Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы


§6. ЖИТС, гепатиттер, мерез инфекцияларын диагностикалау зертханасының үлгі штаттары



бет6/25
Дата06.07.2018
өлшемі3,34 Mb.
#47985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§6. ЖИТС, гепатиттер, мерез инфекцияларын
диагностикалау зертханасының үлгі штаттары

      595. Зертхана меңгерушісі және аға зертханашы лауазымдары әрбір зертханада белгіленеді.


      596. Зертхана қызметкерлері лауазымдары екі ауысымды жұмыс және бір бригадаға күніне 180 сериялы ИФА (ИХЛА) және 9 ПТР (6-дан біріктіру) жүктемесін есепке алғанда, 5 дәрігердің ставкасы, 7 зертханашы (зертханашы-фельдшер) ставкасы, 3 тіркеуші ставкасы, 2 санитар ставкасы есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 596-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      597. Сарысу үлгілерін мұрағаттау тобы:
      Зертханашы-дәрігердің лауазымы - 0,5 ставка, фельдшер-зертханашы - 1 ставка, медициналық тіркеуші - 1 ставка, санитар - 0,5 ставка.
      Ескерту. 597-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

11-тарау. Функциялы қамтамасыз ету бөлімшесінің үлгі
штаттары мен штат нормативтері

      598. Материалдарды және ерітінділерді дайындау тобы үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:


      1) мейірбике лауазымы әр зертханада белгіленеді;
      2) жуу бөлмесінің (пробиркалар, бөтелкелер, жамылғы әйнектер және тағы басқалары) аппаратшысы лауазымы ҚО санатын есепке ала отырып 3-4-санаттағы ҚО үшін 1,5 ставка және ҚО санатына байланысты бұдан әрі 1 ставкаға ұлғаю есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 598-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      599. Ерітінділерді дайындау бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
      1) зертханашы-дәрігерлер (провизор) лауазымы 1-2-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді;
      2) фармацевт (зертханашы, мейірбике) лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО үшін 1 ставка және 3-4-санаттағы ҚО үшін 0,5 ставка есебінен белгіленеді;
      3) санитар лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО үшін 1,5 ставка және 3-
санаттағы ҚО үшін 1 ставка, 4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка есебінен
белгіленеді.
      Ескерту. 599-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      600. Дистиллятор бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
      1) мейірбике лауазымы 1-3-санаттағы ҚО үшін 1 ставка, 4-санаттағы ҚО үшін 0,5 ставка есебінен белгіленеді;
      2) аппаратшы-автоклавер лауазыммы әр орталықта белгіленеді;
      3) аппаратшы лауазымы 1-2-санаттағы ҚО үшін 1 ставка және 3-4-санаттағы ҚО үшін 0,5 ставка есебімен белгіленеді.»;
      601. «Автоклав бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
      1) мейірбике (автоклавер) лауазымы 3-4-санаттағы ҚО-да - 1,5 ставка және 1-2-санаттағы ҚО-да - 2,5 ставка есебінен белгіленеді;
      2) санитар лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1 ставка және 4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 600-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      601. «Автоклав бөлмесі үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
      1) мейірбике (автоклавер) лауазымы 3-4-санаттағы ҚО-да - 1,5 ставка және 1-2-санаттағы ҚО-да - 2,5 ставка есебінен белгіленеді;
      2) санитар лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1 ставка және 4-санаттағы ҚО-да 0,5 ставка есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 601-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      602. Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату тобы үшін мынадай лауазымдар белгіленеді:
      1) мейірбике лауазымы барлық санаттағы ҚО-да 1 ставка есебінен белгіленеді;
      2) аппаратшы-автоклавер лауазымы 1-3-санаттағы ҚО-да 1,5 ставка және 4-санаттағы ҚО-да 1 ставка есебінен белгіленеді;
      3) санитар лауазымы 1-4-санаттағы ҚО үшін 1 ставка есебінен белгіленеді.
      Ескерту. 602-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

§1. Қан препараттарын өндіру бөлімінің үлгі штаттары мен
штат нормативтері

      603. Өндіру бөлімінің меңгерушісі (зертханашы-дәрігер, провизор, фармацевт) – 1 лауазым.


      604. Өндіріс жөніндегі инженер лауазымы жылына әрбір 5000 литр плазма фракцияланғанда, 1 ставка есебінен белгіленеді.
      605. Шаруа-бикесі лауазымы фракцияланатын плазманың көлеміне қарамастан 1 ставка есебінен белгіленеді.

§2. Шикізатты толықтыру және плазманы фракциялау
бөлімшесінің үлгі штаттары мен штат нормативтері

      606. Зертханашы-дәрігерлер (провизорлар, технологтар) лауазымдары 5000 литрге дейін плазманы фракциялағанда 2 ставка, 5-15 тонна плазманы фракциялағанда, 3 ставка және әрбір келесі 5000 литрге дейін плазманы қосымша фракцияланған сайын 0,5 ставка есебімен екі ауысымдық жұмыс есебімен белгіленеді.


      607. Аға мейірбике лауазымы әр бөлімде белгіленеді.
      608. Зертханашы лауазымы аға медициналық бике лауазымына сәйкес белгіленеді.
      609. Медбике лауазымы фракцияланатын плазманының 5 тоннасына 1 ставка және әрбір келесі 5 тонна плазманы қосымша фракцияланғанда 0,25 ставка есебінен белгіленеді.
      610. Шикізатты жинақтау бойынша аппаратшы лауазымы фракцияланатын плазманының 5 тоннасына 1 ставка және жылына 15 тоннадан плазма өнделгенде, әрбір келесі 5 тонна плазманы фракцияланған сайын 0,5 ставканы қосу есебінен белгіленеді.
      611. Тұндыру және центрифугалау аппаратшысы лауазымдары екі ауысымдық жұмысты есепке алғанда, жылына 5 тоннаға дейін көлеміндегі плазма фракциялағанда, бір кезеңде тұндыру және центрифугалау аппаратшының 1 ставкасынан және 5-10 тонна плазма фракциялағанда бірауысымда аппаратшының 1 ставкасы, центрифужердің 2 ставкасы, ал 10-15 тонна плазманы фракциялағанда, бір ауысымда тұндыру аппаратшының 2 ставкасы және центрифугалау аппаратшының 3 ставкасы есебінен белгіленеді.
      612. Суыту жүйесінің аппаратшысы және тоңазытқыш жабдықтарына қызмет көрсететін слесарь лауазымдары тәулік бойы кезекшілік есебінен 1 тәулікке 1 ставка белгіленеді.
      613. Қосалқы жұмысшы лауазымдары жылына фракцияланатын плазма көлемінің әрбір 5 тоннасына 1 ставка есебінен белгіленеді.
      614. Санитар лауазымдары екі ауысымда жұмысты есебімен жылына фракцияланатын плазма көлемінің әрбір 5 тоннасына 2 ставка есебінен белгіленеді.

§3. Биопрепараттарды лиофилизациялау тобы

      615. Мейірбике лауазымы 5 тоннаға дейін плазма фракцияланғанда 2 ставка және әрбір келесі 5 тонна плазманы қосымша фракцияланған сайын 0,5 ставка есебінен, ал 15 тоннадан жоғары әр 5 тоннаға 0,25 ставка есебінен белгіленеді.


      616. Аппаратшы лауазымдары тәулік бойы кезекшілікті есептегенде бір адамнан және жылына 5 тоннаға дейін плазма фракциялағанда кезек арасындағы күндізгі жұмысшыларды 4 ставка есебінен, 5-10 тоннаға дейін – 8 ставка, және 10 тоннадан 15 тоннаға дейін – 10 ставка есебінен белгіленеді.
      617. Санитар лауазымы фракцияланатын плазманың әрбір 5 тоннасына 1 ставка есебінен белгіленеді.

§4. Қан препараттарының жартылай өнімдерін
ультрафильтрлеу учаскесі

      618. Провизор (зертханашы-дәрігер) лауазымы 5 тоннаға дейін плазма фракцияланғанда 0,5 ставка және әрбір келесі 5 тонна плазма фракцияланған сайын 0,25 ставка есебінен белгіленеді.


      619. Аппаратшы лауазымы 5 тоннаға дейін плазма фракцияланғанда 0,75 ставка және әрбір келесі 5 тонна плазма фракцияланған сайын 0,25 ставка есебінен белгіленеді.
      620. Медициналық бике лауазымы фракцияланатын плазманың әрбір 5 тоннасына 1 ставка есебінен белгіленеді.
      621. Санитар лауазымы фракцияланатын плазманың әрбір 5 тоннасына 0,5 ставка және фракцияланатын плазманың әр келесі 5 тоннасына 0,25 ставкаға өсу есебінен белгіленеді.

§5. Зарарсыз құю тобы

      622. Зертханашы-дәрігер (провизор) лауазымы 10 тоннаға дейін плазма фракцияланғанда 1 ставка және әрбір келесі 5000 литр плазманы қосымша фракцияланған сайын 0,5 ставка есебінен белгіленеді.


      623. Аға мейірбике лауазымы әр топта белгіленеді.
      624. Мейірбике лауазымы фракцияланатын плазманың (бокс ішіндегі жұмыс, бракераж, безендіру және тағы басқалары) әрбір 5 тоннасына 4 ставка есебінен белгіленеді.
      625. Аппаратшы лауазымдары мейірбикенің (бокс ішіндегі жұмыс, безендіру, вальцовкалау, пастировкалау және тағы басқалары) әрбір ставкасына 1 ставка есебінен белгіленеді.
      626. Санитар лауазымы фракцияланатын плазманың әрбір 5 тоннасына 1 ставка есебінен белгіленеді.
      627. Қосалқы жұмысшы лауазымы 10 тоннадан астам мөлшеріндегі плазма фракцияланғанда 1 ставка есебінен белгіленеді.

§6. Зарарсыз материалдармен қамтамасыз ету бөлімі

      628. Провизор (фармацевт) лауазымы - 15 тоннға дейін мөлшеріндегі плазма фракциялау есебінен 1 ставка белгіленеді.


      629. Аға мейірбике лауазымы бөлім меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді.
      630. Мейірбике лауазымы 5 тоннаға дейін мөлшеріндегі плазма фракцияланғанда 0,5 ставка және 5-10 тонна плазма фракциялағанда 1 ставка есебінен белгіленеді.
      631. Автоклавер (медбике) лауазымдары жылына 5 тоннаға дейін мөлшеріндегі плазма фракцияланғанда 2 ставка және жылына әрбір келесі 5 тонна плазма фракцияланған сайын 5 ставка есебінен белгіленеді.
      632. Ыдыстарды, тығындарды, резеңкені өндеу жөніндегі аппаратшы лауазымдары жылына 5 тоннаға дейін мөлшеріндегі плазма фракцияланғанда 2 ставка және әрбір келесі 5 тонна плазма фракцияланған сайын 3 ставка есебінен белгіленеді.
      633. Тазартылған сумен қамтамасыз ететін аппаратшы (медбике) лауазымы әрбір фракцияланатын плазмаға 1 ставка есебінен белгіленеді.
      634. Қан дайындау бөлімінің жуу бөлмесі, ерітінділерді дайындайтын бөлме, тазартылған су бөлмесі, автоклав осы бөлімшенің құрамына ене алады.

§7. Өндірістік бақылау тобы

      635. Зертханашы-дәрігер (провизор), зертханашы, санитар лауазымдары жылына 15 тоннаға дейін плазма фракциялағанда қызметкерлердің әрбір санатына 1 лауазымнан және 15 тоннадан астам әрбір 5 тоннаға қызметкерлердің әрбір категориясы үшін 0,25 лауазым есебінен белгіленеді.



§8. Техникалық бақылау бөлімі

      636. Бөлім меңгерушісі - 1 лауазым.


      637. Аға зертханашы – 1 лауазым.
      638. Қан препараттары өндірісін бақылау тобы үшін мына лауазымдар белгіленеді: зертханашы-дәрігер (провизор), зертханашы (фельдшер-зертханашы), тазалықшы лауазымдары әрбір 90 серияға қызметкерлердің категориясына сәйкес 1,5, 3, 1 есебімен және 90-нан астам сериялар үшін әрбір 50 серияға, әрбір қызметкерлердің категориясына сай 0,5, 0,75, 075 сәйкестікпен белгіленеді.
      639. Технологиялық жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық жұмысшылардың штаты (электриктер, тоңазытқыш жөндеушілер, КИПиА және т.б.) салалық нормаларға сәйкес қолданылатын жабдықтардың, қондырғылардың санына қарай анықталады.
      640. Қан орталықтарының үлгілік штаты және штат нормативтеріне сәйкес қан өнімдерін дайындау, қан және плазманы қайта өндеу бойынша бекітілген мемлекеттік тапсырыстың жылдық көлемі негізінде ҚО штат саны белгіленеді.
      641. Зертхана меңгерушісі зертханашы-дәрігерінің өндірістік жүктемесін орындайды:
      толық – құрылымдық бөлімшенің штатында жоғары және орта білімді қызметкер саны 5-ке дейін болғанда;
      50%-ға дейін көлемінде - құрылымдық бөлімшенің штатында жоғары және орта білімді қызметкер саны 5-тен көп болғанда.
      Басқа бөлімшелердің меңгерушілері дәрігер жұмысын 50%-ға дейін көлемде орындайды.
      642. ҚО құрылымдық бөлімшелерінің аға медициналық бикелері медициналық бике жұмысын 50%-ға дейін көлемінде істейді.

§9. Дайын өнім қоймасының үлгі штаттары
(қан препараттарын жасау өндірісі болғанда)

      643. Қойма меңгерушісі (медбике, фармацевт), экспедитор, санитар лауазымдары қан препараттарын жасайтын 1-2 санаттағы ҚО қызметкерлердің әрбір санатына 1 ставка есебінен белгіленеді.



2-тарау. Виварийдің үлгі штаттары

      644. Меңгеруші, зоотехник, ветеринариялық дәрігер, автоклавер және санитар лауазымдары ерітінділерді дайындайтын ҚО вивариилерінің әрқайсысына 1 ставка есебінен белгіленеді.


      645. Жануарларға қызмет көрсететін жұмысшы лауазымы жануарларды тамақтандыру кестесін есепке алғанда 2 ставка есебінен белгіленеді.
      646. Зертханашы лауазымы бір кезекшілікке 4,5 ставка есебінен белгіленеді.
      647. Санитар лауазымы дәрігер және зертханашының әр 5 ставкасына (екеуін қосқанда) 2 ставка есебінен белгіленеді.

13-тарау. Дің жасушалары банкінің үлгі штаттары

      Ескерту. 13-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      648. Банк меңгерушісі – трансфузиолог-дәрігері – 1 ставка, аға мейірбике – 1 ставка, медициналық мекемелермен байланыс жөніндегі менеджер – 1 ставка, шаруа-бикесі – 1 ставка.
      649. Трансфузиолог-дәрігері – 3 ставка (сепарациялау, дің жасушаларын мұздату және сақтау).
      650. Цитометрия зертханасы (дің жасушаларын сепарациялау, цитометрия, өмірге қабілеттілігін бақылау үшін):
      Зертханашы-дәрігер - 4,5;
      Медициналық бике – 4 ставка;
      Фельдшер-зертханашы (зертханашы) – 4,5 ставка;
      Медициналық тіркеуші – 2 ставка;
      Тазалықшы - 3 ставка;
      Аппаратшы (техник) – 3 ставка.

4-бөлім. Қан орталықтары жедел және шұғыл медициналық жәрдем
ұйымдарды стационарлық көмек көрсететін денсаулық
сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық, жалпы аурухана
қызметкерлер құрамы және емхана бөлімшесінің үлгі
штаттары мен штат нормативтері


14-тарау. Стационарлық көмек көрсететін және
амбулаториялық-емхана бөлімшелері бар денсаулық
сақтау ұйымдары

      651. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық, жалпы аурухана персоналы және емхана бөлімшесінің үлгі штаттары және штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 7-қосымшаға сәйкес белгіленеді.



15-тарау. Стационарлық көмек көрсететін және
амбулаториялық-емханалық бөлімшелері жоқ денсаулық
сақтау ұйымдары

      652. Амбулаториялық-емханалық бөлімшелері жоқ стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық, жалпы аурухана персоналының үлгі штаттары және штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 8-қосымшаға сәйкес белгіленеді.



16-тарау. Қан орталықтары

      653. Қан орталықтарының әкімшілік-шаруашылық, жалпы аурухана персоналының үлгі штаттары және штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 9-қосымшаға сәйкес белгіленеді.


      654. 1 сантты ҚО қосымша № 152 арнайы медициналық жабдықтау қоймасы енгізіледі:
      қойма меңгерушісі (провизор, фармацевт) – 1 лауазым;
      мейірбике (фармацевт)- 1 ставка;
      бухгалтер – 1 ставка;
      қойма үй-жайларын тазалаушы– 1 ставка;
      аула тазалаушы – 1 ставка;
      жүк тиеуші – 1 ставка.
      655. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі барлық қан орталықтарында құрылады.
      Штат саны:
      1) 1-санаттағы ҚО үшін: бөлім меңгерушісі - 1 лауазым; жүйелік бас әкімші - 1 лауазым; жүйелік инженер - 2 лауазым; бағдарламашы - 1 лауазым; дерекқор жөніндегі маман - 2 лауазым;
      2) 2-4-санаттағы ҚО үшін: бөлім меңгерушісі - 1 лауазым; жүйелік бас әкімші - 1 лауазым; жүйелік инженер - 1 лауазым; бағдарламашы - 1 лауазым: мәліметтер базасы жөніндегі маман - 1 лауазым есебінен анықталады.
      Ескерту. 655-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      655-1. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім:
      бөлім меңгерушісі - 1-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазым;
      әдіскер-дәрігер - 1-санаттағы ҚО-да 1 лауазым;
      медициналық статистик - 1-4-санаттағы ҚО-да 2 лауазым.
      Ескерту. Үлгілік штаттар 655-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

17-тарау. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциялары

      656. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станцияларының штат үлгілері мен штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 10-қосымшаға сәйкес белгіленеді.



18-тарау. Ұйымның жұмыс істеуінің және жұмыс көлемінің және
қызмет етудің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайына байланысты
енгізілетін лауазымдар (мамандықтар)

      657. Ұйымның жұмыс істеуінің және жұмыс көлемінің және қызмет етудің ұйымдастырушылық–техникалық жағдайына байланысты енгізілетін лауазымдар (мамандықтар) осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 11-қосымшаға сәйкес белгіленеді.



19-тарау. Денсаулық сақтау ұйымдары бухгалтерияларының
қызметкерлер құрамының штат нормативтері

      658. Бухгалтердің лауазымы әр бухгалтерияда белгіленеді.


      659. Бас бухгалтердің орынбасарының лауазымы 5-тен 10-ға дейінгі бухгалтер лауазымдары бар бухгалтерияда – 1 лауазым; 11-ден астам бухгалтер лауазымдары бар бухгалтерияда – 2 лауазым белгіленеді.
      660. Есеп тобы жетекшісінің лауазымы бір немесе одан да көп функциялық топтарының әрбіріне 4-8 бухгалтер лауазымы біреуінің орнына тиіс болып белгіленеді. Көрсетілген лауазымдар жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыс қызмет көрсетілетін ұйымдардың 100 000-нан жоғары 1 ең төмен есеп көрсеткіш бухгалтерияларына бекітіледі.
      661. Аға бухгалтерлердің лауазымдары бухгалтерлер лауазымдарының орнына енгізіледі. Аға бухгалтерлер лауазымдары саны штат бойынша бекітілген бухгалтерлер санынан 50% аспауы керек.
      662. Тамақ өнімдерін калькуляциялау және есеп бойынша жұмыс істейтін бухгалтерлердің лауазымы (балалар үйлеріндегі) 300 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      663. Материалдық құндылықтардың есебі бойынша бухгалтерлердің лауазымы 1 лауазым есебінен белгіленеді:
      (балалар үйлеріндегі) 300 төсек;
      стационарлары жоқ ұйымдарға 100 дәрігерлік лауазым.
      664. Жұмыскерлер және қызметкерлермен есеп жүргізу жөніндегі бухгалтерлердің лауазымдары 200 жұмыскерге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      665. Қаржы есеп бойынша бухгалтерлердің лауазымдары 60000 ең төмен айлық есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстарына 1 лауазым есебінен белгіленеді. Қаржы есебі бойынша бухгалтерлердің лауазымы белгіленеді:
      қазынашылық жүйе және мемлекеттік сатып алу арқылы кассалық операция жасау үшін 1 лауазым;
      1 және 2-санаттағы қан орталықтарына қызмет көрсету үшін 1 лауазым;
      медициналық жедел жәрдем көрсету қызмет көрсетілетін (бөлімшелерде) станцияларда жылына 100000-100000-нан астам шақыртулар үшін 1 лауазым.
      666. Аға кассир лауазымы 500 қызметкерден астам және карта – есебі бойынша қызмет көрсетілмейтін ұйымдарда бір кассир лауазымының орнына 10 осы үлгілік штат бойынша тиісті болып белгіленеді.
      667. Кассир лауазымы әр бухгалтерияда белгіленеді. Тікелей халықпен қаржы есебін жүргізген кезде қосымша кассир лауазымдары белгіленеді:
      күніне өткізу қабілеттілігімен асүйлерде қызмет көрсету үшін:
      2 мыңға дейін бір кісілік үлес мөлшер үшін – 0,5 лауазым;
      2 мыңнан жоғары бір кісілік үлес мөлшер үшін – 1 лауазым;
      ақылы донорлардан алынған дайындалған 2 мың литрден аз емес қан құю бөлімшесі бар болған жағдайда – 0,5 лауазым;
      денсаулық сақтау ұйымдары ақылы қызмет көрсеткенде ауысымына 1 лауазым.
      668. Қаржы жұмысы жөніндегі аға экономист лауазымы 60000 ең төмен айлық есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстар бар және экономисттің 2 лауазымы болған жағдайда белгіленеді;
      669. Қаржы жұмысы жөніндегі экономисттің лауазымы белгіленеді:
      60000-нан ең төмен есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстар бар және 60000-нан жоғары ең төмен есеп көрсеткішінен жылдық бюджет есеп көлемі және бюджеттен тыс шығыстар бар жағдайда 2 лауазым белгіленеді;
      медициналық жедел жәрдем станцияларында жылына 100000 шақыртуға 1 лауазым;
      сот-медициналық сараптама қызмет көрсету бюросындағы 60 дәрігерлік лауазымға 1 лауазым.
      670. бухгалтерлер саны 4-тен 6-ға дейін болса 0,5 машинист лауазымы, ал осы саннан асса 1 лауазым белгіленеді.
      671. Бухгалтерияда шаруашылық қызмет көрсету (тазалау және жайды жөндеу аппараттар мен жабдықтарды ағымдағы қарау және т.б) жұмысын ұйымның қызметкерлері орындайды.
      672. Штаттарды бекіткен жағдайда 0,5 лауазымынан кем лауазым белгіленбеуі тиіс. Лауазымдар есептегенде 0,25 дейінгі қорытынды сандар шегіндіріледі, 0,25 жоғары 0,75 дейін, 0,5 дейін жинақталынады және 0,75 жоғары – бірлікке дейін жинақталынады.
      673. Лауазымдарды қолданыстағы үлгілік штаттармен көзделгеннен артық рұқсат берілмейді. Орган (ұйым) басшысы ведомостволық бағынысты бухгалтерияларда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің рұқсатымен топ басшыларының бір лауазым есебінен бас бухгалтердің орынбасары ретінде үшінші лауазымын енгізе алады.

20-тарау. Денсаулық сақтау ұйымдарының асүйлер мен асханалар
қызметкерлер персоналының штат нормативтері

      674. Денсаулық сақтау ұйымдарының асүйлер мен асханалар қызметкерлер персоналының штаттық нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 12-қосымшаға сәйкес белгіленеді.



21-тарау. Жалпыауруханалық қызметкерлердің штат нормативтері

      675. Сарапшы дәрігерінің лауазымы орташа 30 күнге дейін болатын 200 төсекке және 30 күннен астам болған 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді; отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға және емханаларға бекітілген 20000 тұрғынға 1 лауазым есебінен белгіленеді.


      676. Стационарлардағы клиникалық фармаколог дәрігерінің лауазымы айына 800 емделген науқасқа 1 лауазым есебінен және амбулаториялық қабылдау 30 дәрігеріне 1 лауазым белгіленеді. Әр клиникалық фармаколог дәрігерінің лауазымына клиникалық фармакология кабинетіне 0,5 мейірбике лауазымы белгіленеді.
      677. Эпидемиолог дәрігерінің лауазымы 100 төсектен кем емес стационарларда 0,5 лауазым есебінен 200 төсектен кем емес стационарға белгіленеді, 200 және одан да көп төсекке 1 лауазым белгіленеді.
      678. Инфекциялық бақылау мейірбикесінің лауазымы белгіленеді:
      100-ден 200 төсекке дейін - 0,5 лауазым;
      200-ден астам төсекке дейін - 1 лауазым.
      679. Орталықтандырылған стерилизациялық бөлімшесі мейірбикелерінің және санитарларының лауазымдары медициналық ұйымдарға тиісті медициналық қызметкерлер лауазымдарының жалпы саны есебінен, дұрыс жұмыс көлем есебінен мол масштабтық бір пайдалануға жарайтын шприцтерді қолдану, қан құю жүйелері және ерітінділер үшін, нақты жерлерде стерилизациялау аппаратураларды өндіру есебімен есептелінеді.
      680. Дезинфекторлар лауазымы инфекциялық емес стационарларда стационарларда 1 лауазым есебінен белгіленеді:
      аудандық ауруханалардағы стационарлық залалсыздандыруды құру жұмыстың 1 ауысымына;
      200 төсектік қалалық, облыстық ауруханаларда және клиникаларда. 100-ден кем төсектік стационарларда көрсетілген нормативтер қолданылмайды;
      хоспистегі ауысым кезінде, мейірбикелік күтім ауруханасында.
      681. Дезинфекторлар лауазымдары инфекциялық стационарларда белгіленеді:
      50-ден 100 төсекке дейін - 0,5 лауазым;
      100 төсекке әр 120 кереует орындарына 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем емес.
      682. Диетолог дәрігерлердің лауазымдары 150-400 ересектер төсегіне 0,5 лауазым; 400-ден астам төсекке 1 лауазым; 100-200 балалар төсегіне 0,5 лауазым; 200-ден астам төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      683. Диеталық мейірбикелердің лауазымы 150 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      684. Ауыз қуысының санациясын жүргізетін стоматолог дәрігерінің лауазымы 400 төсекке 1 лауазым, балалар стационарларындағы 300 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. Стоматологиялық кабинеті мейірбикелерінің және санитарларының лауазымдары стоматолог дәрігерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
      685. Медициналық архив тіркеушісінің лауазымы 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      686. Анықтама бюросы тіркеушісінің лауазымы 200-400 төсекке 1 лауазым, ал 400-ден астам кереует орындарына-қосымша 200 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      687. Емхана тіркеуші орын тіркеушісінің лауазымы амбулаториялық қабылдау жүргізетін 6 дәрігерлер лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      688. МСАК медициналық ұйымдары (СӨС бөлімшелері), денсаулық сақтауды нығайту орталықтары дәрігерлерінің лауазымдары 50 мың тұрғынға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
      689. МСАК медициналық ұйымдары (СӨС бөлімшелері), денсаулық сақтауды нығайту орталықтары мейірбикелерінің лауазымы 50 мың тұрғынға 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ бір емханаға 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.
      Денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін мамандар, салауатты өмір салтын қалыптастыратын аумақтық орталықтарында функциялы бағынысында болады.
      690. Бас дәрігердің мейірбикелік іс жөніндегі орынбасарының лауазымы медициналық жоғарғы оқу білімі туралы дипломы болған жағдайда бас мейірбике лауазымы орнына белгіленеді.
      691. Жоғарыда көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штаттық нормативтері жұмыс істеген қаржы шегінен шықпай белгіленеді.

Каталог: images -> 000000000
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
000000000 -> «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет