Дипломатиялық аударма кафедрасы Аға оқытушылар : Абдвахитова Г. Н., Тілеужанова Г. Т



Дата15.09.2017
өлшемі59,85 Kb.
#33200
түріДиплом
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Дипломатиялық аударма кафедрасы

Аға оқытушылар: Абдвахитова Г.Н., Тілеужанова Г.Т

Өзге ұлт өкілдеріне тілді меңгертудің әдістері

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сапасын арттыру көптеген факторларға байланысты. Олар білім мазмұны, әдістемелік, оқытушы шеберлігі оқу-материалдық база т.б. Бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты даму үстінде. Атап айтқанда, интернет желісінің, электронды поштаның өсуі, күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі студенттердің ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан оқытушы студенттермен нағыз қатынас орната отырып , шығармашылық байланыста болуы керек. Ұстаз-студенттің ішкі жан дүниесіне әсер ететін нағыз тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі, яғни тілді үйретуі тәрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы қажет. Қазатың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын студенттердің санасына сіңіріп, тәрбиелеу- әр оқытушының міндеті. Өзге ұлт өкілдері отырған дәрісханада оқытушыларға қазақ тілін сан қилы әдістемелік амалдар мен әдістерге сүйеніп тиімді өткізуге болады. Әсіресе, қазақ тілінде тән әріптерді, септік жалғауының артықшылығын, екпін түсіру еркшеліктерін үйретудің қиындығы, қазақ тіліне тән шешендік сөздерді үйрету. Міне,сондықтан әркез қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың айтылуына басты назар аудар керек. Сонымен бірге дыбыстардың айтылуы мен мағынасы арасындағы тығыз байланысты да сабақ үстінде ескеріп отырған жөн. Қазақ тілі сабағында дыбыстардың жуан,жіңішке, қатаң, ұяң, үнді тағы басқа болып бөлінуін тілдегі үндестік (сингармонизм) заңдарымен ұштастыра оқытқанымыз абзал болар еді. Дыбыстардың үндесу заңдарын үйрету- қазақ тілінде дұрыс сөйлеудің ең басты шарты. Өйткені дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, сөздердің өзара байланысу жолдарын білмей тұрып, сөйлем құру мүмкін емес. Осы қиындықтарды жеңіп, оқу процессінде шәкірттерге дұрыс бағдар, бағыт бере білу-ұстаздың тәжірибелігінен, оның өз пәніне деген ықыласын, ой өрісінің кеңділігін көрсетеді. Қазақ тілін үйретуде сұрақ-жауап әдісі жиі қолданылады. Сабақта осы әдісті жиі қолдана отырып, шәкірттердің қазақша ойлау жүйесін дамытуға болады.


Тіл үйренушіге суретті пайдалану арқылы сөз, сөйлем құрастыруға дағдыландыру үшін өте тиімді әдіс. Әсіресе, әр тақырып бойынша іріктеліп жиналған,  тақырыптық топтама суреттердің берері мол. Сөзді және сөйлемді толықтыру. Сөздерді құрап айту, әрбір сөздің мағынасын түсіндіру, тақтаға және дәптерге қазақша жазуды үйрету ең қиын да күрделі жұмыс. Сөйлем құрау және  сөзді толықтыру әдісін білген ұстаз қазақ тілін тез үйрете алады. Сөздік жұмысы оқушылардың қазақша сөздік қорын кеңейтеді. Тіл үйрету барысында ең алдымен студенттердің сөздік қорын толықтыру керек. Сөздік жұмысы арқылы студент белгілі бір ойды жеткізуге, сөйлем құрастыруға жаттығады. Студенттерді қызықтырған тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдерді өткізу өте пайдалы. Олар ұсынылған мәселе бойынша өз дәлелдемелерін келтіріп, көзқарастарын білдіреді. Жаттығу әдісі. Оқушыларға тіл үйретудің тиімді әдістерінің бірі. Жаттығу жазбаша және ауызша өткізіледі. Мәнерлеп оқыту. Сөзді, сөйлемді тақтадан , кітаптан , дәптерден дұрыс оқыта білу-қазақ тілін менгеруге септігін тигізері сөзсіз. Әңгімелесу. Екі тілде әңгімелесу арқылы тілімізді үйрету, оқушыларды өз бетінше қазақша сөйлеуге дағдыландыру. Тіл үйретудің негізгі шартты-әрбір сөзді қазақша көбірек қайталауту, сөйлетіп, жаттықтыра беру.
     Өзге ұлттарды оқыту аудиториясында мәтiнмен жұмыс iстеу студенттердiң тiлiн дамытуда ерекше орын алады. Мәтiн студенттерге бiлiм бередi, олардың ойлау қабiлетiн, тiлiн дамытады, қазақша жүйелi сөйлеуге үйретедi. Жұптық жұмыстың да тіл үйретудегі алатын орны ерекше. Студенттер белгілі бір тақырып бойынша диалог құра отырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады. Топпен жұмыс студенттердің бойында жауаптылық, еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыта отырып, студенттерді өзара көмекке, бірлесе ізденуге дағдыландырады. Оқытудың ұтымды әдістері студенттердің тілді оқуға қызығушылығын, сауаттылығын арттыруға, ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға, сөздік қорын байытып қана қоймай, баланың бойындағы мақсаткерлік, дербестік, адамгершілік, белсенділік тағы басқа да жақсы қасиеттерді дамытатыны сөзсіз. Тілді меңгертуде ойын әдісінің студенттердің оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар студентке оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады. ойындар ойнағанда Студент нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді . Ойын барысында әртүрлі жағдаяттар беріледі. Қазақ тілі сабағын ойын түрінде тиімді қолдану сол тілде сөйлеуге жаттығуына мүмкіндік береді.Оқытушы қарапайым тілдік конструкцияның жаңа түрлерін күнделікті сабақта ойын жаттығулары түрінде біртіндеп қолдана отырып, студенттерді сөйлеу дағдыларына үйретеді.

Тілдік ойындар мақсатына қарай: лексика - фонетикалық, грамматикалық болып екіге бөлінеді. Бұлай бөліну шартты түрде ғана, себебі лексиканы фонетикасыз, фонетиканы лексикасыз, лексиканы грамматикасыз қарастыру, меңгерту мүмкін емес. Ойын сабақта студенттердің меңгерген лексикалық материалын практикалық тұрғыда қолдану, сөздерді бір бірімен байланыстырып сөйлем құрау, студентке өз ойы жүйелі түрде жеткізуге дағдыландыру үшін грамматикалық ойындар қолданған аса тиымды. Әр бір оқытушы ойындарды түрлендіріп немесе өзгертуіне болады. Ол оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Оқытушы негізгі тақырыптан айнымай, сабақтың мазмұнына және тақырыбына байланысты ойын түрін таңдай білуі керек. Оқытушылар көптеген танымдық ойындар өткізеді. Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық жағдаяттар беру арқылы білім береді және студентті ынталандырады. Жаңа технологияны енгізуде алдымызға қойылған мақсаттың орындалуы оқытушының ісі нәтижелі болуы. Мақсат пен нәтиже тоғысса жаңалықтың күнделікті әдіске айналғаны. Күнделікті  сабаққа  біз   жоспар құрамыз. Құрылған  жоспарды іске асыру үшін, алға  шарт  қоямыз. Мысалы: студенттің білімін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, мәтіннің тәрбиелік мәні болуы , берілген тапсырманы студент орындап келуі және берілетін тақырыптың күнделікті бағдарламаға сай болуы. Студенттің осы шарттары түгел орындалса, сабақтың нәтижелі болғаны. Енді жаңа технологияның негізгі жүйес студентке басты фактор ретінде қарау. Студент алатын біліміне екі рет оқу ақысын төлемеу үшін оқытушыдан білімді талап етеді.


     Біз өтіп жатқан кредиттік технология алдымен оқытушының
күнделікті даярлығын талап етеді.  Тіл – адамдардың  ойлары мен сезімдерін жеткізетін және жаңалықтар мен білімді игеретін қатынас құралы. Тілдің дұрыс қатынасқа түсуі үйренуші мен үйретушіге тікелей бай-
ланысты.          Әр ұлттың  салт – санасы , түсiнiгi, танымы, сөйлеу мәдениетi, дәстүрi әркелкi.        Жаңа технологияны қолдану, оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн арттырады. Ол үшiн енгiзiлген жаңалықты студенттің   деңгейiне сәйкестендiре қолдану қажет, себебi  бiр топта қабiлетi әртүрлi студенттер отырады. Берiлген мәтiндi оқыта отырып, студенттің мәтiннiң мазмұнын қалай түсiнгенiн сұраймыз. Одан кейiн оқиғаның не жайында баяндалып тұрғанын түсіндіреміз.   Тiлдi меңгеру және меңгерту оңай жұмыс емес. Ең алдымен тiлдi тұтыну қажеттiлiгiне тiл үйренушiнiң ынтасы болу шарт. Оқыту әдісінде дәстүрлі әдіспен қатар этно, ойын, тәжірбие, қайталау әдістерін жаңа технологияға үндестіре қолданған жөн. Ықылас пен ынта , тiлдi үйренем деген талап белгiлі бiр қажеттiлiкте ғана туындайды.Үйренуші тілді үйренем деп талпынғанда, үйретуші сол зеректілікті танытса тіл дамиды.
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
  Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.  
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Ұлағат» журналы. №3. А., 2002ж.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №10. 2000ж.

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» №9. 2002ж.

  4. «Қазақстан жоғары мектебі» журналы №2, 2002ж.

  5. М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет