Дәрістің жоспары: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі



Дата13.09.2020
өлшемі18,23 Kb.
#78454
Байланысты:
өлшем бірлігі
Информатика 250 сұрақтар, user file 568bbcd028f0d (1), .Крахмал

Дәрістің жоспары:

1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі.

2 Негізгі міндеттері мен нысандары.

3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы.

 

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілерді, нормаларды, құралдарды және әрекет (қызмет) түрлерін басқарудың мемлекеттік жүйесі.



Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесін құруға себеп болған мыналар:

біріншіден, өлшеулер адамзат әрекетінің ең жаппай жүргізілетін «өнімі» болып табылады, және оларға сұраныс жылдан жылға ұлғайып келеді;

екіншіден, өлшеулер адамзаттың өте маңызды әрекеті болып табылады және олардың сапасына (яғни дәлдігіне) қойылатын талаптар үнемі өсіп келеді;

үшіншіден, халықаралық ынтымақтастың дамуы (сауда, ғарышты игеру жөніндегі бірлескен бағдарламаларды әзірлеу, медицина, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара сенімділікті талап етеді.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін құқықтық, нормативтік, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық жағдаылар жасау болып табылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттері:

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді басқарудың оңтайлы принциптерін зерттеп дайындау;

- шама бірліктерінің эталондар базасын құру және жетілдіру;

- метрология облысында негізгі түсініктер, терминдер мен анықтамаларды тағайындау;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны құру және жетілдіру;

- метрология облысындағы ережелер, нормалар мен талаптарды халықаралық, мемлекетаралық, аумақтық ұлттық ережелер, нормалар және талаптармен гармонизациялау;

- өлшеулер облысын ақпаратпен қамтамасыз ету.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілері болып табылады:

- шама бірліктері;

- шама бірліктерінің эталондары;

- өлшем құралдары;

- өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар;

- өлшеулерді орындау өдістемелері;

- нормативтік құжаттар.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілеріне қысқаша тоқталайық.



Шама бірліктері. Қазақстан Республикасы территориясында Халықаралық SI бірліктер жүйесі қолданылуға рұқсат етілген. ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитеттің шешімі бойынша SI жүйесініне кірмейтін шама бірліктерін қолдану рұқсат етілуі мүмкүн.

Шама бірліктерінің Мемлекттік эталондары өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін құрайды. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін ұдайы қайталау және сақтау үшін арналады және Қазақстан Республикасы территориясында шама бірлігінің өлшемлерін басқа өлшеу құралдарына беру мақсатында бастапқы құрал ретінде қолданылады.

Өлшеу құралдары бірліктері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды анықтау үшін қолданылады және өздеріне қойылатын талаптарға және қолдану жағдайларына сай болуы керек.

Тапсырма№ 1 Кестені толтырыңыз

ҚР өлшем туралы заңы

ҚР жалпы ереже

ҚР өлшем шама эталоны






































Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет