Дәріс№1 Тақырыбы: Кіріспе. Анализатор туралы түсінік Жоспар



бет1/2
Дата17.02.2020
өлшемі0,5 Mb.
#58272
түріАнализ
  1   2
Байланысты:
Патология дәріс

Дәріс№1

Тақырыбы: Кіріспе. Анализатор туралы түсінік

Жоспар:

  1. Анализаторлар туралы түсінік

  2. Көру анализаторы

  3. Есту анализаторы

Сезім мүшелері арқылы үлкен ми сыңарлары қыртысының тиісті аймақтарына қоршаған ортадан үнемі хабар келіп тұрады. Ми қыртысының басқа учаскелеріне ағзаның әр түрлі мүшелерінен импульстері келеді. Ағзаның қалыпты тіршілігі үшін оған әсер ететін көптеген тітіркендіргіштерді дәл және айқын ажыратып талдау қажет.

Рецепторларда тітіркендірулерді талдау басталады. Олардың әрбір тобы белгілі бір тітіркендіргіштерді сезеді. Мысалы, көру мүшелерінің рецепторларыәдеттегі жағдайда жарыққа, есту мүшелерінің рецепторлары дыбысқа тітіркенеді.

Рецепторларда пайда болған импульстер афференттінейрон арқылы орталық жүйке жүйесіне өтедіжәне өткізгіш жолдары арқылы ми қыртысының тиісті аймағына жетеді. Бұл кезде тітіркендіруге қыртыс аймақтарында талдау жасалады.

И.П.Павлов тітіркендірулер талдайтын жүйені анализаторлар деп атады. Кез келген анализатор үш бөлімнен тұрады: шеткі, өткізгіштік және қыртысты.

Қоршаған дүниені танып білу анализаторлары мен олардың өзара әсер етуі арқасында жүзеге асады. Ал, мұның өзі ми қыртысының әр түрлі учаскелері арасында байланыс тууының нәтижесі болып табылады. Аймақтың белгілі бір учаскесіндегі қозу адамның санасындатүйсік тудырса, қыртыстың әр түрлі учаскесіндегі қозуды жинақтағанда заттың және құбылыстың біртұтас қасиетінің жиынтығын бейненелейтін қабылдау пайда болады.

Бақшадан жаңа ғана қияр жұлып алған адам оны көреді, оның өзіне тән иісін сезеді, сипап сезу арқылы оның сыртқы пішінің ерекшелігін анықтайды, салмағын біледі, ал шетінен тістеп алып оның дәмін сезеді. Бірақ бұл сезімдер бір-бірінен оқшауланған емес. Үлкен ми сыңарлары қыртысында өтетін процестерге сәйкес адам затты біртұтас қалпында қабылдайды.
Көру анализаторы

Көру мүшесіне көз алмасы мен қосымша аппараттар жатады. Көз алмасында көру анализаторының шеткі бөлімі орналасқан. Көз алмасының сыртқы қабығын ақ қабықша немесе склера деп атайды. Көз алмасының алдыңғы бетінде склера мөлдір қасаң қабыққа ауысады. Ал қабықшаның ішкі жағында көзді қанмен қамтамасыз ететін қан тамырлары торлап жатқан тамырлы қабықша орналасады. Ол алдыңғы бетінде көздің түсін білдіретін пигменті бар нұрлы қбқшаға ауысады. Нұрлы қабықшаның ортасындағы тесік арқылы жарық сәулелері өтетін көз қарашығы орналасқан.

Көз алмасының ішкі қабығы тор қабықша деп аталады. Ол жүйке жасушалары мен талшықтарынан түзілген күрделі ірі қабат құрылысты болады. Тор қабықша 10 қабаттан тұрады. Тор қабықшаның сыртқы пигмент қабатына түрі өзгерген жарық сезім көру жасушаларының өсінділері болып табылатын таяқшалар мен колбочкалар жанасады. Тор қабықшаның жүйке жасушаларынан көру анализаторының өткізгіш бөлімінің бастамасы болады.

Қасаң қабық пен нұрлы қабықша және көз бұршағының арасындағы кеңістікте су тәрізді мөлдір сұйықтық болады. Көз қарашығының артқы жағында тығыз келген мөлдір жасымық тәрізді дене – көз бұршағы орналасқан. Ол шетінен серпінді талшықтар мөлдір ортада жатады. Талшықтар көз бұршағын оны қоршай орналасқан кірпікшелі бұлшық еттермен байланысады. Көз бұршағы мен қабықшаның артқы жағындағы бүкіл ішкі кеңістікті іркілдек, өте мөлдір шыны тәрізді дене толтырып тұрады. Көз ұясының жоғарғы жақ бүйір бұрышында көз алмасының бетін қорғаудан және тоңазудан қорғайтын көздің жас безі орналасады. Бөлінген жас көз бетін ылғалдап, жас ағатын мұрын қуысымен ағады. Қабақ пен кірпік көз алмасын бөгде заттардың түсуінен қорғайды. Қас маңдайдан аққан терді шетке қарай бұрып қорғаныштық қызмет атқарады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың көзінің мөлшері мен салмағы ересек адамдардың көзімен шамалас келеді.



Жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар. Сынып бөлмесінде жарықтың аз немесе шамадан тыс көп болуы оқушылардың көзіне зиянын тигізуімен қатар, олардың жұмыс қабілетін кемітеді. Сонымен бірге көрудің нашарлауына және сабақтың тиімділігіне кері әсер ететін жағдай күн сәулелерінің тіке түсуі болып саналады. Жарық аз түскенде көруге көп күш жұмсалатындықтан, балаларда жақыннан көргіштік дамып, орталық жүйке жүйесінде тежелу туғызады, бұл оқушылардың оқу материалдарын меңгеруіне де әсер етеді.

Сынып бөлмелерінің жарық болуына қабырғалардың бояуы, оқушылар үстелдері мен сынып тақтасының түсі де үлкен рөл атқарады. Қабырғалар түсі оған түскен жарықтың шамамен 60 % шағылыстыратындай ашық сары түспен боялғаны дұрыс. Оқушылар үстелдерін ашық жасыл, ал сынып тақтасын күңгірт жасыл түске бояған жөн. Мұндай тақталар түскен жарықтың көп мөлшерін сіңіреді, әрі бормен жазылған жазулар мен суреттер анық көрінеді.



Есту анализаторы

Есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Алғашқы екі бөлім қосымша қызмет атқарса дыбыс тітікендіргіштерін қабылдау иірім түтігі деп аталатын ішкі құлаққа байланысты.

Құлақ қалқаны және дыбыс тесігінен тұратын сыртқы құлақтың қызметі дыбыс толқындарын ұстап дабыл жарғағына өткізу және оны соған сәйкес тербеліске келтіру болып саналады. Ортаңғы құлата өткізгіш механизмінің қызметін атқаратын бір-бірімен өзара байланысқан үш есту сүйекшелері: төс, балғашық және үзеңгі орналасқан. Олардың қызметі тербеліс жиілігін азайтып, тербеліс күшін арттыру болып саналады, дыбысты ішкі құлаққа өткізеді.

Ортаңғы құлақпен жұтқыншақты байланыстыратын есту түтігінің болуының арқасында есту мүшесінің бұл бөліміндегі ауа қысымы әрқашан атмосфералық ауа қысымына тең болады. Бұл дабыл жарғағының еркін тербелуіне жағдай жасайды.

Үзеңгі ішкі құлақ сопақша тесікті жауыптұрған жарғақпен байланысқан. Ішкі құлақ самай сүйегінің ішінде орналасқан сүйек лабиринтінен тұрады. Оның ішінде құтының ішіндежатқандай әрі сүйекті лабиринттің құрылысына ұқсас ішінде эндолифа сұйықтығы бар дәнекер ұлпасынан түзілген жарғақша лабиринт орналасқан.

Жарғақша лабиринт екі қалташасы бар кіреберіс бөлімнен тұрады. Оның бір қалташасынан бір-біріне перпендикуляр орналасқан үш айшық арналар есту қызметіне қатысы жоқ вестибуляр аппаратын құрайды.

Есту рецепторлары иірім түтігінде орналасқан. Иірім түтігінің сүйекті өзегінен сүйекті спираль пластинка тарайды. Оның ішінде спиральды мүше орналасқан спиральды жарғақша бекиді. Мүше ішінде шаш тәрізді жасушалар орналасқан серпінді талшықтардан құралған. Дыбыс толқындарының әр түрлі жиілігіне байланысты талшықтардың кейбірі тербеліп, есту рецепторы болып саналатын белгілі бір шаш тәрізді жасушаларды тітіркендіреді. Бұл жасушаға импульстерді миға өткізетін есту жүйкесінің талшықтары келеді. Одан әріқарай импульстер үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орналасқан ми қыртысының есту аймағына таралады. Бұл – есту анализаторының қыртысты бөлімі. Бұл арада есту тітіркендіруін талдау аяқталады. Адамның есту мүшесі ауа толқындарының 1 секундта 16-30 мыңға дейінгі тербеліс жиілігін қабылдайды.

Анатомиялық тұрғыдан алғанда бастауыш мектеп жасындағы балалардың есту мүшесінің құрылысы ересек адамдардың есту мүшесінің құрылысымен бірдей, тіпті оның әрбір бөлімінің мөлшері жас өсуіне қарай баяу өзгереді. Тек құлақ қалқанының өсуі мен сыртқы есту түтігінің ұзаруында ғана шамалы өзгеріс байқалады. Бірақ балалардың есту қабілеті ересектермен салыстырғанда төмен болады. Ол 14-19 жасқа дейін бірте-бірте арта береді және сөзді есту жағдайды айтарлықтай өзгертеді. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда ол ересектерден гөрі жоғары болады. Дыбыс жоғарылығын ажырата білу қабілеті әр түрлі есептерге байланысты оған туа пайда болған ерекшеліктер де жатады. Музыкаға дарынды балалар ерте жасынан бастап-ақ дыбыс жоғарылығымен қатар оның әрқайсысын қатесіз дәл анықтай алады. мұндай музыкалық есту дәрежесін абсолютті есту деп атайды. Ән сабақтарында балалардың музыкалық есту қабілетін жаттықтырып отыруы қажет. Бұл жеке адамды жан-жақты қалыптастырудың аса маңызды жағдайларының бірі.



Тынысың сау болсын десең...

  1. Дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын;

  2. Шаңды жерде немесе ауасы бұзылған орында шамаң келгенше дем алма (тұрма). Жүрген жерді шаңдатпай жүрген дұрыс.

  3. Үйдің ішінде еденге, қабырғаға, жаюлы жатқан (төселген) киіздің, кілемнің, текеметтің үстінде отырып, астына қақырып-түкіруге болмайды, мұрын орамалға да қақырған дұрыс емес.

  4. Киіміңді, төсегіңді басқа нәрселерді үйдің ішінде қақпа, сілікпе, тазалама, сыртқа шығарып тазала.

Үйдің ішіндегі заттарды сүрткенде, еденді сыпырғанда сүрткішің, сыпырғышың құрғақ емес, дымқыл болсын.

  1. Үйде отырып жұмыс істегенде, жылы күндері терезең ашық болсын.

Суық күндері ауа райы тәуір болса, бірнеше рет есік-терезені ашып алып, үйіңнің ауасын жаңартып, тазартып ал.

  1. Гулеген желден сақтан. Әсіресе бойың жылып терлеп отырғанда сырттағы ауа терезеден, есіктен кіріп, қарсы есіктен не терезеден шықса, үйдің ішін жел гулеп кетеді. Осы желді гулеме деп атайды.

  2. Ұйықтайтын үйіңнің (бөлмеңнің) ауасы өте таза болғаны жөн. Күндізгі жұмыстан шаршап-шалдығып келіп ұйықтаған уақытта бойың сергіп, дем алысың жақсарады, тынысың кеңиді, келесі күнге күш-қайрат жинайсың. Өміріңнің біразы ұйқымен өтеді. Сондықтан ұйықтайтын жайың денсаулыққа керекті шарттарға келісті келсін, таза болсын.

  3. Еш уақытта көкірегіңді, ішіңді (құрсағыңды) терезенің алдына, не тақтайдың, үстелдің шетіне, болмаса, басқа нәрсеге кидірмелеп қыспа.

  4. Шылым тартпа, насыбай атпа, темекінің өте зиянды екенін ұмытпа.

IV. Көзің сау болсын десең...



Көзің – екі жанарың. Оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып, зақымданған немесе қиқым түскенде білерсің. Халқымызда «Ішің ауырса, аузыңды тый, көзің ауырса, қолыңды тый», - деген сөз бар. Көздің сыртқы жағынан қарағандағы құрылысы 5-суретте берілген.
5-сурет. Көздің құрылысы (жас безі және көз бен мұрынның жас жолы жарып көрсетілген)

1 – жас безі; 2 – үстіңгі қабақ, оның кірпіктері; 3 – жас түтігі; 4 – көз көлі; 5 – жас қапшығы; 6 – көз бен мұрынның жас жолы, көз жасы мұрынға қарай ағады;

7 – төменгі қабақ, оның кірпіктері; 8 – көз алмасы; 9 – көздің түсті қабаты, көздің қара немесе көк болып көрінетін бөлігі; 10 – көздің қарашығы, түсті қабаттың ортасындағы тесік, сондықтан да қандай көз болса да қап-қара болып көрінеді; 11 – көздің қиығы; 12 – қас.
Бұл суреттен көздің жанары (алмасы) жас безі арқылы үздіксіз суланып-жуылып, жуылған жас мұрын көз түтігі арқылы мұрын қуысына ағып келетінін байқаймыз.

Көз осылайша үздіксіз тазаланып суланып тұрмаса, оның алыстағы, жақындағы және жанындағы нәрселерді тез арада көруі, күндіз және түнде көруі, сондай-ақ түрлі түсті ажыратуы және көргенді есте сақтау қызметтері нашарлайды. Сондықтан да екі жанарыңды мүмкіндігінше сақтай білген абзал.



  1. Ымыртта, ала-көлеңкеде, жарық нашар түскенде кітап, газет-журнал оқыма, жазба, жұмыс жасама.

  2. Күндіз үйде жұмыс жасасаң, жарық (терезе) сол жағыңда болсын. Жарық түскен тесіктен (терезеден) аз да болса аспанның бір бөлігі көрініп тұрсын. Көз алдыңдағы (қолыңдағы) істеп отырған жұмысыңа, жазып отырған қағазыңа, тігіп отырған киіміңе күн түспесін. Күннің шуағы тимесін.

  3. Кешке шаммен жұмыс істегенде шам кішкене сол жаққа таман, жарты метрдей (үш жарым қарыстай) алыста тұрсын. Шамның қалпағы (абажыры) қара не қызыл, көк, сары секілді түсті болмай, ақ шыныдан (фарфордан) болсын. Шамның мұржасы (тұрбасы, шишасы) буылтықсыз, шелек қалыпты болсын. Жыпылықтаған жарықта, ат үстінде жүріп келе жатқан арба-шана үстінде, от арбаның, трамвайдың ішінде жұмыс жасау, кітап оқу көзіңді бұзады. Жатып оқыма, жатып ас ішпе, көзіңді тез бұзасың.

  4. Жазғанда қою қара сиямен анық көрінетін сызықтың үстінен жаз. Ең жақсысы – сызықсыз қағазға түзу жазып үйрену.

  5. Жұмыс ауқытында көзің талса, жұмысыңды қой да, көзің дем алғанша (талғаны басылғанша) терезеге қара.

  6. Қатты ауырып тұрғанда әбден айыққаныңша, біраз уақыт көзіңді күтіп, сақтанып жүр.

  7. Еш уақытта көзіңді уқалама, қолыңды тазалап жумай тұрып көзіңе тигізбе.

  8. Көзіңе қиқым не бөтен нәрсе түсе қалса, көзіңді уқалама, жоғарғы қабағыңды қолыңмен жай ғана мұрныңа қарай сипа. Көзіңе түскен нәрседен солай еткенде де құтыла алмасаң, дәрігерге көрін. Көзіңе үрлетпе, тілмен алатпа.

  9. Көру қабілетің кемісе, иә көзің ауырса, дәрігерге көрін. Көзіңе көзілдірік керек пе, не болмаса ем-дом керек пе, тек маман ғана біледі. Көзілдірік қию керек болған жағдайда қандай көзілдірік керектігін (көзілдіріктің нөмірін), қай уақытта киюге болатынын айтады. Орынсыз кмген көзілдірік көзді бұзады. Дәрігермен кеңеспей көзілдірік киюге болмайды.

  10. Бөгде адамның бет орамалымен (сүлгісімен) бетіңді, көзіңді сүртпе, өзәңнәң бет орамалың жеке болсын.


Дәріс №2

Тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы.

Жоспар:

  1. Көру анализаторының анатомиясы.

  2. Адаптация. Аккомодация.

  3. Жакыннан және алыстан көргіштік.

  4. Жарық пен түсті қабылдау

  5. Бинокулярлық көру.

Көру мүшесіне көз алмасы мен қосымша аппараттар жатады. Көз алмасында көру анализаторының шеткі бөлімі орналасқан. Көз алмасының сыртқы қабығын ақ қабықша немесе склера деп атайды. Көз алмасының алдыңғы бетінде склера мөлдір қасаң қабыққа ауысады. Ал қабықшаның ішкі жағында көзді қанмен қамтамасыз ететін қан тамырлары торлап жатқан тамырлы қабықша орналасады. Ол алдыңғы бетінде көздің түсін білдіретін пигменті бар нұрлы қабықшаға ауысады. Нұрлы қабықшаның ортасындағы тесік арқылы жарық сәулелері өтетін көз қарашығы орналасқан.

Көз алмасының ішкі қабығы тор кабықша деп аталады. Ол жүйке жасушалары мен талшықтарынан түзілген күрделі ірі қабат құрылысты болады. Тор қабықша 10 қабаттан тұрады. Тор қабықшаның сыртқы пигмент қабатына түрі өзгерген жарық сезім көру жасушаларының өсінділері болып табылатын таяқшалар мен колбочкалар жанасады. Тор қабықшаның жүйке жасушаларынан көру анализаторының өткізгіш бөлімінің бастамасы болады.

Қасаң қабық пен нұрлы қабықша және көз бұршағының арасындағы кеңістікте су тәрізді мөлдір сұйықтың болады. Көз қарашығының артқы жағында тығыз келген мөлдір жасымық тәрізді дене – көз бұршағы орналасқан. Ол шетінен серпінді талшықтар мөлдір ортада жатады. Талшықтар көз бұршағын оны қоршай орналасқан кірпікшелі бұлшық еттермен байланысады. Көз бұршағы мен қабықшаның артқы жағындағы бүкіл ішкі кеңістікті іркілдек, өте мөлдір шыны тәрізді дене толтырып тұрады. Көз ұясының жоғарғы жақ бүйір бұрышында көз алмасының бетін қорғаудан және тоңазудан қорғайтын көздің жас безі орналасады. Бөлінген жас көз бетін ылғалдап, жас ағатын мұрын қуысымен ағады. Қабақ пен кірпік көз алмасын бөгде заттардың түсуінен қорғайды. Қас маңдайдан аққан терді шетке қарай бұрып қорғаныштық қызмет атқарады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың көзінің мөлшері мен салмағы ересек адамдардың көзімен шамалас келеді.



Адаптация. Көздің әр түрлі жарық жағдайында көруге бейімделуін адаптация деп атайды. Егер де кешқұрым бөлме ішіндегі жарықты сөндірсе, алғашында адам айналасындағы заттарды мүлдем көрмейді. Бірақ 1 – 2 минут өткен соң заттардың сыртқы пішінін аңғара бастайды, ал тағы бірнеше минут өткеннен кейін заттарды анық көре алады. Бұл тор қабықшаның қараңғыда сезгіштігінің өзгеруіне байланысты. Қараңғыда 1 сағат уаңыт болу көздің сезгіштігін 200 еседей арттырады. Алайда, сезгіштік алғашқы минуттарда тез артады.

Аккомодация. Көздің заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуін аккомодация деп атайды. Зат анық көрінуі үшін одан тарайтын сәулелер тор қабықшаға жиналуы тиіс. Бұл жағдай көз бұршағының қисықтығының өзгеруіне байланысты, мұның өзі көзден әр түрлі қашықтықта орналасқан заттарға қарағанда рефлекторлы түрде жүзеге асады. Біз жақында тұрған заттарға қарайтын болсақ, көз бұршағының қисықтығы артады. Көзде сәулелердің сыну күші арта түседі де, тор қабықшада кескін пайда болады. Біз алысқа қарағанда, көз бұршағы жалпақтана түседі.

Жас өскен сайын көз бұршағының серпінділігі нашарлайды. Он жастан бастап – ақ көздің аккомодацияға қабілеттілігі төмендейді, бірақ оның көруге қабілеттілігі жас егде тартқан кезде ғана байқала бастайды (кәрі кездегі алыстан көргіштік).



Жакыннан және алыстан көргіштік. Жақыннан көретін адамдарда заттың бейнесі тор қабықшаға жетпей, оның алдыңғы жағына түседі, сондықтан зат бейнесі шашырап, бұлыңғырланып көрінеді. Бұл көз алмасының ұзаруына байланысты. Осының салдарынан жақыннан көретін адамдар көздеріне жақын орналасқан заттарды ғана аның көре алады. Жақыннан көргіштікті түзету үшін екі жағы ойыс шынысы бар көзілдірік қолданылады. Жақыннан көргіштік кірпік бұлщық еттерінің нашар жиырылуына байланысты көз бұршағы қисықтығының артуынан жүре пайда болуы да мүмкін.

Алыстан көретін адамдардың көз алмасы қысқарған, сондықтан заттың бейнесі тор қабықшаның сыртына түседі, ол да көмескі көруге әкеліп соғады. Алыстан көретін адамдар екі жағы дөңес шынысы бар көзілдірік тағады.

Мектеп жасындағы балаларда көрудің бұзылуының ең көп таралған түрі – жақыннан көргіштіктің артуы, ол бірінші сыныптан жоғары сыныптарға қарай күшейе береді. Бірінші сынып оқушыларының арасында жақыннан көргіштік 2 – 5% - ке дейін болса, ал жетінші сыныпта ол 16% - ке жетеді.

Оқушыларда жақыннан көргіштікті болдырмау үшін көз бен кітап немесе дәптер аралығының қашықтығы шамамен 35 см болатындай етіп үстелді дұрыс таңдау және жұмыс орнына жарықтың жеткілікті түсуін қадағалау қажет. Бастауыш сынып мұғалімдері балалардың оқу немесе жазу кезінде көзіне ұзақ уақыт күш түспеуін ескеруі керек. Ол үшін балаларды біртіндеп алысқа, мысалы, қабырғадағы сызбаға, сынып тақтасына қарату керек. Тағы бір ескеретін жағдай – жақыннан көретін немесе алыстан көретін балалардың дәрігер жазып берген көзілдірікті пайдалануын қадағалап отыру керек.



Жарық пен түсті қабылдау

Таяқшалардың сезімталдығы өте жоғары болады. Олар ымыртта және тіпті түнде де көруге мүмкіндік береді, бірақ мұнда заттың түсі ажыратылмайды, өйткені оларды көзге көрінетін барлық спектр дерлік қоздырады. Колбочкалардың сезімталдығы ең аз дегенде 1000 есе кем болады. Олар айтарлықтай күшті жарық кезінде ғана қозу күйіне өтеді, бірақ түсті ажыратуға мүмкіндік береді.

Колбочкалардың сезімталдығы төмен болуы салдарынан кешке қарай түстерді ажырату барған сайын қиындап, ең ақырында жойылып кетеді.

Адам көзі тор қабағының шамамен 6 – 7 см 2 ауданынан 7 миллиондай таяқшаны есептеуге болады. Олар тор қабықта біркелкі таралмаған. Тор қабықтың аралығында қарашыққа қарама – қарсы ортасы ойыс – орталық шұңқыры бар сары дақ болады. Адам белгілі бір заттың бөлшегін мұқият қарағанда оның бейнесі сары дақтың орталығына түседі. Орталық шұңқырда колбочкалар ғана болады. Бұл тұста олардың диаметрі тор қабықтың басқа учаскелеріне қарағанда кемінде 2 есе кем болады да 1 мм 2 аудандағы олардың мөлшері 120 – 140 мыңға жетеді, бұл едәуір айқын және анық көруге жәрдемдеседі. Орталық шұңқырдан қашықтаған сайын алдымен шағын топ түрінде одан соң барған сайын көп мөлшерде таяқшалар кездесе бастайды, ал колбочкалар азая береді. Мәселен орталық шұңқырдан 4 мм қашықтықтағы 1 мм 2 ауданда 6 мыңдай колбочка және 120 мың таяқша кездеседі.

Колбочкалар қызмет атқармайтын ала көлеңкеде адам бейнесі сары даққа түспейтін нәрселерді жақсы ажыратады. Егер адам ақ затқа көз салса, оны байқай алмайды, өйткені бейне сары дақтың таяқшалар болмайтын орталығына түседі. Алайда назарды нәрседен 10 – 15 мм тысқа аударса, ол зат көрінетін болады. Мұнда бейне тор қабықтың таяқшаларға бай учаскесіне түседі. Осыдан келіп қиялға өте берілген жағдайда заттың елестеуі оның түсініксіз пайда болып жойылып кету әсері тууы мүмкін. Түнде кезіп жүретін елес жайындағы ырымшыл түсініктер осыған негізделген.

Күндізгі жарықта адам өзі қарап тұрған заттың түс реңін жақсы ажыратады. Егер бейне тор қабықтың колбочкалары аз шеткі учаскелеріне түсетін болса, онда түс айқын ажыратылмай көмескіленіп көрінеді.

Жарықтың әсерімен таяқшалар мен колбочкаларда тітіркендіргіш ретінде әсер ететін химиялық реакциялар өзгереді. Пайда болған импульстер тор қабықтың әрбір пунктінен үлкен ми сыңарлары қыртысының көру аймағындағы белгілі бір учаскеге келеді.

Түс түйсігі. Түс реңінің алуан түрлі байлығын спектрдің үш түсін – қызыл, жасыл және күлгін немесе көк түстерді араластыру арқылы алуға болады. Егер осы түстерден құрастырылған дискіні тез айналдыратын болсақ, ол ақ болып көрінеді. Түсті түйсінетін аппарат колбочкалардың үш түрінен тұратындығы дөлелденген: олардың бірі – қызыл сәулеге, екіншісі – жасыл, үшіншісі – көк сәулеге өте сезімтал болады. Түс түйсігі колбочкалардың әрбір түрінің қозу күшінің арақатынасына байланысты.

Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы электр реакцияларына жүргізілген бақылаулар нәрестенің миы жарыққа ғана емес, сондай – ақ түске де жауап қайтаратынын анықтауға мүмкіндік береді. Емшектегі баланың түсті ажырату қабілеті шартты рефлекстер әдісімен анықталады. Ойын барысында ие болатын жаңа шартты байланыстардың түзілуіне қарай түстерді ажырату барған сайын жетіле түседі.



Кеңістікті көру

Бинокулярлық көру. Көптеген жануарлардың әрбір көзінің өзінше көру аясы болады. Адам екі көзі аясының едәуір бөлігін бір мезгілде оң көзімен де, сол көзімен де кереді, бұл қашықтықты көзбен анықтауды жақсартып, заттардың көлемдік пішінін көре білуге мүмкіндік береді.

Бинокулярлық көруде көрінетін заттың әрбір бөлігінің бейнесі екі тор қабықта да бірдей орналасуы үшін, басқаша айтқанда, олардың ұқсас нүктелеріне түсуі үшін екі көз әрқашанда көру аясының белгілі бір нүктесіне бағытталуы тиіс. Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы көру аймағының екі тор қабықтың ұқсас нүктелерінен импульстер келетін жасушалары өзара тығыз байланысты. Олардың бір мезгілде қозуы затты айқын көруге мүмкіндік береді. Көз алмасын бүйір жағынан ептеп қысып, оны сәл жылжытсақ болды, бейне көмескіленеді де, қосарланып көрінеді. Бұл бейненің екі тор қабықтың ұқсас емес нүктелеріне түсуіне байланысты.

Көзді көру аясындағы белгілі бір нүктеге қадауды алты бұлшық ет қамтамасыз етеді, бұл бұлшық еттер бір ұшымен көз шарасына, екінші ұшына көз алмасы бетінің белгілі бір учаскесіне бекінеді. Бұл бұлшық еттердің қайсысының жиырылатынына байланысты көз алмасы әр түрлі бағытта айналады. Нәрестеде екі көздің қозғалысы айтарлықтай үйлесімді болмайды. Кейде бір көздің қозғалысы екінші көздің қозғалысынан кейін қалады да, бала көзін қисайтып қарайды, оның үстіне тіпті бір көзі қозғалмауы да мүмкін. Баланы бақылай отырып, көзқарасының уақыт өткен сайын жанданатынын анықтауға болады. Бұл жағдай екі көзде белгілі бір затты үйлесімді қабылдап, бала оны айқын көретін кезде болады. Егер зат баяу жылжитын болса, бала оның соңынан көзін айырмай қадағалауға тырысады, ал оны көре алмай қалғанда мазасызданып көзін жан – жаққа алаңдатады, затты қайтадан керісімен бұл жағдай қалпына келеді. Туғаннан кейінгі бірнеше күннен соң екі көздің қозғалысы жақсы үйлесімді болады.

Дәріс №3

Тақырыбы: Көру мүшесінің физиологиясы.

Жоспар:


  1. Көру анализаторының негізгі қызметі.

  2. Тор қабығының фотохимиялық реакциялары.

Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе анализаторлар дейді.

Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис – ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады : 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Көру анализаторының құрылысы. Көру анализаторының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол кезден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру анализаторының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.

Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.

Құрылысы бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.



Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық – көз жасын түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып – шайып, тазартып отырады және сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. Дез – құрту, жою + инфекция – лат. жұқтыру) қызмет атқарады. Көз жасының артық мөлшері жас қапшығында қорда сақталып, қажет мезгілінде пайдаланылады. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көз алмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады: жоғарыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай (өте аз шамада).

Көру анализаторының қалған екі топ құрылымдары көз алмасында орналасқан. Көз алмасы – күрделі құрылысты мүше. Ол бас сауытының көз шарасында орналасқан, пішіні шар тәрізді, тек алдыңғы жағы сәл дөңестеу келеді (1 – сурет).

Көздің сыртын тығыз а қ қ а б ы қ қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қ а с а ң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын т а м ы р л ы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат – пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қ а р а ш ы ғ ы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру нерві кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсі ондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін. Соған байланысты қара, көк, қоңыр т.б. көздерді кездестіруге болады. Кей адамдардың пигменті мүлде болмайды. Ондай адамның (альбиностың) көзі қызыл болады.

Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Бұл арнайы сұйық көз бұршағын қоректендіруге (көз бұршағының қан тамырлары болмайды), шыны тәрізді денені толықтыруға пайдаланылады. Көз бұршағы екі жақты дөңес келген мөлдір қапшықтың ішіндегі өте мөлдір қоймалжың зат. Көз бұршағының орта тұсы шетіне қарағанда тығыздау. Оның қапшығы тарамыс арқылы жоғары және төменгі жағынан бекітілген. Ол тарамыстарды Цинн тарамыстары дейді. Цинн тарамыстары көз бұршағының дөңестелуін реттейді.

Ішкі торлы қабығының құрылысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады. Фоторецепторлар торлы қабықтың бойында орналасқан. Саны 137 миллион, оның 130 миллионы таяқша, ал 7 миллионы — сауытша клеткалар. Торлы қабықтың дәл ортасында сары дақ бар. Онда тек сауытша тәрізді фоторецепторлар болады. Сары дақ пен оның дәл ортасында терең орналасқан сауытша клеткалары түсті жарық сәулелеріне сезімтал келеді. Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді рецепторлар көп болады. Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар ымыртта жарық аз кезінде түссіз жарық толқындарын қабылдайды. Осыған байланысты сауытша тәрізді клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді клеткаларды түнгі көру рецепторлары деп санайды. Жарық сәулелерінің әсерінен фоторецепторларда түрлі физикалық және химиялық өзгерістер туады.

Көздің торлы қабығы:

Көзді қорғаушы құрылымдары мен оптикалық жүйе. Қабақ пен кірпіктер қорғаныс қызметін атқарады. Көзге қауіп төнгенде рефлекторлы түрде көз жұмылып, қабақ пен кірпік нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Көз жұмылғанда көз жасы көз алмасын суландырады да оны құрғап, кеуіп қалудан сақтайды. Көз жасы өте мөлдір арнайы сұйық. Ол көз жасы безінде түзіледі. Оның 97,8 % су, 4,4% органикалық заттар, 0,8% түрлі тұздар. Бұл сұйық көздің қасаң қабығын ылғалдандырып, оның мәлдірлігін сақтайды, зақымдайтын заттарды шайып тастап отырады. Бұған қоса, оның құрамындағы дезинфекциялық заттар микробтарды өлтіріп, оларды жояды.

Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі – негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қәшықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең. Жарық сындыру күші артқан сайын фокустық қашықтық азаяды.

Әрбір жарық сындырғыш аппараттың қабілеті, құрылысы әртүрлі екенін ескерсек, бұл жүйенің күрделілігін түсінуге болады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабығы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустық нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.

Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады. Алыста немесе жақында орналасқан заттарды қарағанда көз бұршағының әлпеті өзгеріп, жарық сәулелерін торлы қабыққа фокустық нүктеде жинап, заттың бейнесін дұрыс көрсетеді. Жақындағы затты қарағанда көз бұршағы дөңестеледі, ал алыста орналасқан затты қарағанда –жақындатады. Бұл көз бұршағының Цинн тарамыстарының аккомодациялық еттерін босатып немесе тартуы арқылы жүзеге асады.

Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қәбілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа – одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді дене кебе бастаса да, көру қабілеті төмендейді. Оның 1/3 бөлігі жойылса, көздің көру қабілеті жойылады, ал одан аз мөлшері кемісе, көздің камераларының сұйығы арқылы толтырылады. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттың бейнесі аударылып көрінеді. Сондықтан да кішкентай бөбектер май шамның отына қызығып, қолын созып ұстағанда ол отты емес, май шамның өзін ұстайды.

Көздің торлы қабығындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.

Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды. Дальтониктер бәрлық түсті заттарды сұр немесе қоңыр түсте қабылдайды. Бұл кемшілік әрбір 100 азаматтардың 4 – 5 ер адамында байқалады. Әйелдерде бұл кемшілік өте аз кездеседі, не бары 0,5 % ғана.

Көру анализаторының жас ерекшелігі. Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2 – 4 граммдай ғана. Бұл ересек адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6 – 8 г. Алғашқы жылы көз алмасы көз шарасынан жылдамырақ еседі де баланың көзі үлкен болып көрінеді. 3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90% болады. 6 жаста ересек адамның көзімен теңеседі. Дегенмен көз шарасының алдыңғы – артқы диаметрі ересек адамның көзінің 95% ғана болады, яғни сол жалпақтау келеді. Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді.

Көз жасының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3 – 5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзінде бірдей емес, тіпті бір көзін жұмып, екінші көзін ашуы да мүмкін. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар болады. 2 айға толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады, яғни сәйкес қимылдай бастайды. Көзге затты жақындатқанда баланың екі көзін бірдей жұмуы тек 1 жасқа жақындағанда сәйкестеледі. 2–3 жаста көздерінің қозғалысы толық үйлеседі.

Жаңа туған нәрестенің қ а р а ш ы ғ ы ете жіңішке – диаметрі 1,5 мм ғана. Екі көзінің қарашығы тек қана 1 айға толғанда сәйкестеліп, қарашық рефлекстері пайда болады. 3 – 6 жаста көзінің қарашығының диаметрі ересек адамның қарашығымен теңеседі. Дегенмен қарашық рефлекстері мектеп жасына дейін нашар болады да, бастауыш сынып оқушыларында толық жетіледі. Баланың жарыққа деген рефлексі алғаш кезде тек қана қорғаныс қызметімен шектеледі. Оларда жарықтан қорғану мен бағдарлау қабілеттері ғана байқалады. Жарықтың әсерінен қарашықтың кішірею диаметрі 1 айда 0,9 мм, 6 – 12 айда – 1,2 мм, 2 – 6 жаста 1,5 мм, жоғарғы сынып оқушыларында ересектермен бірдей – 1,9 мм болады.

Баланың көзінің қозғалысы тек 1 айға толғанда ғана дұрыс бағыттала бастайды. Затқа көзін тігіп қарау қабілеті алғашқы 3 – 5 айға дейін қалыптасады. Бұл мезгілде затқа қарау ұзақтығы 1 – 1,5 минут, 3 айда 7 – 10 минут, тек 3 – 7 жастың арасында толық жетіледі. Баланың алғашқы жылғы өмірінде оның көз алмасының алдыңғы – артқы диаметрі ересек адамның көзінен 25 – 35% қысқа келеді, сондықтан заттың бейнесі торлы қабықтан асып фокусталады. Табиғи алыстан көру қабілеті 1 жасқа дейінгі балаларда байқалады.

Баланың көзінің қасаң қабығы ересек адамнан гөрі дөңестеу, көз бұршағы серпімділеу болады. Қасаң қабық пен көз бұршағының арасы ересек адамның көзімен салыстырғанда жақындау орналасқан. Сондықтан жарық сындыру қабілеті күштірек. Бұған байланысты көздің айқын көру нүктесі 1 жасқа дейінгі балада не бары 4 см болып, көзі жетілген сайын алыстай береді. 10 жаста ол 7 см, 20 жаста – 8,3 см, 30 жаста 11 см, 40 жаста 17 см, 50 жаста – 50 см, 60 жаста 80 см болады. Яғни ересек адамның көзінде жасы ұлғайған сайын алыстан көру қабілеті дами бастайды. Айқын көру нүктесі деп заттың анық дәл көріну қашықтығын айтады.

Көз бұршағының аккомодация күші жасына лайық өзгереді: 1 жаста 25 диоптрия, 3 жаста – 20, 5 – 6 жаста – 15, 7 – 15 жаста – 12, ересек адамда 10 диоптрияға тең.

Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды. Сауытша клеткалары мен таяқша клеткалардың диаметрі кішкентай болады және бір – біріне жақын. 2 жастан әрі қарай баланың фоторецепторлары жетіле бастайды да, заттың түсін анықтай алады. Ең алдымен сары, сосын жасыл, қызыл, көк түсті заттардың бояуын, кейіннен басқаларын анықтайды. Сауытшалар 3 жаста толық қызмет атқара бастайды. Дегенмен 3 жасқа дейін олар нашар жетіледі, диаметрі кішкентай, бір – біріне жақын тығыз орналасады. 4 – 6 жаста балалар барлық түсті айырады, бірақ тәжірибесі аз болғандықтан, ересек адаммен салыстырғанда заттың түсін тану қабілеті нашарлау келеді. Бұл мезгілде бала затты қарағанда ең алдымен оның пішінін, содан кейін мөлшерін, ең соңында түсін анықтайды. Заттың түсін анықтау қабілеті жыныстық жетілу мерзімінде ғана ересек адамның қабілетіне жақындайды.

Баланың алғашқы 1 – 2 апталық өмірінде көру анализаторының өткізгіш бөлімі жетілмегендіктен, заттың бейнесін анық көрмейді. Ең алдымен көру жүйкесі мен сопақша мидағы оның туйіспесі қалыптаса бастайды, содан соң мидағы төрт төмпешік жетіледі. Теөт төмпешік ми қыртысындағы орталық бөлімге қарағанда жылдам жетіледі. Алғашқы 1 жылдың өзінде өткізгіш бөлім қозу импульстерін орталық бөлімге таси бастағанымен, төмпешіктердегі нейрондар толық жетілмегендіктен көру қабілеті нашар болады. Өткізгіш бөлімнің қызметі тек қана 10 – 14 жаста толық жетіледі. Бірақ бұл кезде жүйке жолдары жіңішкелеу келеді.



Дәріс №4

Тақырыбы: Көру мүшесінің патологиясы.

Жоспар:


  1. Көздің дамуының аномалиясы.

  2. Дальтонизм

  3. Қылилық

Бала өмірінің алғашқы айларында – ақ әр түрлі анализаторлардан – көру, тері, қозғалыс, есту анализаторларынан келетін бір мезгілдегі ақпараттар үлкен ми сыңарлары қыртысында кеңістікте бағдарлай білуге мүмкіндік беретін көптеген шартты байланыстардың түзілу көзі болады. Қолын қимылдату арқылы бала алғашқыда алдында ілулі түрған ойыншыққа кездейсоқ жанасады. Бұл кезде үлкен ми сыңарлары қыртысына қолдың бұлшық еттерінен оның кеңістіктегі қалпы туралы, мойын бұлшық еттерінен – бастың қалпы туралы, көз алмасының бұлшық еттерінен – көру осінің бағыты туралы, тор қабық рецепторларынан – затқа жанасу туралы хабар келеді. Мұндай ақпараттың әлденеше рет қайталануынан кейін үлкен ми сыңарлары қыртысында тиісті шартты байланыстар түзіледі, осының нәтижесінде бала ойыншыққа тигізетіндей етіп қолын қозғалта алады. Алғашқы ойыншықтың қатарында ілулі тұрған екінші ойыншық қолдың қалпы және көру осінің біршама өзгерген ақпарат көзі болады, сондықтан да ойыншыққа тигізу үшін қажет болатын қолдың қозғалысы да өзгерген болып көрінеді.

Баланың есеюіне қарай көру ақпараты барған сайын күрделеніп, жіктеле түседі. Бала затты сипап көріп, оны қолында айналдырады, қысып ұстайды. Аяғы шыға бастаған кезде бала затқа қарай жүреді, оны лақтырып, қайтадан жүреді, сөйтіп кеңістікпен танысуы кеңейе түседі. Осылайша көптеген жаңа байланыстардың түзілуі нәтижесінде бала көру мүшесінің жәрдемімен қоршаған ортаны танып білу мүмкіндігіне ие болады.

Осымен бір мезгілде заттың қашықтау дәрежесін анықтау және оның бөліктерінің көзден әр түрлі қашықтықта болуынан түйсіну қабілеті дамиды. Затқа дейінгі қашықтық жайында көз бұлшық еттері хабар береді. Зат алыс түұғанда екі көздің көру осьтері, яғни көру аясындағы қарайтын нүктені сары дақтың орталық шұңқырымен қосатын сызықтары параллель өтеді. Зат жақындаған сайын оң көз солға қарай, ал сол көз оңға қарай бұрылады. Зат көзге неғұрлым жақын болса, көру осьтері арасындағы бұрыш соғұрлым үлкен болады. Егер бір зат көзден 20 – 30 см қашықтықта, ал екіншісі біріншісінің артқы жағында, көзден 2 – 3 м болса, онда қосарлану деген қызық құбылысты бақылауға болады. Адам екі көзімен бірдей жақын затқа қарағанда оның қашықтағысы қосарланып көрінеді; ал көзқарасты қашықтағы затқа аударғанда жақындағы зат қосарланады. Назар аудармайтын нүктенің бейнесі тор қабықтың ұқсас емес нүктелеріне түсетіндігіне байланысты. Жақын орналасқан нүктеге кез салғанда қашықтағы заттың бейнесі оң көзде орталық шұңқырдың сол жағында, ал сол көзде – оның оң жағында болып шығады. Қолмен бірде оң, бірде сол көзді жабу арқылы бұған көз жеткізу қиын емес: мұнда жабық көз жағындағы нүкте жойылып кетеді.

Алыстағы нүктеге қараған кезде кері көрініс байқалады: жақындағы нүктенің бейнесі оң көзде орталық шұңқырдың оң жағында, ал сол көзде сол жағында болады. Егер бір көзді жабатын болсақ, жабық көзге қарама – қарсы жақтағы нүкте жойылып кетеді.

Адамның көзқарасы бағытталған нүктеден жақын немесе одан қашық орналасқан нүктелердің қосарлануы көруге кедергі жасап қана қоймастан, сондай – ақ белгілі бір дәрежеде нүктеден көзге дейінгі қашықтықты анықтауды жеңілдетеді, ең бастысы, заттың көзден әр түрлі қашықтықта орналасқандығын ажырата білуге мүмкіндік береді. Көз қарашығы арасындағы қашықтық шамамен 60 мм екендігі мәлім. Демек, бинокулярлық көруде, әсіресе зат жайпақ емес және жақын болғанда адам оны екі тұрғыдан, яғни әр түрлі көреді. Мысалы, алдымызда жабық тұрған кітапты бір көз оның тек түбін көретіндей етіп ұстасақ, екінші көз кітап түбімен қатар оның өте қисайған мұқабасын көреді. Көз аясының бұлайша ішінара сәйкес келмеуі жағдайында көрінетін заттың едәуір жақын немесе едәуір қашық учаскелерінен шығатын сәулелердің тор қабықтың ұқсас нүктелеріне түспеуіне байланысты қосарлану құбылысы пайда болуы тиіс еді. Адам бір бөлігі иілген, ал екінші бөлігі дөңес беттегі А нүктесіне қарап түр деп жорамалдайық.

Б нүктесінен шыңқан сеулелер – екі тор қабыққа орталық шұңқырдан солға қарай, В нүктесінен шыққан сәулелер – одан оңға қарай, ал Г нүктесінен шыққан сәулелер – бір көзге ғана түсетінін байқау қиын емес. Сөйтіп, бейнеленген сәулелер барынша қосарланудың орнына әзер байқалады, өйткені олар тор қабықтың ұқсас нүктелеріне – жақын нүктелерге түседі. Мұндай қосарлану көзден қашықтың шамалы ғана өзгерісінің артуы немесе кемуі ретінде қабылданады.

Бала өмірінің алғашқы жылында – ақ көптеген шартты байланыстар түзіледі, осының негізінде тор қабықтағы зат бейнесінің жекелеген учаскелерінің сәйкессіздік дәрежесі фигураның көлемдік көрінісі туралы түсінік береді. 3 – 4 жастағы балалар заттардың көлемдік пішінін көре біледі және едәуір қашықтықта тұрып – ақ геометриялық фигуралардың атауын білмесе де, шеңберді шардан, квадратты кубиктен, үшбұрышты пирамидадан немесе конустан оңай ажыратады.

Көз алмасының өзіне тән ерекшелігі – олардың үздіксіз қозғалыста болуы. Адам тіпті, белгілі бір нүктеге қадала қарағанда да екі көздің көру осьтері бірде бір бағытқа, енді бірде екінші бағытқа қарай шамалы ауытқиды. Көз алмасы қозғалысының толығымен тоқтауы әрбір колбочканың жарық сәулелерінің үздіксіз, біркелкі әсеріне ұшырап, тітіркендіруге бейімделу салдарынан тез арада сезімталдығынан айрылуына әкеп тірейді. Көз алмасының шамалы бірақ үздіксіз қозғалысы кезінде әрбір жеке колбочкаға қарастырылатын заттың ашық нүктелерінен күңгірт нүктелеріне дейін өзгеріп отыратын нүктелерінен шығатын сәулелер әсер етеді. Бұл жағдайда тор қабық рецепторларының айқын көруге қажетті айтарлықтай жоғары сезімталдығы ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін. Көздің мұндай өзіне тән ерекшелігі нәрестелерде жақсы байқалады, бірақ оларда оң және сол көздің қозғалысы нашар үйлестірілген болады.



Көру гигиенасы. Көздің қадала қарауын талап ететін сабақтарды ұйымдастыру. Бала кезі ұзақ уақыт бойы затқа шамадан тыс қадала қарайтын болса, ол жақыннан көргіштікке, ал кейде қылилыққа әкеп соғады. Сондықтан көру мүшелерінің қызметін жеңілдететін жағдай туғызуға зор көңіл болу қажет. Жарық жеткіліксіз болса, сондай – ақ күшті бейімделгіштік (аккомодация) жағдайында көзге көп күш түседі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар шұғылданатын бөлмеде жарықтың жеткілікті болуы және зат бетінен көзге дейінгі қашықтықтың дұрыс сақталуын қадағалап отыру керек: бұл қашықтық 15 – 20 см болғанда көз аз шаршайды. Көз бұлшық еттерінің ұзақ уақыт бойы жиырылуын талап ететін, яғни сурет салу, мүсін жасау, кесте тігу сабақтарында балалардың назарын жақын нәрседен алыстағы нәрсеге аудару үшін мезгіл – мезгіл белгілі бір ескерту жасау немесе көрнекі құралдар көрсету арқылы олардың көңілін бөліп отыру керек.

Диафильмдер мен теледидар хабарларын гигиеналық тұрғыдан алғанда дұрыс ұйымдастыруға ерекше назар аудару қажет. Диафильмдегі кадрлардың саны балалар бақшасының кішкентайлар тобы үшін 20-30-дан, естиярлар тобы үшін 35-40-тан және ересек балалар тобы үшін 40-50-ден аспауы тиіс. 3-5 жастағы балалар үшін бір фильмнен артық көрсетуге болмайды, 15-20 минут, ал 6-7 жастағы балалар үшін жалпы ұзақтығы 20-25 минуттан аспайтын екі фильм көрсету ұсынылады.

Теледидар хабарларын аптасына екі реттен артық көруге болмайды. Теледидарды еденнен биіктігі 1-1,2 м столға орнату керек және тексеру кестесі бойынша алынған бейненің сапасы жақсы болуы тиіс. Бірінші қатардағы орындықтар экранға 2 метрден жақын болмауы, ал соңғы қатардағы орындықтар – 5 метрден қашық болмауы тиіс: олардың аралығына тағы 4-5 орындықтан қояды. Телевизия хабарларының ұзақтығы 3-4 жастағы балалар үшін 10-15 минуттан, ал 5-7 жастағы балалар үшін - 25-30 минуттан аспауы тиіс. Бөлмеде жарқырап тұрған экраннан басқа көрермендердің артқы жағына орналасатын тағы бір жарық көзі болған жөн. Бұл көздің талмауына жәрдемдеседі.

Жарық түсіру. Жарық жеткілікті болғанда ағзаның бүкіл қызметі едәуір қарқынды жүріп, баланың көңіл-күйі жақсарады, белсенділігі мен жұмысқа қабілеті артады. Табиғи, күндізгі жарық ең жақсы жарық болып есептеледі. Жарық жақсы түсуі үшін ойын өтетін бөлменің терезесі әдетте оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа немесе оңтүстік-бастысқа қаратып салынады. Қарама-қарсы үйлер немесе биік ағаштар жарыққа кедергі болмауы тиіс.

Терезенің әйнектелген ауданы неғұрлым үлкен болса, бөлме соғұрлым жарық болады. Ашық күні терезеден ең қашық жердегі жарық дәрежесі 100 лк болатын аудан ең аз норма болып есептеледі. Осыдан келіп бөлменің ауданы неғұрлым үлкен болса, терезелердің жарық өткізетін беті соғұрлым үлкен болуы тиіс деген қорытынды шығады. Терезенің әйнектелген бетінен еденнің ауданына қатынасы жарық коэффициенті деп аталады. Ойын өтетін бөлме үшін қалаларда жарық коэффициентінің мөлшері 1:4 және 1:5 болып, ал құрылыстарды әдетте барлық жағынан ашық жерлерде салатын ауылдық жерлерде -1:5-ке - 1:6-ға болып қабылданған. Басқа үй-жайлар үшін жарық қоэффициенті кемінде 1:8 болуы тиіс.

Терезеден алыстаған сайын табиғи жарықтың мөлшері кеми береді. Жарық жеткілікті түсуі үшін үй-жайдың түпкі жағы еденнен терезенің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтықтың екі еселенген шамасынан артпауы тиіс. Егер бөлменің түпкі жағына дейінгі қашықтық 6 метрге тең болса, терезенің жоғарғы шеті еденнен 3 м биік болуы тиіс.

Жарықтың 30% дейінгі мөлшерін сіңіре алатын гүлдер де, бөгде заттар да, терезе перделері де балалар шұғылданатын бөлмеге жарықтың өтуіне кедергі жасамауы тиіс. Ойын өтетін бөлмелерге ашық, жақсы жуылатын маталардан тігілген ені тар перделерді ғана ілуге болады, олар шығыршыққа бекітіліп, терезелердің шетіне орналастырылады және олар бөлмеге тікелей түсетін күн сәулесін тікелей шектеу қажет болғанда қолданылады. Балалар мекемелерінде күңгірт және бормен боялған терезе шыныларын пайдалануға болмайды. Әйнектердің тегіс, жоғары сапалы болуын қарастыруы қажет.

Балалар бөлмелеріне жарық жақсы түсуі үшін қабырғалар мен жиһазды жарықты барынша көп шағылыстыратын ашық түске бояйды. Қабырғаның жиі ластана беретін төменгі бөлігін еденнен 1-1,5 - 1,8 м ыстық судың, сабын мен дизенфекциялаушы ерітінділердің әсеріне төзімді ашық майлы бояулармен сырлайды. Қабырғаның қалған бөлігін желімді бояумен бояп, бөлменің төбесін ақтайды.Жасанды жарық түсіру үшін әдетте электр қуатын пайдаланады. Еденнен 2,8 – 3 м деңгейде екі қатар етіп ілінген әрқатарда 4 лампыдан, әрқайсысының қуаты 300 Вт 8 лампы ауданы 62 м 2 топ бөлмесіне жеткілікті жарық береді. Ауданы 70 м 2 ұйықтайтын бөлмеде әрқайсысының қуаты 150 Вт келетін 8 лампы болуы керек. Сонымен қатар ұйықтайтын бөлме мен оған жанасатын дәліздер көк түсті лампылардық жәрдемімен түнде қосымша жарық берілуі қажет. Лампылар олардың жарығын бәсеңдетіп, шашыраңқы жарық беретін арматураға орналастырылуы тиіс. Арматурамен шектелген тікелей жарық жұмыс қабілетін кемітіп, көзді өте қарықтырады, айқын көлеңке түсіреді. Мәселен, тікелей жарықта тұла бойдың көлеңкесі жұмыс орнына түсетін жарықты 50% , ал қолдың көлеңкесін тіптен 80% - ға кемітеді.

Жарықтың күндізгі жарық деп аталатын люминес-центтік көзінің әдеттегі электр жарығынан айтарлықтай артықшылығы бар. Люминесценттік лампылардың жарық нормасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жарық қайтарымы мол болады. Олардың спектрі өзінің көрінетін бөлігінде табиғи жарықтың спектріне жақын болады; сонымен қатар олар айқын көлеңке түсірмейтін шашыраңқы жарық береді. Люминесценттік жарықта электр энергиясын тұтыну, сондай қарқындағы электр жарығындағы тұтынудан 3 есе дерлік кем болады.

Жарық көздері мен үй-жайларға тиісті күтім жүргізілмесе табиғи және жасанды жарықтан көздеген мақсатқа жетуге болмайды. Мәселен, бетіне мұз қатқан әйнек жарық сәулесінің 80 пайызға дейінгі мөлшерін сіңіреді, лас өтетін жарықтың мөлшерін 25 пайыздан артық кемітеді. Пайдалану барысына қарай электр лампыларының қуаты едәуір төмендейді. Сондықтан терезелер мен арматуралардың әйнектерін, сондай-ақ үй-жайдың өзін, оның қабырғалары мен төбесін үнемі күтіп ұстау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет