Диплом бойынша мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі Жұмыс орны, атқаратын қызметі



бет3/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,24 Mb.
#591
түріДиплом
1   2   3   4   5


Мұғалімдердің барлығы алынған мәліметтерді өз сабақтарына қолданамыз деп айтты. Сабақтарына қолданғысы келетін мұғалімдердің сұранысы бойынша басқа (өз сыныбым емес) 4- «а» сыныбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы: Өнер жолында. Сабақтың мақсаты: Атақты әнші Жүсіпбек Елебековпен танысу. Жүсіпбектің өнерге келу жолы туралы мағұлымат алу. Күтілетін нәтиже: Оқушылар топпен жұмыс істей отырып, үй тапсырмасын пысықтайды. «Джиксо» әдісі арқылы мәтінді меңгереді. Сыныпты топқа бөлдім. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында топтар бір –бірлеріне сұрақтар дайындады. Сұрақтарды оқушылар керемет дайындады. Сұрақтарына толық жауап беруге тырысты. Үй тапсырмасын бағалаған кезде «сэндвич» тәсілін қолдандым. Оқушылар толық ат салысты. Ой толғаудан сурет бойынша жұмыстар жүргізілді топтар өз ойларымен пікірлерімен бөлісті. Өткен сабақпен байланыстыратын сұрақтар қоя отырып жаңа сабақты оқушылар «Джиксо» әдісі арқылы ашуға кірісті. Үйге «Өнерлі болғым келеді» тақырыбында эссе жазып келуге берілді. Сабақ соңында оқушыларды бағаладым. Кері байланыс алдым. Оқушылар: «өздерінің сабақтары қызықты өткенін, осы сабақ бітпесе екен» деген ойларымен бөліскен. Сабаққа қатысқан мұғалімдер өте жақсы әсер алды, сынып мұғалімі өзінің сөйлемейтін оқушыларының сабақта сөйлегендеріне таң қалды.

Қызығушылықтары басым мұғалімдер жеке - жеке келіп сабақта қалай топтық жұмыс түрлерін және бағалау түрлерін қолдану туралы көмек алды. 3- сынып мұғалімдері сабақтарында коучингіде алынған білімдерін қолдану үшін тағы кездесу ұйымдастырып сабақты жоспарладық. Айта кетсек олар Бүркітбай Гүлбаршын, Жанна Серікбайқызы, Гүлнар Мұхтарқызы. Мысалы Гүлбарша: «Сабақты топтық жұмыспен ұйымдастырдым. Өзін-өзін бағалау, Екі жұлдыз бір тілекпен бағаладым. Оқушыларымды танымай қалдым, барлығы ашылып еркін отырып өз ойларын айтып пікірталастар туындады. Сабақ барысында еркіндік берсең бір бірлеріне көмектесіп түсіндіреді. Неге бұлай жасадың десем: Ол менің досым дейді.» Ал, Жанна сабақтарын топтық жұмыс түрінде ұйымдастырды. 12 ұпайлық бағалау болды. Сабақтың соңында деңгейлік тапсырмалар бірінші деңгей бес тапсырма, екінші дееңгейлік екі тапсырма, үшінші деңгейлік бір тапсырма. Өзін –өзі бағалау. Балаларға сабақтың соңына дейін бағаларын түзетуге мүмкіндік болады. Бағалау кретерилері 3-5 «3», 6-9 «4», 10-12 «5». Математикадан үшке оқып жүрген оқушылар бағаларын төртке түзетуге кірісті. Балалар жарысып тапсырмаларды орындайды. Бәсекелестік басым болады. Ал Гүлнар өз сабақтарында «Ашық тақта» тәсілімен бағалай бастады. Оқушылардың нәтижелері сабақ соңына дейін көз алдарында тіпті барлық сабақтар бойынша қолдануға болады. Сабақ аяқталар кезде қорытынды бағасы шығып оқушы бұл жерде өзінің жетістігін көріп отырып төмен бағаны түзетуге тырысады.

Бірінші коучингіден кейін мұғалімдер сабақтарында бағалаудың түрлерін қолданып, кері байланыстың түрлерін қолданып одан болған өзгерістерді айтып менімен әрдайым ойларын бөлісіп жүрді. Мұғалімдердің өтініштері бойынша екінші коучингімнің тақырыбын «Диалогтық оқытуды» алдым. Өйткені мұғалімдер бірінші коучингіден кейін бірден топпен сабақта топпен, жұппен жұмыстарды бастап кетті. Оларға қалай топ жұмыстарында жұмыс істеу керек екені туралы білім қажет болды. Және диалогтық әңгіме дәстүрлі сабақтағы тек қана мұғалімнің сөйлеу ролін жояды деп санаймын. Жаңашыл сабақта мұғалім емес оқушы сөйлеу керек дейміз. Ол үшін не істеу керек екенін мұғалімдер біле бермейді. Өйткені менің де басымнан осы жағдай өтті. Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды роль атқаратынын дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс қимылға қарағанда мейлінше «симетриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша негізделген дәлелдер келтіріп, қадағаланатыноқиғаларға сипаттама беруде түрлі мүмкіндіктерге ие болады. (Мерсер 2005. МАН 26 бет). Ал Александар (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп ойлайды. (МАН І деңгей 26 бет). Коучингке барлығы 30 мұғалім қатысты. Барлық мұғалімдерді топқа бөліп, оларға бес оқушының сипаттамасын ұсынып, топ бойынша талдап флипчартқа сипаттап оларға «мұғалімнің қандай көмегі керек?» деп тапсырма берілді. Әріптестерім өздеріне берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап, белгіленген уақытта қорғап берді. Топтарға постерлерін араластырып таратып, мұғалімнің көмегі үлгісін бердім. Әріптестерім бір бірлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалап шықты. «Осындай оқушылар сыныптарыңда бар ма?» деген сұраққа пікір алысып, сыныптағы осындай оқушыларын қалай зерттеп, қалай көмектесуге болатындарын айтты. Келесі фильм көрсету арқылы топта талқылауларын сұрадым. Әріптестерім әртүрлі пікірлер айтты, соның ішінде бұл диалог екенін айтты. Диалог туралы ойларымен бөлісті. Сол кезде слайд арқылы «Диалогтық оқыту» туралы мағұлымат бердім. Соның ішінде Нил Мерсердің диалогтық әңгіменің түрлерімен танысты, сонымен қатар сұрақ түрлерімен танысты. Мұғалімдер диалогтық әңгімені сабақта қалай қолдануға болатыны жөнінде пікірлесті. Коучинг өте тартымды өтті. Олар уақыт аяқталса да кеткілері келмей рахметтерін айтып кері байланыс алдым. Соңынан да жеке жеке келіп өз сұрақтарына жауап алды. Қаншама мұғалімдерге көмек көрсете алатыныма қуандым.

Тәлімгерлікті Айдарбекова Жұлдыз деген жас маманмен бастап кеттім. Жұлдыз бастауыш сынып мұғалімі. 2-сыныпқа сабақ береді. Жұлдыз таныстырылымнан кейін, өзіне менің тәлімгер болуымды өтінді. Бірінші Жұлдыздың сабағына қатыстым. Сабақ дәстүрлі түрде өтті. Жас маманмен


Каталог: files -> sites -> 1383501656682723 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы көрнекті қайраткерлер. Сабақтың мақсаты: Білімділік
sites -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
sites -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
book-catalog -> Көрнекілігі: слаид Барысы: Әсел


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет