Диплом жұмысы Тақырыбы: 7-8 сыныптардағы араб тілі сабақтарында жаттығуларды ұйымдастыру жолдары. Ғылыми жетекші



бет3/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,57 Mb.
#15079
түріДиплом
1   2   3

Жаттығуларды тындап түсінуге үйретуде кездесетін тілдік қиыңдықтардың әдістемелік типологиясы. Жаттығуды тыңдап түсінуге оқыту мазмұны көптеген факторларға байланысты екені анық. Қазіргі танда шет тілдеріне оқыту әдістемелері зерттелуде. Сол факторларға сүйенетін болсақ - ол оқытудың мақсаттары және кезендері, сонымен бірге оқытудың нақты әдістемесі жатады. Жаттығуды тыңдап түсіну әдістемелік алғы шарттарының бірі - ең алдымен оқушыны шетел тілінде берілген мағлұматты дұрыс қабылдай білуге және одан пайдалы бір өнеге алуға үйрету жатады. Ол үшін шетел тіліндегі берілген әрбір сөзді мұқият тыңдауға және бұл іске көру анализаторларын да қатыстырудың маңызын міндетті түрде түсіндіру қажет екенін ұмытпаған жөн. Жалпы көру анализаторлары сыртқы дүние туралы хабар алуда барлық басқа анализаторлардан артық. В.А.Артемовтың зерттеуі бойынша, оқушылар сөйлеп тұрған адамды көріп отырып тыңдаған кезде, не айтып отырғанын тек тындағаннан гөрі анағұрлым жақсы түсінуге мүмкіндік алады екен.

Жаттығуды тыңдап түсінуде мұғалімдердің оқу барысында қорыта келіп жасаған анализдері бойынша бастауыш сынып оқушылары сөйлеу арқылы 23%, тындап есту арқылы 25%, ал оқу арқылы 35%, жазу арқылы қабылдау болса 17% меңгеретіндіктерін атап өтті. (2) Ал бұған мысал ретінде В.А.Артемов болса былай дейді: тек тыңдау кезіндегі қабылдау 40% көрсеткішті береді, ол көріп отырып тыңдау барысындағы қабылдау процесі 57% береді (12). Осыған қоса әлемдік ұстаздардың бірі көптеген адамдар естіген нәрсесінің 30% қабылдамайды немесе көпшілігіміз құлақка жеткен нәрсенің 25% -ның азын ғана еске түсіреміз дейді. (1) Егерде бастауыш сыныптарынан бастап жаттығу мәтіндерді тындап түсінуге жақсы үйреткен болса, оқушылар өз дәрежесіне лайық әрі керекті мағлұматтарды тыңдап түсіне алады. [16. 1992ж. 38-42 беттер]

Жаттығуды тындап түсіну кезінде көру анализаторлары тыңдаған сөздің мағынасын түсінуге көп жеңіддік тудырады. Көру анализаторларына жаттығу мәтіннің жазбаша нұсқасы, сөйлеушінің әр түрлі қимылдары мен ым-ишаралары, қимыл қозғалысы т.б. әрекеттер жатады. Сонымен бірге шетел тілін оқыту әдістемесінде аутенттік мәтіндерді тындап түсіну оқыту барысында қазіргі заманда кеңінен қодданыскд әр түрлі техникалық құралдарды, аудио, видео жазбаларды, компьютерлерді пайдалану және олармен қалай жұмыс істеу керек екендігін оқушыларға үйрету педагогикалық процестің жалпы модернизациясына берілген үлкен үлес болып есептеледі. (3). Жаттығуды тыңдап түсінуге оқытудың әдістемелік алғы шарттарының қатарына жалпы жаттығу мәтіндерді тындап түсіну дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін және әр түрлі кездесетін қиыншылықгарға арналған жаттығулар кешені жатады. Мысалы: 1. Қабылдау немесе айтудың фонетикалық қиыншылықгарын қарастыру (көмей және фарангальді дыбыстар сияқты).

- араб тіліндегі акустикалық жақындық жағынан бір-біріне жақын келетін дыбыстар.

- дауысты бір дыбыстың қысқа не созылыңқы дыбыс екені.

2. Грамматикалық қиыншылықтарды жеңуге арналған жаттығулар жиынтығы.

- Әйел тегінде тұрған зат есімнің соңында "тамарбутаның" ауызша сөйлегенде айтылмай кетуі.

- Сөйлемдегі есімдіктерді өз орнына қойып дұрыс қолдана білу т.б.

3. Лексикалық қиыншылықгарды жеңуге арналған жаттығулар.

- синонимдер, омонимдер, идиомалар және сөз тіркестердің қорлық байлығы т.б.

- аутенттік және басқа мәтіндерде диалектіні қолдану сияқты.

4. Логиканы дамытуға, яғни есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.

- жаттығу мәтіндерді оқу барысында кезесетін кейіпкерлерді есте сақтау.

- сол жағдаятқа байланысты басқа жағдаятты ойдан құрастыру.

5. Тындап түсінуге арналған жаттығу мәтіндермен жұмыс істеу жаттығулары.

- әртүрлі жаттығумен жұмыс.

- тыңдаған жаттығудың жалпы мағынасын айтып беру шеберлігімен байқау жаттығулары.

Оқу барысында оқушылар жоғарыда айтылып өткен сияқты көптеген қиыңдықтарға кездеседі. Жаттығуды тыңдап түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жолдарын жақсы білуге тиіс. Тындап түсіну дағдыларын калыптастыруда кездесетін қиындықтар негізінен екі топқа бөлінеді. а) қай тілде болмасын тындап-түсінуге үйретуде кездесетін жалпыға бірдей, ортақ қиындықтар; ә) тек белгілі бір тілде тыңдап үйренуде кездесетін, арнайы қиыңдықтар. Араб тіліңде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсінуге үйрету үшін жалпыға бірдей, ортақ қиындықтарды және қазақ оқушылары араб тілінде тындап үйрену барысыңда кездесетін қиындықтарды білу керек.

Енді тындап-түсінуге үйрету барысында кездесетін қиындықтардың аталған түрлерін жеке-жеке қарастырып өтелік.

Жалпыға ортақ қиындықтар кез келген тілде тыңдап-түсінуге үйрену барысында кездеседі. Демек, олар қазақ оқушылары араб тілінде айтылған ауызша сөзді тыңцап түсінуге үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:

1. Белгілі бір ойды, мазмұнды айтып жеткізу үшіи сөйлеушінің колданған тіл материалы мен оқушылар меңгерген тіл материалының арасындағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда, оны қолдануда сөйлеуші оқушының меңгерген тіл материалын ескермейді. Ол өзі айтып жеткізгісі келген мазмұнды неғұрлым жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін. Тындап отырған жаттығу мәтінді кездескен таныс емес сөздер, оқылмаған грамматикалық кұбылыстар оқушыға тындаған мәтінінің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы — оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту. Бұл жолда мынаны естен шығармаған жөн. Мәтінде таныс емес сөздер шамадан тыс көп деген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп — жеке айтылғанда аудитор (тыңдаушы) сөздерді оп-оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз құрамында кездестіргенде, сол аудитор тани алмай қаладық.

3) Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмүнын түсінуді қиындатады. Қиындықгы жеңу үшін оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байытумен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын болжауға ұсақ текстерде өткен лексиканы тануға дағдыландыратын жаттығуларды орындау қажет, сондықтан оқушыларды кейбір таныс емес сөздері бар мәтінінің мазмұнын түсінуге де дағдыландыру керек.

2. Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Олай болса, араб тілі мұғалімімің де өз ерекшеліктері мен интонациясы бар. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін.

Сөйлеушінің дауыс ерекшеліктері де түсінуге ықпал етеді. Мысалы, ер адамның жұмсақ қоңыр даусын түсіну жеңілірек те, әйел адаммың дауысы, әсіресе жіңішке дауысты түсіну қиындық келтіреді (5). Бұл қиындықты жеңудің жолы — сабақта техникалық құралдарды, әсіресе магнитофонды жиі қолдану. Магнитофонға ер адамның да, әйел адамның да, баланың да сөзін жазып алып, оны оқушыларға тындату керек. Сонда әр түрлі тембрлі дауыстарды тыңдап, дағдыланған оқушы өз мұғалімінен басқа сөйлеушілердің де сөзін тыңдап-түсіне алады.

3. Әдетте мұғалім сабақта арабша сөйлегенде, өте баяу ырғақпен сөйлейді. Мұндағы мақсат — мұғалімнің арабша айтқанын барлық оқушылар түсінсін дегендік, баяу сөйлесе, оқушының түсінуіне жеңіл болады деп ойлағандық. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, одан тезірек сөйлегенде, түсінбей қалады. Оқушылар үшін мұндай жағдайда қалыпты ырғақпен айтылған сөз тым тез көрінеді де, ілесе алмай қалады. Соның салдарынан олар қалыпты ырғақпен айтылған сөзді түсіне алмайды.

4. Мұғалім сабақта арабша айқанда, тағы мынадай бір қателік жасайды. Айтқанымды оқушылар түгел түсінсін деген мақсатпен ол арабша бір айтқанын бірнеше рет қайталап айтады. (әдетте 3-4 рет). Осыған әбден дағдыланып алған оқушылар мұғалім сөйлей бастағанда, әуелде оның сөзіне мүлдем құлақ аспайды. Айтқанын екінші, үшінші рет қайталауын күтіп отырады. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, тек бір-ақ рет айтады. Қайталап тыңдауға дағдыланған оқушылар алғашқыда айтылған сөзді тындамай, оны естімей қалады да, түсінбейді. Мұндай жағдай оқушылардың тындап түсінуіне үлкен қиындық келтіреді.

Тыңдаған мәтіннің мазмұның түсіну үшін оны оқушыларға бір-ақ рет тындату керек. Ал сол түсінген мазмұнды қайталап айтып беру керек болған жағдайда оны екінші рет тыңдатуға болады (6). Олай болса, араб тілін оқыта бастағаннан-ақ оқушыларды бір айтқаннан түсінуге дағдыландыру керек.

5. Жалпыға ортақ келесі қиындық мынада: егер тындаушы сөйлеушінің бет-әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді. Мысалы, үлкен аудиторияда соңғы қатарда отырған адам лекцияны (баяндаманы) нашар түсінуінің себебі оның нашар естуіне байланысты емес, оның лекторды (баяндамашыны) нашар көруіне байланысты.

Әртүрлі қиындықты жеңу үшін мұғалім сабақта магнитофонды жиі қолдануға тиіс. Магнитофонға жазылған мәтіндерді тыңдауға дағдылану нәтижесінде оқушылар сөйлеушіні көрмей, оның сөзін түсінуге үйренеді. Сондай тап аудитивтік іскерліктер мен дағдыларды дамытуда магнитофонның қызметі ерекше.

6. Жалпыға ортақ қиындықтардың келесі түрі тындап түсінуге арналған аутенттік мәтіннің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт тек басқа адамның сөзін тындағанда, тыңдаушы шаршап, жалығады, сондықтан тындағанын түсіне алмайды. Сөйтіп, методика тыңдап түсінуге арналған жаттығу мәтіннің ұзақтығы, оның көлемі қандай болу керектігін анықтай алу қажеттігі туады. Бұл мәселеге байланысты Н.В. Елухина шетел тілін оқытуды алғашқы сатысында тыңдайтын мәтіннің ұзақтығы 1,5-2 минуттен аспау керек, ол бірте-бірте артып. шетел тілін оқытудың ақырында 3-5 минутке дейін жетуі керек деген пікір айтты [17. 1997ж. 40,41,42 беттер]. Н.Н. Пруесаков аудиомәтіннің ұзақтығы оқытудың алғашқы сатысының өзінде-ақ 3 минуттен кем болмау керек деген пікірді қолдайды [18. 2003ж. 78 бет]. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс екенін айту қиын, өйткені ешқайсысы тәжірибе арқылы тексерілмеген. Дегенмен оқушылардың алғашқы сатыда тез шаршайтынын ескере отырып, 1,5-2 минут ұзақтық дұрыс деуге болады. Одан артық болса, оқушылар шаршайды да, тыңдай алмайды, түсінбейді.

Енді араб тіліне тән қиындықтарға тоқталатын болсақ, бұлар ішкі интерференцияға, сыртқы интерференцияға, фонемаларға, дыбыстардың айтылуына, диалектілерінің көп болуына байланысты ерекшеленіп тұрады. Дегенмен ең басты көңіл бөлетін жағдайлар фонетика саласы болып табылады. Егерде оқушы араб тіліне тән дыбыстардың айтылуына аса мән бермесе онда оны естуші сөз тіркесін мүлде дұрыс түсіне алмауы мүмкін.

Араб тілінде 28 әріп бар болатын болса, бүларда дыбысталуы жағынан бір-біріне ұқсас әріптер де кездеседі. Мысалы: әріптерін алсақ, олар қазақ тілінде "х" және "һ" әрпі, сол сияқты бір ғана "с" әрпі, және әріптерін білдіреді. Қазақ тілінде салыстыратын әріптерге келмейтін х - "ъа" әрпі де бар. Көмейден, тамақтан, тістің арасынан шығатын бұл әріптердің дыбысталуы жағын оқушы араб тілін үйренудің ең алғашқы сатысында меңгеріп алмаса, дыбыстарды ажырата алмауы салдарынан кейін үлкен қиындықгарға ұшырайды.

Араб тілінде дауысты дыбыстардың қысқа және созылыңқы айтылуына байланысты сөздің мағынасы өзгеріп отырады, бұл да жаттығу мәтіндерді тындап түсінуде қиындықтардың туындауына себеп болады. Өйткені қазақ тілінде созылыңқы дауыстылар сөз мағынасын өзгертпейді; соның нәтижесінде окушылар араб тілінің қысқа және созылыңқы дауыстыларын ажыратпайды (7).

Араб тіліндегі жаттығуларды тыңдап түсіну барысында қиындықтар осы тілдің диалектілік ерекшеліктеріне де байланысты. Ал жиырма бір араб мемелекеті бар болса, бұл елдердің әрқайсысын өзіндік диалектілері бар. Дегенмен бұл қасиетті тілдің әдеби тілін сақтап қалушы Құран Кәрім кітабы даусыз. Араб тіліне қатысты кездесетін қиыншылықтарды қарастырудағы тиімді әдістер қай уақытта болмасын өзінің жемісін берері сөзсіз және осы айтылғандарды сараптай келе жаттығу мәтіндерді тындап түсінуге оқыту барысында туатын қиындықтардың алдын-алу үшін алдымен мына төмендегі берілген заңдылықтарды қарастыру қажет:

- есту, есте сақгау, ықтималдық болжам және артикуляция (дыбыс шығаруда сөйлеу мүшелерінің әрекеті) механизмдерін қалыптастыру;

- студенттерге араб тіліңдегі минутіне жүз немесе жүз қырық буындарды қамтитын шапшандықтағы әртүрлі жаттығуларды беру;

- ауызша сөз әрекетіңдегі ситуациялық шығармаларды (сөйлемдерден бастап кең көлемдегі жаттығулар) қолдану;

- тыңдалатын жаттығу мәтіндегі негізгі мағлұматтарды есте сақтауға дағдылану;



Жаттығуды тындап түсіну біліктерін дамытудың әдістемелік үлгісі.

Сонымен қатар бастапқы кезендегі оқушылардың жас ерекшеліктерін анық білу араб тілі сабақтарында оқу-тәрбиелік процесті дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.



Араб тілі сабақтарында жаттығулар мәтіндерді тыңдап түсіну бойынша оқытуға мынадай міндет қойылады: - Сабақ барысында нұсқауларды қоса отырып, қалыпты айтылған мұғалім мен сыныптастарының сөздерін түсінуге үйрету. Алайда оқушылар жұмбақ түріндегі жаттығу мәтіндерді тыңдайды. Ол оқушылардың назары толығымен соған аударылғанын талап етеді, кейде нақтылауды, қайталап сұрауды, яғни шынайы тындап түсінудегі әрекетті талап етеді. Олар жаттығу мәтінді түсінуге жеткілікті таныс емес лексикалық және грамматикалық құбылыстардың біраз пайызын иемденеді. Оқушылар мұндай жаттығу мәтіндермен болған қиыншылыққа ертерек жолықса, соншалықты ауызша араб тілін қабылдай алуы жақсырақ қалыптасады. Бастапқы кезеңде тыңдап түсінуге арналған жаттығу мәтіннің көлемі он сөйлем, олардың әрқайсысында жеті сөзден аспауы керек.

Алайда бұл жеткіліксіз. Шет тілі мұғалімдері сабаққа тындап түсінуге байланысты материалдарды өздері қосады. Мысалы сабақтың бастапқы кезеңі (фонетикалық жаттығу) әртүрлі мәтіндер, тақпақтар, өлеңдер, жаңылтпаштар қолданылады. Оларды оқушы естуі бойынша есіне сақтап мағынасын түсінуге тырысады, ал содан кейін мұғаліммен бірге қайталайды. Демек жаттығу мәтіндерді тыңдап түсіну мұнда тек аудио дағдыларды қалыптастыру мақсатында ғана жұмсалмайды, ол айтылымға, жазылымға, оқылымға үйрету құралы болып табылады. Тапсырманың күрделілік деңгейі ұлғайтылып отырады. Кейбір сөздердің дыбысталуы жағынан араб емес ағылшын (халықаралық сөздер) ұқсайды. Бұл сөздер оқушыны шетелдік акцентке үйретіп, өзге тілдің алдындағы қорқынышты жояды. Оқушылар бөтен тілдің дыбыстық құрамымен танысқаннан кейін, оқытылған және әлі таныс емес сөздер енгізіледі. Ал сөздер болса мағыналық байланысқан сөйлемдерге ұласады. Мысалы келесі сабақтарда оқушылар "Ахмед деген баламен оның достары" туралы көлемді араб жаттығу мәтінге кездескенде, оны қиындықсыз, дұрыс қабылдап, сұрақтарға дұрыс жауап береді. Бұл оқытушының әуел бастан сөйлеуді ауызша қабылдауына үйреткендігінен (тыңдай алу, тындағанды түсіне алу), тірек сөздер арқылы мағынасы анықтап үйреткендігін логикалық қорытындылар мен тапқырлығына сүйеніп үйреткендігінен. Сонымен қатар тақпақтарды жүйелі түрде жаттауының арқасында оқушылар жадысында ақпараттың үлкен көлемін сақтай алады (дәл осы жағдайда жаттығу мәтінді айтып отырмыз). Сабақ негізінен араб тілінде жүргізілгендігінің де мәні зор, оқушыларда сабақ бойында шетел тілін қабылдауына мүмкіндік алады. Жалпы оқытудағы мұғалімнің рөлі зор екендігін мойындамау қиын. Оқытудың әдістері мен құралдарын таңдау мұғалімге байланысты. Бір ғана жаттығуды сабақтың қойылған мақсатына қарай бірнеше түрде пайдалануға болады. Сабаққа деген материалдарды таңдап алуының маңызы зор, әртүрлі жаттығу мәтіндер, жұмбақтар, әңгімелер, ұйқастар, мұғалімнің сөйлеуі - мұның барлығы сабақтың мақсаты мен міңцеттерін көрсетуі керек. Сабақга өткен тақырыптарды қайталау, жаңа өткен сабақты бекіту және озып кетуі (мысалға күрделі сөздердің пропедевтикасы) мүмкін. Оқушылар өздерінің мұғалімі айтқан сөздерді түсініп айтуға тырысады, сондықтан мұғалімнің айтатын сөздеріне де назар аударып мән беруі керек. Бір сөйлемді айтар алдында мұғалім ең алдымен сол сөйлемнің дыбыстық құрамын зерттеп алуы тиіс. Өйткені 6ұл сөйлемді оқушылар айтқанда қиындықтар тумауы қажет. Мұғалімнің сөздерінде күрделі, таныс емес сөздердің болуы да оқушылардың қабылдауында қиындық туғызуы мүмкін. Лексика саласында ғана мұғалім біршама еркіндіктерге бара алады. Сабақ беру процесінде қажетті сөздерді мұғалім біртіндеп енгізуіне болады. Сонымен қатар, мұғалім әр сабақтан өз сөзін көптеген жаңа элементтермен толықтыра бермеуі керек және өзі енгізген сөйлемдерін сынып оқушыларының жартысынан көбі дұрыс түсінетініне көз жеткізіп барып жаңа сөйлемдерді енгізуі керек. Мұғалім сөйлемдерді бір немесе бірнеше формаларды пайдаланған кезде, сол сөйлемдерді немесе формаларды оқушылар дұрыс түсінуі үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек.

Сондықтан сабакқа дайындалған кезде, мұғалім өз сөзінде пайдаланатын сөздерін нақтылап таңдап алуы керек, жаңа сөздік бірліктерді енгізудің тиімді жолдарын қарастыруы тиіс және араб жаттығу мәтіндерді алдын-ала бір шолып шықкан жөн.


Қорытынды

Шетел тілін оқыту методикасындағы жаттығу мәтіндерді тыңдап түсінуге арналған зерттеу жұмысында қарастылырған мәселелер қазіргі тандағы оқыту методикасына сай, оқудың түрлі тиімді тәсілдерін пайдалана отырып ұсынылды.

Тіл арқылы өзге халықгың мәдениетін зерттеу қазіргі замандағы мәдениеттанушылықтың аса маңызды аспектілерінің бірі. Оқу мәтіндерінің мәдениеттанушылық жаттығу қол жеткізу оқушының алдында тұрған екі маңызды міндетті: тілді оқыту және мәдениетті оқытуды тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін тудырады.

Тыңдап түсіну - сөйлесудің негізін құрайды, тыңдап түсінуден ауызша коммуникацияны меңгеруі басталады. Тыңдап түсіну сияқты сөйлесуді меңгеру адамға өзіне айтылып жатқанды түсініп және өзіне айтылғанға сай жауап беруге мүмкіндік алады, бұл сұхбаттасудың негізі болып табылады. Бұл жағдайда тыңдап түсіну сөйлесу мәдениетіне және сөйлесушіні мұқият аяғына дейін тындауға үйретеді. Бұл тәртіп тек қана шет тілінде сөйлескенде ғана емес, солай өз ана тілінде де сөйлескенде ұстанылуы керек.

Таңдап түсінуді қалыптастыруда жаттықтыру жаттығуларын 5 топқа біріктіруге болады.

1 топ. Лигвистикалық қиындықтарды жеңілдету мақсатында бағытталған жаттығулар;

- фонетикалық (сөздерді тыңда – дыбысын естігенде қолыңды көтер – мұғалім түрлі дауысты дыбыстар қатысқан сөздерді оқиды);

- грамматикалық (сөздерді тыңда, көпше түрдегі зат есімді естігінде қолыңды көтер);

2 топ. Естігенді есте сақтау қабілетін жетілдіруге бағытталған жаттығулар (сөздерді тыңдап, оларды есте сақтауға тырыс. Содан кейін оларды айтып көр).

3 топ. Оқушылардың назарын жетілдіруге бағытталған жаттығулар.

4 топ. Есептетуді жетілдіру мақсатына негізделген жаттығулар (тыңда да басқаларға айт).

5 топ. Логикалық қабілетін жетілдіруге бағытталған жаттығулар (сөйлемдерді тыңдап, дұрыс орналасқанын айт).

Жаттығу мәтіндерді тыңдап түсіну - тіл үйретудің негізі, өйткені бастапқы кезенде оқушыларға көрнекілік құралдар арқылы сөз пайдаланбай, оқушыларды өз тапқырлығына сүйеніп аударма жасайды. Бұл тәсіл оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және қызығушылығын оятады. Тыңдап түсіну дыбыстарды үйрену кезінде өте қажет, өйткені оқушылардың көпшілігі есту арқылы қабылдайды. Сондықтан да, мұғалімнің көмегімен дыбысты анық естулері қажет және сол дыбысты дұрыс айта алулары тиіс.

Оқушылар мұғалім айтқан сол бір дыбыспен өздерінің сол дыбысты айтқаңдарындағы айырмашылғын ажырата білулері қажет. Мұғалім олардан дыбысты анық (нақты) мұғалімнің өзі айтқанымен сай айта білуін қадағалауы керек, дыбысты айтыла салысымен түзетіп отыруы қажет. Дұрыс айтылмаған сөз айтылған сөздің мағынасын түсінбеушілікке алып келіп соғуы мүмкін.

Шетел тіліне үйрену кезіңде жаттығу мәтіндерді тыңдап түсіну рөлін жоққа шығаруға болмайды. Басқа да ауызша әрекеттердің рөлі сияқты тындап түсінуді де сөйлеуден, жазудан немесе оқудан бөліп тастауға болмайды. Сөйлесу әрекетінің бір түрі ретіндегі тындап түсінуді коммуникативті ерекшелігі шетел тілді үйренудің алғашқы кезінде басты рөлін атқарады. Шетел тілді ерте жастан үйренудің, артықшылығының бірнеше себебі бар.

Кішкентай балада есте ұзақ сақтау қабілеті жақсы дамыған болады. Өзі жаттағандары ұзаққа есінде қалады. Неғұрлым жас болса солғұрлым ана тілінен сөздік қоры аз болады. Бұл жағдайда сұхбаттасу қажеттілігіде аз. Үлкеңдерге қарағанда кіші балаларда сөйлесу саласы аздау. Кішкентай балаға күрделі коммуникавтивті есептерді шешудің қажеттілігі жоқ. Демек, шетел тілін үйрене келе ол өз ана тілінен басқа өзге тілдің ортасында кереметтей арақашықтығын байқамайды және үлкен балаларға қарағанда жетістікке жеткені туралы сезімі жоғары болады. Расында да ана тілінде оқуын жаңадан үйрене бастап, бала бұны өзге тілде де дәл осылай меңгере бастайды. Ол ақпарат алудың қосымша көзін пайдаланудың мүмкіндігін алады.

Оқушы жеңілдетілген, ыңғайландырылған текстерді оқып жүргеніне саналы түрде ойланбайды, өйткені ана тіліндегі оқып жүрген текстері де сондай қиын емес. Осының бәрі, шетел тілін бастапқы кезенде оқытуды бастағанның артықшылығын көрсетеді және осыны бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша тындап түсіну шамасы жететін жаттығу мәтіңдерді есту арқылы есте сақатауға үйретеді, бұл есте сақтау қабілетін дамытады. Естігенді түсіне алуы, тыңдай білуі және т.б. оқушыда сұхбаттасушылық назар аударуын тәрбиелейді. Осыған қарай жаттығу мәтіндерді тындап түсінуді дамыту сатысына жататын оқыту әдісі деп білеміз.

Пайдаланған әдебиеттер

1.

2.



3. С. Әбдіғалиев. Неміс тілін оқыту негіздері. Алматы. 1-18 бетаралығы.

4. Артемов В.А. Восприятие и понимание речи//уч.зап. Моск. гос. пед. ин-та. иностр. яз. им М.Тореза 1954; т.8

5. Барышников Н.В., Жоглина Г.Г. Использование аутентичных видеодокументов в профессиональной подготовке учителей иностранного языка // ИЯШ, 1988, № 4, с.88

6. Воронина Г.И. Методика обучения чтению аутентичных текстов молодежных средств массовой информации учащихс завершающей ступени общего среднего образования с углубленным изучением иностранного языка: Автореф.дис.канд.пед.наук - М., 1994

7. Воронина- Г.И. Организация работы с аутентичными текстами молодежной прессы в старших классах школ с углубленным изучением немецкого языка // ИЯШ, 1995, № 6, с.56

8. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам М,: Аркти-Глосса ,2000.

9. Ейгер Г.В. Рапопорт И.А. Проблемные задачи в обучении иностранным языкам //ИЯШ, 1992, № 5-6 с.17

10. Елухина Н.В. Основные трудности аудирования и пути их преодоления. // ИЯШ. 1977. №1. ст.40,41,42

11. Исенина Е.И. Механизм речевого слуха и обучение восприятию иноязычной речи.//ИЯШ, 1975.№2. ст. 35

12. Жоглина Г.Г. Развитие умений коммуникативной компетенции на основе использования аутентичных видеодокументов : Автореф. дис. канд. пед. наук Пятигорск, 1998

13. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке М.: Просвещение, 1978

14. Ковбасюк Т.М., Гнусина Б.Я. Поэтапное становление навыка понимания незнакомых слов при чтении // ИЯШ, 1975,№5, с.54

15. Кочкина З.А. Аудирование: что это такое?//ИЯШ,1964 № 5. с.16.

16. Машкан М.Т. Методика преподавания арабского языка в университетах Казахстана. Алматы, 2002.

17. Методическая аутентичность в обучении иностранным языкам // ИЯШ 200 0 № 1 ст. 11 -15

18. Носонович Е.В., Мильруд Р.П. Критерий содежательной аутентичноети учебного текста.//ИЯШ, 1999, №2, с.6

19. Овчинникова Л.П. Упражнения и тексты для аудирования и работы надпроизношением. // ИЯШ,1990 № з.

20. Прусков Н.Н. Трудности при обучении аудированию иноязычного звучащего текста.// ИЯШ. 1981 №3. ст. 60,61

21. Рогова Г.В. О речи учителя на уроке // Иностранные языки в школе. -1984 №5. ст.6.

22. Саланович Н.А. Обучение чтению аутентичных текстов лингвострановедческого содержания//ИЯШ, 1999, №1, с.18, №2 с.106

23. Соловьева Н.Г. Обучение устной речи в старших классах школ гуманитарного типа с использованием аутентичных культурно-страноведческих материалов (на материале нем.языка): Дис. канд.пед. наук -Томск, 1997

24. Соловьева Е.Н. Обучение аудированию в книге Методика обучение иностранным языкам М., 2003 г.26.

25. Ткаченко Р.Г., Роговская Б.И. Карлайл М.С. О речи учителей на уроке //Иностранные языки в школе. 1984.№2

Сілтемелер

1,18. Соловьева Е.Н. Обучение аудированию в книге Методика обучение иностранным языкам М., 2003 г.26. Ткаченко Р.Г., Роговская Б.И. Карлайл М.С. О речи учителей на уроке //Иностранные языки в школе. 1984.№2

2,13. Воронина- Г.И. Организация работы с аутентичными текстами молодежной прессы в старших классах школ с углубленным изучением немецкого языка // ИЯШ, 1995, № 6,

3. Воронина Г.И. Методика обучения чтению аутентичных текстов молодежных средств массовой информации учащихс завершающей ступени общего среднего образования с углубленным изучением иностранного языка: Автореф.дис.канд.пед.наук - М., 1994

4. Исенина Е.И. Механизм речевого слуха и обучение восприятию иноязычной речи.//ИЯШ, 1975.№2.

5. Саланович Н.А. Обучение чтению аутентичных текстов лингвострановедческого содержания//ИЯШ, 1999, №1, с.18, №2

6. Ткаченко Р.Г., Роговская Б.И. Карлайл М.С. О речи учителей на уроке //Иностранные языки в школе. 1984.№2

7,10. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам М,: Аркти-Глосса ,2000.

8,11,14. Машкан М.Т. Методика преподавания арабского языка в университетах Казахстана. Алматы, 2002.

9,17. Соловьева Н.Г. Обучение устной речи в старших классах школ гуманитарного типа с использованием аутентичных культурно-страноведческих материалов (на материале нем.языка): Дис. канд.пед. наук -Томск, 1997



12. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке М.: Просвещение, 1978




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет