Дүниетану 2 сынып Тақырыбы: Өсімдікке су және топырақ керек



Дата10.03.2017
өлшемі28,71 Kb.
#11256
Дүниетану 2 сынып
Тақырыбы: Өсімдікке су және топырақ керек
Мақсаты: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже: - өсімдіктер туралы толық мағлұмат бере отырып,
- олардың тіршілігін түсіндіре алады;
- жұмысты өз бетінше, топпен жоспарлап, бағалай алады;
- жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді.
- алған мәліметтерді талдап, өз білімдерін бағалай алады;
- түсінігін топтап, жүзеге асыра алады.
- оқушының сөзі жүйелі, қисынды,
- қорытындыны дәлелдей алады.
Тапсырмалар:
Жаңа тәсілдер: «Бірге ойлаймыз», «Ойлан әрі талқыла», топтық, жұптық әңгіме, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі:
АКТ қолдану: визуалдандыру, белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор
желісінен алынған материалдар.
Оқыту формасы: Жеке, жұптық, топтық, жаппай
Бағалау: Формативті бағалау: ынталандыру мақсатында
«Қолпаштау», «Басбармақ»
Кері байланыс:
«Нысана» д. д.

Сабақтың барысы:


Мұғалім әрекеті
Кіріспе:
Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал:
Табиғат күлімсірер күніменен
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен
Көркіне көз тоймайды табиғаттың
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.
Топ ережесін қайталау.
Оқушыларды топқа бөлу

Үй тапсырмасы:


«Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру.
1 – топ: Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды?
Өсімдік тірі ағза: қоректенеді, өседі, қурайды, көбейеді, тыныс алады
2 – топ: Өсімдіктің қандай пайдасы бар?
Өсімдік: Сусын, ем, ауа, тағам, жеміс, дәрі, кітап
3 – топ: Жапырақтың қызметі қандай?
Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.
Барлық топқа: Өсімдік қалай көбейеді?
Өсімдіктің көбеюі: тұқымнан, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс

Тұсаукесер:


“Күн көзін бұлт баспасын”
Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күн көзін шығару
- өсімдік мүшелерін ата?
- өсімдік топтарын ата?
- тамыр қандай қызмет атқарады?

- сабақ қандай қызмет атқарады?


- тұқымның түрлерін ата?
- жапырақтың қызметі қандай?

"Сен білесің бе?"


- Өсімдік өсу үшін не қажет?
Негізгі бөлім:
«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар.
- Топырақ деген не?

- Топырақтың негізгі қасиеттерін ата.


“Мағынаны тану” кезеңі
Өсімдік – тірі ағза. Ол үнемі өсіп, өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді, түйіндейді, жеміс береді. Өсімдік өзіне қажетті қоректі өлі табиғаттан алады. Соның бірі –
су. Суы жеткілікті өсімдік жайқалып өседі.(Суретпен жұмыс)
- Су өсімдікке не арқылы келеді?
Топырақ арқылы. Топырақтағы қоректі заттар сумен араласып ериді. Өсімдіктің тамыры суды бойына сіңіріп, келесі мүшелеріне жібереді. Шіріндісі көп топырақ өсімдік өсуіне өте қолайлы.
- Шірінді қайдан пайда болады?
Жыл сайын қураған өсімдіктердің жапырақтары сумен араласып, оның құрамын байытады. Барлық топырақта бірдей шірінді көп бола бермейді. Ондай топырақты қолдан тыңайтады.
- Тыңайту үшін не керек деп ойлайсыңдар?
- көң, құстың саңғырығы, шымтезек, қарашірік.(суретпен жұмыс)
«Терең танысайық» кезеңі
Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді тізбектей оқыту.
- Мәтінмен жұмыс жүргізу.
- Өсімдіктің өсуіне судың, топырақтың әсері қандай?
- Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады?
- Өсімдіктің бойында судың бар екенін қалай білуге болады?

Қорытынды:


“Ой толғаныс” кезеңі. (проблемалық сұрақтар)
- өсімдік тіршілігі үшін не қажет?
- өсімдіктер адам өміріне қаншалықты әсер етеді?
- егер өсімдік болмаса жер бетінде не болар еді?
Дәптермен жұмыс
1 – тапсырма:
Өсімдікке қажетті жағдайлар
2 – тапсырма:
Қайсы өсімдік суды көп қажет етеді?
Тест тапсырмалары:
1. Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар:
В) жарық, ауа, су, қорек, жылу
2. Өсімдік:
Б) тұқымнан дамиды
3. Топырақ арасындағы өсімдік мүшелері:
Ә) тамыр
4. Өсімдікке сабақ не үшін керек?
А) Тамырдан қоректік заттарды басқа мүшелерге жеткізу үшін
5. Құрғақ жемістерге:
А) бидай, түйебұршақ
«Ойлан әрі талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс.
1 – топ: Топырақ неліктен бұзылады? (күтім болмаса, жаңбыр мен қардың мөлшерден көп болуынан)
2 – топ: Топырақты қорғау үшін не істеу керек? (таза ұстау, құнарландыратын жағдайлар жасау)
3 – топ: Топырақтың құрамына нелер жатады? (көң, құстың саңғырығы,
шымтезек, қарашірік)
Барлық топ: Топырақтың қандай түрлері бар? (қара, сор)

IV. Бекіту


"Ой түйіндеу" кезеңі
«Құм, тас, су» ойыны.
Ойынның шарты: «Құм»дегенде әр жерде оқушылар шашыраңқы болып отырады, «тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап қатып қалады, «су» дегенде толқын болып қозғалады.

V. Қорытынды.


«Даналық қоржыны» әдісі арқылы су туралы берілген мақал – мәтелдерді құрастырып, оқу, мағынасын ашу.
1 – топ. Су – тіршіліктің көзі
2 – топ. Судың да сұрауы бар
3 – топ. Сулы жер – нулы жер
Сонымен бүгінгі сабағымызда нені білдік?
* Өсімдік өсу үшін қандай қажеттіліктер бар екен?
* Топырақты тыңайту үшін нелер керек?
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет