ДӘріс №15 microsoft excel электрондық кестесі туралы жалпы түсініктер жоспар



Дата01.06.2017
өлшемі70,75 Kb.
#17363
ДӘРІС № 15

MICROSOFT EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕР

Жоспар

  1. Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар

  2. Excel менюімен жұмыс атқару.

  3. Ұяшықтардағы мәліметтер.

1. MICROSOFT EXCEL ПРОГРАММАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

Бұл сабақта Microsoft Excel электрондық кестесімен танысасыздар. «Электрондық кесте» термині кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:


  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

  2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

  3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу.

  5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып тпбылады.

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалунуға мұрсат береді. Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.

Элактрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатақ жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағалар саны 256-ға тең. Әр бір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді ( мәтін, сан, формула) енгзеді.


2. MICROSOFT EXCEL МЕНЮІМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ

Меню жүйесін екпінділеу Word програмасындағыдай стандартты тәсілмен жүргізіледі: яғни Alt не Ғ 10 пернесін басу қажет. Сол сәттегі менюдегі сөздердің бірі ерекшеленіп басқа түске боялады. Керекті меню пункті басқару пернелері көмегімен таңдалынады. Enter пернесін басқанда, сол таңдап алған менюдің ішкі командалары ашылады, оларды пернелермен ауыстырады, ал команданы басқару үшін Enter пернесін басқару керек. Менюден басқару үшін Esc пернесін басады.

Excel менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегін пайдалану өте ыңғайлы, қажетті меню пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған қойып, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Осы тәрізді тәсілмен менюдің ішкі командалары таңдалып, қосымша беті ашылады да, жалаушалар орнатылады.

MS - Word редакторындағыдай Excel- де де орнатылып жатқан әрекетте сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп жатқан жұмысымызға байланысты әр қашанда көмек ала аламыз.



Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық

Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көдденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А – Х, содан соң АА – АZ, одан кейін ВА – ВZ және т.с.с.

Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі.Әр бір ұяшықтын бағана әрпімен жол нөмірнен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 - жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

Ағымдағы ұяшық – көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс - әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

Блок – тіркесі орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышыты аймағы. Блок 1 немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама – қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Мысалы, В 13 : D 19 блогы – бұл В 13 – Д 19 – В 19 – В 13 торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, А 1 : Н 1, А 1 : А 20, А 12 : Д 27 немесе Д : Ғ – Д, Е, Ғ бағаналарының барлық торлары, т.с.с. Әр түрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адресімен немесе экран бетінде тышқанмен белгілей отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Excel- де электрондық кесте 3 өлшемді құрылымнан тұрады. Экранда тек 1 парақ кітаптың үстінгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.

Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу.

Осы объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшеленеді:

Бағананы белгілеу – бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып, оны бір рет шерту.

Бірнеше бағананы ерекшелеу – алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басылу күйіндегі ұстап курсорды оңға не солға жылжыту.

Жолды ерекшелеу – жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшеленіп алып, оны бір рет шерту.

Бірнеше жолды ерекшелеу – алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басылу күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу.

Блокты ерекшелеу – тышқан батырмасын блоктың алдыңғы ұясын да басамыз да, оны сол басылу күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу.

Жұмыс парағын толық ерекшелеу – тышқан курсорын бағана аттарымен жол нөміірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақжоғарғы бұрышына барып, оны бір рет шерту.

Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shift пернесін басылу үде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе Ғ 8 пернесін басып белгілеу режіміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пнрнесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдпланады.

Бір – бірімен тІркесе орналасқан блоктарды ерекшелеу қажет болғанда, былай істеу керек:


  • алғашқы ұяшықты немесе тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;

  • Ctrl пернесін басу және оны басылу күйінде ұстап тұру.

  • Келесі ұяшықты немесе бокты ерекшелеу, т. с.с.

  • Ctrl пернесін қоя беру.

Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.
3. ҰЯШЫҚТАРДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕР

Excel – де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің 3 типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алы барып, керекті мәліметтерді пернелерде теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенің оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе """ болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі. Егерде бірінші символ цифр немесе "=" болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.

Мәтін енгізу

Мәтін – кез –келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді """ символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол жақ ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады.

Назар аударыңыздар! Қателесуден қорықпаңыздар! Орындалған әр бір әрекетте болдырмай алып тастауа болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін Түзету – Болдырмау (Правка – Отмена). Командасын пайдаланып алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.

Сандарды енгізу

Электрондық кесте ұяшықтарына санды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына # # # # символдарын қояды.

Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беіледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ – де 5.01 Е + 08 болып жазылады, яғни ол 5,01 * 10 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е – 9 болып жазылады (5*10 ). Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлніп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.

Формулаларды енгізу

Excel –де кез келген арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула « = » таңьасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа С1 + Ғ 5 формуласын енгізу үшін оны = С1 + Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшыындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтеже формула енгізілген ұяшықта алынады.


Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.

  1. Excel менюімен жұмыс атқару жолдары

  2. Excel программасын іске қосу қалай іске асады?

  3. Көшірме алу қалай іске асады?

  4. Ұяшықтарды қалай жоюға, тазалауға болады?

  5. Орын ауыстыруды қалай іске асырамыз?

  6. Ұяшықтағы мәліметтерді түзетудің амалдары?

  7. Формулаларды, сандарды және мәтінді қалай енгіземіз?

  8. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакторлеу дегеніміз не?


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 302-303 беттер

  2. «Информатикадан 30 сабақ» 257-308 беттер




Каталог: files -> lesson
lesson -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: Паскаль -программалау тілі 9 сынып Сабақтың мақсаты: Программалау тілі бойынша жалпы түсінік беру
lesson -> ДӘріс №21 интернет туралы жалпы ұҒЫМ. Жергілікті және ауқымды желілер жоспар
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай алады. Ақпаратты кодтау. Ascii коды. Бағдарламалық Оқулық
lesson -> Пән: информатика Сынып: 6 Күні: Тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары. Мақсаты
lesson -> ДӘріс №1 АҚпарат және информатика ұҒымдары
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Жобамен жұмыс
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары. Сабақтың мақсаттары: Білімділік
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Сараптама жүйесі. Жасанды интеллект. Сабақтың мақсаты: а Білімділігі
lesson -> Сабақ жабдықтары: электрондық оқулық. Сабақтың түрі: жаңа білім беру
lesson -> ДӘріс №17 негізгі деректер қорына түсінік жоспар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет