Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017


Ұлы Хажиб өзіне ақыл−кеңес береді



бет4/6
Дата26.06.2018
өлшемі0,54 Mb.
#44440
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Ұлы Хажиб өзіне ақыл−кеңес береді

Білік біліп−төрден орын аларсың,

Білік білсең− күшті, берік адамсың.

Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын,

Жанды судай біліктен күш табасың.

Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,

Білікті адам жетер тілек, бағына.

Білік−түпсіз, шетсіз−шексіз бір теңіз,

Қанша сімір, сарқылмайды,білсеңіз!

Біліммен ер басын алып жүреді,

Ал, білімсіз басын оққа тігеді!

(Білімменен басыңды алып жүрерсің,

Ал, білімсіз өзін қорлар,білерсің!)

Білім алып, биіктей бер, адам бол,

Ел ішінде мал атанған надан мол.

Білікті бір ойдан, мұңнан арылмас,

Біліксіз құр ыржақтаудан жаңылмас!

Сабыр етсе білікті, ойы жетектеп,

Тұрмас надан тар ешкідей секектеп... [35.114]

Жүсіп Баласағұн шежіреге, шындыққа, қайырымдылыққа үлкен мән берді. Ол «Егер қыз бен ұл тусаң, онда өзің тәрбиеле», «Жаман мінезді бала жақсы адамдарға қауіпті» деген. Жүсіп Баласағұн шығармаларының негізгі мотиві− ержүректік, қайырымдылық, ата−ананы құрметтеу, керек болса олар үшін жанын қию, ата−ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі. Жеткіншектердің дүниетанымдық көзқарастарының дамып, жетілуіне ғұлама ойшыл Ж.Баласағұн шығармаларынң маңызы ерекше. Ол өзінің әлемге әйгілі «Құтты білік» еңбегінде (27-бәйіт):

Ақылы болса, пайдасын ер көп көрер,

Білім білсе, әзиз тірлік өткерер!−

деп адам баласы үшін ең қажеттісі білім, ақыл екендігін ескертуімен бірге:

Білім−байлық, азаймас һәм жоғалмас,

Ұры, қары қол жеткізіп ала алмас!...

Ақыл, сенім анттасқан нақ жолдасың,

Білім, сенген мейірімді қандасың...

Ақыл керек, білім таңдап аларға

Білім керек, іске жақсы қарарға,−

деп олардың қасиеттеріне, өмірдегі пайдасына тоқталады, өзінің де ғылым−білімнің саласында көп ізденгенін айтады.

Қол ұсынып, білім іздеп терледім,

Сөзді сөзге өріп, тізіп зерледім.

Түркі сөзін үркек тағы киіктей,

Қолға үйретіп, қамап,ерік бермедім,−деп алға қойған мақсатқа жету үшін көп еңбектеніп, іздену керектігін өзіне үлгі ете отырып, ескертеді. «Білім ең алдымен жарлы−жақыбайларға берілу керек» деген ой айтады.

Баласағұнның бала тәрбиесіне байланысты ата−аналарға берген ақыл−кеңестері де үлгі боларлықтай.

Мәселен, ғұлама ойшыл ата−ананың басты парызы:



  • баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу;

  • балаға шаңырақ иесі, бабалар ісін жалғастырушы екендігін ұғындыру;

  • баланы аруақтарды ардақтауға, ата−баба дәстүрін сақтауға, құрметтеуге, ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай жеткізе білуге баулу;

  • балаға өзінің мінез−құлық этикасымен үлгі болу;

  • балаға әділетті, қайырымды болу;

  • өзінен туған балаға тәрбиені өзі беруі («Ай маңдайлы ұл−қыз туса алдыңда, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма»);

  • баланы жас кезінен өнерге үйрету, еңбекке араластыру;

  • баланы тәрбиелеп, оқыту барысында мінезін қалыптастыруға көңіл бөлу;

  • баланың тәні мен жанының жақсы жетілуіне назар аудару;

  • балаға өмірдің әрбір сағатын санаулы екенін, сол себепті оны дұрыс өткізу қажеттігін ескерту(«Кешкен тірлік өте зая берер келгісіз, қалған өмір қанша екені белгісіз. Қалған күнді текке зая кетірме, елімді ибадат қып бекін де»).

Ғұламаның әрбір қоғамдық топтағы адамдар арасындағы қарым−қатынасқа, олардың айналысатын қызметі мен іс−әрекеттеріне берген сипаттамасы да тәлім - тәрбиелік бағытты меңзейді.

Мысалы:


Ғалым, дана болмағанда жаһанда

Жерде игілік өнбес еді қашанда,

Білімдері шырақ болды халыққа,

Түн жолы да адастырмас, жарықта...

Олармен араласып, сыйлас бол.

Немесе


Тағы да топ диқандардың әулеті,

Ең керекті жұрт ол, биік дәулеті

Қатынасып, ыңғайыңды бергейсің.

Ас тағамнан еш кемшілік көрмейсің.

.......

Бұл адамдар құтты жандар пайдалы,



Ей, өркенді ер, араласқан жайдары.

Қолөнерші қолдарында түрлі өнер,

Қол өнерін пайдаланып күн көрер

Бұлар да бір ең қажетті кісілер,

Жақын жүргін, көп−көп пайда түсірер,−

деген өлең жолдары ғалым, дана адамдардың білім−ілімінің, ақыл−ой көзқарастарының дихандар мен малшылардың дене еңбектерінің, қолөнершілердің ғажайып зергерлік, сәндік−қолданбалы өнерінің өзіндік ерекшелігін, адам өмірі үшін олардың қажеттілігін суреттеп, мазмұндау арқылы жеткіншектерді осы еңбек адамдарын сыйлап, құрметтеуге шақырады. Баласағұн адамның бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерді (қайырымдылық, әділеттілік, шыншылдық, парасаттылық) жоғары бағалайды. Жеткіншектерге:

Әділет−құт, құт құрығы−кішілік,

Әділеттің заты−тұнған кісілік,−

деп түсіндіреді. [36.39-42]

«Құтты білік» дастанында Жүсіп Баласағұн қарахандар дәуіріне тән халық тәлім-тәрбиесінің тарихи, халықтық, табиғилық, мәдени принциптеріне негізделеді. Сондай-ақ ғұлама жүйелілік, адамның жас және дара ерекшеліктерін ескеру принциптеріне сүйене отырып, тәрбие факторларын: табиғат, еңбек, сөз, еңбек, қарым-қатынас, дін деп айқындайды.



Принцип (латын сөзі)-басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. «Құтты білік» дастанында принциптер педагогиканың тәлім - тәрбиелік мазмұнын, құрылымын, әдістерін, тәрбие үрдісінің мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Принциптер нақтылы, тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның тәрбиеге қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп, кейбіреулері жаңадан пайда болады.

Халық адамды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекке тәрбиелеуде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып отырған.



Тәрбие әдісі (гректің «методос»-«жол» деген сөз)- бұл адамзат тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсатқа жеткізу үшін пайдаланатын жол, тәсіл тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары болып табылады [37.35]

«Құтты білік» дастанында түсіндіру, жеткізу, үлгі, бата беру, бұйрық, пікір алысу әдістері назар аудартады. Мысалы, Айтолды жай әңгіме әдісін қолданып, ұлы Өгдүлміштің адамгершілік қасиеттерін дамытуға тырысады.

Халық тәліміндегі көптеген мақал-мәтілдер, өсиет әңгімелер арқылы өмірдің шын мән-мағынасын түсіндіреді. Бұған халық тәлімімен ұштасатын өсиет сөздері дәлел: Ұлы әкенің арқасында жаралар, Ұлына: ізгілік-күш, ізгілікте-ырысың: Жақсылық ет, есерліктен безгейсің. Жаманнан без, қор қылады басыңды: Аулақ жүргін ұяты жоқ пендеден; Сабырлы бол, сабыр бастар мұратқа: Айтолды: «Аталы сөз, ақылымды жеткіздім, Түйіп іске, іске, ізгі тірлік өткізгін» (1314-бәйіт),-деп балаға берген өсиетін қорытындылайды.


    1. Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанын мектеп оқушыларына оқу-тәрбие беру үрдісінде пайдалану жолдары

«Президент Қазақстанның «Мәңгілік ел» ретіндегі болашағы туралы сөз қозғағанда, ол ұлттың тарихи санасына қатысты мәселелерді күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде қарастырады. Әлеуметтік-мәдени категория ретінде сипатталатын тарихи жады мейлінше терең болған сайын, сондай-ақ тарихи сана неғұрлым тереңнен тамыр тартқан сайын, адам және тұтас қоғам соғұрлым рухани байи түседі. Бүгінгі күнді түсініп, келешекті болжау үшін өткенді білу қажет. Адам алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне терең бойлағанда, оның өмірлік және азаматтық ұстанымдары айқындала түседі.

Тарих өткенмен, адам жадысымен және әлеуметтік санамен сабақтас. Тарихи сананы төл тарихты зерттеп-зерделеу, ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды игеру арқылы ғана қайта жаңғыртуға болады. Адамдарды рухани оятатын ана тілімен қоса, дәстүрді де жаңғырта отырып, халықтың өткен тарихын толығымен қалпына келтіру қажет. Тәуелсіздіктің рухани тұғырнамасын түзетін тарихи сана-сезімнің қалыптасуы деген – осы», - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Сатершинов [38].

Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы тәрбиелік негіздерін мектепте әрбір оқу пәндерінде, мысалы, қазақ тілі, әдебиет, тарих, қоғам және адам, әдеп сабақтары мен тәрбие сағаттарында мысалдар, жыр шумақтары, ақыл-өсиет ретінде жиі-жиі келтіру ұсынысымыз еді.



Біз Жүсіп Баласағұн шығармаларының осы жоғарыда айтылған мүмкіндіктерін педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушылармен тәрбие жұмысын өткізу барысында пайдаландық. Төменде үлгілері ұсынылады.



Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын зерттеу барысында іс-тәжірибеде жүргізілген жұмыстарының мазмұны





9 «А» сыныбы арналған тәрбие сағаты

Сыныптан тыс іс-шара («Шешендік өнер» клубы)

«Тарихи тағылымға саяхат»

мәнерлеп оқу сайысы



9-11 сынып оқушыларына арналған шығарма жұмысы




Сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының тақырыптары


9 «А» сыныбы арналған тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Мың жылдық тарихы бар Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы тәрбиелік ұғымдары».

Сабақтың түрі: пікіралмасу, әңгіме, жыр кеші

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастаны арқылы білімдерін тексеру, дамыту; ғұлама шығармасының идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, дастанын нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру. Тәрбиелік мұраны бүгінгі күн талабымен байланыстыра отырып, тарихи-әдеби тұрғыда түсіндіру.

Тәрбиелік: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы арқылы рухани-байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті (сұрақ-жауап, пікірлесу, талқылау, зерттеу).

Сабақтың көрнекілігі: Жүсіп Баласағұн туралы қабырға газеті, «Құтты білік» кітабы, дастан, ғұлама туралы кітаптар, газет-журналдар, слайд.

Тірек-ұғымдар: Жетілген-тұлға, Әділдік, Ақыл, Бақыт, Қанағат, төрт-діңгек ұғымдары.

Пәнаралық байланыстар: әдебиет, қазақ тілі, тарих, әдеп.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) Сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру.



Кіріспе (мұғалім сөзі)

Бүгін біз орта ғасырлық, осыдан мың жыл бұрын өмір сүрген Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны төңірегінде ашық тәрбие сағатын өтеміз. Ондаған ғасырдан бері келе жатқан бұл дастандағы негізгі мәселе Әділдік, Бақыт, Ақыл, Қанағат ұғымдары болса, біз де бір ғасыр түлектері есебінде өз ойымызды ортаға салып ғұлама жырларына үңілейік. Алдымен ғұлама өмірі, ол өмір сүрген орта Карахандар дәуірі туралы бірер сөз (бір оқушы баяндайды). Келесі дастан мазмұны, ондағы жеке тұлға, -мемлекет құру ісі, кісілік келбеті төңірегінде бірер сөз.



1.1 Топқа бөлу:

Сынып оқушыларын қызыл, жасыл, ақ карточкалар арқылы топқа бөліп аламыз.



Қызыл карточка алған оқушылар- «Белсенді» тобы

Жасыл карточка алған оқушылар- «Шығармашыл» тобы

Ақ карточка алған оқушылар - «Ізденімпаз»тобы
Психологиялық ахуал:

Сынып сағатын бастамас бұрын топ оқушылары бір-біріне сәттілік тіліп, ізгі ниеттерін жазып, алма ағашына іледі.




  1. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту

Оқушыларға тақырыпты ашу үшін «Зымыран сұрақтар» қойылады.



I- топ оқушыларына

1.Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскен ғұлама

2. (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған дастан

II-топ оқушыларына

  1. «Құдауғу білік» - қандай дастан?

  2. «Құтты білік» дастанын кімге арнап шығарды?

III- топ оқушыларына

  1. Ақынға қандай атақ берілді?

  2. «Құтты білік» дастаны қанша бәйіттен тұрады? 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең)

  1. Мағынаны тану. Ой толғау

Оқушылар ақынның өміріне қысқаша шолу жасайды.

Мұғалім: Дастаннан үзінділер келтіре отырып, тәлім-тәрбиелік идеяларына көңіл бөледі:

Білімді-аз, білімсіздер қаптаған,

Ақылсыз-көп, ақылдыны таптаған.

Білімсіздер білімдіге жау болды,
Надандардың аңсағаны деу болды.

Дана, халық, көкірегі сара халық надандыққа, тасырлыққа ежелден ақыл, білім, тілді, сезімді қарсы қойған.

Билік сөйле, сөзіңді сол, оң болсын,

Түпсіз қараңғыда көз болсын (179-бәйіт)

Сол сияқты:

Білікті бір, ойдан, мұнан арылмас

Біліксіз құр ыржақтаудан жаңылмас (6612-бәйіт)

Білімсізге төрден орын болса көр:

Төр-босаға, ал, босаға болды-төл!(162-бәйіт)

Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,

Білім-жарық, құран саған шашатын (268-бәйіт)

деп, оқушыларға білім мен ақылдың адам баласына шапағатын көне дәуір ғұламасы сол кездегі өзіне түрлі-түрлі астармен толғайтынын түсіндіреді.

Төрт оқушы (арнайы тапсырмалармен алдын-ала дайындалған) сахнаға шығады:

1-оқушы-Әділдік туралы

2-оқушы-Бақыт туралы

3-оқушы- Ақыл туралы

4-оқушы- Қанағат туралы

Әр оқушы дастан кейіпкері есебінде сұхбатқа, пікір алысуға кіріседі.

Мұнда:

-Тілдік пайда, зиян келтірудегі қызметі



-Пайдалы ақыл-кеңестер

Бақыттылық ерекшеліктері

-Басшы адамға керекті қасиеттер

-Ғылым, білімнің ерекшеліктері

-Адам бойындағы асыл қасиеттер

туралы жыр шумақтары мен бәйіттері оқылады.

Ал надандық туралы жиреніш тудыратын бәйіттерден үзіндіні арнайы бір оқушы оқиды.

Оқушылар тарапынан мүмкін болатын сұрақтар-пікірталас:

-Басшы туралы айтқанда Әділдік туралы басым жырлауының себебі

-Бақытқа жету жолы Әділдік, ақыл, қанағат деу себебі

-Тіл мен ақылдылық байланысы

-Тәрбиелік ұғымдар

-Өз бастауына үлгі тұтарлық жыр бәйіттерінен үзінділер келтіру.

Пікірталас соңында кейбір оқушылар сұхбат алу түрінде жазбаша ойларын білдіреді.

Соңында мұғалім өзі қорытынды жасап, Жүсіп Баласағұн және оның «Құтты білік» дастанының құндылығын тұжырымдайды. Оқушылар өздерін рөлдерде дұрыс жыр шумақтарын айта білгенін, оны өмірмен байланыстыра білу керектігін айтты.

IV.Сабақты қорытындылау

«Бір сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылап, бекіту.



V.Үйге тапсырма: Оқушыларға өз бетінше орындауға тапсырмалар беріледі.

  1. Реферат жазу

  2. Мұрағаттық материалдар жинау

  3. Тарих, әдебиет пәндерімен байланыстыра материалдар жинау

VI.Бағалау:

Оқушылардың белсенділіктерін қызыл, жасыл, сары карточкалар арқылы бағалау.


Қызыл

Сары



Жасыл

Оқушылардың реферат жұмыстарының тақырыптары:

  1. Жүсіп Баласағұн және оның шығармашылығы

  2. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тәрбие мәселесі

  3. Жүсіп Баласағұн дастанындағы салт-дәстүрлердің көрінісі

  4. «Құтты білік» дастанындағы мақал-мәтелдер және оның тәрбиелік мәні

  5. «Құтты білік»дастанындағы адамгершілік тәрбиесі

  6. «Құтты білік» дастанындағы азаматтық тәрбие

  7. Халық наным-сенімдері, әдет-ғұрыптарының Жүсіп Баласағұн шығармасында көрініс табуы

  8. «Құтты білік» дастанындағы отбасы тәрбиесі

  9. «Құтты білік»дастанындағы оқу-білім тәрбиесі



Тұжырым
Бүгінгі таңда жас ұрпақты халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білетін, жалпы адамзаттық мәдениетті терең түсінетін тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Яғни, Білім Заңында әрбір азаматтың білім алуға құқылы екенін негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдістерін жан-жақты қамтиды және мемлекеттік тілді дамытуға тарихи мұраларды жаңғыртуға аса зор мін береді.[39]

Осы орайда зерттеу нысанымызға алып отырған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы адамгершілік тәрбие негіздерін бүгінгі күн талабына сай жоғары сыныптың тәрбиелік сынып сағаттарында қарастырдық. Жоғары сынып оқушыларына бағытталған тәрбиелік іс-шара «Мың жылдық тарихы бар Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы тәрбиелік ұғымдары» тақырыбында өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларды ғұламаның әйгілі туындысы «Құтты білік» дастанындағы тәлім-тәрбиелік ұғымдарымен таныстыру. Сонымен қатар, дастан кейіпкерлерінің бойындағы қасиеттерді талдау. Оқушылар «Құтты білік» дастанындағы кейіпкерлерімен танысу барысында өздері түсінбеген сөздерді кездестірді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі арқылы бұл қиындықты шеше білді. Дастандағы кейіпкерлердің Күнтуды-Елік, Айтолды, Өгдүлміш, Одғұрмыш рөлдерін түсіне оқып, дастанның түпкі мақсаты не екенін пікір алысу арқылы талқыладық. Дастанды терең ұғындара оқыта отырып, адамның осы өмірдегі орнын айқындауға және бала бойына адамгершілік қасиеттерін ұялатуға бағыттады.

Сыныптан тыс іс-шара («Шешендік өнер» клубы)
Сайыстың тақырыбы: «Тарихи тағылымға саяхат»

Сайысқа қатысушы оқушы саны: 10 оқушы

Сайыстың мақсаты: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы адамгершілік қағидаларын мәнін түсіне отырып, мәнерлеп оқуды қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы арқылы рухани-байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Сайыстың көрнекілігі: Жүсіп Баласағұн туралы қабырға газеті, «Құтты білік» кітабы, дастан, ғұлама туралы кітаптар, газет-журналдар, слайд.

Пәнаралық байланыстар: әдебиет, қазақ тілі, тарих.
Сайыстың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

«Тарихи тағылымға саяхат!» атты мәнерлеп оқу сайысының барысы

— Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар, құрметті оқушылар !


«Тарихи тағылымға саяхат!» атты  мектепішілік мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!

Әнұран орындалады.

(Ән: «Көк тудың желбірегені». Қатысатын оқушылар ән әуенімен қолдарына жалау ұстап сахнаға шығады.)

  • Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік» дастаны туралы шағын слайд көрсетіледі.


Каталог: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> СҚО, Есіл ауданы «Горное негізгі мектебі» кмм мусина Динара Муратовна
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан барысы мультфильм негізінде Сабақ негізделген оқу мақсаттары
post02 -> Бастауыш сынып мұғалімі: Байтлеуова Ж. Ш. Астана қаласы №84 мектеп-лицейі «Толағай» зияткерлік сайысы Мақсаты
post02 -> Армысыңдар, бүгін жиналған қауым!
post02 -> Тақырыбы: «Great Britain» «Ұлы Британия» Апталықтың ашылуы. Мақсаты
post02 -> «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебі» мм
post02 -> Ұлыстың ұлы күні
post02 -> Сабақ тақырыбы: І. Есенберлин өмірі мен шығармашылығы
post02 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. Сабақ нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет