Дибилова Райла Суюновна



бет4/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,54 Mb.
#27481
1   2   3   4

VI. Қорытынды бөлім. Төмендегі кесте арқылы сабақты қорытындылаймыз.

1.2 . 3 . 4. 5.

Жеңген топты анықтап, Рим жазушысы Цицеронның «Бөлшекті білмейінше, математиканы білемін деп ешкімде айта алмайды» деген сөзімен аяқтаймыз, яғни бүтін сандарға амалдар қолдануды қанша жақсы білсең де, бөлшек сандарға амалдар қолдануды білмесең, онда математиканы білемін деп айтпа дегені.



VII. Өтілген сабақ бойынша оқушылардың білімдерін бағалау. балл жинау.
«Кері байланыс» нәтижеге бағытталған бөлім    І деңгей (5 ұпай)  «сынақтан өтті» 3 деген баға.              
ІІ деңгей (+4 ұпай) барлығы 9 ұпай «жақсы» деген баға
ІІІ деңгей (3 ұпай) барлығы

12 ұпай «Өте жақсы» деген баға


Қорытынды    
VIII. Үйге: Жай бөлшектер бөлу, Венн диаграммасы / Жай бөлшекті көбейту мен бөлудің айырмашылықтары мен ұқсастықтары/
Қорытынды:_______________________
Тексерілді: ________________________
Сыныбы: 5

Пәні: Математика Пән мұғалім: Дибилова Райла Суюновна
Тақырыбы: • Шеңбер. Дөңгелек

Мақсат:

Жаңа білім: • Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері туралы білімдерін еске түсіреді және дөңгелек, сектор, толық бұрыш ұғымдарымен танысады.

Жаңа түсінік: • Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы мен ұқсастығын кең түсінеді.

Қолданым әрекеті: • Шеңбер мен дөңгелектің екеуіне де тән қасиеттерінің сырын аша отырып берілген есептерді шығарады және олардың айырмашылығын түсінеді.

Шығармашылық әрекет: • Берілген есептердің шартын тұтастандырады және шеңбер мен дөңгелектің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы қорытынды жасайды.


Тақырып жоспары:

1. Шеңбер оның элементтері

2. Дөңгелек, дөңгелек секторы, толық бұрыш

Шеңбер оның элементтері.

Шеңбер дегеніміз қандай геометриялық фигура? Ненің көмегімен салынады? Төменге суретін салыңдар.

Яғни циркулдің ашасының бір ұшын О нүктесіне қойып, қарындаш салынған екінші ұшын О нүктесінен айналдырсақ, онда шыққан тұйық сызық шеңбер деп аталады.( 1-сурет)

Oval 297

Мұндағы О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады.

Анықтама: Шеңбердің кез келген нүктесін

центрмен қосатын кесінді шеңбердің радиусы

•А деп аталады. Мысалы, ОА және ОС кесінділері

• С шеңбердің радиустары.

Анықтама: Шеңберде жатқан барлық нүкте

центрден радиусқа тең бірдей қкшықтықта

орналасқан.

Берілген радиусы бойынша (мысалы, 2 см) шеңберді салу үшін 2-суретте көрсетілгендей циркульдің ұштарын сызғышқа қойып, қажет ұзындықты өлшеп аламыз. Одан кейін ұзындықты өзгертпей шеңбер саламыз.







2 –сурет 3 -сурет
Анықтама: Шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның екі нүктесін қосатын кесінді диаметр деп аталады.( 4-сурет)

M ВС, MN, RL кесінділері шеңбердің диаметрлері.



Oval 300 K

AutoShape 303Анықтама: Шеңбердің диаметірі оның

радиусынан 2 есе үлкен.

В С

Мысалы, шеңбердің радиусы 5 см болса,



L диаметрі 10 см болады.

N


Дөңгелек, дөңгелек секторы

5- суретте кескінделген фигураның центірі О нүктесі болатын дөңгелек екенін сендер білесiңдер.

Мысалы, қағаздан дөңгелекті қиып, алуға болады, ал шеңберді алуға болмайды.

Анықтама: Дөңгелек шеңбермен шектелген.



Oval 305 Дөңгелектің барлық нүктелері оның центірінен

дөңгелекті шектейтін шеңбердің радиусына тең

немесе одан кіші аралықта орналасқан.



5-сурет

Мысалы, кітаптағы 6-суретте шеңберге және дөңгелекке тиісті нүктелерді атаңдар.



Oval 306 •N ____________________________________

А ● ____________________________________

____________________________________

____________________________________

• D

6-сурет


Анықтама: Дөңгелектің бөлігі дөңгелек секторы деп аталады. Дөңгелектің екі радиусын жүргізіп, дөңгелек секторын алуға болады. Бұл жағдайда бір емес екі сектор алуға болады. 7-суретте бір сектор боялған, екінші сектор боялмаған.

Әрбір секторға сәйкес келетін бұрыш бар. Біз алдыңғы



Oval 307 сабақта жазыңқы бұрыш және одан кіші бұрыштармен

таныстық.

8-суретте екі жазыңқы бұрыштан тұратын толық бұрыш

көрсетілген.

Анықтама: Толық бұрыш 360- қа тең болады.

Е Егер дөңгелек екі секторға бөлінсе, онда бір сектордың

бұрышының шамасы белгілі болса, екінші сектордың



Oval 310 бұрышын табуға болады.

Мысалы, бір сектордың бұрышы 1250 болса, онда

екінші сектордың бұрышы 2350 болады. Өйткені

3600 – 1250 = 2350


F

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Радиусы 1) 3 см; 2) 1 см 5 мм болатын шеңберді салыңдар.

2. Диаметрі 1) 50 мм; 2) 6 см болатын шеңберді салыңдар.

3. Дөнгелек екі секторға бөлінген. Бір сектордың бұрышы 1)250; 2)900; 3)1260 болса, онда екінші сектордың бұрышы қандай болады?

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Дөнгелек үш секторға бөлінген. Егер сектордың бұрыштары 1)52; және 86; 2) 900 және 660; 3)1200 және 1000 болса, онда үшінші секрордын бұрышы қандай?

2. Шеңбер салыңдар. Арасындағы бұрыш 1)1800; 2) 900; 3 )450; 4)1350 болатындай шеңберде екі радиус жүргізіңдер.

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Екеуінің бұрышы бірдей, ал үшінші бұрыш екі бұрыштың әрқайсысынан екі есе артық болатындай дөнгелек үш секторға бөліңдер. Осы секторлардың бұрышы неге тең? Қандай бұрыштар шықты? Суретін салыңдар.

2. Дөнгелек үш секторға бөлінген. Егер сектордың бұрыштары 1)52; және 86; 2) 900 және 660; 3)1200 және 1000 болса, онда үшінші секрордын бұрышы қандай?
Топтық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.



Әрбір оқушы топпен жұмыс істей отырып шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығын мен ұқсас қасиеттері, сектор туралы білімдерін тиянақтайды және ой қорытады.

I топ.

Біреуінің бұрышы екіншісінің бұрышынан 8 есе артық болатындай дөңгелек екі секторға бөлінген. Әрбір сектордың бұрышын табыңдар.



II топ.

Бір сектордың бұрышы 500, екіншісінің бұрышы одан екі есе артық, ал үшіншісінің бұрышы екіншісінен 200 -қа кем болатындай дөңгелек 4 секторға бөлінген. Төртінші сектордың бұрышын өлшеңдер. Шыққан нәтижені есептеу арқылы тексеріңдер.


Үй тапсырмасы: 1) Тақырыпты қайталап оқы. 2) Кітаптағы №490, №491. есепті шығарыңдар.
Қорытынды:_______________________
Тексерілді: _______________________
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет