ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары


«Терроризм қаупінің салдарынан болатын бизнес шығасылары» индикаторы (ҰҚК, ІІМ, ҰКП (келісім бойынша)



бет6/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

«Терроризм қаупінің салдарынан болатын бизнес шығасылары» индикаторы (ҰҚК, ІІМ, ҰКП (келісім бойынша)

Ағымдағы көрсеткіш - 44 орын



Терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік шаралардың оң қабылдануын қалыптастыру, сондай-ақ, және де террористік тұрғыдан қатыста осал объектілердің террорға қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында бизнес қауымдастықпен мақсатты ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. БАҚ-ты ақпараттық қолдау көрсету үшін тарту.

ақпан-сәуір,

2016-2019 жылдар




облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,

ҰКП (келісім бойынша),

ІІМ


Орындалуда

Мемлекеттің терроризмге қарсы саясатын бизнес-қауымдастығымен оң қабылдауды қалыптастыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар, терроризмге қарсы комиссиялар (ТҚК) және Кәсіпкерлер ұлттық палатасымен (КҰП) бірқатар ақпараттық-түсіндірушілік іс-шаралар өткізілді.

Орта және ірі бизнес өкілдерімен (сауда үйлері, супермаркеттер, АҚС, қонақ үй кешендері және т. б.) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік шараларды қолдау сұрақтары бойынша кездесулер өткізілді. 9,4 мыңнан астам адам қамтылды.

Жергілікті және республикалық БАҚ-тарда терроризмге қарсы іс-қимыл тақырыптары бойынша 400-ге жуық материалдар орналастырылды, оның ішінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік шаралар және террористік тұрғыда осал объектілердің қаупсіздігін қамтамасыз ету туралы.

Мысалға, СҚО-да а.ж. 12 қаңтарында ҰҚКД ТҚО бөлімі бастығының жергілікті МТРК телеарнасының «Диалог» бағдарламасында сұхбаты өткізілді. Көкшетау қаласының «Степной маяк» газетінде «Уязвимости стоп» атты мақаласы жарияланды.

Облыстық орталықтардың көшелерінде орналасқан LED экрандарында және қоғамдық көліктерде бейнероликтердің көрсетілуі ұйымдастырылды.

А.ж. ақпан-наурызында Кәсіпкерлер ұлттық палатасының мүмкіндіктері арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің мекен-жайларына мемлекет тарапынан қабылданып жатқан терроризмге қарсы шаралары туралы және бизнестің тиімділігіне әсер ететін фактор ретінде теріс қабылдамау үшін хаттар жолданды. Материалдар КҰП ресми сайтында орналастырылды (palata.kz).



Шағын және ірі бизнес объектілерінің, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен персоналдарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында БАҚ-та терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалармен жаңа талаптарды түсіндіре отырып, материалдар орналастыруды ұйымдастыру

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰКП (келісім бойынша), ІІМ, ҰҚК

Орындалуда

Республикалық және аумақтық ақпараттық агенттіктерінде мемлекеттік органдарының терроризм мен экстремизмді алдын алу бойынша атқарылып жатқан қызметі туралы ақпараттық контеттер қарқынды таратылуда.

Атап айтқанда, «Tengrinews.kz» ақпараттық агентігімен «Катастрофические масштабы обрел международный терроризм» атты Елбасының сұхбаты орналастырылды.

Республикалық және облыстық БАҚ-тарда Атырау және Маңғыстау облыстарының аумақтарында өткен «Каспий-Антитеррор-2017» жедел тактикалық оқу-жаттығудың егжей-тегжейлері жарияланды, нақтырақ келесі БАҚ-тардың сайттарында жарияланымдар шықты: patrul.kz, www.nomad.su, tengrinews.kz, www.zakon.kz, kazislam.kz, kazakbol.com, i-news.kz, www.nur.kz, www.youtube.com, www.inform.kz, www.lada.kz, informburo.kz, www.inaktau.kz, ru.sputniknews.kz, ctc-rk.kz, tumba.kz, news.rambler.ru, tvzvezda.ru және т.б.

«Егемен Қазақстан» газетінде және сайтында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ғаламтордағы ақпаратты бақылау бойынша автоматтандырылған жүйенің басталуы туралы мәлімдеген «Қазақстанда бүкіл ғаламторды бақылауға алуды жоспарлап отыр» мақаласы шықты.

«Vlast.kz» және «www.kursiv.kz» ақпараттық агенттіктерімен ҰҚК-ның Қазақстандағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі штабтар желісінің кеңейтілуі мен Каспийде жедел теңіз штабын құру бойынша ниеттерін айғақтайтын «Антитеррористические штабы на Каспии создадут в Казахстане» атты мақаласы жарыққа шықты.

ҚР ТҚО қамқоры астында «Kazakhstan Security Systems» Үшінші халықаралық көрменің ашылуы туралы «Хабар-24», «Қазақстан» республикалық телеарналарында және «www.kss-expo.kz», «24.kz» және т.б. ғаламтор қорларында хабарлады.

А.ж. қазанында abctv.kz сайтында 2013-2017 жылдарға арналған терроризмге және экстремизмге қарсы күрес бойынша мемлекеттік бағдарламаның әскерлерде жүзеге асырылу нәтижелері туралы «В Казахстане повысят уровень антитеррористической защищенности военных объектов» материалы жарыққа шықты.

«BNews.kz» сайтында «В Караганде задержали женщину за «лжетерроризм» мақаласы шықты. Tengrinews.kz, облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап «За пропаганду терроризма в соцсетях карагандинца осудили на семь лет» материалын орналастырды.

Осыған қоса, халықтың көпшілігі облыстық және аудандық БАҚ-тарға сенім білдіргеніне байланысты, жергілікті БАҚ-тардағы жұмыс та жалғастырылды (аудандық және облыстық газеттер, облыстық телерадиокомпаниялар).

Мысалға, «Актюбинский вестник» облыстық газетінде «Ради безопасности населения» атты мақаласында Мартөк ауданына «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Құқық қорғау шаралары мен террористік актілерге дайындық» бағыты бойынша жұмыс жасайтынведомствоаралық топтың келгені бойынша хабардар етілді.




Мемлекеттік органдармен және ҰКП-мен бірлесіп ТҚО отырыстарында әзірленген және түрлі меншік нысанындағы объектілердің қоғалуын арттыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыру

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ҰҚК, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰКП (келісім бойынша)

Орындалуда

ҚР ТҚО шешімдерімен мемлекеттік органдардың терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жоюға дайындықтарын, сонымен қатар елдегі маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауіпсіздігін жоғарылатуға жағдай жасалды.

ҚР ҚК құрамындағы жұмыс топтардың құрамында Қарағанды, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының терроризмге қарсы комиссиялардың (әрі қарай – ТҚК) және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың (әрі қарай – ЖШ) қызметтерін зерттеу нәтижесінде дін саласындағы қауырттылықты, террористік қауіптерді төмендетуге және оларға дайындықты жоғарылатуға бағытталған ұсыныстар дайындалды.

Аумақтардағы террористік сипаттағы анонимдік көріністердің профилактикасын ұйымдастыру жағдайына талдау жасау оларды азайтуға шараларды белгілеуге мүмкіндік берді. ТҚО Штабының аталған құқық бұзушылықтардың профилактикасын әрі қарай дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстары жергілікті атқарушылық және ҰҚК аумақтық органдарының жұмысында қолданылды.

ТҚО қолдауымен өткен қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс «Kazakhstan Security Systems 2017» халықаралық көрмесінің алаңында ТҚО Штабының басшылығының және Комитеттің аумақтық органдары ТҚО бөлімідерінің бастықтарының террористік қауіптерге әсер етудегі шетелдік әдістерімен және құралдарымен таныстырылуы ұйымдастырылды. Конференция және екі дөңгелек үстел форматында мемлекеттік органдар мен мамандырылған жеке құрылымдардың өкілдеріне терроризмге қарсы күрес және ТТО объектілердің терроризмге қарсы қорғанысы, терроризм актісінің салдарын азайту және жою мәселелері бойынша ақпарат жеткізілді.




Террорлық тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарының сақтаулуын тексеру барысында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың талаптарын түсіндіру және азаматтар мен мемлекет мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында оларды бұлжытпай сақтау қажеттігі тұрғысынан олардың басшыларымен ақпараттық жұмыстарды міндетті түрде жүргізу

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ІІМ, ҰҚК, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰКП

Орындалуда.

ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғанысы бағытында ТҚК арқылы аумақтық тізбелердегі 16666 объектілерден 16166 объектілердің (97%) паспортизацияланулары қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша әкімдіктер ТТО объектілерінің өңірлік тізбелеріне барлығы 16 111 (оның ішінде аса маңызды мемлекеттік - 1833, стратегиялық - 1630, қауіпті өндірістік - 316, адамдар көп жиналатын - 12 887), оның ішінде мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты – 10 876, мемлекеттік емес ұйымдарға және кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі – 5 790 объектіні енгізді.

ТТО объектілерінің басшылары тарапынан «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-3-бабының талаптарының орындалуын бақылау шеңберінде ағымдағы жылдың басынан 12 317 ТТО объектісі тексерілді (оның ішінде аса маңызды мемлекеттік - 903, стратегиялық - 656, қауіпті өндірістік - 214, адамдар көп жиналатын – 10544), тексеру нәтижелері бойынша басшыларына кемшіліктерді жою туралы 7541 (61%) ұсынымхат енгізілді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 149-бабы (ТТО объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) бойынша 771 әкімшілік материал жинақталып, сотқа жолданды, ТТО объектілерінің 465 басшысы мен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Астана қ-сы бойынша – 12, Алматы қ-сы–76, Ақмола обл. – 25, Алматы обл. – 9, Ақтөбе обл.– 21, Атырау обл. – 40, ШҚО – 8, Жамбыл обл. – 20, БҚО – 3, Қарағанды обл.– 37, Костанай обл.– 12, Қызылорда обл.– 3, Маңғыстау обл.– 20, Павлодар обл. – 5,СКО – 14,ОКО – 154, КІІД-4).

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 462-бабы 3-бөлігі (Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының қаулыларын, нұсқамаларын және өзге де заң талаптарын орындамау немесе тиiсiнше орындамау) бойынша ұсынымхаттарды орындамағаны үшін 36 әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды, 23 ТТО объектісінің басшысы жауапкершілікке тартылды (Астана қ-сы бойынша – 6, Ақмола обл. – 1, Ақтөбе обл. – 5, Атырау обл. – 4, БҚО – 1, Қарағанды обл.– 6).

Бұдан басқа, кемшіліктер үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 470-бабы (Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша ТТО объектілерінің күзетін қамтамасыз ететін 23 күзет қызметі субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Ақмола обл. – 5, Алматы обл. – 3, Ақтөбе обл. – 1, Атырау обл. – 1, БҚО – 3, Қарағанды обл. – 7, Костанай обл.– 2, Қызылорда обл.– 1)


    1. «Қылмыс және зорлық-зомбылық салдарынан болатын бизнес шығасылары» индикаторы (ІІМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 38 орын



Бейнебақылау жүйелері желілерін, құқық бұзушылықтарды фото және бейне тіркеуді дамытуды және кеңейтуді, сондай-ақ жол-патрульдік полиция бөлімшелерін портативті бейнетіркегіштермен жабдықтауды қамтамасыз ету

желтоқсан,

2016-2018 жылдар



облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды фактілерінің бірі бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану болып табылады.

Мәселен, ІІО жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасаса отырып, бейнебақылау жүйелерін сатып алу және кеңейту бойынша жұмысты ұдайы негізде жүргізуде. Бірқатар өңірлерде жыл сайын оларды сатып алу әкімдер бекіткен өңірлік бағдарламаларға (өңірлерді дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтар профилактикасы және т.б.) қосылды.

Одан басқа, ЖБО бейнебақылау камералары желісін жаңғырту және кеңейту бойынша дәйекті шаралар қабылдануда.

Өңірлік ЖБО-ларда барлығы 4 636 бейнебақылау камерасы бар, олардың ішінде 2 132 бейнекамера көше қиылыстарында орнатылған, 1014 – қоғамдық орындарда, 1056 – тұрғын үй алқаптарының аулаларында және 434 – облыс орталықтарының ІІО аумағында.

Анықтама ретінде: ағымдағы жылғы 11 айда ІІД ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 2,1 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық ашылды, 341 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Бейнебақылау жүйелерін жаңғырту мақсатында ескірген аналогтық бейнекамераларды дербес қадағалауға және бейнекамералардың қамту аймағында жағдайды талдауға мүмкіндік беретін «зияткерлік» бағдарламалық қамтамасыз етумен қазіргі заманғы цифрлық қондырғыларға жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылуда (бүгінгі күні мұндай бейнекамералар Астана, Алматы, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Петропавл және Шымкент қалалары жолдарының қиылыстарында орнатылды).

Қазіргі уақытта жол-патрульдік полициясы бөліністерінде шамамен

12,8 мың бірлік бейнетіркегіш бар (тасымалданатын-9891 және мобильді-2946).

Анықтама ретінде:

Астана қаласы - 1144, Алматы қаласы - 1391, Ақмола - 300, Ақтөбе – 598, Алматы облысы – 465, Атырау - 514, Шығыс Қазақстан - 979, Жамбыл - 493, Батыс Қазақстан - 414, Қарағанды – 575, Қостанай -232, Қызылорда - 409, Павлодар - 430, Маңғыстау – 452, Солтүстік Қазақстан – 379 және Оңтүстік Қазақстан облыстары - 1116). Патрульдік автомашиналарда 2791 бірлік мобильді бейнетіркегіш орнатылды (Астана қаласы - 339, Алматы қаласы -464, Ақмола - 89, Ақтөбе - 253, Алматы - 134, Атырау - 139, Шығыс Қазақстан - 196, Жамбыл - 132, Батыс Қазақстан - 105, Қарағанды – 225, Қостанай - 114, Қызылорда - 153, Павлодар - 131, Маңғыстау - 151, Солтүстік Қазақстан – 28 және Оңтүстік Қазақстан облыстары - 290).
Жол-патрульдік полициясы қызметкерлері үшін қосымша 3 мыңнан астам бірлік қажет (тасымалданатын - 2144 және мобильді - 1135).

Анықтама ретінде:

Тасымалданатын: Ақмола – 341, Алматы – 404, Қарағанды – 814, Қостанай – 423, Павлодар – 162 облыстары.

Мобильді: Астана қаласы – 42, Ақмола – 125, Алматы – 156, Атырау – 32, Шығыс Қазақстан – 130, Жамбыл – 32, Батыс Қазақстан – 33, Қарағанды – 238, Қостанай – 101, Павлодар – 66, Солтүстік Қазақстан – 98, Оңтүстік Қазақстан – 82 облыстары.

Бейнетіркегіштерді пайдалану, оларды беру, сақтау және бейнедеректерді шығару тәртібін анықтау мақсатында ІІМ «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану туралы» нұсқаулықты бекітті.




Халықты және қоғамдық құрылымдарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеу» қағидатын қалыптастыруға тарту бойынша жұмысты жандандыру

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Бүгінгі күні елімізде жалпы саны 29 981 адамнан тұратын («Сақшы» – 939/4515 адам, студенттер жасақтары – 198/3483 адам, Қоғамдық кеңестер – 1883/10944 адам, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан – 1481/6686 адам) құқық қорғау бағытындағы 4 501 қоғамдық құрылым тіркелген (бұдан әрі – ҚҚБҚҚ).

Қоғамдық құрылымдардың қызметін талдау олардың ішкі істер органдарына көрсеткен көмегі қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге оң әсерін тигізетінін көрсетті.

Мәселен, ағымдағы жылы ҚҚБҚҚ қатысуымен 2574 қылмыс ашылған, құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 22 110 адам ұсталған.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін 3 808 адам көтермеленді (алғыс хатпен – 329, грамоталармен – 295, бағалы сыйлықтармен – 47, сомасы 57 млн. теңгеден астам ақшалай сыйақымен – 3137 адам).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді.

Мүдделі органдармен бірлесіп, құқық бұзушылықтар профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылуда, ол құқық бұзушылықтар профилактикасының әдістерін жетілдіруге, сондай-ақ құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша жұртшылықпен және бұқаралық акпарат құралдарымен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру және құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қоғамдық орындарда орнатылған ақпараттық экрандарда, сондай-ақ телеарналарда құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған арнайы бейнероликтер көрсетіледі, жыл сайын республика аумағында «Тәртіпсіздіктер мен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» атты кең ауқымды акция өткізіледі.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 2,2% төмендеген (3,3 млн-нан 3,2 млн-ға дейін), оның ішінде:

- ит пен мысықты ұстау қағидаларын бұзу 14% (48,1 мыңнан 41,2 мыңға дейін);

- абаттандыру қағидаларын бұзумен байланысты 12% құқық бұзушылық (134,1 мыңнан 117,6 мыңға дейін);

- тыныштықты бұзу 11% (38,2 мыңнан 34,1 мыңға дейін);

- қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішудің 6% фактісі (180,1 мыңнан 169,3 мыңға төмендеді);

- белгіленбеген жерде темекі шегуге тыйым салуды бұзу 8% құқық бұзушылық фактісі (114,6 мыңнан 105,4 мыңға дейін);

- жаяу жүргіншілердің жол жүру қағидаларын бұзуының 16% (171 мыңнан 143,1 мыңға дейін);

- қауіпсіздік белдігін пайдаланбау 19,5% (404,1 мыңнан 325,2 мыңға дейін) төмендегені байқалады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.


    1. «Ұйымдасқан қылмыс» индикаторы (ІІМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 63 орын



Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шаралар қабылдау

желтоқсан,

2016-2018 жылдар



ІІМ

Орындалуда

Ағымдағы жылдың басынан бері қылмыстық топты

(бұдан әрі - ҰҚТ) құру, басшылық ету және ұйымдастыруға қатысу, сондай-ақ оның қызметін қаржыландыру фактілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғалды, ҰҚТ-ның 319-ден астам жетекшісі мен қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында Мамандандырылған деректер банкін пайдалану үшін ТМД ҰҚҚКҮБ-ға тұрақты негізде: трансұлттық қылмыстық топтардың жетекшілері мен қатысушылары, олардың болуы мүмкін орындар және жедел-профилактикалық есепте тұрған ҰҚТ жетекшілері мен қатысушыларының қозғалу бағыттары туралы ақпарат жолданады.

Сондай-ақ екі мемлекеттің аумағындағы трансұлттық қылмыстық топтар туралы бірлескен деректер банкін қалыптастыру және енгізу үшін Қырғыз Республикасының ІІМ-мен өзара ақпарат алмасу ұдайы негізде жүзеге асырылуда.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында басқа елдердің құқық қорғау органдарымен екіжақты және көпжақты байланыстар жолға қойылған.

Ағымдағы жылдың басынан бері шетелдік криминалитет өкілдері қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.

Қазіргі уақытта 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 4-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Каспий маңы мемлекеттері ішкі істер органдарының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы мемлекетаралық хаттаманың жобасы пысықталуда.



    1. «Полиция қызметінің сенімділігі» индикаторы (ІІМ, БП (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш - 87 орын



Ішкі істер органдарының және ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органдардың қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырыстарында жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын бұзатын қызметкерлерінің іс-әрекетіне берген өтініштерін қарау

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ІІМ


Орындалуда

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25-тармағына сәйкес әрбір Ішкі істер департаментінде (бұдан әрі - ІІД) Консултативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - ККО) құрылған.

Ағымдағы жылдың басынан ККО-ның 33 отырысы өткізілді, онда жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар профилактикасы, ІІО қызметкерлерінің әдеп нормаларын бұзуы қаралды.

ІІД интернет-ресурстарында ККО қызметі туралы арнайы бөлімдер жұмыс істейді, онда ККО қызметі туралы ақпарат және азаматтарды қабылдау кестелері жарияланды. ІІД ғимараттарының арнайы бөлінген орындарында азаматтардың өтініштеріне арналған пошта жәшіктері орнатылған.

ІІД жанындағы ККО ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 29 өтініш, (олардың 9-ы бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды), оның ішінде

ІІО-ның қызметтік тергеу материалдарын (5), БАҚ (1) және ШҚО МҚІжСЖҚІҚД ұсынымы бойынша қарады.

ККО азаматтардың барлық арыздары, оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан құқықтары мен заңды мүдделерін кемсіту мәселелері бойынша тиісті ұсынымдар берді. Қажет болған жағдайда ІІД басшылығының мекенжайына материалдар бойынша қосымша іс-шаралар жүргізу туралы ұсынымдар жолданды. Азаматтарды қабылдаудың тиісті кестелері әзірленді, ол мүлтіксіз орындалуда.




Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қылмыстық істерді тергеудің тиімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ІІМ

Орындалуда

Ішкі істер органдары ағымдағы жылдың басынан жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібінде 31 505 немесе 2016 жылғы осыған ұқсас кезеңде 30 970 (31,9%) (сотқа жолданған істерден 35,4%) қылмыстық істі аяқтады (2% өсті).





ІІМ қызметкерлеріне қатысты азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қоса алғанда, жергілікті полиция қызметіне қатысты жұртшылықпен құқықтық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ІІМ

Орындалуда

Барлық деңгейдегі жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ бастықтары, учаскелік полиция инспекторлары) қызметкерлерінің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу шеңберінде жергілікті атқарушы және өкілдік органдар жергілікті полиция қызметіне қатысты жұртшылықпен құқықтық-түсіндіру жұмысын өткізуде.

Мәселен, заңнамаға сәйкес учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік учаскенің тұрғындары алдында (тоқсанына 1 реттен кем емес) есеп беру кездесулерін ұдайы өткізуі ұйымдастырылған.

Кездесу өткізу барысында учаскелік полиция инспекторлары азаматтардың ІІМ қызметкерлеріне қатысты құқықтары мен міндеттерін қоса алғанда, жұртшылықпен (халықпен) жергілікті полиция қызметіне қатысты құқықтық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Анықтама ретінде:

Ағымдағы жылдың басынан бері халық алдында 22,4 мыңнан астам есеп беру кездесуі өткізілген (қалалық – 11,2 мың, ауылдық – 11,2 мың), оларға 1 млн. астам азамат қатысты, жергілікті атқарушы органдардың 10 мыңнан астам өкілі және 4,3 мыңнан астам ПИК өкілі қатысты.

Азаматтармен кездесу барысында 22,8 мыңнан астам ескерту мен ұсыныс айтылды (қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсарту, жасөспірімдер қылмысының профилактикасы, жол қауіпсіздігі, криминалдық және көші-қон полициясы желісі бойынша, аулалардың жағдайын жақсарту бойынша, ПИК жұмысының мәселелері, аулаларды жарықтандыру және т.б.), олар бойынша өз құзыреті шегінде қажетті ден қою шаралары қабылдануда. Қалған жағдайларда ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

ЖПҚ басшыларының жергілікті атқарушы және өкілдік органдар алдындағы есебі жылына 2 реттен кем емес ұйымдастырылады.

2017 жылы мәслихаттар және әкімдіктер алдында ЖПҚ барлық 224 басшысы есеп берді (облыстық деңгейде – 16, аудандық деңгейде – 208).

Одан басқа, 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстық деңгейдегі ЖПҚ-нің басшылары халық алдында есеп берді.

Ағымдағы жылы облыстық деңгейдегі мәслихаттар мен әкімдіктер еліміздің барлық 16 өңірінің ЖПҚ бастықтарының есептерін тыңдады.

Аудандық деңгейде ЖПҚ 208 бастығының ішінде, 199-ы мәслихаттар мен әкімдіктер алдында есеп берді.

ЖПҚ қалған басшылары әкімдер мен мәслихаттар белгілеген мерзімдерге сәйкес жақын уақытта есеп береді.

Осы іс-шаралар өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты негізде жарияланады.



    1. «Корпоративтік әдеп» индикаторы (ҰКП (келісім бойынша)

Ағымдағы көрсеткіш – 59 орын



Кәсіпорындарда, ұлттық компанияларда, мемлекеттік органдар мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде корпоративтік әдепті күшейтуге және корпоративтік мәдениетті дамытуға қатысты мақалалар жариялауды қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2017 жылдар



ҰКП (келісім бойынша), ӨКП, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Осы индикаторлар бойынша Қазақстанның позицияларын жақсарту мақсатында ҰКП Корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесті құру, сондай-ақ корпоративтік басқару стандарттарын әзірлеу туралы мәселелерді көтерді.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары А.Ұ. Мамин бұл бастамаларды қолдады (2017 жылдың 4 мамырында өткен жиналыстың № 20-3/05-1686 хаттамасы).

Аталған бастамаларды іске асыру үшін ҰКП Ұлттық кеңес туралы ережені және оның құрамын көздейтін өкім жобасын әзірледі. Ү.ж. 21 маусымында өкім жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен кейіннен келісу және Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізу үшін ҰЭМ-ға жіберілді.

Осы күнге дейін өкім жобасы меморгандармен келісілмеген.



Лауазымды тұлғалармен, саясаткерлеменр және басқа да кәсіпорындардың, компаниялар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл кезінде әдепті мінез-құлықты дамыту бойынша кәсіпкерлермен өңірлерде дөңгелек үстелдер өткізу

жартыжылда 1 рет,

2016-2017 жылдар



ҰКП (келісім бойынша), ӨКП, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Ішкі істер органдары ағымдағы жылдың басынан жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібінде 13891 немесе (сотқа жолданған істерден 35,3%) 2016 жылғы осыған ұқсас кезеңде 13172 (32,1%) қылмыстық істі аяқтады (3,2% өсті).

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшесінің өкілдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы базасында халыққа қызмет көрсету орталықтарының, нотариалдық палаталардың, бірқатар екінші деңгейдегі банктердің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырған лауазымды тұлғалармен, саясаткерлермен және басқа кәсіпорындардың, компаниялар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуда этикалық мінез-құлық мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысты.

Сондай-ақ есепті кезең ішінде алдын алу және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мақсатында Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумақтық филиалдарының, ҰКП жанындағы «Бухгалтерлер клубының» және басқа да қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен мынадай тақырыптар бойынша 138 дәріс пен семинар, 14 «Дөңгелек үстел» отырысын өткізді:





Кәсіпорындарды басқарудың үздік практикаларын жариялау, кәсіпорындарда, ұлттық компанияларда, мемлекеттік органдарда және облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде корпоративтік әдепті күшейту бойынша мақалалар мен сұхбаттар жариялауды қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016–2017 жылдар



ҰКП (келісім бойынша), ӨКП, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінде «Профессиональный долг. «Основные вопросы служебной этики государственных служащих», «Уполномоченный по этике - не просто консультант» атты мақалалар жарық көрді. Облыстық «Ақ жол» и «Ар Ай» газеттерінде - «Ең басты міндет - елге қызмет» мақаласы шығарылды.

Мемлекеттік басқарудың мәселелері мен нормаларын түсіндіру, сондай-ақ БАҚ корпоративтік этиканы күшейту мақсатында Қостанай облысының әкімдігімен 55 мақала жарияланды және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен сұхбат жүргізілді.

Меңдіқара ауданының аудандық газетінде және әкімдіктің интернет-ресурсында келесі мақалалар жарияланған: «Қызметтік тәртіп – қызметтік әдеп» (03.04.2017 жылы); «Мемлекеттік қызмет туралы заңды іске асырудағы әдеп жөніндегі кеңестің рөлі» (03.03. 2017 жылы); «Әдепті сақтауға бақылауды қамтамасыз ету» (08.06. 2017 жылы).

«Лисаковская Новь» газетінде мына мақалалар жарияланған:

«Дамудағы тұрақтылық» (19.01.2017 жылы – «Арай-Холдинг» ЖШС 2016 жылғы жасаған жұмысы және 2017 жылға жоспарлары туралы, «Таланттылар мен дарындылар» («Алюминий Казахстана» АҚ қызметкерлерінің жаңа жылдық шыршасы), «Өркен: әрбір күш-жігерден жалпы нәтиже» (13.07.2017 ж. «Өркен» ЖШС ЛФ қызметкерлерінің жетістіктері туралы).

Арқалық қаласының «Торғай», «Арқалық хабары» газеттерінде «АрқМПИ-ға 45 жыл» №16 (661) 05.05.2017 ж.; «Отанға қазмет – құрметті міндет» №17 (662) 12.05.2017 ж.; «Жас маманның жеңісі, тәлімгердің жемісі» №12 (1007) 31.03.2017 ж.; «Үздік топ-2017» №21 (1016) 02.06.2017 ж. мақала жариаланды.
Павлодар облысында Қзыметтік әдеп, қызметтік тәртіпке қатысты ақпараттық материалдар тұрақты негізде өңірлік бұқаралық ақпараттық құралдарда жарияланады.

«Звезда Прииртышья» газетінде мынандай мақалалар жарияланды.

-2017 ж. 28.02. «Қателесуге мүмкіндік жоқ» жұмыста жәнк жеке уақытында тәртіптің стандарттарында белігенген шенеуніктердің моральдік-әдеп қасиетіне талаптар туралы.

- 2017 ж. 4.02. «Судьялар үшін әдеп кодексі» сот-құқықтық реформаларда Кодекстің рөлі туралы.

- 2017 ж. 29.05. «Мемлекеттік қызметші болу, адамдарға қызмет ету – бұл мақтауға тұрарлық атақ».

- 2017 ж. 06.06. «Әдеп кодексі» сот-құқықтық реформаларда Кодекстің рөлі туралы.

- 2017 ж. 28.09. «Әдеп туралы кезекті кеңес отырысы туралы».

- 2017 ж. 28.09. «Екібастұз қызметшілері үшін қызметтік әдеп мәселесі жөнінде семинар өткізу туралы.

- 2017 ж. 14.12. «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Г.А. Кабиеваның қатысуымен әдеп бойынша кезекті Кеңес отырысының қорытындылары туралы».

«Новый путь» газетінде 2017 жылғы 17.02. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және әдеп жөнінде өкілеттіктің рөлу туралы» семинар жүргізу туралы «Мемлекеттік қызметшілердіәң әдеп кодексі туралы» мақала жарияланды. Аталған ақпарат 2017 ж. 17.02. «Ақсу жолы» газетінде жарияланды.

«Сарыарқа самалы» газетінде 27.06. «Әдеп жөінде кезекті кеңес отырысы» мақала жарияланды

«Регион.kz» облыстық газетте 03.11. «Павлодар облысының соттарымен өзара іс-қимыл жөнінде Кеңестің қызметі» мақала жарияланды.

«Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» облыстық газет беттерінде сенім телефоны жарияланады, бұнда мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдеп басқаруды, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнаманы бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады.


    1. «Аудит пен есептілік стандарттарының жетілгендігі» индикаторы (Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш - 99 орын



Аудит және бухгалтерлік есеп саласында тиімді тәуелсіз қадағалау жасау бөлігінде, корпоративтік есептілікті жақсарту жөніндегі БҰҰ ұсынымдарының нәтижелері бойынша аудиторлық қызмет туралы, бухгалтердік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету

желтоқсан,

2016-2020 жылдар



Қаржымині

Орындалуда

Бүгінгі таңда Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚРЗ, соның ішінде аудиторлық қызметті тиімді қадағалауды ұйымдастыру бөлігінде заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта ҚРЗ жобасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілу үстінде. Сонымен қатар, Қазақстанда корпоративтік есептіліктің инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі , 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары мақұлданды және мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберілді.





Кәсіптік білім берудің және мамандықты тәуелсіз қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас бойынша шаралар қабылдау

желтоқсан,

2016-2020 жылдар



Қаржымині

Орындалуда

Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мақсатында 2015 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Жарғылық сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы (бұдан әрі - Меморандум) арасында ұлттық сертификаттау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығымен (ACCA) кездесулер өткізілді. ACCA реттеуші органдармен қатынастарды дамыту жөніндегі директор Ша Али Ханнан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Аудит мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» СД жобасын әзірлеу үшін тәуелсіз қадағалау органын құрудың үздік тәжірибесі туралы ақпарат алынды. 2018 жылы Халықаралық бiлiм беру стандарттарына және Бухгалтерлер әдеп кодексiн мемлекеттiк тiлiне аудару үшiн ХБФ-пен келiсiмге қол қою жоспарлануда.





Қолданыстағы халықаралық стандарттағы есептіліктер және аудит туралы жауап әлеуетті берушілердің хабардар болуын жоғарылату (дөңгелек үстелдер, мақалалар және т.б).

желтоқсан,

2016-2020 жылдар



Қаржымині

Орындалуда

Қазан айында есептілік пен аудиттің қолданыстағы халықаралық стандарттары туралы ықтимал респонденттердің хабардарлығын арттыру мақсатында «Бухгалтерлік есеп пен аудитті реттеудің негізгі мәселелері» тақырыбындағы БАҚ-да мақала жарияланды. Сондай-ақ, 2017 жылдың 17 қарашасында «Қазақстандағы бухгалтерлік есеп пен аудитті реттеу туралы» онлайн-конференция өтті





ХҚЕС жəне ХАС аударылуынжәне таратылуын қамтамасыз ету

желтоқсан,

2016-2020 жылдар



Қаржымині

Орындалуда

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты ХҚЕС мәтіндерін 2017 жылы ағылшын тіліндегі нұсқаға, IFAC мәтінінен, ХАС мәтіндерін 2016-2017 ж.ж. ағылшын тіліндегі мәтіндерден алды. ХАС-ның трансферлік қызметтеріне мемлекеттік сатып алулар екі рет жарияланды, олар ХАС ағылшын тілінен ағылшын тіліне аудару үшін әлеуетті өнім берушілердің сараптамасы бар соңғы нұсқаға сәйкес болмағанына байланысты жарамсыз деп танылды. ХҚЕС-ны ағылшын тілінен мемлекеттік тілге аудару туралы Шартты қызмет көрсету провайдерімен тоқтату рәсімі трансферттің нашарлауына байланысты басталды.



    1. «Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш - 69 орын



Корпоративтік басқарудың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстелдер, баспасөз конференцияларын, диалог алаңдарын ұйымдастыру

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ҰКП (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда

Бұл тармақпен Ұлттық Банкінің қатысуымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) корпоративтік басқару проблемалық мәселелерді талқылау үшін дөңгелек үстелдерін, баспасөз конференцияларын және диалог алаңдарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар қарастырылған.

Қазіргі таңда Ұлттық Банкке осы мәселе бойынша ұсыныстар ҰКП-ден (іс-шараның басты орындаушы) түскен жоқ.

Дегенмен, 2017 жылдың 4 қазанында Ұлттық Банк өкілі Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің, ЕАЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өкілетті органдарының және сарапшыларының қатысуымен «Халықаралық рейтингтер: Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше-мемлекеттердің табысты нормативтік практикасы» конференциясына қатысты.

Осы іс-шара аясында мынадай мәселелер талқыланды:

- мемлекеттің қатысуымен қоғамдарда корпоративтік басқаруды құру мәселелерін әдіснамалық қамтамасыз ету, корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты ашу және директорлар кеңесі қызметінің ерекшеліктері;

- корпоративтік мәселелердегі сот практикасы: аффилиирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер бойынша даулар, ірі мәмілелер және т.б.

Сонымен бірге, 2017 жылдың 25 қазанында Ұлттық Банктың өкілдері «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша халықаралық сарапшылармен кездесуге қатысты, онда рейтингте Қазақстанның позициясын жақсарту туралы заңнамаға түзетулердің 6-шы пакетінің проблемалық мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың қараша айында «Даму» КДҚ қоғамдастық өкілдерімен үкіметтің өкілдерінің қатысуымен «Doing Business» рейтингісінде өзекті мәселелерді талқылап, акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қоса алғанда мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Ұлттық Банк «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен акционерлердің мүдделерін білдіру, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, құқықтарды қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының кейбір ережелерінің құқықтық қолдану практикасын қоса алғанда, қоғамдағы корпоративтік басқарудың өзекті және проблемалық мәселелерін талқылау үшін тренингтер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізеді.

Сонымен қатар, осы көрсеткішті үнемі жетілдіріп отыру үшін, «Doing Business» рейтингі шеңберінде халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын қоса ескеріп, корпоративтік басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.



    1. «Миноритарлық акционерлердің мүдделерін қорғау» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш - 75 орын



Миноритарлық инвесторлардың құқықтарын кеңейту мақсатында заңнамаларды жетілдіру бойынша шаралар қабылдау (оның ішінде Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінде «Миноритарлы инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша ҚР-ның позицияларын жақсарту шеңберінде):

- маңызды емес операциялар бөлігінде акционерлік қоғамдардың ақпаратын ашу;


- артықшылықты акциялар бойынша төлем мерзімдерін айқындау;
- ішкі аудит жөніндегі комитеттің қызметін оқшалау;
- ҚҚН құралдары арқылы бизнесті мемлекеттік қорғау тетіктері (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау);
- куәгерлерден құжаттар алу арқылы корпоративтік дауға қатысушы тараптардың құқықтарын кеңейту

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда

Жұмыс бағалы қағаздар нарығының құралдар арқылы мемлекеттік қолдау бизнес механизмі (жеке кәсіпкерлік облигациялары бойынша субсидиялар купон мөлшерлемесі) бөліктерінде жалғасуда.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы қарастыру арасында Ұлттық Банкі заң жобасының жасаушысына оң қорытындысын ұсынған.

Бұл Заң Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне жіберілді.

2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы № 49-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданған. Бұл Занның ішінде «Миноритарлық инвесторларды қорғау» көрсеткіш көзделген түзетулер ескерілген.





«Миноритарлық акционерлердің мүдделерін қорғау» индикаторын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
- қабылданатын шаралар туралы түсіндіру жұмысын жүргізу үшін нысаналы аудиторияны айқындау;
- талқылау бойынша дөңгелек үстелдер, баспасөз конференцияларын, диалог алаңдарын ұйымдастыру, инвесторларды қорғау бойынша жүргізілген реформаларды БАҚ-та жариялау

жартыжылдықта 1 рет,

2017-2018 жылдар



ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда

Ұлттық банк Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі Ұлттық Банктің Медиа-жоспары шеңберінде жұмыс жүргізілетін болады.





Акционерлік қоғамдар сияқты, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде корпоративтік басқару бойынша жағдайды жетілдіруді жалғастыру

2017 жылғы 1 жартыжылдық

ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині

Орындалды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 86 бұйрығымен Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар үшін корпоративтік басқарудың үлгі кодексі (бұдан әрі – Үлгі кодексі) бекітілді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі 2016 – 2017 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарының 1-тармағы шеңберінде Үлгі кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 465 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

Үлгілік кодекс мемлекет қатысатын барлық акционерлік қоғамға қатысты қолданылады, олар қазіргі уақытта корпоративтік басқару кодекстерін Үлгілік кодекстегі жаңа өзгерістерге сәйкес келтіруде.

Үлгі кодесіне сәйкес қоғамда активтердің оңтайлы құрылымын құрған жөн, олар өз активтерінің және олардың ұйымдық-құқықтық нысандарының құрылымын барынша оңайлатуға ұмтылуы тиіс.

Холдингтік компанияда негізгі компания акционерлік қоғам нысанында құрылуы мүмкін. Қалған ұйымдарды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанында құру ұсынылады. Акционерлік қоғам нысанында құрылып қойған ұйымдарды экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілерді және Қор тобы мүдделерінің қамтамасыз етілуін ескере отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанына қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Жаңа ұйымдарды құру кезінде ең қолайлы ұйымдық-құқықтық нысан жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жаңа ұйымдарды акционерлік қоғам нысанында құруға ұйымның акцияларын кейіннен қор нарығында сатудың жоспарланатыны сияқты ерекше жағдайларда жол беріледі.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасына сәйкес квазимемлекеттік секторға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігін арттыру мақсатында құрылу кезеңінің өзінде-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері «өндірістік-қаржылық» және «сервистік» компаниялар болып бөлінеді.

     Әлеуметтік-экономикалық міндеттерді іске асыруға бюджеттен тыс инвестицияларды тартуда инвестициялық жобалар мен қаржы операцияларын іске асыру жолымен мемлекет активтерін ұлғайту мүмкіндігі бар «өндірістік-қаржылық» компаниялар үшін акционерлік қоғам түріндегі ұйым нысаны сақталады.

     «Сервистік» компаниялар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанында құрылады және мемлекеттік тапсырыс есебінен қаржыландырылады, мемлекеттік бағдарламаларда айқындалған міндеттерді іске асыру үшін ғана құрылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер негізінен ұсақ сервистік ұйымдар болатындығын есепке ала отырып, олардың алдында капиталды тарту және құрылтайшылар үшін активтер құнын жоғарылату, серіктестіктерде корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын енгізу міндеті тұрған жоқ.

Сонымен қатар, корпоративтік дауларды шешу тәртібі, есептілік және ақпаратты ашу тәртібі, Байқау кеңесі, қатысушылар құқығы, басқарушы органдардың құзіретінің аражігін нақты ажырату сияқты және т.б. базалық стандарттар ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңында көзделген болатын.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет