Диалект сөздер. Диалект сөздердің ерекшелігі



бет2/2
Дата24.04.2017
өлшемі397,88 Kb.
#14979
1   2

«Сөздер сыры» бекеті

«Ой жинақта талдаумен»

  • Үш топ бір-бірімен кеңеспей Қазақстанның үш аймағына бөлініп кетті:

1-топ: Солтүстік Қазақстан

2–топ: Оңтүстік Қазақстан

3-топ: Шығыс Қазақстан

Сол аймақ тұрғындарының ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін сөйлемдер беріледі. Сөйлемнен диалекті сөздерді тауып, «Диалектологиялық сөздік» арқылы мағынасын анықтап, «Түсіндірмелі сөздікті» пайдалана отырып сатылай кешенді талдау әдісімен сипаттама беру керек.



Кеспе қағаздағы мысалдар:

1-топ: Оңтүстік Қазақстан облысы

Абжауқын ауқаттың үстінен келдіңдер, дастарқанға отырыңдар. (Жамбыл облысы, Қордай ауданы) Осы арада қырғауыл жық. (Алматы, Кеген ауданы) Осы колхоз түгелдей дерлік шипрлі там салуда. (Қызылорда, Сыр)


  • Абжауқын – аз

  • Ауқат – ас

  • Жық – көп

  • Там - үй

2-топ: Солтүстік Қазақстан облысы

Оспанның үйі үш көшенің адағында.(Орынбор, Қостанай) Ана белдемпаяның астында мал жатыр.(Қостанай) Онікі әшейін бостақ сөз ғой! (Қостанай, Жангелдин)


  • Адағы – аяғы, соңы

  • Белдемпая – қыр, белес

  • Бостақ – бос, жай

3-топ: Шығыс Қазақстан облысы

Бардамдырақ бір кісі қайтыс болған екен. (Шығыс Қазақстан, Тарбағатай) Оның үйі тараң болғанымен, пейілі кең. (Семей, Абай ауданы) Қартайған адамның қырпы кете бастайды. (Шығыс Қазақстан, Тарбағатай)


  • Бардамдырақ – бай, ауқатты

  • Тараң – тар

  • Қырпы – әл, күш, қуат



-Сөздіктен әдеби тілдегі баламасын анықтап, дәптерге сатылай кешенді талдау әдісімен сипаттама бергеннен кейін, бір сөзді тақтаға жазыңдар, қалғанын оқып, тексертіңдер.

Мысалы:

  • Әйдік – диалект сөз

  • Әдеби тілдегі баламасы үлкен

  • Тура мағынасы - заттың көлемін білдіреді, аумақты

  • Ауыспалы мағынасы адамның жасына байланысты. Үлкен кісі, үлкендер келді

  • Сөздің көп мағыналылығы: 1. үлкен үй; 2. үлкен кісі 3. үлкен іс - айтулы, елеулі

  • Омонимі: жоқ

  • Синонимі: үлкен, ірі, зор, аумақты, дәу

  • Антонимі: үлкен – кіші

  • Тұрақты тіркес: үлкен үй – қара шаңырақ, үлкен есеппен жасады

  • Мақал: Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без.

  • Мәтел:




  • Жүйелі талдаудың нәтижесінде ғана адасқан оқушылар қайта бір-бірімен кездесті.


Сергіту сәті

-Балалар, тақтаға назар аударыңдар! Сергіту сәті ретінде «Қай сөз артық?» ойынын ойнайық. Шеңбердегі сөздер бір ережеге бағынуы керек. Ережеге бағынбағанын шығарып тастайық. Ал, қане, бастайық!

Қай сөз артық?


әдемі – әсем

үлкен – кіші

суық - жылы


жақсы – жаман

түзу – қисық

көз - құлақ


есік – жаңа

ақыл – ес

қатты - жұмсақ




Тез, жылдам, шапшаң, жүгір, лезде


Ас, тамақ, үстел, дәм, тағам


Ғажап, салмақты, сабырлы, байыпты




терең су

суға жүзу

жүз дәптер


жақсы ән

ән айт


айт болды



қара шаш

тақтаға қара

үлкен тақта




аспан, жасыл, түйме, ұлыма



Шырайлым, нағашы, Еркежан, Бикеш




Атекем, Жәкем, Тәтекем, салт-дәстүр





  1. «Ғажайып кітап»

  • Енді адаспас үшін кітап пен ұстаздарға жүгінейік. Қалаға тез жетуімізге көмектесер.

Жаңа ұғым пайда болғанда соны атау үшін жаңа атау ойлап таппай-ақ, не басқа тілдің сөзімен атамай, осы өзіміздің тіліміздегі диалект сөздерден мағынасы сәйкес келетін сөзбен атаймыз. Сөйтіп қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, үшем. 185-жаттығуда әдеби тілге енген диалект сөздер берілген. Оқып танысайық, соларды қатыстырып сөйлем құраңдар.

  1. Жаттығуды оқу.

  2. Бір-екеуіне сөйлем құрау.

Зейнет – еңбек рақаты, жемісі, игілік

Зайырлы – білгір, білімдар

Зембіл – ауыр заттарды салып, екі кісілеп көтеруге арналған құрал

Кембағал – мүгедек, жарымжан




  1. «Ұлағатты ұстаздар» бекеті

Міржақып Дулатұлының сөзі:

- Сонымен, ғажайып кітап пен ұстаздардың көмегі арқылы саяхат мәресіне жетті. «Лексика» облысында «Сиқырлы сөздер» қаласына қош келдіңдер. Сендерге арналған сөздер жазылған екен, соны оқиық!

Сендер керемет шәкіртсіңдер!

Бүгін сөз мағынасының бір белесіне жеттіңдер.

Әлі талай белестер бар, сәттілік тілеймін!
Үйге тапсырма беру кезеңі:

186-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі диалект сөздерді тауып, сөздіктен мағынасын анықтап жазу.

187 – жаттығу. Берілген диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын жазып шығыңдар.

82- беттегі ережені ереже дәптеріне жазып, жаттаңдар.


Сабақты бекіту кезеңі:


1


1

1

2

2

2


3

3

3

«1» «Лексика» сөзінің мағынасы қандай ?

«1» Антоним дегеніміз не ?

«1» Көп мағыналы сөз дегеніміз не ?

«2» Сөздік құрам дегеніміз не ?

«2» Сөздер қолданылу өрісіне қарай қандай түрлерге бөлінеді ?

«2» Жалпылама лексика дегеніміз не ?

«3» Диалект дегеніміз не ?

«3» Қандай ерекшеліктері бар ?

«3» Кірме сөздер дегеніміз не ?


Оқушылардың білімін бағалау кезеңі: бағалау парағы арқылы, қосымша сын көзбен қарай отырып бағалау.
Каталог: materialy -> kazak%20tili
kazak%20tili -> «Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын
kazak%20tili -> Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) Сәлемдесу; Назарды сабаққа аудару
kazak%20tili -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
kazak%20tili -> Етістік туралы түсінік оқО, ТҮркістан қаласы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, молда мұса атындағы жалпы орта мектебінің
kazak%20tili -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Дауыссыз дыбыстарды қайталау»
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Көктемде. Мезгіл үстеу Сабақтың мақсаты
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы : Ауыл. Дейін шылауы. Сабақтың мақсаты Дейін шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсіндіру
kazak%20tili -> Сабақтың типі; аралас сабақ. Сабақтың түрі; сайыс сабақ
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ғалымдары. Етістіктің райлары мен шақтары
kazak%20tili -> 1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет