«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Мазмұны



бет1/2
Дата12.03.2018
өлшемі1,43 Mb.
#38548
  1   2

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
7-сынып

Мазмұны

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7 сынып. 3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 4

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

7.  Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 10

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21




1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


  

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7 сынып.



Білім алушы:

Білу

- орта ғасырлар тарихының кезеңдерін  және оқиғалардың хронологиясын білу;

- тарихи тұлғаларды білу;
Түсіну

- мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән ерекшеліктерді түсіну;

- тарихи ұғымдарды түсіну;

- тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіну;


Қолдану

- әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдану;

- ортағасырлық мемлекеттердің аумағын саяси картада көрсетеді;

- ортағасырлық тайпалардың миграциялық бағыттарын көрсетеді;

- этноәлеуметтік құрылымын анықтайды;

- тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды;


Талдау

- дереккөздегі маңызды ақпаратты талдайды;

- мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды;

- тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің себеп-салдарын және сабақтастығын талдайды;


Жинақтау

- тарихи оқиғалар, құбылыстар және үдерістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жинақтайды;

- ерте және орта ғасырлық мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жинақтайды;

- тарихи фактілердің маңыздылығын жинақтайды;

- тарихи оқиғалардың себеп-салдарын жинақтайды;
Бағалау

- тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің заңдылықтарын бағалайды;

- ортағасырлардағы тарихи тұлғалардың рөліне баға береді;

- тарихи үдерістердің маңызын ашады.


4. Ойлау дағдыларының деңгейі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Тарихи үдерістердің тұтастығы мен ерекшеліктерін сипаттайтын тарихи фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, ұғымдарды білу.

Орта ғасырдағы тарихи кезеңдерді білу.

Маңызды тарихи оқиғаларға қатысты қазіргі зерттеулер мен көзқарастарды білу.


КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар



Қолдану

Тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіндіреді.

Әр түрлі тарихи дереккөздерді қолданады

Этноәлеуметтік құрылымын жіктейді.

Тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды.

Берілген дереккөзге сұрақ құрастырады.


ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар



Жоғары деңгей дағдылары

Тарихи құбылыс, оқиға немесе үдерісті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырады және бағалайды;

Тарихи дереккөздерді  талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды;

қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, үдерістің маңыздылығын анықтайды;

Тарихи оқиғалардың  сабақтастығы мен өзгерістерін уақыт пен кеңістік  шеңберінде талдайды және бағалайды.



ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар





5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу


Тоқсан

Білу және түсіну, %

Қолдану, %

Жоғары деңгей дағдылары, %

I

100

0

0

II

25

75

0

III

0

100

0

IV

75

25

0

Барлығы

50

50

0



6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге  тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.



7.  Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.



1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


1 - тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны - 20 балл
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.

Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.



Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау

дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма№ *

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

7.1.A.

Рим империясының

құлауы

6.3.2.3 Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу




Білу және түсіну



3


1-3


КТБ


5


3


3



7.1B.

Феодализм



6.1.1.1 Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау


Білу және түсіну

1

4

ҚЖ

5

3

7


6.1.2.1 Үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау

Білу және түсіну



1

5

ҚЖ

8

4

7.1C.

Ислам дінінің

тарихы

6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау




Білу және түсіну

1

6

ҚЖ

12

6

10


6.2.3.1 Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын түсіндіру

Білу және түсіну

1

7

ҚЖ

10

4

Барлығы:

-

7

-

-

40

20

20

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Мысал үлгілері және балл қою кестелері

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен 1-тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары
Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз.


  1. Византиядағы шағын қаланың Константинополь аталған жылы

А. 320 ж.

В. 325 ж.

С. 327 ж.

D. 330 ж.




  1. Натуральды шаруашылықтың кезінде …

A. Ештеңе сатылмады және сатып алынбады

  1. Сауда жоғары қарқында дамыды

C. Ақша-сауда айналымы дамыды

D. Барлық өнім түрлері тең бөлінді




  1. Батыс Еуропа қалаларының пайда болуы мен өсу уақыты

A.VII-VIII ғғ.

B.IX-XI ғғ.

C.X-XI ғғ.

D.X-XII ғғ.

[3]

4. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


X ғасырдағы тарихи дерек көздерінен алынған жазбада Вилли есімді шаруаның феодал қожайыннан алған жер үлесі болғаны айтылады. Бұл үшін Вилли аптасына 3 рет дайын отынды тасу, айына 7 рет қой бағу, қожайынның жерін өндеу, шөп шабу, иелігінде жұмыс істеуге міндетті болды.


  1. Виллидін қожайын (феодал) алдындағы міндеті қалай аталады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Неліктен ол барлық жұмысты жасауға тиіс болды?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________
с) Феодалдық құрылыстың негізгі беліглерін атаңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________


[3]

5. Вассал мен сеньордың міндеттерін анықтаңыз.

A) өз қожайына адал болу;

B) қызметі үшін жер телімдерін беру;

C) ол үлкен ұлын рыцарь ретінде тағайындау уақытында, ақшалай көмек көрсетеді;

D) қолдау мен қорғауды қамтамасыз етеді.



Сеньордың міндеті

Вассалдың міндеті







[4]

6. «Ақиқат» немесе «жалған» ақпараттарды анықтаңыз.




Ақпарат

ақиқат/жалған

  1. Әлемге әйгілі Альгамбра-Иерусалим қаласындағы әмірдің сарайы




  1. «Ғылым үшін жолға шыққан адамның алдынан жұмақтың есігі ашылады»,- деген мақал арқылы арабтарда географияның маңызды орында болғандығын көреміз.




  1. Араб тілін «Шығыстың латыны» деп атаған




  1. Бағдат қаласында «Даналық үйінің» негізі қаланған, ол ескі қаруларды сақтау үшін тұрғызылған




  1. «Мың бір түн» - бұл араб ертегілерінің жиынтығы болып табылады, бұл топтамада көптеген халықтың аңыздары мен әңгімелері жинақталған.




  1. Араб математиктерінің, дәрігерлерінің және астраномдарының еңбектері орта ғасырлық Еуропа ғалымдары үшін нұсқаулық қызметін атқарды.




[6]

7. Шығыс философтарының нақыл сөдерін анықтап, кестені тотырыңыз.



  1. «Қимыл көптеген дәрінің орнын басу мүмкін, бірақ бірде-бір дәрі қимылдың орнын баса алмайды»

  2. «Нығметтің қадірі ол жоғалғанда білінеді»

  3. «Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты»

  4. «Білім – сарқырама секілді, ол тоқтаса, жерге сіңіп, жоқ болады»


Философтар

Нақыл сөздері (әріпті белгілеу)

Аль-Бируни



Ибн Сина (Авиценна)



Аль-Хорезми



Аль-Фараби


[4]


Балл қою кестесі



Жауап

Балл

Қосымша мәлімет

1-3

1.D

2.A


3.C

3

Әрбір дұрыс жауапқа1 балл


4

a) барщина

b) шаруаның бағыныштылығы, жер үлесі өзінікі еместігін көрсетеді

с) жердің басты байлық көзі болуы


1

1

1



a) b) с) жауаптарына 1 баллдан


5

Сеньордың міндеті

Вассалдың міндеті

В, D

A, C




4




6


1-жалған;

2-ақиқат;

3-ақиқат;

4-жалған;

5-ақиқат;

6-ақиқат.



6





7



Философтар

Нақыл сөздері
(
әріпті белгілеу)

Аль-Бируни

В

Ибн Сина (Авиценна)

А

Аль-Хорезми

D

Аль-Фараби

С



4





Жалпы балл: 20



2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны - 20 балл
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.

Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.




Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау

дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

тапсырма№ *

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

7.2A

Крест жорықтары



6.3.2.6 Картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау

Білу  және

 түсіну


1

1

КТБ

8

4

8


Қолдану

1

2

ҚЖ

8

4

7.2В

Монғолдар



6.3.2.5 Ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін

анықтау


Қолдану

1

3

ҚЖ

12

6

6


7. 2C XIVғасыр-

XVIғасырдың бірінші жартысындағы

ортағасырлық еуропалық қоғам


6.3.1.4 Феодалдық соғыстар мен орталықтадырылған мемлекеттердің құрылуы арасында

байланыс орнату



Қолдану

1

4

ҚЖ

12

6

6

Барлығы:

-

4

-

-

40

20

20


Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен 2-тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Сәйкестеріңіз.

р/с

Крест жорығы




Крест жорығының нәтижелері

1

1147 ж

A

Жорықшылар Палестинаны басып алудан бас тартып, Еуропаның ең бай қалаларын жаулап алды, Византияда өз мемлекеттерін құрды.

2

1202-1204ж.ж.

B

Түрік-Селжұқтар Кіші Азия түбегіне басып кірген жорықшыларды түгелдей талқандады.

3

1189-1192 ж.ж.

C

Жорықшылар сұрапыл соғыстан кейін Иерусалимді басып алды. Қала тұрғындарының барлық дүние-мүлкін жаулап алушылар иемденді.

4

1096 ж.

D

Кіші Азия түбегінде Түрік-Селжұқтар Француз королі ЛюдовикVII және герман императоры Конрад III жасаған жорықтарын талқандады.


Жауаптары:

1-

2-

3-

4-

[4]

2. Кескін картада 1-4 крест жорықтарының бағытын белгілеңіз.


[4]
3. XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы картасын пайдаланып, тапсырманы орындаңыз.

XIII ғасырда моңғолдар жаулап алған мемлекеттерді жазыңыз. (2-ден кем емес)








[2]

Моңголдардың жеңіске жетуінің басты құпияларын жазыңыз (2-ден кем емес )









[2]

Моңғолдардың жаулап алған халықтардың дамуына әсері жайында қорытынды

жасаңыз.








[1]

4. Феодалдық бытыраңқы және бірорталықтанған мемлекеттерге тән белгілерді ажыратыңыз.



Феодалдық бытыраңқы мемлекет

Бірорталықтанған мемлекет






1. Король тек өзінің жеке иеліктерінен ғана салық жинайды;

2. Король барлық мемлекеттен салық жинайды;

3. Ірі феодалдар мемлекеттен бөлініп шығуға тырысып, қамалдар тұрғызады;

4. Барлық мемлекет үшін бір заң болады;

5. «Сеньорсыз жер жоқ»;

6. Барлық тұрғындар үшін бірдей салықтар қарастырылған.

[6]


Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша мәлімет

1

1-d; 2-a; 3-e; 4-b;

4

Әр дұрыс жауапқа1 балл

2


4





3

1. Солтүстік Қытай, Қазақстан, Орта Азия, Закавказье, Шығыс Еуропаның бөлігі

2. Бір орталыққа бағынған мемлекет

Қарулы әскер

Орта Азия мемлекеттерінің феодалдық бөлінісі

Орыс князьдықтары арасындағы шиеленіс

Ойластырылған әскери тактика мен стратегия Шыңғысханның мәртебесі

3. XIII ғасырда Еуразияның кең байтақ аумағында монғол-татар басымдылығы байқалды. Көпжылдық үстемдігі осы аумақ шаруашылығының құлдырауына, мәдениеттің күйреуіне әкелді.

Монғол-татар басқыншылары феодалдық қатынастардың дамуына кері әсерін тигізді.



2

2

2






4

Феодалдық бытыраңқы мемлекет

Бірорталықтанған мемлекет

1,3,5

2,4,6




6




Жалпы балл:

20


Каталог: images -> metod
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
metod -> «География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет