Диалект сөздер. Диалект сөздердің ерекшелігі



бет1/2
Дата24.04.2017
өлшемі397,88 Kb.
  1   2
Қарағанды қаласының білім бөлімі

Жалпы білім беретін N 77 мектеп - балабақша кешені


Ашық сабақтың тақырыбы:



Диалект сөздер.

Диалект сөздердің ерекшелігі

Өткізетін: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Копбалина Галия Сериковна
Қарағанды - 2014

Мерзімі: 17. 01.14.

Сыныбы: 5 «А»

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Диалект сөздер. Диалект сөздердің өзіндік белгілері

Мақсаты:


Білімділік: диалект сөздер, олардың әдеби тілдегі баламасымен салыстырғандағы ерекшелігі жөнінде мәлімет бере отырып, практикалық жұмыстар жүргізу арқылы өтілген тақырыптарды пысықтау, сөздік құрам бойынша білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын, таным-түсінігін дамыту. Сөз мағынасын дұрыс түсініп, орынды пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: алғырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес, саяхат сабақ.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: топтық жұмыс, сөздікпен жұмыс, сатылай кешенді талдау.

Көрнекілігі: сурет, кеспе қағаздар, карта-сызба, интерактивті тақта (слайд), бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: география


Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, назарын сабаққа аудару. Сыныпты үш топқа бөліп, топ басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.



  • Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін сабақта үш топқа бөлініп саяхатқа шығамыз. Әр топ өзінің топ басшысын сайласын. Сендерге «саяхат картасы» беріледі. «Сиқырлы сөздер» қалашығына бірінші болып жету үшін берілген тапсырмаларды шапшаң әрі дұрыс орындауымыз керек. Сабақтың кезеңдері бағалау парағында көрсетілген, әр кезең сайын өз жұмыстарыңды бағалап отырыңдар. Кезең сайын алған бағаларыңның қосындысы қаншалықты жол жүріп, қандай орында келе жатқандарыңды анықтайды. Өз жұмыстарыңа сын көзбен қарап, әділ бағалаңдар.

Бағалау парағы (1-топ)



Оқушының аты-жөні

«Сызбаны сөйлет»

«Ой жинақта талдаумен»»

«Қай сөз артық?»

«Ғажайып кітап»

1

Айтмағанбет Сағина













2

Қасенов Әділхан













3

Рахымжан Айзада













4

Даулетханова Камила













5

Наурызбай Биназ













6

Абдрахманова Жадыра













7

Мейрамов Диас













8
















Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Өткен тақырыптарға шолу жасау.

  • Осы уақытқа дейін лексика саласы бойынша сөздің сан алуан мағыналық түрлерімен, топтарымен таныстыңдар. Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, сол өткен тақырыптарға шолу жасап, еске түсіріп алайық. Үш топқа үш түрлі тақырыбы жазылған бос кесте беріледі, бірлесе отырып тақырыппен байланысты сөздің мағыналарын жазып, әр түріне бір мысал келтіріңдер.




  1. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары

атауы

Мысал

  1. Тура мағына




  1. Ауыспалы мағына




  1. Көп мағыналы сөз




  1. Омоним




  1. Антоним




  1. Синоним







  1. Сөздің қолданылу немесе тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық мағыналары

атауы

Мысал

  1. Табу




  1. Эвфемизм




  1. Дисфемизм




  1. Тұрақты тіркес




  1. Мақал




  1. Мәтел







  1. Қазақ тілінің сөздік құрамы

атауы

Мысал

  1. Байырғы төл сөз




  1. Кірме сөз




  1. Тарихи сөз




  1. Архаизм




  1. Жаңа сөз





Тақырыпты меңгерту кезеңі:

  1. «Миға шабуыл» стратегиясы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, осымен сөздің жаңа мағынасын, тобын түсініп, сырын ашу үшін жолға шықтық. Қазақ тіліндегі сөздер қолданылу өрісі жағынан әр түрлі болып келеді. Бір сөздер бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті болса, кейбір сөздерді белгілі бір ортадағы адамдар ғана пайдаланады, түсінеді. Соған орай сөздерді екі топқа бөлеміз: жалпылама лексика, қолданылу өрісі тар лексика (яғни сөздер).




Жалпылама лексика

Қолданылу өрісі тар лексика

Қазақ тілінің лексикасы

Кәсіби (терминдік) лексика

Диалектикалық лексика



  • Бір тілде сөйлейтін адамдардың барлығына түсінікті сөздерді жалпылама лексика дейміз. Ал қолданылу өрісі тар лексика дегеніміз барлығымызға бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер. Ол қандай сөздер екен? Тақтадағы бейне түсірілімді көре отырып, үнтаспаға құлақ түрейік. Мәтіннен өзімізге түсініксіз сөздерді теріп жазайық.

Бейне түсірілімде мәтінмен байланысты суреттер көрсетіледі.

Мәтін


Бес жасар Бейсенбай азанда ерте тұрып, бақшадан екі-үш бәдірен үзіп алып, дәу тамның артындағы әткеншекке жайғасты. Кенет әулінің дарбазаға тақау бұрышындағы тауық кепеден біресе мекиеннің, біресе қораздың жарыса шыққан дауыстары естілді. Ол әткеншектен секіріп түсіп, солай қарай тұқым алуға беттеді.

Азан – таңертең

Бәдірен – қияр

Дәу – үлкен

Там – үй

Әулі – аула

Дарбаза – қақпа

Кепе – күрке, тауық қора

Мекиен – тауық

Тұқым – жұмыртқа

  1. «Таным» бекеті

  • Балалар, бұл Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін сөздер. Бұл сөздердің бізге түсініксіз болатын себебі олардың әдеби тілде баламалары бар. Біз сол әдеби тілдегі баламаларын қолданамыз. Ал мына сөздерді сол аймақтың тұрғындары күнделікті тұрмыста ішінара өздері ғана пайдаланады. Бір тілде сөйлейтін адамдардың жаппай қолданатын сөздеріне жатпайтын болғандықтан оларды қолданылу өрісі тар лексикаға жатқызамыз. Бұл – диалект сөздер деп аталады. Сонымен бірінші бекет – «Таным» бекетіне келдік.




  1. Каталог: materialy -> kazak%20tili
    kazak%20tili -> «Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын
    kazak%20tili -> Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) Сәлемдесу; Назарды сабаққа аудару
    kazak%20tili -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
    kazak%20tili -> Етістік туралы түсінік оқО, ТҮркістан қаласы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, молда мұса атындағы жалпы орта мектебінің
    kazak%20tili -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Дауыссыз дыбыстарды қайталау»
    kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Көктемде. Мезгіл үстеу Сабақтың мақсаты
    kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы : Ауыл. Дейін шылауы. Сабақтың мақсаты Дейін шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсіндіру
    kazak%20tili -> Сабақтың типі; аралас сабақ. Сабақтың түрі; сайыс сабақ
    kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ғалымдары. Етістіктің райлары мен шақтары
    kazak%20tili -> 1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет