Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017



бет6/6
Дата26.06.2018
өлшемі0,54 Mb.
#44440
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Тұжырым

Тарих өткенмен, адам жадысымен және әлеуметтік санамен сабақтас. Тарихи сананы төл тарихты зерттеп-зерделеу, ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды игеру арқылы ғана қайта жаңғыртуға болады. Адамдарды рухани оятатын ана тілімен қоса, дәстүрді де жаңғырта отырып, халықтың өткен тарихын толығымен қалпына келтіру қажет. Тәуелсіздіктің рухани тұғырнамасын түзетін тарихи сана-сезімнің қалыптасуы деген – осы», - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Сатершинов. Осы орайда, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының аясындағы тарихи ізденіс ретінде Жүсіп Баласағұнның көркем туындысы «Құтты білік» дастанындағы баға жетпес асыл мұраны, оқушылар санасына мәнерлеп, түсініп оқу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастырамыз.Сонымен бірге, Жүсіп Баласағұнның биылғы 1000 жылдық мерей тойына мектеп ұстаздары мен оқушыларының қосқан үлесі ретінде қарастырылды.



Сайыстың басты мақсаты -Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы адамгершілік қағидаларын мәнін түсіне отырып, тарихи мұраға сыйластықпен қарау және мәнерлеп оқуды қалыптастыру. Сайыс 9-11 сынып аралығында өткізілді. Мектепішілік «Шешендік өнер» клубымен бірлесіп жасасқан сайыс жоғары деңгейде өтті. Сайысқа ат салысқан тарих пәні , қазақ тілі мен әдебиет пәні және кітапханашы ұстаздардың еңбегі өте зор болды. Сайыс барысында оқушылар «Құтты білік» дастанындағы түсініксіз сөздерді тарих пәні,әдебиет пәнінің ұстаздарының көмегімен және Қосымша Д-көрсеткіш сөздіктер арқылы таба білді. Сонымен қатар, сайыс барысында оқушылардың сөйлеу дағдыларында біршама қиындықтары да болды. Атап айтсақ, қала оқушыларының орыс тілінде сөйлеуі және ойлауы, қазақ тілге деген шорқақтығы, дастанда берілген сөздердің мағынасын терең түсіне бермейтіндігі қиындық туғызды. Сөз мағыналарын түсіне білмегендіктен, «Құтты білік» дастанында кездесетін күрделі сөздердің мағынасын түсіндіретін сөздік жасап шықтық. Қосымша Д көрсеткіш арқылы көре аласыздар.
9-11 сынып оқушыларына арналған шығарма жұмысы

9 «А» сыныбына арналған шығарма тақырыбы: «Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тәрбие мәселесі». 9 «А» сыныбынан барлығы 20 оқушы қатысты.

11 «А» сыныбына арналған шығарма тақырыбы: «Құтты білік» дастанындағы мақал-мәтелдер және оның тәрбиелік мәні».

Шығарма мақсаты- Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы көрініс тапқан адамгершілік тәрбие идеяларын талдап, оқушылардың өздеріне жаздырып, тұлғалық қасиеттерді сезіндіре білу.

Шығарманың қорытынды көрсеткіші

Сыныбы

Оқушылар саны

Тақырыбы

Қорытындысы

9 «А»

20

«Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тәрбие мәселесі».

11 оқушы -өте жақсы

9 оқушы-жақсы



11 «А»

15

«Құтты білік» дастанындағы мақал-мәтелдер және оның тәрбиелік мәні-

12 оқушы- өте жақсы

3 оқушы-жақсы




Шығарманың бағалануы





1.               Мазмұндылығы мен идеялығы.

2.               Ой -  пікірдің жүйелігі.

3.               Стилі.

4.               Грамматикалық сауаттылығы.



Шығармаға  екі баға қойылады:

1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін;

2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін;

 Шығарма көлемі


9 – сынып – 3 – 4 бет;

10 – сынып – 6 – 8 бет;

11 – сынып – 6 – 8 бет (оқушы дәптерінің беті).


Бағалау нормалары.


Баға

Қателер саны

«5»

1/0  1/0  0/1

«4»

3/3  2/4  1/5

«3»

6/5  5/6  3/8

«2»

9/5  8/9

 

2-тарау бойынша тұжырым
Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік идеяларының алтын арқауы, негізгі өзегі-«Құтты біліктің» мазмұнын құрайтын адами құндылықтардың жүйесі. «Құтты білікте» көтерілген, бүгінгі мәселелердің бірі-жеке тұлғаны жетілдіру. «Құтты біліктегі» адамгершілік қасиеттердің шыңы болып есептелетін этнопедагогикалық категория-кісілік. Ақын жақсылығын, қайырымдылығын, ізгілігін есеппен істемейтін адамдардың құндылық қасиетін «кісілік» деп атап, нағыз кісіліктің негізіне кішілік, ізгілік,тектілік, парасаттылық қасиеттері жататындаған дәлелдейді. Ислам діні ғылым-білімнің, оқып-білудің жанашыр жақтаушысы екендігі «Құтты білікте» дәлелденеді. Ақынның ойынша, адам бойында қалыптасатын игі қасиеттер, жалпы, қоғамдық прогресс білімнің, оқудың, өне бойы ізденудің арқасында келеді.Өмірді танып-білу-Алланы танып-білуге талпыныс, ол, тек ғылым арқылы жүзеге асады. Бірақ білімді адамның бәрі тәрбиелі, иманды бола бермейді, өмірде білімді ақымақтар да жиі кездесіп отырады. Білімді игеру-әрбір адамның міндеті, бірақ ақымақтарға оқу-білім ақыл қоспайды.Тәрбие балаға тал бесіктен жер бесікке түскенге дейін үздіксіз, белгілі бір ізгі мақсатпен жүргізілгені абзал.Ұстаздың тәрбиеге көнетін адамдар мен оған онша көне бермейтіндер де болатынын ұмытпауы тиіс. Қандай жағдайда да тәрбие жұмысы бір сәтке де толастамауы керек. «Құтты білік» дастаны түркі тілдес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының, төл мұрасы болғандықтан, онда көрініс берген тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер қазақтың халық педагогикасымен сабақтасып жатыр. «Құтты білік» дастаны- ілкі ортағасырлық ұлы бабамыздың ұрпақтарына қалдырған өн бойына ең асыл сөздерді, инабатты ойларды жинақтаған ең қымбат, көнермейтін мәдени ескерткіш, баға жетпес рухани мұра.

Қорытынды
«Құтты білік»-ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. «Құтты білік» дастанының ғасырлар сынынан өткен,замандар бойы мәнін жоғалтпай жеткен түрлі әдеби, тарихи, этникалық, философиялық, көркемдік заңлдылықтары өзінше бір әлем.

«Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түркітілдес халықтар тарихындағы әдебиеттану, тілтану, мәдени-тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні аса зор. Бұл тұрғыда қазақ хылқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Балсағұнның адамгершілік тәрбиесінде жатыр.

Сонау ерте заманның өзінде-ақ қазіргі қазақ халқының арғы ата-тегі көне түркілердің аса мәнді мұралары болғандығын және олардың дербес іс-әрекеті бар мемлекет, өзіндік этникалық психологиясы қалыптасқан іргелі ел құрғанын Жүсіп Баласағұни өшпес рухани ескерткіші арқылы әлемге паш етеді. Қазақ жерінен шыққан ортағасырлық ойшылдың артына қалдырып кеткен рухани мұрасының астары өте терең. Онда, бұрын да айтқанымыздай, қазіргі қоғамдық және гуманитарлық ғалымдарға талай зерттеу нысаны боларлық терең философиялық ойлар мен нақты ғылыми түйіндер жеткілікті.

Жүсіп Баласағұни кемеңгер елбасы билік құрған, әділ заң үстемдік еткен құқықтық мемлекеттің қандай болуы керектігін шебер бейнелейді. «Құтты білік» дидактикалық дастанындағы тәлім-тәрбиелік құндылықтар жүйесінде ақын өзі айтқандай «құтын тұтатын» кез қазақ оқырмандарына, ғылыми-педагогикалық қауымға, өскелең ұрпаққа келді.

Дипломдық зерттеуді қорытындылай отырып, түркі ойшылының шығармасы өміршең, оның педагогикалық идеяларындағы адами құндылықтар жүйесін құрайтын адамзат өмірінің мәңгілігі, дүниеде адамнан қасиетті, бағалы ештеңенің жоқтығы екендігін баса айту.

Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан халық тәлімі жазба әдебиетімен сабақтастығымен ерекшеленеді. Халықтық сипаттың, ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерінің қайнар көзі Жүсіп Баласағұнның шығармаларында айқын аңғарылады. Дастанда кеңінен орын алатын мақал-мәтелдер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, сондағы қойылған мақсатты жүзеге асыруға ықпалын тигізіп, жазба ескерткіштерінің мазмұнын байытып отырған. Жазбалар іргетасын қалаған аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер тәрбиенің арнайы бір міндетін шешуге бағытталған, тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдері, тиімді формалары болып келеді. Орта ғасырда адамгершілік, отансүйгіштік, ақыл-ой, намыс, отбасы тәрбие түрлері жан-жақты дамыған.



  • Жүсіп Баласағұни педагогикасының бір негізгі өзегі, алтын арқауы болып, имандылық, адамгершілік идеялары саналады.

  • Тәлім - тәрбиелік принципті басшылыққа ала отырып, Баласағұн «Құтты білік» дастанындағы салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды көрсете білді. Олардың ішінде айқын көрінетін қонақжайлылық, үлкен-кішіні сыйлау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, қыз тәрбиесі, т.б. салт-дәстүрлер ерекше орын алады.

  • Жүсіп Баласағұн мұрасының бүгінгі таңда ұлттық тәрбиеде алатын орны ерекше. «Құтты білік» дастаны халық педагогикасының мазмұнын тереңдетіп, жаңаша қырларын көруге бағыттайды. Баласағұнның негізгі мақсаты құтты мемлекет орнату, жетілген тұлға тәрбиелеу. Осы тұрғыда ұсынған принциптер мен әдіс-тәсілдерін оқу-үрдісінде толық пайдалану қажеттігі туады.

Жүсіп Балсағұнның мұрасындағы тәрбие негіздерін отбасы, отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілік, тәрбие үрдістерінде толық пайдалану, оны жүйелеп, бүгінгі күннің талабына сәйкестендіру қажеттілігін тудырады. Сондықтан зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:

  1. Жүсіп Баласағұнның тәрбие идеяларын білім беру жүйесінің жоғарғы сынып сатысында қолданудың тиімді жолдарын айқындап, әңгіме, сабақ, сабақтан тыс іс-шаралар, пікірталас, т.б. дәстүрлі, дәстүрлі емес формалар, әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

  2. Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша зерттеу барысында жасалған әдістемелік нұсқауларды жалпы білім беретін мектептердің «Мәңгілік ел» ұлттық бағдарламасының талабына сай келетін тәрбие бағдарламаларына енгізу қажет.

«Құтты біліктегі» қос жолдан тұратын 6645-бәйіттер- бір қараған адамға қазақтың қарапайым қара өлеңі сияқты көрінгенімен, зерделеп үңілген зерттеушіге сәулесін мәңгі шашып тұратын көпқырлы гауһартас іспеттес рухани құндылықтар дүниесі.

Жүсіп Баласағұни «Әкенің баласына қалдыратын ең қымбат мұрасы-өнегелі тәрбие» деген ұлағатты сөзді әрқашанда ту етіп ұстап, өзінің «Құтты білік» кітабын асыл тәрбиенің үлгісіне балап, болашақ ұрпаққа аманат-сыйлық, құнды мұра ретінде өсиет етіп кеткен.




Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Мәңгілік Ел: – Оқулық / М.Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова және т.б. Абай атындағы ҚазҰПУ – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 7 б.

  2. Кошербаева А.Н. Развитие идей гуманизма в педагогическом наследии Юсуфа Баласагуни. 13.00.01. – Автореф. дис…. канд.пед. наук, Алматы, 2004. – С. 20-21.

  3. Кононов А.Н. Поэма Юсуфа Баласагунского «Благодатное знание»,в книге Ю. Балсагунский «Благодатное знание».- М.,1983.-23б

  4. Юсуф Баласагуни. Литература Х-Х II веков . kaz-lit.kz/literatura-x-xii-... копия.

  5. Тенишев Э.Р. «Кутадгу билиг» и «Алтын Ярук» // Советская тюркология, 1970, №4, С.24-31

  6. Қайқаус Қабуснама. Қазақ тіліне ауд. Айнабеков Т., Алматы, 1984.

272 б

  1. Короглы Х. Алып Ер Тонга и Афрасиаб по Юсуфу Баласагуни, Махмуду Кашгари и другим авторам // Советская тюркология, 1970,№4, С.108-115

  2. Крымский Е.Н. Историй персия, ее литературы и дервишской теософии.-Москва: Наука, 1909-С.64

  3. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности // Тексты и исследования. –М.; Л., 1957-С.282

  4. Байпаков К.М. По следам древних городов Казахстана. –Алматы, 1990.-С.208

  5. Насылов Д.М.,Радлов В.В. и изучение древнейуйгурских памятников // Тюркологический сборник,1971, М,.1972, С.64-101,67 б

  6. Radloff W. Das Kudatku Bilik des Iusuf Chas Hadschib aus Balasagun T.I.Der Text in Transscription, St.Petersburg,1891, S.560

  7. Resid Arat. Kutadgu bilig,Jstambul,1947.

  8. Иванов С.Н. О благодатном знании «Юсуфа Баласагунского»/ Баласагунский Ю.Благодатные знания, М., 1983, С.518-540

  9. Жеменей И. фил.ғылым. док.шығыстанушы. Аңыз адам (журнал)-2013-№18,14 б

  10. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері, Алматы, 1995, 200б.

  11. Қабылова А. Философия ғылым.док.проф. Аңыз адам (журнал)-2013-№18, 35-36 б

  12. Егеубаев А. Кісілік кітабы.-Алматы: «Ана тілі»,1998.-Б.34](126 б)

  13. Қоңыратбаев Т. «Құтадғу біліг және оның зерттелуі» // Астана дауысы, 1993, 24 сәуір-2б

  14. Фомкин М.С. Благодатное знание // Звезда Востока.-1984. -№7.-С.182-184 (182 б)

  15. Тухлиев Б. Фольклорные мотивы в «Кутадгу билиг» Юсуфа Хас-Хаджиба: дисс... канд.филолог.наук:.10.00.01. Ташкент,1992.-Б.50 50 б

  16. Содиқов З.Юсуф Хос-Хожиб «Кутадгу билиг» асарининг олмонча илмий-адабий талкинлари: дисс. ... канд. филолог. наук:. 10.00.01.-Ташкент, 1994.-Б.24 б

  17. Короглы Х. Древнетюркская литература // Советская тюркология.-1988-№5 –С.16-21

  18. Молотова Г. Проблема нравственности –актуальная проблема всех эпох (на примере «Кутадгу билиг» Юсуфа Баласагуни)//Вестник КазГУ.-Алматы, 1999.-№9.-С.35-39, 35 б

  19. Амребаева Ж.Т. Традиции восточной педагогики в поэме Юсуфа Баласагуни, «Кутадги билиг» // Историческая память: Алия-Маншук: конф. Молодых ученых г. Алматы, 2 марта1998.-С.88-89,88б

  20. Көшербаева А.Н., Мырзахметов М.М. Баласағұнидың «Құтты білік» дастанының мәні // Қазақстан мектебі.-2004.-№7.- Б.23-28

  21. Ахметова Т., Асқар Л.Ә. Жүсіп Баласағұни дүниетанымының рухани бастаулары // Қазақстан мектебі. -2004.-№7 –Б.23-28.

  22. Ахметов Т. Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары:пед.ғылы.канд...автореф: ... 13.00.01.-Астана-2013-56 б

  23. Шадинова Г. Философия ғылым.канд. Аңыз адам (журнал)-2013-№18, 38 б.

  24. Сейітбекова А. Филология ғылым.канд. Аңыз адам (журнал)-2013-№18, 47 б.

  25. Әнуарбекқызы Ә. Аңыз адам (журнал)-2013-№18, 49 б.

  26. Көшербаев А.Н., Мырзахметов М.М. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанының мәні // Қазақстан мектебі-2004-№7- 23-28 б.

  27. Молдасан Қ.пед.ғыл.канд. Аңыз адам (журнал)-2013-№18, 40 б.

  28. Баласағұн Жүсіп «Құтты білік»/көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған. Егеубаев А; Алматы: жазушы,1986-

  29. Жарықбаев Қ., Қалиев С.,Қазақтың тәлімдік ой−пікір антологиясы, Алматы, Рауан,1994-114 б

  30. Мұқанов Б., Ильясова Р.,Этнопедагогика , «Фолиант» баспасы, Астана−2008 39-42 б

  31. Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік.-Алматы, 2003.-Б.60

  32. В чем значение формулы «Казахстан - Мәнгіліқ Ел»?//altyn-orda.kz/v-chem- znachenie

  33. Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті.-Алматы,2004

  34. Қоңыратбаев А., Қоңыратбаев Т.-Көне мәдениет жазбалары: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 1991-400б


Қосымша А
«Құтты білік» дастанында кездесетін тәлім-тәрбиелік ұғымдар

Құт бек


Білік бектік

Жігіттік қамқорлық

Тек сақи кісі

Әділдік ырыс

Ақыл жүзі нұрлы

Дәулет өнер құты

Бақыт дана кісі

Қанағат білікті сөз

Адалдық шайыр сөзі

Адамгершілік ғаріп жан

Ізгі ниет асыл текті

Ізгі жан зейінді

Құрмет жүректі ер

Қасиет елге тұтқа ер

Ізгілік әділ заң

Ұлық адам ұлылық негізі

Ізгі көңіл құлқы жақсы

Ізгі еңбек ізгі қылық

Жомарттық жүзі жарық

Адамдық тәрбиеші

Бейбастық бақилық

Ізет жібек мінез

Ғибрат жаны сұлу

Жаны жұмсақ адал сөз

Даңқты құт қонған ер

Мейірлі аян мінез

Білім-інжу ақыл лебі

Кемел ер инабат

Бүтін ер құт белбеуі

Білікті ой қыз мінезді

Бақытты жан ерек кісі

Ұрығы асыл білім теңіз ғұлама

Сара-таза жүрегі шырайлы

Нұр жуады өңдерін кең ақылы, өрісі

Салмақтылық ақиқаттың жолы

Шынайы ақылдылық жан шырыны

Ақылы асқан терең сөз

Қадыр тұту бақыт қамы

Құлқы кербез бақыт шарты
Қосымша Б
11 «А» сыныбына арналған тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Құтты білік»- халықтың құты, ырысы

(Жүсіп Баласағұнның тілдің қасиеті, ақыл мен білім, адам бойындағы қасиет туралы ой толғамдарын талдау)

«Көңіл тілдің иесі, сүйенеді сөз тілге

Сөз-күйресе, күйгені көңіл мен тіл, көркің де» Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Баласағұн тіл өнерінің қасиеті-сипаты туралы, білім ақылдың пайдасы, адамның қасиеттері туралы даналық сөздері.

Сабақтың мақсаты:


  1. Осыдан сан ғасыр бұрынғы бабалар сөзімен танысу, көне дәуір ғұламаларының ой толғамдарын санаға сіңіру.

  2. Ғажайып даналық, құдіретті мәңгілік қымбат, қасиетті сөздерді оқу, есте сақтау.

  3. Халықтың құтты ырысы болған ілімді, тәлім мектебін бойға сіңдіру, рухани байлықтың өшпес қайнар көзінен түркі халықтың тілі мен өнерінің тынысын бойға сіңдіру.

Сабақтың міндеті: (сын тұрғысынан ойлау міндеттері).

  1. Ойшыл бабалар сөзін оқып, ой-толғамдарын ақылға тоқиды.

  2. Мәтінмен танысады, есте сақтайды, рухани байлықтың өшпес қайнар көзінен нәр алады, жатқа біледі, ой толғайды, ортаға салады, ойланады.

  3. Топтастырады, талдайды, шығармашылық жұмыс жүргізеді, салыстырады.

Сабақтың түрі: Шығармашылқ ізденіс сабағы

Сабақты бағалау: Топтастыру, жаттау, талдау, ой бөлісу, топпен жұмыс, ой толғау, өлең шығару. Мақал-мәтелмен салыстыру.



Сабақтың көрнекілігі:

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік». Түркі әдебиеті. Кодоскоп, интербелсенді тақта, «Көне Тараз» күйі.

Сурет-плакат. «Қазақтың тәлімдік ой-сана антологиясы». Оқушылар жұмыстары: сурет, схема, топтастыру.

Сабақтың эпиграфы:

Кітаптың атын «Құтты білік» қойдым,

Құтын ұқсын оқушым білікті ойдың.

Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы,

Білімді сөз-шырын, жанның құнары.

Жүсіп Баласағұн

«Құтты білік»- халықтың құты, ырысы, болған ілім. Ұрпақтарға адамға бағыт берген, құт әкелетін ілім...» А. Егеубаев.
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Баласағұнның «Құтты білік» атты кітабының маңызы.

  2. Ел билеуші әкімдерге қажетті асыл қасиеттер әртекті жұртшылық өкілдерінің тілін таба білу, халқындағы ой толғамдарын, сондай-ақ нұл мен қыздың өнегелі тәрбиесі, бала мен ата-ананың қарым-қатынасына байланысты мәселелерді жан-жақты сөз ету.

Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда,

Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма...

өлеңнің мазмұнын ашу, ғұламаның айтайын деген философиялық ой түйінін табу.

1-топ. «Тарихшылар» тобы- өмірбаянына тоқталады.

2-топ. «Ақындар» тобы- шығармашылығына тоқталады.

3-топ. «Зерттеуші ғалымдар» тобы- «Құтты білік» кітабын зерттеуші ғалымдар туралы мәлімет айтады

1.Топ «Тарихшылар»


Әкесі хан сарайының ақыны

1020 ж. Баласағұн дүниеге келген




Ақын, психолог

Энциклопедист



Жүсіп Хас Хажып Баласағұн

Ғалым, әмбебап

Данышпан ғалым




Педагог

Қоғам қайраткері




Түркі тілінде жазылған алғаш дастанның иесі



2.Топ «Ақындар»

Қ

Ұ

Т

Т

Ы

Б

І

Л

І

К

Мемлекетті дұрыс басқару «Күнтуды Патша» бейнесі

3 нұсқасы бар Вена, Каир, Наманган

Бақ-дәулет, құт-береке «Айтолдың көрінісі»

Қанағат, ынсап «Огдүрміш» бейнесінде

13000 өлең жолынан тұрады

Ақыл-парасат «Оғдүлмүш бейнесі»

Богарханға тарту етті

1070 ж. 54 жасында жазып бітірді


3.То


  1. Топ «Зерттеуші ғалымдар тобы»



«Құтты білікті» зерттеушілер

С.Е.Малов

В.В.Бартольд



Г.Ф.Благова




А.М. Щербак

Үйге берілген тапсырма бойынша 1-оқушы:

Бектікке лайық бек қалай болуы керектігін айта келе.

«Шыншыл, сара басшы керек халыққа.

Халық үшін түсіп шығар тамұққа.

Халыққа жоқ, көңілі-тоқ, көзі-тоқ,

Ойы-терең, тілі-майда, сөзі-шоқ.

(Басшы керек, ел сүйер ер керек,

Болмау үшін адамның-құм, жер-кебек...)

Осындай бек-болар халық көсемі,

Ұрпағы өссе-даңқы тағы өседі»-деп ақын сөзімен түйіндейді.

Жаңа сабақ.


  1. Қызығушылықты ояту сатысы

(топқа бөлінеді)

1 топ «Тіл» тобы

2 топ «Ақыл» тобы

3 топ «Қасиет» тобы

Тіл, ақыл, қасиет сөздерін қалай түсінесіңдер. Топтарыңмен ақылдасып, пікірлесіп, өз ойларыңды айтыңдар. (Уақыт беріледі, топ басшылары сөйлейді).


  1. Мағынаны тану сатысы.

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз-ғұлама ақын Жүсіп Баласағұнның тіл қасиеті туралы , ақыл-білім адамның қасиеттері туралы ой толғамдары. (оқулық бойынша)

Тіл қадірін етер ерге бақ қонар,

Қор қылар тіл, кете тұғын бас болар.

Тілімнен көп жапа шектім, есебім,

Бас кесілмес үшін, тілді кесемін.

Біліп айтқан сөз - білікті саналар,

Біліксіз сөз – басыңды жеп,табалар.

Көп сөйлеме, аз айт, бірер түйірін,

Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін.
Ақыл туралы

Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,

Білім-жарық, нұрын саған шашатын.

Ақыл керек, білім таңдап оларға,

Білім керек, іске жақсы қарарға.

Білімді сөз- шырын жанның құнары:

Біраз нәрсе кісінің қас- дұшпаны,

Білсе оларды, өзін қинап қысқаны.

Бұның бірі- тілдің жалған айтқаны.

Бұдан басқа –сөзден көңіл қайтқаны.

Үшіншісі- шарапқа ансар ауғаны,

Шәксіз, текке өтер өмір қалғаны.



III топ. Қасиет туралы.

Сабық- ақыл- парасаттың белгісі,

Ақылсыз жан Хайуанменен тең кісі.

Екі нәрсе тірі адамға керегі,

Бірі-көңіл, бірі- тілдің желегі.

Көңіл –тілдің иесі, сүйенеді сөз тілге,

Сөз күйресе,күйгені көңіл мен тіл,

көркің де-

Ғұламаның әрбір сөзінің афоризм екеніне көңіл бөледі, берілген ой-толғамдардың мағынасын ашады. (оқушылар бұл ой-толғамдарды жатқа оқыды).

II.Кодоскоп арқылы мына сөздердің мақал-мәтелге жақындығына назар аудартамын:

Жүсіп Баласағұн сөзі

Мақал-мәтел


1. Ақыл қайда болса,ұлылық толады,

Білім кімде, сол білікті болады.



1.Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар



2.Тірі өлер, ақыры жер жастанар,

Жақсы кісі өлсе, жақсы ат қонар



2.Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді.

3.Тіліңді бақ, басың аман қалады,

Сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады.



3.Басқа пәле тілден.

Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі.



4.Сабыр етсе, кісі өз тілегін табар,

Сабырмен тұрған ер, ақ құс тұтар.



4.Сабыр түбі сары алтын,

Сарғайған жетер мұратқа.




III.Сызба бойынша жұмыс.

Жүсіп Балсағұн



Өлең шумағы

Поэтикалық тіл

Өлең құрылысы

Өз пікірім


Барлық іске зерек болса парықтап ала білсе өз керегін анықтап,

Мұдай кісі тілегіне жетеді, қос жаһанда ісі оң болып өтеді.



Шешендік үлгіде жазылған өнеге афоризм сөз.

Егіз ұйқас

Келешек ұрпаққа өсиет ретінде жазады. Балаларды оқуға, білімге зерделі болуға шақырады.

Өмірден өз кезінде, керекті білімді алу керек. «Темірді қызған кезде соғу керек» деген түйінін айтады.




III. Ой толғаныс сатысы.

Сабақты жинақтап, қорыту. «Құтты білік» -халықтың құты, ырысы болған ілім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін әдеп, адалдық дәстүрін сіңірген кітап. Әр жолына үңілген сайын туған елдің, өскен жердің рухани байлығының өшпес қайнар көздерін сезіне түсесің.

Енді бабамыздың осы даналық сөздерін қалай бейнелер едіңдер, философиялық тұрғыда әр топ өз тақырыбына байланысты сурет салынады. Әр топтың суретшілері өз суреттерін бейнелегендегі мақсаты мен мазмұнын ашып айтты.

Ой толғау.

Ең керемет деп таныған өлең жолдарын бір оқушы оқып береді.



Сабақты қорыту. Үйге тапсырма. Өлең жолдарын жаттап келу, ой толғау.

Қосымша С
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларының ішінде Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы ерекше. Бүгінгі күні ғұламаның халық педагогикасына негізделген озық идеялары жастарды тәрбиелеуде қайталанбас қазына болып табылады. Сондықтан Баласағұнның мұрасын арнайы оқыту заман талабы.

Сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының тақырыптары

Тақырыптары

тапсырмалар

Өткізу формасы

Пәнаралық байланыс

Тәрбие бағыты

«Мәңгілік ел» мемлекеттік бағдарламасының мәні мен мазмұны

«Мәңгілік ел» бағдарламасымен танысу, материалдар жинақтау

Дөңгелек үстел; Елбасы баяндамасын талқылау, пікіралысу

тарих

Адамгершілік, Ақыл-ой тәрбиесі

Баласағұн-түркі мемлекетінің астанасы, мәдени, білім орталығы

Баласағұн жайында материалдар жинақтау

«Баласағұн шаһары» бейнелеу өнерінен конкурс

Әдебиет, сурет, сызу, тарих

Эстетика, еңбек тәрбиесі

Ұлы Жібек жолындағы көне шаһарлар

Қазақстан жеріндегі және шаһарлар жайында презентация дайындау

Презентация: шағын зерттеу жұмысының нәтижесін баяндау

Тарих (археология, әдебиет)

Ақыл-ой тәрбиесі, дүниетанымын кеңейту

«Құтты білік» дастанындағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Дастандағы мақал-мәтелдерді жинақтау,жүйелеу

Конкурс:шығарма жазу

Тіл, әдебиет

Шығармашылық қабілетін ояту

Баласағұн заманындағы қалыптасқан салт-дәстүрлер

Дастандағы салт-дәстүрлерге сипаттама беру

Дискуссия «Ежелден келе жатқан салт-дәстүрлер»

Тарих, әдебиет

Адамгершілік, ізгілік тәрбиесі

Баласағұн замандастары М.Қашқари, О.Хайям

Тақырыпқа байланысты материалдар жинақтау

«Замандастар сұхбаты» (дөңгелек үстел)

Әдебиет тарих

Адамгершілік, ізгілік тәрбиесі



Қосымша Д
«Құтты білікте» кездесетін тәлім-тәрбиелік атауларының қысқаша түсіндірме сөздігі


Атауы

Түсіндірмесі

Айып

Жасаған қылмыс пен күнәнің өтемі


Ақыл-парасат

Адамның сана-сезімін, жан-дүниесін бейнелейтін қасиет

Ақыбет

Ақырет

Алла

Мұсылманша құдайдың аты, бүкіл әлемді, тіршілікті жаратушы, мұсылман дінінде Алла атына 99 мадақтау балама атаулар бар

Аманат

Уақытша сақтауға берілген, иесіне табысталуға тиесілі зат

Аруақ

Қайтыс болған адамдардың қасиетті де киелі рухы

Аталы сөз

Орнымен айтылған, жүйелі де ақылды сөз

Ашкөздік

Еш нәрсеге қанағат етпей, тойымсыздық көрсету

Әзәзіл

Жамандық әкелетін жағымсыз қасиет

Әзіз

Елге сыйлы, кеңпейілді кісіге бағышталып айтылатын сөз

Әкім (хан)

Әкімшілік және сот істерін басқаратын ел билеушісі

Баһадүр

Батыр, ержүрек, әскер басы адам

Бата

Мұсылман дінінің негізі баяндалатын Құранның бірінші сүресі, барлық діни рәсім-жоралғыларда міндетті түрле оқылады

Баянды бақ

Адамға тауып қонған, тұрақты бақыт

Бәйіт

Фольклордың лиро-эпостық жанрына жататын, екі жолдан тұратын поэтикалық шығарма

Бейбастақтық

Көргенсіздік, ақымақтық, тәрбиесіздік

Бек

Елдің беделді адамдары, билік иелері, зиялы қауым өкілі

Білік

Іске асып, пайда әкелетін білім

Ғалам

Жер-дүние, бүкіл әлем

Ғибрат

Өнегелі, үлгі болар игі сезімдер тудыратын сөздер

Ғұлама

Аса ақылды, жан-жақты білімді, оқымысты адам

Дарақылық

Ешнәрсенің қадірін білмеу

Дәулет

Байлық, мол дүние

Дихан

Егін өсіретін, егіншілікті кәсіп ететін шаруалар

Ділмар

Тілге шешен, сөзге бай, шебер сөйлей алатын адам

Дін

Құдайға сенушілікке негізделген дүниеге көзқарас жүйесі

Ел-жұрт

Туған жер, ата-мекен

Елік

Қарахан ел билеушілерінің атауы

Ес

Ұмытпаушылық

Жайсаң

Ашық көңіл, жақсы мінез

Жамағат

Туыстығы онша жақын емес, алыс ағайындар

Жарамсақ

Жағымпаз, әркімге жалтақ адам

Жарға

Заң, тәртіп

Жатбауыр

Туыстықты, ағайындықты мойындамайтын адам

Желбуаз сөз

Өтірік-өсек, негізсіз, шындыққа сай емес сөз

Жетесіз

Білімі төмен, ақыл-ойы дамымаған адам

Жомарт

Қолы ашық, мырза кісі

Жүзіқара

Елге жат жаман іспен аты шыққан қылмыскер

Зауал

Істеген жамандықтың адамның өзіне қайтып келуі

Зерек

Оқып-тоқуға тез үйренетін алғыр адам

Зұлым

Адамдарға жамандық жасайтын арам адам

Ибалы

Ізетті, сыпайы, инабатты

Иман

Сенім, бір Алланың бар екендігіне сену. Иман-иштей сену (итикад), сөзбен сену (икрар) және іспен көрсету (амаль) сияқты үш сенімнен тұрады

Көзбояушы

Алдап-арбаушы, өтірік айтушы

Көрсоқыр

Білімсіз. Оқымаған бейшара адам

Кісілік

Азаматтық асыл қасиет, зор адамгершілік белгісі

Күнәһар

Күнәсі бар, қылмыс жасаған адам

Күпірлік

Астам сөйлеу, асыра мақтану

Қайырым

Жақсылық істеу, жан ашу

Қанағат

Азға көңіл тойдыру, барға шүкіршілік ету

Қаршадай

Кішкентай, өте жас

Қаршы

(көне түркіше) Сарай

Қолбала

Шаруашылыққа пайдаланылатын бала

Құлқынның құлы

Бір тамағы үшін кез-келген жаман іске баратын тойымсыз адам

Құт

Береке-байлық, жақсылық

Қыз мінезді

Мінезі жайлы, сыпайы, ұятты бозбала

Қылық

Іс-әрекет, міндет

Қимиә

Химия

Мархабат

Жақсы көңіл мен жақсы ниетті білдіру үшін қолданылатын сөз

Машақат

Бейнеті мол, көп күш жұмсауды керек ететін іс

Мәрттік

Ерлік, сөзде тұру, айтқанын істеу

Мейірбан

Ізгі ниетті, қайырымды адам

Мұрагер

Өзінен бұрын өткен адамның мұрасына ие болушы

Надан

Оқымаған, қараңғы, топас

Несібе

Әркімге тиесілі материалдық байлық, сыбаға, үлес

Обал

Әр нәрсенің қадірін білу, бағалау, бекрге ысырап етпеу

Өнерпаз

Өнерлі, бесаспап кісі

Өркөкірек

Ешкімді менсінбейтін, өзін басқалардан жоғары ұстайтын адам

Өсиет

Өзінен кейінгілерге айтылатын ақыл-кеңес, өтініш-тілек

Ізгілік

Жақсы іс, ізгі қасиет

Ізеттілік

Кісінің әдептілігін, тәрбиелілігін көрсететін іс-әрекет

Ілтифат

Жақсы ниет білдіру

Парасат

Ақылдылық пен зиялылықтың шыңы

Парыз

Азаматтық борыш, қастерлі міндет

Парық

Әр нәрсенің бағасы, нарқы

Пәк

Адыл, таза, кіршіксіз

Рақым

Қайырым, мейірім, жаны ашушылық

Ризық

Бұйырған, әркімге тиесілі нәрсе

Сабырлылық

Байсалдылық, тұрақтылық мінездері

Сақи

Мырза, ештеңесін аямайтын жомарт жан

Сұғанақ

Жылпос, қомағай, сумақай

Тағдыр

Өмір, тұрмыс, тіршілік

Тақуа

Азға қанағат ететін, тек Алланың жолымен жүретін адам

Тасбауыр

Ешкімге жаны ашымайтын, қатыгез

Тансиф

алу

Тәубе

Барға қанағат етудің өлшемі

Тырыш

Қолынан келсін, келмесін тырыса беретін адам

Тектілік

Ата-бабадан ген арқылы берілетін жақсы қасиеттер

Хакім

Ғалым, ғұлама, данышпан кісі

Хақ

Шындық, адалдық, заңды

Харам

Адалдықтан айырылған, лас

Шариғат

Ислам дінінің заңы

Шығай

Еш затын бөліскісі келмейтін сараң

Шешен

Сөзге шебер, тауып сөйлейтін кісі



Каталог: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> СҚО, Есіл ауданы «Горное негізгі мектебі» кмм мусина Динара Муратовна
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан барысы мультфильм негізінде Сабақ негізделген оқу мақсаттары
post02 -> Бастауыш сынып мұғалімі: Байтлеуова Ж. Ш. Астана қаласы №84 мектеп-лицейі «Толағай» зияткерлік сайысы Мақсаты
post02 -> Армысыңдар, бүгін жиналған қауым!
post02 -> Тақырыбы: «Great Britain» «Ұлы Британия» Апталықтың ашылуы. Мақсаты
post02 -> «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебі» мм
post02 -> Ұлыстың ұлы күні
post02 -> Сабақ тақырыбы: І. Есенберлин өмірі мен шығармашылығы
post02 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. Сабақ нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет