ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс



бет4/6
Дата25.12.2016
өлшемі1,18 Mb.
#4548
1   2   3   4   5   6

3.6 Қазақстан өнері


Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы деп – Қаратау тау шатқалдында салынған жануарлар суретін айтуға болады. 1970 жылы Есік қаласына таяу жерден біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда жерленген сақтың («Алтын Адам») жас әскери адамы табылған.

Есік қорғанынан алтыннан жасалған 4 мыңнан астам өнер шығармалары табылған. Бұл дүниежүзілік мәдениетке қосылған баға жетпес олжа. Қарғалы қоймасынан «аң стилінде» жасалған қозғалыс күйіндегі бұғы, құс, қанатты пырақтар және айдаһар кескіндерінен тұратын үйсін диадемасы табылған.

Декорактивтік қол өнер туындыларына Отырардың өте әдемі ою- өрнектеліп балшықтан жасалған ыдыстары жатады. Бұл дәстүр, яғни, киіз үйлер мен тұрмысқа керекті заттардың әшекейлі оюлармен өрнектелуі бүгінгі күнге дейін сақталып келеді.

Киіз үйдің негізгі сәні ою-өрнекпен тамаша өрнектелген текеметтер болған.

Қазақстан кескіндемесінің тарихы Қазақстанға орыс суретшілері /олардың ішінде В. Штенберг (1818-1845), А. Гронович (1818-1889), В. Верещагин (1842-1904), және басқалар/ келген кезеңде, XIX ғасырда аяқ ала бастады. Олар қазақтардың тұрмыс тіршілігін сипаттайтын суреттер салған. Орыс суретшісі Николай Хлудов (1850-1935) Одессаның көркемсурет мектебін бітірген соң 50 жыл Қазақстанда тұрып, өзінің бар өнерін оның жері мен адамдарына арнаған. Оның жұмыстарының ішінде атақты «Киіз үйде», «Көш» шығармалары бар.

Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі Әділхан Қастеев (1904-1973) болады. Оның шығармашылығы сан қырлылығымен ерекшеленеді. Ол тарихи тақырыпта да, кескіндеменің әр түрлі жанрында да портреттер мен пейзаждар жасады.

XX ғасырдың 20-30 жылдары ағайынды Құлахмет, Қожахмет Қожықовтардың шығармашылық өрлеуі басталды. Бұл кезеңде олар бірнеше белгілі графикалық жұмыстарын жазды. Қазақстанның басқа да атақты суретшілері мен графиктерінің ішінен Қ. Қисаметдиновты, И. Исабаевты, А. Гурьевті, А. Рахмановты және т.б. атап айтуға болады.
Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

олжа – күтпеген жерде пайда болған көлденең табыс

бұғы – күйіс қайыратын, сүтқоректі айыртұяқты, сала мүйізді ірі аң, тау, орман жануары

пырақ – қиял-ғажайып ертегілерде, эпостарда кездесетін қанатты тұлпар

айдаһар – ыстық жақтардағы суларда болатын алып жылан

текемет – бетіне әртүрлі ою-өрнек салынып басылған бағалы киіз

кескіндеме – белгілі бір нәрсенің бет-әлпетін, кейпін бояумен түсіретін бейнелеу өнерінің бір түрі

кәсіпқой – белгілі бір мамандықпен, кәсіппен шұғылданушы адам; профессионал


Сұрақ-тапсырмалар


  1. Ұлттық өнер туралы не білесіз?

  2. Өнер, өнеркәсіп, өнерлі, өнерпаз, өнертапқыш сөздерін

қалай түсінесіз?

  1. Сіз өнердің қай түрін ұнатасыз? Өз ойыңызбен бөлісіңіз.

  2. Кереку өңірінен шыққан танымал өнер қайраткерлерін

білесіздер ме? Олар кімдер?
Шеберлік, ұсталық туралы:

  1. Ата өнері – балаға мұра;

  2. Күшіңе сенбе, ісіңе сен;

  3. Өнерлі өрге жүзер;

  4. Шебердің қолы көпке ортақ;

  5. Шеберді шеге қағысынан таны;

  6. Қолың ұста болсың, сөзің қысқа болсын.

3.7 Қазақстан табиғаты


Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі орасан зор көлемде бар деуге болады.

Қазақстандағы ең ірі өзендер – Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл. Қазақстан аймағының ауқымдығына қарай ауа райы әр түрлі болып келді. Барлық территория үшін ортақ сипаттама ол – жердің қуаңдығы мен континенталдылығы.

Қазақстандағы ең биік шың республикамыздың оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань тауындағы Хан Тәңірі шыңы болып табылады.

Қазақстанда 158 түрлі сүтқоректілер, 485 түрлі құстар, 15-ке жуық балықтар мен көптеген жануар – жәндіктер кездеседі. Қазақстанның өзіне тән өсімдіктері сан-алуан, әрі бай. Мысалы, бір ғана дәрі жасайтын өсімдіктің өзі 150-ге жуық. Қазақстанда мемлекеттік қорық бар.

Көптеген жануарлар мен өсімдіктер өкіметтің қамқорылығында. Олардың ішінде Алматы қаласының рәмізіне айналған тау барысы мен Республика байрағында бейнеленген нұрлы болашаққа самғап бара жатқан елді көрсететін бүркіт те бар.
Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

қазба байлықтар – жер қойнауынан қазылып алынған кең руда, әртүрлі металл

жердің қуаңдығы – жауын-шашынсыз, жер беті сарғайып кетуі

шың – таудың ұшар басы, биік жері

сүтқоректілер – сүтпен қоректенетін, жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар

қорық – сирек кездесетін аңдар мен жануарларды, құнды өсімдіктерді қорғап өсіретін арнаулы аймақ

барыс – қара дақтары бар, мысық тұқымдастарына жататын жыртқыш аң

бүркіт – таулы, далалы жерлерді мекендейтін тегеурінді, имек тұмсық жыртқыш құс

Сұрақ-тапсырмалар


  1. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіз?

  2. «Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Сабындыкөл», «Шайтанкөл»

атаулары туралы қандай аңыз білесіздер?

  1. Табиғат, табиғи сөздеріне түсінік беріңіз.

  2. Қазақстанның мемлекеттік қорықтары туралы не білесіз?

  3. Аң, құс атауларын атаңыз.

3.8 Қазақтың көне қалалары

Отырар IX ғасырдағы iрi қала болған. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тұрбанд аттарымен да белгiлi. X ғасыр география жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. XV ғасырда Отырар Арал бойындағы көшпелi тайпалармен сауда жасайтын орталық Иран мен Орта Азиядан Сiбiрге, моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды.

1218 жылы Хорезмшах Мұхаммедтiң Отырардағы билеушiсi. Қайырханның әмiрiмен Шыңғысханның керуендегi көпестерi өлтiрiлдi. Бұл моңғолдардың Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгiлi. Моңғол шапқыншылығынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырылды, тiрi қалғандары Моңғолияға айдалды. Бiрақ 1219 жылғы апаттан кейiн Отырар қайта жанданды. Жошы ұлысы құлағаннан кейiн Отырар Темiр мемлекетiнiң құрамына кiрдi. Темiр мұнда бiрнеше рет болып, 1405 жылы осында қайтыс болды .

XVI ғасырдың 2-жартысынан қала қазақтардың билiгiне бiржолата көшiп, шамамен XVIII ғасырдың басына дейiн өмiр сүрген.


Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

әмір – бұйрық, жарлық, үкім

көпес – меншігінде сауда жасайтын кәсіпорны бар бай саудагер

шапқыншылық – басқыншылық, шабуылдау

апат – ел басына түскен төтенше қауіп-қатер, ауыр жағдай

мемлекет – арнайы рәміздері бар тәуелсіз ел

қырғын – қиян-кескі ұрыс, қан төгіс

ұлысмемлекет
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Берілген тақырып бойынша өз ойларыңызды айтыңыздар.

  2. Қазақстанның көне қалаларының қазіргі кездегі орны.

3. Ежелгі жер-су, ел атауларының қазіргі атауларын атаңыздар.

4. Қала, әдебиет, өмір сөздерін жекеше және көпше түрде

жіктеңіз.

3.9 Алматы

Алматы – Қазақстанның оңтүстік астанасы, әлемдегі ең әсем қалалардың бірі. Ол Хан-Тәңірінің сілемдері Алатаудың етегіне орналасқан. Қала төбесінен төнген қарлы шыңдардың биіктігі теңіз деңгейімен есептегенде төрт мың метрден асады.

Алматы – бау-бақшалы қала. Бұл тек мәдени ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның өнеркәсіп, қаржы және саяси орталығы. Қалада Медеу мұз айдыны, Көктөбе аспалы жолы және көптеген мұражайлар, театрлар, парктер т.б. көрікті орындар бар. Өзгені қайталамайтын қала сәулеті – жаңа және ескі алаң, «Қазақстан», «Достық» қонақ үйлері, цирк, Мұхтар Әуезов атындағы тетр т.б. ғимараттар қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырады.

Алматы қаласының көне тарихы бар. Алматы 1853 жылы пайда болды. Ол кезде бұл Верный деп аталатын бекініс қала болатын. Ұзақ уақыт бойы қала орысша «Алма-Ата» – «Алманың атасы» деп аталып келді. Алматының өте ірі, аса дәмді, шырынды апорттары Еуропаға кеңінен мәлім.

Алматы – халқының қонақжайлылығымен есте қалатын, болашағы зор қала.
Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

сілем – ұзынан-ұзақ созылып жатқан тау жоталарының аласарып, таусылар жері, жоталардың жалғасы

өнеркәсіп – халық шаруашылығының шикізатты өңдейтін және одан жаңа бұйымдар жасайтын саласы; кәсіпорын

қаржы – ақша, қаражат, пұл

саясат – белгілі бір мүдделерді қорғауға бағышталған, ел басқарудағы ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың әрекеті, ұстаған бағыты

ғимарат – сәулетті құрылыс

бекініс – сыртқы қоршалған қамал, қорған

мәлім – аян, белгілі, анық

Сұрақ-тапсырмалар


  1. Қазіргі Алматы жайлы не айта аласыз?

  2. Қазақстанның басқа да қалалары туралы не білесіз?

  3. Алматы туралы қандай ән, өлең білесіздер?

  4. Мәтіннен омоним, антоним, синоним болатын сөздерді

тауып, мысал келтіріңіз.

  1. Сын есімнің шырайларын тауып ажыратыңыз.




Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
buuk -> Мамандық «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің тәжірибе жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет