Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет4/7
Дата23.10.2016
өлшемі1,33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Мемлекеттің пайда болуы туралы пікірлерден нені ұқтың?

2.Мемлекеттің саяси ұйымдардан айырмасы қандай?

3.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері қандай?

4.Азаматтық қоғам дегеніміз не?

5.Құқықтық мемлекет деген не?




Дәріс №8 Тақырыбы: Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар

Сұрақтар:

1.Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері;

2.Қоғамдық ұйымдардың түрлері;

  1. Халық майдандарының түрлері;


1. Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. Саяси жүйеге мемлекетпен бірге саяси партияларда кіреді. «Партия» сөзі латын тілінен аударғанда «бөлу», «бөлшек» дегенді білдіреді. Алғаш Ежелгі Грецияда пайда боды. Қазіргі саяси партиялар ХІХғ. 2-ші жартысында Еуропада пайда болған. Оған ықпал еткен буржуазиялық революциялар болды. Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі-парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Алғашында көпшілік партия болмады.

Бірінші көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда пайда болды. Соңынан мұндай партиялар қаптап кетті. Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті-азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді.

Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүрсе сол партияның әлеуметтік негізін құрайды. Демек, солардың мүддесін қорғайды. Және де саяси өмір мәселесіне баса назар аударады. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты 4 түрге бөлінеді:

1.Авангардтық партия

2.Сайлаушылар партиясы

3.Парламенттік партия

4.Қауымдстық партия

Саяси идеологиясына қарай 5 түрге бөлінеді:

1.Коммунистік партия

2.Социал-демократиялық партия

3.Буржуазиялық-демократиялық партия

4.Консервативтік партия

5.Фашистік партия

Бұл аталған партиялардың өзіндік идеологиялық бағытына және саяси тәртіпті қолдауларына қарай өзіндік әрекеттері бар. Саяси өмірдегі алатын орны мен билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық деп бөлінеді. Олардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Бұл жағдай қазіргі кезеңде өз отанымыз Қазақстанда да көп партиялы жүйемен реттелуде және де қоғамның саяси өмірі қоғамдық-саяси қозғалыстармен де толығуда. Бұл саяси өмірдің мәселесін реттеуші күштердің болуы демократиялық кезеңнің орнығуымен сәйкес келеді.

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңкылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.

Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы – олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.

Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі – олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.



2. Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия – адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты – билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:

а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;

ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.;

г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;

д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;

ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;

и) мемлекеттің, кәсіподактарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.



Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта «Парасат деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Казіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.





Қоғамдық ұйымдардың түрлері
2 . Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

2. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.

3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).

4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б.).
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні – кәсіподақтар. Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатал айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.




Халық майдандарының мынадай түрлері болады:



3. 1. Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін әлеуметтік топтардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.

2. Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық майдандарын жатқызуға болады.

Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936-39 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмылдырды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді.

Баска елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

1) экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: «Невада – Семей» қозғалысы, «Арал – Азия – Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті және т.б.;

2) ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы қазақтар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары;

3) тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», «Ақиқат» және т.с.с.;

4) әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтын бесік», «Жерұйық», «Шаңырақ» және т.б.



Пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Саяси партия дегеніміз не?

2.Қоғамдық-саяси ұйымдардың партиялардан айырмашылығы неде?

3.Партияның негізгі қызметтері.

4.Қазақстандағы көппартиялылық туралы не білесіз?
Дәріс №9 Тақырыбы: Саяси сана және саяси мәдениет.

Саяси элита және саяси көшбасшы
Сұрақтар:

1.Саяси сана, саяси мәдениет ұғымы, оны қалыптастыру жолдары. Саяси мәдениетті қалыптастырдуың субъектілері, саяси мәдениет субъектілері.

2.Қазіргі Қазақстан қоғамының саяси мәдениетінің ерекшелігі.

3.Саяси элита ұғымы, қалыптасу түрлері. Саяси элитаның қызметі. Саяси көшбасшылық ұғымы, типологиясы. Қазақстандағы көшбасшылық институты және саяси элита.
1. Қоғамның саяси мәдениетін үйрену мен зерттеудің мақсаты саяси системаның және оны демократияландырудың тиянақтылығын нығайтудың әлеуметтік-саяси механизмдерін іздеп табу, оны өмірге пайдалану. Зерттеудің дербес саласы ретінде саяси мәдениет қазіргі жағдайында америкалық саясаттанушылардың еңбектерінің арқасында кейінгі жылдары ғана бөліне бастады. 1955 жылы Г.Алмонд өзінің «Салыстырмалы саяси жүйе» деген мақаласында саяси жүйелерді тереңірек зерттеуде саяси мәдениетті зерттеудің қажеттілігі мен пайдасы жайлы соны ойлар ұсынды. Осы мақаласында мәдениеттің мазмұнын ашуға алғаш рет әрекет жасады. Кейінірек саяси мәдениеттің негізгі концептуалды түсініктері жайлы зерттеу жұмыстарын Г.Алмонд, С.Вербамен бірлесіп жасады. Сонымен қатар Л.Пай, Р.Такер, С.Липсет, Е.Шейх және басқаларын зерттеу жұмыстарында қамтылған.

Қазіргі кезде батыс әдебиетінде осы құбылыстың мазмұнын ашуға бағытталған отыздан астам анықтамалар бар. Саяси мәдениеттің анықтамасының сонша көп болуы мәдениеттің және саясаттың қызметінің де көптігінен болуы мүмкін. Саяси мәдениет өзінің құрамдас элементтері ретінде әртүрлі қоғамдық-саяси институттар т.б. өзара қарым-қатынастарға жататын, көптеген ұрпақтардың өмірінде қалыптасқан дәстүрлерді, саяси практиканың әрекетінің нормаларын идеяларын, концепцияларын және нанымдарын біріктіреді.

Саяси мәдениеттің жалпы мәдениеттің жүйесімен арасалмағын салыстырғанда осы жүйедегі оның орнын және методологиялық жағын ескерудің маңызы зор. Саяси мәдениет қоғамның материалдық мәдениетінің құрамына жатпайды. Алайда материалдық және рухани мәдениеттің өзара байланысы қоғамдық қатынастардың басқа түрлерімен саяси қатынастардың өзара байланыстардың мәнімен сипатталады.

Саяси мәдениет қоғамды қалыптастыру және дамудың ерекше саласын игерген. Мұндай сала саяси қатынастар болып саналады, яғни қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы, өзгеруі, жаңаруы мен қызмет етуі процесіндегі әлеуметтік субъектілер (индивидтер, топтар, таптар, қауымдар) арасындағы қатынастар. Бұл қоғамдық өмірдің саяси саласын сипаттайды және «саяси өмір мәдениеті» деген түсініктердің арасына теңдік белгісін қоюға негіз болады.

Субъектінің іс-әрекетіне қарай саяси мәдениетті бүкіл қоғам әлеуметтік топ, тап және жеке адам дәрежесінде қарау қажет. Қауымның саяси мәдениеті, сол қауымның адамдарының саяси мәдениетінің жиынтығы емес. Ол әлеуметтік қауымды тұтас айқындайтын және оның түбірлі мүдделері мен мақсатын бейнелейтін ең жоғарғы тұрақты және типтік белгілерін өз бойына сіңіреді.

Батыс саясаткерлері Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет» (1963) атты кітабында саяси мәдениеттің классификациясын жасады. Мұнда саяси мәдениеттің «таза» үш тұрпатын көрсетеді. Саяси мәдениеттің мән-мағынасы толық ашу үшін оның негізгі компоненттерін атап өту жеткіліксіз болар еді. Сондықтан саяси мәдениеттің бөлінбейтін бөліктерінің әрқайсысын жан-жақты талдап, саяси мәдениеттің мазмұнын ашатын, оны қалыптастыруға ықпал ететін бөлігі-саяси сана болып табылады.

Саяси сана-ол әлеуметтік субъектілердің (индивидтердің, топтардың, таптардың, қауымдардың) саясат саласын ұғынуы, жете түсінуі. Ол бірін-бірі толықтырып отыратын екі міндетті атқарады: танымдық (саясат жайлы білім алу және оны байыту) және регулятивтік (әлеуметтік субъектілердің саяси маңызды мінез-құлқына әсер ету).

2. Саяси сананың құрылымына саясат саласының мәні мен заңдылықтарының көрінісіне қарай диалектикалық өзара байланыстағы екі өлшемді айыруға болады: теориялық және эмпирикалық. Саяси сананың теориялық деңгейі қоғамдық өмірді басқаратын заңдарды ашуға бағытталған; ол белгілі бір таптың мүддесін білдіретін идеологтарды концепциялар, идеялар, түсініктер жасауы оны санаулы зерттеулерде, декларацияларда, бағдарламалар да жариялау сипатына байланысты. Эмприкалық саяси сананың дәрежесі адамдардың күнделікті практикалық тәжірибесі негізінде жасалады және қоғамның саяси іс-әрекетінің көріністерін тіркейді; олар саяси процеске қатысушы субъектілерде пайда болатын бақылау, дағдылар, пікірлердің жиынтығын бейнелейді. Саяси мәдениет бір ортақ түпкі мақсатпен-өмір сүріп отырған саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етумен біріктірілген біраз қызметтерді атқарады. Осы мағынада басымдық үстемдік етуші саяси мәдениет қорғау рөлін атқарады. Оның реттеушілік, тәрбиелік, коммуникативтік және интегративтік- функцияларын атап айту керек. Бұл топтама белгілі дәрежеде шартты, себебі нақтылы өмірде олар аралас жүреді, ал кейде бір бірімен бірігіп кетеді.

Реттеушілік қызмет - бұл саяси мәдениеттің адам мінез-құлқына әсері, олардың ішкі және халықаралық өмірдің саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазіргі саяси жүйені, саяси қайраткерлерді, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерін бағамдау т.б.

Тәрбиелік қызметі - бұл саяси білімдерді игеру жеке адам интелектуалды дамуына, дүние танымның кеңеюіне, мүдделердің қалыптасуына, қоғамдық саяси әрекетке, қимылға белгі тұрғының қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзінің көрінісін әлеуметтік белсенділіктен табады.

Интегративтік-біріктірушілік қызметі - саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің тірегі қызметін атқарады: Саяси мәдениетті қоғамның барлық топтары мен әлеуметтік топтарына өндіру өлшем жүйесінің кең әлеуметтік базасын жасау, қоғамның көпшілігімен өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдауды қамтамасыз ету арқылы оларды біріктіру мақсатына қызмет етеді.

Коммунативтік (қарым-қатынас) қызметі - өмірде үстемдік алған саяси сана мен мінез-құлықты жаңа ұрпаққа сіңдіру.

Саяси элита ұғымы, қалыптасу түрлері. Саяси элитаның қызметі. Саяси көшбасшылық ұғымы, типологиясы. Қазақстандағы көшбасшылық институты және саяси элита. "Элита" термині француздың "elit" деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551—479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға берді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды.

3. "Элита" терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848—1923). "Жалпыға бірдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.

Қоғамда саяси элитаны тудыратын мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялык (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы енбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың, саяси немқұрайдылығы.

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардын жүзеге асуына бақылау жасайды. Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдайды.

Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н. А. Бердяев қоғамнын даму деңгейі мен саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, "элита коэффициентін" шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.

Қоғамның толыққанды дамуы үшін элитамен кереғарлықка келіп, күреспей, шектеулер қойып, зиялы зерделі қауымның, дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне кызмет етуіне жағдай жасау керек.

Біздін Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгермеген. Олардын көбі Кеңес Одағы кезіңде номенклатуралык қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті. 1993 жылғы Конституция бойынша билік 3 тармаққа бөлінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқару билігінің мәртебесін арттыра түсті. Қазақстан казіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялық элита кіреді. Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.

Саяси жетекшілік туралы ұғым: Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, көшбасшылардың орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатка жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттік көлемінде адамдардын күш-жігерін біріктіріп, белсенді ыкпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға баскарушы кызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді адамдарды да жатқызып жүр.

Саяси жетекшіліктің, көшбасшылықтың табиғатын ғалымдар ертеден білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің "Патша" деген енбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден түрады; 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін - соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.

Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазір саяси көшбасшылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси көшбасшылар мына қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен армандары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы кажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әртүрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің. зандылыктын, тәртіптің кепілі болу.

Саяси көсем кандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде манызды жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады. Сонымен қатар топ бастаушы өзін-өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндікте болуға тиіс. Оған пікір еркіндігі, көппартиялылық, парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру, тағы басқалар жатады.

Саясаткердің жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, саяси сенімін де білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердін, тарихта қалуына олардын, саяси бағдарламаларынын пайдалы, жемісті, өзіндік ерекшеліктері себепші болды. Саяси жетекшінің жіктелуі және көшбасшының жеке қасиеттері. Саяси жетекшілікті ғалымдар жіктегенде мынандай принциптерді негізге алып жүр:

1. Тарихи принцип-мұнда жетекшінің тұрпатын дәуірмен байланыстырады, ол өмір сүрген әлеуметтік ортаның жемісі ретінде қаралады;

2. Ықпал ету көлеміне карай жалпы ұлттық, аймактық, қалалық, аудандық саяси жетекші болып белінеді;

3. Таптық принципке жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық, әлеуметтік топтың жетекшілері жатады;

4. Қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны жақтайтын, оған қарсы шығатындар болып бөлінеді;

5. Қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының қасиеттері, дарындылығының аркасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді;

6. Бастамашы, рух беруші жетекші немесе басталған істі орындаушы ретінде де топтастырады.

Саяси көшбасшыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған немістің әлеуметтанушысы-М. Вебер. Ол саяси көшбасшыларды "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеді: 1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі; 2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына т. т.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар; 3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси көшбасшы.

Түріне қарай "формальды", ''формальсыз" деп бөліп жүр. Формальды жетекші белгіленген ережелер арқылы басшылык орынға тағайындалады. Формальсіз жетекшіні қатысушылар өздері таңдайды. Ондай көшбасшылар кішкентай топтарда болады. Ал ұйымдасқан үлкен топтарда, әлбетте, формальды басшылар болады. Мысалы, әскер басшылары, кәсіподақ, корпорация басшылары және т. б. Саяси қауымдастықтың жоғарғы құрылымы-үкімет болып есептеледі.

Саяси көшбасшының жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын үш кызметті аткарады:

1. "диагностикалық" міндет: саяси көшбасшы жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді, яғни "диагноз"қояды;

2. саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының мақсатына сай шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді;

3. іске тарту: жетекші өзінің белгілеген саясатын іске асыруға тырысады. Ол үшін өзінің тобы, жақтастары оның іс-әрекет жоспарын қолдауы керек.

Нағыз саяси көшбасшы шиеленіс, кикілжіңдерді дер кезінде түсіне біліп, өрістетпей, уақытында жоя білуімен сипатталады. Одан да жақсысы саяси дау-жанжалдардың алдын ала білгені жөн. Саяси тәжірибеде дау-дамайға қатысушылардың өзін-өзі ұстауының бірқатар дәстүрлі түрлері бар. Оған шегіну, бәсекелесті таптап, басып тастау, ымыраға келу жатады.



Дәріс №1 та
Пысықтауға арналған сұрақтар:
Пысықтауға арналған сұрақтар

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет