Диктанттар жинағы Қазақ тіліне тән тақырыптық диктанттар Сөздік диктанты / 2-сынып



Дата16.02.2018
өлшемі122.95 Kb.

Диктанттар жинағы

Қазақ тіліне тән тақырыптық диктанттар

Сөздік диктанты / 2-сынып/

Менің отбасым.

Ата, ана, әке, әже, сіңлі, қарындас, іні, аға, әпке, тату.



Менің достарым

Жақсы, тұрады, достық, достар, туған күн, сыйлық, сыйлайсың, ойнаймыз, алаң.



Киімдер

Күрте, пальто, құлақшын, қолғап, тон, етік, жылы, бөкебай, жейде, шалбар, бәтеңке.



Үй жануарлары

Жылқы, құлын, ауыл, сиыр, түйе, бота, қозы, лақ, қой, мысық, күшік, тауық, қаз, үйрек



Менің сүйікті ісім

Кітап, гүл, компьютер, сурет, ән айту, ойын, әдемі, бояу, қылқалам, сүйікті, қуыршақ, текше, қонжық.



Менің демалыс күнім

Мұхитарал, дәмхана, қызық, кинозал, ертегі қалашығы, балмұздақ, тәтті, алаң, ойындар.



Менің көшем

Көше, үлкен, адамдар, ағаш, көп, жол, бағдаршам, таза, тұрасың, сенің, жүремін, тоқтаймын.



Тазалықты сақтайық!

Сүлгі, тарақ, тазалау, тіс, сүрт, жу, сабын, керек, сусабын, дене, аяқ, тара, үшін.



Менің оқу құралдарым

Оқулық, дәптер, кітап, қалам, сызғыш, өшіргіш, күнделік, сөмке, жазу, баға, бояулар.



/3-сынып/

Менің отбасым

Отбасы, балабақша, бірге, дәрігер, мұғалім, кішкентай, оқушы, көзілдірік, әжем, атам, ағам, әпкем, зейнеткер, апарады, кімдікі.



Менің бөлмем

Үстел, бөлме, жарық, таза, еден, есік, кілем, теледидар, жинаймын, гүлдер, тар, кең, үлкен, ескі, орындық.



Сағаттар

Уақыт, тәулік, қазір, ертең, құм сағат, биыл, мезгіл, күндізгі, түнгі, неге, апта ,ай, сағат, қабырға сағат, қалта сағат.



Азық-түлік дүкенінде

Сүт тағамдары, ет тағамдары, балмұздақ, көкөністер, жемістер, құрт, қымыз, шұбат, ірімшік, әзірленеді, пайдалы, дәмді, сатып алды, базар.



Қазақстан елі

Өзен, табиғат, терең, ірі, көл, жер, тау, биік, ұзын, қысқа, теңіз, арал, қала, астана, ұзындығы, ені, шақырым, кең.



Туған күн

Сыйлықтар, қонақ, сыйлады, әкелді, берді, көрші, сыныптас, мерекелік үстел, досым, анам, қуанышты.



Күн суық/ыстық

Суық, ыстық, ең, суық, аяз, жылы, жаңбыр, қар, жел, ауа райы, киім, қаңтар, желтоқсан, ақпан.



Спортзалда

Дене тәрбиесі, жүгіру, жаттығу, жақсы көремін, пайдалы, денсаулық, ойындар, футбол, алаң, секіремін.



Менің сыныбым

Біздің, оқушы, үшінші, кезекші, бүгін, мұғалім, үзіліс, қоңырау, сабақта, шаң, сүрту, еден, терезе, есік, тақта, үстел.



Менің оқу құралдарым

Оқу құралдары, оқулық, күнделік, сурет дәптері, өшіргіш, бояулар, түрлі түсті қарындаштар, сызғыш, сөмке.



/4-сынып/

Отбасының сүйікті істері

Кітап оқу, балық аулау, дәрігер, студент, инженер, әнші, биші, суретші, балабақша, зейнеткерлер, тоқиды, тігеді, тамақ пісіреді, наубайшы, аспаз, шаштараз.



Үйде не істеймін?

Көмектесемін, сүртемін, дайындаймын, су құямын, гүл өсіремін, кітап оқу, ойнаймын, демаламын,концерт,би билеу.



Менің сүйікті тағамым

Қазақша ет, палау, тұшпара, ботқа, сүт кеспе, орамжапырақ, салат, жемістер, көкөністер, қаймақ, сүзбе, дәмді бәліш,ірімшік наны,жұмсақ,қатты.



Менің елім-Қазақстан

Гимн, елтаңба, мемлекет, Отан, табиғат, көл, туған жер, тудым, ту, шақырым, байлық, әсем, халық, қалалар, кітапхана, мұражай, әулет, Бәйтерек, Елбасы, шамшырақ.



Мерекелер

Жеңіс, Наурыз, жаңа жыл, бірлік, тату, достық, білім күні, заң, тәуелсіздік, халықаралық, Астана күні, балаларды қорғау, қыркүйек, тамыз, мамыр.



Спорт

Алтын, күміс, жеңімпаз, жүгіру, бокс, күрес, бапкер, шебер, үздік, жақсы көретін, даму, пайдалы, қола, олимпиада, ел, шұғылдану.



Зоопаркте

Піл, керік, құстар, балықтар, көк кит, колибри, жыртқыш, аң, жолбарыс, биіктігі, қасқыр, қамысты, ну орман ,түйеқұс, аю, салмағы, азу тіс, шөл, түйе.



Менің мектебім

Еңбекке баулу, ермексаз, тігу, есеп, мазмұндама, сабағында, қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу, дене тәрбиесі, пән, қоңырау, үзіліс, дәліз, асхана, спортзал, акт залы, кітапхана, оқу залы.



Демалыс

Күзгі демалыс, лагерь, тауда, теңізде, өзенде, табиғатта, жағажай, тамаша, ұзақ, қызықты, Бурабай, астана, Алматы, жазғы демалыс, қысқы демалыс, мұзайдын, шаңғы, коньки, шана, сырғанау.



БУЫН ДИКТАНТЫ

2-сынып

Тапсырма : Сөздерді буынға бөліп жаз

Мектеп, Асыл, кітап, дәптер ,сөмке, қалам, жазды, оқыды.

Алды, келді, екі, отыр, жапты, асхана.

Әкем, әжем, анам, ағам, інім, қарындасым, әпкем.

Күрте, құлақшын, көйлек, бөкебай, етік, қолғап, жейде, шалбар.

Достар, көше, ойын, алаң, ойыншық, текше, қонжық, машина, секіртпе.

Жарық, таза, еден, терезе, үстел, теледидар, сурет, телефон, сөре.

Бағдаршам, адамдар, ағаштар, таза, аула, автобус, жол.

Дүкенде, стадионда, мектепке, аулаға, алаңға, көшеге.

Жемістер, көкөністер, тағам, пайдалы, дәмді, тәтті, ірімшік, қаймақ, шұбат.

Менің ойыншығым, жақсы, көремін, ойнайды, текшелер, қуыршақ, көп.

Ілгіш,киім,оқушы,қабат,сурет,сағат,қабырға,күн.



3-сынып

Отбасы, әкем, әліппе, анам, бөлме, алмұрт, Болат, озат, сыныпта, оқушылар, терезе.

Тапсырма:қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сыз.

Дәріхана, бірінші, үшінші, дүкен, шұлық, орындық, әдемі, сәбіз, өрік, жаңбыр, жапырақ, қалың, ұқыпты, әкелді.

Бұзау, ауыл, жылқы, сиыр, қозы, лақ, тауық, үйрек, малшылар, жайлау, ыстық, қыста, сарай, далада.

Шаңсорғыш, сүртті, шаң, еденді, терезеде, суғарды, кілем, ортада, үстелдің, көмектесу, жинау.

Сауыншы, мұғалім, инженер, балықшы, әнші, биші, суретші, тоқыды, тікті, тазалады, сыпырды.

Үзіліс, қоңырау, сабақта, мектепте, сыныптың, ішінде, партада, тақта, шүберек, кезекші

Сүт тағамдары, жұмсақ, тоқаш, балық, шұбат, айран, қант, сүзбе, дәмді, ащы, қышқыл, сорпа, орамжапырақ, палау, бәліш.

Тәулік, сағат, мезгіл, түнгі, күндізгі, ертең, бүгін, апта, ілулі тұр, құм сағат, үстел сағат, кешке.

Биік, әдемі, кең, жарық, пәтер, жинаулы, аулада, көп, үлкен, мысық, еден, кілем.



4-сынып

Отан, мемлекет, аурухана, елтаңба, орталық, кешен, ғимарат, астана, сынып, елбасы, нысан, зауыт, кітапхана, мұражай, емхана, дәрігер.

Тапсырма: Буынға бөл,буын түрлерін ажырат.

Тақырып, сабақ, үйірме, жаттығу, қайшы, еңбек, қағаз, математика, бейнелеу, тәрбие, тақта, оқулық, кітап, сызғыш, сөмке, қалам, өшіргіш.



Тапсырма: буын түрін ажырат,дауысты дыбыстардың астын сыз.

Пәтер, шам, тоңазытқыш, кілем, есік, баспалдақ, тұтқа, терезе, бөлме, аула, перде, үстел, кішкентай, үлкен.



Тапсырма: буын түрін ажырат,дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Тұман, қар, аяз, салқын, суық, ыстық, жаңбыр, жел, көктем, күз, төмен, жоғары, апта, ай, жыл.



Тапсырма: буын түрін ажырат, «ойна» сөзін өткен шақта жікте.

Вокзал, әуежай, цирк, мұзайдын, көрме, сурет, жолаушы, теміржол, жүк вагоны, әскери, тікұшақ, жолсерік, перрон.



Тапсырма:буынға бөл, «жолсерік» сөзін жікте.

Керік,жолбарыс,түйе,піл,тасбақа,жануарлар,қамысты, орман, шөл, табан, шыдайды, жыртқыш,көтереді.



Тапсырма: буын түрін ажырат, «кел» сөзін келер шақта жікте.

Бақылау диктанты

2-сынып



Сыныпта

Асқар – оқушы. Қайрат – мұғалім. Әлия сыныпта отыр. Сынып таза, жарық. Сыныпта жиырма жеті оқушы бар. Қанат кітап оқып отыр./18сөз/



Екі дос

Дима мен Руслан – дос. Олар бір партада отырады. Дима математикадан «бес» алды. Руслан қазақ тілінен «бес» алды. Олар қуанды./19сөз/



Бақта

Мынау – мектеп бағы. Мектеп бағы үлкен. Онда алма, алмұрт бар. Болат он шелек алма, жеті шелек алмұрт жинады./18сөз/



Күз

Күз келді. Жел соқты. Ағаш жапырақтары сарғайды. Қызыл, сары жапырақтар жерге түсті. Құстар жылы жаққа ұшты./16сөз/



Азық-түлік дүкені

Боря нан дүкеніне келді. Дүкенде нан мол. Ол батон, қалаш сатып алды. Сайра дүкенге келді. Ол орамжапырақ, картоп, пияз, қызылша сатып алды.



Дәрігерде

Інім бірінші сыныпта оқиды. Әділ дәрігерге барды. Дәрігер дәрі берді. Дәурен дүкенге барды. Ол кітап, дәптер сатып алды.



Қыс

Қыс түсті. Қар жауды. Асқар мен Саша шаңғы тепті. Мұз қатты. Сәуле мен Нина коньки тепті./16сөз/



3-сынып

Үзілісте

Қоңырау соғылды. Оқушылар үзіліске шықты. Гауһар мен Ардақ келесі сабаққа дайындалды. Келесі сабақ – дене тәрбиесі. Балалар мектеп формасын, аяқ киімін шешті. Оларға дене тәрбиесі сабағы ұнайды./26сөз/



Спорт алаңы

Біздің мектепте спорт алаңы бар. Мұнда жоғары сынып оқушылары футбол, волейбол ойнайды. Қыстың ызғарлы күнінде де спорт алаңы балаларға толы. Біз шаңғы тебеміз, аққала жасап ойнаймыз./26сөз/



Сыныпта

Біздің сынып үлкен, жарық. Сыныпта екі терезе бар. Сыныпта екі тақта бар. Сыныпта екі терезе бар. Сыныпта отыз оқушы бар. Бүгін бес сабақ оқимыз. Сынып әдемі және таза.



Менің үйім

Мен қалада тұрамын. Қала үйлері биік, көшелері кең. Мен тұратын үй он екі қабатты. Біздің пәтерде үш бөлме бар. Әжем екеуміз бір бөлмеде ұйықтаймыз. Бөлмеміз таза. Мен әжеме көмектесемін./29сөз/



Фермада

Ауылда ферма бар.Ферма үлкен және таза.Фермада сиыр,қой,ешкі көп.Менің апам-озат сауыншы. Оқушылар фермаға келді. Саят қойға жем берді.Дидар сиырға шөп салды. Оқушылар сауыншыларға көмектесті./30сөз/



Үлкен қала

Бұл Ақтау қаласы. Біздің қалада биік үйлер,кең көшелер,дүкендер,әсем ғимараттар көп. Қалада театр,кинотеатр,мұражай бар. Көшеде ағаштар мен гүлзарлар отырғызылған.Маған қала өте ұнайды./26сөз/



4 сынып



Менің отбасым

Менің атым – Айбек. Мен тоғыз жастамын. Менің отбасым үлкен. Төрт адам бар. Олар: әкем, анам, атам, әжем, ағам, інім және мен. Атам мен әжем-зейнеткерлер. Әкем - жолсерік. Анам - есепші. Ағам - студент. Інім бес жаста. Мен үшінші сыныпта оқимын. Біздің отбасымыз өте тату./42сөз/



Жазда

Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда балалар демалады. Олар лагерьге,қалаларға,ауылға барады. Олар ата - әжесіне көмектеседі. Өзенге, көлге суға түсіп, балық аулайды, күнге күйеді. Орманда құлпынай, таңқурай жинайды. Балаларға жаз өте ұнайды. Олар жазды асыға күтеді./42сөз/



Қонақта

Біз отбасымызбен қонақта болдық. Үй иелері бізді жақсы қарсы алды. Мерекелік дастарқан жайды. Дастарқанда тәтті бәліш, дәмді палау, қазақша ет, шұжық, бауырсақ, жемістер болды. Тағамдар өте дәмді болды. Біз көңілді отырдық. Ән айттық, домбыра тарттық. Біз үй иелеріне рақмет айттық. /40сөз/



Біздің үй

Біз жаңа үй сатып алдық. Үй екі қабатты. Үйдің бірінші қабатында ас үй, қонақ бөлмесі, жуынатын бөлме бар. Ал екінші қабатында жатын бөлмесі, балалар бөлмесі бар. Үй өте кең, әрі әдемі. Үйдің жанында үлкен өрік пен алма бағы бар. Бізге тұрған жері өте ұнады./44сөз/



Наурыз тойы

Наурыз-жыл басы. Көктемде Наурыздың 20 -22-сі аралығында күн мен түн теңеледі.

Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні»деп, жақсы тілекпен тойлайды. Наурыз тойында адамдар бір-біріне татулық, достық, молшылық тілейді. Наурыз көже пісіреді. Көжеге жеті түрлі дәм салады: бидай, тары, сүт, ет, тұз, айран./46сөз/

Алғы сөз

Осы әдістемелік құралды мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынамын. Диктант тақырыптары модульдік бөлімдерге сай келеді.Сөз мөлшері ескерілген. Мысалы, 2-сыныптарда / 15-22сөз/,3-сыныптарда /25-30сөз/, 4-сыныптарда /40-45сөз/ .Төмендегі диктант түрлерін ұсынып отырмын. Олар:

1.Сөздік диктанты –сауатты жазуға дағдыландыру,белгілі бір ереже бойынша жүргізіледі.

2.Буын диктанты- әріптерді толық меңгерген соң,буынның ерекшелігін ,дауысты және дауыссыз дыбыстардың байланысуын оқушыларға жеткізу мақсатында жүргізіледі.

3.Тексеру немесе бақылау диктанты –оқушылардың алған білімдері мен қалыптасқан дағдыларын тексеру мақсатында жүргізіледі.

«5» бағасы-қатесіз,таза жазылған,сондай-ақ емле немесе тыныс белгісінен бір қате жіберілсе қойылады.

«4»бағасы-үш емле,үш тыныс белгісі қатесі немесе екі емле,төрт тыныс белгісі болса қойылады.

«3»бағасы-алты емле,бес тыныс белгісі қатесі немес бес емле, алты тыныс белгісі қатесі болса қойылады.

«2» бағасы- диктантта тоғыз емле,бес тыныс белгісіқатесі сегіз есмле,тоғыз тыныс белгісі қатесі болса қойылады.

Сауатты жазу ережесі

Диктант жазу ережесі

1. Диктант азат жолдан басталады.

2. Қазақ тілінде баяндауыш сөйлемнің соңында болады.

3. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.

4. Адам, жер, су, өзен, көл, атаулары бас әріптен басталады.

5. Тасымал сөздерді буынға бөліп жасайды.

6. Жіңішке дауысты дыбыстардан соң,жіңішке дауысты дыбыстар жазылады.

7. Жуан дауысты дыбыстардан соң, жуан дауыстылар жазылады.

Мазмұны

Алғы сөз........................................................................



Сөздік диктанты:

2 - сынып.......................................................................

3-сынып.........................................................................

4-сынып.........................................................................

Буындиктанты:

2-сынып.......................................................................

3-сынып........................................................................

4- сынып........................................................................

Бақылаудиктанты:

2-сынып.......................................................................

3-сынып.......................................................................

4-сынып......................................................................

Аты-жөні : Нурымова Ботакоз Жуматовна

Туған жылы: 3 мамыр 1968 жыл

Білімі: жоғары

Еңбек өтілі: 25жыл

Мамандығы: орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жұмыс орны: № 1 жалпы білім беретін орта мектебі

Ақтау қалалық білім бөлімі

Қазақ тілі

Диктанттар жинағы

(2-4 сыныптарға арналған көмекші құрал)

Ақтау 2017 жыл

Бекітілді:__________ММ «АҚБҰО»

директоры:________Үмбетова Ж.Ж.

Хаттама №___ «__»_____2017ж.


Дайындаған: Нурымова Б.Ж.

орыс сыныптарындағы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Келісілді____№1жалпы білім беретін орта мектебі

Педагогикалық кеңесінің шешімімен

Хаттама №_____ «__»______2017ж.



Мектеп директоры ________Курмангазиева Р.К.

Каталог: uploads -> doc -> 03b3
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03b3 -> Сабақтың тақырыбы: Наурыз туралы өлең, жырлар. Сабақтың мақсаты
03b3 -> Сабақ тақырыбы: «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары»
03b3 -> Қаңтар Білім саласы: Коммуникация Бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет