Дәріс Тақырыбы. Мажор сазы жіне мажор үндестіктері. Саз және тональдік. Жоспары



Дата01.04.2020
өлшемі165,85 Kb.
#61236
Байланысты:
30.03.2020.музыка 32топ

Дәріс

Тақырыбы. Мажор сазы жіне мажор үндестіктері. Саз және тональдік.
Жоспары:

1.Тональдік туралы ұғым.

2.Мажор сазының тондық үндестігі.

3. Тоника ,субдоминанта, доминанта-саздың ең басты басқыштары.

4.Минор сазы және минор үндестігі.
Тональдік (мақам, қалыптық) деп лад дыбыстарының өз ара бірлестігінің қандай биіктікте тұратынын білдіретін ұғымды айтамыз. Қандай музыкалық шығармалар болмасын, әр уақытта бір тональдікте да жазылады. Ол жазылған тональность мажорлы немесе минорлы болып келеді. Музыкалық шығарманың тональдіктерінің аты сол шығарманың ішіндегі дыбыстардың негізгі тұрақтыларының атымен аталады.
Тұрақты, тұрақсыз дыбыстардың бір-бірімен байланыса үйлесіп орналасу арқылы әуеннің бір тұрақты дыбысқа аяқталуын саз (лад) деп атайды. Әр саздың ең тұрақты дыбысы( басқышы) бірінші дыбыс-тоника деп аталады. Саздың тұрақты дыбыстары: I-III- V дыбыстарына тұрақсыз II-IV-VII тартылып тұрады.
Мысалы, Шопеннің ноктюрні до-минор тональдігінде десек, бұл шығармадағы негізгі дыбыс до болады. Міне, музыкалық шығармаға әсем және көркемдік сән беріп, оны толықтырып отыратын әсемдік тілдің бірі тональдік деп аталады.

«Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан, «ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп – алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қолданылатындары мажор және минор ладтары.


«Мажор» деген сөз – үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді.

Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады.

«Минор» деген сөз - кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді.

Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстықтылықты құрады.

Гамма – жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың функциялары (I, III, V) әріптермен белгіленген:

I басқыш – тоника, өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажорда ол бас әріп – Т, ал минорда – кіші «t» әріпімен белгіленеді.

II басқыш – төмен түсетін кіріспе тон.

III басқыш – медианта (ортаңғы) саты.

IV басқыш – субмедианта, мажорда «S» – бас әріппен, ал минорда «s» әрпімен белгіленеді.

V басқыш – доминанта, барлық тұрақты дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Мажорда – «Д» бас әріпімен, ал минорда – кіші «d» әрпімен белгіленеді.

VI басқыш – субмедианта (төменгі медианта), өйткені субдоминанта мен тоника аралығында орналасқан.

VII басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе саты.

Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі тональдік деп аталған.

Тональдіктің толық атауы іштей екі компонентті сақтайды:

1) тониканың атауы;

2) ладтың атауы.



Тоника,субдоминанта, доминанта - саздың ең басты негізгі басқыштары, қалғандары жанама басқыштары деп аталады.

Үндестік әр саздың биіктік жағдайы мен сипатын білдіреді әрі негізгі дыбыстардың атауымен саздың т.рін көрсетіп тұрады. Мысалы: до мажорғ ля мажор т.б.



Минор сазы және минорлық үндестіктер.

Минор сазы латынша «ұяң »деген ұғымды білдіреді. Бұл саздың дыбыстары жұмсақ, ұяң, мқңлы естіледі.Минор сазының тодық құрылысы: Т,0,5т,Т,Т,0,5т,Т,Т болып келеді. Минор сазының үш түрі болады: табиғи минор, гармониялық минор және әуендік минор.



Табиғи минордан гармориялық минордың айырмашылығы оның жетінші дыбысы жарты тонға көтеріңкі болады.

Әуендік минордың дыбыстарын жоғарылатқанда 6,7 дыбыстары жарты тонға көтеріледі де, кейін түскенде табиғи түрде орындалады.


Бекіту сұрақ:

1.Мажор үндестіктері дегеніміз не?

2.мажордың қандай түрлері бар?

3.минор дегеніміз не?

4. Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі қалай аталады?

5.Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы қандай?



6.Сабақтан нені үйрендіңдер?
Тапсырма:


Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Әбдікәрімұлы Ә. «Музыка теориясының негіздері». – Алматы, 2017ж



2 Агажанов Б. «Сольфеджио курсы». – М., 2016ж

3 Алексеев Б. «Гармоникалық сольфеджио». – 2015 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет