Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы



бет5/25
Дата06.07.2018
өлшемі3,34 Mb.
#47985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§5. Дәріхана персоналы

      522. Дәріхана меңгерушісі-провизор лауазымы 150 және одан аса төсек саны бар ең жақын дәріханадан 3 км және одан аса алыстағы жеке орналасқан санаторийлерде (курорттан тыс), 150-ге жуық төсегі бар санаторийлерде дәріхана меңгерушісі лауазымының орнына – провизор-технолог немесе фармацевт лауазымы белгіленеді.


      450 және одан көп төсегі бар, курорттан тыс орналасқан, ең жақын дәріханадан 3 км және одан астам алыстатылған санаторийлерде қосымша провизор-технолог немесе фармацевт лауазымы белгіленеді.
      523. Дәріхана санитары лауазымы жұмыс істейтін санитарлар нормативінің шегінде енгізілуі мүмкін.

7-тарау. Балалар үйінің қызметкерлер құрамының
штат нормативтері

      524. Педиатр-дәрігерлерінің лауазымы Балалар үйіндегі (жалпы типті) 40 балаға 1 лауазым және 20 балаға педиатр-дәрігерлерінің 1 лауазымы маманданған Балалар үйіне белгіленеді.


      525. Отолариноглог-дәрігерінің лауазымы мамандырылған Балалар үйіндегі есту және тіл қабілеті бұзылған 45-100 балаға 0,5 лауазымы белгіленеді.
      526. Невропатолог дәрігерлерінің лауазымы мамандандырылған Балалар үйіне Балалар үйіндегі органикалық зақымданған орталық жүйке жүйесі церебральды сал ауруымен ауыратын психикалары бұзылған балалар үшін 30-70 балаға 0,5 лауазымы, 70-тен астам балаға 1 лауазым белгіленеді.
      527. Балалар үйіндегі (жалпы типті) мейірбикелердің лауазымы 40 балаға 1 лауазымы және мамандандырылған Балалар үйіндегі 20 төсекке 1 тәулік бойғы күзет есебінен белгіленеді.
      75 және одан да көп орны балалар үйлерінде жұмыс көлеміне қарамай, соның ішінде 6 және одан көп төсектік изоляторда немесе карантиндегі балаларға қызмет көрсету бойынша бір тәулік бойы қолданыстағы медициналық бике лауазымдарының қажетті қосымша саны белгіленеді.
      528. Физиотерапия бойынша мейірбикелердің лауазымы қолданыстағы штат нормативтері бойынша ауруханалардың физиотерапия бөлімшелеріне белгіленеді.
      529. Балалар үйіндегі массаж жасайтын мейірбикелердің және қажетті жәрдем қозғалыс функция аппаратының зақымдалуы бойынша емдік дене шынықтыру әдіскерінің лауазымы органикалық зақымданған орталық жүйкелік церебральды сал ауруымен ауыратын психикалары бұзылғанмаған балалар үшін қолданыстағы штат нормативтері бойынша ауруханалардың физиотерапия бөлімшелеріне белгіленеді.
      530. Емдік тамақтандыру мейірбикелердің лауазымы ұйымға 1,0 лауазым есебінен белгіленеді.
      531. Патронаж мейірбикесінің лауазымы ұйымға 1,0 лауазым есебінен белгіленеді.
      532. Бас мейірбикесінің лауазымы ұйымға 1,0 лауазым есебінен белгіленеді.
      533. Тәрбиешінің лауазымы 15 жасқа дейінгі 10 балаға және органикалық орталық жүйке жүйесі зақымданған церебральды сал ауруымен ауыратын психикалары бұзылған балалар үшін немесе психикалары бұзылмаған балаларға, 1,5 жастан 2 жасқа дейін, 13 балаға, 1,8 жастан 2 жасқа дейін 15 балаға 1 тәулік бойы жұмыс істейтін пост есебінен белгіленеді.
      534. Бас тәрбиешінің лауазымы белгіленеді:
      30-50 балаға 0,5 лауазым, 51 және одан да көп балаға 1 лауазым.
      535. Орталық жүйкелері органикалық зақымдалған, оқытуға және тәрбиелеуге келмейтін балалар үшін балалар үйлерінде, тәрбиеші лауазымдарын мейірбике лауазымдарына ауыстыруға болады.
      536. Сурдологопед лауазымдары есту қабілетінің бұзылуымен (саңырауларға, құлақтарының мүкісі барларға, керең-мылқауларға, керең болып қалғандарға) 1,5 жастан бастап 8 балаға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      537. Логопедтердің лауазымы(жалпы типті) балалар үйлеріндегі 1,5 жастағы 15 балаға, орталық жүйкелері органикалық зақымдалған, жақ сүйек-бет маңайы патологиясынан, дизартриядан, алалиядан, тұтығудан зардап шегетін 8 балаға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      538. Психолог лауазымы мамандандырылған балалар үйіндегі 70 балаға 0,5 ставка есебінен белгіленеді, 70 баладан көп болса 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      539. Музыкалық қызметкер лауазымы ұйымға 1,0 лауазымы белгіленеді.
      540. Күтуші-санитар лауазымы 6-дан 22 сағатқа дейінгі жұмыс мерзіміне көрсетілген уақытта (жұмыс күннің созылу өзгешелігін есепке алумен) топтармен жұмыс жасау үшін қарастырылған тәрбиеші лауазымының санына сәйкес белгіленеді.
      541. Психиканың бұзылуымен немесе бұзылуынсыз жүретін орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы бар Балалар үйіндегі 10 балаға шаққанда 1 тәулік бойы жұмыс істейтін пост есебінен күтуші-санитар лауазымы белгіленеді.
      Балалар үйлеріндегі изолятордағы орташа білімді медицина қызметкерлерінің көмегімен күтілмейтін 6 және одан да көп орындағы балаларды күтуге қажетті қосымша күтушілердің лауазымы белгіленеді.
      542. Аспазшы лауазымы белгіленеді: 80 төсекке дейін Балалар үйіне 2 бірлік; 80-100 төсектен астам Балалар үйіне 2,5 бірлік; әрбір 50 (100-ден тыс) төсекке қосымша 2,5 бірлік.

2-бөлім. Жедел медициналық көмек станциялары мен
бөлімшелерінің үлгілік штаттары және штат нормативтері

      543. Жедел медициналық көмек станциялары мен бөлімшелерінің үлгілік штаттары және штаттық нормативтері Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді



3-бөлім. Қан орталықтарының үлгілік штаттары және
штат нормативтері

      544. Жылына қанды және оның компоненттері донация мөлшеріне байланысты қан орталықтардың 4 санатқа бөлінеді:


      1-санат - жылына 20000 астам донация;
      2-санат - жылына 15000-нан 20000-ға дейінгі донация;
      3-санат - жылына 10000-нан 15000-ға дейін донация;
      4-санат - жылына 5000-нан 10000-ға дейін донация.
      Қан орталықтарының (бұдан әрі - ҚО) штат кестесі санаттарға сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 544-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      545. Плазманы фракциялау әдісімен қан препараттарына қайта өңдеумен айналысатын ҚО қайта өңдеу көлеміне қатысты қосымша штаттар белгіленеді. Донор қанының өнімдері мыналардан тұрады:
      1) донор қанының емдік мақсатқа жарамды компоненттері (өндірудің, бақылаудың сатыларынан өткен және емдеу желісіне беру үшін өнімдерді беру бөлімшесіне немесе экспедицияға берілген дайын өнім);
      2) диагностикалық стандарттар дайындауға арналған донор қанының компоненттері (диагностикалық стандарттар дайындауға пайдаланылған, емдеу желісінде қолдануға жарамды, өндіру, бақылау сатыларынан өткен және емдеу желісіне беру үшін дайын өнімдер қоймасына немесе экспедицияға тапсырылған донор қанының компоненттері (шикізат);
      3) қан препараттарын өндіруге берілген донор қанының компоненттері (қан препараттарын өндіруге жарамды және дайындаушы-ұйымдарға берілген плазманың барлық түрлері (шикізат);
      4) зертханалық зерттеулерге арналған консервантсыз дайындалған қан.
      Ескерту. 545-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      546. Директордың мейірбике ісі жөніндегі орынбасары - 1-2-санаттағы ҚО - 1 лауазым, бас мейірбике - 3-4-санаттағы ҚО - 1 лауазым. Инфекциялық бақылау мейірбикесі 1-санаттағы ҚО - 1,5 лауазым, 1-санаттағы ҚО - 1 лауазым. Шаруашылық бикесі - 1-4-санаттағы ҚО - 1 лауазым.
      Ескерту. 546-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      546-1. Ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы) құрылады және 1 бөлім меңгерушісі лауазымы және 3 ғылыми қызметкер лауазымы көзделеді.
      Ескерту. Үлгілік штаттар 546-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      546-2. Өңірлермен жұмыс істеу бөлімі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында құрылады және 1 бөлім меңгерушісі лауазымын және 3 дәрігер (қызметкер) лауазымы көзделеді.
      Ескерту. Үлгілік штаттар 546-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

8-тарау. Донорларды жасақтау тобының үлгі штаттары мен
штат нормативтері


§1. Донорлармен толықтыру бөлімшесі

      547. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы әр ҚО-да белгіленеді.


      Ескерту. 547-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      548. Терапевтердің, трансфузиологтардың лауазымдары ҚО санатына қарамастан күніне 30 донор қабылдауға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 548-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      549. Ұйымдардағы, кәсіпорындардағы, оқу орындарындағы халықпен ағарту-үгіт жұмысы жөніндегі дәрігер (терапевт, трансфузиолог) лауазымы бір бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      550. Бөлімшенің аға мейірбикесі лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
      551. Халықты үгіттеуге және донорлыққа жоспарлы даярлауға арналған донорлықты ұйымдастыру жөніндегі маман лауазымы 1-2-санаттағы ҚО 2 лауазым есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 551-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      552. Мейірбикелер лауазымдары барлық ҚО-да 1-санаттағы ҚО үшін 3,5 лауазым, 2-4-санаттағы ҚО үшін 2 лауазым есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 552-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      553. Медициналық тіркеуші лауазымдары 1-санаттағы ҚО үшін 3,5 лауазым, 2-санаттағы ҚО - 3 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО - 2,5 есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 553-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      554. Санитар лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО - 2 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО - 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 554-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      555. Санитар-буфетші лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазым және 3-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 555-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

§2. Бірыңғай донор орталығы

      556. Бірыңғай донорлық орталық (бұдан әрі - БДО) әрбір ҚО-да құрылады. 1-2-санаттағы ҚО БДО-да фельдшер (мейірбике) 3 лауазымы және 3 медициналық тіркеуші лауазымы көзделген. 20000-нан артық донацияның әр 5000-на фельдшердің (мейірбике) қосымша 1 лауазымы және медициналық тіркеушінің 1 лауазымы енгізіледі. 3-4-санаттағы ҚО БДО-да фельдшер (мейірбике) 1 лауазымы және 1 медициналық тіркеуші лауазымы қарастырылған. 5000-нан артық донацияның әр 2500-на медициналық тіркеушінің қосымша 1 лауазымы енгізіледі.


      Ескерту. 556-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

§3. Көшпелі бригаданың үлгілік штаттары

      557. Трансфузиолог-дәрігердің 1, мейірбикенің 1,5, зертханашының 1,5, медициналық тіркеушінің 1,5 және санитардың 2 лауазымы 1 бригада есебінен белгіленеді. Бригадалар саны көшпелі жағдайдағы қан тапсырудың жылдық санына байланысты белгіленеді: жылына 5 мыңға дейінгі донацияға - 1 бригада, жылына 5 мыңнан 10 мыңға дейінгі донацияға - 2 бригада, 10 мыңнан артық донацияға - 3 бригада.


      Ескерту. 557-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      558. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      559. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      560. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

9-тарау. Қанды дайындау және компоненттеріне қайта өңдеу тобының үлгі штаттары мен штат нормативтері

§1. Қанды дайындау және оны компоненттерге қайта өңдеу бөлімшесінің үлгі штаттары

      561. Бөлімше меңгерушісінің, аға мейірбикенің және шаруашылық бикесінің лауазымдары әр ҚО-да белгіленеді.


      Ескерту. 561-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      562. Қан дайындау тобы үшін мына лауазымдар белгіленеді:
      1) трансфузиолог-дәрігер, операция мейірбикесі (эксфузионист), санитар лауазымдары ҚО санатына қарамастан күніне 20 донорды қабылданғанда қызметкердің әр санатына 1 лауазым;
      2) медициналық тіркеуші лауазымы қан орталықтарының санатына қарамастан күніне 20 донорды қабылдауға 1,0 ставка есебінен.
      Ескерту. 562-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      563. Плазмацитаферез тобы үшін мына лауазымдар белгіленеді: трансфузиолог-дәрігер, операция мейірбикесі (эксфузионист), медициналық тіркеуші, аппаратшы және санитар лауазымдары қан ҚО санатына қарамастан, күніне 20 донор қабылданғанда қызметкерлердің әр санатына 1,5 ставка есебінен белгіленеді.
      Плазманы дискретті әдіспен дайындағанда 0,5 трансфузиолог-дәрігердің және 1 ставка мейірбике (эксфузионист) лауазымдары енгізіледі.
      Ескерту. 563-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

§2. Қан компоненттерін карантиндеу, іріктеу және уақытша сақтау бөлімінің үлгі штаттары

      Ескерту. 2-параграф жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      564. Трансфузиолог-дәрігер, мейірбике, медициналық тіркеуші, санитар лауазымдары ҚО санатына қарамастан, жылына 5000 қан тапсырғанда қызметкерлердің әр санатына 1 ставка есебінен белгіленеді. Белгіленген трансфузиолог-дәрігері лауазымдарынан бөлімше меңгерушісінің 1 лауазымы айқындалады.

§3. Қан компоненттерін өндіру бөлімшесінің үлгі штаттары

      Ескерту. 3-параграф жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      565. Трансфузиолог-дәрігер лауазымы ҚО санатына байланысты, сондай-ақ басқа компоненттерін (тромбоконцетрат, лейкоциттері мен тромбоциттері азайтылған эритроциттер массасы, криопреципитат және тағы басқаларды) дайындау үшін 1-санаттағы ҚО-да - 1,5 лауазым, 2-санаттағы ҚО-да - 1,25 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставка есебінен белгіленеді.
      Қан компененттерін қайта өңдеудің қосымша әдістерін - лейкофильтрлеу, вирусинактивациялау, гамма-сәулелендіру үшін трансфузиолог-дәрігердің қосымша 1 ставкасы енгізіледі.
      566. Мейірбике лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да - 3, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1,5 ставка есебінен ҚО санатына қарай белгіленеді.
      Қан компоненттерін лейкофильтрлегенде 1-2-санаттағы ҚО-да мейірбикенің 1,5, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставкасы; қан компоненттерін гамма-сәулендіру жүргізгенде 1-2-санаттағы ҚО-да мейірбикенің 1,5, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставкасы; қан компоненттеріне вирустазартуды жүргізгенде 1-2-санаттағы ҚО-да мейірбикенің 1,5 және 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 ставкасы қосымша енгізіледі.
      567. Медициналық тіркеуші лауазымы трансфузиолог-дәрігері лауазымына сәйкес белгіленеді.
      568. Аппаратшы (центрифугалау, ішкі тасымалдау және тағы басқалары) және санитар лауазымдары ҚО санатына байланысты 1 дәрігер ставкасына 1,25 ставка есебінен белгіленеді.

§4. Өнімді беру тобының үлгі штаттары

      569. Бөлім меңгерушісінің лауазымы 1-4-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді. Трансфузиолог-дәрігер (консультант) лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да 1 ставка және 3-4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка есебінен белгіленеді.


      Ескерту. 569-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      570. Аға мейірбике лауазымы 1-4-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 570-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      571. Мейірбике лауазымы 1 тәулік бойы жұмыс істейтін немесе бөлімшеге 5 ставка есебінен белгіленеді.
      572. Санитар лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да - 1,5 ставка, 3-санаттағы ҚО-да 1,25 лауазым, 4-санаттағы ҚО-да - 1 ставка есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 572-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

10 тарау. Қанды тестілеу тобының үлгілік штаттары мен
штат нормативтері


§1. Қанды тестілеу бөлімшесінің үлгілік штаттары мен штат нормативтері

      Ескерту. 1-параграф жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      573. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы әр қан орталығында белгіленеді.
      574. Зертханашы-дәрігер (зертхана мамандары) лауазымдары ҚО санатына байланысты клиникалық және клиникалық-биохимиялық зерттеулер үшін 1-санаттағы ҚО-да - 4 лауазым, 2-санаттағы ҚО-да - 3 лауазым, 3-санаттағы ҚО-да - 2, 4-санаттағы ҚО-да - 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      575. Аға фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымы бөлім меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді.
      576. Фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымы барлық ҚО-да, дәрігердің бір ставкасына 2 фельдшер-зертханашы (зертханашы) ставкасы есебінен белгіленеді.
      577. Медициналық тіркеуші және санитар лауазымдары барлық ҚО дәрігердің және фельдшерлердің (жиынтық) 5 ставкасына медтіркеушінің бір ставкасы есебінен белгіленеді.
      578. Диагностикалық стандарттар тобының зертханашы-дәрігердің (зертхана мамандары) лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 ставкадан, 3-4-санаттағы ҚО-да 1 ставкадан белгіленеді.
      579. Үлгілеу және іріктеу тобының зертханашы-дәрігер (зертхана мамандары) лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазымнан, 3-санаттағы ҚО-да 1,5 лауазымнан, 4-санаттағы ҚО-да 1 лауазымнан белгіленеді.
      580. Фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымдары зертханашы-дәрігері лауазымының санына сәйкес белгіленеді.
      581. Аппаратшы (зертханашы) лауазымы 1-4-санаттағы ҚО-да бөлімшеге (құю, дәнекерлеу, белгілеу, қаптау) 1 ставка есебінен белгіленеді.
      582. Диагностикалық стандарттары тобының санитар лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазымнан, 3-4-санаттағы ҚО-да - 1 лауазым есебінен белгіленеді. Үлгілеу және іріктеу тобының санитар лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1 лауазымнан, 4-санаттағы ҚО-да - 0,5 лауазымнан белгіленеді.

§2. Изоиммунологиялық зертхананың штат нормативтері

      Ескерту. 2-параграф алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.



§3. Сапаны бақылау бөлімі

      586. Бөлімше меңгерушісі және аға зертханашы лауазымдары әр қан орталығында белгіленеді.


      Ескерту. 586-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      587. Зертханашы-дәрігер (зертхана маманы), провизор лауазымдары 1-санаттағы ҚО-да 2 лауазымнан, 2-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазымнан белгіленеді.
      Ескерту. 587-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      588. Сапа жөніндегі менеджер лауазымы 1-санаттағы ҚО-да 2 лауазым, 2-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 588-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      589. Фельдшер-зертханашы (зертханашы) лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да 3 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО-да 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 589-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      590. Санитар лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      Бактериологиялық бақылау тобы үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
      1) бактериолог-дәрігер лауазымы 1-2-санаттағы ҚО-да - 1 ставка, 3-4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка және әр 5000 литр плазмаға қан препараттарын дайындалғанда қосымша 0,25 ставка есебінен белгіленеді;
      2) зертханашылар, фельдшер-зертханашы лауазымдары (жиынтық) ҚО санатына байланысты 1-2-санаттағы ҚО үшін 2 ставка, 3-4-санаттағы ҚО 1 ставка және әр 5000 литр плазмаға қан препараттарын дайындалғанда қосымша 1 ставка есебінен белгіленеді;
      3) санитар лауазымдары ҚО санатына байланысты 1-2-санаттағы ҚО 3 ставка, 3-4-санаттағы ҚО 1,5 ставка, ал әр 5000 литр плазмаға қан препараттарын дайындау өндірісі болғанда, қосымша 0,25 ставка есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 590-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

§4. Иммунды плазманы дайындау және иммуноглобулинді жасау
иммунологиялық зертхананың (топтың) үлгі штаттары

      591. Зертханашы дәрігер (зертхана маманы) лауазымы ҚО-ның санатына байланысты, 3-4-санаттағы ҚО-да - 0,25 ставка, 2-санаттағы ҚО-да - 0,5 ставка және 1-санаттағы ҚО-да 1 ставка есебінен белгіленеді.


      Ескерту. 591-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      592. Зертханашы (фельдшер-зертханашы) лауазымы ҚО-ның санатына байланысты, 3-4-санаттағы ҚО-да - 0,5 ставка, 2-санаттағы ҚО-да - 1 ставка және 1-санаттағы ҚО-да 1,5 ставка есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 592-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

§5. Иммунологиялық HLA-үлгілеу зертханасының үлгі штаттары

      593. Зертхана меңгерушісі лауазымы 1 ставка есебінен белгіленеді. Дәрігер-зертханашы (зертхана маманы) лауазымы зертханаға арналған 3,5 ставка есебінен бекітіледі.


      Ескерту. 593-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      594. Зертханашы және санитар лауазымдары Қан орталығының (ҚО) санатына қарамастан әр зертханаға 2 ставка (жоғары білімді әр маманға) есебінен белгіленеді.


Каталог: images -> 000000000
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
000000000 -> «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет