Дәріс №1 Кіріспе. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері пәніне түсінік және маңызы



бет2/4
Дата24.07.2017
өлшемі0,67 Mb.
#21951
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидияның түрлерін ата.

  2. Өсімдіктер селекциясындағы гаплоидия дегеніміз не?

Дәріс №7

Биотехнология әдістерін өсімдік селекциясында қолдану.

Жоспар:
1.
Биотехнология әдістерін биотехнологияда пайдалану
2. Өсімдік селекциясы үшін генетикалық базисті кеңейту

3. Өсімдіктерді клондық микрокөбейту

1. Биотехнология әдістерін ауыл шаруашылығында пайдалану
Өсімдік жасушасының тотипотенттік қасиетін, яғни жасанды жағдайда жеке жасушалардан бүтін ағзаның даму гипотезасын дәлелдеу үшін бұдан 100 жыл бұрын Г. Габерлент жабық тұқымды өсімдіетердің жапырағынан паренхима жасушаларын бөліп алып, органикалық заттар қосылған минералды тұздардан тұратын Кноп ерітіндісіне отырғызады.
Қазіргі кезде бұл әдіс тек зерттеулерден ғана пайдаланып қана қоймай, өсіміктер селекциясында, оның ішінде оның ішінде өсімдік шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, әсіресе гүл шаруашылығында кең қолданылады. Мысалы, Францияның ұлттық агрономиялық зерттеулер институтында Ж. Морель мен Н. Мартен бір жылда раушан гүлінің бір тіүбінен 200-ден 400 мыңға дейін ұрпақ алуға болатын әдісін ұсынды. Бұл әдістің тағы бі қызықты тиімділігі: қалемше, көшет немесе тұқым арқылы дағдылы әдіспен көбее алмайтын түрлерді жаппай көбейтуге болады.
Осы әдісті қолдану жұмыстары келесі кезеңдерден тұрады:
1. Алдына қойған мақсатты орындау үшін in vitro отырғызуда донорлық өсімдікті таңдау.

2. Стерильді культураны отырғызу.

3. Керекті өсу процесін стимуляциялау үшін арнайы жағдай жасау.
4. Тіршілікке қабілетті өсімдіктерді қалпына келтіру.
5. Селекция және өсімдік шаруашылығында сұрыпталған өсімдіктерді жұмыс процеіне кіргізу үшін топыраққа немесе гидропоникаға ауыстыру.
Сонымен, in vitro – жасушаларды жасанды ортада заласыздырылған жағдайда өсіру ұғымын білдіреді, ал осы діспен алынған өсімдк регенерант өсімдік деп атайды.
Селекцияда қолданылатын in vitro әдісін бір-бірімен байланысты үш топқа бөлуге болады;

1) өсімдік селекциясының гендік қорын жаңа бастапқы материалдар лу арқылы кеңейту.

2) құнды өте бағалы өсімдіктерді және линияларды сақтап қалып және тиімді көбейту.
3) ауылшаруашылық дақылдарының вирустан тза материалдарын алып,оларды сақтап қалу.

2. Өсімдік селекциясы үшін генетикалық базисті кеңейту
Селекциядағы қолданылатын сұрыптау, будандастыруға негізделген дағдылы әдістер генетикалық өзгергіштіктің азаюына немесе ген-эрозияға, осыған байланысты генетикалық осалдылыққа әкеледі.
Мәдени өсімдіктердің генетикалық базисін кеңейтуге түраралық және алшақ будандастырудың маңызы зор. Әсіресе, мәдени өсімдіктерді жабайы һсетін түрлері мен будандастырп, тек бар сорттардың кеібір белгілерін жақсартып қана қоймай, өсімдіктердің жаңа түрлерін шығаруға болады. Өкінішке орай, алшақ будандастыруда селекцилнерлер көптеген қиыншылықтарға тап болды. Негізгі қиыншылықтыр мыналар; 1) генетикалық алыс түрлер будандаспайды, яғни ұрықтану болмайдын, бұл прогамдық сәйкессіздік; 2) Ұрықтану процесі жүргенімен, ұрық пайда болмайды, ал пайда болған жағдайда жөнді дамымайды, бұл постгамдық сәйкессіздік; 3) Будандардың стерильдігі (ұрықсыздығы).

Прогандық сәйкессіздік- аталық және аналық гометалардың арасында ұрықтану процесінің жүрмеуі. Себебі, аналық мойыны мен тозаң түтігінің ұзындықтарының әр түрлілігі (гетеростиля), даму кезеңінің сәйкес келмеуі (дихогамия); спермилердің ұрық қалтасына жете алмай, жұмыртқа жасушасымен қосылмауы.
In vitro жағдайында тозаңмен бірге ұрықтанбаған тұқым бүршікті қатар өсіріп бұл сәйкессіздікті жеңуге болады. Ол үшін гүлдердің ашылуына дейін, гүл шанақтарын кесіп алып, заласыздандырып, олардың аналығын, не түйіннің немесе тұқым бүршігін бір бүршікпен бірге бөліп алып, қоректік ортаға салады.
Постгамдық сәйкессіздік – ұрықтанудан кейінгі будан ұрықпен оны қоршап тұрған ұлпалардың генетикалық сәйкессіздігі. Будан ұрықты азғындауына дейін бөліп алып, жасанды қоректік ортада өсіріп, олардан регенерант өсімдік алуға болады. Осы әдіспен көптеген тұрарлық және туыаралық будандар алынады. Жетілмеген, оқшауланған ұрықтарды in vitro жағдайында өсіру көптеген факторларға байланысты, әсіресе ұрықтың дамуы кезеңі мен дифференцияланған деңгейіне. Жетілмеген ұрықтарды жетілген ұрықтарға қарағанда физиологиялық активтігі жоғары заттар қосылған күрделі қоректік ортада өсіреді.
Аталаық немесе аналық гаметофиттерді in vitro жағдайинда өсіру арқылы құнды селекциялық бастапқы материалды жылдам алуға болады. Тозаңқапты немесе тозаңды in vitro жағдайында өсіріп, гаплойдтық өсімдіктерді алу ангдрогенез деп, тұқым бүршігін өсіру арқылы гаплойдтық өсімдік алу гиногенез деп аталады.

1964 жылы С. Гух пен С. Махашвари сасық мендуананың тозаңқаптарының in vitro жағдайында өсіргенде эмриоидқа ұқсас құрылымды байқап, 2 жылдан кейін осындай құрылымнан алды. Авторлар бұл өсімдіктің гаплоидық тозаң дәндерінен алынған атап өтті.


Өсімдіктер селекциясы үшін жаппай гаплоидтар алуда Г. Мельхерс тозаң культурасы әдісін дағдылы селекция әдісімен байаныстыруды ұсынып жаңа жол көрсетті.
In vitro жағдайына аталық гаметоффитен гаплоидтық сптрофиттің пайда болуы өте күрделі процесс.
Андрогенез екі жолмен өтеді; тікелей және жанама. Тікелей андрогенез- микроспорадан түзілген эмбриоидтардан регенетант өсімдіктің пайда болуы. Ал регенерант өсімдіктігі микроспорасындағы маманданған жасушалардың жаңадан бөлінуге көшуі нәтижесінде түзелетін каллустардың пайда болуы жанама андрогенз деп аталады.
Е. Б. Балабатырова андрогендік құрылымдардың шығуын жоғарлату үшін гаплоидық технологияда бидайдың тозаң қаптары микроспораларын 6-8 тәулік бойы “көмір суымен ашығу“ факторын ұсынады.
К. Ж. Жамбакин бидайдың иорфогендік құрылымының индукция жиілігі генотипке байланысты екенін, олардың ата-анасымен салыстырғанда будандарда жоғары болатын байқап, қатты иорфогендік құрылымының пайда болуы жиілігі, ал жұмсақ бидайда жасыл өсімдіктер регенерациясы жоғары болатыны анықталды.
Жасушалық инженерия- жасушаларды қайта құрастыру арқыла жаңа жасушаны жасау.
Жасушаларды жасанды жолмен будандастырғанда будан геномы түзеледі.
Протопласт- ферменттердің әсері арқылы немесе механикалық жолдарымен қабығынан айырылған жасуша. Жасуша қабығын еріту кезінде жасушаның ішкі құрамына зақым тигізбеу үшін , жасушада плазмолизді жүргізеді, яғни жасушаны сусыздандырады, сол кезде протопласт жиырылып кішірейеді де қабаттан ажырайды. Осмотик, ретінде сазароза, маннит, сорбит пайдаланылады.
Бөліп алынған протопласттардан пайда болған жасушалардың әрі қарай дамуы мындай негізгі факторларға байланысты; 1) өсімдіктің түр ерекшелігі, физиологиялық жайы, бастапқы ұлпаның шығу тегі; 2) протопласттарда бөліп алу жағджайы мен әдістері 3) отырғызылатын жасушалардың тығыздығы; 4) қоректік ортаның құрамы; 5)өсіру жағдайлары.

3. Өсімдіктерді клондық микро көбейту
Селекция мен өсімдік шаруашылығында құнды элиталық өсімдіктерді көбейту үшін клондық микрокөбейтудің маңызы зор. Өсімдіктердің клонды микрокөбеюі - in vitro жағдайында өсімдіктің жыныссыз жолмен көбеюі. Клондық микрокөбею әдіспен алынған өсімдіктер генетикалық тұрғыдан бастапқы өсімдікпен ұқсас болады.
Осы әдістің дағдылы вегтативтік көбею жолмен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар, оның ішінде ең негізгілірі:
1) жылдам көбею мүмкіншілігі, яғни көбею коэффицентінің өте жоғарлығы. Мысалы, картоп дақылының бір өсімдігінен in vitro жағдайында 7-8 айдың ішінде 30-40 мың түйнек немесе клон өсімдіктер алуға болады.
2) сұрыптау процесін жылдамдату.
3) өсімдіктерді вирустар мен патогендік микроағзалардан сауықтыру.
4) өнемділігі.
5) өсу процесін үздіксіз жүргізуге мүмкінділігі. Микро-көбейтудегі ең көп тараған әдіс қолтық бүршіктегі қолтық өркендерді пайдалану. Микрокөбейтудің процосі 4 кезеңнен өтеді.
1) эксплантты in vitro жағдайында өсіру. Жұмыстың тиімділігі эксплантты дұрыс таңдап алуға байланысты.
2) микрокөбейту.
3) өркендерді тамырландыру және сақтау. Ол үшін қоректік ортаға ауксин қосылады.
4) өсімдіктерді топыраққа отырғызу.
Мозаика ауруын қоздыратын вирустар мен күресу үшін жоғары меристема бөлшегін бөліп алып , жасанды ортада өсіреді.
Меристемаларды бөліп алу үшін көгерген өркендерден ұзындығы 0,5-0,7 см өскіндерді бөліп алып , диацидтің 0,1% ертіндісінде заласыздандырылады. Содан кейін үш қайтара стерильді сумен шаяды. Меристема көлемі 100-200 мк болу керек одан үлкен болса вирустар өтіп кетуі мүмкүн, кіші болса өнбей қалуы мүмкін.
Сонымен, құнды элита өсімдіктерін микроклональды көбейту, гүл тозаңын, аналық гамктофитті өсіру арқылы гаплоидты өсімдіктер алу сомаклонды өзгергіш негізіндегі жасушалық селекция протопласттарды сомалық будандастыру негізіндегі жасушалық инженерия және т.б әр түрлі биотехнологиялық әдістердің өсімдіктер селекциясында маңызы өте үлкен.

Бақылау сұрақтары:

1. Биотехнология әдістерін биотехнологияда пайдалану жолдарын ата.
2. Өсімдік селекциясы үшін генетикалық базисті кеңейту дегеніміз не?

3. Өсімдіктерді клондық микрокөбейту әдісінің пайдасы мен зияны?


Дәріс №8

Гетерозис және инбридинг. Оларды селекцияда қолдану.

Жоспар:

  1. Гетерозис.

  2. Инбридинг.

  3. Гетерозис және инбридингті өсімдіктер селекциясында пайдалану жолдары.

Гетерозис – күрделі генетикалық құбылыс, бірінші жылы ұрпақтардың тіршілік ету қабілеттілігін, дамуының күштілігін, өнімділігінің көптілігін білдіретін құбылыс. Ол будандардың түрлері мен пайда болуы тегіне (линия аралық, сорт аралық, жекеленген) байланысты түрлі екпінділігінен айқындалады. Гетерозистің жоғары түрде көрінуі F1 – байқалып, кейіннен төмендейді. И.Кельрейтердің будандық күштер туралы алғашқы мәліметтері, содан кейін Ч.Дарвиннің гетерозистің себептерін түчсіндіру туралы талпыныстары осы құбылыстың ғылыми зерттеулеріне жол ашты.

Гетерозис – белгілі бір белгілері мен қасиеттерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының ата – ана формасының әрқайсысынан ерекше басым болуы. Гетерозис түр аралық будандастыруда бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады. Жүгеріде түрлі таза немесе инцухт – линияларды будандастырғанда гетерозис құбылысы күшті көрініс береді. Бұл кезде будандарыдың өнімділігі кейде (ең тәуір) ата – ана формасымен салыстырғанда 20-50 % - ға артады.

Әсіресе, Г.Шелл, Е.Иста, Х.Хэйстердің жұмыстарында айқын көріне бастады. Ғылыми әдебиеттерге «Гетерозис» термині 1914 жылдан бастап енген. Гетерозистің себептері мен генетикалық негіздерін түсіндіру үшін бірнеше пікірлер айтылды да, онда негізінен өзара әсер етуші түрлерінің қайсысына және қандай жағадайларға басты көңіл бөлінетіні айқындалады. Гетерозисті баяндауға бірнеше болжамдар айтылды.

Айқас тозаңданатын ағзалардың популяцияларында гендердің зиянды рецессивті аллельдері аутбридинг нәттижесінде доминантты аллельдерімен қалқаланады, әрі сақталады.

Еріксіз инбридинг нәтижесінде айқаспалы ұрықтанатын ағазалар популяциясының генофондысына кіретін зиянды рецессивті гендер гомозиготалы түрде ауысады, феноиптік көрініс береді және инбридті азғындауды туғызады. Ұрапқ сайын көп қайтара еріксіз ингбридингті іске асырғанда жаңа зиянды мутацияларды барлығы гомозиготалы күйде ауысады да, соның нәтижесінде толық гомозиготалылық басталғанда барлығы зиянды гендер көрініс беріп, инбредті минимум пайда болады.

Джонс ұсынған доминаттық болжамды (1917, 1918, 1921 жылдар). Ол Ғ1 бірінші жылғы буданды қолайлы доминантты гендердің жиналуынан, ал олардың Ғ2 – де немесе кейінгі ұрпақтарда өнімділіктің кемуі рецессивті аллельдің гомозиготтық жағдайда ауысуынан деп гетерозисті түсіндірді. Келешекте гетерозистің бекуі мүмкіншілігінің жоқтығын түсіндіру үшін осы гипотеза гендердің тіркесін тұқым қуалаумен толықтырған болатын. Осы болжамның қазіргі кездегі қалпы бойынша доминанттық гендер рецессивті гендерді басумен қатар гетерозисті аддитивтік және эпистаздық әсерлері арқылы дамытады.

Шелл мен Ист (1910, 1911жылдар) гетерозиготтық болжамды ұсынды. Онда ол гетерозисті ата – аналардың тұқым қуалаушылық айырмашылықтарының дәрежелері мен будандардағы гететозистік екпінділіктің арасындағы тәуелділіктің болуынның нәтижесі деп түсіндіреді.

Исттінің айтуы бойынша, гетерозис – рецессивтілікке байланыссыз тұқым қуалаушылықтың сандық әрекеті. Әрбір локус бойынша физиологиялық айырықша ерекшеліктері бар көптеген аллельдер пайда болуы мүмкін. Бұл айырмашылықтар қалыпты аллельдермен салыстырғанда неғұрлым көп болса, онда гетерозиготты ағзаларда гетерозистің дәрежесі жоғары болады дейді.

Халл (1945 ж.) аса доминанттылқ болжамын ұсынды. Бұл болжамның жоғарыда айтылған болжамдар мен көп жағдайлары ортақ және бір локустағы аллельдердің функционалдық айырмашылығына негізделеді. Осы нәтижесінде (аа) гетерозиготты аллельдер гомзиготтық (аа, аа) аллельдерден артық болып шығады. Ол әсіресе жүгерінің будан аралық будандарында кездеседі.

Гетерозистің физиологиялық (генетикалық тепе -теңдік) болжамы кең қолданыс тапты. Оның бастамасы буданда меристемалық белсенділікті қалыпьастыру деп есептеуге болады. Содан кейін көптеген зерттеулердің нәтижесінде ферменттік белсенділіктің, гендердегі комплементарлық әсерлердің айырмашылықтары көрсетілді, ең соңында будандық энзимдер деген идеялар жаңа зерттеуде нақты нәтижелерге ие болды.

Осы бағыттағы зерттеулер көп жағдайларда комбинациялық қабілеттілік пен гетерозисті алдын ала болжаудың негізін құрады. Биохимия мен млекулалық генетиканың зерттеулері гетерозистік жалпы тұжырымдамасының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Болашақта гетерозисті генетикалық негізделген әр түрлі механизмдері бар таза физиологиялық құбылыс ретінде айтуға болады. Бұдан басқа да аз таралған болжамдар бар, мысалы: эмбриональды, қатерлі, хромосомдағы кемшілік, плазмалық өзгерістер сияқты болжамдар. Гетерозисті түсіндіретін негізгі болжамдардан қысқаша шолуларынан осы құбылыстың күрделілігін байқауға болады. Бұл болжамдар (гипотезалар) бір – біріне қарама – қарсылық тудырмайды, керсінше гетерозисті әр түрлі тұрғыдан түсіндіреді. Табиғатта гетерозистің көптеген түрлері кездеседі, олардың әрқайсысы тұқым қуалаушылықтың бір түрімен және өзара олардың әрекеттері мен байланысты болады. Н.В.Турбин түрлі болжамдарды тұйықтауға тырысып, гетерозистің генетикалық тепе – теңдік теориясын ұсынды. Н.В.Турбин осындай тұжырымдарға сүйене отырп, ағзалардың дұрыс фенотипі өнімнің үйлесіиді және теңестірілген биохимиялық екпінділігінің нәтижесінде іске асады дейді. Олар ядролық және плазмалық тұқым қуалаушылық арқылы дамиды. Кез келген дұрыс белгі, кейбір генетикалық тепе – теңдіктің ағзадағы тұқым қуалаушылық тұжырымдамасы мен сұрыптау тиімділігінің нәтижесі деп тұжырымдалады. Бұл тұжырымдама селекцияда тәжірибе түрінде анеоплоидия мен полиплоидия құбылыстарында дәлелденді.

Генетикалық баланстың 2 түрі бар: ішкі, ол – автогамды түрге ұқсас және айқас тозаңданатын салыстырмалы өздігінен тозаңданушы дақылдарға іріктеу. Бұл гомозиготты ағзаларға әсер етеді, содан кейін әрбір геномның ішінде және хромосомдардың гаплоидтық жиынтығында іске асады. Айқас тозаңданатын дақылдарға іріктеу гетерозиготтық жекелер іріктеуге жатады, ал оларда диплоидтық ағзалардың тиісті популяциясында ғана балансқа жетеді.

Гетерозис туралы болжамдардың көпшілігі айқас тозаңданатын дақылдарға тексерілген. Бірақ сонымен қатар гетерозис құбылысы өздігінен тозаңданатын дақылдарға да тән. Аллельдер будандасу кезінде үйлесетін генетикалық баланстан неғұрлым жоғары болса, олар бірін – бірі гетерозиготты жағдайда толықтырып отырады. Егер Ғ1 – де гетерозиготтық тиімділік толығырақ жүзеге асырылса, одан кейінгі генерацияларда сақталады. Бастапқы материалдық гомозиготтың нәтижесі қандай болсада, тозаңданатын линиялардың арасында азғантай айырмашылықтың өзі жеткілікті болады.

Ғылым көрсеткендей өздігінен тозаңданатындарда гетерозистің көруінінің екі басты себебі бар: 1) қолайлы аллельдері немесе ата – аналардың қолайлы генетикалық факторлары бар будандардың комбинациялануы; 2) аз доминанттық аллельдердің әсері. Осымен кей жағдайда аралық тұқым қуалаушылық пен автогамдық (өздігінен тозаңданатын) өсімдіктердің тобындағы жағдайлар түсіндіріледі.

Болашақ будандарда аналық формаларды жаппай ұрықсыздандыру үшін гаметоиттердің дамуын тежейтін хиимиялық қосылыстардың қатарлары – гиббереллиндер, этрел, т.б. басқа ұсынылды.

Инбридинг. Генетиктер жыныстық жолмен көбеюдің екі тәсілін ажыратады:аутбридинг және инбридинг. Аутбридинг (туыстық емес көбею)жақын туыс емес, туыстық тегі жоқ ағзаларды будандастыру арқылы іске асырылады.Инбридинг (инцухт, жақын туысты көбейту) жақын текті ағзаларды будандастыру арқылы іске асырылады.

Инбридингтің генетикалық нәтижесі гетерозиготаның азаюы болып табылады, аутбридинг оны көбейтеді.

Өсімдік түрлерінің көбісі-айқас тозаңданатындар, яғни табиғи жағдайда аутбридинг тәсілімен көбейтеді. Айқас тозаңданатын өсімдіктердің табиғи және сорттық популяциялары генотипі жағынан әр алуан гетерозиготалы жеке ағзадан тұрады. Бұл популяциялардың маңызды бейімдеушілік мәні бар, немесе шаруашылық бағалы белгілер бойынша біршама тегіс болып келеді. Басқа белгілері, солардың ішінде морфологиялық белгілері бойынша олар біркелкі болмайды.

Кез келген соның ішінде бақылайтын тозаңданудан алынған бір өсімдіктің ұрпағын семья деп атайды. Айқас тозаңданытын өсімдіктің еріксіз өздігінен тозаңдануы (инцухт) арқылы алынған генотипі жағынана біртегіс ұрпағы инцухт-линия деп аталады.Инцухтан алынған бірінші линия және т.с.с. белгіленеді.

Ұрпақтан ұрпаққа инцухтауды (еріксіз өздігінен тозандандыруды) соза берсек, генотипі жағынан біртегіс, бірақ бір-бірінен айқын өзгешеленетін линиялар пайда болады. Шамамен инцухтын бесінші ұрпағында іс жүзінде біркелкі , яғни гомогенді линиялар пайда болады, бұл өсімдіктердің гомозиготалығының жоғары дәрежеге жетуімен түсіндіріледі.

Барлық локустары бойынша гомозиготалы өзін-өзі ұрықтандыратын бір өсімдіктің ұрпағын изогенді немесе таза линия деп атайды.

Айқас тозаңданатын ағзалар еріксіз инбридинг кезінде линиялар белгілерінің сандық көрсеткіштері (биіктігі, салмағы, өнімділігі және т.б.) төмендейді және олардың өлген, ұрықсыз және азған даналары аласталады.Бұл процесс инбредті азғындау, немесе инбредті депрессия (инцухт-депрессия) деп аталады.

Гендік аталық ұрықсыздық (ГАҰ) өсімдіктердің гетерозистік селекциясында аз ғана түрде қолданылады. Оны қолданудың қиындығы мынада: ГАҰ – формалары өздігінен тозаңдануда қолданылмайды, ал гетерозигот есебінен жай көбеюде ұрықты өсімдіктер қатынасымен ажырайды, бірақ оларды гүлдену кезіне дейін кесіп тастайды.

ГАҰ (Хакат және Эслик, 1967 ж.) негізінде будандық арпалық тұқым шаруашылығының жүйесін жасады. Арпа макро және микроспорогенез генетикалық бақылаумен сәйкестендірілген, осыған байланысты аналық ұрықсыздық аталық ұрықсыздықпен қатар болуы селекция тәжірибесінде өте маңызды болады. Будандық тұқым шаруашылығында аналықтар орнына осындай формалар пайдаланылады.

Р.Ремедж (1965 ж.) будандық тұқымдар алу үшін аталық ұрықсыздықты фертильдік үштік трисомиктер негізінде пайдалануды ұсынды. Өздігінен тозаңдану арқылы алынған ұрпақтарда ұрықтық трисомиктер 1:1 қатынасында және сонымен қатар диплоидты өсімдіктердің ұрықсызданған гүлдері бойынша ажырайды. Ең соңғысы диплоидтық сорттар және аналық ұрықсыз формалар будандастыруға пайдаланылады. Аталған генетикалық жүйелер гетерозистік селекция жіне басқа да өздігінен тозаңданатын немесе айқас тозаңданатын дақылдарда олардың генетикалық спецификасы мен биологиялық ерекшеліктері есебінен пайдалануы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы дақылдарында гетерозисті пайдаланудың жаңа жүйесі мен тәсілдерін жасау алдағы 10-20 жыл ішінде зерттеу мәселесі алынды. Олар гетерозистің генетикасы мен биохимиясы бойынша іргелі жұмыстарға негізделіп, біздің еліміздің және шетелдердің ғылыми – зерттеу орталықтарында жүргізіледі. Кез келген жағдайда, қандай қиындықтарда болмасын гетерозисті пайдалану мүмкіндігі – алдағы уақытта елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғарлатудың маңызды резерві болып қалады. Сондықтан жай селекция жұмысымен қатар осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуі міндеті алға қойылған.

Комбинациялық қабілеттілік. Ауылшаруашылық дақылдары будандары гетерозис деңгейі ата – аналық формалардың комбинациялық тәсілдеріне байланысты болады, бұл генетикалық түрде келісілген қасиет, ол жақсы тұқым қуалайды. Гетерозис, өнімділігі мен басқа да шаруашылыққа бағалы белгілері бойынша көрінеді: олар – өсімдіктің биіктігі, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділіг және т.б.

Жалпы комбинациялық қабілеттілік (ЖКҚ) будандардың гетерозистік ортша көлемі былайша есептеледі, яғни, бұл дегеніміз – сол ата – аналық форманың басқа түрлі формалармен будандастырылғанда алынған түрлері және ерекше комбинациялық тәсіл (ЕКТ) – орта көлемнен гетерозистің нақты комбинациясының ауытқуы. Бұл ұғымды ғылыми түрде тұңғыш дәлелдегендер Г.Спрэг пен Л.Фатум. Р.Фишердің идеясына сүйене отырып, олар мынаны ұсынды: ЖКҚ негізінде гендердің аддетивтік әсері жатыр, ал ЕКҚ негізі өте жоғары басымдылық, яғни ішкі аллельдік гендердің өзара әсері мен эпистаз (тұқым қуалаушылық факторлардың аллельдік емес өзара әсері) болып табылады.

Осы ұғымдарға сүйнен отырып, Г.Спрэг пен Л.Фатум (1942 ж.) мынадай қорытындыға келеді: жалпы комбинациялық тәсілде сұрыптаудың тиімділігі, ерекше комбинациялық қабілеттілікке қарағанда нәтижелі болады. Осыған байланысты ЖКҚ – қа селекция процесінде доминантты гендері көп формалар алуға тырысады.

Бастапқы материалдың генетикалық ерекшеліктері, оның комбинациялдық қабілеттілігін бағалупроцесінде байқалады. Қазіргі кезде бастапқы материалдың комбинациялық қабілеттіліктерін айқындау үшін тиімді тәсілдері жасалған:

Топкросс – линиялардыбудандастыру, көрсеткіштерде талданған сорттар мен алынған будандарды әрмен қарай сынау. Талдаушы будандастырулардың өздігінен тозаңданған жаңа линияларды геноптикалық бағалау үшін маңызы зор. Олар ең жақсы селекциялық материалдардың 50% - ға жуық бағалы формаларын сұрыптап шығаруға жол береді. Топкросстың тиімділігі ата – аналарды дұрыс таңдау прблемасына байланысты. Поликросс – сорттарды, лиинияларды арнайы таңдалған үлгілермен еркін айқас тозаңдандыру. Негізгі қасиеті – салыстырмалы қарапайымдылық. Бұл тәсілдің ерекшелігі бақыланған тозаңдануда көп тұқымды беруге мүмкіндігі жоқ дақылдарда (қарабидай, люцерна, тимофеевка) қолданылады. Бұл, линиялардың комбинациялық қабілеттілігін алдын ала бағалаудың тиімді тәсілі болып саналады.

Диаллельдік будандастыру – ата – аналық формалардың әрқайсысынан әр біреуімен жеке белгілі жүйе бойынша будандастыру. Ол қазіргі кезде комбинайиялық қабілеттілікті жалпы және еркше түрде анықтауда стандарты тәсілі болып табылады. Талдауда реципрокты будандардың комбинациялары және басқалар болады.

Диаллельді будандастыруды қолдану селекцияның кейінгі кезеңдерінде тиімді болады, ол кезеңде жақсы линиялар іріктелінеді. Бастапқы материалды бағалауды тиісті құралдарды жұмсауды азайту мақсатында соңығы жылдарда көптеген зерттеушілер диаллельдік будандастырудың бір бөлігі ескерусіз қалдырылады. Осы жолмен көптеген ата – аналық формалардың комбинациялық қабілеттілігін анықтауға болады. Бағалануда талдаудан шығарылған будандар неғұрлым көп болған сайын толық дәлелдік будандастырудан алынатын мәліметтердің натылығы төмендей түседі.

Өндірісте қолданылатын будандардың түрлері мынадай:



  1. Линия аралық – қарапайым екі линияны будандастыру , үш линияны будандастыру – линия аралық буданды өздігінен тозаңданған линиямен тозаңдандыру.

Екі линия аралық – екі қарапайым линия аралық будандарды будандастыру.

  1. Сорт линия. Қарапайым сортты линямен тозаңдандыру. Күрделі – сортты, линия аралық буданмен тозаңдандыру.

Екі линия –қарапайым буданды сортпен будандастыру.

3. Сортаралық будан – екі сортты будандастыру.

4. Будандар популяциясы – қарапайым будандардың және басқа компоненттердің тұқымдарын араластырып, оларды еркін будандастыру арқылы алынады.

Комбинациялық қабілеттілікті (КҚ), басқа гендері бойынша салыстырылған өсімдік белгілерін селекциялық тәсілдер бойынша өзгертуге болады. Бұл тұқым қуалаушы факторлар мен геноиптерді сұрыптаудан кейінгі рекомбинацияға байланысты жасалады. Ол қолайлы гендердің концентрациясын арттыруға әкеліп соқтырады. Жақсартылған комбинациялық қабілеттіліктің селекциялық программасы рекомбинация алу үшін әдістерді кезектестіру, ең жақсы генотиптерді, олардың кмбинациялық қабілеттілігіне байланысты бағалау арқылы сұрыптап бөліп алу.

Нақты мәліметтерге байланысты комбинациялық қабілеттілікке гетерозис табиғатын түсіндіретін селекцияның түрлі тәсілдері қолданылады.

Шын гетерозисті мына формуламен анықтайды:



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет