Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері орындаған: құқық қорғау органдары факультетінің



бет1/5
Дата04.03.2020
өлшемі0,5 Mb.
#59589
түріДиплом
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дип.-ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТЕГІ-ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ-ӘРЕКЕТТЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

АЛМАТЫ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІ

Орындаған: құқық қорғау органдары факультетінің

КСПО-303 топ студенті Барқытбекқызы М.

Ғылыми жетекшісі: з.ғ.к., Кенжебекова Э.П.

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., проф.:

___________Аубакиров А.Ф.

«___» ___________2007ж.

Алматы – 2007 ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ, ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ЖІКТЕЛУІ.......................6

§1. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру

әрекеттерінің ұғымы және оның белгілері...........................................................6

§2. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру

әрекеттерінің жария және жасырын

жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі...............................................................22



ІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ................................................27

§3. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін

жүргізу негіздері....................................................................................................27

§4. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру

әрекеттерін жүргізу шарттары.............................................................................35

§5. Қылмыстық процестегі жария және

жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің

ерекшеліктері.........................................................................................................39

§6. Қылмыстық процестегі жария және

жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің

нәтижелерін құжаттандыру..................................................................................51

ІІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІН ЖЕТІЛДІРУ...........................................................................................................55

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................65

КІРІСПЕ
Қылмыстарды тез және толық ашуда, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде және қылмыстық жауапқа тартуда тергеу іс-әрекеттерімен бірге жедел-іздестіру әрекеттерінің де рөлі аз емес. Әдетте, қылмыстарды ашумен байланысты жұмыс осы жедел-іздестіру қызметі арқылы басталады. Кейде жедел-іздестіру әрекеттерін, әсіресе жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижесінде қылмыстық іс жүргізушілік іс-әрекеттер жүргізу кезінде алу мүмкін емес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер алынады.

Жедел-іздестіру қызметі уақыты бойынша қылмысты табу сәтіне біршама жақын, негізінен ол дереу қылмыс ізіне түседі және оның міндетіне тек қылмысты табу, алдын-алу, жолын кесу және ашу ғана емес, сондай-ақ қылмысты дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған тұлғаларды табу және анықтау жатады.

Басқаша айтқанда, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері бойынша қоғамға қауіпті әрекет фактісінің өзін, әрі оған қатысты тұлғаны анықтауға мүмкіндік пайда болады. Міне сондықтанда, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері қылмыстық іс қозғаудың және соған сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудің басталуының себебі мен негізі болады.

Анықтау органының, прокурордың, тергеушінің немесе соттың қылмыстық іс жүгізушілік қызметінің жүзеге асырылуы процесі барысында жедел-іздестіру әрекеттері мен тергеу әрекеттерінің байланысын жоққа шығаруға болмайды. Тергеу барысында тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру әрекеттері бір-бірімен ұйымдастырушылық шараларымен, басқарушылық және процессуалдық шешімдерімен тығыз байланыстырылады. Мысалы,

Қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыстылық, кәсіби қылмыстылық, экономикалық қылмыстылық, ұлтаралық қылмыстылық, тағы да сол сияқты қылмыстық құбылыстардың өршуі кезінде қылмыстардың алдын алу, оларды кесу және ашуда жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді кең қолдану заман талабы.

Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді негізгі құқықтық реттейтін нормативтік-құқықтық акті – 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл Заң Қазақстанның құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуін реттейтін тұңғыш ресми жарияланған нормативтік-құқықтық актісі болып табылады. Бұрын бұған дейін жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу тек ведомстволық, жарияланбаған нормативтік актілермен реттеліп отырған. Бірақ бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет құру қағидаларына қайшы келгендіктен, жедел-іздестіру әрекеттерін реттеуші жоғарыда аталған заңды ресми қабылдауына әкеп соқты. Құқықтық мемлекетті құруда мемлекет мүддесінің алдында адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының басымдыққа ие болуы жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге заңи шектеулер орнатуға әкелді. Бұрын соңды Кеңес өкіметі заманында МҚК-нің азаматтарға қатысты жүргізген жаппай жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді қайталанбайтындай етті.

Бұл Заңның қабылдануымен жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу елде заңдылықты нығайтуға сөзсіз жәрдемдесетін орнықты құқықтық негізге ие болды.

1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жедел-іздестіру әрекеттеріне тұңғыш рет ресми анықтама берген және жедел-іздестіру әрекеттерінің тізімін белгілеген. Сондай-ақ жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде басшылыққа алынуы тиіс оларды жүргізу негіздері мен шарттарын белгілеген.

Жедел-іздестіру әрекеттері тек қана жедел-іздестіру қызметінде ғана емес, сонымен бірге қарсы барлау, сыртқы барлау қызметтерінде де кең қолданылады. Әсіресе, жария жедел-іздестіру әрекеттеріне қарағанда жасырын жедел-іздестіру әрекеттері қарсы барлау және сыртқы барлау қызметтерінде кең қолданылады.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің өзіне тән ерекшеліктері бар және олардың арасында ортақ ұқсастықтарының бар екендігіне қарамастан, олар бір-бірінен ерекшеленеді.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру мен тактикасы, оның әдіс-тәсілдері, құралдары мемлекеттік құпияны құрайтындықтан және олар жариялануға жатпайтын құпия ведомстволық нормативтік актілермен реттелетіндіктен, осы талаптың сақталуымен, яғни біз қарапайым қатардағы азаматтар заңнамамен рұқсат етілген шекте ғана жұмыс істей аламыз.

Менің нақты ұсынып отырған дипломдық жұмысым «Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері» тақырыбына арналған.

Мен осы «Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері» тақырыбын таңдау мақсатым – жедел-іздестіру әрекеттері қылмыстарды анықтау, ашу және тергеудің ірі және аз зерттелген саласы болғандықтан және Республикамызда заңдылық, әділеттілік қағидаларын орнатудың бір бөлігі ретінде құқық саласында орын алғандықтан менің бойымда осы салада көп білуге құштарлық, қызығушылық сезімін тудырды.

Сонымен, менің дипломдық жұмысымның міндеті – Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңдарына және жедел-іздестіру заңдарына сәйкес қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, жасалған қылмысты анықтау, ашу және тергеуді объективті, әрі тиімді жүргізу үшін жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асырудың ерекшеліктеріне көңіл аудару, оларды ашу және зерттеу.

Аталған міндетке біз келесідей жолдар арқылы қол жеткіземіз:

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және құқықтық әдебиеттерді қолдана отырып жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымдарын анықтау арқылы;

- жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге қатысты тәжірибе материалдарын пайдалану арқылы;

- жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудегі шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы;

- жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу мәселелерін және оларды жүргізуді құқықтық реттеу мәселелерін көтеру арқылы.

Қарастырып отырған дипломдық жұмысым төмендегідей үш тараудан тұрады:



  1. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы, оның белгілері, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі;

  2. Қылмыстық процестегі жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу;

  3. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері және олардың құқықтық реттелуін жетілдіру.

Дипломдық жұмысымды жазу барысында В.Плетнев, А.Я.Гинзбург, В.И.Григорьев, С.Ю.Алексеевский, К.К.Горяинов, В.С.Овчинский, Г.К.Синилов, А.Ю.Шумилов, В.Г.Бобров, И.Н.Якимов, В.М.Мешков, В.Л.Попов, Ю.Ф.Чуфаровский, А.Н.Джумабеков, С.Д.Логунов, В.М.Атмажитов, В.Молокоедов, Э.Франке, В.Зажицкий сияқты ғалым-криминалисттер мен жедел-іздестіру қызметкерлерінің әдебиеттері мен мақалаларын пайдаландым.

І-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ, ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ЖІКТЕЛУІ
§1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Кез келген мәселені қарастыру, ғылыми зерттеу сол мәселені қарастыру кезінде қолданылатын негізгі ұғымдарды анықтаудан басталады. Мұндай негізгі ұғымдар менің дипломдық жұмысымда көтеріп отырған мәселеде де бар. Аталған мәселеге көшпес бұрын мынадай негізгі ұғымдарды анықтап алуымыз қажет - «жария жедел-іздестіру әрекеттері» және «жасырын жедел-іздестіру әрекеттері»

Қазақстан Республикасындағы жедел-іздестіру қызметін негізгі реттеуші нормативтік-құқықтық акт - 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі қарай – Жедел-іздестіру қызметі туралы Заң) «жария жедел-іздестіру әрекеттері» және «жасырын жедел-іздестіру әрекеттері» ұғымдарына анықтама берілмеген, бірақ жария жедел-іздестіру әрекеттері мен жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне ортақ «жедел-іздестіру шаралары» ұғымына анықтама берілген. Сіз де, біз де білетіндей жалпы «шараның» өзі қандай да бір « іс-әрекеттерден» құрылады. Ал жария жедел-іздестіру әрекеттері де, жасырын жедел-іздестіру әрекеттері де жалпы жедел-іздестіру әрекеттері, яғни жедел-іздестіру шаралары екені бізге мәлім, сондықтан «жария жедел-іздестіру әрекеттері» және «жасырын жедел-іздестіру әрекеттері» ұғымдарын анықтауды «жедел-іздестіру шаралары» ұғымын анықтаудан бастайық.

Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 11 бабының 1 тармағына сәйкес «Жедел-іздестіру шаралары – бұл жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өз құзыреті шегінде өздерінің алдына қойылған міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекеттері». Аталған анықтама мен «жедел-іздестіру әрекеттері» ұғымының анықтамасы бір-біріне сәйкестендіріледі.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің заңда берілген осы анықтамасымен Жедел-іздестіру қызметі теориясы саласындағы В. Плетнев, А.Я. Гинзбург сияқты қазақстандық ғалымдар келісе отырып, әрқайсысы осы заңи анықтаманың мәнін өздерінше ашады.

В. Плетнев жедел-іздестіру әрекеттерінің мәнін оның келесідей сипатты белгілерін көрсете отырып ашады:

«1. Жедел-іздестіру әрекеттері жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешудің негізгі ұйымдық нысаны және технологиялық тәсілі болып келеді. Оларда зерделенген түрде әлеуметтік құқық қолданушылық қызметтің ерекше түрі ретінде жедел-іздестіру қызметінің бүкіл өмір сүрген кезеңінде барлық жинақталған оң тәжірибесі орын алып отыр.

2. Олар заң, заңға тәуелді және ведомстволық нормативтік актілерге негізделген арнайы күштерді, құралдарды, әдістерді, нысандар мен тәсілдерді қолдана отырып, көбінесе жасырын жүзеге асырылатын барлау-іздеу әрекеттерінің жүйесі болып табылады.

3. Жедел-іздестіру қызметінің заңнамасы, теориясы және тәжірибесі жедел-іздестіру әрекеттерінің екі тобын анықтайды – жалпы және арнайы.

4. Осы әрекеттерді жүргізу барысында ақпараттық жүйелер, бейне-, аудиожазу, кино- және фото түсірілімдер, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмей өзге ғылыми-техникалық және өзге құралдар мен әдістер қолданылады.

5. Жедел-іздестіру әрекеттері қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік, қылмыстың алдын алу, тәртіптік шаралармен үйлесімде де қолданылады, жеке де қолданылады.

6. Жедел-іздестіру әрекеттерінің түрлері мен тактикасы ғылыми негізделген және тәжірибемен тексерілген. Жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру мен оларды жүргізу тактикасы қызметтік, әскери немесе мемлекеттік құпияны құрауы мүмкін.

7. Жедел-іздестіру әрекеттерін тек қана жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың басшыларымен белгіленген қызметтер, бөлімшелер және қызметкерлер санаты жүргізуге құқылы. Өзге ұйымдардың немесе тұлғалардың оларды жүргізуге құқығы жоқ».1

А.Я. Гинзбург болса, жедел-іздестіру әрекеттерінің заңи анықтамасын аша отырып, оның мәнін сипаттайтын келесідей негізгі элементтерін атап көрсетеді:

«1. Жедел-іздестіру әрекеттері заң және заңға тәуелді нормативтік актілерге негізделген қылмыстарды болдырмау және ашу, сондай-ақ жасырынған қылмыскерлерді іздестіру мақсатында көбінесе арнайы құралдар мен әдістер арқылы жүзеге асырылатын барлау (іздеу) әрекеттер жүйесі болып табылады.

2. Жедел-іздестіру әрекеттерін өткізу кезінде дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалынған қылмыс жөніндегі ақпаратты табу, бекіту, алу, зерттеу үшін ғылыми-техникалық құралдар мен әдістер кеңінен қолданылуы мүмкін.

3. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асырудың түрлері мен тактикасы ғылыминегізделген және іс жүзінде анықталған.

4. Заңнамада көрсетілген субъектілерден басқа ешкімнің жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқығы жоқ. Ешбір өзге ұйымдар мен тұлғалардың осы қызметті жүргізуге құқығы жоқ.

Жедел-іздестіру әрекеттері – бұл тактикалық және психологиялық жағынан нәзік және күшті қару, оның көмегімен жедел-іздестіру қызметінің субъектісі қылмыскердің ниетін біліп, құпия нәрсені анықтай отырып, қылмысты не дер кезінде болдырмау, не ашу туралы мәселені шешеді.

Көпжылдық тәжірибе өз алдына мынаны дәлелдеді – қылмыскер қандай қулық-сұмдықтар жасаса да, жедел-іздестіру әрекеттері мен тергеу іс-қимылдарының дұрыс, аса шеберлікпен қолданылуы нәтижесінде әшкереленетін болады. Мәселен, Алматы қаласында кісі өлтіру арқылы меншікті иеленумен қоса шабуылдар жасаған «Шие бөрілер» («Шакалы») деген шартты атауды пайдаланған банданың әрекет етуін алатын болсақ, қылмыстарды ашу үшін ең білікті жедел-іздестіру қызметкерлері мен тергеушілерден тұратын жедел-тергеу тобы құрылған. Сондай-ақ аталған банда жасаған қылмыстарды ашу бойынша іс-қимылдарды үйлестіру үшін штаб құрылды. Банданы ұстау үшін барлық, соның ішінде жедел-іздестіру жолымен алынатын ақпарат жинау мен талдаудың шебер ұйымдастырылуы маңызды рөл атқарды. Орасан зор біріне-бірі қайшы мәліметтердің ішінен сезіктілердің соңына түсуге мүмкіндік беретін қажетті бөлігін анықтауға қол жеткізілді. Тергеу іс-әрекеттерінің одан әрі қарай жүргізілуі бандиттердің ұсталуына, заттай дәлелдемелердің табылуына, қылмыскерлердің әшкереленуіне әкелді. Бұл іс бойынша ұсталғандардың барлығы қылмыстық жауапқа тартылып, сотталған болатын».2

В. Плетневтің және А.Я. Гинзбургтің жедел-іздестіру әрекеттерінің заңда бекітілген анықтамасының мәнін ашуда өздері берген сипатты белгілері бір-бірінен аса өзгеше емес, керісінше екеуінің де пікірлері бір-біріне сәйкес келеді және бірін-бірі толықтырып отырады.

Құқықтық әдебиеттерде жедел-іздестіру әрекеттерінің заңда берілген анықтамасынан өзге де анықтамалар кездеседі.

Ресейлік криминалист-ғалымдар О.А. Вагин мен А.П. Исиченконың пайымдауынша, «жедел-іздестіру әрекеттері деп жедел-іздестіру қызметі туралы заңда бекітілген олардың шегінде жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуге бағытталған жария және жасырын күштер, құралдар мен әдістер қолданылатын іс-әрекеттер немесе іс-әрекеттер жиынтығы түсініледі».3

О.А. Вагин мен А.П. Исиченко өздері берген жедел-іздестіру әрекеттері ұғымының анықтамасының мәнін, белгілерін төмендегідей ашып көрсетеді:

«Жедел-іздестіру әрекеттері барлау-іздеу сипатына ие. Бұл ең алдыменен қылмыскерлер іс-әрекеттерінің құпия, бүркемеленген сипатымен, олардың ешкім көрмейтіндей жағдайларда жасалуымен, қылмыстық іс-әрекеттердің алдын ала терең дайындалуымен, қылмыстық мінез-құлықтың өрескелдігімен, мейрімсіздігімен, жасалған қылмыстардың іздерінің жойылуымен орын алғандықтан, жедел іздестіру қызметі қылмыстарды әзірлеп жатқан, жасалып жатқан және жасаған адамдар туралы мәліметтерді алу, белгісіз құқықтық құқықтық фактілерді іздеу, жасалған қылмыстардың мән-жайларын анықтау және т.б. әрекеттердің қажеттігімен жағдайланған.

Жедел-іздестіру әрекеттері мәні бойынша ақпаратты табуға, жасырын (жасырылған) қылмыстарды, қылмыстық әрекеттің белгілері мен фактілерін, олардың субъектілерін анықтауға, жасырынған адамдарды іздеуге бағытталған.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің барлау-іздеу сипатын оларда жүзеге асырылатын астыртын әрекеттің, жария және жасырын әдістерді ұштастыру қағидалары; заң шығарушының жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде ақпаратты жасырын алу үшін арналған арнаулы техникалық құралдарды қолдану мүмкіндігіне нұсқауы; жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқыққа қайшы әрекеттің белгілері туралы, сондай-ақ оны дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған адамдар туралы мәліметтер бар болғанда, егер қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге, мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін оқиғалар немесе іс-әрекеттер туралы, анықтама, тергеу және сот органдарынан жасырынған немесе қылмыстық жазадан жалтарған адамдар туралы, т.б. жеткілікті деректер болмағанда құқыққа сай болуы дәлелдейді.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің барлау сипатын жедел-іздестіру органдарының қызметінің жасырын тәртіпте басым болуы, жедел-іздестіру әрекеттеріне қатысушы тұлғалар туралы мәліметтерді, жедел-іздестіру әрекеттерін ұйымдастыру мен оларды жүргізу тактикасын мемлекеттік құпияны құраушы ретінде қорғаудың объективті қажеттілігі, конфиденттерді астыртын пайдалану мүмкіндігі дәлелдейді.

Жедел-іздестіру қызметінің мәнінен және оның заң тұрғысынан түсініктемесінен жедел-іздестіру әрекеттері тек жедел-іздестіру органдарының лауазымды тұлғалары болып табылатын арнайы субъектілерімен ғана ұйымдастырылатындығы және жүргізілетіндігі туындайды. Оларға қоса жедел-іздестіру әрекеттерінің қатысушылары болып жедел емес бөлімшелердің қызметкерлері, мамандар, жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін жәрдемдесуші өзге адамдар, жедел-іздестіру әрекеттерін әзірлеуге немесе жүргізуге қатысушылар не болмаса олардың тапсырмасымен жекелеген әрекеттерді жүзеге асырушылар болуы мүмкін.

Жедел-іздестіру қызметінің қатарына қосылмаған бөлімшелер мен жедел-іздестіруге ұқсас жекелеген әрекеттерді жүргізуі жедел-іздестіру қызметін құрамайды, олар әкімшілік, жеке детективтік немесе өзге қызметтің элементі ретінде қарастырылуы мүмкін...

Жедел-іздестіру әрекеттері барлау және қарсы барлау қызметінің мазмұнына кіреді. Олар осындай қызметтің құралы болып табылады, қызметтің осы түрлерінің жүзеге асырылуы тәсілдері болып келеді. Адам құқықтарын кең дәрежеде шектейтін, әсіресе, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, азаматтардың пошта, телеграф және өзге жөнелтілімдерінің құпиясын, тұрғын үйге қолсұғылмаушылығын бұзатын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу заңымен көзделген жағдайларда, негіздерде және тәртіпте жүргізіледі.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің оларды жүргізу субъектілеріне қарамастан барлау-іздеу сипатына ие екенін ескерген жөн. Жедел-іздестіру қызметі туралы заңда көзделген нақ осы жедел-іздестіру әрекеттерінің мазмұны мемлекеттік, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздікке қауіптің бар болуы мен сипатын бағалауға мүмкіндік беретін оқиғалар немесе іс-әрекеттер туралы ақпараттар алу құралдары болып табылады.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің мазмұнын осы шаралардың нақты түрлерін құрайтын іс-әрекеттер құрайды...

Жедел-іздестіру әрекеттерін заңи бекіту, олардың шектелген тізімін белгілеу жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде тек адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметі субъектілері, лауазымды адамдар мен оларға жәрдемдесуші адамдардың іс-әрекеттерінің заңдылығын анықтайды, олардың іс-әрекеттерін қылмыстық жазаланатын әрекеттерден ажырайды және осымен олардың қызметінің заңдылығын қамтамасыз етеді.

Жедел-іздестіру қызметі туралы заңға сәйкес әрбір жедел-іздестіру әрекеті өөзгелерден тәуелсіз, дербес немесе өзге жедел-іздестіру әрекеттерімен бірге де жүргізілуі, жария немесе жасырын болуы, мұнда кейбір жедел-іздестіру әрекеттерін жария жүргізу өзгелердің жасырын жүргізілуін жоққа шығармайды, сондай-ақ керісінше. Нақ осы жедел-іздестіру әрекеттерінің шегінде ғана жедел-іздестіру қызметінің күштері, құралдары мен әдістері қолданылуы мүмкін.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің тізімі заңмен қатаң шектелгеніне қарамастан, оларды жүзеге асыру ұйымдастырушылық шараларды жүргізуді, қамтамасыз ету сипатындағы шараларды жүзеге асыруды, оларға қатысуға мамандарды тартуды, соңында нақты жедел-іздестіру әрекеттерін немесе олардың жиынтығын жүргізуге ықпал ететін арнаулы техникалық және өзге құралдарды қолдануды талап етеді. Ұйымдастырушылық және өзге қамтамасыз ету шаралары жедел-іздестіру шараларына қатысты бағыныштылық сипатқа ие екенін, көбінесе олардан бұрын болатынын не болмаса олардың салдары болатынын, олардан логикалық, техникалық, әдістемелік туындайтынын ескерткен жөн.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің бір-бірінен анық айырмашылықтарына қарамастан, олардың тізімі кездейсоқ емес. Ол біртұтас ортақ мән – оны кейін жүзеге асыру үшін ақпаратты алуға бағытталуымен анықталған. Атап айтқанда, жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу арқылы жедел-іздестіру қызметтерінің міндеттерін шешу және адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, қоғам мен мемлекеттің қылмыстық қолсұғушылықтардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігі туады.

Жедел-іздестіру әрекеттері жедел-іздестіру қызметі туралы заңда бекітілген жедел-іздестіру қызметінің жалпы міндеттерін, оның жеке міндеттерін шешу үшін жүргізілуі мүмкін. Мұнда жеке (аралық) міндеттерді шешу олардың бағытталуы мен мазмұны бойынша жедел-іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.

Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу мақсаты олардың объектілерінің шеңберін алдын ала анықтайды. Олар ақпаратқа ие ретінде немесе қылмыс субъектілері ретінде жеке тұлғалар, сондай-ақ келісімі бойынша олардың тексеру немесе қорғау жөніндегі жедел-іздестіру әрекеттері жүргізіліп жатқан адамдарда болуы мүмкін. Мұндай адамдардың санаттары нақты жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу түрін, нысанын, негіздері мен шарттарын анықтайды.

Көбінесе, жедел-іздестіру әрекеттерінің объектілері болуы мүмкін тұлғалар:


  1. құқыққа қайшы әрекеттерді дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған, анықтама, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген немесе қылмыстық жазадан жалтарған;

  2. хабар-ошарсыз кеткен;

  3. қорғалып жатқан;

  4. мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге, адам өмірі мен денсаулығы үшін, қоршаған ортаға жоғарғы қауіпті объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарға; жедел-іздестіру қызметіне қатысуға немесе оны жүргізу нәтижесінде алынған деректерге жіберу туралы; сондай-ақ жеке детективтік немесе күзет қызметіне рұқсат алуға үміткерлер;

  5. қызметтік қатынастар орнатылып жатқан немесе орнатылған, жедел-іздестіру әрекеттерін әзірлеуге және жүргізуге тартылған;

  6. құқыққа қайшы әрекеттердің белгілері; қауіпсіздікке қауіп төндіретін оқиғалар, іс-әрекеттер; жедел назарға ие адамдардың мінез-құлқы мен тұрғылықты жері туралы мәліметтерге ие.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымын талдау олардың мазмұнын, мәнін көрсететін келесідей сипатты белгілерін, құрылымдық элементтерін көрсетуге мүмкіндік береді:

  • жедел-іздестіру әрекеттері жедел-іздестіру қызметінің басты құрамдас бөлігі;

  • олар жария да, жасырын да жүргізіледі;

  • олардың негізгі субъектілері болып жедел-іздестіру органдарының лауазымды тұлғалары табылады;

  • олардың мазмұнын құқықтық маңызды ақпаратты табуға және жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттер құрайды;

  • олар заңмен анықталған мақсатқа ие – адам мен азамат өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қолсұғушылықтардан қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін шешу».4

Тағы бір ресейлік ғалым В. Молокоедовтың пікірінше, «жедел-іздестіру әрекеттері – бұл тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттер жүйесінен тұратын жедел-іздестіру қызметін құрайтын құрылымдық элемент».5

Жоғарыда жедел-іздестіру әрекеттері ұғымына әртүрлі авторлардың берген анықтамалары әртүрлі тұжырымдалғанына қарамастан, олар бір-біріне елеулі түрде қарама-қайшы келмейді. Бұл анықтамалардың мазмұны бір-біріне сай келеді, бірақ әрине олар бір-бірінен өзгеше тұжырымдалған

В. Плетнев те, А.Я. Гинзбург те, О.А. Вагин мен А.И. Исиченко да жедел-іздестіру әрекеттерінің анықтамасының мазмұнын аша отырып, оның сипатты белгілерін өздерінше ашып түсіндіреді.

В. Плетнев пен А.Я. Гинзбургтің жедел-іздестіру әрекеттерінің заңда берілген анықтамасымен келісе отырып берген сипатты белгілеріне қатысты көзқарастары Қазақстанның Жедел-іздестіру қызметі теориясында қалыптасқан тұжырымдамаға сәйкес келеді. Біз де олардың көзқарастарын қолдаймыз және біздің қазақстандық жедел-іздестіру қызметі заңдарына сай деп есептейміз. Себебі, Ресей Федерациясының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Федералдық заңының жедел-іздестіру әрекеттеріне анықтама бермегеніне қарамастан, жедел-іздестіру қызметін Қазақстан Республикасының Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңынан өзгеше анықтайды. Дәлірек айтсақ, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Жедел-іздестіру қызметі – азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмысты қолсұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару әрекеттерінің ғылыми негізделген жүйесі».6 Ал, 1995 жылғы 12 тамыздағы №144-ФЗ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Ресей Федерациясының Федералдық Заңының 1 бабына сәйкес «Жедел-іздестіру қызметі – адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмысты қолсұғудан қамтамасыз ету мақсатында Жедел-іздестіру туралы Федералдық заңмен уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелері өз өкілеттіктері шегінде жария және жасырын жүзеге асыратын қызмет түрі».7

Мұндағы анықтамалардан келесідей айырмашылықты көрсетуге болады. Ресей Федерациясындағы жедел-іздестіру қызметі сыртқы барлау қызметін қамтымайды, оны реттейтін дербес 1996 жылғы 10 қаңтардағы №5-ФЗ «Сыртқы барлау туралы» Федерациялық Заңы бар. Сондықтан сыртқы барлау сипатындағы кейбір жедел-іздестіру шаралары Ресей Федерациясының жедел-іздестіру қызметінің мазмұнына кірмейді. Ал, Қазақстан Республикасындағы жедел-іздестіру қызметі сыртқы барлау қызметін қамтыған және оны реттейтін дербес нормативтік-құқықтық акт көзделмеген. Сондықтан Қазақстан Рестпубликасының сыртқы барлау қызметі «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге құпия ведомстволық нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Сыртқы барлау сипатындағы әрекеттер бір уақытта жедел-іздестіру әрекеттері болып табылады. Бір сөзбен айтсақ, Қазақстан заңнамасындағы жедел-іздестіру қызметінің ұғымы Ресейлік заңнамадағы жедел-іздестіру қызметі ұғымынан кең болып келеді.

Сонымен, жедел-іздестіру әрекеттері – бұл жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өз құзыреті шегінде өздерінің алдына қойылған міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекеттері.



Біріншіден, бұл іс-әрекеттер тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен жүргізіледі.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган – жедел-іздестіру заңдарына сәйкес белгілі бір құқық қорғау органының немесе арнаулы қызметтің құрамында қызмет ететін жедел-іздестіру қызметін толық немесе ішінара тікелей жүргізу үшін немесе оны бақылауға арналған бірінші басшылармен қоса оның жедел бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларының жүйесі.8

Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 6 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы жедел-іздестіру қызметін:



  • ішкі істер органдары;

  • ұлттық қауіпсіздік органдары;

  • Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары;

  • Қаржы полициясының органдары;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі;

  • Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі жүзеге асырады.

Тек осы органдар ғана жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқылы және олардың тізімі тек Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі арқылы өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

Ішкі істер органдары болып Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер, басқармалар мен бөлімдер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, көліктегі Орталық, Батыс және Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаменттері, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер басқармалары, бөлімдері, ішкі әскерлер табылады. Ішкі істер органдары құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция, әскери-тергеу органдары және әскери полиция да бар.

Ұлттық қауіпсіздік органдары болып Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» Қызметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департаменттері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қарсы барлау органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің әскерлері, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер табылады.

Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініңБас барлау басқармасы және оның әскер түрлеріндегі басқармалары, әскери құрамалардағы бөлімшелері.

Қаржы полициясының органдары – Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі, оның облыстардағы, ресрубликалық маңызы бар қала мен астанадағы департаменттері.

Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары.

К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова сияқты бірқатар ресейлік авторлар осы аталған жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың ішінде жедел-іздестіру әрекеттерін жедел бөлімшелер жүргізе алады деп көрсеткен.

Жедел-бөлімше – бұл тиісті құқық қорғау органының немесе арнаулы қызметтің құрылымына кіретін, қызметтік міндеттеріне заңдармен көзделген жедел-іздестіру, қарсы барлау немесе барлау міндеттерін шешу үшін жататын ұйымдық штаттық буын.9

Нақ бір жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның жедел бөлімшелері тиісті ұйымдық, әкімшілік бірліктерге сай құрылған. Ол жедел-іздестіру, жедел-іздеу, жедел-техникалық, қарсы барлау, барлау немесе ақпараттық-талдау бөлімшелері (топтары), бөлімі, басқарма, бас басқарма, сондай-ақ ішкі қауіпсіздік бөлімшесі және т.б. болуы мүмкін. Әр түрлі жедел-іздестіру органдарында жедел бөлімшелердің құрылымы және олардың атаулары біркелкі аталмаған, ол жедел-іздестіру қызметінің нақты міндеттерін шешудегі өзіндік ерекшеліктермен бірге туындауда.

Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқылы қызметкерлердің, бөлімшелер мен қызметкерлер санаттары жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың басшыларымен анықталады.

«Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы бөлімшелерді жедел-іздестіру әрекеттерін толық жүргізуіне байланысты оларды келесідей топтарға бөлуге болады:



  1. Жедел-іздестіру әрекеттерін толық көлемде жүргізетін жедел-іздестіру бөлімшелері (олардың лауазымды тұлғалары). Мұндай бөлімшелер ведомстволық нормативтік актілерде әр кезеңдерде әр түрлі аталды: жедел аппараттар, жедел қызметтер, жедел-іздестіру бөлімшелері, іздестіру аппараттары және т.б. Қазіргі кезде, мысалы, Ішкі істер министрлігі жүйесінде құрамына әр түрлі құзырлы жедел-іздестіру бөлімшелері (қылмыстық іздестіру, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу жөніндегі аппараттар, іздеу аппараттары және т.б.) кіретін криминалдық полиция құрылды.

  2. Жедел-іздестіру әрекеттерін ішінара жүргізетін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың құрылымдық аппараттары, қызметтері, бөлімшелері. Олар өздерінің қызметтік міндеттері бойынша белгілі бір бөлікте немесе көлемде жедел-іздестіру қызметіне тікелей қатысы бар ғылым-техникалық бөлімшелер, ақпараттық орталықтар, қаржы-жоспарлы бөлімдері және т.б. (мысалы, осы қызметті қаржылық қамтамасыз ету, тұлғаларды, заттарды, оқиғаларды есепке алу және т.б.).

  3. Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге белгілі бір нысанда және көлемде тартылатын немесе өзінің қызметтік бабында жедел-іздестіру қызметінің әдістері мен тәсілдерін қолданатын жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өзге құрылымдық қызметтері, бөлімшелері, аппараттары. Мысалы, ішкі істер органдарында әкімшілік полицияның учаскелік инспекторлары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар, медициналық есін жиғызу экипаждары, сақшылық қызмет, тергеу аппараты, жол полициясы және т.б.

Бірінші топқа кіретін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың бөлімшелері өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру және өзге әрекеттерді жүргізуді ұйымдастыру мен тактикасын реттейтін ведомстволық нормативтік актілерді шығарады және жасайды».10

Сонымен, жедел-іздестіру әрекеттерін тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың жедел бөлімшелері (аппараттары) мен қызметкерлер санаты жүзеге асырады екен.



Екіншіден, бұл іс-әрекеттерді жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар тек өз құзыреті шегінде жүргізеді.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудегі құзыреті келесідей:



Ішкі істер органдары: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде пошта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқылы.11

Ұлттық қауіпсіздік органдары: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; пошта жөнелтілімдерін бақылау; байланыс желілеріндегі жедел іздеу; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқылы.12

Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізеді; пошта жөнелтілімдерін бақылау; байланыс желілеріндегі жедел іздеу; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау ісін жүзеге асырады.13

Қаржы полициясы органдары: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде пошта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізеді.14

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізеді; пошта жөнелтілімдерін бақылау; байланыс желілеріндегі жедел іздеу; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау ісін жүзеге асырады.15

Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары: азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; қылмысты іс-әрекетке еліктеу мінез-құлық үлгісін қолдану; астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; берілетін өнімдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу; зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу, құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру; сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрінде пошта жөнелтілімдеріне бақылау жасау; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілетін сөйлесулер туралы мәліметтер алу; компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; байқау, соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-, бейнежазбаларды, кино-, суреттүсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқылы.16

Үшіншіден, бұл іс-әрекеттерді жүргізу жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттерін шешуге бағытталған.

Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 7 бабына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттері келесідей:

А) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін, меншікті, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту үшін өз құзыретіне сәйкес қажетті әрекеттерді қолдану;

Б) жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу жөнінде тергеушінің жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындау;

В) қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төнгенін дәлелдейтін өздеріне белгілі болған жайттар мен деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына дер кезінде хабарлау;

Г) құқықтық көмек туралы шарттар (келісімдер) негізінде тиісті халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының тілектерін орындау;

Д) жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде астыртын жағдайды қамтамасыз ету және хабарлама көздері құпиясының ашылуына жол бермеу жөніндегі қажетті шараларды қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет