 250 төсекке қосымша 1 лауазымнан (500-ден артық).
      382. Еңбек терапиясы нұсқаушысының лауазымдары 30 наркологиялық төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      383. Жұмыс істейтін залалсыздандыру қондырғысы бойынша дезинфекторлар лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      384. МЕАМ бас мейірбикесінің лауазымы әр мекемеде белгіленеді.
      385. Әлеуметтік жәрдем көрсететін мейірбикелерінің лауазымы 250 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      386. Науқастарды күтіп-бағатын санитарлардың (палаталық) немесе мейірбикелердің лауазымдары 50 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.
      387. Стоматологиялық кабинет санитарларының лауазымдары стоматолог-дәрігердің лауазымына сәйкес белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы керек.
      388. Қабылдау бөлімшесі санитарларының лауазымы былай белгіленеді:
      МЕАМ-де 150-300 төсекке – 1 лауазым;
      МЕАМ-де 250-ден астам 500-ге дейін – 2 лауазым;
      МЕАМ-де 500 және одан көп – тәулік бойы істейтін бір пост.
      389. Педагог лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      390. Әлеуметтік қызметкер лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.

6-тарау. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту
ұйымдарының штат нормативтері

      391. Медициналық қызметкерлер лауазымдары стационарлық және амбулаториялық-емханалық жәрдем бойынша белгіленген уақыт нормативтеріне сәйкес жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді.


      392. Медициналық статистик лауазымы ұйымға 1 бірлік белгіленеді.
      393. Бөлімшелердегі аға мейірбикелер лауазымдар бөлімше меңгерушілерінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
      394. Әрбір аға мейірбике лауазымы 0,5 мейірбике (палаталық) лауазымының орнына белгіленеді.
      395. Бас мейірбике лауазымы әрбір санаторийге белгіленеді.
      396. Шаруа-бикесі лауазымы әрбір санаторийге белгіленеді. 200 және одан көп төсектік санаторийлерде 1 бірлік және әрбір келесі 100 (200-ден астам) төсекке қосымша 0,5 бірлік белгіленеді.
      397. Буфетші-санитарлардың лауазымдары 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.

§1. Балалар санаторийлерінің (туберкулез санаторийлерінен
басқа) штат нормативтері

      398. 75 және одан көп төсек бар психоневрологиялық санаторийлерде физиотерапевт дәрігерінің қосымша 0,5 лауазымы белгіленеді.


      399. Ревматизммен ауыратын науқас балаларға арналған 100-ден астам төсек бар санаторийлерде отоларинголог дәрігерінің қосымша 0,5 лауазымы белгіленеді.
      400. Жекелеген мамандықтар дәрігерлерінің лауазымдары 1 лауазым есебінен былай белгіленеді:
      педиатриялық, пульмонологиялық және кардиоревматологиялық (ерекшелігі жоқ полиартритпен ауыратын науқастарға арналған) 300 төсекке отоларинголог-дәрігері;
      психоневрологиялық (церебральды сал ауыруымен ауыратын психикасы бұзылған балаларға арналған) 150 төсекке травмотолог-ортопед дәрігері;
      дерматологиялық және пульмонологиялық 500 төсекке аллерголог-дәрігері.
      401. Стоматолог-дәрігерлердің лауазымдары 300 төсекке белгіленеді, бірақ санаторийлерде 75 төсектен асатын 0,5 лауазымнан кем болмауы керек.
      402. Диетолог-дәрігерлерінің лауазымы эндокринологиялық, нефрологиялық және гастроэнторологиялық 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      403. Бөлімше меңгерушілерінің лауазымдары кемінде 100 төсек бар әрбір бөлімшеге белгіленеді.
      405. Әрбір меңгеруші лауазымдары 0,5 дәрігер лауазымының орнына белгіленеді.
      406. Бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасарының лауазымы 300 және одан да көп төсек бар санаторийлерге белгіленеді.
      407. Мейірбикелердің (палаталық) лауазымы тәулік бойы жұмыс істейтін пост есебінен белгіленеді: 3 жасқа дейінгі балаларға 15 төсекке; 3 жастан асқан балаларға 30 төсекке.
      408. Изолятор мейірбикелерінің лауазымы 100 төсекке лауазым есебінен белгіленеді. Санаториилердегі 300 және одан төсекке көп тәулік бойы жұмыс істейтін пост белгіленеді.
      409. Гипс салу кабинеті мейірбикелерінің лауазымдары травмотология-ортопедиялық және психоневрологиялық (церебральды сал ауруымен ауыратын психикасы бұзылған баларға арналған) 125 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      410. Санаторийлерге емдәм мейірбикелерінің лауазымы былай белгіленеді: 75-ке дейін төсекке 0,5 лауазым; 80-250 төсекке әрбір келесі 200 кереует орындарына 1 лауазым.
      411. Аэросолярийде қызмет көрсету немесе аэротерапия үшін арнайы бейімделген пляж бен верандаларында қызмет көрсету мейірбикелерінің лауазымы 250 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      412. Санитарлардың (палаталық) лауазымы тәулік бойы жұмыс істейтін пост есебінен белгіленеді: 3 жасқа дейін 25 төсекке; 3 жастан асқан балаларға 30 төсекке, науқастарды емдік-диагностика кабинетіне алып баратын және тасымалдайтын санитарлардың лауазымдары психоневрологиялық (церебральды сал ауруымен ауыратын психикасы бұзылған балалар үшін) 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      413. Изолятор санитарларының лауазымдары изолятор мейірбикелерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      414. Гипс салу кабинеті санитарларының лауазымдары гипс салу кабинеті мейірбикелерінің лауазымына сәйкес белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан артық болмауы керек.
      415. Аэросолярийде қызмет көрсету немесе аэротерапия үшін бейімделген жабдықталған пляж бен верандаларында қызмет көрсететін санитарлардың лауазымы мейірбикелердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      416. Педагогикалық бөлім меңгерушісінің лауазымы мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 100 және одан көп төсектік бар барлық санаторийлерде белгіленеді.
      417. Тәрбиешілер лауазымдары былай белгіленеді: психоневрологиялық, оның ішінде церебральды сал ауруымен ауыратын психикасы бұзылған балалар үшін 3 жастан асқан балаларға 15 төсек; басқа бейімделген 3 жастан асқан балаларға 25 төсекке; барлық бейімдегі 3 жасқа дейінгі балаларға 50 төсекке.
      Екі ауысымдағы мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балалар арасында тәрбие жұмысын өткізу кезінде, оларды оқыту үшін мұғалімдер лауазымы енгізілмесе, тәрбиешілер лауазымы қосымша 15 төсекке 1 лауазым есебінен 25 немесе 50 төсекке тиісті бөлімше бейіндері белгіленеді.
      418. Санаторийлерде музыкалық жетекшілер лауазымдары былай белгіленеді: 50-125 төсекке – 0,5 лауазым; 125-тен астам төсекке - 1 лауазым.
      419. Логопедтер лауазымдары психоневрологиялық оның ішінде церебральды сал ауруымен ауыратын психикасы бұзылған балалар үшін 125 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.

§2. Туберкулезге қарсы балалар санаторийлерінің
штат нормативтері

      420. Бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасарының лауазымы санаторийлерде 300 және одан көп төсекке белгіленеді.


      421. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы санаторийлерде 100-ден кем емес төсек бар әр бөлімшеде белгіленеді.
      422. Дәрігер лауазымы 1 лауазым есебінен былай белгіленеді: туберкулездің активті түрімен, сүйек туберкулезімен ауыратын науқас, туберкулез менингиттен кейінгі реконвалесцент балаларға арналған 30 төсегі бар санаторийлерге; туберкулездің қайтымды нысанымен балаларға арналған 50 төсек бар санаторийлерге.
      423. Стоматолог-дәрігер лауазымы санаторийлерде (ерте жастағы балаларға арналған санаторийлерден басқа) 75-150 төсекке - 0,5 лауазым; 150-ден астам төсекке - 1 лауазым белгіленеді.
      424. Диетолог-дәрігер лауазымы санаторийлерде 100-200 төсекке - 0,5 лауазым; 200-ден астам төсекке - 1 лауазым белгіленеді.
      425. Балаларға арналған 250 және одан да көп төсек бар санаторийлерде сүйек туберкулезімен ауыратын науқастарға дәрігер-фтизиатр лауазымын белгіленеді, ал жабдықталған операция бөлмесі болған жағдайда – хирург-дәрігер лауазымы бекітіледі.
      426. Санаторийлерде кешкі және түнгі уақытта науқас балаларға дәрігерлік қызмет көрсету (дәрігерлер кезекшілігі) әрбір санаторийдің қуатына, құрамы мен жергілікті жағдайларына байланысты белгіленген айлық жұмыс уақытының нормасы есебінен арнайы кесте штаты дәрігерлердің кезекшілік етуі жолымен ұйымдастырылады.
      427. Медициналық мейірбикелер (палаталық) посты санаторийлерде және санаторий бөлімшелерінде бір мейірбикенің (лауазым) қызмет көрсетуі есебінен белгіленеді: туберкулездің белсенді түрімен, сүйек туберкулезімен ауыратын, туберкулезді менингиттен кейінгі реконвалесцент балаларға арналған күндізгі 20 төсекке, түнгі 60 төсекке; туберкулездің қайтымды түрі бар балаларға арналған күндізгі 50 төсекке, түнгі 10 төсекке.
      428. Изолятор мейірбикесі лауазымы санаторийлерде былай белгіленеді: 75-100 төсекке - 1 лауазым; 101-250 төсекке - 3 лауазым.
      429. Гипс салу кабинеті фельдшерінің немесе мейірбикесінің лауазымы сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға арналған санаторийлерде 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      430. Осы аталған санаторийлерде жабдықталған операция бөлмесі болған жағдайда – 1 фельдшердің немесе операциялық мейірбикенің лауазымы белгіленген.
      431. Массаж жасайтын мейірбике лауазымы туберкулезді менингиттен кейінгі реконвалесцент және сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға арналған санаторийлерде 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      432. Диетолог-мейірбике лауазымы санаторийлерде 50 төсекке - 0,5 лауазым; 51-250 төсекке - 1 лауазым белгіленеді.
      433. Ортопедиялық кабинеттің мейірбикесі лауазымы сүйек туберкулезімен науқас балаларға арналған санаторийлерде белгіленеді: 50-100 төсекке - 0,5 лауазым; 101-250 төсекке - 1 лауазым.
      434. Сүйек туберкулезімен науқас балаларға арналған санаторийлерде таңу бөлмесінің фельдшері немесе мейірбикесі лауазымы белгіленеді: 75-125 төсекке - 1 лауазым; 125-тен көп төсекке - 2 лауазым белгіленеді.
      435. Медициналық статистик лауазымы санаторийлерде мынадай жағдайларда белгіленеді: 100-125 төсек болса – 0,5 лауазым; 125 төсектен көп болса - 1 лауазым белгіленеді.
      436. Санаторийлерде 150 және одан көп төсек болса дезинфектордың 1 лауазымы белгіленеді.
      437. Екі немесе одан көп оқшауланған корпустары бар санаторийлерде (ерте жастағы балаларға арналған санаторийлерден басқа) белгіленген мейірбикелер (палаталық) саны 25 төсектен кем емес әрбір корпус үшін 1 мейірбикеге көбейеді.
      438. Санитарлар (палаталық) посты мектепке дейінгі және мектеп жанындағы балаларға арналған санаторийлерде бір санитардың (лауазымы) 20-25 төсекке күндіз және 50-60 кереует-орынға түндегі уақытта қызмет етуі есебінен белгіленеді, ал ерте жастағы балаларға арналған санаторийлерде - бір санитардың (лауазымы) 15 төсекке күндіз және 30 төсекке түндегі уақытта қызмет етуі есебінен белгіленеді.
      439. Екі немесе одан көп бір-бірінен оқшауланған корпустары бар санаторийлерде (ерте жастағы балаларға арналған санаторийлерден басқа) белгіленген санитарлар (палаталық) саны 25 төсектен кем емес әрбір корпус үшін 2 санитар лауазымына көбейеді.
      440. Изолятор санитары лауазымы санаторийлерде былай белгіленеді:
      50 төсекке - 1 лауазым;
      51-100 төсекке - 2 лауазым
      101-250 төсекке - 3 лауазым.
      441. Туберкулезді менингиттен кейінгі реконвалесцент балаларға арналған 50 және одан да көп төсек бар санаторийлерде физиотерапия кабинетінің қызмет көрсетуі үшін 1 лауазымы белгіленеді.
      442. Озокерит-балшықпен емдеу кабинеттері болған жағдайда санаторийлерде қосымша былай белгіленеді:
      50-100 төсекке - 1 санитар лауазымын белгіледі;
      51-100 төсекке – 1,5 санитар лауазымын белгіледі.
      443. Гипс салу кабинетін қызмет көрсетуі үшін санитар лауазымы сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға арналған санаторийлерде былай белгіленеді:
      75-100 төсекке – 0,5 санитар лауазымы белгіледі;
      101-250 төсекке – 1 санитар лауазымы белгіледі.
      444. Асхана санитарының лауазымы активті туберкулез түрімен науқас және сүйек туберкулезімен науқас балаларға арналған санаторийлерде 30 төсекке – 1 лауазым белгіленеді.
      445. Сүйек-туберкулез санаторийлерінде 50 төсекке – науқастарды тасымалдау мен сүйемелдеуші санитардың 1 лауазымы белгіленеді.
      446. 75 және одан көп төсек бар санаторийлерде шаруа-бикесі белгіленеді. Екі немесе одан көп корпустарда 150 және одан көп төсек орналасқан санаторийлерде 2 шаруа-бикесі лауазымы белгіленуге рұқсат етіледі.
      447. Педагогикалық бөлім меңгерушісінің лауазымы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған барлық санаторийлерде 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      448. Тәрбиешілердің лауазымы 1 лауазым есебінен былай белгіленеді:
      50 төсекке – 3 жасқа дейінгі балаларға арналған санаторийлер, бөлімшелер, барлық бейінді палаталарда;
      30 төсекке – 3 жастан жоғары сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға арналған санаторийлер, бөлімшелерде, барлық бейінді палаталарда;
      449. Тәрбие жұмыстарын екі ауысымда жүргізу барысында 3 жастан асқан мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға, егер мұғалім-тәрбиелеуші лауазымы белгіленбеген болса, санаторийлердің, бөлімшелердің және палаталардың бейініне сәйкес қосымша 30, 15 немесе 25 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      450. Музыка жетекшісінің лауазымы санаторийлерде былай белгіленеді:
      50-125 төсекке – 0,5 лауазым;
      125-тен көп төсекке – 1 лауазым;
      Сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға, санаторийлерде және бөлімшелерде көрсетілген лауазым тек қана 7 жасқа дейінгі балаларға арналған санаторийлерде және бөлімшелерде енгізіледі.
      451. Еңбек жөніндегі нұсқаушының лауазымы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған санаторийлерге және бөлімшелерге 50 балаға 0,5 лауазым белгіленеді.
      452. Санаторийлердегі балалар үшін 250 және одан да көп төсекке, сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға, 100 баладан кем емес 7 жастан кішірек балаларға, педагогикалық бөлімнің мектеп жасына дейінгі бөлімшесінің қосымша меңгеруші лауазымын белгілеуге рұқсат етіледі.
      453. Бастауыш, жеті жылдық және орта мектеп мұғалімдері лауазымдарын сүйек туберкулезді мектептер мен туберкулез санаторийлері үшін бекітілген оқу жоспары және сынып санына байланысты белгілейді.
      454. Бастауыш, жеті жылдық және орта мектептері сыныптарында 10-нан кем емес және 20-дан аспайтын оқушы санына (туберкулез санаторийлерінде -10-нан кем емес және 25-тен аспайтын оқушы санына) белгіленеді.
      455. Балалар бөлімшелерінің медициналық және педагогикалық қызмтекерлерінің штаттары, ересектерге арналған санаторийлерде ұйымдастырылатын, балалар санаторийлеріне арналған штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді. Балалар бөлімшесінің бас мейірбикесі лауазымы бөлімшеде 25 және одан көп төсек болған жағдайда белгіленеді.

§3. Нерв жүйесі бұзылған шектеулі, психикасы бұзылған
және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту
орталықтарының штат нормативтері

      456. Бөлімшелер (палаталар, бөлмелер) дәрігерлерінің лауазымдары мынадай төсек санына 1 лауазым есебінен белгіленеді:



новропатолог-дәрігер

15;

педиатр-дәрігер

30;

офтальмолог-дәрігер

300;

травматолог-ортопед дәрігер

150;

функциялық диагностика дәрігері

100;

генетик дәрігер

300;

психиатр дәрігер

150;

әдіскер дәрігер

150;

статистик дәрігер

150;

науқас балаларға күтім жасаумен айналысатын тұлғаларды емдейтін терапевт дәрігер

150;

инемен емдеу дәрігері

100;

биологиялық кері байланыс кабинетінің дәрігері

300;

емдік денешынықтыру дәрігері

100.

      457. Диетолог дәрігер лауазымы балалар стационарына арналған мөлшер бойынша белгіленеді.
      458. Стоматолог-дәрігер лауазымдары 150 төсекке 1 лауазым есебінен тағайындалады, бірақ 75 төсектік ұйымдарда 0,5 лауазымынан кем емес бекітіледі.
      459. Бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымына 300 және одан аса төсек болғанда белгіленеді.
      460. Мейірбике лауазымдарына (палаталық) 20 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен тағайындалады.
      461. Оқшаулауыш мейірбике лауазымдарына 100 төсек санына 1 лауазым есебінен тағайындалады. 300 және одан аса төсек ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.
      462. Гипс салу кабинетінің мейірбикесі лауазымдарына 125 төсекке 1 лауазым есебінен жұмыс көлемі бар болса белгіленеді.
      463. Емдәмдік мейірбике лауазымдарына ұйымдарда:
      75 дейінгі төсек саны – 0,5 лауазым;
      80-250 төсек саны – 1 лауазым;
      250-ден аса төсек саны – 1 лауазым және әрбір келесі 200 төсек санына 1 лауазым қосымша белгіленеді.
      464. Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы лауазымдарына ұйымға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      465. Хауыз болған жағдайда жүзу (гидрокинезотерапия) жөніндегі нұсқаушы лауазымына ұйымға 1 лауазым есебінен тағайындалады.
      466. Аэросолярийде немесе аэротерапияға арнайы бейімделген верандалар мен жабдықталған жағажайда қызмет көрсететін мейірбике лауазымына 250 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      467. Бас мейірбике лауазымына 200 төсек саны бар болғанда белгіленеді.
      468. Санитар лауазымына (палаталық) 25 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
      469. Науқастарды емдік-диагностикалық кабинеттерге тасымалдайтын және алып жүретін санитар лауазымына 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      470. Оқшаулауыш санитар лауазымына оқшаулауыш мейірбикесі лауазымына тиісінше белгіленеді.
      471. Гипс салу кабинетінің санитары лауазымына гипс салу кабинетінің мейірбикесі лауазымына тиісінше тағайындалады, бірақ 1 лауазымнан көп емес.
      472. Аэросолярийде немесе аэротерапияға арнайы бейімделген верандалар мен жабдықталған жағажайда қызмет көрсететін санитар лауазымына мейірбике лауазымына тиісінше белгіленеді.
      473. Санитар-бұлаулаушы лауазымына 40 төсекке 1 лауазым есебінен бөлімге 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.
      474. Емдік денешынықтыру және хауызға арналған залға санитар лауазымына зал үшін 1 және хауыз үшін бөлек 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      475. Шаруа-бикесі лауазымы 200 төсекке - 1 лауазым және қосымша әрбір келесі 100 төсек санына (200-ден тыс) 0,5 лауазым, бірақ бір лауазымнан кем емес белгіленеді.
      476. Санитар-буфетші лауазымына 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      477. Педагог әдіскер лауазымына (педагогикалық бөлім меңгерушісі) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған барлық ұйымдарда 100 және одан аса төсек санына қарай тағайындалады.
      478. Тәрбиеші лауазымына 15 төсек санына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      479. Музыкалық басшы лауазымдарына ұйымдарда:
      50-125 төсек санына – 0,5 лауазым;
      125 төсектен тыс – 1 лауазым белгіленеді.
      480. Логопед лауазымы 10 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      481. Дефектолог лауазымына 10 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      482. Психолог лауазымына 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      483. Әлеуметтік педагог лауазымы 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      484. Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы лауазымына 100 төсек санына 1 лауазым есебінен тағайындалады.
      485. Ортездік-протездік шеберханаға мына лауазымдар тағайындалады:
      меңгеруші - 1 ставка;
      ортезист 75 төсекке 1 лауазым есебінен;
      аға техник ортезист 100 төсекке 1 лауазым;
      техник ортезист 50 төсекке 1 лауазым.

§4. Ересектерге арналған санаторийдің штат нормативтері

      486. Санаторийдің бас дәрігерінің медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары лауазымына 250 және одан көп төсек саны бар санаторийлерде белгіленеді.


      487. Санаторийдің бөлім меңгерушісі лауазымы әрбір 150 төсекке белгіленеді. Бөлім меңгерушісі консультация берумен қатар дәрігердің белгіленген мөлшеріне қосымша науқастың 0,5 ставкаға жүргізеді.
      488. Хирургиялық бөлімше меңгерушісі лауазымы туберкулезбен ауыратын науқастарға және жарақат салдары бар науқастарға арналған 75 және одан көп хирургиялық төсегі бар санаторийлерде белгіленеді.
      489. Дәрігер лауазымы 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. Өкпе туберкулезінің белсенді түрімен, бүйрек туберкулезімен және зәр шығару жолы ауруларымен ауыратын науқастарға арналған санаторийлерде дәрігер лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      Науқастардың ауыр құрамы бар бөлімшелерде (миокардтың бастан өткерген инфаркті, айқындалған коронаросклероз, асқазанның ойық-жарасы және өршу сатысындағы ұлтабар ойықжарасы және т.с.с.) 30 төсекке 1 терапевт-дәрігер лауазымы есебінен белгіленеді.
      490. Диетолог-дәрігер лауазымы 200 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. Диетолог-дәрігер өзінің негізгі жұмысымен қатар дәрігердің белгіленген мөлшеріне қосымша науқастың 50 % жүргізеді.
      491. Хирург-дәрігер лауазымы туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған және жарақат салдары бар науқастар мен ас қорыту мүшелерінің аурулары бар науқастарға арналған 20 кем емес хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде және 40 және аса хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде 2 лауазым тағайындалады. Хирург-дәрігер операция жасаумен қатар 20 науқасты жүргізеді.
      492. Туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған және жарақат салдары бар науқастар мен ас қорыту мүшелерінің аурулары бар науқастарға арналған 10 хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде хирург-дәрігердің 0,5 лауазымы, ал 50 және одан көп хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде - әрбір 25 төсек санына хирург-дәрігердің 1 лауазымы белгіленеді.
      493. Қажет болған жағдайда консультация өткізу кезінде басқа мекемелерден маман-консультанттарды шақыруға рұқсат етіледі. Ақыл-кеңеске ақы төлеу санаторий сметасы бойынша еңбекақы қорында ескерілуі мүмкін.
      494. Дәрігерлер кезекшілігі 150 және одан көп төсек саны бар санаторийлерде түнгі уақытта ұйықтау құқығымен оларға белгіленген жұмыс уақытының айлық мөлшері есебіне арнайы кесте бойынша штаттағы дәрігерлердің кезекшілігі жолымен ұйымдастырылады. Дәрігерлер кезекшілігі санаторий дәрігерлерінің штаттық құрамымен қамтамасыз етілуі мүмкін болмаған жағдайларда еңбекақы қорында негізгі лауазымы бойынша оларға белгіленген айлық уақыт мөлшерінен тыс санаторийдің штаттағы дәрігерлерімен орындалатын кезекшілікке ақы төлеуге арналған арнайы қаржы бөлу қарастырылған болуы тиіс: а) өкпе туберкулезінің белсенді түрімен; б) ас қорыту мүшелерінің; в) қанайналым мүшелерінің аурулары бар науқастарға арналған санаторийлерде, курорттан тыс немесе курортта бірақ басқа санаторийлерден алыстау орналасқан санаторийлерде дәрігерлер кезекшілігі ондағы төсек санына қарамастан ұйымдастырылады. Дәрігерлер кезекшілігі қарастырылмаған санаторийлерде шұғыл көмек көрсету үшін санаторий дәрігері шақырылады, нақты шығындаған уақытына ақы төленеді.
      495. Туберкулезді санаторийлерде (палаталық) мейірбике лауазымдары:
      50-75 төсекке 5 лауазым;
      75 және одан көп төсекке 5,5 лауазым;
      әрбір 25 төсекке 1 лауазым қосылады – 75-тен астам есебінен белгіленеді.
      Басқа да бейінді санаторийлерде:
      50-75 төсекке 4 лауазым;
      75 және одан көп төсекке 4,5 лауазым;
      әрбір 35 төсекке 75 аса 1 лауазым қосылады.
      50-ден 75 дейін төсегі бар туберкулездік емес санаторийлерде аға мейірбике палаталарда кезекшілікті атқаруға тартылуы мүмкін.
      496. Емшара кабинетінің мейірбикесі лауазымы 100 төсекке белгіленеді.
      497. Суем қызмет көрсететін мейірбике лауазымы санаторийге 1 лауазым есебінен белгіленеді. Санаторийде тиісті жабдығы бар радийбелсенді ванна бөлмесіне арналған ерітінді дайындайтын зертхана бар болған жағдайда 0,5 мейірбике лауазымы қосымша белгіленеді.
      498. Балшық емшарасын босататын мейірбике лауазымы 90 және аса балшық емшарасына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      499. Өкпе туберкулезінің белсенді түрімен ауыратын науқастарға арналған санаторийлерде отоларингология кабинетінің мейірбикесі лауазымы отоларинголог-дәрігер лауазымдарына тиісінше белгіленеді.
      500. Ингаляторияда қызмет көрсететін мейірбике лауазымы ингаляториясы бар санаторийлерде 0,5 лауазым есебінен 4 орынға белгіленеді.
      501. Жағажайда қызмет көрсететін мейірбике лауазымы санаторийде дербес жағажайы бар болса:
      75-200 төсекке 0,5 лауазым;
      200 және одан көп төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      502. Аэросолярийде немесе аэротерапияға арнайы бейімделген верандаларда (қаптарда қысқы жатуға арналған) қызмет көрсететін мейірбике лауазымы санаторийде:
      75-200 төсекке 0,5 лауазым;
      200 және одан көп төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      503. Емдәмдік мейірбике лауазымы санаторийде:
      50-150 төсекке 1 лауазым;
      150-250 төсекке 1,5 лауазым.
      250-450 төсекке 2 лауазым
      450 және одан көп төсекке 2,5 лауазым есебінен белгіленеді.
      504. Стоматолог лауазымы:
      100-200 төсекке 0,5 лауазым;
      200-450 төсекке 1 лауазым.
      450 және одан көп төсекке 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.
      505. Жұмыс істеп тұрған қондырғыға қызмет көрсететін дезинфектор лауазымы тек қана туберкулездік санаторийлерге белгіленеді.
      506. Медициналық тіркеуші лауазымы 100 және одан аса төсек саны бар санторийлерде белгіленеді.
      507. Операция және байлайтын бөлме мейірбикесі лауазымдары қосымша туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған және жарақат салдары бар науқастар мен асқазан-ішек аурулары бар науқастарға арналған 20 кем емес хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде белгіленеді.
      508. 2 және одан көп жекеленген корпустары бар санаторийлерде белгіленген палаталық мейірбике саны 25 кем емес төсек саны бар әр корпусқа 1 мейірбике лауазымы болып көбейеді, бірақ санаторийге 3 лауазымнан аспайтын мөлшерде.
      509. Ересектер мен жасөспірімдерге арналған туберкулез санаторий штатында еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы лауазымы:
      75-100 төсек санына 1 лауазым;
      әрбір келесі 100 төсек санына 1 лауазым есебінен тағайындалады.
      510. (палаталық) санитар лауазымы:
      туберкулезді санаторийде 50-75 төсек санына 9 лауазым белгіленеді. Әрбір 75-тен асатын 8 төсек санына 1 лауазым қосылады.
      Басқа да санаторийлерде 50-75 төсек санына 6 лауазым белгіленеді. Әрбір 75 асатын 13 төсек санына 1 лауазым қосылады.
      2 және одан да көп бір-бірінен жекеленген корпусы бар санаторийлерде белгіленген санитар саны кемінде 25 төсек саны бар әр корпусқа 2 лауазымға көбейеді.
      511. Туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған және жарақат салдары бар науқастар мен асқазан-ішек аурулары бар науқастарға арналған 20 кем емес төсек саны бар хирургиялық палатасы бар санаторийлерде қосымша санитар (палаталық) және науқастарды тасымалдайтын және сүйемелдейтін санитар лауазымы белгіленеді.
      512. Отоларингология бөлімі бар өкпе-туберкулез санаторийлерінде қосымша санитар (палаталық) лауазымы белгіленеді.
      513. Қабылдау бөлмесінің қызмет көрсетуі үшін 100 және одан аса төсек санына арналған санаторийлерде қосымша 1 санитар лауазымы белгіленеді.
      514. Душ бөлмесі кафедрасымен және басқа да душқа арналған қондырғысы бар суемханасы бар санаторийлерде санитар-душер лауазымы белгіленеді.
      515. Санаторий жанындағы емдік ванналарды босатуға арналған бөлімшелерде:
      әрбір 4 ваннаға 1 санитар-ваннашы лауазым;
      әрбір 8 ваннаға 1 санитар-сыпырушы лауазымы белгіленеді.
      516. Санаторий жанындағы балшықпен емдеу бөлімшелерінде:
      әрбір 3 балшық кушеткасына ембалшық аппликациясын жіберу жөніндегі 1 санитар-балшықшы лауазымы;
      әрбір 4 балшық кушеткасына балшықты әкелу, жылыту және брезенттерді апару үшін 1 санитар-балшықшы лауазымы;
      гинекологиямен ауыратын науқастарға қызмет көрсету үшін әрбір 2 креслоға 1 санитар лауазымы;
      10 балшық кушеткасына 1 санитар-сыпырушы лауазымы белгіленеді.
      517. Санаторий жанындағы жағажай санитары лауазымы әрбір 50 ағаш тапшанға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      518. Аэросолярийде немесе аэротерапияға арнайы бейімделген верандаларда (о.і. қаптарда ауада жатуға арналған) қызмет көрсететін санитар лауазымы ең кемінде 25 ағаш тапшан бар болғанда белгіленеді.
      519. Ең жақын теміржол станциясынан немесе кемежайдан 10 км-ге және одан аса орналасқан және тоқтайтын жері бар санаторийге келетін және кететін науқастар үшін ең кемінде 6 төсек саны бар санаторийге 2 санитар лауазымы белгіленеді.
      520. Сүйек-туберкулез санаторийінде науқастарды тасымалдау және алып бару жөніндегі санитар лауазымы әрбір 20 науқасқа 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      521. 400 және одан аса төсегі, 2 және одан аса ұйықтайтын корпусы бар санаторийлерде 2 шаруа-бикесі лауазымы белгіленеді.


Каталог: images -> 000000000
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
000000000 -> «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет