Денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық тиімділігі Денсаулық саласының алдына қойган мақсаттары



Дата14.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#62439
Байланысты:
oz ekonomika

Денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық тиімділігі

Денсаулық саласының алдына қойган мақсаттары:

Денсаулық саласының алдына қойган мақсаттары:

  • Халықтың ауру-сырқауын азайту;
  • Халықтың өлім-жетімін төмендету;
  • Адам өмірінің ұзақтығын ұлғайту;

Нақты айтқанда денсаулық сақтау жүйесі ауру-сырқаудың алдын алу мен дерт түрлерін азайту арқылы өлім жетімді төмендетеді, ал оның нәтижесі халықтың орта есеппен алғанда өмірін ұзартады, өлім жетім мен ауру сырқаулықты төмендету арқылы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздықты азайтады және жұмыс істемеу уақыты азаяды, ал оның есесіне адамның еңбекке жарамды жылдары көбейсе, белсенділігі нығаяды. Сондықтан сырқаттанып жүрген адамдарды емдеп, оларды қайтадан жұмысқа қосу және денсаулығын сақтап қалу арқылы қоғамның дамуына денсаулық сақтау саласы үлкен үлес қосады.

Экономикалық пайда келтіретін халықтың денсаулығы (яғни балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, үй жұмысындағыларды алып тастағанда)дейтініміз, адамның еңбекке қабілеттілігін, адамның жұмыс істеген жылдарын арттыру дәрежесімен өлшенеді. Сондықтан, емдеу сауықтыру және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділіпен сипатталады.

  • Экономикалық пайда келтіретін халықтың денсаулығы (яғни балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, үй жұмысындағыларды алып тастағанда)дейтініміз, адамның еңбекке қабілеттілігін, адамның жұмыс істеген жылдарын арттыру дәрежесімен өлшенеді. Сондықтан, емдеу сауықтыру және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділіпен сипатталады.

Ауру-сырқаулықты азайту және денсаулықты жақсарту медициналық тиімділік деп бағаланады.

Орта өмір жасын ұзарту, жұмысқа қабілеттілікті, белсенділікті гығайту, жалпы айтқанда, еңбек қорын сақтап қалу- денсаулық сақтау саласының әлеуметтік тиімділігі болып саналады.

Ал экономикалық әсерді есептеу әдістері мынадай:

  • Уақытынан бұрын өлім жағдайының болуы және соған байланысты ұлттық өнімді шығарудың азаюы;
  • Еңбек жасындағылардың өмірін сақтап қалғандардың санын білу;
  • Мүгедектік және оның өзгеруі;
  • Денсаулық сақтау саласында жүргізілген шаралар арқылы қосымша өнім шығару;
  • Кейбір ауруларды жоюдың және азайтудың құны;
  • Денсаулық сақтау саласындағы қорларды және құрал мен жабдықтарды дер кезінде пайдалану.
  • Жоғарыда аталған өлшемдердің нәтижелері жұмсалған қаражатқа теңестіріледі, сол арқылы оның құнын білуге болады және қажетті жағдайларда әлеуметтік немесе медициналық тиімділікпен, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің жалпы шығынымен салыстырылады.

Денсаулықты қорғау жолында қолданылған шаралардың экономикалық тиімділігін білу, денсаулық сақтауда құралдарды қолданудың экономикалық талдауын жүргізу, денсаулық қорғау жүйесіне берілген қаражатты тиімді қолданып, халық денсаулығын сақтаудың ең пайдалы нәтижелі жолдарын табу үшін осындай жұмыстар атқарылады.

Денсаулық сақтаудың құны адамның жасын ұзарту, жүрек және қан айналым жүйелерінің ауруларын, жарақаттануын, жүйке-жүйесінің ауруларын, ана мен сәбидің ауруларын азайту арқылы бағаланады.

Мысалы, адамдардың ауру-сырқауға ұшырауына байланысты экономикалық тұрғыда келетін зиянның 70 пайызы осы әр түрлі дерттер мен уақытша жұмысқа жарамай қалу салдарынан болады екен.

Оны ұлттық табыс өнімінің азаюын, еңбекке жарамсыздыққа төлем жүргізу және емдеу шығынына қосып есептейді.

Денсаулық сақтау саласының өндірістің экономикалық өсуіне қатысы ұлттық табыстың өсуінің деңгейімен анықталады. Ол негізінде екі жағдайға байланысты болады:

  • өнім шығаруда пайдаланған еңбек шығынымен;
  • Еңбек өнімділігімен; - есептелінеді.
  • Денсаулық сақтау жүйесі осы екі жағдайда да, атап айтқанда, еңбек қорының көбеюіне және еңбек өнімділігінің артуына әсер етеді. Еңбек қорының өсуі жұмысшылардың жұмыс атқару уақытын көбейтсе, онда ол уақытша еңбекке жарамсыздықты төмендетудің нәтижесі болады. Сонымен қатар еңбек қорының өсуі мүгедектік, өлім- жетімнің азаюы, адам өмірінің ұзақтығының өсуімен сипатталады. Ауру- сырқаулықтың төмендуі уақытша төленетін қаражат шығынын, мүгедектерге төленетін көмек қаржының мөлшерін, аурулардың емделу шығынын азайтады. Егер шыққан шығынның мөлшері көбеймей, ауру сырқау, мүгедектік жасына жетпей өлгендер саны азайса экономикалық тиімділік жоғарылай береді.

    Ауруға шалдығуына байланысты адамның еңбекке уақытша жарамсыздығы тікелей өнеркәсіпке, мемлекетке экономикалық зиян келтіреді.

    Атап айтқанда, жұмысшы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы арқылы тек қана көмек қаражат алады, дәрі-дәрмекке шығын шығады, жанұяның берекесі кетеді, сонымен қатар жұмысшы алатын айлықтан, т.б. айырылады.

    Ал өнеркәсіп орны өнім шығаруын азайтқандығынан зиян шегеді, сонымен қатар емдеу мекемелеріне шарттық келісім арқылы жұмысшының ауырған күндеріне емделуге қаражат аударады. Ұлттық табыстың төмендеуінен мемлекет зиян шегеді.

Уақытша еңбекке жарамсыздықтың(УЕЖ) экономикалық зияндылығын және УЕЖ ты азайтудың экономикалық тиімділігін есептеу әдістері:

УЕЖ қа байланысты экономикалық зияндылық пен тиімділік өнеркәсіп немесе жалпы сала деңгейінде есептелінеді:

  • Экономикалық зияндылықты есептеу тәртібі мынадай:
  • УЕЖ тың экономикалық зияндылығын есептеу үшін З шығын түрін саралайды:

  • өндірілмеген өнім құны, яғни ұлттық табыстың толықтырылмауы;
  • әлеуметтік сақтандыру қорынан уақытша еңьекке жарамсыздық үшін төлемді;
  • Ауруды емдеу шығынын.

УЕЖ тың экономикалық зияндылығы (ЭЗ) былай есептелінеді.

ЭЗ=Дп+Б+Л

Мұнда,

ЭЗ-Экономикалық зияндылық;

Дп – ұлттық табысқа зиян (өндірілмеген заттар құнының мөлшері);

Б- аса көп өзгермейтін сан, яғни әлеуметтік сақтандыру қорына төлем (әр салада УЕЖ тың бір күндік төлемі);

Л-емдеу шығыны.

Өндірілмеген заттар құнын (Дп )есептеу:

Дп=Д×Н/Ф

Д- есептеу мезгіліндегі шығармаған өнімнің бағасы;

Н-уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны;

Ф-жалпы нақтылы жұмыс істеген күндер;

Н/Ф- уақытша еңбекке жарамсыздық күндер үлесі/ тек қана жұмыс күндері есептелінеді, ол барлық күнпарақ күннің 75%- тең:

Ф=Р, мұнда:

Ф -жалпы жұмыс күндер қоры;

Р -жұмысшылардың орта саны;

Ч -бір жылдағы жұмыс күндерінің саны (273күн).

Мұнда: Нк =Нс*Р/100

Нс – 100 жұмысшыға шаққандағы УЕЖ күнднрі;

Р-жұмысшылар саны;

Нк – күнпарақ күндер.

Ары қарай есептеу үшін күнпарақтық күндерді жұмыс күндеріне ауыстыру керек:

Н= Нк *0,75

мұнда;

Н- жұмыс күндерінің календарлық күндердегі үлесі(75%).

 

Сәбилер өлімі азайтудың эканомикалық тиімділігін есептеу әдісі

Сәбилер өлімі-өмірінің бірінші жылындағы балалар өлімі халық денсаулығын негізгі көрсеткіштерінің бірі бола отырып, бұл көрсеткіш мемлекеттің ана мен бала денсаулығын қорғаудың дәрежесіне айкын куә және қортындысында елдегі әлеуметтік саясатың қаншалықты тиімді екендігіне дәлел бола алады.

Денсаулық сақтау саласында тиімділіктің 3 түрі бар екені белгілі белгілі: медициналық,әлеуметтік,экономикалық.

Егер ұлттық табыс өссе халық денсаулығы жақсарар еді, ал ұлттық табыстың өсуі мынадай екі факторға:

1-шіден еңбектің сандық жағына;

2-шіден еңбектің сапалық (өндіршілік) жағына байланысты.

Денаулық сақтау жүйесі осы екі факторға да әсер етеді. Жалпы өлімді, соның ішінде сәбилер өлімін төмендету арқылы нақтылы түрде еңбек санына, соған орай ұлттық табыс көлеміне әсер етуге болады.

Жоғарыда айтылған сәбилер өлімінен келетін эканомикалық шығын есебін жургізудің зор маңызы бар.Бұл есеп тура қазіргі денсаулық саласында нарықтық катынас енгізіп жатқан тұста келесі мәселе болып табылады.Ресурстар мен қолда бар қаражатты тиімді пайдалану-жаңа шаруашылық механизмінің негізгі бағыты болып саналады.

Есепті шығару үлесі:

Сәбилер өлімінің азаюымен байланысты эканомикалық тиімділікті есептеу 2 кезеңнен тұрады:

1-кезең-экономикалық тиімділікті тікелей есептеу.

2-кезең- жанама есептеу.

1-кезең. Әйелдерді босандыру мекемелері, стационар, амбулаторлы-емханалық мекемелердегі өмірінің бірінші жылындағы балаларды тіркеу,емдеуге және потологоанатомиялық қызметке кететін шығынды тікелей есептеу.

1-кезең емдеу профилактикалық балаларға қарау кезеңділігін ескергендегі тікелей шығындар.


Әйелдер босанатын үйлердегі балаларды қарау мен емдеуге кететін шығын

Баланы амбулаторлық емханалық мекемеде қарауға кететін шығын

Баланы стационарда қарауға кететін шығын

Патологоанатомдық қызметті қамсыздандыруға және балалар өлігін ашуға кететін шығын

2-кезең. Сәбилер өлімін төмендетуден экономикалық тиімділікті жанама есептеу.

Мұнда 1 формула қолданылады.

ЭТсө=С*ҰТ*Z,

Мұндағы:

ЭТсө -сәбилер өлімін төмендетуден келетін экономикалық тиімділік;

С- есептеу және негізгі жылдардағы өлген балалар санындағы айырмашылық;

ҰТ- орта есеппен жылында бір жұмысшы арқылы кіретін ұлттық табыс;

Z- жұмысқа қабілетті кезеңнің орташа ұзақтығы.

Өз кезегінде С есебін беру мен негізгі жылдарда өлген балалар санындағы айырмашылық 2 формула арқылы табылады.

С= есеп беру жылындағы тірі туылған балалар саны.

*(СӨН - СӨе) 1000

Мұндағы:

СӨН -негізгі кезеңдегі сәбилер өлімінің көрсеткіші:

СӨе -есеп беру жылындағы сәбилер өлімінің көрсеткіші.

 



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет